Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері


§1. Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
Қылмысты квалификациялау кезінде сақталуға жататын ереженің бірі, нормалар бәсекелестігі байқалғанда заң нормасын дұрыс, яғни бәсекелес нормалардың қажеттісін қолдану болып табылады. Норма-лар бәсекелестігі дегеніміз, бір қылмыстың Ерекше бөлімде қара-стырылған бір неше нормалардың диспозицияларындағы белгілерге сәйкес келуі болып табылады. Демек, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарының әр қайсысы басқа қылмыстардан айырмашылығы бар, жеке қылмысты уақиғалардың түсінігін беруге және олар үшін жауаптылық белгілеуге арналған дегенмен, заң қолдану жұмысында қиындық тудыратын жағдай болып табылатын нормалар диспозициялары мазмұнының қайталануы кездеседі. Нормалар мазмұ-нының қайталануы кездескенде қай норманы қолдана отырып квалификация жасау керек деген сұрақ туындайды. Бұл мәселені қарастыр-мас бұрын нормалар бәсекелестігінің орын алу себептерін анықтаған ДҰрыс.
Нормалар бәсекелестігі орын алуының басты себептерінің бірі, ол қылмыстық заңның кейбір баптарының құрылымы күрделі болуына байланысты бір неше қоғамдық қатынастарды қорғаумен айналысатындығы және осы міндетті іске асыру үшін бір баптың өзінде қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің кең көлемін қамтитындығы болып табылады. Қылмыстық заң нормалары диспозицияларында өзге қылмыстың объек-тілері болып табылатын қоғамдық қатынастардың кездесетіні бұған дейін де айтылды және мұның себебі кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде кінәлінің асыра сілтеуі немесе осы қылмысты жасай отырып қасақана басқа қылмыстың белгілерін білдіретін әрекеттерді де жасауы болып табылады. Мысалы адамды кепілге алу, қарақшылық, әйел зорлау си-яқты қылмыстарды жасау кезінде жәбірленушіге қасақана немесе абай-сыздықта қаза келтіру. Мұндай кезде қылмыстық заңда жеке-жеке қара-стырылған екі немесе одан көп қылмыстың объектілері, яғни қоғам қауіпсіздігі, жеке адамның бостандығы және адамның өмірі деген тәрізді объектілер бір қылмыстың жасалуында орын алады және бұл объектілер бір қылмыстық құрамның белгілері ретінде кездеседі. Көріп отыр-ғанымыздай, адамның өміріне зардап келтіру кез-келген қылмыстың жасалуы кезінде бола бермейді, бұл зардап түрі көбінесе зорлық-зом-былықпен, күш қолданумен жасалатын немесе экологиялық, көлік са-ласындағы, адамзатпен бейбітшілікке қарсы қылмыстарда көрініс ала-ды. Кейбір баптарда өзге қылмыстардың объектілерінің де кездесуі, бұл қылмыстық заң нормаларының бір бірімен жай ұқсастығын ғана емес, олардың арасында іштей байланыс бар екендігін көрсетеді. Шын-дығында бұл байланыстар заң нормаларының бір бірімен байланысын көрсетпейді, ол әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде бағаланатын қылмыстылықтың кейбір түрлерінің арасында байланыс бар екендігін көрсетеді. Дәлелдей кетейік. Мысалы қызмет саласындағы қылмыстар-дың, айталық мемлекеттік қызметкердің кәсіпкерлік қызметпен айна-лысуы, пара алуы сияқты әрекеттерде адам өміріне, денсаулығына зар-дап келтірудің орын алуы мүмкін емес. Себебі бұл қылмыстардың ба-ғыты, орындайтын іс-әрекеттерінің сипаты мүлдем басқа, олар адамның жеке басына қарсы белгілерді иеленбейді. Ал адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы немесе қарулы шабуыл ар-қылы жасалатын қарақшылық, бандитизм сияқты қылмыстардың жаса-луы кезінде жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне зардаптар келуі мүмкін.
Қылмыстық заң нормаларының диспозициялары көбінесе қылмыс-тың объективтік жағының белгілерін келтіретіндіктен, заң баптарына қарай отырып кейбір қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің, елеулі зардап түрлерінің бір неше қылмыс түрлеріне ортақ екендігін байқауға бола-ды. Мысалы жалған қржатты жасауды білдіретін әрекеттер, адамның ар намысына келтірілген зардаптар бір неше баптарда кездеседі. Сырттай қарағанда қылмыстық заңда қанша қылмыс түрі келтірілген болса, сон-шалықты әрекет түрімен қылмыс жасалатын сияқты көрінеді. Шын мэнінде қылмысты әрекеттердің көлемін заң баптарының санымен өлше-уге болмайды, себебі кейбір қылмыс түрлері объективтік жағы бойын-ша бір неше немесе бір бағыттағы әрекеттермен жасалса, кейбір қылмыстарға бір іс-әрекет түрі тән немесе ортақ болып табылады. Мысалы Қылмыстық кодексте парақорлық қылмыстар 224, 231, 311, 312, 313, 349 баптарда қарастырылған. Бұл қылмыстардың объективтік жағының белгілері ұқсас бейнеленген.
Субъективтік жағы бойынша да қылмыстар бірін бірі қайталайды деуге болады, себебі міндетті белгі болып табылатын кінә нысандарының тек қасақаналық және абайсыздық болып бөлінетініне байланысты бұл екі кінә нысандарының бірінсіз жасалатын қылмыс жоқ. Қылмыс-тық заң нормаларының субъективтік жақ бойынша қайталануын негізінен кінәнің қос нысанымен жасалатын қылмыс түрлері бойынша келтіруге болады. Себебі кінәнің аралас нысанымен жасалатын қылмыстарда екі кінә нысаны қосылып бір қылмыстық құрамды білдіргенмен, қасақан-лықпен жасалған әрекет осы баптың негізгі бөліміндегі әрекетті ғана білдірсе, ал абайсыздық басқа қылмыс түріне тән зардаптың туындаға-нын көрсетіп тұрады. Қылмыстық заң нормаларының қайталануы субъек-тивтік жақтың қосымша белгілері ретінде танылатын ниет және мақсат түрі бойынша да кездеседі. Мысалы 164 баптағы ұлттық, нэсілдік, діни, рулық әлеуметтік ерекшеліктеріне қарай өшпенділік тұтату және 96 баптың «л» және 103 баптың 2 бөлімінің «з» пункттеріндегі осындай ниет бойынша өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне зардаптар келтіру.
Қылмыстық заң нормалары көпшілік жағдайда қылмыстың субъектісі бойынша да бірін-бірі қайталайды деуге болады. Бұл эсіресе бір тарау-дың ішінде қарастырылатын қылмыс түрлері бойынша жиі кездеседі.
Демек, қылмыстық заң нормаларының бірін-бірі қайталауы құрам элементтерінің белгілері бойынша көрінеді. Бірақ қылмыстық заң нор-малары бірі-бірі толық қайталап, кейбір нормалардың бір-бірінен айырмашылықтары болмайды деп айтуға болмайды. Себебі Ерекше бөлім нормаларының әр қайсысы жеке қылмысты білдіруге, нақты бір қылмысты уақиғалардың негізгі бейнесін көрсетуге арналған. Номалар бәсе-келестігінде кейбір баптардың олардың бөлімдерінің басқа баптармен ортақ белгілері кездесетіндігі айтылады. Бір айта кететін жәйт, ол заң нормаларының ұқсастығы қылмыстық құрам элементтері бойынша квалификация жүргізу деген тақырыптарда да қарастырылды. Бұл тақырыптың ерекшелігі, ол нормалар бәсекелестігі байқалған жағдайда олардың ү_қсастығы кейбір құрам элементтері бойынша ғана емес, одан жақынырақ, тығыз байланыс байқалатын жағдайлар болып табылады. Тығыз, жақынырақ байланыстар ретінде ҚК белгілі бір бабында келтірілген қылмыстың басқа бапта қарастырылған қылмысты толық қамти отырып, өзіндік жеке сипатқа, жеке қылмыстық құрамға ие болуын ескереміз. Мысалы 344 бапта көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе 345 бапта қылмыстық жауаптылық-тан көрінеу заңсыз босату қылмыстары қарастырылған және бұл қылмыстардың орындалғанын білдіретін негізгі белгі қылмыс жасамаған
адамды жауаптылыққа тартуға соқтыратын немесе жауаптылықтан заң-сыз босатуға негіз болатын тергеу құжаттарына жалған мәліметтер қосу болып табылады. Осыған ұқсас немесе қржаттарға жалған мәлімет ен-гізуді 314 баптағы қызметтік жалғандық қылмысынан да кездестіруге болады. Бұл баптар бірін-бірі толық қайталамаса да негізгі белгілері болып саналатын қылмыстың объективтік жақ белгілері, кінә нысанда-ры, сонымен қатар субъектісі және объектілері де ұқсас анықталған. Сондай-ақ қылмыстық заңның бір нормасының осы қылмысқа тән белгілерді келтіре отырып, басқа норманың белгілерін толық қамтып, бір қылмыстық құрамды көрсетуін мынандай баптар бойынша келтіруге болады. Мысалы қинау қылмысы үшін жауаптылық қарастыратын 3471 бабының 2 бөлімінің «в» пунктінде денсаулыққа орташа зардап келтіруге соқтырған азаптау, ал осы баптың 3 бөлімінде денсаулыққа ауыр зардап келтірумен ұштасқан немесе жәбірленушінің абайсыздықта өліміне соқтырған қинау әрекеттері келтірілген. Егер осы баптың маз-мұнына назар аударсақ, онда бұл қылмыстың құрамында 107 баптағы азаптаудың барлық белгілері бар екендігін байқауға болады, сондай-ақ жоғарыда аталған бөлімдерде 103, 104 баптардағы денсаулыққа орта-ша және ауыр зардап келтірудің, сонымен қатар 101 баптағы абайсыз-дықта қаза келтірудің құрамы толық қамтылғанын көруге болады. Мұндай жағдайда 347-1 бабы 101, 103, 104, 107 баптардағы қылмыс-тың құрамын қайталайды деуге болады.
Қылмыстық заң нормаларының осындай бір-бірімен жақындығын және олардың бірін-бірі қайталайтынын немесе бәсекелестік көрсететінін білгеннен кейін жасалған қылмыс қандай норма бойынша квалификациялануы керек немесе барлық бәсекелес нормалар қолданыла ма де-ген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі бәсекелес нормалар мағынасы және көлемі бойынша бір-бірінен ажыратылатынын білу керек.
Б. А. Куринов бәсекелес нормаларды 1) жалпы және арнайы нормалар, 2) арнайы нормалар, 3) бүтін және бөлік нормалар деп үш түрге бөледі, бірақ оның пікірінше барынша анық бөлінетін нормалар 1) жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі, 2) арнайы нормалардың бәсеке-лестігі болып табылады. 1 В. Н. Кудрявцев қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі нормалардың арасында 1) жалпы және арнайы 2) бүтін және бөлік нормалардың бәсекелестігі кездесетінін келтіреді. 2
Негізінде қылмыстық заңның нормалары мағынасы бойынша жалпы және арнайы нормалар, ал көлемі бойынша бүтін және бөлік нормалар түрінде кездеседі. Арнайы нормалардың да бәсеке-лестігі кездесетінін кездестіруге болады. Қылмыстық заң нормалары-ның ішінде бәсекелестік тудырмайтын немесе басқа қылмыстармен ұқсастық байқатпайтын нормаларда бар. Сондықтан еш қандай қылмысқа ұқсамайтын немесе басқа баптарда қайталанбайтын қылмыс түрі жасалғанда тиісті норманы табу, оны қолдану қиындық тудырмайды. Мысалы 227 баптағы компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату, немесе 201 бап-тағы кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерция-лық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу сияқты әрекеттер үшін жауаптылық қарастыратын нормалармен бәсе-келестік жасайтын нормалар жоқ.
Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігіндегі жалпы нормалар дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілері болғандық-тан қылмыстық құрамдық сипатқа ие болатын және мағынасы бойынша кейбір баптарда қарастырылған қылмысты әрекеттерді қамти алатын заң нормалары болып табылады. Мұндай норма-лардың мазмұнындағы қоғамға қауіпті іс-әрекетті анықтауға арналған белгі кең ұғым түрінде берілуіне байланысты өзге нормалардағы қылмыс құрамдарын да қамти алады немесе арнайы нормалардағы қылмыстың белгілері жалпы нормадағы қылмыстылықты білдіретін белгіге мағынасы бойынша толық сәйкес келіп тұрады деуге болады. Мысалы жалпы норма ретінде 307 баптағы қызмет өкілеттігін теріс пайдалану қылмысын алуға болады. Ал осы норманың немесе осы қылмыстың арнайы түрлері ретінде билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдала-ну (308-бап), кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (310-бап), пара алу (311-бап) сияқты осы тараудағы қасақаналықпен жасалатын қылмыстарға жауаптылық қарастыратын нормаларды, сонымен қатар сот әділдігіне, басқару тәртібіне, азаматтардың конституциялұіқ құқықтарына қарсы қылмыстар тарауларындағы лауазымды адаммен немесе мемлекеттік қызметкермен қасақаналықпен жасалатын кез-келген қылмыс түрін жат-қызуға болады.
307 баптың жалпы норма ретінде бағалану себебі, ол осы баптың диспозициясындағы іс-әрекеттің қылмыстылығын білдіретін «қызмет мүддесін теріс пайдалану, заңсыз артықшылықтар иелену» деген белгілердің келтірілуіне байланысты. Байқасаңыздар «қызмет мүддесін теріс пайдалану» деген ұғым кең, жалпы ұғымды білдіреді. Лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметкер 308 баптағыдай қызмет өкілеттігі шегі-нен шыққанда немесе 311 баптағыдай пара алғанда, сондай-ақ 347 бап-тағыдай адамды жауап беруге мәжбүрлегенде, 148 баптағыдай еңбек туралы заңдарды бұзғанда да қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған деп саналады. Бұл қылмыстарда лауазымды адамдар қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудың арнайы түрлерін жасайды.
Жасалған қылмысқа квалификация жасау кезінде барынша анық, осы қылмысты уақиғаны қамтуға арналған бап түрін қол-дану міндетті болып табылатындықтан қылмысты іс-әрекет жал-пы және арнайы нормаларға сәйкес келгенде арнайы нормалар қолданылады. ҚК 12 бабының 3 бөліміндегі ереже бойынша, іс-әрекет жалпы және арнайы нормаларға сәйкес келгенде жалпы норманы да қолданып, қылмыстар жиынтығымен квалификация жасауға болмай-ды және мұндай бәсекелестік жағдайда арнайы норма қолданылуы керек. Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің 366 бабынан басқалары-ның барлығы да қылмысты әрекеттерді анықтауға және оларға жауап-тылық белгілеуге арналғандықтан жалпы нормаларда квалификация кезінде қолданылатын нормалар болып табылады. Жалпы нормалар-дың қолданылу негізі, ол жасалған қылмысты іс-әрекетке жауап-тылық белгілеуге арналған арнайы норманың заңда болмауы болып табылады, яғни қоғамға қауіптілігі қылмыс деп бағалауға болатындай белгілі-бір іс-әрекет жасалып, бірақ қылмыстық заң-да бү_л әрекетті қү_рам элементтері бойынша толық қамтитын арнайы норма болмағанда жалпы норма қолданылуға жатады.
Сондықтан нормалар бәсекелестігі байқалғанда артықшылық арнайы нормаларға беріледі. Бірақ нормалар бәсекелестігі болғанда қандай норма барлық кезде қолданылуы керек деп сұрақ қоюға болмайды. Өйткені жоғарыда айтқандай жалпы нормаларда квалификация кезінде қолданылуға жататын нормалар болып табылады, сондықтан іс-әрекетті квалификациялау кезінде нормалар бәсекелестігі байқалғанда осы қылмысты қамтитын заңдағы арнайы нормалардың бар немесе жоқ екендігін білу керек. Арнайы нормалар дегеніміз, мағынасы бойынша жал-пы нормалармен салыстырғанда арнайы белгілермен сипатталатын және арнайы белгісі бойынша өзге қылмыс құрамдарынан ажыратылып, қылмысты әрекеттердің нақты түріне жауапты-лық белгілеуге арналған заң нормасының бір түрі болып табылады. Арнайы нормалар жалпы нормаларға мағынасы бойынша сәйкес келгенмен, бір жалпы нормаға сәйкес келетін арнайы нормалардың өзін салыстырып көрсек, олардың арасында кейбір белгілері бойынша ұқса-стық байқалғанмен, негізгі белгілері бойынша бір-біріне ұқсамайды.
Олардың арасындағы ұқсастық көбінесе қылмыстың объектісі, субъектісі немесе субъективтік жақтың белгілері бойынша байқалады. Мысалы арнайы нормалар ретінде бағаланатын қызметтік жалғандық және қызмет өкілеттігі шегінен шығу қылмыстары объектісі, субъек-тивтік жағы және субъектісі бойынша бірдей анықталады. Бірақ бұл қылмыстар үшін жауаптылық қарастыруға арналған арнайы нормалар-дың айырмашылықтары қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілердің түрінде болып табылады. Әр тарауларда қарастырылған арнайы нормалар, тіпті жалпы және арнайы нормалар қандай да бір деңгейде мағынасы бойынша ұқсас деп танылғанмен, олардың айырма-шылықтары қылмыстың объектісіне қарай да болады. Бұл түсінікті жәйт, себебі ҚК әр түрлі тарауларында қарастырылған қылмыстар топтық объектіден туындайтын негізгі объектісі бойынша бір-бірінен ажыра-тылады. Сондықтан жалпы және арнайы нормаларының арасында сәйкестік байқалады дегенмен, олар эсіресе әр түрлі тараулар бойынша кездескенде қылмыстың негізгі объектісі бойынша ажыратылады.
Арнайы нормалар жалпы нормалармен салыстырғанда құрылымы немесе белгілерінің көлемі бойынша толық болып келеді. Көбінесе арнайы нормалар қосымша объектілі немесе объективтік жағының белгілері бойынша нақты бір уақыттағы немесе орындағы, жағдайдағы жалпы норманың белгілерін келтіреді, нәтижесінде жалпы нормада келтірілген қылмысты әрекеттің жеке бір түрін білдіріп тұрады. Мысалы 130 баптағы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін эдепсіз түрде кемсітумен анықталатын қорлау қылмысы жалпы норма деп алайық. Қылмыстық заңның өзге баптарынанда адамның ар-намысына нұқсан келтіруге арналған қылмыс түрлерін кездестіруге болады. Мұндай әрекеттер 342 баптағы сотты құрметтемеу, 371 баптағы эскери қызметшіге тіл тигізу қылмыстарында кездеседі. Көріп отырғанымыз-дай, бұл арнайы нормалар өз-ара қылмыс жасау орнына, яғни эскери қызмет, сот төрелігін іске асыру салаларына қарай ажыратылады.
Жалпы және арнайы нормалар бәсекелесті мәселесін қылмыстық құрамдардың түрлерін қарастыруда келтірілетін топтық (родовой состав) және түрлік құрамдар (видовой состав) деп бөлумен де байланысты-руға болады. Шын мэнінде топтық және түрлік құрамдар деген ұғымдардың түсінігі жалпы және арнайы нормаларға берілген түсінікпен мағынасы бойынша бірдей. Сондықтан бұл ұғымдардың араларында айырмашылықтар жоқ деп түсінуге болады, тек қылмыстық құрамдар-ды топтық және түрлік деп бөлу- қылмыс құрамдарын талдау, олардың белгілері мен қолданылу деңгейін анықтау туралы ой қозғағанда пайда болған деп түсіну керек. Осыған қарап, жалпы және арнайы нормалар, топтық және түрлік құрамдар деген ұғымдардың араларында ұқсастық байқалғанмен, олар бір-бірінен тәуелсіз пайда болған ұғымдар деп түсінуге болады.
Бәсекелес нормалардың келесі бір түрі бүтін және бөлік норма-лар болып табылады. Қылмыстық заң нормалары белгілерінің көлемі-не және өзге баптағы қылмыстармен ұқсастығына көңіл аудара отырып, олардың бірі екіншісімен салыстырғанда толық болып келетінін немесе бір баптағы қылмыстың екінші баптағы қылмыс белгілерінің тек бір бөлігін ғана иеленетінін байқауға болады. Демек, қылмыстық заң нор-маларының толықтығы бірдей деңгейде бола бермейді және осыған қарап осы норма қай норманың бір бөлігі екендігін анықтау туралы мәселе туындайды. Бұл мәселенің де қылмыстық құқықтық маңызы бар, ол эсіресе қылмысты квалификациялау мәселесінде анық байқалады, яғни бүтін нормадағы қылмыстың белгілері қандай нормалардағы қылмыс белгілерінен құралғанына қарап, осы бапта қарастырылған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін, бөлік норманың да белгілері орын алға-нына қарап қылмыстың жиынтығын қолданбау мәселелерін анықтауға болады.
Бүтін нормалар ретінде құрам элементтері бойынша өзге қылмыс қү_рамының белгілерін толық қамти отырып, жеке белгісі бойынша нақты бір қылмысты білдіретін нормалар алынады.
Бүтін нормалардың бейнесі немесе ерекшелігі, ол басқа қылмыстың объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастың немесе іс-әрекеттің, сондай-ақ зардап түрінің осы қылмыс құрамының бір белгісі ретінде қарастырылуы болып табылады. Біз бұған дейінгі тақырыптарда кейбір қылмыстардың бір неше басқа қылмыстың белгілерінен құралып, бір қылмыстық құрамды білдіретінін айттық. Міне осындай бір неше қылмыстардың қосындысынан құралып бір қылмысты білдіретін құрамдар бүтін нормалардың көрінісін білдіреді. Мысалы бандитизм қылмысы үшін жауаптылық қарастыратын 237 бапты бүтін норма деп тануға болады, себебі бұл қылмыстың негізгі белгілері болып табылатын қару-лану, ұйымдасқан тұрақты топ құру белгілері 251 және 235 баптардағы қылмыстардың белгілерін толық қамтиды және жеке қылмыстық мақсат ретінде шабуыл жасауды көздейді. 251 және 235 баптардағы, Сондай-ақ бандиттік топтарда пайдақорлық ниет жиі кездесетіндіктен 179 баптағы қарақшылық қылмыстарын қарастыратын нормалар 237 бап-тағы қылмыс құрамының бөліктері болып табылады. Басқаша айтқанда 237 баптағы бандитизм қылмысы 251 және 235 баптармен салыстырғ-анда толық норма ретінде танылады. Бүтін және бөлік нормалардың көріністері бір баптың көлемінде де жиі кездеседі. Мысалы 179 баптың
бөлімінің «д» пунктіндегі денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып жасалған және осы баптың 3 бөлімінің «б» пунктіндегі абайсыздықта жәбірленушінің өліміне соқтырған қарақшылық әрекеттер 179 баптың 1 бөлімімен салыстырғанда бүтін болып табылады. Себебі 179 баптың
бөліміндегі абайсыздықта адамның өліміне соқтырған қарақшылық әрекет екі қылмыстың, яғни 101 баптағы абайсыздықта қаза келтіру және 179 баптың 1 бөліміндегі қарақшылық қылмысының қосындысы-нан құралған немесе 179 баптың 3 бөлімімен салыстырғанда осы бап-тың 1 бөлімі оның бөлігі ретінде танылады.
Жасалған іс-әрекет бүтін және бөлік нормаларға сәйкес кел-генде, қылмыс бүтін норма бойынша квалификацияланады және мүлдай кезде бөлікті білдіретін нормалар қолданылмайды. Яғни қарақшылық шабуыл жасау кезінде жэбәрленуші абайсыздықта қайтыс болса, онда 179 баптың 3 бөлімінің «б» пункті қолданылуы керек. Де-мек бүтін және бөлік нормалардың бәсекелестігі кезінде артықшылық бүтін нормаларға беріледі деп түсіну керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz