Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ҚАЗІРГІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЮ.ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ СӘНДЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ұлттық ою.өрнектерге сипаттама
1.2 Ұлттық өнер мәселесі ғалымдар еңбектерінде алатын орны
1.3Жоғары сынып оқушыларына киім үлгілерін көркемдеп сәндеуге үйретудің мүмкіндіктері


2 ҚАЗІРГІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІН ҰЛТТЫҚ ОЮ.ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 8.сынып оқушыларын көркемдеп сәндеуді үйретудің мазмұны ... ... ... ... ...
2.2 Киім үлгілерін көркемдеп сәндеудің әдістері мен принціптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Сабақ конспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


3 ҚАЗІРГІ ӘЙЕЛ КИІМІН ҰЛТТЫҚ ОЮ.ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ СӘНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ

3.1 Қазіргі әйел киімін сәндеуге қажетті материалдар және мата түрлеріне сипаттама
3.2 Қазіргі әйел киімінің сызбасын сызу және модельдеу
3.3 Қазіргі әйел киімінің өзіндік құнын есептеу

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда замана талабына сай, тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен халықтық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл процестің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007): »Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау», - деп көрсетілген [1, б.].
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасында: «Білім беру ісіндегі рухани дәстүрлерді сақтап, жаңаша жетілдіріп дамыта беру керек. Бұл жүйедегі оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі үзіліп қалды.Сіздер мен біздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мәні мен маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз. Олардың отаншылдық сезімдерін тәрбиелеуде, білім берудің мектепке дейінгі жүйесі мен жоғарғы оқу аралықтарын үндестіре ұйымдастыру, көкейтесті мәселе болып табылады» ,- деп атап көрсеткен [2, б.].
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемелекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген, Отанын шексіз сүйетін, «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы. Осы арман дене, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің дәстүрлі қазақ мәдениетінің түрлері арқылы ұрпақтан- ұрпаққа заманалар бойы халықтың салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарында марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырды.
Қазіргі уақытта ұрпақ тәрбиесі туралы мәселеге, мүлдем жаңа психо-физиологиялық көзқараспен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгінгі таңда жалпы адам тәрбиесіне де, халық педагогикасының тигізер әсерлерін, тіпті ештеңемен салыстыруға келмейді.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты − білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Бүгінгі жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейтестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан, білім беру жүйесін реформалау саясаты ең біріншіден – еңбек, технология, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оқу үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау болып отыр. Бұдан ұлттық тәрбие мәселесіне бұрын соңды көңіл бөлінбеген деген ой туындамаса керек. Оған этнопедагогика саласындағы зерттеулер дәлел бола алады. Дегенмен де, қазіргі қоғамның ғылыми, әлеуметтік, практикалық талабына, тәрбие беру мақсатын жүзеге асыру қажеттілігіне сай, оқу-тәрбие үрдісінде жергілікті жердің экономикалық, экологиялық және этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, технология сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері әлі күнге дейін біржақты шешімін тапқан жоқ.
1 Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңы"// Қазақстан, 1999ж.
2 Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы, Қазақстан 1993, 9 сәуір.
3 Уәлиханов Ш. Мақалалары мен хаттары. –Алматы, 1949. –18 б.
4 Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. –Алматы: Жазушы, 1988. –320 б.
5 Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. Т. 2: Аударамалар мен қара сөздер. –Алматы: Жазушы, 1986. – 200 б.
6 Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. –Қызылорда, 1924.-105б.
7 Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. /Құраст. Шәріпов Ә., Дәуітов С. – Алматы, Жазушы, 1989. – 117 б.
8 Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. –318 б.
9 Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалар. Алматы: «Жазушы», 1990. -295 б.
10 Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы: Қазақстан, 1995.- 240 б.
11 Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. -Алматы, «Қазақстан», 1977. -96 б.
12 Маргулан А.К. Казахское народное прикладное искусство -Алматы. 1984 - 62 с.
13 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан, 1995.-240 б
14 Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. - Алматы: Жазушы, 1992. - 192 б.
15 Қамақов Ә. 4–6 класс оқушыларына сәндік-қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру. –Алматы, 1982. – 56 б.
16 Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Жоғ. оқу орынд. арн. оқу құралы. –Алматы: Білім, 1995. -232 б.
17 Әмірғазин К. Оқу шеберханасындағы тәжірибелік сабақтар (Оқу құралы). –Алматы, 1986. –191 б.
18 Асылханов Е. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерін республика орта мектептерінде және педагогикалық институттарда оқып үйрену. –Алматы, 1986. – 124 б.
19 Алмухамбетов Б.А. Эстетическое воспитание учащихся 4-7 классов средствами национального изобразительного искусства. автореф. ... канд. пед. наук. - Алматы, 1990. - 17 с.
20 Балкенов Ж. Өрнек өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркем шығармашылыққа даярлау. Ғылым. Алматы, 2001, 245 б.
21 Ералин К. Қазақстан бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру. Оқу-әдістемелік құрал. Түркістан: Қ.А:Ясауи атындағы ХҚТУ, 2009, -93 б.
22 Сатқанов О. Жалпы білім беретін қазақ мектебінің бастауыш кластарында еңбекке үйретудің ұлттық қолөнері негізінде жетілдіру. Автореф. Пед. ғыл. Кан. Дис.-1993.-20б
23 Жолдасбекова С.А. Бастауыш класс оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру. Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 1993.- 27 б.
24 Әлімов А., Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы, 2009 ж.
25 Мынбаева А.К., Садвокасова З.М.. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие. – 4-ші баспа, қосымша. – Алматы, 2010. – 344 б.
26 Панфилова А.П. Игровое моделирование в деятельности педагога. Мәскеу: «Академия» баспа орталығы, 3-ші баспа, 2008 ж. – 368 б.
27 Мальцева Е. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы, Өнер, Ана тілі,
1992.
28 Мальцева Е.П. Тігін өндірісінің мататануы. Алматы, Ана тілі, 1992.
29 Шершнева Л.Н. Әйел және бала киімін конструкциялаудың негіздері.-Алматы, 2009.
30 Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Альбом. Алматы:- Өнер, Т2, 1996. -1926.
31 Рассохина Э. Казахские национальные традиции в современноі
одежде. - АлматыгӨнер, 1982. ~80с.
32 Юдина Е.Н. Технология пошива. Санкт-Петербург, Лениздат, 1992.
33 Глинская Б. Азбука вышивания. Москва, Просвещение, 1996.
34 Бланк А.Ф.,Фомина М. Практическая книга .по моделированию женской одежды.М. Легпромбытиздат,1992.
35 Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. -Шымкент, М.Әуезов атындағы
ОҚМУ, 2004.- 1866
36 Назарбаев Н.А. «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде // Егемен Қазақстан, 2005, 5 ақпан
37 Қышқашбаев Т.А. Қазақ халық аспаптық музыкасы арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру. Дисс.п.ғ.к. автореф..-Алматы, 1992. -27 б.
38 Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.-Алматы: Ғылым, 1973. -251б.
39 Әуезов М. Таңдамалы шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1985.-560б
40 Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1987.- 360б
41 Тәжібаев Т. Психология. - Алматы: Рауан, 1995.- 312 б.
42 Ұзақбаева С.А.Тамыры терең тәрбие; Өміршең өнер өрісі; Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері
43 Мұнашова Ж. Сәндік қолданбалы өнер арқылы бастауыш оқушының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Дисс.п.ғ.к. автореф.. -Шымкент, 2006.-25 б.
44Ақбаева Ш. Қазақтың дәстүрлі өнерінің негізінде оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру. -Шымкент, 2008.-28 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ

ҚАЗІРГІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ СӘНДЕУ ӘДІСТЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы

Түркістан 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ

"Қорғауға жіберілді"
__________

Кафедра меңгерушісі
_________Ауелбеков Е.Б., доцент м.а.



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗІРГІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ СӘНДЕУ ӘДІСТЕРІ

5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы

Орындаған: Қайырбекова А.

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Г.Ғ.Еркибаева

Түркістан 2016
Аннотация
Дипломная работа посвящена методам обучения учащихся старших классов художественному украшению современной женской одежды на уроках технологии.
В работе дается анализ национального орнамента, дается анализ орнамента в трудах ученых, возможности обучения художественному украшению современной женской одежды на уроках технологии. Также рассматриваются методы и формы обучения художественному украшению современной женской одежды на уроках технологии.

Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 ҚАЗІРГІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ СӘНДЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ұлттық ою-өрнектерге сипаттама
1.2 Ұлттық өнер мәселесі ғалымдар еңбектерінде алатын орны
1.3Жоғары сынып оқушыларына киім үлгілерін көркемдеп сәндеуге үйретудің мүмкіндіктері

2 ҚАЗІРГІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІН ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ КӨРКЕМДЕП СӘНДЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

2.1 8-сынып оқушыларын көркемдеп сәндеуді үйретудің мазмұны ... ... ... ... ...
2.2 Киім үлгілерін көркемдеп сәндеудің әдістері мен принціптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Сабақ конспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 ҚАЗІРГІ ӘЙЕЛ КИІМІН ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ СӘНДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ

3.1 Қазіргі әйел киімін сәндеуге қажетті материалдар және мата түрлеріне сипаттама
3.2 Қазіргі әйел киімінің сызбасын сызу және модельдеу
3.3 Қазіргі әйел киімінің өзіндік құнын есептеу

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда замана талабына сай, тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен халықтық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру ошақтары мен барша халықтың міндеті. Бұл процестің стратегиялық негіздері Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007): Білім беру жүйесінің басты мақсаты, ұлттық мәдениетіміз бен халық педагогикасының негіздерінде, әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау, - деп көрсетілген [1, б.].
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасында: Білім беру ісіндегі рухани дәстүрлерді сақтап, жаңаша жетілдіріп дамыта беру керек. Бұл жүйедегі оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі үзіліп қалды.Сіздер мен біздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мәні мен маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз. Олардың отаншылдық сезімдерін тәрбиелеуде, білім берудің мектепке дейінгі жүйесі мен жоғарғы оқу аралықтарын үндестіре ұйымдастыру, көкейтесті мәселе болып табылады ,- деп атап көрсеткен [2, б.].
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемелекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген, Отанын шексіз сүйетін, сегіз қырлы, бір сырлы абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы. Осы арман дене, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің дәстүрлі қазақ мәдениетінің түрлері арқылы ұрпақтан- ұрпаққа заманалар бойы халықтың салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарында марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырды.
Қазіргі уақытта ұрпақ тәрбиесі туралы мәселеге, мүлдем жаңа психо-физиологиялық көзқараспен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгінгі таңда жалпы адам тәрбиесіне де, халық педагогикасының тигізер әсерлерін, тіпті ештеңемен салыстыруға келмейді.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты − білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Бүгінгі жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейтестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан, білім беру жүйесін реформалау саясаты ең біріншіден – еңбек, технология, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оқу үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау болып отыр. Бұдан ұлттық тәрбие мәселесіне бұрын соңды көңіл бөлінбеген деген ой туындамаса керек. Оған этнопедагогика саласындағы зерттеулер дәлел бола алады. Дегенмен де, қазіргі қоғамның ғылыми, әлеуметтік, практикалық талабына, тәрбие беру мақсатын жүзеге асыру қажеттілігіне сай, оқу-тәрбие үрдісінде жергілікті жердің экономикалық, экологиялық және этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, технология сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері әлі күнге дейін біржақты шешімін тапқан жоқ.
Өркениетті қоғам мен Қазақстан Республикасының гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.
Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңаруы жағдайымен бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің негізіне – қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған, уақыт сынынан өтіп, сараланған ұлттық тәлім-тәрбиесінің, сәндік қолөнерінің бай қазынасы, мол тәжірибесі алынып отырғаны мәлім. Өйткені жастардың ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық.
Ұлттық мәдениеттің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына қазақ ғалымдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтың қосқан үлесі зор [3; 4; 5; 6; 7; 8; 9]. Олардың еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер бойынша өте құнды пікірлер айтылған.
Жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық негізде эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралдарының бірі – сәндік қолданбалы өнер. Ұлттық қолөнерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін С.Қасиманов, А.Тәжімұратов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков және т.б. зерттеушілердің еңбектерінен көреміз [10; 11; 12; 13; 14].
Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнері мен қолөнерін оқытудың теориялық, әдістемелік, тәжірибелік мәселелері Ә.Қамақов, С.Ұзақбаева, Қ.Әмірғазин, Е.Асылханов, Б.Әлмұханбетов, Ж.Балкенов, Қ.Ералин, О.Сатқанов, С.Жолдасбекова, т.б. еңбектерінде қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің тарихы және бейнелеу өнері арқылы ұлттық, эстетикалық тәрбие беруде халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып жүргізудің жолдарын қарастырған [1-23].
Белсенді әдістер мәселесі төменгі еңбектерде орын тапқан: А.Әлімов Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану; А.К.Мынбаева, З.М.Садвокасова Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие; А.П. Панфилова Игровое моделирование в деятельности педагога [24; 25; 26].
Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері мәселесі төмендегі еңбектерде орын тапқан: Тігін өндірісінің мататануы (Мальцева Е.) [27; 28]; "Әйел және бала киімін конструкциялаудың негіздері"(Л.Н.Шершнева) [29]; Қазақ киімі. Альбом. Қазақша киім табиғатына жүгінсек (Жәнібеков Ө.) [30]; Казахские национальные традиции в современной одежде (Рассохина Э.) [31]; Технология пошива (Юдина Е.Н.) [32]; Азбука вышивания (Глинская Б.) [33]; Практическая книга по моделированию женской одежды (Бланк А.Ф.,Фомина М.) [34]; Костюм тарихы (Жолдасбекова С.А.) [35] және т.б.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Осы тұрғыдан алып қарасақ оқушыларға білім, білік, дағдыны қалыптастыруда белсенді әдістердің маңызы зор.
Сондықтан оқушыларға белсенді әдістер арқылы жоғары сынып оқушыларына киімді жобалау және модельдеуді үйрету барысында біз окушылардың бойындағы әсемдікті түсіну және сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқьптылыққа, сұлулыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке т.б. баулимыз. Сонымен қатар жан-жақты белсенді әдістер арқылы оқушылардың жобалау және модельдеу тұрғысынан танымын кеңейтіп, дағдысын қалыптастырамыз.
Бүгінде ел ішінде осындай он саусағынан өнер тамған, қолөнердің сан саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз емес. Солардың бірі республика көлемінде танымал ұлттық киім үлгілерін тігетін Әсем Нұрсейітова, Ая Бапани, Гакку Күзембаева. Түрлі түсті киіз мата қиындыларын құрау, оюлап ою жұмысы ежелден – нәзік сезімді, ұлттық рухымызды көрсетеді. Оны әдемі де, нәзік көрсету үшін маржан тастармен, сумоншақтармен, кристал тастармен безендіреді. Тәж жасау үшін оған оюды дұрыс таңдай білу де маңызды. Егер де ою-өрнектерді қазіргі киім үлгілерінде жаңғырта берсек, ол тіпті ұлттық стиліміздің айнымас бөлшегі боларына сенімдімін. Бұл тәжді ұзатылып жатқан қыздарымыз арнайы тапсырыс беріп тіктіруде. Қазақ халқының тарихында ұзатылған қыз сәукеле кигенде, бетмоншағы міндетті түрде болған. Сол секілді бұл тәж түріне сол бетмоншақ қосылып тігіліледі. Ол қыздың сыпайылығы мен инабаттылығын көрсетіп тұрғандай.
 Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек деп тегін айтылмаған. Жоғарғы талап-талғамға қарай әдемі киіне білудің өзі мәдениеттіліктің бір көрінісі десек, ХХІ ғасырдың басында тек әртіс, әншілерден ғана емес, қарапайым халық арасында осындай сәнді киім кие бастаған қыз – келіншектерімізді кездестіруге болады. Олардың осы кездегі тіккен, бұл киімдердің үлгілері қазіргі шеберлерді де таңқалдырары сөзсіз. Осынау әсем туындылардағы ұлттық ою-өрнек дегеніміз бір сөзбен айтқанда-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады десек артық айтқандық емес. Олар адамды ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Демек ұлттық ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Өйткені осыншама әсем оюды ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болары айқын.
Қазіргі заманғы жастардың халық қолөнерін түсініп, заман талабына сәйкес пайдалана білуі көңіл қуантарлық жәйт. Осындай жастарымыз тұрғанда қазақ халқының мәдениеті жаңғырып, дами берері сөзсіз. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады. Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген-түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы.
Мектепте білім беру үрдісімен таныса келе қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану мәселесін зерттеуде конструкциялау мен модельдеуге қажетті деңгейде мән берілмей жатқанын байқауға болады. Оқушылардың әртүрлі пәндерден алған білімі қажетті деңгейде емес, бұл педагогикалық әрекетте қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жүзеге асырудың әдістері мен рөлі туралы толық ұғымды қалыптастыруды қамтамасыз ете алмайды. Осы аталған мәселелерді зерттей келе біз өз диплом жұмысымыздың тақырыбын: Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері, - деп таңдап алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: оқушыларға қазақ халқының қазіргі заманғы киім үлгілерін ұлттық ою – өрнектер арқылы сәндеу әдістері туралы теориялық және практикалық тұрғыда түсінік беру.
Зерттеу нысаны: ортаңғы 8-9 сынып оқушыларын технология сабағында ұлттық қолөнерге баулу барысы.
Зерттеу пәні: Оқушыларға Қазақ халқының қолөнерін оқытудың әдістемесі
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазіргі киім үлгілерін ұлттық ою – өрнектер арқылы сәндеуді үйретудің теориялық негіздерін айқындау;
- Қазақ халқының ою – өрнектерінің мағынасы мен қолданылу тәсілдерін түсіндіру;
-Қазіргі заманауи киімдерді ұлттық нақышта безендірудің жолдарын практикалық тұрғыда көрсету;
Диплом жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 ҚАЗІРГІ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР АРҚЫЛЫ СӘНДЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ұлттық ою-өрнектерге сипаттама

Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің атқаратын қызметіне (функциясына) мыналар жатады:
1.Тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдарды әшекейлеу;
- киіз үй жасауларын (баулар, құрлар, киіздер, текеметтер, тұс киіздер, сырмақтар, алашалар, кілемдер және т.б.);
- тұрмыстық заттарын (сандықтар, жүкаяқтар, ыдыстар, асадалдар, ер-тұрмандар, қоржын-қалталар, дастарқан және т.б.);
- киім-кешектерін (сәукеле, тақиялар, қалпақтар, етіктер, мәсілер, көйлектер, қамзолдар, шапандар, кимешектер, шалбарлар және т.б.);
- әйелдер әшекейлерін (білезіктер, жүзіктер, сырғалар, алқалар, белдіктер және т.б.);
2. Архитектуралық құрылыстарды әсемдеу:
- мазарларды (Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Айша бибі, Қарахан, Домбауыл және т.б.);
- мавзолейлерді (Арыстан баб, Ахмет Ясауи және т.б.);
- үй құрылыстарын (Баб Ата, Тараз, Қасрибас, Сығанақ, Құлан қалашықтары және т.б.);
- құлпытастарды (Қарағаш, Қамысбай және т.б.);
- моншаларды (Отырар, Тараз және т.б.);
3. Адам ойын бейнелі түрде жеткізу:
- ұзатылған қыздың ою-өрнек арқылы өз жағдайын ата-анасына хабарлауы;
- білезікке түсірілген ою-өрнек арқылы жігіттің қыз басының бос немесе бос еместігін білуі;
- құдағи жүзікке бейнеленген ою-өрнектерден қыз анасының жігіт анасына деген ризашылығын білдіруі;
- ұзатылған қыз жасауындағы өрнектерде әке-шешесі, ағайын-туғандарының қызына тілеген арман-тілектерінің берілуі және т.б.;
4. Ертедегі халықтың дүниетанымдық көзқарасын білдіру:
- дүниенің пайда болуы, жаратылысы жөніндегі ой-пікірлері (от, су, ауа, тау), оюдың төрт бітімді бұйымға салынуы (төрт-мүйіз, шаршы ою т.б).
- аспан әлеміне табынушылықты (космогониялық өрнектер);
- табиғат құбылыстарына сиынушылықты (өсімдік тектес, аң, құс тектес өрнектер және т.б.);
5. Халықтың наным, сенімдерін көрсету:
- көз, тілден сақтану (тұмар, нәйзекі оюлары);
- қасиетті сандарды қадір түту (жеті гүл, қырық-мүйіз);
- киелі зат, бұйым құбылыстарды қастерлеу (бауырсақ, ботакөз оюлары және т.б.);
6. Халықтың тұрмыс-тіршілігін бейнелеу:
- мал шаруашылығы (қошқар мүйіз, түйетабан және т.б.);
- егін шаруашылығы (арпабас, бидайық және т.б.);
- сауда-саттық (бұқар теру, кежім теру және т.б.);
7. Тек жақсылықтың нышанын білдіру:
- тоқтық, молшылықты (мүйіз оюлар және т.б.);
- тыныштықты (көгершін өрнегі және т.б.);
- достық, сыйластықты (басқа ұлт өкілдерінің өрнегімен байланысы);
- еркіндікті (құсқанат, құстұмсық оюлары және т.б.).
Олай болса, қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалың әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар.
Ал, қазақ ұлттық ою-өрнек өнері бұған қарағанда кең ұғым. Өйткені, жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерінен басқа қазақ ұлттық ою-өрнектері қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнерінің барлық түріне қатысады және әр түрінде әр түрлі өрнектелу әдістерімен ерекшеленеді. Сонымен, қазақ ұлттық ою-өрнек өнері - қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері салаларының барлық туындыларында кездесетін ою-өрнек түрлері мен өрнектеу әдістерінің жиынтығы.
Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері-бейнелеу өнерінің, оның ішінде сәндік-қолданбалы өнердің үлкен бір арнасы. Дей түрғанмен, бейнелеу өнерінің түпкі бастауы халықтың қолөнерінен өрбігендіктен, оған қоса қазақ халқының ою-өрнектері ежелден-ақ қолөнерінің өркендеуіне сәйкес дамығандықтан, ою-өрнек өнері-қолөнерінің негізгі саласы болып табылады.
Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің қалыптасып, дамып отыруына әсер еткен жағдайлар былайша топтастырылады: әлеуметтік-экономикалық, табиғат, халықтың рухани өмірі.
Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің мазмұндық ерекшеліктерін былайша топтастыруға болады: мағыналық ерекшелігі, бояу түрлеріне қарай ерекшеліктері, құрылымдық жүйенің ерекшеліктері, өрнектеу әдістеріне байланысты ерекшеліктері.

Қазақ ұлттық ою өрнектерінің қалыптасу жағдайлары
Ою - өрнектерге әсер ететін жағдайлар
Ою - өрнектердің пайда болуы
Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар
Мал және егін шаруашылығымен айналысуына байланысты
Табиғат жағдайларына
Қазақтың кең дархан даласы, аң-құстарына, табиғатына, табиғаттың тылсым сырына байланысты
Халықтың рухани өмірі. Ұлттық салт-дәстүр
Қазақ халқының ерте кезден әдет-ғұрпы бойынша және наным- сенімдерге байланысты

Ою - халқымыздың көнеден келе жатқан өнерінің бірі болып табылады. Оюмен өрнектеу дәстүрі ежелден бері халқымыз арасында өте кең таралған және қазір де түрмысымызда қолданылады.
Шеберлер халық өнері бүйымдарын жасайтын негізгі материалдарға мал өнімдерін - жүнін, одан басылған киізді, терісін, сонымен қатар ағаш және металдарды қолданады. Металл өңдеуде зергерлердің эшекей жасайтын сүйікті металы күміс болған.
Қазақ ою түрлерінің саны өте көп. Қазақстан аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған қолданбалы өнер туындыларының барлығы да оюмен безендірілген болып келеді.
Қазақ оюының мотиві өсімдік әлемі элементтері, ау стилі зооморфтық формалары, геометриялық өрнектер, сонымен қатар космогоникалық символдар болып табылады.
Оюдың ашылмаған құпиялары элі де көп. Халқымыздың дәстүрлі бүйымдарының барлығында: қару-жарақ соғу өнерінде, киіз үй жарақтарында, зергерлік бүйымдарда, кілем тоқуда, алаша тоқуда, киіз бүйымдарда, қоржындарда, ыдыстарда, тоқыма киімдерде, тігуде, құрақ құрауда, қорытпа қүюда, қашап өрнек салуда оюмен безендіру кең қолданылған, үлкен өріс алған. Қазіргі кезде ғалымдар оюдың 230-ға жуық түрін тапты.
Мүйіз элементі барлық оюдың негізгі элементі болып саналады. Бүл элементте мүйіз тәріздес, доға тэріздес сызықтар басым болып келеді. Мүйізді қазақ оюының бастапқы элементі деп санауға болады, себебі оюдың басқа түрлері оның негізінде қаланған: қошқармүйіз - қошкар мүйізіне ұқсайтын ою; арқармүйіз - арқар мүйізіне ұқсайтын ою; бұғымүйіз - бұғы мүйізіне ұқсайтын ою; қырықмүйіз - көптармақты мүйізге ұқсайтын ою; қосмүйіз - екі мүйізге ұқсайтын ою; сыңармүйіз - бір мүйізге ұқсайтын ою; сынықмүйіз - сынған мүйізге ұқсайтын ою.
Сонымен қатар жануарлар мен құстар дене мүшелерінің жекелеген бөліктерін білдіретін оюлар: төртқүлақ - қүс табанына ұқсайтын ою; түйетабан - түйе табанына ұқсайтын ою; сыңарөкше - өкшеге ұқсайтын ою; қосалқа - қосарлы алқаға ұқсайтын ою; қүсқанаты - қүс қанатына ұқсайтын ою; қазтабан - қаздың табанына ұқсайтын ою.
Мүйіз типті оюлар кейде өте ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақтары зергерлік бүйымдарды безендіруге, кесте суреттерінде, ағаш және сүйек бұйымдарда, ал ірілері кілем, алаша, терме алаша тоқуда, текемет басуда қолданылады. Текеметке ою киіз негіздің өзіне салынады. Ірі ою, сонымен катар, шиден жасалған бұйымдар, қоржын жасауда, киім элементтерінде, құрылыста қолданылады.
Ою өнерінде симметриялық заңдылықтарды сақтау маңызды болып келеді: оюдың екі жағы да тең болуы керек.
Белгілі бір бұйымға арнап ою оярда, ең алдымен қағаздан үлгі дайындалады.
Оюды жасар алдында, оған бояудың ерекше көрік беріп тұратынын білу керек. Қазақ халқының қолданбалы өнерінде шеберлер көптеген ғасырлар бойы қызыл, көк, сары, жасыл, ақ және қара дәстүрлі түстерді қолданып келе жатыр. Бұл түстер өздеріне ғана тэн символикаға ие болып келеді:
көк - аспан түсі;
ақ - тазалық, адалдық, шындық символы;
сары - даналық, адамгершілік, мұңшер символы;
жасыл жастық шақ, көктем және т.б. символы.
Ою оюда симметрия заңдарымен қатар, ырғақ сезімін де сақтау маңызды.
Оюда белгілі бір элементтің қайталануы ырғақ деп аталады.
Мысалы, қошқармүйіз элементінің бірнеше рет қайталануы - бұл ырғақ. Егер де қошқармүйіз 5, 6, 7, 8 рет және осылайша шексіз қайталанатын болса, бұл шет ою - көмкерме ою деп аталады.
Ежелгі ою үлгілеріне тән элементтер айқын көрініс береді, бұлар: құстар мен жануарлар, гүл бейнелері. Көне түріктердің сенімдері бойынша құс - аспан, балық - су, ағаш - жер символы болған.
Қазақ оюларын халық шеберлері өзіне тэн үлгіде және үлкен шығармашылық қиялмен жасаған. Өрнек салынатын материал түрлі эдістермен құрастырылатын, сонан кейін шебердің өзіне ғана түсінікті күрделі сызықтармен өрнектеледі. Мата жазылғанда ерекше ою өрнектері пайда болады. Бүл өрнектер эрине, кездейсоқ пайда болмайды. Өрнектер қазақ халқының қайталанбас ішкі әлемінің көрінісін береді. Мүнда түйе табаны ізі мен қошқармүйізді, қүсмүрын мен қазтабанды, қүмырсқа мен көбелекті және т.б. кездестіруге болады. Зооморфтік оюлардан басқа, ирек, су, гүл сияқты және т. б. қоршаған орта элементтері де кездеседі. Сонымен қатар белгілі бір руға немесе жүзге жататындығын көрсететін геометриялық тең болып келетін фигуралар түріндегі ерекше символдар мен белгілерді де жиі көруге болады.
Қазақ ұлттық өнерінің қалыптасып дамуына әлеуметтік-экономикалық, табиғат, халықтың рухани өмірі әсер етті. Ғылымда ою-өрнекті геометриялық, табиғи, аралас деп бөлсе, кейбір зерттеушілер зооморфтық, физморфтық деп екіге бөледі.
Қазақ ұлттық өрнектерін мотивтеріне қарай Т.Басенов, Ә. Марғұлан, Х.Арғынбаев және т.б. былай бөледі: зооморфтық, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық ою-өрнектер.
Зооморфтық ою-өрнектер (1-сурет) тіршілік иелерінің мүшелеріне ұқсас болып келеді. Олар: мүйіз, қошқар мүйіз, қос мүйіз, қыңыр мүйіз, сыңар мүйіз табан, өркеш, қаз мойын т.б. сияқты болады.

1-сурет

Өсімдік тектес ою-өрнектер (2-сурет) белгілі бір стилге түскен өсімдіктердің формасына ұқсас болып келеді. Осы оюлардың ішінде ағаш, жапырақ, үш жапырақ, алма гүл, масақ гүл, қызғалдақ, жауқазын, шырмауықгүл т.б. өрнектер бар.


2-сурет

Геометриялық ою-өрнектер – геометриялық фигуралар бейнесіндегі сызық түрлері. Геометриялық ою-өрнектерге сүйір, ирек, өрмекші, балдақ, ирек, балта, тұмар т.б. өрнектер жатады.

3-сурет
Космогониялық ою-өрнектерге (4-сурет) космос денелері, жер көрінісінің элементтері, табиғат құбылыстары бейнесіндегі аспан әлеміне байланысты өрнектер жатады. Оған күн шеңбері, ай өрнегі, шеңбер, шұғыла, жұлдыз, айшық т.б. жатады.
Ою-өрнектерді аталу мағынасына қарай С.Қасиманов, Ұ.М.Әбдіғаппарова төмендегідей топқа бөліп қарастырады:
1.Ай, күн, жұлдыздарға – көк әлеміне байланысты өрнектер.
2.Малға,малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
3.Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
4.Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер.
5.Құстарға байланысты өрнектер.
6.Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер.
7.Қару құралдарға байланысты өрнектер.
8.Геометриялық фигура тектес ою-өрнектер.

4-сурет
Ою-өрнектерді қолданудың түрлі ерекшеліктері бар. Геометриялық ою-өрнектер мен өсімдік тектес оюлар кей бұйымдарда қатар қолданылуы мүмкін. Сол сияқты, дөңгелек өрнегі бір қарағанда геометриялық фигура, ал кейде күн бейнесін бейнелейтін космогониялық өрнекке жатады. Сондықтан ою-өрнек бейнесі жанындағы өрнектердің мағынасы мен мазмұнына қатысты қарастырылады.

Ою-өрнектердің бұйымдардың бетіне салынуы жай нәрсе емес. Ол бұйымның формасына, мазмұнына, ықшамдылығына, өлшеміне тікелей байланысты. Алаша, терме алаша, бау-басқұр, ши және архитектуралық ескерткіш беттеріне геометриялық мотивтегі ою-өрнектердің жиі қолданылуы өнердегі дәстүр болып табылады. Сол сияқты ұлттық киімдер, тұскиіз, сырмақ, кебеже, сандық, төсекағаш, асадал және зергерлік бұйымдарға өсімдіктектес және зооморфтық ою-өрнектердің салынуы бұл өнердегі дәстүрлі құбылыс.
Композиция латын тілінен аударғанда ''composіtіo'' – құрастыру, біріктіру ойлап шығару деген мағынаны білдіреді. Өнердің басқа да түрлері секілді ою-өрнектер жасау композициясы да өзінің ерекшеленген ережелерінің арқасында мәнерлі қасиеттерін ескереді. Сонымен, композиция көркем шығармаларда барлық элементтерді үйлестіре біріктіру, шығарманың кейіпін көрсету, айтпақ ой анық әрі әсерлі болу үшін онда бейнелейтін нәрселерді белгілі бір ретпен орналастыруға көңіл аудару.
Кеңістіктегі көлемді құрылысты анықтау үшін бұйымның арналуына қарай формасын, ондағы жекеленген элементтердің орналасуына көңіл бөле отырып қолданылатын материалды таңдап алу.
Композицияның сәні түрлі әсемдеу деталдардың, әсемдік бұйымдар мен түстердің үйлесімділігін орынды қолдану нәтижесіне байланысты. Қазіргі заманғы ою-өрнек салынатын сәнді бұйымдардағы түстердің үйлесімділігі ерекше роль атқарады. Өзара жақын (сарғыш-қоңыр мен қоңыр, көк пен көгілдір), сонымен қатар көзге қонымды (ақ сары, қызғылт, ашық жасыл, ақшыл, сұр, ашық көк т.б.) түстерді сәйкестіре пайдалану арқылы әсемдікке қол жеткізуге болады. Қара немесе көк түсті ақ түспен араластыра қолдануға болады. Олар бір-бірінен айқын көрініп тұрады.
Ою-өрнекті жобалау барысында әсерлілік тұрғыда мынадай ерекшеліктерді атауға болады:
- композицияны жеке адамның қабылдауын;
- адамның бұйымды ұстағанда жайлылықты сезінуін;
- мәні мен мағынасын ескеру.
Суреші-дизайнер өнер туындысын әзірлеуде өз ойын толық жеткізу үшін композиция заңдылықтарын меңгеруі қажет. Бұл заңдылық бойынша көркем шығарманың барлық құрамдас бөліктерінің гормониялы тұтастығы, сонымен қатар функциональдылығы мен конструктивтігі және өзара үйлесімділігі ескерледі. Мұндай тұтас композиция заңдылығы бар туындыны шығару кәсіби шебердің басты міндеті болып саналады.
Әдебиеттерге шолу нәтижесінде композицияның негізгі заңдылықтары мен ережелеріне мыналар кіретіндігі анықталды:
1.Композициядағы ою-өрнектер бұйымның қолдануына сай келіп оны айқындай түсуі қажет.
2. Композициядағы өрнек элементері мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет.
3. Міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс.
4. Композиция тұтас болуы қажет.
Бірінші заңдылыққа байланысты бірнеше ережелерді атап өтуге болады, бірінші; тақырыпқа байланысты ою-өрнектердің сай келуі әрі біртұтас үйлесімділігінде. Мысалы, кілемге түсетін ою-өрнектердің (шатыргүл, пәтнісгүл, самауыргүл, қос мүйіз, сыңар мүйір ) байланыстылығы оның маңыздылығын аша түседі.
Екінші ереже: кілем бетіне салынған ою-өрнектердегі түстердің ара-қатынасы, олардың үйлесімділігі, композициялық ортада түстердің шешімінің табылуын алдын-ала ойластыру қажет.
Үшінші ереже: кілем тоқу барысында құрылған композицияның мақсатына орай ою-өрнек элементтерінің сай келуі арқылы көркемдік шешімін табуға болады.
Композицияның екінші заңдылығы бойынша кілемдегі ою-өрнектердің барлық элементтері мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес болуы қажет, яғни пропорция заңдылығы қарастырылуы керек.
Композицияның үшінші заңдылығы бойынша міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс, яғни бұл жұмыста ең басты нәрсе композициялық орталық болып саналады. Композициялық орталықты – назар аудару орталығы деп түсінуге болады. Кілемдегі композициялық орталық дәл ортасында орналасқан шатыргүл, қолтықшалар, одан кейін көмкерме, шеткі оюлар.
Композицияның төртінші заңдылығы – композиция тұтас болуы қажет. Кілемдегі ою-өрнектердің композициялық бірегейлі тұтас болуы, ондағы басты элементке жеке элементердің бағынышты болуында. Композицияның тұтас болуы ойды толық жеткізуіне әсер етеді, әрі ол жеңіл қабылданады.
Сәндік-қолданбалы өнерінде симметрия өзінің бастауын өмірден ала отырып, симметриялы (бірдей, тең) орналасқан формалармен өрнектеледі.
Симметриялы композицияның орындалуына оның бөліктерінің түр-түс, бедер, массасы, тіпті формасына тепе-тендік сипаты тән. Бұл жағдайда бөліктің бір жағы екіншісінде айна қатесіз қайталанады. Мысалы, қошқар мүйіз өрнегінің бірдей болуы. Симметриялық композициялардың басым көпшілігінің айқын ортасы болады және заңды түрде заттың геометриялық ортасымен сәйкес келеді.
Симметрияның ось бойыңда екі алқапта қайталануда үйлесімді ауытқулары да болуы мүмкін. Айна қатесіз қайталанатын композициялардың кіретін бұрышы, басы, ортасы, аяғы және шығатын есігі ырғақтармен салынады. Симметриялы композицияларда образды бейне көрсетіліп ( гүл, қошқар мүйіз), не көрсетілмей жалпы толтырумен аяқталып жатады. Оның барлығы композицияның сәтті табылып, жеңіл оқылуына байланысты.
Асимметрия өзінің құрылымында симметрияға қарсы құбылыс болып табылады. Егер композиция ассимметрияға құрылған болса, зандылық бойынша симметриялы емес, керісінше симметриялы композиция ассимметриялы емес екендігі олардың өзара композицияның зандылықтарымен шартталғандығын біддіреді.
Кілемде, сырмақта, тұскиізде симметриялы бейнелер композициялық тепе-теңдікті білдіріп, шығарманың оң және сол жақтары ұқсастырылған болса, ассиметриялық композицияда тепе-теңдік заттар арасына үзілістер енгізуде бір-біріне жақындауы немесе алыстауы арқылы іске асады. Тепе-тендік, сондай-ақ, үлкен және кіші формаларды бір-біріне қарсы қою арқылы іске асады.
Асимметриялық ортасы ауысқан композицияларда тепе-тендік саналы түрде азайтылады немесе мүлде болмайды. Мысалы, мазмұндық орталық композицияның екі жағының біріне жақын орналасып, екінші жақ онымен салыс-тырғанда азырақ толтырылғанда. Егер сюжет қарама-қайшылық жағдайларға байланысты: әлеуметтік және психологиялық контрастар бір-бірінен алыс орналасқан фигуралар тобын сипаттайтын болса, олар сырттай композицияны симметрия принципі бойынша бөлетін тәрізді көрінуі мүмкін. Қарама-қарсы қою, шын мәнінде екі бөлімділермен композицияда қарама-қарсылықтың үйлесімділігін туғыза отырып, тепе-теңдікті береді.
Ырғақ - өмірде және ою-өрнек өнерінде белгілі бір ұқсас, сәйкес элементтердің жиі немесе сирек түрде жүйелі қайталануы. Егер симметрияға элементтердің тепе-теңдік күйі тән болса, ырғақ қозғалыстың шексіз созылуы болып табылады.
Ырғақ - табиғатга ең алдымен композициялық бастамалардың бірі. Өмірдің барлық сан-салалы аясында: ғарыш құбылыстарында (ғарыш дірілі), органикалық және органикалық емес табиғатта (кристалдар түзілімінде, құмды дала иірлерінде), жыл мезгілдерінде, өсімдіктер әлемінде, адам ағзасында (жүрек пен қан тамыры қағысы, зат алмасудың ырғақтары) кездеседі. Дегенмен, өнердегі ырғақ пен өмірдегі ырғақтың айырмашылығы бар.
Ою-өрнек өнеріндегі ырғақ — техникалыққа қарағанда, едәуір пластикалық болып келетін органикалық әлемдегі ырғаққа жақын. Өнердегі ырғақтық қайталануы дәл және қатаң емес, ол әрқашан мерзімді реттілік заңдылықтарынан тыс екендігін көрсетеді. Ырғақтың бұзылуы, ырғақтың босаңсуы мен тартылуы - өнерге тән ерекше сипаттама.
Сондай-ақ, ырғақ — үйымдастырушы бастама. Е.А. Кибрик ырғақты "Композицияның ырғақтық негізі суретшінің идеялық ойындағы ішкі зандылықты көрсетеді. Бүл ерекше зандылық әрбір идёі^рық ойда кездеседі және оған сәйкес келетін композициялық қүрылымды немесе ырғақты таба білу шығарманың көркемділігінің куәсі.
Ырғақ тек қана ұйымдастырушы бастама ғана емес, сонымен қатар ол - эстетикалық бастама. Шығармаға тікелей сол арқылы көркемділіктен бөлуге болмайтын поэтикалық, саздық қасиеттер хабарланады.

1.2 Ұлттық өнер мәселесі ғалымдар еңбектерінде алатын орны

Ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ертеден келе жатқан ұлттық қолданбалы өнеріміздің озық үлгілері жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесіне зор ықпалын тигізеді. Сондықтан, жас ұрпақ тәрбиесінде жалпы білім беру саласында тәрбиелік мәні зор ұлттық қолданбалы өнер туындыларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану қазіргі заман талабы.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. ...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр,- деген сөзі қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылғандығын айғағы [36]. Бұл мәселе, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында – Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, - деп деп көрсетілсе [1], Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – Орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу мен білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет... - делінген [37].
Қазіргі уақытта жастар арасында тәрбиенің нашар болуы - ұлттық тәрбиеден қол үзудің салдары болады. Мектептердегі технология сабақтарында білім мен тәрбие берудің негізгі кемшілігі - ұлттық қолданбалы өнердің жүйелі оқытылмауы және олардың табиғи мүмкіндіктерінің ескерілмеуі, оның басқа пәндер секілді жүргізілмеуі деп білеміз.
Сондықтан, қазіргі мақсат – тәрбиені ізгілендіру, жеке тұлғаны ұлттық негізде қалыптастыру. Бұл жұмыстар мектептерде барлық оқу-тәрбие жұмыстары жүйесімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Оқушының жас ерекшеліктеріне қарай әр кезеңде оның өсіп жетілуіне өнердің ықпалы туралы педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми зерттеу еңбектерінде педагогикалық ой-пікір мен теориялық тұжырым, әдістемелік тәжірибе жинақталған. Бұлар жас ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру мен көркемдік білім беруге жол ашатын әдіснамалық негіз ролін атқара алады.
Көркем өнердің әрбір жеке тұлғаның эстетикалық, рухани дамуына, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына зор ықпалы туралы теориялық мағлұматтар Аристотель, Платон сынды ойшылдардың философиялық, эстетикалық ой-пікірлерінен, қайта өрлеу дәуіріндегі өнерді нақтылы шындықты түсінуге, тануға жетелейтін ғылым дәрежесіне көтерген Леонардо, Альберто, Дюре, т.б. өнер алыптарының трактаттарынан өнердің әлеуметтік қызметін айқындай отырып, оның саяси-адамгершілік сипатын атап көрсеткен француз ағартушылары Вольтер, Дидро, Руссолардың эстетикалық еңбектерінен және олардан кейінгі Кант, Гегельдердің философиялық, эстетикалық тұжырымдарынан бастау алған.
Қандай болмасын өнердің теориясын меңгеру дегеніміз - бұл өнер мәселелерін ақылмен білу және тану қабілеттілігін меңгеру болып табылады,- деп, Әл-Фараби өнер туралы өз пікірін қалдырған [38, 15].
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемелекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген сегіз қырлы, бір сырлы абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы. Осы арман дене, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің дәстүрлі қазақ мәдениетінің түрлері арқылы ұрпақтан ұрпаққа заманалар бойы халықтың салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда марапатталып, сіңіріліп іске асырылып отырды.
Ұлттық мәдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім беру мен ұлттық тәрбие берудің басты құралдарының бірі – ұлттық қолданбалы өнер. Ұлттық қолданбалы өнер – ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі.
Жеке тұлғаның қалыптасуы белгілі бір ортада көптеген факторлардың өзара әсері арқылы дамиды. Біздің түсінігімізше, ұлттық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру этнопедагогикалық білімнің құрамдас бөлігі болғандықтан оны іске асырудың түрлі мүмкіндіктері мол.
Орыс ғалымдары: И.Я.Богусловская, В.Б.Воронов, М.А.Некрасова, Т.М.Разина, С.М.Темерин, т.б. сәндік қолданбалы өнердің табиғатын, оның адам және қоғам өміріндегі атқаратын қызметінің мәнін зерттеп, бұл өнердің өміршеңдігін, қайталанбас көркемдік құндылығын айта келіп, оның тәрбиелік мәніне де тоқталған.
Ұлттық өнер әр халықтың қоғамдағы тұрмыс-тіршілігін, саяси жағдайын, іс-әрекеті мен мінез-құлқын көркем түрде білуге жол ашатын бірден-бір жол. Сондықтан да, ұлттық өнер өсер ұрпақты жан-жақты біліммен қаруландырып, жанын сұлулыққа құштарландырады.
Халқымыздың бай мұрасы мен өнер түрлерінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы педагогикалық ой-пікірлер мен тұжырымдар негізін қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарастарынан байқаймыз. Олар қазақ қолөнері туралы арнайы еңбектер жазбаса да, шығармаларында ол туралы өздерінің дүниетанымдық көзқарастарын философиялық тұрғыда қысқаша айтып кеткен. Мысалы, Шоқан Уәлихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамдық саяси және философиялық көзқарастармен тығыз байланыста болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс тіршілігіне, ұлттық әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне баса көңіл бөледі. Туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Сөйтіп, өз халқының ауыз әдебиеті, әсемдік танымы арқылы сол халықтың эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады. Ол қазақ халқының өткен өмірі мен болашағы жайлы ой-арманын, тілегін көрсету, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерге көңіл аудару, оны халық тәрбиесінің құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланғанын және оны болашақ ұрпақтар тәрбиесіне де қажет екенін ескерткен [3].
Ы.Алтынсарин жас жеткіншектерді қолөнер бұйымдарын жасауға баулу мәсәлесіне көп көңіл бөлді. Ол қазақтың қолөнер туындыларын өте жоғары бағалаған, сол себептен де балаларды сол өнерге баулу үшін бірнеше қолөнер мектебін ашқан. Бұл мектептерде ағаш ұсталығы және киім тігу істері үйретілсе, Красноуфимскідегі реальное училищесі мен ауылшаруашылық мектептерінде тері илеу, қыш құмыралар жасау өнері меңгертілді. Сондай-ақ, Торғайдағы қазақ қыздары үшін ашылған мектепте ұлттық киімдер, кесте тігу, киім пішу, шәлі тоқу, жіп шалу және қазақ қолында көп болатын жүн, қыл сияқты материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр кілем тоқу сияқты жұмыстар үйретілді. Яғни, Ыбырай халықтың қолөнеріндегі әдемілікті, әсемдікті өзі ғана түсініп, қызықтаумен шектелмей, сол кездің өзінде-ақ өнерге балаларды да ынталандыруға атсалысқан [4].
Ұлы Абай да ұрпақ тәрбиесіндегі халық мұрасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалаған. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде айтылған оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері егеменді еліміздің рухани қазынасына айналып отыр [5].
С.Торайғыров халықты, жастарды дүниетану оқуына, өнер үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үлгі алуға, ілгері өрлеуге, басқа елдермен теңесуге шақырды. Өмірді өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш саналы тәрбие деп түйіндеді.
М.Жұмабаевтың Педагогика кітабында дене тәрбиесі мен рухани тәрбиенің мәселелері жан-жақты және терең қамтылады. Онда қазақ мектептерінде балаларға тәрбие берудің жолдары мен түрлері, сонымен бірге, баланы рухани тәрбиелеудің маңызы туралы мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға қоршаған ортаны қабылдаудың ұстанымдары мен заңдарын түсіндіреді. Бұл еңбекте жан көрініс терінің бірлігі әсерлену, мінездің жасалуы, мінез тәрбиесі, сұлулық (эстетикалық) сезімдерін тәрбиелеу, баланың жалпы жаратылысы жайлы бағалы пікірлер айтқан: Ішкі сезімдердің адам үшін ең қымбаттары сұлулық һәм құлық сезімдері... Адамның әдемілік сезімінің ұлғаюына көру сезімі көп көмек көрсетеді. Әдемі түс, әдемі түр, жаратылыстың сұлу заттары, сұлу көріністері адамның әдемілік сезімдерін тереңдетпей қоймайды. Көру сезімінің күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе балаға сурет салғызу. Сурет салғызу баланың көру сезімін ұлғайту үстіне, әдемілік сезімін де ұлғайтады... Жаратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті [9]. М.Жұмабаевтың осы ой-тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, жас жеткіншектерді көркем өнер түрлерімен, соның ішінде ұлттық қолөнер туындылары негізінде эстетикалық талғамдарын қалыптастыру ісін жүзеге асыру бүгінгі күнгі өзекті мәселе. Осының ішінде ұлттық оюланған жапсырмалы бұйым жасау ерекше орын алады.
Ұлттық дәстүрлер көркемдік шеберліктің халықтар жинаған мол қазынасын ғасырдан ғасырға әкеп тапсыратын эстафета іспетті. Бірақ олар ұлттық өнердің нәтижелерін міндетті түрде қамтиды. Сонымен қатар қоғамдық өзгерістердің және халықтық ұлттық характері дамуының нәтижесінде, ұлттық дәстүрдің кейбір түрлері күн асқан сайын құри береді. Дәстүрлер шебер суреткердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленіп отырады. Жаңа дәстүр туады,- деген М.Әуезов, өнер туралы өз ойын былай тұжырымдайды: Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды... Көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді... Замана толқыны тарых теңізінің жағалауында көркем өнердің баға жетпес меруерт-маржандарын қалдырады. Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу... Өнерпаз болсаң өр бол [39,327].
Бүкіл адамзаттың келешегі - жас жеткіншектердің қандай мұраттар негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, кемелденуіне байланысты,- деген болатын Ғ. Мүсірепов. Олай болса, ертеңін ойлаған елдің негізгі нысанасы келешек ұрпақтың саналы тәрбиесіне бағытталуы керек екені өзінен-өзі түсінікті [40,177].
Профессор Т.Тәжібаев өзінің 60-шы жылдардың басында жазған Ауылдағы қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері
Ою-өрнекті әр түрлі әзірлемелерді дайындауда дағдылы сәндік жұмыстарды қолдану
Киімнің негізгі қызметтері
Қолөнер - сырлы өнер
Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау
Киімде болған киізден
Қазақтың ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
Ою-өрнектер
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Пәндер