Қылмыс объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау



Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың көп және әртүрлі салаларда кездесе алатындығына байланысты оларды топтасты-ру немесе нақтылау қажеттілігі туындайды. Мұндай қажеттілік қылмыс түрлерін анықтау, жауаптылықтың көлемін белгілеу, заң құрылысын белгілі бір тәртіппен дайындау және заңы тиімді қолдану кездерінде байқалады. Бұл айтылып отырғандар қылмыс объектісі түрлерінің қылмыстық құқықтағы қызметін және оның маңыздылығын білдіреді.
Қылмыстық құқықты меңгеруде және зерттеулер жүргізуде жалпы-дан нақтыға өтіп талдау жиі кездесетін тәсіл. Осы тәсіл бойынша қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерді тігінен бөлгенде жалпы, топ-тық және тікелей объектілер деп бөлу қалыптасқан. Бірақ қылмыс-тық құқық теориясында қылмыс объектілерін топтастырудың өзге де бағыттары кездеседі. Мысалы, жалпы, типтік, топтық және тікелей деп төртке бөлуде "типтік объекті ретінде, ҚК Ерекше бөлімінің бір тарау-ына жатқызылған баптарда жауаптылығы қарастырылатын, қылмысты әрекеттер зиян келтіруге бағытталатын бір типтік қоғамдық қатынастар-дың тобы алынады.1 Бұл бағыт бойынша ҚК бөлімдерге (раздель) бөлуші критерий топтық емес, типтік объектілер болады да, ал бөлімдерді тарауларға бөлуші критерий топтық объектілер болып табылады. Мұндай төрт деңгейлі бөлу Қазақстанның қылмыстық заңына қолайлы емес, өйткені біздің қылмыстық заңның Ерекше бөлімі бөлімдерге бөлінбей, тек тараулардан тұрады.
1 Коржанский Н.И. Объект и предмет уголовно-правовой охараны. М: Акаде¬мия МВД, 1980. с 74.
Қылмыс объектілерінің үш деңгейінің әрқайсысының қылмыстық құқықтық маңызы бар. Қылмыстың жалпы объектісі ретінде қылмыстық заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастар-дың жиынтығы алынады. Жалпы объектінің қылмыстық құқықтағы атқаратын қызметі немесе маңыздылығы, ол қылмыстық заңның өмір сүру мүмкіншілігін білдіреді. Егер қылмыстық заңмен қорғауға алы-нуға жататын объектілер қоғамда болмаса, онда қылмыстық заңда өмір сүрмес еді. Мына жайтты ескеру керек, қылымыстық құқықпен қорға-латын кейбір объектілер өзге де құқық салаларымен қорғала алады. Мысалы, азаматтық, әкіммшілік, еңбек, отабсы, т.б. құқық салаларын-да. Қылмыс объектілерінің кейбір түрлерінің өзге құқықтармен қорғауға алыну себебінде біріншіден, кейбір қоғамдық қатынастардың қоғамдық өмірде әртүрлі деңгейде өмір сүретіндігі және екіншіден, оларға қарсы бағытталған әрекеттердің де қауіптілік дәрежесі әрқилы бола-тындығы жатыр. Мысалы, меншік құқығын, қоғамдық тәртіпті еңбек ету қауіпсіздігін қылмыстық құқық қана емес әкімшілік құқық та қор-ғайды. Меншікті құрайтын мүліктер қоғамда әртүрлі деңгейлерде бо¬лады. Соған қарай ұсақ, жай, елеулі мөлшерлерде меншік құқығына зияндар келіп, олар зардаптың ауырлығына, іс-әрекеттің қауіптілігіне қарай, нәтижесінде құқықтық қорғаудағы объектілердің мөлшеріне, маңыздылығына байланысты жеке құқықтық қорғау белгіленеді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
§2. Қылмыс объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың көп және әртүрлі салаларда кездесе алатындығына байланысты оларды топтасты-ру немесе нақтылау қажеттілігі туындайды. Мұндай қажеттілік қылмыс түрлерін анықтау, жауаптылықтың көлемін белгілеу, заң құрылысын белгілі бір тәртіппен дайындау және заңы тиімді қолдану кездерінде байқалады. Бұл айтылып отырғандар қылмыс объектісі түрлерінің қылмыстық құқықтағы қызметін және оның маңыздылығын білдіреді.

Қылмыстық құқықты меңгеруде және зерттеулер жүргізуде жалпы-дан нақтыға өтіп талдау жиі кездесетін тәсіл. Осы тәсіл бойынша қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерді тігінен бөлгенде жалпы, топ-тық және тікелей объектілер деп бөлу қалыптасқан. Бірақ қылмыс-тық құқық теориясында қылмыс объектілерін топтастырудың өзге де бағыттары кездеседі. Мысалы, жалпы, типтік, топтық және тікелей деп төртке бөлуде "типтік объекті ретінде, ҚК Ерекше бөлімінің бір тарау-ына жатқызылған баптарда жауаптылығы қарастырылатын, қылмысты әрекеттер зиян келтіруге бағытталатын бір типтік қоғамдық қатынастар-дың тобы алынады.1 Бұл бағыт бойынша ҚК бөлімдерге (раздель) бөлуші критерий топтық емес, типтік объектілер болады да, ал бөлімдерді тарауларға бөлуші критерий топтық объектілер болып табылады. Мұндай төрт деңгейлі бөлу Қазақстанның қылмыстық заңына қолайлы емес, өйткені біздің қылмыстық заңның Ерекше бөлімі бөлімдерге бөлінбей, тек тараулардан тұрады.

1 Коржанский Н.И. Объект и предмет уголовно-правовой охараны. М: Академия МВД, 1980. с 74.

Қылмыс объектілерінің үш деңгейінің әрқайсысының қылмыстық құқықтық маңызы бар. Қылмыстың жалпы объектісі ретінде қылмыстық заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастар-дың жиынтығы алынады. Жалпы объектінің қылмыстық құқықтағы атқаратын қызметі немесе маңыздылығы, ол қылмыстық заңның өмір сүру мүмкіншілігін білдіреді. Егер қылмыстық заңмен қорғауға алы-нуға жататын объектілер қоғамда болмаса, онда қылмыстық заңда өмір сүрмес еді. Мына жайтты ескеру керек, қылымыстық құқықпен қорға-латын кейбір объектілер өзге де құқық салаларымен қорғала алады. Мысалы, азаматтық, әкіммшілік, еңбек, отабсы, т.б. құқық салаларын-да. Қылмыс объектілерінің кейбір түрлерінің өзге құқықтармен қорғауға алыну себебінде біріншіден, кейбір қоғамдық қатынастардың қоғамдық өмірде әртүрлі деңгейде өмір сүретіндігі және екіншіден, оларға қарсы бағытталған әрекеттердің де қауіптілік дәрежесі әрқилы бола-тындығы жатыр. Мысалы, меншік құқығын, қоғамдық тәртіпті еңбек ету қауіпсіздігін қылмыстық құқық қана емес әкімшілік құқық та қор-ғайды. Меншікті құрайтын мүліктер қоғамда әртүрлі деңгейлерде болады. Соған қарай ұсақ, жай, елеулі мөлшерлерде меншік құқығына зияндар келіп, олар зардаптың ауырлығына, іс-әрекеттің қауіптілігіне қарай, нәтижесінде құқықтық қорғаудағы объектілердің мөлшеріне, маңыздылығына байланысты жеке құқықтық қорғау белгіленеді.

Құқықтық қорғаудағы объектілерге бағытталған әрекеттердің қауіптілік дәрежесі де қоғамдық өмірде әрқилы болады. Заңмен қорғ-алатын объектіні елеулі мөлшерде бұза алатын әрекеттердің орын алу-ына қарай қылмыстық құқықтық қатынас туындайды. Мысалы, 152-бап-тағы еңбекті қорғау ережелерін бұзу абайсыздықта кем дегенде орташа дәрежелі денсаулыққа зиян келтіру. Ал еңбекті қорғау ережелерін бұзу осы зардапқа жетпесе, тек ауыр зардаптар тудыру мүмкіндігі болса, онда әкімшілік құқықтық қатынас туындайды немесе әкімшілік тәртіпте қаралатын объектіге нұқсан келеді.

Қылмыстық құқықта әрекеттердің қауіптілік дәрежесі қорғауға алы-нған объектінің маңыздылығына қарай әртүрлі анықталады.

Қылмыстың жалпы объектісі деген ұғымның құрылымы кең, оны ҚК әрбір тарауымен, баптарымен қорғалатын объектілердің жиынтығы құрайды. Сондықтан жалпы объекті қорғауға алынған қатынастардың түріне, бағытына, қоғамдағы маңыздылығына қарай топтық объектілер-ге бөлінеді.

Топтық объектілердің қылмыстық құқықтық маңыздылығы ретінде, біріншіден, ҚК Ерекше бөліміндегі жекелеген қылмыстарды тараула-рға бөлудің басты негізі, осы біртектес қоғамдық қатынастардың жи-ынтығын білдіретін топтық объекті болып табылатындығы, яғни қылмыстарды жүйелеу қызметін атқара алады. Екіншіден, топтық объекті-лер қылмысты квалификациялау барысында құқық нормасын кезең ар-қылы іздеу кезінде қолданылады.

Сондықтан, қылмыстың топтық объектісі дегеніміз ҚК Ерекше бөлімінің баптары арқылы қорғауға алынған біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады.

Біртектес қоғамдық қатынастардың атауы ҚК Ерекше бөліміндегі тараулардың атауларында қолданылады.

Қылмыстың топтық объектілері заңмен қорғалатын қоғамдық өмірдің салаларымен анықталады және меншік, қоғам қауіпсіздігі, жеке адам, экономикалық қатынастар, экологиялық қауіпсіздік, отбасы мен кэме-летке толмағандардың мүддесі т.б. Бұл заңның қоғамдық өмірдің бар-лық салаларын қорғауға алатындығын білдіреді.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі 16 тарудан құралады. Ерекше бөлімде қарастырылған қылмыстар топтық обьектілерге қарай тарау-ларға, бөлінуіне сүйеніп, 16 топтық объекті бар екен деп түсінуге бол-майды. Ерекше бөлімдегі тараулардың санымен салыстырғанда топтық объектілердің түрлері көп. ҚК бір тарауында екі немесе одан да көп топтық объектіге жататын қылмыстар кездесе алады. Бір тарауда бірне-ше топтық объектілердің қарастырылу себебі, ол біріншіден, өзара ұқсас топтық объектілерді заң шығарушы жеке-жеке бөлмей бір тарауға қосуына байланысты. Бұл топтық объектілердің мағынасы ұқсас болып табылады. Мысалы, кәмелетке толмағандардың дұрыс тәрбиесі мен от-басы мүддесі, қоғам қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп, сот әділдігі мен жазаның атқарылу тәртібі т.б. Мұндағы кәмелетке толмағандардың тәрбиесін жеке объекті ретінде түсіну керек. ал отбасының мүддесі ол да жеке объекті ретінде бағаланады.

Бірнеше топтық объектілердің бір тарауда қарастырылуының келесі себебі, ол бір топтық объектіге қарсы бағытталған қылмыстардың кей-де аз болуына байланысты. Мысалы, қоғам қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп деген ұғымдар жеке объектілер деп түсінсек, қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар заңда екеу-ақ. Олар бұзақылықпен тағылық қылмыстары. Жаппай тәртіпсіздік қылмысы қос объектілі, яғни қоғам қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп деп анықталады. Бір топтық объектіге жататын екі қылмыс түріне бола заң шығарушы жеке тарау бөліп жатпайды және ондай топтың объектіге жататын қылмыстарды өзіне ұқсайтын топтық объектімен бір тарау ретінде қосып қарасты-рады.

Топтық объектінің құрылымы күрделі, ал атауы жалпы болуымен ерекшеленеді. Бұл объектінің құрылымында осы салаға жататын нақты қоғамдық қатынастардың түрлері болады және олар қылмыстық құқықта тікелей объекті деп аталады. Қылмыстың тікелей объектісі дегеніміз заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың жеке түрі болып табылады.

Тікелей объектілер нақты қылмыс түрінің өмір сүру себебін білдіреді және топтық объектінің бағытымен, мағынасымен ұқсас анықталады. Айырмашылығы тікелей объектілер мазмұны бойынша нақты қоғамдық қатынастың түрін білдіреді. Мысалы, ҚК 3-тарауындағы қылмыстардың топтық объектісі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары болып табылады, ал осы тараудың 141-бабындағы аза-маттардың тең құқықтылығын бұзу қылмысының тікелей объекті ҚР азаматтарының бірдей құқықтарының сақталуы, 142-баптағы жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу қылмысындағы тікелей объекті адамдар-дың жеке басына қатысты құпиялардың жарияланбауы болып анықта-лады.

Топтық объекті мен тікелей объекті кейде бірдей мазмұнда анықта-луы мүмкін. Мысалы, меншікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі меншік құқығы оның сақталуы болса, ал осы топтағы қылмыстарға жататын ұрлық, тонау, алаяқтық тәрізді т.б. қылмыстардың тікелей объек-тілері де меншік құқығы немесе меншік құқығынан туындайтын қоғамдық қатынастардың сақталуы болып табылады. Сондықтан бір топтық объектіге бағытталатын қылмыстардың тікелей объектілері атауы, маз-мұны бойынша барлық кезде әртүрлі болып анықтала бермейді. Қылмыстың тікелей объектілері әртүрлі баптардағы қылмыстарда бірдей болып анықталғанда олар өзара басқа құрам элементтеріне қарай ажы-ратылады.

Кейбір қылмыстар кейде бірнеше тікелей объектілерге зиян келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда ол объектілердің біреуі ғана осы қылмыстың тікелей немесе міндетті объектісін білдіреді. Ал қалған объекті-лер осы қылмыстың қосымша немесе балама объектілері ретінде баға-ланады. Осы қылмыста қосымша немесе балама деп саналып отырған объектілер, басқа бір қылмыстар үшін тікелей обьекті болып табылады. Қылмысты квалификациялау кезінде бірнеше объектілер кездес-кенде тікелей объектінің топтық объектіден шығатынын ескеру керек. Кейбір қылмыстар құрылымының күрделі және басқа өзге қоғамдық қатынастармен тығыз байланысты болуына қарай қылмыстық құқықта бірнеше объектілі болып сипатталады. Көбінесе балама және қосымша объектілер адам өмірі, денсаулығы, бөтеннің меншігі, ар-намысы түрінде кездеседі. Бұл осы қатынастардың қоғам өміріне барынша жайылған-дығына, олардың өзге қатынастармен жиі байланыста болатындығына байланысты.

Адам өмірі, денсаулығы, оның қадір-қасиеті, заңмен ерекше қорға-латын объектілер деген бағалауға сүйеніп, кейде құқық қолданушы қылмыстың тікелей объектісі ретінде анықтауы мүмкін. Мұндай жағдайда заңмен қорғалатын басқа объектілер еленбей қалады және квалификация қате жүргізіледі. Мысалы, кінәлінің суды ластауы, бітеу не-месе сарқу әрекеттері адамның өліміне соқтырды делік. Тергеуші квалификация жүрізу кезінде адамның өлу фактісіне ғана көңіл аударса, онда 101-баппен абайсыздықта қаза келтіру қылмысы деп қате бағалайды. Немесе тергеуші мұндай жағдайда заңмен қорғалатын екі объекті, яғни су тазалағына қатысты экологиялық қауіпсіздікке және адам адам өміріне зиян келгенін байқауы мүмкін. Бірақ адам өмірі ерекше құнды объекті деген көзқараспен анықталса, онда тағы да қылмысты 101-бап-пен бағалауы немес қылмыс жиынтығы түрінде қате квалификациялауы мүмкін. Мұндай жағдайда іс-әрекетті дұрыс баға берудің екі тиімді жолы, ол топтық объектіні анықтап, содан кейін сол тараудан осы топ-тық объектіге сай келетін тікелей объектіні қарастыратын бапты іздеу болып табылады.

Топтық объектіні табу үшін не істеу керек? көпшілік жағдайда кінәлінің жасаған қауіпті іс-әрекеттері адам өміріне, денсаулығына ба-ғытталмауы мүмкін. Кінәлі суды ластау тәрізді әрекеттерді жасай оты-рып, басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқулық - Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Кісі өлтіру
Бір неше рет жасалған қылмысты квалификациялау
Адам өлтірудің субъективтік белгілері
Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
Банктік несиені заңсыз алу
Пәндер