Болмысы бөлек Өзағаң



Қазақ халқының асыл мұраларының бірі – айтыстың қайта дәуірлей бастаған уақыты. Оңтүстік Қазақстанның бір топ айтыскер ақыны тас-түйін болып, облысаралық айтысқа дайындалуда.
Өзағаң – Өзбекәлі Жәнібеков кіріп, пошымдарына қарайды. Жетпіске келген кәрі тарлан ақын апамыз қос етек көйлек киіп, көлбеңдеп жүр. Бет-аузын кәрілік шіркін шимайлаған кейуана орнынан тұрса, қос етек көйлек қу ағашқа жабу ілгендей делбеңдейді. Өзағаң ернін жымқырып мысқылдайды. “Он жеті-он сегіз жасар қыздар киетін көйлекті киіп, жетпіске келген, қария-ау, саған не болды?”
Оңтүстік ақындарының көшін бастап жүрген адуынды әжеміз де сыннан құр қалмайды. “Басыңдағы не, чукчаның бөркі ме?” Қара сөзде де, айтыста да ешкімге есесін жібермейтін тегеурінді ақын өкпелеп сыртқа шығып кетеді.
Сол кезде атақты халық ақыны Манап Көкеновтің ұлы, өзі де айтулы ақын Әбдікәрім Манапов ортаға килігеді. “Көке-ау, бәрімізді ұрмай-ақ өлтірдіңіз ғой. Неден жазықты болдық?” “Сен әуелі шапаныңа қара, – дейді Өзекең. – Қазақ шапаны деп алшаңдап басып сахнаға шығып жүрсің, оған салынған ою шапанға лайықталған емес, текемет, сырмақ, киіздікі.
Әй, бірақ, сендерде не жазық бар. Осы киім үлгісін сендерге ұсынып жатқан шеберлер ұлттық өнерімізді білмегендіктен, бағаламағандықтан болып жатыр ғой”.
Өзағаң ауыр күрсініпті.
Бәзбіреулер үшін Өзбекәлідей атақты адамның киім-кешек үлгілеріне араласқаны, қос етек киген кейуананы тұқыртқаны ұсақ-түйек болып көрінер, бірақ, ұлттың әдебін бұзып, ұлтты қорлауға жеткізген сорақылықты көзге шұқып айту, білместі түзу – білікті, көшелі адамның ісі. Өз ұлтына жаны шын ашитын, кемшіліктерін бұдырсыз жолға салуда ірі, ұсаққа бөлмейтін нағыз азаматтың ісі.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ӨЗАҒАҢ

өнегесінен өзгелер үлгі алса ғой
Қазақ халқының асыл мұраларының бірі – айтыстың қайта дәуірлей бастаған уақыты. Оңтүстік Қазақстанның бір топ айтыскер ақыны тас-түйін болып, облысаралық айтысқа дайындалуда.
Өзағаң – Өзбекәлі Жәнібеков кіріп, пошымдарына қарайды. Жетпіске келген кәрі тарлан ақын апамыз қос етек көйлек киіп, көлбеңдеп жүр. Бет-аузын кәрілік шіркін шимайлаған кейуана орнынан тұрса, қос етек көйлек қу ағашқа жабу ілгендей делбеңдейді. Өзағаң ернін жымқырып мысқылдайды. “Он жеті-он сегіз жасар қыздар киетін көйлекті киіп, жетпіске келген, қария-ау, саған не болды?”
Оңтүстік ақындарының көшін бастап жүрген адуынды әжеміз де сыннан құр қалмайды. “Басыңдағы не, чукчаның бөркі ме?” Қара сөзде де, айтыста да ешкімге есесін жібермейтін тегеурінді ақын өкпелеп сыртқа шығып кетеді.
Сол кезде атақты халық ақыны Манап Көкеновтің ұлы, өзі де айтулы ақын Әбдікәрім Манапов ортаға килігеді. “Көке-ау, бәрімізді ұрмай-ақ өлтірдіңіз ғой. Неден жазықты болдық?” “Сен әуелі шапаныңа қара, – дейді Өзекең. – Қазақ шапаны деп алшаңдап басып сахнаға шығып жүрсің, оған салынған ою шапанға лайықталған емес, текемет, сырмақ, киіздікі.
Әй, бірақ, сендерде не жазық бар. Осы киім үлгісін сендерге ұсынып жатқан шеберлер ұлттық өнерімізді білмегендіктен, бағаламағандықтан болып жатыр ғой”.
Өзағаң ауыр күрсініпті.
Бәзбіреулер үшін Өзбекәлідей атақты адамның киім-кешек үлгілеріне араласқаны, қос етек киген кейуананы тұқыртқаны ұсақ-түйек болып көрінер, бірақ, ұлттың әдебін бұзып, ұлтты қорлауға жеткізген сорақылықты көзге шұқып айту, білместі түзу – білікті, көшелі адамның ісі. Өз ұлтына жаны шын ашитын, кемшіліктерін бұдырсыз жолға салуда ірі, ұсаққа бөлмейтін нағыз азаматтың ісі.
Қазақ тарихы Өзағаң қолына ине алып, кестелеп тіккен тақияны біледі. Сәукелені біледі. Қазақта би жоқ дегенді бүгінде де өзін білгіш санайтын азаматтарымыз айтады. Қазақ биін қазір әлем таныды. Өзағаң ешқандай ұлттың мен деген мықты биіне айырбасқа бермейтін қаншама ұлттық биімізді тірілтті. Бүркіттің биін, жорғаның биін билеген көне-көз қариялардан жіп қылып тартып ұлттық ән-би ансамбліне, ұлттық саз аспаптары музейі мен оркестріне ұластырды.
Жақында Түркістанда “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы­ның ұйымдастыруымен “Өзбекәлі Жәнібеков – мемлекет және қоғам қайраткері” атты көрме ашылды.
Жиналған әлеумет алдында ХҚТУ-дің бірінші проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, сыншы Құлбек Ергөбек Өзағаңның ұлағатты өміріне өрнектелген баяндама жасады. “Өзбекәлі Жәнібековтің қайраткерлігі халқымыздың ғасырлар жасап, ғасырларда өшіп кеткен рухани мұрасын тірілтуімен өлшенеді. Қаншама музей жасады, археологиялық қазбаларымызға шойыннан құйып белгі қойды, қаншама архитектуралық ескерткіштерімізді қайта жөндетті. Қайта жаңғырттыру, жаңарту, реставрациялық орталығын ашты. Бұл жұмыстар кейінірек ғылыми-зерттеу институттарына ұласты. Ол кісіге бүгін қандай қызмет көрсетсек те лайықты. Өйткені, Әбіш Кекілбаев айтқандай, шын мәнінде қазақтың бірнеше буын талантты жастарына рух сардары бола білген, жастар жетекшісі бола білген, үлкендердің рухани көшбасшысы бола білген адам еді”, – деп түйіндейді Өзағаңа іні болып соңына ерген, халқына сіңірген еңбегінің парқын білетін ғалым.
“Оның халқына сіңірген ерекше еңбегін тізбелеп шығу үшін ғана үлкен кітап жазу керек. Ол – киелі адам”, – дейді екен Шерхан Мұртаза. Көрменің ашылу салтанатына Өзағаңның зайыбы Қалихан апамыз бастаған туысқандары келіпті. Әрқайсының отбасына ғана емес, қазақ халқына еңбегі сіңген аға туралы айтар жүрекжарды лебіздері бар.
“Отырардай қасиетті өңірде дүниеге келіп, Әл-Фарабидей бабасын рухани ұстаз тұтып, ата-баба мұрасымен сусындаған Өзбекәлі Жәнібеков қазақтану ғылымының қара нарына, ұлт мақтанышына айналды. Ол қазақ халқының мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына орасан зор үлес қосты. ХХ ғасырдың 70- жылдарының өзінде-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды.
Көрменің негізгі мақсаты – Өзбекәлі Жәнібековтің азаматтық, қайраткерлік қасиетте­рін, ұлтжандылығын, даналығын, көрегендігін, рухани-мәдени мұрамызға деген жанашырлығын жас-жеткіншектерге насихаттау”, – дейді “Әзірет Сұлтан” қорық мұражайының директоры Мәулен Садықбек.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынуына мұрындық болған азаматтардың бірегейі Өзбекәлі Жәнібеков екендігін көзі қарақты жұрт жақсы біледі. Ел үшін еткен еңбек ізсіз кетпейді. Енді осы тарихи-мәдени қорық мұражайында қазақ қайраткерлері ішінен Ө.Жәнібековке алғашқы болып көрме ашылды. Ол негізгі төрт бөлімнен тұрады. Көрмеде Ө.Жәнібеков тұтын­ған заттар, өз ұсынысымен, экскизімен дайындалған ұлттық жиһаздар, қолжазбалары және айтулы азаматтың кітаптары, естеліктері жинақталған.
Қазақ деген ұлы халықтың мәдени мұралары өшіп кетпеуіне, өзгелердің игілігіне айналмауына қызмет еткен азамат Қазақ КСР Мәдениет министрлігіне қызметке келген жылдары есептегі 31 музейдің санын ондаған жылдарда 78-ге дейін жеткізіпті. Этнографиялық бұйымдарының қайта жаңғыруына өріс ашыпты. Министр болып, портфель құшақтап, өзгелерге шекелеп қарамапты.
Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Айша бибі кесенелерін өзі мұрындық болып реставрация жасатқанда, кірпіш тасып қайнаған еңбектің ішінде жүріпті. Жетпісінші жылдардың соңында жоғары оқу орнын тәмамдап жұмыс іздеп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген Рахия есімді жас қыз қол орамалының ұштарын түйіп, басына киіп, ала шаңның ішінде зембіл көтеріп келе жатқан Өзбекәлі Жәнібековпен бетпе-бет ұшырасады.
– Жұмысқа алындың, бар, ана қыздарға көмектес, – дейді зембілдің бір жағын көтеріп кетіп бара жатқан министр.
– Ойбай-ау, қызым көйлегін ауыстырып келсін, – дейді шешесі апалақтап.
– Апа, амандық болса қызыңыз бұдан да жақсы көйлектер киеді, жұмысына кедергі келтірмеңіз, – депті Өзағаң. Неткен ұлылық, қасиетті қарапайымдылық.
Сол Рахия қыз бүгіндері салиқалы, көшелі апай. Ө.Жәнібеков түзген күнделікті, жұмыс жоспарын көрмеге тапсырған да сол.
Өзбекәлі Жәнібеков ғұмырында үлкен қызметтер атқарды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы лауазымына дейін өсті. Бірақ, ұлт мүддесінен, ұлт мұрасынан қызметін биік қоймапты. Қазағының жоғын түгендеп, барының берекесін кіргізумен ғұмырын өткізіпті. Міне, ұлт зиялылары үлгі алатын өнеге. “Тұлпар ізін тай басады” дейді халық даналығы. Өзекеңнің ұлтына ұлтан болған еңбектерін еске алғанда, бүгінгі інілерінен ізбасар іздейсің. Жақсылығы бір басынан артылмай жүргендердің ішінен жуыр маңда көзге түсе қоймайды. Ғұмыры күндік, жылдық бастамалардан аспай, өз аяқтарына сүрініп жүргендері. Олар мәңгіріп жүргеннен кейін жалындаған жастар тұлға болар азаматты қайдан, қалай табарын білмей жан-жағына жалтақтайды. Ө.Жәнібековтің тыңдырған ісінің бір мысқалынан екшеп, әрқайсысы қолына алса, осы қазақтың талай жыртығы бүтінделер еді-ау.
Ұлы азаматымызға көрме ашылды. Түркістандай рухани астанаға әкім болған кешегі кәсіпкер Қайрат Молдасейітовтің бар шаруасын жиып, екі өкпесін қолына алып, осында келер жөні бар еді. Жәнібековтің тағылымды еңбегінен ой түйіп, өз жұмысына темірқазық қылуы тиіс еді. Түркістандай рухани қаланы басқару сәулетті үйлер салумен бітпейді. Дүние жүзінің түркі жұрты тәу ететін Түркістанға Өзбекәлі Жәнібековтей рух сардарының ғибраты керек-ақ. Бүгінгі көрме ертең музейге айналып жатса, ұлтым деп өткен азаматымыздың алдындағы бір борышымыздың өтелгені.
Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.

ҚАБИБОЛЛА
Елге адал қызмет жасап, ел мүддесін өзінің бас пайдасының мүддесінен жоғары қоя білген басшылар көп те емес. Аз да емес. Олар бұрын да болған. Қазір де бар. Мұндай басшылар елдің соры емес – бағы. Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері Парламент Мәжілісінің депутаты, Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қабиболла Жақыповты дәл осы топқа іркілместен қоса аламыз. Егер сәл шегініс жасар болсақ, мәселенің мәнісі төмендегідей.
Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде ұзақ жылдар бойы КСРО-ны басқару тізгінін ұстап келген компартия қызметін тоқтатты. Соған сәйкес республикадағы облыстық партия комитеттері де таратылды. Сол бір жылдары Орал қаласында осын­дай сұрқай жиынға қатысудың сәті түскені бар. Оны сол кездегі облыстық кеңестің төрағасы Нәжімеден Есқалиев жүргізіп отырғаны жадымда қалыпты. Обкомды “жерлеу” жиынына қатысушылар тым-тырыс. Жым-жырт. Кейбіреулері әлдебір мұң құшағына беріліп кеткендей көрінді. Мінберге шыққан бір шешен партияға өкпеміз жоқ деді де, одан арғы ойын тұжырымдап айта алмай іркіліп қалды.
Сөйтіп, партияның “жаназасы” шығарылды. Енді аяғын жаңа ғана тәй-тәй басқан жаңа мемлекет құрамындағы аймақтар мен облыстарды кімдер басқармақ? Республика басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әкімдік басқару институты дәл осы кезеңде енгізілгенін бүгінде ұмытып та кеткен секілдіміз. Осы институттың бастауында тұрғандарға атан түйе тарта алмайтындай жүктің ауыры тигені де атар таңдай, батар күндей шындық. Ел экономикасы еңсесін тіктей алмай жер бауырлап жатты. Зейнетақы, жалақы, жәрдемақылардың берілу мерзімі бірнеше айларға созылды. Дүкен сөрелері қаңырап бос қалды.
Осындай өтпелі кезеңде ел-жұртты мемлекеттің болашағына сендіру, оған көздерін жеткізу, жәй сендіріп қана қоймай, оны нақты іспен дәлелдеу оңай емес еді. “Қабырғасын қаусатып, бір-біріндеп сөксе де, қабағын шытпас ер керек, біздің бүйткен бұл іске”, деп Махамбет ақын жырлағандай, сол кездегі облыс, аудан басқарған әкімдерге “қабақ шытпайтын” қасиет өте қажет еді.
Осындай қасиеттер сонау 1993 жылғы қаңтар айының басында Батыс Қазақстан облысына басшы болып келген Қабиболла Жақыповтың бойында да бар болатын. Оны Ресейдің бес бірдей губерниясымен қойындасып жатқан жердің шетіндегі, желдің өтіндегі шекаралық облысқа басшы етіп тағайындаған кезде қашанғы дағдысындай Елбасы оң, дұрыс шешім қабылдағаны, көрегендік көрсеткені Қабиболла Жақыповтың сегіз жылдық облыс әкімі қызметінде толығымен дәлелденді деуге болады.
Сондай-ақ Қ.Жақыповтың есімі Қазақстанның жаңа тарихында осы кезеңге дейін бір облысты ең ұзақ басқарған басшы ретінде де ерекшелене алады.Бұл кезең 1993 жылдың қаңтары мен 2000 жылдың желтоқсаны аралығын қамтиды. Бір облыста ұзақ отырудың сыры неде? Биылғы жылдың 30 мамырында газетіміздегі “Парламент” бетінде Қ.Жақыпов жөнінде “Әлеуметтік саланы сансыратпаған” деген тақырыппен жарияланған мақаласында әріптесіміз Жақсыбай Самрат бұған жауап іздепті. Іздегенін тауыпты да.
Осы сауалға қайтарылатын жауапты сәл кеңейте түсер болсақ, Қабиболла Қабенұлының тұтас еліміз үшін үлкен сын болған өтпелі кезеңде Жайықтың бойын жайлаған қалың елге деген шексіз жанашырлығы, адалдығы мен қамқорлығы, елге қажет дүниенің талан-таражға түсіп кетуіне жол бермегені, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып ел-жұртты облыс экономикасын көтеруге жұмылдыра білгені әлгінде қойылған сауалдың басты жауабы бола алады.
Тоқсаныншы жылдардың бас кезі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ
Өзбекәлі Жәнібековтың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі
Ғани Мұратбаев
Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ажырату кезеңінде қалыптасқан есімше категориясы - етістіктің функционалды формасы
Ауызекі сөйлеу стилі
Сөйлеу тілінің лексикасы
Қазақ тілі сөздіктері
Ішек қылған, қобызым
Болмыс және тіршілік
Абай мен Әл-Фарабидің тәңір түсінігіндегі сабақтастықтары
Пәндер