Тілдегі сөздерді 3 топқа бөлу

Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д.Э.Розенталь, И.Б.Голуб, М.А.Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оқу құралында "самостоятельные и служебные части речи" деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай және еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп және олардың әрқайсысына қысқаша анықтама берген.
Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибе өзін ақтаған, сондықтан ол ХХІ ғасырда да сақталғаны жоғарыда келтірілген орыс тіл білімінің тәжірибесінен көрінді. Сондықтан бұл топтастыруды артық санайтын кейбір қазақ тілшілерінің пікіріне қосылуға болмайды. Өйткені бұл топтастыруда тілдегі сөздердің жалпы ерекшеліктері ашылады, соған байланысты сөздің ойды білдіретін лексикалық мағыналы топтары анықталады, олардың сөйлемдегі ойды білдірудегі қызметі белгіленеді, сондай-ақ ол белгілері жоқ атауыш сөздерге қызмет ететін де сөздер бары, көмекшілер бары анықталады. Осы екі топтың да қызметін атқармайтын, тіпті сөйлемге қатыспайтын ерекше топтың бары осы топтастыруда анықталады. Бұдан тілдегі сөздердің жалпы ұқсастықтарымен бірге айырмашылықтары болатыны байқалады.
1. Атауыш сөздер – лексикалық мағынасы бар сөздер. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді, сөйлем мүшесі болады, олардың көбінің түрлену жүйесі, грамматикалық категориялары бар, сөйлемде категорияларының көрсеткіштерін қабылдап, белгілі грамматикалық тұлғаларда қолданылады. Атауыш сөздер ішінде грамматикалық категориялары жоқтарыд да кездеседі, бірақ олардың бәрі – лексикалық мағынасы бар сөздер. Атауыш сөздердің белгілері төмендегідей:
1. Атауыш сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер, олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздер.
2. Атауыш сөздер лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, олар сөйлемдегі ойды білдіру үшін, сөйлемді құрауға қатысады.
3. Атауыш сөздер сөйлемді құраушы негізгі сөздер болғандықтан, олар сөйлем мүшесі болады.
4. Атауыш сөздерсіз ойды жеткізу мүмкін емес.
5. Бұл топтағы сөздердің мағыналарының бәрі шындық өмірді суреттеуге қатысты. Оны әр сөз табының мағынасынан көруге болады.
6. Атауыш сөздер сөйлемнен тыс та қолданылады, мәселен, түрлі сөздіктерде қолданылады, атауыш сөздерді жеке атағанда да мағынасы түсінікті болады.
Міне, бұл белгілер атауыш сөздерге жататын 7 сөз табының бәріне қатысты. Бұл – осы сөз таптарының ұқсастық белгілері, бәрінің бір топ болуына негіз болған белгілер. Қалған сөздердің тобында бұл белгілер жоқ.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

2. Көмекші сөздер грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дербес сөзден бөлек жазылғанымен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға түрлі грамматикалық мағына қосады. Грамматикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздің құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге, сөзге түрлі грамматикалық категориялардың мағынасын қосып, сөзді түрлі грамматикалық тұлғаларға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мәселен, Қарабанов кенет мырс етіп, столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді (С.М.). Осы сөйлемде үш көмекші сөз бар. Олар – үш түрлі көмекші сөздер, үшеуі үш түрлі қызмет атқарады. Олардың біріншісі – ет – көмекші етістігі. Ол мырс деген еліктеуші сөзге тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосып, сөзжасамдық қызмет атқарған. Бұл сөйлемде мырс етіп – бір сөз, бір сөйлем мүшесі. Оның мағынасын мырсылдады деген туынды түбір етістікпен салыстыруға болады, бірақ ол сөздің жасалуы осы сөйлемге қатысты деуге болмайды, ол – сөйлемге дайын түрінде кірген дербес сөз.
Екінші көмекші сөз – аст көмекші есімі. Сөйлемде ол стол деген дербес сөзге тіркесіп, оған мекендік мән қосқан. Сөйлемде стол астына – бір сөз, сөйлемнің бір мүшесі, яғни ол – стол сөзіне грамматикалық мағына қосып тұрған грамматикалық көрсеткіштердің бірі. Мәселен, ондағы лексикалық мағыналы сөз – стол, оған қосылған грамматикалық көрсеткіштер: - дың астына. Мұндағы: ілік септіктің жалғауы мен көмекші сөздегі – ы қосымшасы – көмекші есімді дербес сөзбен байланыстыратын қосымшалар. Көмекші есім сөйлемде осы қосымшалар арқылы лексикалық мағыналы стол сөзінің құрамына кірді. Столдың астына бір сөз болғандықтан, ол сөзге жалғанатын барыс септік жалғауы астыкөмекші есіміне жалғанады да, стол сөзінің грамматикалық формасын аяқтады. Сонымен, столдың астына сөзі – септік категориясы бойынша түрленген сөз, яғни столдың астына сөзі сөйлемде септік категориясының тұлғасында қолданылған сөз.
Осы сөйлемде тағы бір көмекші сөз қолданылған. Ол – да шылауы. Бұл шылау сөйлем мен сөйлемді байланыстырған: столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді дегенде, да шылауы бірінші сөйлемнің баяндауышына тіркесіп, екі сөйлемді байланыстырып тұр.
Бұл келтірілген мысалдардан атауыш, дербес сөздер қандай түрлі болса, көмекші сөздер де түрлі екені анықталды.
Қазақ тілінде көмекші сөздердің мынадай түрлері бар: көмекші есім, көмекші етістік, шылау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модаль сөздер
Сөз таптарының қасиеттері
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Грамматикалық категориялар
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Сөз таптары орыс
Аударма кезіндегі сөз құрылымын өзгерту
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
Пәндер