Пассивті операциялар
Банктер өздерінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету саламы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұсынады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісіне банк балансының өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын

Кіріспе
Банктер өздерінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті
операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды
қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге
асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы
есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
- депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету саламы бойынша
банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұсынады және олар өз кезегінде келесі
ережелерге негізделеді:
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта
пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік
операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр
түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады;
- депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және
депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары
бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен
өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісіне банк балансының
өтімділігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік
депозиттерге ерекше назар аударған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының
басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде
басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша
қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді
пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға
табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар,
акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз
қаржыларын коммерциялық банктерге салады.
Халақаралық банктік тәжірбиеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
- мерзімді депозиттер;
- талап етілмелі депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Бірінші топ – талап етілмелі депозиттер, олар сондай-ақ чектік
депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде
банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады. Чектік депозит – бұл
міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот.
Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігі мен чек жазу арқылы
төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар бірінші
талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік депозиттерді жүзеге
асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемі керек,
көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгілейді. Бұл кезде
төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер
мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай көлемінде шотта
банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жергілікті
баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл төлемдерді алудан
бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға
болады:
- ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
- ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы
мүмкін;
- шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазалған
чек үшін коммисия төленуі;
- Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен
салыстырғанда үлкен үлестердің сақталуы.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары
есептелетін контокоррент – біріңғай шот болып табылады. Контокоррентке банк
қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және
де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі.
Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді
клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың
түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ
банкпен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға
мүмкіндігі бар.
Талап ету депозитіне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға
болады, овердрафт – банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк
анықталған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік
беретін шот, бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың конторорренттен
айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетін жайт, овердрафт шоты
қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты
жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің басқа бір түрі – нау-шоттар – пайыздық
мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-
шоттар – бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін
ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі түрі – автоматтық аудару шоттары (ATS-
шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға
мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін
депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып,
пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік
шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде
қосады. Мұндай тәжірбие салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге лейін
сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған
пайыздар алуға мүмкіндік береді.
Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне
банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер деп аталатын
шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер – банк қызметкерлері
беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде,
куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке
шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе
банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол
бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек
сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері бойынша
эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне
байланысты банктің көптеген клиенттері осы типтес депозиттердегі
қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы
әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктерді
пайдалану. Мұндай шоттармен ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк
клиентпен келісілген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты
“тазартады” (немесе оларды аударады), олардың пайыздық кіріс әкелетін
қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатып туралы мәмілеге,
яғни операцияны банк күнде іскерлік күн соңында орындайды. Мұндай
жағдайларда , банкке бұл операцияны өткізуге қажетті чектер төлемге
түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитіне аударылады.
Көптеген банктер өзінің клиенттерінен компенсациялық балансты ұсынуды
талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін
нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет.
Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту
жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиімділік береді.
Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік
қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін
төлемді ұсынады.
Депозиттің келесі тобы – жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім
негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ
кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар,
сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға ьолатын, пайыз
әкелетін чектік емес депозиттер.
Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы;
- банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала
хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша
қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;
- шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
- салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген
операциялардың барасы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну
міндеттемесі;
- шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы
талаптардың болмауы.
Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ
кітапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы
кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу тұрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады.
Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізіліген
жинақ салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ
кітапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық
пайыздық мөлшерлеменің өзгеруімен реттелетіндігін және бұл шоттарды қолдану
кезінде операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтындығын
есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарының ерекшелігі мынандай:
- бұл шоттардың анықталған мерзімі жоқ;
- салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала
алады;
- бастапқыда бұл шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы
шектелген санын жазуға құқылы;
- бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында
қолданылады;
- банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем
алынады;
- егер салымшылар – корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша
белгіленген резервті сақтауға міндетті.
Кең таралған топтардың бірі – мерзімдік салымдар, оған мерзімдік
салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді.
Бір салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге
салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз
алады және салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде
қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келіскен мерзім ағымында
толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит
туралы келісім жасалынады. Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа
бөлінеді:
- 30 күннен 89 күнге дейін;
- 90 күннен 179 күнге дейін;
- 180 күннен 359 күнге дейін;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке бұрын хабарланған салымшының
арнайы өтінішінің түсуі талап етіледі, оның мерзімі келісімде көрсетіледі.
Бұл мерзімге сәйкес пайыздық мөлшерлеме белгіленеді.Егер клиент банкті
қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын өзгерістерді ескере отырып,
өзінің активті операцияларын басқа көз есебінен қайта қаржыландырады,
қаржыларды алу кейбір шығындармен байланысты, сол себепті банк клиент
кірісін азайтуға құқылы.
Депозиттердің төртінші тобы – бағалы қағаздар, депозиттер түрі ретінде
былайша бөлінеді:
- аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың,
кооперативтің, акционерлік қоғамдар мен компаниялардың
акциялары мен облигациялары;
- сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен
облигациялар;
- шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар (шетел
валютасындағы аккредитивтер);
- депозиттік сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі.
Ол эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оның
құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша салам сомасын және ол
бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша куәлік.
Депозиттік сертификат – кірісті бағалы қағазадардың бір түрі, сол
себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу
немесе төлем құжаты болып саналмайды. Содай-ақ оларды бір заңды тұлғадан
екіншісіне жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну – цессия, ол
депозиттік сертификаттың сыртқы бетінде екі жақта мәмілемен рәсімделеді:өз
құқын ұсынушы тұлға – цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты
қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетін шот
көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды.
Банк талап ету құқын ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын,
сондай-ақ өкілетті тұлғалар аты-жөнін, мөрінің және қолдарының сәйкестігін
тексереді.
Депозиттік сертификаттардың екі түрі болады:
- жолданбайтын – салымшыда сақталады және төлем мерзімі жеткенше
банкке ұсынылады;
- жолданатын – екінші нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуі
мүмкін.
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келген мерзімге
тиімді инвестициялауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда
сертификаттарды тез қолма-қол қашаға ауыстыруға болады.
Сертификаттар келесі белгілері бойынша бөлінеді:
• Шығарылуы бойынша:
- бір рет;
- сериямен шағарылатын.
• Рәсімдеу тәсілі бойынша:
- арнайы;
- ұсынушыға.
• Төлеу шарттары бойынша:
- Анықталған есеп айырысу кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық
мөлшері үнемі төленіп тұратын сертификаттар;
- Сертификатты өтеу күні пайызы төленетін сертификаттар.
Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлеріне
немесе талап етілмелі депозиттеріне қолма-қол емес аударымдармен және нақты
ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.
Банкте шығарылатын сертификаттар баспалық тәсілмен шығарылуы және осы
сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару мен
орналастыру шарттарын еркін дайындайды.
Өз сертификаттарын тиімді орналастыру үшін банктер келесі
міндеттемелерді назарға алады:
- инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
- салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
- пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмін;
- шығарымды стандартты шарттарын (еселік, номинал және т.б.);
- номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
- кең жарнаманы.
Жай депозиттік сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен
салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:
- сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық
делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы
кеңейді;
- екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған
мерзімі үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін
өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін.
Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелі шоттары
мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.
Мерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетіспеушілігі
оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.
Салымшы депозиттік шотты ашпас бұрын, банк пен салымшы депозитті ашуға
қатысты екі серіктес құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Банк пен салымшы
арасындағы келісім – салымшы жарна енгізіп, банк өз кезегінде оған шот
ашып, енгізілген сома туралы белгі қойылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне
негізделеді. Бұл кітапша клиентке жазба жасалған соң беріледі. Сонымен
қатар клиент ақша сомасын жаңадан ашатын шотқа аударады немесе банкпен өз
атына түсетін сома немесе сома болашақта ашылатын депозиттік шотқа жазылуы
жөнінде келіседі. Клиент пен банк арасында шартты қатынас туындайды ол
бойынша, клиент банкке уақытша пайдалануға ақшасын жолдайды, ал банк өз
кезегінде пайыз қосуға және клиентке ол ақшаны мерзімі жеткенде немесе
хабарлау алған соң қайтаруға міндеттенеді. Заңды түрде мұндай шартты
қатынас қарызды білдіреді, ол бойынша клиент – кредитор, ал банк – дебитор
болып табылады. Келісім жинақ шотына депозит салынған соң күшіне енеді.
Депозиттер тарту банк үшін маңызды міндет, сондай-ақ депозиттік
операциялардың дұрыс бухгалтерлік есебін ұйымдастыру маңызды. Салым
операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудағы міндет әр салым бойынша
ақша қаржыларының дәл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің қызметін
басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті орындауға депозиттік
операциялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру
арқылы қол жеткізеді. Аналитикалық есептің мәні нақты салымшы депозиттері,
ал синтетикалық есептің мәні – депозиттердің анықталған түріне жататын
депозиттер. Депозиттік салымдардың есебі үшін қолданылатын шоттар:
2211 –Клиенттердің талап ету бойынша салымдары;
2215 – Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары;
2217 – Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары;
2219 – Клиенттердің шартты салымдары;
2221 – Клиенттердің арнайы салымдары;
2222 – Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың кепілдік-салымдары;
2223 – Клиенттердің кепілдік-салымдары.
Барлық көрсетілген шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент
алдындағы берешегін білдіреді: айналым дебет бойынша бұрын қабылданған
депозит сомасында берешекті қтеу және пайыздарды қосу; кредит бойынша
айналым бұрын қабылданған салымдар бойынша пайыздарды есептеу және жаңадан
қабылданған салымдар.
Депозиттерді кіріс құжаттары негізінде, қолма-қол ақша негізінде тарту
кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады:
Дт 1001 Кассадағы нақты ақша
Кт 2211-2229 Тартылған салымдар
Депозиттер – заңды тұлғалардан депозит қабылдау кезінде:
Дт 2203 Клиенттердің есеп айырысу шоты
Кт 2211-2229 Тартылған салымдар
Басқа банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозиттер тарту кезінде,
тиісті ақша қаржылары корресподенттік шоттар арқылы түседі. Бұл кезде
келесі жазба жасалады:
Дт 1051-1052 Корреспонденттік шоттар
Кт 2211-2229 Тартылған салымдар
Депозиттер бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері
бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 2211-2229 Тартылған салымдар
Кт 1001 Кассадағы нақты ақша
2203 Клиенттердің ағымды шоттары
1051-1052 Корреспонденттік шоттар
Банк тартылған депозиттерді қайтармаған жағдайда мерзімі өткен
депозиттер қатарына жатқызады және оған келесі өткізбе жасалады:
Дт 2211-2229 Тартылған салымдар
Кт 2224-2226 Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне
жатады. Сол себепті банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк
активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға
орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің орналастырылған
қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді.
Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарджы төлеу түрінде алынған.
Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады.
Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен
депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.
Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері
бойынша жіктеуге болады:
1. Кредиторлар бойынша:
- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес қаржылық
ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;
2. Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі), бюджеттен
тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға
несиелер;
- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл
шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.
- жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру);
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынандай
түрлерін ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер,
айналым капиталына несиелер;
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
- қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл
затымен;
- сақтандырылған;
- қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).
6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.
7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепт, акцепті-рамбурсты,
аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалы, дебетті
сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті,
онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие,
факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының
жетіспеушілігін толықтыру; материалдық қорлардың жиынтығын;
экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-
әрекеттің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған
шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың
кепілді-несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен
шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды
қаржыландыруға; еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы
тез шараларды несиелеу.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер.
Олар тауарлы-материалды құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері
мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады.
Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың
қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданып келген, кәсіпорындардың,
ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып
табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қызметін пайдаланғысы келген
несиелік ұйымды өзі таңдайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкке емес,
бірнеше банктерде ашуға құқылы.
Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты
сауда, экономика мәндеріне ерекше көңіл бөлуде. Тек несиелеу,
кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарында деген қажеттілігін
қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін
артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен
несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық
банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа
банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша
қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын
көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу
жүйесіндегі жалпы сауда акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға
болады.
Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға
тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ белгілеген пруденциялық нормативтер
тартуға мүмкін қаражаттардың шекті көлемін, ең аз резерв мөлшерін, несие
беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының
өтімділігіне байланысты несие механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу
жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу
бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп
шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойынына алады,
шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құжаттарға ие болады.
Айта кететін жайт, несие шарттары бұрын да жасалған, бірақ олардың
экономикалық мәні әлсіз болды. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде,
банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік
шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш
болып табылады.
Қалыптасқан несие жүйесінің маңызды белгілері – оның несиелеу
объектісінен несиелеу субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданған
несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық
құндылық қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға
мүмкіндік береді.
Несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең басты
деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептеледі.
Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын жабатын меншікті
қаражат деңгейі ескерілмеді.
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға
негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің
төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады.
Өзгерістер негізінен несиенің саралану қағидасына енгізілді. Осыдан бірнеше
жылдар бұрын несиеге саралу режимі қолданылатын жақсы және жаман жұмыс
істейтін кәсіпорындар катергориясы болғаны бәрімізге мәлім.
Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерінің
орындалуы аталған. Қазіргі уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында
қайтармау тәуекелділігін төмендететін клиенттің несиеқабілеттілігі
ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлемқабілетсіздігі анықталған
кезде, коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгіленген
әкімшілікке жедел басқаруға беруге, оларды қайта құру және жабу мәселелерін
қарастыруға құқықтары пайда болды.
Өзгертулер несиені қамтамасыз ету қағидасына да әсер етті. Тәжірбие
бұндай материалдық қамтамасыздық несиені уақытында қайтаруға кепілдік
етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде
жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түрінде өту
қарастырылады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік
тәжірбиеде кепілдеме құқығы (ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі, кепілге
салу), кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру жүйесі
сенімді кепіл құқы болып табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие
механизмі банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып,
несиелік тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді. Кәсіпорындарға, ұйымдарға
және халыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық
құрылымдарын дамытуда маңызды рөль атқарады.
Қаржы-несиелік механизмінің қызмет ету тиімділігі уақытында әр түрлі
шаруашылық бірліктерінен ақша алу ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің
экономикалық өсу қарқына әсер етті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz