Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы


Жоспары
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Халықаралық коммерциялық арбитраж - халықаралық дауларды шешудің бір жолы ретіңде
2. Халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін маңызды актілердің мазмұны
3. Қазақстан Республикасының аумағында шетел коммерциялық арбитражының шешімдерін тану мен орындау
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Халықаралық шаруашылықтардың өркендеуіне байланысты және өндірістің даму барысында ие ғылыми-техникалық тұрғыдан қарым-қатынастық мемлекет аралық ұйымдардың бірлесе жұмыс істеуінің барлығы арбитраждық тұрғыдан өзекті даулы міселелердің туындауына негіз болады. Әр елдердің ұйымдары мен фирмаларының бір-бірімен келісім жасаса отырып, әдетте арбитраждық деңгейде шешілуін яғни қаралуын тиімді санайды, жалпы соттық қаралудан ондағы екі жақты келістірулердің дұрыстығын тиімді санайды. Бірақта барлық уақытта даулы мәселелердің келістіру негізінде шешу мүмкін болмайды. Осыдан шығатыны даулы істердің құқықтық жақтарын қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Қазіргі өз ғасыры дәрежесіне сәйкес ғылыми-техникалық өркендеудің барысында барлық уақытта қарым қатынастарының шеңберінің кеңейуіне байланысты даулы мәселелер арбитраждық соттардың қаралуына тиісті яғни мүдделі тараптармен беріледі.
Осы арбитраждық соттарда қаралатын даулы істердің өз деңгейінде қаралуы, белгілі кепілдіктердің берілуі, екі мемлекеттердің экономикалық ынтымақтасуына өркендеуіне ықпалын тигізбеуі және әсер етпеуі ескерілуі басты назарға алынады. Бұнда сауда саттық қатынастарында арбитраждық деңгейде даулардың тез және әділ шешілуі сауда саттық қатынастарының өркендеуінде үлкен рөл алады. Осы тектес көптеген ұлттық және басқа елдердің ұйымдарымен фирмаларының жасаған келісімдері арбитраждық деңгейдегі тәртіппен қаралуына жатқызылады. Бұндай істер бойынша третейский судтардың қаралуына жатқызуымыз яғни екі жақтық өзара даулы мәселелерін шешуге қалап не таңдап алған «аралық соттарын» қарастырамыз, бұнда сот құрамын тараптардың қалауы бойынша маманданған түрде анықталады. Енді жалпы мемлекеттік соттардан айырмашылығы (третейский) яғни аралық сотта даулы мәселенің қаралуы барысы тараптардың келісулері барысында қарастырылады. Сауда саттық операцияларымен тұрақты айналысатын ұйымдар мен фирмалар үшін даулы істердің жалпы соттарда қаралуымен салыстырғанда арбитраждық соттардың қаралуындағы істердің тиімділігі жағынан артықшылықтары барын тәжірибеде анықталған істер барысында аңғаруға болады.
Бұл артықшылықтарға біріншіден аз уақытта қаралып шешілуі жалпы соттармен салыстыра қарағанда.
Екіншіден істің қаралу мерзімінің тараптар жағынан келісім негізінде шешілуі.
Үшіншіден арбитраждық соттардың шешімдері қайта шағым беруге жатпайтындығында және де салыстыриалы түрде қарағанда шағымдаушы тараппен екінші тарапқа көп шағандар әкелуінде яғни ескеретіні батыс елдерінде соттық процесс барысында және де адвокаттарға көп шығындар жұмсалатындығына қатысты. Арбитраждық соттардың құқықтық жоғары біліктілігі яғни абыройының жоғары болуы, бұнда жалпы сот арқылы шешуге жатпайтын істерді қарайтын қазылардың таңдап алуында және тағы ескеретіні даулы істерді не басқада қаралатын мәселелерге қатысты өз ісінің маманданған тұлғаларының таңдалуында. Және айырмашылығы даулы іс бойынша ұйымдармен фирмалардың өзіндік мүддесіне байланысты, мүліктік үстемділігіне ескере отырып (екі тараптық) бұлардан тыс арбитраждық сот құпия құрылады. Бұл соттар негізінен сауда саттық аумағында және экономикалық қатынастарды яғни әр мемлекеттерде орналасқан ұйымдармен фирмалардың арасындағы даулы істерге қатысты құрылады. Арнайы тағайындалған шетел ұйымдарымен фирмаларының даулы істерін қарайтын аралық соттарға қатысты халықаралық комициялық арбитраждық соттар қарастырылған. Оған 1993 жылы РФ -нің осы бағытта қабылданған «халықаралық коммерциялық арбитраждар» туралы заңын айтуға болады. Сыртқы сауда қатынастарының тәжірибесінде көбіне арбитраждық келісімдердің заңдылық сұрақтары туындайды яғни даулы істердің негізінде қаралатын жеріне байланысты, қай мемлекетте құрылуына байланысты Францияда арбитраждық келісімдерді мойындайды, яғни бұндай келісімдер негізінде сот процесінде істің негізсіз тоқталуына қарсылық беруіне мүмкіндік береді. Ал шетелдік арбитраждық шешімдерді мәжбүрлі түрде орындалуына не шешімнің орындалу орнына байланысты азаматтық соттың төрағасының рұқсаты қажет етіледі. Ал Германияда осыған ұқсас құқықтар қатынастар қолданылады. Англияда 1950 жылғы арбитраждық атты негізінде сот істі тоқтатуы мүмкін, арбитраждық келісімдеріне қарамастан, яғни толық негізінде дәлелдері болса. Осы атта белгіленген шетелдік арбитраждық шешімдердің мәжбүрлі түрде орындалуына да қатысты, яғни арбитраждық келісімдер негізінде шешілсе. Ал АҚШ-да арбитраждық келісімдердің заңдық күшінің мойындалуы өте қиын жолдармен іске асырылады яғни негізінен шешімнің заңдық күшінің мойындалу барысы көбіне шетелдік арбитраждық соттармен қарастырылған істер қиындық туғызады. Көбі негізсіз деп табылғаны тәжірибеде көп кездеседі. Көп жақты конвенциялар барысында арбитражға қатысты сұрақтар Б. Ұ. Ұ. -ң қамқорлығымен Нью-Йорк конвенциясында 1958 жылы яғни шетелдік арбитраждық шешімдердің мойындалуын және өз уақытында орындауына қатысты талқыланған.
1986 жылы Б. Ұ. Ұ. -да коммециялық түрде халықаралық және құқықтық негізінде сауда саттық арбитраждық заңы үлгі ретінде қабылданған.
Осы үлгі ретіндегі заң ұлттық акт ретінде Канадада, Австралиядада, Нигериядада, Кипрде, Латвияда және басқада елдерде қолданылады. Ал РФ -да халықаралық коммерциялық арбитраждық заңдарыда осы үлгіде қолданылады.
1. Халықаралық коммерциялық арбитраж - халықаралық дауларды шешудің бір жолы ретіңде
Халықаралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық шарттарды орындау барысында тараптардын арасында даулар пайда болады. Бұл даулар көбінесе шартта көрсетілген міндеттерді орындамауға байланысты туындайды.
Сыртқы сауда тәжірибесі көрсеткендей бұл даулардың көпшілігі тараптардың өзара келісімдері арқылы шешіледі. Егер-де даулар тараптардың өзара келісімдері арқылы шешілмесе, онда дау үшінші немесе арбитраж соттың қарауына беріледі.
Халықаралық сыртқы саудада пайда болатын даулар екі түрге бөлінеді. Ол бірнеше мемлекет арасында пайда болатын даулар, яғни үкіметаралық экономикалық келісімдер орындалмағаннан туындайтын даулар. Бұл даулар келіссөздер арқылы немесе үшінші мемлекеттің делдалдық қатысуымен шешіледі. Сондай-ақ аралық немесе халықаралық соттарда шешіледі. Екінші шаруашылық жүргізетін субъектілердің арасындағы туындайтын даулар. Олар аралық соттарда егер келісімге ескертпе болған жағдайда қаралады. Ал егер ескертпе болмаған жағдайда немесе екі тарап келіскен жағдайда дауларды жалпы соттарда яғни мемлекеттік соттарда, жауапкердің немесе мүліктің тұрған жері бойынша, сондай-ақ басқа соттылығы бойынша қарастырады.
Бұл жерде тағы бір айтатын жәйт - ол халықаралық арбитраж және мемлекеттік арбитраж - әр түрлі ұғымды анықтайды. Халықаралық коммерциялық арбитраж - ол халықаралық сыртқы саудада келіссөздерден туындайтын дауларды қарайды. Ал мемлекеттік арбитраж ол мемлекеттің ішіндегі субъектілердің арасындағы дауларды қарайтын сот. Халықаралық коммерциялық арбитраж дегеніміз - ол түрлі мемлекеттерден шыққан тараптардың немесе шетелдік элементі бар тараптардың арасындағы дауды тараптардың өздері тағайындаған бейтарап арбитрлардың немесе арбитрдің шешу тәсілі. Оның шешімі міндетті күшіне ие болады.
I Халықаралық коммерциялық арбитраждың жалпы мемлекеттік соттан айырмашылыгы.
- Халықаралық коммерциялық арбитражды тараптар өздері тағайындайды.
- Халықаралық коммерциялық арбитражда дау жабық түрде жүргізіледі, ал мемлекеттік сотта дау ашық және жабық түрде де жүргізіледі.
- Халықаралық коммерциялық арбитражда даулар қысқа мерзімде шешіледі, ал мемлекеттік сотта көптеген процедуралардан өту керек.
- Халықаралық коммерциялық арбитраж дауды өздерінің жеке ережелерімен және тараптардың келіскен материалдық құқықтарымен шешеді, ал мемлекеттік сот өз елінің материалдық құқығына жүгінеді.
Арбитраждың тағы бір ерекшелігі оған шағым талап қоюға болмайды. Арбитраждың шешімі міндетті күшке ие және соңғы шешім болып табылады, оған шағым жасалмайды. Дауды шешу үшін үшінші сотқа беру кезінде арбитраждық келісім керек. Арбитраждық келісім - тараптардың арасында нақты құқықтық қатынасқа байланысты өзара туындаған немесе туындауы мүмкін белгілі бір немесе барлық дауды оның шарттың немесе керісінше сипатына қарамастан арбитражға беру туралы келісім. Арбитраж туралы шарттар қойылған келісім арбитраждық ескеру деп аталады. Ескеруде тараптар дау туындаған кезде қандай арбитражға жүгінетінін және қандай тәртіппен қарайтынын көрсетеді. Арбитраждық келісімнің ерекшелігі ол тараптар үшін міндетті және сол көрсеткен арбитражға ғана жүгінеді. Халықаралық сыртқы сауда тәжірибесінде арбитраждық келісімінің заңды күші туралы сұрақтар туындайды. Мысалы: Францияда сотқа қарсылық білдіре алатын, сотта істі қысқартуға келісім беретін арбитраждық келісімдер танылады. Сондай-ақ шетел арбитражының шешімін орындау үшін оның орындалуы тиісті жердің азаматтық сот өкілінің үкімі қажет.
Жалпы, арбитраждық келісім өзіндік автономиялық заңды күші бар келісім. Яғни, бұл дегеніміз арбитраждық келісімінің растығы жасалған шарттың растауына байланысты емес.
1958 жылғы «Шетел арбитражының шешімін тану және орындау туралы» Нью-Йорк конвенциясы және 1961 жылғы «Сыртқы сауда арбитражы туралы» Еуропалық конвенцияға сәйкес арбитраждық келісім жазбаша жасалған ескерту, сондай-ақ, тараптардың арасында хат, телеграмма арқылы жасалған келісім болып табылады.
2. Халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін маңызды актілердің мазмұны
Халықаралық тәжірибеде коммерциялық арбитраждың екі түрі бар:
1) уақытша; 2) тұрақты.
Уақытша - шарттан туындаған дауды шешу үшін арнайы құрылған арбитраж.
Тұрақты - белгілі бір арбитраждық мекемемен байланысты, яғни тұрақты жұмыс істейтін арбитраж.
Тұрақты арбитраж өзінің ережесімен жұмыс жасайды және өзінің тәртібі мен процедуралары бар. Оның ерекшелігі, ол өзін құрған органның іс жүргізу тәртібін қолданады. Қазіргі кездегі белгілі тұрақты арбитраждар: Лондондағы төрелік сот, Париж-дегі халықаралық сауда палатасының халықаралық коммерциялық арбитраж соты, Стокгольмдегі сауда палатасының арбитраж институты. Ал Қазақстан Республикасында сыртқы саудалық дауды шешетін Жоғарғы Сотының шаруашылық істері жөніндегі коллегия және ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес 1993 жьшғы 5 казаңда құрылған ҚР Сауда өндірістік палатасы құрамындағы Арбитраж комиссиясы құрылған. Алай-да, заманның өзгеруіне байланысты, 2004 жьшғы 28 желтоқсанда «Халықаралық коммерциялық арбитраж» туралы Заң қабылданды, осыған сәйкес Халықаралық коммерциялық арбитраж соты құрылды, бірақ бұл сот әлі жұмысын бастаған жоқ.
Уақытша арбитраждық сот нақты істерді қарау үшін тараптардың өздері құратын сот. Тараптар істі шешудің тәртібін де өздері таңдайды. Жалпы уақытша арбитраждың қызмет жасайтын үш регламенті белгіленген:
- 1986 жылы қабылданған Еуропаға арналған Б¥¥ Еуропалық экономикалық комиссияның арбитраждық ережесі;
- 1966 жылы қабылданған Азия мен Африкаға арналған ЭКАДВ Б¥¥-ның экономикалық комиссиясының халықаралық коммерциялық арбитражының ережесі;
- 1976 жылы қабылданған халықаралық сауда құқығына байланысты Б¥¥ комиссиясының арбитраждық регламенті ЮНСИТРАЛ.
Уақытша арбитраждық сот нақты дауды шешкен соң өз жұмысын тоқтатады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында шетел коммерциялық арбитражының шешімдерін тану мен орындау
Арбитражға жүгіну туралы тараптардын арасында жасалған шартта істі қараудың тәртібі, арбитраждық келісімнің міндеттілігі және оған шағым жасалуға жатпайтындығы көрсетіледі. Бірақ, осыған қарамастан халықаралық сауда тәжірибесінде арбитраждық келісімді орындамау жағдайлары кездеседі. Осыған байланысты 1923 жылы Арбитаждық келісім туралы Хаттама және 1927 жылы Арбитраждық келісімді мәжбүрлеп орындату туралы Женева конвенциясы қабылданды. Қазіргі таңда бұл Хаттама мен Конвенцияның заңды күші жоқ. Олардың орнына 1958 жылы 10 маусымда Нью-Йоркте шетел арбитраж шешімдерін тану және орындау туралы Конвенция қабылданды. Бұл конвенцияның маңыздылығы, шетел арбитраж шешімдерін орындамауының кепілі болды. Айтылып кеткендей бұл конвенция жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады. Конвенция белгілі бір мемлекетте ішкі шешім болып табылмайтын арбитраждық шешімдерге де қолданылады, демек конвенция тек аумақтық емес сонымен қатар, ұлттық критерий бойынша да қолданылады. Конвенцияның үшінші бөлімінде осы Конвенцияға қосылған мемлекеттер арбитраждық шешімді міңдетті түрде таниды және өз аумағындағы іс жүргізу заңдары сәйкес болу керек делінген.
Ал Конвенцияның бесінші бөлімінде қандай жағдайларда шешімнің орындалуына қарсылық білдіретіндігі көрсетілген:
- шешім шығарған жердің заңы бойынша тараптың біреуі әрекетке қабілетсіз болса және шешімнің заңсыз болуы;
- арбитраждық талқылау туралы мүдделі тұлғаларға хабарламауы;
- арбитраждық келісімдегі шартқа қатысты емес немесе арбитраждық ескертуге сәйкес келмейтін дауларға байланысты шығарылған шешімдері;
- арбитраждың орналасқан жерінің заңы бойынша арбитраж органының немесе арбитраж іс жүргізуінің тараптардың келісімімен сәйкес келмеуі:
- тараптар үшін шешім түпкілікті болып табылмауы;
- шешім мәжбүрлі түрде орындалатын жердің заңы даудың объектісі арбитраждың іс жүргізу объектісіне жатпауы;
- (шешімді тану және орындау сол мемлекеттің көпшілік құқығына қайшы келуі.
Осы Конвенцияға қосылған мемлекеттер арбитраждық шешімді тану мен орындауға байланысты баска екі жақты және кеп жақты конвенцияларды қолдана алады.
1961 жылы 21 сәуірде Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропалық конвенция қабылданды. Конвенцияның 6-бабында тараптардың уақытша және тұрақты арбитраждарға жүгіну құқығы көрсетілген. Сондай-ақ, конвенция уақытша арбитражды құрудың тәртібін керсетеді.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы 1995 жьшы 4 қазаңда 1958 жылғы «Шетел арбитражының шешімін тану және орындау туралы» Нью-Йорк конвенциясына және 1961 жылғы «Сыртқы сауда арбитражы туралы» Еуропалық конвенцияға қосылды. Қазіргі таңда ҚР шетел сотының және арбитраждық шешімдері тану мен орындалуын қамтамасыз ететін өзіндік жүйе құруда. 1992 жылы 2 наурызда Киев қаласында ТМД мемлекетерінің арасында бірінші рет шаруашылық қызметке байланысты дауларды қараудың тәртібі туралы көп жақты келісімге отырды. ҚР Жоғарғы Соты бұл келісімді 1992 жылы 2 шілдеде бекітті. Бұл келісімге байланысты осы келісімге отырған мемлекеттің шаруашылықпен айналысатын субъектілері сотқа, арбитраждық сотка, үшінші сотқа немесе басқа да органдарға жүгіне алады және арбитраж шешімдерін таниды және орындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz