Англияның мемлекеті жəне құқығы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Англияның мемлекеті жəне құқығы . . . 4

2. Құқықтың негізгі сипаттары . . . 9

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Кіріспе

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі болып табылады. Мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым əрі тарихи, əрі заңдық болып табылады. Алайда, егер тарих ғылымы жалпы қоғамның даму жəне қызмет ету үрдісін зерттесе, мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқықты олардың пайда болу сəтінен бастап қана зерттейді.

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихының пəні болып белгілі бір хронологиялық кезектіліктегі нақты тарихи жағдайлардағы жекеленген елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы, əрі арнайы заңдылықтары табылады. Бұл пəнді зерттеуде төмендегідей əдістер қолданылады:

- тарихи əдіс, мемлекет жəне құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттеуін білдіреді;

- салыстырмалы - тарихи əдіс, анықталған тарихи фактілерді басқа да ұқсас фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді;

- жүйелік-құрылымдық əдіс, элементтердің құрылымдарын, оларға тəн ішкі байланыстарды зерттеуді жəне жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтерді анықтауды білдіреді;

- статистикалық əдіс, тарихи үдерістің сандық жақтарын зерттеуде, зерттеу обьектісіне сандық көрсеткіштер тəн болған кезде қолданылады.

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихын зерттеудің жоғары кəсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, мемлекет жəне құқық тарихын зерттеу студенттерде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға деген тарихи көзқарас сезімін қалыптастырады, оларға жалпы қоғамдық өмірді, оның ішінде мемлекет пен құқықты ғылыми əдістемелік түрде тануына

мүмкіндік береді.

Англияның мемлекеті жəне құқығы

Англияның мемлекеті мен құқығының тарихының кезеңдері:

1 кезең - ертефеодалдық ағылшын-саксондық монархия (ХІ-ХІІғ. ғ. ) ;

2 кезең - ағылшындық феодализмнің қалыптасуы (ХІ-ХІІІғ. ғ. ) ;

3 кезең - сословиелік-өкілдік монархия (ХІІІ-ХIVғ. ғ. ) ;

4 кезең - шексіз монархия (ХV-XVIIғ. Бірінші жартысы) .

а) Ертефеодалдық ағылшын-саксондық монархия

VІІ ғ. басында герман тайпалары англдар, сакстар жəне юталар Британияны толығымен жаулап алды, ал кельттер (Британияда өмір сүруші тайпалар) құлдар мен тəуелді адамдарға айналды.

Қоғамдық құрылым . Халықтың негізгі бөлігін еркін шаруа - қауым мүшелер - керлдар құрады. Еркін тұлғалардың жалпы көпшілігінен рулық-тайпалық ақсүйектердің өкілдері - эрлдар бөлініп шықты. Жартылай еркін халық - лэттар - эрлдарға тəуелді, бағынышты кельттардан тұрды. Қоғамдық баспалдақтың ең төменгі буынын құлдар құрады.

Феодалдық қоғамның қалыптасуымен ағылшын-саксондардың ірі жер иеленушілері глафордтар немесе лордтар деп атала бастады. Шаруалардың негізгі бөлігін басыбайлы шаруалар - вилландар құрай бастады. Жеке бас бостандығы бар шаруалар сокмендер деп аталды. [1]

Мемлекеттік құрылым . ІХ ғ. басында Уэссекс патшалығы өзіне қалған ағылшын-саксондардың барлық мемлекеттерін бағындырады, сөйтіп Англия деп атала бастаған біртұтас ағылшын-саксондық мемлекет құрылады.

Жоғарғы билікті патша иеленеді, ол заң шығару жəне əскери биліктерін иелене отырып, жоғарғы судья болып табылды. Атқарушы орган ретінде ғұламалар кеңесі - витанагемот қызмет етті, оның құрамына патша, патшаның еркек жынысты балалары, епископтар, ірі феодалдар мен қызмет етуші ақсүйектердің өкілдері - тэндар кірді. Витанагемоттың мемлекетті басқарудағы рөлі біртіндеп əлсірей бастайды, себебі патша сарайы басқару орталығына, ал патшаның айналасындағылар - мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларына айнлады.

Олардың ішінде: камерарий - патшаның мүлкі мен қаржысы үшін жауап берді; маршал - патшаның атты əскерін басқарды; капелан - патша канцеляриясын басқарды.

Əскер. Ағылшын-саксондық патшалардың əскері дружиналар мен халық қолынан тұрды. Халықтан жинақталған қолға қару ұстай алатын барлық еркін азаматтар кірді.

Жергілікті басқару. Ағылшын-саксондарда негізгі аумақтық бірлік графтық болды, оны феодалдық ақсүйектер қатарынан патша тағайындайтын олдермен басқарды. Графтық жүз діктерге бөлінді, олардың басында жүздіктердің жиналысында сайланатын жүзбасылар тұрды. Ең төменгі аумақтық бірлік болып селолық қауымдастық табылды. Қауымдастықтар он-

дықтарға бөлінді, олардың мүшелері ортақ жауапкершілікте болатын.

Сот. Мемлекеттегі жоғарғы сот болып патша соты табылды, ол мемлекеттік сатқындық туралы істерді, патшаның вассалдары арасындағы дауларды жəне жер иеліктеріне байланысты дауларды қарастырды. Жергілікті жерлерде қылмыстық жəне азаматтық юрисдикция жиналыстардың қолында болды.

А. Ағылшындық феодализмнің қалыптасуы. 1066 жылы норманд герцогы Вильгелм үлкен əскерімен аралға келіп, ағылшын-саксондық əскерді жеңді де, Англияны жаулап алды. Ол өзін барлық жерлердің жоғарғы иесі ретінде жариялап, барлық еркін жер иеленушілерден өзіне адалдық антын білдіруге талап етеді, бұл оларды патшаның тікелей вассалдарына айналдырды. [2]

Қоғамдық құрылым . Феодалдық шаруашылықтың негізі болып феодалдардың жер иеліктерінің жиынтығын білдіретін манор табылды. Негізгі антагоникалық таптар - феодалдар мен басыбайлы шаруалар болды. Ол кезде барлығы сексенге жуық қалалар болған, бұларда саудагерлер мен қолөнершілердің топтары қалыптаса бастады.

Мемлекеттік құрылым. Нормандтық жаулаудан кейін Англияда қуатты патша билігі бар орталықтанған мемлекет қалыптасты. Жоғарғы заң шығару билігін патша патша куриясымен бірлесе отырып жүзеге асырды. Патша куриясы мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы, жоғарғы сот органы жəне мемлекеттегі қаржыларды басқарушы орган сипатында болды.

Патша куриясынан мемлекеттің тек қаржысын ғана басқаратын орган - шахмат тақтасы палатасы бөлініп шықты. Бұл орган жоғарғы есеп палатасы жəне қаржылық мекеменің шенеуніктері жасаған қылмыстар туралы істер бойынша сот органы болып табылды. Бұл кезеңде мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлғалар болып мыналар табылды: маршал - əскер қолбас-

шысы; камерарий - патшаның жер иеліктері мен мүлкіне басқаруды жүзеге асырды; канцлер - мемлекеттік канцелярияның жетекшісі жəне юстициарий - патшаның бірінші көмекшісі.

Жергілікті басқару. Нормандтық жаулаудан кейін Англияны бұрынғыша графтықтарға, жүздіктерге жəне қауымдастықтарға бөлу сақталып қалды. Графтықтың басында бұрынғыша олдермен қалды, алайда шынайы билік шерифке өтті, ол графтықтың аумағында жоғарғы қаржылық, сот, əскери жəне полициялық билікті иеленді.

Сот. Сот жүйесін өзгертудің бастамамасын ІІ Генрихтың ассиздері (нормативтік актілері) жүзеге асырды, олар 6 округке институт құруды көздеді. Əрбір округ үшін 3 судьядан тағайындалды. Бұл судьяларға, сот функцияларынан басқа, жергілікті жерлердегі шенеуніктердің қызметін жəне салықтар жинауды бақылау міндеті жүктелді. 1176 жылғы Нортгемптон

ассизінде 12 рыцарьдан жəне басқа да толық құқылы азаматтардан халық сотын құру көзделді. Жүріп-тұрушы судьялар институтын құрғаннан кейін патша куриясында сот істерін қарастыру үшін ерекше бөлім - патша орындығы соты құрылды. [3]

Б. Сословиелік - өкілдік монархия

Қоғамдық құрылым. Экономикадағы өзгерістер мемлекеттегі таптық құрылымдағы өзгерістерді алып келді: нормандтық жəне ағылшын-саксондық феодалдар арасындағы айырмашылықтар толығымен жойылады; олардың бірігуі жүзеге асады; үстемдік құрушы таптың құрамында ірі феодалдық ақсүйектерге - лордтарға жəне ұсақ жəне орта жер иеленушілерге - рыцарьларға бөліну күшейе түседі; феодалдар мен шаруалардың арасындағы заттай міндеттемелер ақшалай міндеттемелерге - коммутацияларға ауысты.

Мемлекеттік құрылым. ХІІ ғ. басында Англияда патша билігі мен патша шенеуніктерінің өкілеттіктерін шектеуді жақтаған қуатты қозғалыс пайда болды, бұл сословиелікөкілдік монархияның орнауына алып келді. 1215 жылы Жерсіз Иоан (Иоан Безземельный) бірінші конституциялық акт -

Еркіндіктің ұлы хартиясына қол қояды, бұл акт патшаның билігін аса маңызды мəселелердің бірі - алымдар мен салымдарды жинауға қатысты шектейтін патшалық кеңесін құруды көздеді, бұл, өз кезегінде, сословиелік-өкілдік мекеме-парламенттің құрылуына алғышарт болды. 1258 жылы қаруланған барондар патшаны Оксфордтық провизияларды қабылдауға

мəжбүр етті, бұл провизиялар 15 барон кеңесін құруды көздеді, енді аталған кеңестің келісімінсіз патша бірде-бір маңызды шешімді қабылдай алмайтын болды. 1263 жылы патшаның жақтаушыларымен оның қарсыластары арасындағы азаматтық соғыс басталды, қарсыластар жағын Симон де Монфор басқарды. 1264 жылы патша əскері жеңіліп, мемлекеттік билік толығымен Симон де Монфордың қолына өтті. Оның қызметіндегі аса маңызды жақтардың бірі болып Англия тарихындағы бірінші парламентті шақыру (1265ж. ) табылды, оның құрамына патша, ірі ақсүйек жəне діни

феодалдар, қалалардан 2 өкілден кірді. ХІV ғасырдың екінші жартысында парламент екі палатаға бөлінді: жоғарғы - лордтар палатасы жəне төменгі - қауымдар палатасы.

Жергілікті басқару. Жергілікті басқару жүйесіндегі негізгі өзгерістер ескі соттар мен графтықтың жиналысының рөлінің бірден төмендеуімен, ал олардың функцияларының жаңа лауазымды тұлғаларға жəне жүріп-тұрушы судьяларға өтуімен сипатталды. [4]

Сот жүйесі. Бұл кезеңдегі сот жүйесі мынадай болды:

1. Патша орындығы соты - бейбітшілікті қорғауға байланысты қылмыстық істерді қарастырды;

2. Жалпы өндіріс соты - патшаның мүдделері мен құқықтарымен байланысы жоқ азаматтық істерді қараумен айналысты;

3. Қазына соты - бір тарабы патша жағы болып табылатын сот - қаржылық істерін қараумен айналысты;

4. Лорд - канцлер соты - жоғарыдағы үш сотқа қарағанда мəселелерді «əділдік бойынша» шешетін, ал аталған үш сот істерді «жалпы құқықтың» негізінде қарастырған;

5. Ассиздер соты - істерді жүріп-тұрушы соттардың төрағалық етуімен қарайтын;

6. Халық соты - үлкен жəне кіші қазылардан тұрды, үлкен қазылар айыптау сипатындағы істерді қараса, кіші қазылар істі мəні бойынша қарап, шешім шығарған.

В. Шексіз монархия

Қоғамдық құрылым.

1. Жаңа ақсүйектер - джентрге

2. Қалалықтар

3. Шаруалар: копигольдерлерге - бұрынғы шаруалардыңбірқатар заттай жəне ақшалай міндеттерді иеленуші ұрпақтарына жəне фригольдерлерге - еркін жер иеленушілерге бөлінді.

Мемлекеттік құрылым . Шексіз монархия Англияда феодализмнің құлау жəне ыдырау жəне капиталистік өндірістік қатынастардың туындау кезеңінде пайда болды. Ағылшындық шексіз монархияның ерекшелігі оның аяқталмағандығында болды, яғни, қуатты патша билігімен қатар парламент те өз қызметін жалғастыра берді. Мемлекеттік билік пен басқарудың

жоғарғы органдары болып мыналар табылды: патша - көптеген, өзіне ғана бағынатын органдары арқылы шынайы заң шығару, атқарушы жəне сот билігін жүзеге асырды; құпия кеңес - мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларынан тұрды, олар: лорд - канцлер, лорд - қазына басқарушы, жеке мөрді сақтаушы - лорд жəне адмирал - лорд; парламент - сословиелік өкілдік органы. [5]

Жергілікті басқару . Графтықтар сақталып қалды, алайда төменгі аумақтық бірлік ретінде приход орнықты.

Сот жүйесі. Вестминстрлік соттардың (патша орындығы соты, жалпы өндіріс соты, қазына соты жəне канцлер соты) құзіретінің сақталуымен қатар төтенше соттар - Жұлдызды палаталар құрылды. Халық заседательдері соттың құрамына толығымен енгізілді.

2. Құқықтың негізгі сипаттары

Англия аумағындағы құқықтың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылды:

1. əдет-ғұрып;

2. нормативтік актілер (мысалы, Британияны жаулап алған дат патшасы Кнут 1017 жылы мемлекет үшін міндетті заңдарды - Кнут заңдарын шығарды) ;

3. жүріп-тұрушы соттар институтының пайда болуымен «жалпы құқық» қалыптасты, оның мəні мынада болды - жүріп-тұрушы судьялар үйлеріне қайту жолында сот тəжірибесін жалпылаумен айналысты жəне патша судьялары істерді қарауда басшылыққа алатын жалпы құқық нормаларын

қалыптастырды;

4. ХІІ ғасырдан бастап патша соттарында сот отырысының барысын жəне сот шешімін көрсететін хаттамалар жазыла бастады. Содан соң аса маңызды сот істері туралы есептер «əр- жылдықтарда» жазыла бастады. Мұнда «жалпы құқықтың» негізгі қағидасы пайда болды: жоғары тұрған соттың шешімі

осыған ұқсас істі осы сот немесе төмен тұрған сот қарау кезінде міндетті болып табылатын, яғни, сот прецеденті;

5. құқықтың жалпы қағидалары немесе сот бостандығы -егер ұқсас шешім болмаса;

6. «əділдік құқығы» - тұлға «жалпы құқық» соттарында өзінің мүддесін қорғауға қол жеткізе алмаса, ол патшаға «ар-ұяты бойынша» істі шешуге шағымдана алатын;

7. статуттар - жоғарғы биліктің, яғни, патша мен парламент қабылдаған заң шығару актілері. Патшаның заң шығару актілері мен патша жəне парламент бірлесе қабылдаған актілерінің жиынтығы статуттық құқық деп аталды.

Ағылшын-саксондық құқық жүйесіне тəн сипат болып сот прецеденттеріне негізделген «жалпы құқық» пен «əділдік құқығының» болуы табылды.

«Жалпы құқық» тек жерді еркін, яғни, феодалдық ұстаумен байланысты сұрақтарды реттеген. «Əділдік құқығының» негізінде копигольдерлер (бірқатар міндеттері бар шаруалар) мен лордтардың арасындағы азаматтық даулар қарастырылған.

ХІІ-ХІІІ ғ. ғ. ағылшын құқығында бірде-бір құқықтық жүйеде болмаған институт - сенімгерлік меншік институты - траст пайда болды, оның мəні мынада еді: бір тұлға (сенімгерлік меншіктің құрылтайшысы) басқа тұлғаға өз мүлкін меншікке, бір немесе бірнеше тұлғалардың -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Ұлы Морав мемлекеті
Мемлекет нысаны туралы
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
Мемлекет туралы түсініктер
Америка төңкерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz