«Ақ-жүніс» атты Прет-а-порте стиліндегі қыз келіншектерге арналған киім жиынтығын жобалау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жалилова Севара Исламқызы
«Ақ-жүніс» атты прет-а-порте стиліндегі қыз келіншектерге арналған киім жиынтығын жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5В042100 - «Дизайн (өндірістік) » мамандығы
Түркістан 2016
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
І -Тарау «АҚ-ЖҮНІС» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Ақ-жүніс» сән үлгілерінің шығу тарихы . . . 7
1. 2«Ақ-жүніс» сән үлгілерінің қызметі және дизайн объектісі. Стиль және сән . . . 9
1. 3 Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы . . . 23
1. 4 «Ақ-жүніс» сән үлгілерінің көркем бейнесін әзірле . . . 27
1. 5 Сән үлгілерінің техникалық эскизі, сырт түрінің сипаттамасы . . . 31
ІІ «АҚ-ЖҮНІС» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Конструкциялау әдістемесін таңдап негіздеу . . . 32
2. 2 «Ақ-жүніс» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтерді, қосымшаларды таңдап негіздеу . . . 36
2. 3«Ақ-жүніс» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру . . . 40
2. 4 «Ақ-жүніс» сән үлгілерінің сызбасына модельдік ерекшеліктерін енгізу… . . . 42
ІІІ «АҚ-ЖҮНІС» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3. 1 «Ақ-жүніс» сән үлгілеріне өңдеу әдістерін және құрал-жабдықтарды таңдау . . . 49
3. 2 «Ақ-жүніс» сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері . . . 53
3. 3 «Ақ-жүніс» сән үлгілерінің дайындаудың технологиялық бірізділігін әзірлеу . . . 54
3. 4 «Ақ-жүніс» сән үлгілеріне кеткен материал шығынын мөлшерлеу . . . 56
Қорытынды . . . 57
Пайдаланған әдебиеттер . . . 59
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің көйкестілігі. Елбасымыз - Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Мемлекет басшысының бұл сөзін де Қазақстандықтар да бірауыздан қолдап отыр. Елбасы «Орта және шағын бизнесті дамыту - бұл ұлттық экономиканың өсуінің тиімді драйвері», деді.
Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие.
Н. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпы ұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауыз біршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік пен берекесі деп атады. [1] Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады. Бұл ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер бар. Бір ғалымдар жоба, біреулері сурет, тағы бірі нобай дейді. Біздің ойымызша ол - әсемдік заңына, эргономика және бионика заңдарына негізделіп, формаларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философиясы. Дизайнның тарихы XІX ғасырдың ортасында Лондондағы Дж. Пэкстонның арнайы салған шыны ғимаратында өткен І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған көрмеден басталды. Осы тұста атақты Джон Рескин мен Уильям Морристің дизайнға арналған ғылыми теориялық және тәжірибелік еңбектері де жарық көрді. Сонымен қатар 1907 жылы дүниежүзінің жартысынан көбін электр кұралдарымен қамтамасыз ететін Германия Электр ассоциациясы шығаратын заттардың әрленуіне бас - көз болу үшін әйгілі қолөнер шебері, сәулетші Питер Бернс директор болып тағайындалып, бірінші дизайн маманы және мамандығы пайда болды десек, біздің тұжырымның негізі дұрыс болады. Содан кейін 1918 жылы Германияның әсем өнер қаласы Веймарда атақты “Баухауз” атты дизайнерлер жоғары мектебі ашылғаннан кейін дизайнерлік білім кең өріс алды. [2]
Бірақ, осы өнердің тарихын дүние жүзін елеңдеткен белгілі бір кезеңдермен ғана сабақтастырсақ, тағы қателесуіміз мүмкін. Себебі, әлемдегі өнер майталмандарының туындылары, өнер ағымдарының даму тарихы және синтезделген өнер саласындағы шығармалар әлі де бір ізге түскен жоқ. Ал енді бәрін айт та, бірін айт дегендей, әңгіме сарынын Қазақстан дизайнына бұрайық. Бүгінгі жаһандану кезінде, қазіргі жер жүзіндегі халықтардың көпшілігі ұлттық көркем ерекшеліктерімен айқындалады. Демек, қазақ этносының тілі мен діні, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде киім пішінінің озық үлгісінің сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін мәселесінің бірі болып табылады. Қазақ халқымыз ата заманнан өте сәнді киінген. Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Соның ішінде қазақ халқы жүн мен киізбен жақсы қолданыста болған. Әлібай және Сәуле Бапановтардың және де Айгүл Жансерікова т. б жұмыстары елімізде ғана емес, шетелдерде де кеңінен танымал. Бапановтардың шығармаларындағы негізгі тақырып - жер - жаһандағы тіршілік. Өнер иелері текемет пен гобелен техникасының көмегімен поэтикалық пейзаждар мен жанрлық композициялар, реалистік және фантастикалық натюрморттар жасаған. Олардың жұмыстарының бір ерекшелігі ежелгі текемет басу және жүннен гобелен жасау техникасын пайдалана отырып, заманауи киім үлгілерін жасауы. Шеберлер өз еңбектерінде қосылмайтын, үйлеспейтін заттарды: жүн мен жібекті қатар қолдануды жақсы көреді. [3]
Диплом жобасының мақсаты: Қолда бар халық қолөнерінің нәрін тиімді пайдаланып, оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып келешек ұрпақтың бойына сіңіру. Ұлттың талғамдары мен дәстүрлер әсіресе киімге тағылатын зергерлік бұйымдардан айқын сезіледі. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамның өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылған. Адамдар алғаш рет аң терісінен жасалған киімдерді пайдаланған, неолит дәуірінде шөп орамынан тоқылған белдемшелер киетін болған. Тоқымашылық кәсібін игергеннен соң адамдар иықтан, мықыннан киілетін жапқыштар қолданған. Одан кейін тігіссіз киім пішіндері дамыған. Мысалы үнділіктер-сари, шалма, кавказдықтар-барка, римдіктер-тога және т. б киген. Ежелгі киім элементтерінің бірі-белдік. Ол қару-жарақ пен жорыққа қажетті заттарды бекіту қызметін атқарды. Аяқ киімдер мен бас киімдер кешірек пайда болды. Олар адамды ыстық пен суықтан қорғау үшін қызметін атқарған.
Киімнің климаттық шарттарға да байланысты түрлері бар. Ол әр аймақта әртүрлі формасымен, материялы мен ерекшеленеді. Мысалы, мықындық алжапқыш, иық жамылғысы-тропика және субтропика тұрғындарының киімі. Суық климатты арктикалық аймақтарда бүкіл адам денесін жауып тұратын киім киген.
Киім адамды физикалық, климаттық қолайсыз жағдайларын қорғау үшін ғана емес, сондай-ақ қауіпті жағдайлардан, сиқырлық күштерден сақтау үшін де қолданылған. Тіпті әскери бояуларды, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі дене терісін нақыштауды, қазіргі және бронежилетті және противогазды, орта ғасыр рыцарының латысын, сәнді көйлектерді де киім деп айтуға болады.
Өркениеттің дамуына байланысты киімнің түрі де, пішіні де өзгерді. Ер адамдарға, қыз-келіншектерге, балаларға арналған киім үлгілері шыға бастады. Күнделікті және мерекелік киімдер, үйлену той киімдері, сондай ақ қаралы күндерге арналған киім үлгілері пайда болды. Еңбектің түріне қарай әр түрлі кәсіп саласына арналған киімдер де өндіріле бастады. Сән үлгісінің демократияландыруы киімнің жаңа үлгілері технологиясының дамуына себеп болды, оның функционалдық, рационалдық, экономикалық қасиеттері аса бағаланды.
Қазіргі ұғымда киім дегеніміз -үлбірден, теріден, тоқыма бұйымдарынан, мата материялдарынан пішімделген жиынтық. Ол тек сәндік қана емес, декорациялық, әлеуметтік, эстетикалық, және утилитарлық қызметтерді де атқарады. Киім мынадай заттар кенінен тұрады: іш киім, сырт киім, бас киім, аяқ киім, қолғап, шұлық т. б
Киімнің негізгі қызметіне қорғаныстық ( физикалық, моральдық қорғау) және утилитарлық- практикалық тұтыну жатады. Себебі киім белгілі бір әрекеттерге және мақсаттарға байланысты пайдаланып, қоршаған ортаға
бейімделіп отырған. Киімнің эстетикалық қызметі ретінде адамды сөнді, әдемі етіп көрсетуі саналады. Киім арнайы адамдар тобына арналып дайындалады немесе бұқаралық өндірісте өндіріледі, бірақ қандай жағдай да адам қажеттілігін қанағаттандырады.
Киім кию әдісіне, дене бітіміне, пішіміне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді:
Күлтеулі бүрмелі (пішілмеген, тігілмеген) - матаның қиындысынан ілінген, қыстырылған, түйреуішпен түйрелген немесе белдікпен байланған киім: қондырмалы -бас арқылы киілетін киім. Бас сыюы үшін матаның қиындысының ортасы ойылған. ( пелерина немесе пончо) түрде болуы мүмкін. Пішілуі немесе тігулі болуы мүмкін. Оған негізі ортасынан бүгілген жайма мата, иығында тігісі жоқ туника, жейде типтес киімдер жатады:
жейделік -пішілген, тігілген алдында жоғарыдан төмен қарай түйме қадалған киім ( шекпен типтес ) .
Пішілген-адам дене бітіміне қалыптастырылып пішілген, еуропалық типтегі киім.
Фольклорлық стильдегі киім тарихы костюмге жақын, өткен жұлдыздықтың барлық арсеналын өзіне қабылдаған стиль болып табылады. Оларға алдыңғы жаға бүрмелеу, желбіршек, қос етек, желбіреуш, шілтер, күлте, т. б жатады. Фольклорлық стиль күрделі конструкциялы болғанымен әдемі, бірақ практикалық жағынан керексіз бөлшектерді әдеттен тыс мата фактурасы, таңдаулы түстерді болжайды. Осы айтылған декорациялық элементтер арқасында романтикалық стиль әйелге нәзіктілік сипат береді. Костюмде жеңіл, үлбірек, созылымды маталар немесе, керісінше қатты пішінін қалыптастыратын маталар қолданылады. Киім ықшам пішінді, дене бітіміне қынамалы болуы мүмкін, немесе өте көлемді, қаңқа көмегімен бекітілген, немесе дене бойымен төгіліп келген пішінін бөлшектері әдеттегіден тыс ерекше, асиметриялы болуы мүмкін. Конструктивтік сызықтары айқындалмайды, бөлшектерді декоративті, бейнелі үндестікте берілген. Фольклорлық стильге әуелі көйлек пен жейделер, сосын сирек кездесетін бешпенттер, плащ, пальтолар жатады. Киім пішімінде дене бітімінің контурына, мықын және кеуде сызықтарына көңіл аудару қажет. Романтика бұл, ең алдымен, мықынды айқындау. Бұл-нәзік мойын ойындысы бар, белден, жамбастан жиырылған қатпарлы немесе бүрмелі, етегі кеңейтілген көйлектер. Фольклорлық стильдің ең басты ерекшелігі- сызықтарының дөңгеленген, иілген нәзік болып келуінде. Көйлек пен аксессуарлар романтикалық бейнеге ену үшін бір стильде болуы шарт, түр-түсті үйлесімді, матаның пластикасы романтикалық көңіл-күй беріп, әрі дене мен силует сызықтарын айқын көрсетіп тұруы тиіс. Фольклорлық стильде, дәстүр бойынша салтанатты кешкі сәнді киім жасалады. Романтикалық стиль кейде «фантази» стиль деп аталады. Романтикалық стилдің негізгі тармағы- вамп әйел, гламур, фольклерлық стиль.
Диплом жобасының міндеті: Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы - тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту. Қазақтың қолдаңбалы қодөнері жайлы білу; Тоқу өнері жайлы мағлұмат беру; тоқыма тоқу технологиясын үйрену; қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу.
Зерттеудің нысаны: Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Тоқыма өнері туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге жеттім. Біріншіден, тоқыма өнерін зерттей келе олар жайлы көп біле бастадым. Екіншіден, тоқымамен жұмыс істеуді үйрендім.
Диплом жобасының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, сызбалар, эскиздер мен портфолиодан тұрады
1 «АҚ-ЖҮНІС» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
- «Ақ-жүніс» сән үлгілерінің шығу тарихы
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.
Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек. Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі - тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірімжіп түрлері.
1. Зығыр
2. Мақта иірімжіп
3. Мохер
4. Жүн иірімжібі
5. Ангор
6. Кашемир
7. Альпак
8. Вискоза
9. Фасонды иірімжіп
Жүн - жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой, ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні - күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүндітарақпентарап, қолментүтеді. Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Ұршық - жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм.
Ең алғаш ілмектің (петля) қай уақытта пайда болғанын ешкім білмейді. Бірақ, тоқыма бұйымдары біздің эрамызға дейін пайда болыпты. Мұны растайтын факті де бар екен. Египет қазбаларында мәйіттен тоқылған баланың аяқ-киімі табылыпты. Зерттеу нәтижесінде ол аяқ-киімнің жасы 4000 жылданасадыдептапты. IX-XI ғасырларда тоқымашылар шұлықтарға сөз жаза бастады. Ежелде ең керемет, озат тоқымашылар арабтар болып саналды. Қиын әрі түрлі-түсті өрнектерді олар 2000 жылдай бұрынойлаптапқан.
Біздің эрамыздың басында металл спицалар пайда болды… Тоғызыншы-оныншы ғасырларда тоқылған бұйымдар әлі сақтаулы. Сондай ескі бұйымдардың бірі-балаларға арналған шұлық екен. Оның ерекшелігі басындағы саусақ бөлек тоқылған екен, кәзіргі қолғаптағыдай.
Европаға тоқыма өнерін Египет арқылы келген христиандар әкеліпті. Осылайша, тоқыма өнері қолөнерге, уақыт өте келе ұлкен өнеркәсіптік өндіріске айналады. Ең қызығы, әуелі тоқымамен ер-жігіттер айналысқан екен. Бұл саламен айналысудағы мақсат, фехтование сайысына шыдамдылықты, дәлдікті, зейін қояюды үйрену болған екен. Бірақ кейіннен тоқыма өнерінің кең жайылуына байланысты уақыт өте келе қыздардың кәсібіне өтіпті.
1589 жылы ағылшын шіркей уағызшысы Вильям Ли бізді инелері бар тоқитын станок ойлап табады. XVIII-ғсырдың аяғында Францияда дөңгелектоқитын мәшине жасалды. Қаншама тоқыма завод, фабрикалар ашылғанымен де қолдан тоқылған бұйымдар қашанда бағалы болып қала бермек.
Өзгеше әдемі, сирек кездесетін тоқыма бұйымына Орынбор бөкебайларын жатқызуға болады. Қолдан өрнектеліп тоқылатын орамалдың көлемі 2х2 м, салмағы 70 г болады. Тағы тоқыма өнерінің әдемі туындысына ирландық шілтерлерді жатқызуға болады.
Алғаш рет тоқыманың суреттері мен өрнектерін голландықтар 1824 жылы «Penelope» журналына басып шығарды. Үлгі таңбалары 19 ғасырдың соңында нақты түрде бекітілді. Қазіргі уақытта үлгінің британдық және американдық екі түрі бар.
- «Ақ-жүніс» сән үлгілерінің қызметі және дизайн объектісі.
Стиль және сән.
Сәнгерлердің қазіргі уақытта мақсаты - сән үлгілерін өнеркәсіпте таралымын көбейту. Өнеркәсіптік өндіріске дара үлгілерді дайындау тиімсіз, себебі ол жиі қайта өңдеу мен техникалық құжаттарды дауындауды талап етеді. Уақыт талабында жаңа сәнді стильдер мен бағыттар өнеркәсіпте шығарылатын бұйымдардың маусымдық сән ритмінде әрдайым қайта жаңарып отыруын талап етеді. Сондықтан киім дизайнері сәнді киім жиынтығын жобалау мәселесіне тіреледі.
Сән жиынтығы (латын тілінен соllectio - жинау) - [1] ол ғылыми тарихи немесе шығармашылық қызығушылық тудыратын қандай да бір, біртекті заттардың жүйелі жиналуы. Киім үлгілеуде сән жинағы - авторлық концепция, бейне, сән жинақтарында пайдаланылатын материалдардың, түсінің, формасының негізгі конструкцияларының стильдік шешімдерінің біртұтастылығымен біріккен әр түрлі бағыттағы үлгілер сериясы.
Сән жиынтығының бағытталу типіне қарай сол, немесе басқа да белгілері басым болады. Авторлық шығармашылық сән жиынтығында, мысалы аса маңызды болып концепция, стиль және бейне біртұтастығы табылады. Өнеркәсіптік сән жинағындағы маңызды белгі, керісінше - бірыңғай конструктивтік негізі, форма тұтастығы, түстің біртұтастылығы. Бірақ әркезде сән жиынтығының басты белгісі - оның тұтастығы, ол сән жиынтығын әртүрлі үлгілерде механикалық жинаудан ерекшелейді. Тұтастық стильдің біртұтастығымен қамтамасыз етіледі, шығармашылық әдісімен, түс гаммасымен, материалдар құрылымымен, формасы, бейнелердің біртұтастығымен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, сауатты жасалған сән жиынтығының белгісі динамика болып табылады, яғни берілген сән жиынтығында идеялардың дамуы. Сән жиынтығы-бірдей немесе біршамалы ұқсас үлгілердің сериясы емес. Берілген сән жиынтығының ерекшелігі болып табылатын қызықты конструктивті немесе декоративтік шешімі әрбір жаңа үлгіде жаңа қырымен көрінуі керек. Сән жиынтығында идея дамуының барлық мүмкіншіліктері көрсетілуі тиіс. Сән жиынтығы әр түрлі элементтерден тұруы мүмкін - ол ансамбльдер, комплекттер, дара бұйымдар, толықтырулар, аксессуарлар болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz