Қазақстандағы діни экстремизм және саясаттандыру: қауіптер, мемлекеттік шаралар және конфессияаралық келісім


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Хизб-ут-Тахрир», «Аль-Каида», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Моджахеттер жамағаты», «Лашкар и-Тайба»… немесе дініміз берік елміз бе?

Дін - миллиондаған қазақстандықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Көп дінді Қазақстан қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажет шарт. Себебі, бұл келісім - өркениеттіліктің белгісі. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар қызметіне байланысты мемлекеттік саясат оларды алаламай, бәріне бірдей қарау негізінде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік бас қосуларда өзге басшылармен бірге Қазақстан дінбасылары да қатысып, өз ой пікірлерімен бөліседі. Олар қоғамымыздың бірлігін нығайтуға еңбек сіңіріп жүр.
Қоғамда жеке тұлғаның сенім артатын белгілі бір ұстанымы болу керек. Сол себепті азаматтарды ізгілік пен имандылыққа үндейтін діннің орны ерекше. Таяуда Елбасының бастамасымен әлемдік дінбасыларының үн қатысуы үшін Қазақстанда осымен Әлем діндерінің үшінші құрылтайы өткізілейін деп отыр. Бұның мәні өте үлкен. Осыған орай Н. Назарбаевтың: «Қазақстан халықтарының діни сәйкестілігі болуы қажет, құдай біреу. Ал оған сенімге апаратын жол әр алуан болуы мүмкін. Әрбір адам өзіне жақын діни нанымды ұстануға құқылы», - деп тұжырымдап, қазақстандық қоғамдағы ұлттық идеясы принциптерінің бірі ретінде - діни факторды айтқандығын атап көрсеткен. Өкінішке орай, дінді өздерінің мүддесін шешу үшін саяси құрал ретінде қолданғысы келетін топтардың бар екендігі де жасырын емес. Кейде олар өздерінің террористік актілерін де дінмен байланыстырғысы келеді. Осынау қараниетті саяси пиғылдардың кесірі нәтижесінде діндер арасында іріткі пайда бола бастайды. Байбаламшыл діни ағымдардың дүниеге келіп, тыныш әлемнің мазасын ала бастауы да тек қана белгілі бір топтың саяси-экономикалық мүддесіне қызмет етеді. Осыған орай, елімізде ресми тіркелген 46 негізгі діни конфессиялармен қоса 3 мыңнан астам түрлі діни секта мен ағымның бар екендігін және бір рет еске алып, олардың қызметтері мен уағыздарының Қазақстан заңдарына сәйкестігін мамандарды пайдалана отырып сараптаудан өткізгені жөн болар еді деп ойлаймыз.
Соңғы жылдары Батыс идеологтарының ислам дініне «Ислам экстремизмі» деген айдар таққаны белгілі. Оған айтарымыз, саясаттың мақсаты мен діннің мұратын шатастыруға болмайды. Бұл сөз тіркестерінің қолданылуы мұсылман дінінің ізгі қасиеттерін жоққа шығарғанмен тең. Ал ислам дінін ту етіп, экстремизмге бой ұрғандар жөнінде айтатын болсақ, оларға радикалды исламның догмаларын жамылып, билік үшін күресте террор әдістерін қолдануды жөн санайтын саясаттандырылған топтарды жатқызса болады. Қазіргі кезеңде исламды саясаттандырудың М. Әшімбаев айтқандай, төрт түрлі сценарийі белгілі: Тәжікстандағыдай діни-кландық; Шешенстандағыдай сепаратистік; Өзбекстандағыдай оппозициялық-биліктік; Қырғызстандағыдай сырттан болатын қақтығысқа «тартылу» сценарйиі. Осыларға қарап Қазақстанға исламды саясаттандырудың кезегі келіп тұр деп алаңдауға болады.
Жоғарыда айтылған дүниелерді топшылайтын болсақ, біз елімізді діни экстремизм көріністерінен қауіпсіздендіргеніміз абзал. Діни экстремизмге тосқауылды дінге тыйым салу, күш қолдану жолымен ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Террористер исламды шала білетіндер қатарынан жалған исламдық ұрандарды бетке ұстап, өз қатарын толықтыруда. Діни экстремизм дүмше фанатиктерден шығады. Дінді жете білмеген адамдар түрлі әлеуметтік-саяси қиыншылықтардың салдарынан экстремистік саяси күштердің тілалғыш құралына айналып кетуі оңай. Оған мысалдар жеткілікті. Сол себептен халықтың оқып, білім алуына жағдай жасау олардың саналығын арттырады, діни фанатизм идеологиясынан сақтандырады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігінің, басқа да оқу-ағарту мекемелерінің арнайы іс-шаралар қабылдап, олардың орындалуын бақылауға алғаны жөн. Мемлекет діндер жөнінде шыдамдылық танытумен қатар, оларды бақылай да алатын болуы қазіргі жағдайда барып тұрған қажеттілік. Олардың бірі мен бірінің жауласпауын, фанатизм жолына түспеуін, өз жақтастарын басқаларға айдап салмауын болдырмау көпконфессионалды мемлекеттің басты міндеті болып табылады.
Қазақстандағы дін жөніндегі саясат көрші Ортаазиялық мемлекеттермен салыстырғанда бірсыпыра ерекшеліктерге ие. Ең бастысы, бізде конфессияаралық татулық пен келісімдер сақталуда. Бұл жөнінде тиісті заңдар қабылданып, көптеген жұмыстар атқарылғанымен, зайырлы мемлекет құру бағыты мықтап ұсталынып отыр деп, біздіңше, айту ерте. Мемлекет басшысы, Үкімет, Парламент конфессиялардың біреуіне біржақты басымдық беруге тырысқан емес. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттердің зайырлылығын шайқалтуға тырысатын кейбір қозғалыстардың, атап айтқанда белгілі бір дінге басымдық бергісі келетін саяси күштер де жоқ емес. Діни уағыздарға кеңшілік жағдайын пайдаланып қалғысы келетіндер де бар. Сондықтан дін жөніндегі толеранттылықты теріс пайдаланудың болатынын ұмытпаған жөн.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» кітабында: «Діни қауымның белгілі бір бөлігі діни төзімсіздік идеясын ту ететін шетелдегі ислам орталықтары миссионерлерінің ықпалына ілігеді. Мұндай ахуал біздің елдің оңтүстік өңірінен айрықша байқалып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумақтарында астыртын ұйым құрған шетелдік «Таблиғи жамағат» радикалды қозғалысының үгіт-насихат әрекеттері анықталған», - деп жазған болатын. Орта Азия аймағында «Мұсылмандар туысқандығы», Ресей және Орта Азияда «Азия мұсылмандарының комитеті», Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Украинада «Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами», Өзбекстанда «Адолат уюшмаси»; әлемге белгілі «Аль-Каида». Осы сияқты радикалды лаңкестік топтардың барлығы исламның атын жамылады. Оған қоса тағы жетеуінің - «Асбат әл-Ансар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен діни экстремизм: жағдайы, қауіптері және алдын алу шаралары
Қазақстандағы діни трансформация: ағымдар, миссионерлік және конфессияаралық келісім
XXI ғасырдағы діни экстремизм: ғаламдық қауіптер мен Қазақстандағы көріністер
Қазақстандағы діни экстремизм: себептері, қауіптері және алдын алу шаралары
Діни экстремизм: шығу тегі, белгілері және Қазақстандағы қауіп-қатер
Павлодар облысындағы діни ағымдардың қазіргі жай-күйі: конфессияаралық қатынастар, миссионерлік белсенділік және экстремизм қаупі
Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес: құқықтық негіздері, институционалдық ынтымақтастық және профилактикалық шаралар
Қазақстандағы діни экстремизм, дәстүрлі емес діни ағымдар және нашақорлық: алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері
Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық және этносаралық қатынастар: ерекшеліктері мен мемлекеттік реттеу
Адастырушы діни ағымдар: қауіптер және Қазақстандағы мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz