Қаржылық қүқықтық нормалар және қаржылық қүқықтық қатынастар


Қаржылық қүқықтық нормалар және қаржылық
қүқықтық қатынастар
Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы құқығы әр түрлі нормалары қолданалады.
Қаржы құқығы - бул қоғам дамуының итісті кезеніндеғі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып табылады.
Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналасын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.
Қаржы құқығы қаржы-құқықтық нормалар-құқықтың негізгі бастапқ элементтері, яғни мемелекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемелекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ередесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-құқықтық нормалардың императивтік (әмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағыттылған қаржы қатынастары қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.
Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы- құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады, олардың қатысушылары субъективті заңиқұқықтар мен міндеттілектер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар семлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады. Нормативтік-құқықтық қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар бойынша бөлу және пайдалану мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері үйлестіріліп берілген, каржы құқықтық қатынастарың басқа қатысушыларының - кәсіпорындарының, ұйымдарадың, мекемелердін және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар.
Нұскалардың мұндай түрі біріншілердің бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржы құқықтық қатынастарына не отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана емес, сондай-ақ олардың қаржы қатынастарының басқа қатысушыларың құқықтарымен байланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық қатынастарының барлық қатысушылардың құқықтары да, сол сияқты міндеттіліктері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік-өкіметтік мәжбірлеудің, яғни билік әдістерінің көмегімен объективті қаржы құқықтық қатынастарын шаруашылық жүргізудің ңақтылы ңәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен кесімдер оның тұтқалары ретінде көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқықтық нысандар мен әдістердің экономикалық процестерге қаржы-құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизмге қосылуы болады.
Қаржы қатынастарының бір қатысушыларына мемлекет тарапынан болатын тиісті өкілеттіктер үйлестіріп берілген басқа қатысушылар тарапының мемлекеттік-өкіметтік ңұсқамалары, сөндай-ак ұсыныстары, келісулері қаржы-құқықтық реттеудің әдістері болып табылады. Қаржылық міндеттемелердің орындалыуы көбінесе азаматтар мен лаузымды адамдардың заңды сөзсіз орындауына және санслылығына негізделген сенім әдісімен қамтамасыз етіледі. Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.
Санкциялар қаржы-нормаларды бұзушыларға қолданылатын жаупкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және олардак ақша қорлары мен қаржаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер айыппұлдар, тұрақсыздық айбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірру тоқтатылыу, несиеліндірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т. т. жатады.
Басқа жағынан қаржы қатынастарының субъектілеріне олардың құқықтарың әкімшілік сот тәрьібімен немесе мемлекеттің билеп-төстеуші органдарының - өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі процесінде қорғау мүмкіндігіне кепіл болады; олар өздерінің бақылауындағы құрылымдар актілерінің заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.
Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттікті шегінде қаржы ресурстары жұмылдыру, бөлу, пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жургізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттерді орындау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейтін, сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететтін белгілі бір қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды.
Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және зандық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белғілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пада болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржылық қызметтің сол немесе құқықтық нысандарын қолдану реттелінетің қатынастардың маңызын және мазмұнымен айкындалады. Мысалы, заңи акті ұзақ тұрақты қаржы қатынастарын қамтып көрсетеді және оны Парламент бекітеді; қысқа қатынастар, мысалы республикалық бюджет туралы заңды да елдің әлеуметік-экономикалық өмірі үшін мұндай актінің мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы қаржы қызметінде іс өқылады; оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдарының аппаратарына кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына нұсқаулық беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысың бекітуіне әзірлеу кезіндегі комиссиялардың мәжлістерін өткізу және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz