Пара берудің криминологиялық сипаттамасы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.Пара беруді анықтаудың әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2. Пара берудің қылмыстық.құқықтық және криминология .лық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Обьективтік белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Субьективті белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.3.Криминологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Пара берудің криминологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ...
3.1Жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Ерекшелігі, тәсілі және механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4. Пара беруді ашу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.1. Алғашқы оперативтік іс.әрекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2. Кейінгі оперативтік іс.әрекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алады. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүние жүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Мемлекетімізде екі мәрте 1993 және 1995 жылдары конституция қабылданды. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстар мен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді.
Мемлекеттік саясатты, экономиканы елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығаюында мемлекеттік қызметшілердің лауазымды тұлғалардың атқаратын міндеті өте зор. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдауында мемлекеттік қызметшілердің қызметіне ерекше мән беріп, олардың патриоттық, әділетті, өз ісін кәсіби жетік білетіндігінің, мемлекеттік қызметші деген жоғарғы мәртебелі атаққа кір келтірмей, әділетті әрі патриоттық сезімге толы жігерлікпен қызмет атқаруын одан әрі өрістету мемлекетіміздің стратегиялық міндеті деп атап көрсетті. Елімізде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарда мемлекеттік аппарат қызметінің бір қалыпты, дұрыс, заңды қызметіне кедергі келтіретін құбылыстарға қарсы құқықтық шаралардың түрі саралап көрсетілген. Бірақ та сот, тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай мемлекеттік Өкімет және басқару билігі саласында, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар әлі де баршылық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі пара беру болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
________________________________к олледжі
“________________________ ” факультеті

“______________” кафедрасы

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

_____________________пәні

Тақырыбы: Пара беруді анықтаудың әдістемелері

Тексерген:______________
Орындаған:_____________

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.Пара беруді анықтаудың
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

2. Пара берудің қылмыстық-құқықтық және криминология -лық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
2.1.Обьективтік
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2.2. Субьективті
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 2.3.Криминологиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. Пара берудің криминологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ...
3.1Жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
3.2. Ерекшелігі, тәсілі және
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

4. Пара беруді ашу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.1. Алғашқы оперативтік іс-
әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
4.2. Кейінгі оперативтік іс-
әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік
тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алады. Елімізде жылма-жыл алға
өрлеушілік, дүние жүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс
беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты.
Мемлекетімізде екі мәрте 1993 және 1995 жылдары конституция қабылданды.
Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан
Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік
және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық
бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстар мен пәрменді күрес
жүргізуге құқықтық негіз жасап берді.
Мемлекеттік саясатты, экономиканы елдегі тұрақтылық пен тыныштықты
сақтауда, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығаюында мемлекеттік
қызметшілердің лауазымды тұлғалардың атқаратын міндеті өте зор. Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан – 2030 атты халыққа
жолдауында мемлекеттік қызметшілердің қызметіне ерекше мән беріп, олардың
патриоттық, әділетті, өз ісін кәсіби жетік білетіндігінің, мемлекеттік
қызметші деген жоғарғы мәртебелі атаққа кір келтірмей, әділетті әрі
патриоттық сезімге толы жігерлікпен қызмет атқаруын одан әрі өрістету
мемлекетіміздің стратегиялық міндеті деп атап көрсетті. Елімізде
қабылданған Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы заңдарда мемлекеттік аппарат қызметінің бір қалыпты, дұрыс, заңды
қызметіне кедергі келтіретін құбылыстарға қарсы құқықтық шаралардың түрі
саралап көрсетілген. Бірақ та сот, тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай
мемлекеттік Өкімет және басқару билігі саласында, сыбайлас жемқорлыққа
байланысты қылмыстар әлі де баршылық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың
ішіндегі ең қауіптісі пара беру болып табылады.
Тамырын тереңге жіберген бұл құбылыс қоғамды қылмыстыққа бой
алдырады, мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі келтіруде. Елдегі пара
берудің етек алып кетуінің тағы бір қауіптілігі мұндай құбылыс ұлтты
моральдық жағынан аздырады, жұртшылықтың мемлекеттік өкімет және билік
органдарына сенбеушілігін, құқық қорғау органдарының қызметін бағаламау,
олардың жұмысына көмектеспеу, мемлекеттегі құқықты қорғаудың рөлін мүлде
теріс бағалау сияқтя көзқарастардың дамуына жол береді.
Пара беру мәселесі қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерттеліп
келе жатыр. Пара берудің ұғымы, белгілері, түрлері, олардың ұқсас
қылмыстардан айырмашылығы, пара беру қылмыстарының басқа қылмыстармен
жиынтығы пара беру құрамдарының ауырлататын, өте ауырлататын белгілерін ашу
сияқты мәселелерді арнайы, жан-жақты зерттеу обьектісі болмаған.
Бұл мәселелерге арналған бірлі-жарым ғылыми мақалалардан басқа
республика көлемінде осы проблеманың табиғатын айқындайтын, оның ішінде
мемлекеттік тілде жазылған іргелі еңбектер жоқ. Жоғарыдағы тұжырымдамадан
туындайтыны қылмыстық құқық саласында ауыр қылмыстардың бірі болып
табылатын пара беру мәселесі ерекше маңызға ие.
Мен осы курстық жұмыста осы құбылыспен күрес проблемаларының
айқындауға тырысамын. Заман өзгерген сайын, заң да, қылмыстық пара беру
құрамы да өзгереді. Оларға жаңа баға беруді, саралауды өмір талап етеді.
Осыған байланысты зерттеліп отырған Пара беруді анықтаудың әдістемелері
атты тақырып теориялық және практикалық жағынан да өте өзекті болып
табылады. Өйткені пара беруді анықтаудың әдістерінің ерекшеліктері, олардың
түрлерінің жекеленген белгілерін талдау, пара беру қылмысын саралаудың
қылмыстық құқықтық ерекшеліктерді, пара беру қылмыстары үшін тағайындалатын
жаза түрлерінің ерекшелігін зерттеу тақырыптың өте өзекті екендігін
көрсетеді.
Осы курстық жұмыста тереңірек зерттеу мақсатына жету үшін пара беру
құрамының белгілеріне жаңаша талдау жасап, оны анықтаудың методологиялық
ғылыми негіздеріне белгілеу, пара берудің жекеленген түрлеріне тән
белгілерді анықтау, осы тұрғыдағы заңдарды жетілдіруге ғылыми ұсыныстар
жасау мәселелерін жан-жақты қарастырамын.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты қылмыстық жауаптылықтың теориялық
проблемасын кешенді түрде зерттеп, пара беруге байланысты қылмыстық
заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасап, зерттеліп отырған тақырыпқа
байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың
бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету
болып табылады.

2.1. Пара берудің обьективтік белгілері
Қылмыстың объективтік жағы болып мемлекеттік қызметер атқаруға уәкілетті
адамға немесе оған теңестірілген тікелей немесе делдал арқылы пара беруі
танылады. Аталған қылмыс құрамы формальды болып табылады. Пара беру
лауазымды адамның параны толық немесе жарым – жартылай алғанына қарамастан
немесе сол пара берушіге қажетті жағдайларды толық түрде орындалуына
байланысты болмаса да, яғни сол параны берген сәттен қылмыс аяқталған болып
саналады.
Егер мемлекеттік қызметер атқаруға уәкілетті адамның немесе оған
теңестірілген адамның пара берушімен пара алуы туралы келісім жоқ болса
немесе параны қабыл алмаса, мұндай жағдайда пара беруге оқталу, не
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 349 бабымен көзделген параға
немесе сатып алуға арандату болып табылады.
Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолданылуы
туралы Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Пленумының 1995 жылғы 22
желтоқсандағы №9 қаулысында Мемлекеттің, қоғамның немесе ұйымдардың
басшылары қызметі бойынша бағынышты адамдарға басқа лауазымды адамдарға
пара беру жолымен ойланған әрекетке немесе әрекетсіздікке жетуге тапсырма
берсе, ондай адамдар пара беруші ретінде жауапқа тартылады. Пара үшін
ойлаған әрекеттерді орындауға келісімге келген және параны табыс еткен
қызметкер параны беруге қатысушы ретінде жауапқа тартылуы тиіс. Егер
аталған адам жүктелген істің сипатын біле тұрып, тек параны апарып берсе,
оның әрекеті парақорлыққа делдал ретінде сараланды деп түсіндірілген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 313 бабымен көзделген
Парақорлыққа делдал болу қылмыс құрамының объектісі және оның қылмыстың
заты толық түрде пара алудың объектісі мен қылмыс затымен ұқсас болып
келеді.
Парақорлыққа делдал болудың объективтік жағы екі нысанмен
сипатталынады:
1) Пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың
арасындағы келісімге қол жеткізу.
2) Пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беруді іске асыруға
жәрдемдесуі.
Парақорлыққа делдал болудың осы екі нысанның белгілерімен не болмаса
біреуінің болуымен де сипатталады.
Пара алушы мен пара берушінің параның беруі және оның алынуы туралы
келісімге келуі белгілі бір сөз байласу, кездесулер, келісімдік сөз
байласу, осы делдал арқылы жүзеге асырылады.
Парақорлыққа делдал болудың нысандары, қылмыстың аяқталу белгілеріне
байланысты айырмашылықтарға ие болып отыр.Делдал болудың бірінші нысаны
бойынша, пара алушыға және пара берушіге пара алу мен пара беру туралы
олардың арасындағы келісімге қол жеткізген сәтінен қылмыс аяқталынған деп
есептелінеді. Сонымен қатар, пара беруші, пара алушыға пара бергендігі не
болмаса бермегендігінің маңыздылығы ескерілмейді.
Парақорлыққа делдал болудың екінші нысаны бойынша пара алушыға және
пара берушіге пара алуы мен беруін іске асыруға жәрдемдескен сәтінен, яғни
параны алғаннан бастап қылмыс аяқталған болып ескерілінеді.
Парақорлыққа делдал болуда, параны алуға немесе беруге қатысушыдан
айырмашылығын білуіміз қажет. Делдал яғни сөздің мазмұны бойынша пара
беруші немесе пара алушымен тікелей қарым – қатынасқа түсіп өзара келісімге
келтіруші ретінде көрінеді. Қатысушы, пара беруші немесе пара алушының
жағынан шығатын адам. Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды
соттардың қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасының Жоғары Сот
Пленумының 1995 жылының 22 желтоқсанындағы №9 қаулысында параны беруді
немесе алуды ұйымдастырып, бұған біреуді итермелеген немесе параны алуға,
беруге көмектесуші болған әрі бір мезгілде делдал міндетін атқарған
лауазымды адам немесе басқа адам параны беруге немесе алуға қатысқаны үшін
жауапқа тартылады. Мұндай қатысушының әрекетін саралау жөніндегі мәселе
оның пиғылына, пара берушінің немесе пара алушының қайсысының мүддесі үшін,
кімнің жағында болғанына қарай шешілуі тиіс. Мұндай жағдайда оның әрекетін
парақорлыққа делдал болу үшін жауапкершілік белгіленген бап бойынша қосымша
саралаудың қажеті жоқ деп белгіленген.
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 тамызынан № 453-1 Мемлекеттік
қызмет туралы заңы 1 бабы келесі түсініктемелер береді:
Лауазымды адамдар – тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша
өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, сондай –
ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының
басқ да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық – әкімшілік
немесе әкімшілік – шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар деп танылады.
Саяси мемлекеттік қызметкер – саяси мақсаттарды жүзеге асыруда
жауаптылыққа ие және оның тағайындалуы мен жұмыстан босатылуы саяси
айқындаушы мінезі бар мемлекеттік қызметкер болып табылады.
Сол заңның 7 бабына сай мемелекет қызметкерлерінің саралануына
келесідегідей саяси лауазымдар кіреді:
1. Қазақстан Республикасының президенті мен оның орынбасарларымен
тағайындалған.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары, Парламент
депутаттарының Төрағалары мен олардың орынбасарларымен
тағайындалған.
3. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері [15].
Орталық атқару органдары мен ведомтволардың бастықтары.
Аталған қылмыс құрамының субъектісі болып – мемелекет қызметтерін
атқаруға уәкілетті адам немесе оған теңестірілген адам болып танылады. Егер
субъект пара алу мақсатында өзін жалған түрде лауазымды тұлға ретінде
көрсетсе оның әрекеті пара беруге айдап салу ретінде дәрежеленеді.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдесінен Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы №267 – 1 заңының 3 бабында сыбайлас
жемқорлықпен байланысты құқық бұзышылықтардың субъектілері белгіленген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабымен көзделген
Пара алу қылмыс құрамының субъективтік жағы тікелей қасақаналық болып
табылады. Субъект пара алуы туралы білуі және оны алуды тілеуі қажет.
Сонымен қатар кінәлі аталған әрекеттерді орындалмағандығы үшін пара алуы
қажет екендігі туралы ниеті қамтылуы тиіс.

2.2. Пара берудің субьективтік белгілері
Субъективтік жағынан ең бастысы, лауазымды адамның пара алуға өз еркі
болғандығын анықтауымыз қажет. Егер лауазымды тұлғаға қамқоршылығы үшін өз
еркімен тыс келісімсіз пара ұсынылса пара алудың белгілерін құрамайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабы екінші бөлігі
дәрежеленген қылмыс құрамы, яғни лауазымды адамның нақ сол әрекеттерді
жасауы, сол сияқты заңсыз іс - әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуын
белгілейді. Заңсыз іс - әрекет деп мемлекеттің заңды мүдделерін бұза отырып
теріс әрекеттер жасауын айтамыз. Егер заңсыз іс - әрекеттер қылмыс болып
танылса, ондай жағдайда осы әрекеттерді 311 баптың екінші бөлігімен және
Қылмыстық Кодекстің сәйкес баптардың жиынтығымен (тонау, қызмет
өкілеттіктерін теріс пайдалану, қызметтік жалғандық жасау көрінеу заңсыз
қылмыстық жауаптылықтан босату және тағы да басқа) дірежеленуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабы үшінші бөлігі
жауапты мемелекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптықты көздеген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабы төртінші
бөлігі пара алудың дәрежеленген белгілерін көздеген:
• қорқытып алу жолымен
• адамдар тобы алдын ала сөз байласып не ұйымдасқан топ
• ірі мөлшерде
• әлденеше рет жасалса
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1995 жылғы 22
желтоқсандағы №9 қаулысының сегізінші тармағы Лауазымды адамның пара
берушінің заңды мүддесіне зала келтіретін әрекеттер істеленетінін айтып
қорқыту әрекеттерін жасап пара талап етуі немесе соңғыны өзінің құқықтық
мүдделеріне тиетін зиянды зардаптар болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр
болуы жағдайына жеткізу - параны қорқытып алу арқылы алу деп танылады деп
жазған.
Адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топтың түсінігі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 31 бабында белгіленген.
Жоғарыда аталып өткен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1995
жылғы 22 желтоқсандағы №9 қаулысының алтыншы тармағына сәйкес лауазымды
емес адаммен келісіп пара алған лауазымды адамның әрекеті бір топ адамның
алдын ала келісіп пара алғаны ретінде бағаланбайды. Сондықтан адамдар тобы
алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ иелері тек лауазым иелері
болуы тиіс.
Осы қылмыстың құрамына кіретін субъектілер лауазымды адам болып
танылмаса, олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27 бабына
сілтене отырып, пара алуда қылмысқа қатысушы болып танылады. Қылмыс
аяқталған болып, параны ең болмағанда бір лауазымды адамның алған сәтінен
бастап қылмыс жасалынды деп есептелінеді және бұл жерде пара берушінің пара
алуға бірнеше лауазымды адамның қатысқандығы екендігінің білгендігі немесе
ол туралы білмеуінің маңыздылығы болмайды.
Ірі мөлшердегі пара алудың түсінігі Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексінің 311 бабының бірінші ескертуінде белгіленген (бес жүз
айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша соммасы, бағалы қағаздың, өзге де
мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны ірі мөлшердегі пара деп
танылады). Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1995 жылғы 22
желтоқсандағы №9 қаулысында белгіленгендей, бір топ адамның алдын ала
келісімі бойынша алынған параның мөлшері алынған бағалы заттардың немесе
көрсетілген қызметтің жалпы құны бойынша анықталады, ал негізсіз иемделген
бағалы заттарды мемлекет есебіне қайтару кезінде әрбір пара алушының
ақшалай немесе материалдық пайдасының мөлшері тұрғысынан есептелінеді.
Егер ірі немесе ірі мөлшердегі заңсыз сыйақы бөліп – бөліп алынса, бірақ
бұл әрекет жалғасы бір қылмыстың жеке көріністері болып табылса, істелінген
әрекет тиісінше ірі немесе аса ірі мөлшерде алынған пара ретінде
сараланады.
Әлденеше рет жасалу – лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы
(Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 11 бабында белгіленгендей)
аталған белгілері бар әрекеттерді әлденеше рет жасалуы деп танылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 312 бабымен көзделген
Пара беру қылмыс құрамының субъективтік жағы болып тікелей қасақаналық
танылады. Субъект пара алушының тапсырмасымен әрекет ете отырып, тікелей
пара беруді ұйымдастырып, лауазымды адамға немесе басқа адамға пара
бергендігі туралы білуі немесе тілеуі қажет.
Жоғарыда аталып өтілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот
Пленумының қаулысында құнды нәрселердіалудың немесе қызмет көрсетудің
шарттары арнайы келісілмеген,бірақ қылмысқа қатысушылар параны берушінің
мүддесінқанағаттандыру мақсатында табыс еткенін түсінген жағдайда айыпты
адамдардың әрекеттері пара беру және пара алу деп дәрежеленуге жатады.
Басқа мақсатпен қымбат заттарды (мысалы, мемлекеттік қызметші өзінің қызмет
бойынша бастығы қызының қолын сұрауы үшін бағалы сыйлық ұсынуы) беру осы
қылмыс құрамын құрамайды.
Пара берудің субъектісі болып – он алты жасқа толған қандай да
болмасын адам танылады.
Аталған қылмыс құрамының екінші бөлігі дәрежеленген құрамды: көрінеу
заңсыз іс - әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін лауазымды адамға пара беру,
сол сияқты әлденеше рет; ұйымдасқан топтың пара беруін белгілейді.
Көрінеу заңсыз іс - әрекет (әрекетсіздік) әртүрлі сипатта болуы
мүмкін: көрінеу заңсыз жүргізушінің куәлігін беру, пәтер беру, қылмыстық
жауаптылықтан босату тағы да басқа.
Пара беруші адам пара алушы адамның жасаған іс - әрекетін
(әрекетсіздігін) заңсыз екендігін ұғыну маңызды болып табылады. Егер пара
лауазымды адамға қылмыстық іс - әрекетті (әрекетсіздікті)жасауы үшін
берілген болса, пара беруші адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодекстің 312 бабы екінші бөлігі бойынша және қылмысқа айдап салушы
ретінде, қылмыстық жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстың әлденеше рет жасалуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодекстің 312 бабында белгіленгендей, яғни осы пара беру бойынша қолдана
аламыз. Осыған сәйкес жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сот Пленумының қаулысының жетінші тармағында, жауапқа тарту мерзімі өтіп
кетпеген жағдайда параны алу, беру немесе парақорлыққа делдал болу
қылмыстары кемі екі рет жасалса, онда аталған қылмыстар әлденеше рет
жасалған деп есептеледі.
Егер әрбір пара берушінің мүддесі үшін жеке – жеке әрекет жасалып,
бірнеше адамнан бір мезгілде пара алынса, онда пара әлденеше рет алынды деп
саралануы керек деп белгіленген.
Пара берушінің қажет еткен нәтижесін қамтамасыз ететінін орындағаны
немесе орындамағаны үшін параны әлденеше рет беру немесе алу, сол сияқты
өзара алдын ала келісіп қылмыс жасаған лауазымды адамдар тобына пара беру
немесе аталған жағдайда делдал болу, бірнеше рет жасалған қылмыс деп
қаралмайды.
Ұйымдасқан топтың пара беруі, пара алудағы қылмыстың құрамы
түсінігімен ұқсас болып келеді.
Аталған баптың екінші ескертуінде, егер мемлекет қызметтер атқаруға
уәкілетті немесе оған теңестірілген адам тарапынан оған қатысты қорқытып
пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергендігі туралы қылмыстық
іс қозғауға құқығы бар органдарға өз еркімен хабарласа, пара берген адам
қылмыстық жауаптылықтан босатылады деп мараппатаушы норма белгіленген.
Параны қорқытып алудың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодекстің 311 бабында анықталған. Пара беруі туралы өз еркімен
хабарлауы, ешқандай мәжбүрлеусіз белгілі бір құқық қорғау органдарына өз
еркімен хабар беруін ерікті деп тануға болады.
Пара бергендігі туралы белгілі бір органдарға мәлім болғандығы туралы
сезіп, оның артынан хабарлауы, ерікті түрде хабарлау деп танылмайды. Пара
беру туралы арызды қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органдарға, яғни
Прокуратураға, ұлттық қауіпсіздік Комитетіне, ішкі істер Министрлігіне,
қаржы полициясы органдарына берілуін заң талап етеді.
Алдын ала пара беретіндігі туралы хабар берген адам алдына мақсат қоюы
мүмкін: пара алушыны ұстап беру. Мұндай жағдайда пара беруші ретінде сол
адамдар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 312 баптың екінші
бөлігімен байланысты емес, керісінше Қазақстан Республикасының қылмыстық іс
– жүргізу Кодексінің 37 бабы бірінші екінші тармағына сай қылмыстық
қудалаудан босатылуы тиіс. Сондықтан олар құқықтық шарттарға сәйкес
жәбірленуші деп танылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 313 бап Парақорлыққа
делдал болу қылмыс құрамының субъективтік жағы тікелей қасақаналық: яғни
кінәлі адам пара алушыға және пара берушіге пара алу мен пара беру туралы
олардың арасындағы келісімге қол жеткізуді немесе іске асыруға жәрдемдесуді
ұғынады және соны жасауға тілейді.
Қылмыстың субъектісі болып – қандай да болмасын он алты жасқа толған
адам танылады.
Аталған баптың екінші бөлігі - парақорлыққа делдал болудың
дәрежеленген түрін қамтиды. Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ немесе
өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған әрекеттері.
Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топтың түсінігі туралы Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодекстің 11, 31 баптарында көрсетілген.
Парақорлыққа делдал болуда адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып
жасауы, субъектінің парақорлыққа делдал болудағы өзінің қызметтегі құзіреті
мен өкілеттігімен жасалды деп танылады.
Парақорлыққа делдал болуда адамның өз қызмет бабымен ұйымдағы не басқа
да орындардағы басқару қызметтерімен байланыссыз болуы, қызметжағдайына
пайдалана отырып жасалуы деп танылмайды.
Тәжірибеде жасалған парақорлыққа делдал болудың белгілерін
кездестіруімізге болады. Егер адам пара берушіден ақша немесе басқа қүұнды
заттарды лауазымды адамға пара ретінде беруц үшін алып, бірақ апарып беру
оның ойында болмай өзі пайдаланса, оның жасаған әрекеті алаяқтық ретінде
саралануы тиіс. Жалпы алаяқтық өзінің әлеуметтік мәні бойынша жасалған
парақорлыққа делдал болудан елеулі айрмашылықтарға ие. Жалған парақорлыққа
делдал болу кезінде субъекті мүлікке алаяқтық ретінде ие болмайды,
керісінше, басқа адамдарды пара беруге тартады немесе пра беруге
көмектеседі. Осыған байланысты жалған парақорлыққа делдал болушы пара
берудегіайдап салушы немесе көмектесуші ретінде саралануы қажет. Жалған
парақорлыққа делдал болушыға параның затын берген адамның әрекетін пара
беруге оқталғандық деп танимыз.

3. Пара берудің криминалистикалық сипаттамасы
3.1. Жалпы сипаттамасы
Парақорлықтың криминалистикалық мінездемесіне көшер алдында
криминалистикалық әдістің түсінігін берейік.
Криминалистикалық әдістеме – белгілі бір қылмыстардың жолын кесу және
тергеудің жүзеге асырылуы мен ұйымдастырылуын реттейтін ғылыми түсініктер
мен рекомендациялар болып табылады [16, 685 бет].
Криминалистикалық мінездеме өз ішіне келесідегідей элеменнтерді
кіргізеді:
• бастапқы ақпараттың сипаттамасы.
• қылмысты істеу мен қылмыс іздерін жасыру туралы мәліметтер жиынтығы.
• қылмысты мүмкін жасаған адамның тұлғасы, оның мақсаттары мен ниеті.
• қылмыстан мүмкін зардап алған жәбірленуші және қылмыстың көп тараған
заты.
• қылмыс жасауға итермелеген мән – жайлар.
Қылмысты мүмкін жасаған адамның тұлғасы, оның мақсаттары мен ниеттері
біліктілік бітіру жұмысымның парақорлықтың қылмыстық – құқықтық
мінездемесінде айтылып өткен, бірақ криминалистикалық сипаттамасының ең
басты айырмашылығы – ол қылмыс жасаған субъектісін және оның мақсаттары мен
ниеттерін кеңірек сипаттацды және мысалдармен нақтылай дәлелдейді.
Парақорлық қылмыстар субъектілерінің қылмыс жасауының ең басты мақсаты
– лауазымды тұлға тарапынан өз мүддесіне белгілі бір іс - әрекеттерді
(әрекетсіздікті) жасау, яғни лауазымды тұлға заңсыз қылыққа итермелеу.
Парақорлық қылмыстарын жасау ниеттері әртүрлі болуы мүмкін:
• пара берушінің немесе пара алушының лауазымды тұлға тарапынан
белгілі бір әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуын шын ниетпен
тілеуі
• пара беру немесе пара алу арқылы пара алушының жеке баюы немесе
пара берушінің белгілі бір жауаптылықтан бас тартуы (мысалы, пара
беруші тергеушіге оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыстық
істің қозғалмауына байланысты пара беруі және тағы да басқа).
Сол қылмыстар салдарынан мемлекет басқару мүдделеріне нұқсан
келтіріледі.
Тергеу мен алдын ала тексеру барысында тергеушілер мен жедел
қызметкерлер көптеген қиыншылықтармен кездеседі. Ең басты қиыншылық – пара
беру немесе пара алудың әдіс – тәсілін біліп алып, пара беру немесе пара
алудың және пара беруші немесе пара алушының мүддесіне жасалған іс -
әрекеттің (әрекетсіздіктің) арасындағы себептік байланысын табу болады.
Қазіргі кезде парақорлықтың көптеген әдіс – тәсілдері бар. Солардың ішінде
дәлелдеуге қиын соқтыратын әдістердің тізімін көрсетіп өтейік:
• пара алушы адам пара берушіге бір бет қағаз береді. Қағаздың
бетінде лауазымды тұлға қолдарының іздері болмайды. Парақтың
үстінде лауазымды тұлғаның банктік карточканың нөмірі, ал астынғы
жағында пара мөлшері жазылады. Сонымен бірге бұл жазылымды
лауазымды тұлғаның өзі жазбай, алдын ала сол жазбаны жазуға
сұрайды (ұялы телефон шотына да ақша салу кездеседі).
• пара беруші лауазымды тұлғаны өзінің белгілі бір мерекесін
тойлауға шақырады. Сол мерекеде бағалы ішімдіктер, қымбат азық –
түліктер болады. Соның үстінде бұл мерекеде төлелмелі қыздар
(проституциямен айналасатын қыздар) лауазымды тұлғаға ұсынылады.
• пара алушы мен пара беруші өздерінің арасында жалған дау туғызып,
олар бұл дауды ақшалай шешуге келіседі. Соның нәтижесінде пара
беруші өзінің жеңілетінін алдын ала біле тұра, лауазымды тұлғаға
жеңіледі ( пари немесе казинода жалған жеңу).
• пара алушы мен пара берушінің арасында автокөлікті сатып алу –
сату келісімі туындайды. Бірақ автокөліктің құны көрінеу арзан
болады. Содан кейін лауазымды тұлға бұл автокөлікті белгілі бір
адамға сатады, ал сатып алу мен сатудың арасындағы айырмашылықты
лауазымды адам өзіне иеленеді.
• лауазымды тұлға параны бес – алты делдал арқылы өткізеді. Бұл
жағдайда қылмыстың объективтік жағының себептік байланыс белгісін
табу өте қиын және жауапқа тартылуы тиіс лауазымды адамды да
табуға қиынға соқтырады.
Парақорлық қылмыстарынан бас тарту мен қылмыс іздерін жасыруға тырысу
келесі нысандарда болады:
• лауазымды адам өзінің қолдарын жұқалай парафинмен жағады. Қаржы
полициясы органдарының қызметкерлері пара затына (мысалы, ақшаға)
люминисцендіретін ұнтақты жағады. Лауазымды тұлға пара затын
алғаннан кейін пара затында лауазымды адамның іздері қалмайды.
• лауазымды адам ультра күлгін сәулелер шығаратын заты болады. Пара
затын алғанда ақшаның үстіндегі ультра күлгін сәулелер арқылы
пара деген сөзді көреді де (мысалы, Батыс Қазақстан облысы
бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес Департаментінің парасы деп жазылады), қылмыс жасаудан бас
тартады.
• лауазымды адам пара берушіден пара затын беру қажеттілігін нақты
айтпай, өзінің пара алуға бағытталған тікелей қасақаналығын
қарызға алу сияқты сөздерімен жасырғысы келеді. Пара беруші өз
қылмыс қасақаналығын бұл мәселені шешейік, біз бәріміз адамбыз
ғой, бір – бірімізді түсінейік сияқты сөздермен жасырады. Мысалы,
07270005100105 санды қылмыстық ісі бойынша (Н.И.Максимовке қатысты
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 312 бабының екінші
бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін) Н.И.Максимов Батыс
Қазақстан облысы бойынша ішкі істер Департаментінің жол полициясы
Басқармасының қызметкері М.Т.Губайдуллинге пара бергенде өз қылмыс
қасақаналығын аға, бұл мәселені шешейік, біз бәріміз адамбыз
ғой, мен сізбен бұл мәселені адамша шешкім келеді сөздерімен
жасырып қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін шатастырғысы
келген.
• лауазымды адам пара берушімен (арыз берушімен) сөйлесуі кезінде
аузын орамалмен жауып, пара берушіге тікелей қарамай сөйлеседі.
Бұл жағдайда соттық – фоноскопиялық сараптамаға жіберілінетін
лауазымды тұлға мен пара берушінің арасындағы сөйлесу кезіндегі
лауазымды адамның дауысы нақты естілмейді және де лауазымды
адамның еркін дауыс үлгілерімен салыстыру қиындыққа соғады.
Лауазымды адам арыз беруші ретінде шыққанда да пара беруші немесе
делдалдың жоғары аталып көрсетілген іс - әрекет жасауы мүмкін.

4.Пара беруді ашу әдістері
4.1. Алғашқы оперативтік іс әрекет
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылдың 14 сәуірінен Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің шараларын, мемлекеттік органдар мен лауазымды
тұлғалардың қызметіндегі тәртіпбін күшейтілуі туралы № 1550 үкімінде
келесі жазылған:
              Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес Агентігіне (қаржы полициясына):
-Мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларының тарапынан сыбайлас
жемқорлық фактілеріне азаматтардан келіп түскен арыздарға жедел жауап беру
қызметін ұйымдастыру.
-Сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтар фактілеріне келіп түскен
арыздардың нәтижелері бойынша арызданушыларды және қоғамды ақпараттау
арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресінің айғақтылығын қамсыздандыру [17].
Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 4 шілдедегі №366 - II Қаржы
полициясы органдары туралы заңының 6 бабында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті жүзеге асырушы органдар келесі жазылған: Сыбайлас жемқорлық
қылмыстарды ашу, олардың жолын кесу, және оларды істеген тұлғаларды жауапқа
тарту құзірет шеңберінде прокуратура огандары, ұлттық қауіпсіздік
органдары, ішкі істер органда, салық, кеден, шекаралық қызмет органдары,
әскери және қаржы полициясы жүзеге асырады Парақорлық қылмыстарды ашу және
тергеу барысында қылмыстық іс бойынша бойынша жоспарла үлкен рөл атқарады.

Сол заңның 8 бабында Қаржы полициясы органдарының міндеттері келесі
жазылған: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс – жүргізу заңнамасында
көрсетілген тәртіппен анықтау және алдын ала тергеу өткізу
міндетті,сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзышылықтарды алдын алу,
ашу және жолын кесуге міндетті [18].
Жоғарыда аталған нормативтік – құқықтық актілерден көретініміздей,
парақорлық қылмыстарын тергеу мен ашу қаржы полициясы органдарының міндеті.

Енді парақорлық қылмыстар бойынша жоспарлауға көшейік.
Парақорлық қылмыстарды ашу және тергеу жоспарының екі түрі болады:
1. кеңейтілген
2. бөлшектенген.
Кеңейтілген жоспар белгілі бір парақорлық қылмыстық ісі бойынша
қажетті тергеу әрекеттері мен жедел – іздестіру шараларын айқындауын
көздейді.
Бөлшектенген жоспар белгілі бір парақорлық қылмыстық ісі бойынша
қажетті тергеу әрекеттері мен жедел – іздестіру шараларын айқындап қана
қоймай, қылмысты ашу және тергеу барысындағы қылмыстық іс – жүргізу
қатысушыларына қойылатын нақты сұрақтарын айқындауында, тергеу әрекеттері
мен жедел – іздестіру шараларының тактикасын, олардың өткізу күндері мен
дәл уақытын, анықтама органдары мен тергеу органдарының арасындағы қарым –
қатынастардың нысандарын айқындауын өз ішіне кіргізеді.
Парақорлық қылмыстары бойынша тергеу алды тексеріс пен тергеу
барысындағы кездесетін қиыншылдықтар тізімін айтып өтейік:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 312 бабы бойынша
пара берушінің пара беру кезіндегі қаржы полициясы огандарының
қызметкерлерімен ұсталуы алдын ала жоспарланбаған болады. Бұл
көбінесе қаржы полициясы огандарының қызметкерлері басқа
құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен бірігіп рейдтік жедел –
іздестіру шараларын өткізу барысында кездеседі. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодекстің 312 бабы екінші бөлігімен
көзделген қылмыс жасағаны үшін Н.И.Максимовке қозғалған
0727000510105 санды қылмыстық ісі бойынша қаржы полициясы
огандарының қызметкерлері мен Батыс Қазақстан бойынша ішкі істер
Департаментінің жол полициясының қызметкерлері бірігіп Ресей
Федерациясы тарапынан контрабандалық тауарлардың кіргізілуін
анықтауға бағытталған жедел – іздестіру шараларын өткізу
барысында пара беруші анықталды [19]. Сол біріккен жедел –
іздестіру шараларын өткізу барысында қаржы полициясы огандарының
қызметкерлері қылмыс куәлары болады және пара беру фактісі туралы
белгілі бір тұлға қаржы полициясы огандарының қызметкерлеріне
айтады. Пара беру фактісі келешекте дәлелдік күшіне ие болу үшін
пара беру фактісін құжаттау керек. Мысалы, жария емес тыңдау
мақсатындағы аудио және бейне техникасын беру хаттамасын
толтырылуы белгілі бір уақытты жұмсайды. Бұл хаттаманың
толтырылу, ұстау мен қылмыс жасалған жерді тексеру өткізілуіне
екі куәгерлерді іздестірілуі көп уақыт алып, пара беруші тұлға
бәрін біліп алып, лауазымды тұлғаға пара беруден бас тартуына
әкеліп соқтырады.
2. Жоғары аталып өткендей соттық – тергеулік тәжірибеде пара алушы
адам лауазымды тұлға болмай тұрып, пара берушіге белгілі бір
сұрақты шешу уәдесі үшін пара алса, мұндай қылықты алаяқтылық деп
саралайды. Оны қате саралау деп тану қажет, себебі алаяқтылық
қылмыс құрамында жәбірленуші болу керек, ал пара беруші жалған
лауазымды тұлғаға пара берген кезінде пара беруге оқталуына
жауап беруі қажет.
Тағлұмдамада белгілі бір адамды сыбайлас жемқорлық субъектісіне жатқызу
үшін оның қызметтік бабына тағайындалуы жайлы бұйрықты және оның
функционалдық міндеттерін айқындайтын құжаттарды сұрау қажеті туындайды.
Бірақ бұл іс - әрекет жедел ақпараттарын ашып, лауазымды тұлға сол себепті
пара алудан бас тартуы мүмкін. Сондықтан функционалдық міндеттерінің
сұралуы тұлғаның ұсталуынан кейін жүргізіледі. Оның өзі қылмыстың алдын ала
дұрыс емес саралануына әкеп соқтырады. Мысалы, тағлұмдамада пара алған
тұлға мемекет органдарынан белгілі бір уақыт бұрын шығып кетіп, пара алуды
жалғастырады, бірақ оның істері алаяқтылық ретінде сараланады, себебі ол
сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Парақорлық делдалдығының қылмысты - құқықтық сипаттамасы
Қылмыскерліктің жекелеген түрлерінің криминологиялық сипаттамасы
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Мемлекеттік қызмет және лауазымдар ұғымы
Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі
Пәндер