Физикадан есептер шығару әдістемесі


2. Физикадан есептер шығару әдістемесі.
2. 1. Физикалық есеп және оның құрылымы.
Усова мен Бобров есептің барлық анықтамаларын талдай отырып мынадай қорытынды жасайды: “Физикалық есееп ─ физиканың заңдары мен әдістеріне негізделіп, физикалық білім алу мен ақыл ойды жетілдіруге бағытталған, оқушылардың ойжәне практикалық іс- әрекетті талап ететін - жағдай (белгілі фактілердің жиынтығы ) ”.
Қандай есеп қарастырмайық, олардың құрылысы бірдей болады:
1) Кез келген бір немесе бірнеше нысан (зат, құбылыс, үрдіс) қарастырылады.
2) Есеп мәтінінде бір немсе бірнеше тұжырым (шарт) және бір немесе бірнеше талап болады, олар түрінде қойылуы мүмкін.
3) Есеп шартында нысандардың сипаттары мен қатынастары келтіріледі.
Кейде есеп шарты нақты берілмейді, оларды есепті терең жан-жақты талдау барысында анықтайды.
Есепте кездесетін нысандар сипаты мен қатынастарын 1-суретегі кескін арқылы жүйелеуге болады.
4) Есеп талабы негізі үш түрден тұрады.
4. 1. Ізделінді шаманы табу (тағайындау, анықтау ) . Мқндай талаптары бар есептерді, ізделінді шаманы табуға арналған есептер дейді. Олар сандық және сапалық болып екіге бөлінеді;
4. 2. Белгілі бір қасиеттің немесе қатынастың бар не жоқ екендігін дәлелдеу, түсіндіру. Дәлелдеу есептері.
4. 3. Нысанды құрастыру, жасау, түрлендіру. Мұндай талабы бар есептерді салу (құрастыру) есептері дейді.
Есептерді жүйелеу
Физикалық есептерді әр түрлі белгілері бойынша жүйелеуге болады:
1) Есеп шартының берілуі бойынша мәтіндік, графиктік, сурет есеп, тәжірибелік - есептер;
2) Күрделілік деңгейі бойынша: қарапайым және күрделі есептер.
3) Қойылған сұрақты зерттеу сипаты мен әдісі бойынша: сандық және сапалық - есептер; (сапалық есептер матеметикалық амалдарсыз, физикалық теориялар мен заңдарға негізделген ой-тұжырымдар арқылы шығарылады. Сандық есептерге, қойылған сұрақ жауабы, математикалық түрлендірулер мен есептеулерсіз алынбайтын есептер жатады) .
4) Мазмұны бойынша: абстрактілі, нақты (өндіріспен немесе физика тарихы мен байланысты) ; қызықты- есептер.
5) Есеп шығарудың негізгі тәсілдері бойынша : тәжірибелік, есептеуді қажет ететін, логикалық- есептер.
Кез келген есептерді шығару үрдісі белгілі бір мақсатқа бағытталады. Сондықтан оқушылардың алдына есеп шығарудың айқын (оқу) мақсатын қою керек.
2. 2. Физикалық есеп ерекшеліктері.
Есептер әр түрлі белгілері бойынша жүйеленеді, бірақ ол жүйелердің өзіне сай еекшеліктері болады. Олар физика сабағында ескерілуі қажет.
Физикалық есептердің есептердің ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады;
- Физика есептерін шығару үшін, есеп шартын талдағанда “идеалдыдауды” жиі қолданады.
- Көп жағдайда есепті шығару үшін, есепті талаптары әр түрлі болатын екі, үш идеал есепке бөледі.
- Есепті дұрыс шығару үшін, қарастырылатын құбылыстарды түсіндіретін физикалық заңдарды анықтау керек.
- Есеп шарттары график, кесте, кескін түрлеріне де беріледі. Шаманың бірде нақты сандық мәні ізделсе, кейде құбылыстардың заңдылықтарын түсіндіру қажет болады.
- Физикалық есептердің өзіндік, ерекше түріне тәжірибелік есептер жытады.
- Физикалық есептердің ең маңызды ерекшелігі -физикалық шамалардың өлшемі болады. Өлшемдерді талдау физикалық есептер шығарудың мықты аппараты болып табылады.
- Есепте кездесетін физикалық нысандардың сипаттарының көпшілігі- векторлар. Сондықтан есеп шартын талдағанда физикалық шамаларлдың скаляр немесе вектор екенін анықтайды, себебеі қолданылатын математикалық аппарат осымен анықталады.
2. 3. Физикалық есептер шығару үрдісінің кезеңдері.
Кез келген есеп шығару үрдісі ─ бұл кезеңнен тұратын, күрделі ойлау әрекеті.
1) Есептің құрылымы мен мазмұнын талдау кезеңі. Ол есептің белгілі бір кескіндік таңбалық нобайын (сурет, кескін, шарт) жасаумен аяқталады.
2) Есептің шығару жолдарын есептеу кезеңі. Бұл кезең есепте қарастырылатын физикалық құбылыс немесе үрдіс анықталып, физикалық заң, формула еске түсіріліп, физикалық есептің математикалық нобайын жасаумен аяқталады.
3) Таңдап алынған есеп шығару әдісін жүзеге асыру кезеңі . Бұл кезеңде есеп шығару тәсілдері мен математикалық аппарат таңдап алынып, математикалық амалдар орындалады. Кезең есептің шешімін (жауабын) алумен аяқталады.
4) Алынған нәтиженің дұрыстығын, ақиқатқа сайлығын, өлшемдерінің сәйкестігін т. с. с. талдау кезеңі.
5) Есеп шығару үрдісінің, оқу-танымдық талдамын жасу кезеңі. Бұл кезеңде есеп шығару әдісінің, қолданылған тәсілдің маңызы бағаланып, қарастырылған есепке ұқсас есептерді шығарудың жалпы (ортақ) әдісі көрсетіледі.
Бұл кезеңнің оқу-танымдық маңызы ерекше, себебі алуан түрлі есептердің ішіндегі нақты бір есепті шығаруда қолданылатын әдістер мен тәсілдерді жалпылауға мүмкіндік береді.
Есептерді шығарғанда барлық кезеңдерді қарастыру міндетті емес. Есептің кезеңдері түсіп қалуы, ал кейбір кезеңдерінің түрі мен мазмұны өзгеруі мүмкін. Қарастырылған кезеңдер бір- бірінен нақты бөлінбеген, олар көбіне бір бірімен қиылысып жатады.
2. 4. Физикалық есептерді шығару тәсілдері.
Таңдап алынған есеп шығару әдісі оқушылардан қандай да бір тәсілдерді қолдануды талап етеді.
Есеп шығару тәсілі─ бұл есеп шығару үрдісін жүзеге асыру үшін нақты бір аппаратты тығыз байланысқан амалдар жүйесін қолдану.
Есеп шығарғанда логикалық, математикалық және тәжірибелік тәсілдерді қолданады.
Логикалық тәсілмен , көбінесе, сапалық есептерді шығарады. Мұндай есептер нысанның белгілі бір қасиетін дәлелдеуді немесе қандай да бір құбылысты түсіндіруді талап етеді.
Есептің басқа түрін шығарғанда, таңдап алынған жүзеге асырар кезде, оқушы әрекетінің логикалық тізбегін осы тәсіл анықтайды.
Математикалық тәсіл көбіне сандық есептерді шығарғанда қолданылады.
Математикалық қарекеттер сипатына қарай арифметикалық, алгебралық, геометриялық, және тәжірибелік түрде көрініс табады.
Тәжірибелік тәсіл есептің талабын қанағаттандыру үшін тәжірибелерді жасауды қажет етеді. Ол ізделінді сипаттаманы тікелей анықтауға, есеп шартындағы физикалық құбылысты көрнекі түрде түсіндіруге немесе тәжірибе арқылы анықталатын шамалар арқылы ізделінді сипаттаманытабуға мүмкіндік береді.
2. 5. Физикалық есеп шығарурың амалдары.
Есеп шығарудың тәсілін таңдау арқылы ғана, есептің жауабын алу мүмкін емес. Ол үшін таңдап алынған тәсілді жүзеге асыру керек, яғни, есептің шартындағы нысандарға және оның сипаттамаларына қажет болатын, логикалық, математикалық немесе тәжірибелік амалдарды қолдану керек.
Есеп шығарудың таңдап алынған тәсілі белгілі бір әдістердің жиынтығы арқылы жүзеге асады. Физикалық есептерді шығару амалдары сан алуан, оларды қолдана білу, оқушылардың есеп шығара алу қабілетін анықтайды.
Көптеген әдебиеттерде есеп шығару амалдарын қарастырмайды, оның орнына “әдіс”, “тәсіл ” сөздерін қолданады.
Бұл дұрыс емес, себебі “әдіс”, “тәсіл” түсініктері есеп шығаруға бағытталған көзқарасты сипаттайды, олар есеп шығарудың жоспарын жасауға көмектесіп, оқушыларды нақты есеп шығаруға қажет ойлау әрекеттерінің тізбегімен қаруландырады, ал есептің шешімі тек белгілі бір амалдар көмегімен ғана алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz