Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 124 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жас ерекшеліктер физиологиясы және гигиена пәні ғылымның екі саласын адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жас ерекшеліктер физиологиясы мен балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын мектеп гигиенасы ғылымдары қамтиды.

курсты оқу үшін негізгі физиологиялық және тағы да басқа биологиялық ұғымдармен таныс болу қажет, сонымен қатар пәнді оқу барысында алынған білімдерді студенттер оқу орындарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланулары мүмкін.

Курстың мақсаты - Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.

Курстың міндеттері:

- болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;

- оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;

- өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;

- халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру.

Студент курс аяқталғаннан кейін мыналарға міндетті:

1. өзінің білімін тәжірибеде пайдалана білуге;

2. жас ерекшеліктер физиологиясының және мектеп гигиенасының қазіргі заманғы мәселелерін білуге;

3. көрнекіліктер мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білуге;

4. негізгі эксперименталдық зерттеу әдістерін пайдалана білуге;

5. тәжірибелерді дұрыс қоюға, алынған нәтижелерді дұрыс бағалап, қорытынды жасай алуға;

6. пәнаралық байланыстарды жүзеге асыра алуға.

Бұл пән болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерге балабақша және мектеп жасындағы балалардың даму ерекшеліктерін оқытып-үйрететіндіктен, осы құрал жоғарғы оқу орнының барлық педагогикалық мамандықтарында оқитын студенттерге, аспираннтарға, сонымен қатар, оқытушыларға да арналған.

1. 1. КІРІСПЕ. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ӨСУ МЕН ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ

Жоспар:

1. Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері.

2. Адам организмінің жалпы сызбанұсқасы.

3. Өсу мен даму заңдылықтары.

4. Жас кезеңдері.

Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері

Физиология - мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.

Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы - жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті - өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.

Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды.

Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:

1) бақылау - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;

2) табиғи тәжірибе - мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады.

3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.

Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:

-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;

-эргометрия;

-есепті шығару әдісі;

-телеметрия;

-антропометрия.

Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.

Адам организмінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы.

Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болыпжасуша табылады. Шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалардың негізгі түрлері: жабын, дәнекер, сүйек, бұлшықет және жүйке. Ұлпалар мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.

Жасушадан басталып, мүшелер жүйесінен аяқталатын ағзаның барлық құрылымдарының қызметі келісіп жұмыс істеп бір тұтастық принципіне бағынады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады.

Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады.

Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады.

Осы тұрақтылықты сақтау үшін ағзада өзін-өзі реттеу процесі үздіксіз жүріп жатады.

Өзін-өзі реттеудің 2 түрі бар:

1) гуморальдық реттелу;

2) жүйке арқылы реттелу.

Өсу мен даму заңдылықтары

Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.

Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.

Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.

Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.

Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:

1) өсу,

2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.

Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:

1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:

1) өсу мен даму гетерохронды болады.

2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.

3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.

4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі

6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады) .

Адам өмірін кезеңдерге бөлу.

Жас кезеңдері - бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.

1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.

Жас кезеңдері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
№: 1
Жас кезеңдері: Жаңа туған сәби
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 1-10күн
№: 2
Жас кезеңдері: Нәрестелік шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 10 күн -1 жас
№: 3
Жас кезеңдері: Сәбилік шақ (ерте балалық)
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 1-3 жас
№: 4
Жас кезеңдері: 1-ші балалық шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 4-7 жас
№: 5
Жас кезеңдері: 2-ші балалық шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар
№: 6
Жас кезеңдері: Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар
№: 7
Жас кезеңдері: Жігіттік, бойжеткендік шақ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 6-20 жастағы бойжеткендер, 7-21 жастағы жігіттер
№: 8
Жас кезеңдері: Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 21-35 жастағы әйелдер, 22-35 ерлер
№: 9
Жас кезеңдері: Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 36-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер
№: 10
Жас кезеңдері: Егде жас
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер
№: 11
Жас кезеңдері: Қариялар немесе кәрілік
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 75-90 жастағы әйелдер мен ерлер
№: 12
Жас кезеңдері: Ұзақ өмір сүрушілер
Жас кезеңдерінің ұзақтығы: 90 жас және одан жоғары

Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

1. 2. НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жүйке жүйесінің маңызы:

- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтсатығын жүзеге асырады;

- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді;

- организмді сыртқы ортамен байланыстырады.

Жүйкен жүйесінің жалпы сызбанұсқасы:

Адамның нерв жүйесі 2-ге бөлінеді:

1) Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) - ми, жұлын;

2) Шеткі нерв жүйесі - ОНЖ-дан тыс орналасқан нерв клеткалары мен барлық нерв талшықтары.

Сонымен қатар, нерв жүйесі (НЖ) тағы да 2-ге бөлінеді:

1) Вегетативті нерв жүйесі - ішкі органдар қызметі мен зат алмасуды реттейді. ВНЖ өз кезегінде 2-ге бөлінеді:

А) симпатикалық;

Б) парасимпатикалық.

2) Соматикалық НЖ көлденең жолақты бұлшықеттің жұмысые реттеп, дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.

Жүйке ұлпасы

Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды.

Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады.

Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді.

Нерв ұлпасының негізгі қасиеттеріне қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік жатады. Бұл қасиеттер өз кезегінде тітіркенгіштікпен тығыз байланысты.

Нейронның негізгі қызметі алынған нерв импульстерін талдаумен байланысты. Нейронның денесі және қысқа өсінді-дендрит, ұзын өсінді-аксон болады. Нейроннның денесі сома д. а. Оның пішіні әртүрлді. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады.

Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Д. - қозуды қабылдаушы негізгі бөлік.

Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон нерв талшығы д. а. Бірнеше нерв талшығы бір нервті түзеді.

Нерв талшықтары мен нервтердің негізгі қызметі - нерв импульстерін өткізу.

ОЖЖ-ге нерв импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) нервтерді, ОЖЖ-ден шеткі органдарға нерв импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш, қимыл нерв талшықтарынан тұратын аралас нервтерді ажыратады.

Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат - миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д. а Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д. а. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды.

Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол нерв жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады.

Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады.

Синапстың:

- пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді) ;

- постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы түзеді) ;

- синапс саңылауын ажыратады.

Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар - медиаторлардың көмегімен беріледі.

Рефлекс және рефлекс доғасы. ЖЖ-нің барлық қызметінің негізінде рефлекстік реакциялар жатыр.

Рефлекс ОЖЖ-ның қатысуымен өтетін организмнің тітіркенуге жауап беру реакциясы. Рефлекс кезінде қозу өтетін жол рефлекс доғасы д. а. РД 5 элементтен тұрады:

-рецептор;

-афференттік нерв;

-ОНЖ;

-эфференттік нерв;

-жұмыс органы.

Егер РД 2 нейрон 1 синапстан тұрса, ол 2 нейронды немесе моносинапстық д. а. Егер РД көп нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген синапстармен қамтамасыз етілсе, онда РД көп нейронды немес полисинапстық д. а.

Дененің барлық органдарында тітіркендіргіштерге сезімтал нерв ұштары - рецепторлар орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т. б. ), орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі.

Орналасуына байланысты рецепторларды:

1) экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс, дәм сезу органдары, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы ортадан қабылдайды;

2) интерорецепторлар ішкі органдардың ұлпаларында орналасып, тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды;

3) проприорецепторлар - бұлшықеттерде, сіңірлер мен буындарда орналасып, бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап, дененің қозғалысы туралы белгі береді.

Нерв орталығы туралы түсінік. ОНЖ-ның әртүрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі функционалдық бірлестіктері нерв орталығы д. а. Нерв орталығы рефлекторлық реакциялардың және функциялардың реттелуіне қатысады. Нерв орталығының өзіне тән қасиеттері болады.

ОНН-гіқозу мен тежелу процестері

НЖ-дегі қозудың негізгі қасиеттері:

- қозуды бір жақты ғана өткізеді;

- ОНЖ-нің синапстарында қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу) . Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы нерв бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен.

Тежелу. Нерв жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процечсі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОНЖ-гі тежелу құбылысы И. М. Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады.

Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы. Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті нерв жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам организміндегі барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге организм біртұтас құрылым ретінде жауап береді. Организмніңәртүрлі жүйелері қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция, ал олардың организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация деп аталады. Интеграция мен координация ОНЖ-нің қызметімен байланысты.

ОНЖ-дегі иррадиация мен индукция. Қандай да бір тітіркену кезінде туындаған қозу импульстері ОНЖ-не түскеннен кейін көрші участоктарға тарайды. Бұл -иррадиация құбылысы. Иррадиация кішкене балаларда жақсы көрініс табады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар әдемі ойыншықты көрген кезде ауыздарын ашып, секіріп, күлуін иррадиация құбылысымен түсіндіруге болады.

Бірақ ОНЖ-де қозу белгілі бір шеңберде ғана таралады. ОНЖ-не тсүкен қозуды тежелу шектеп тастайды. Нәтижесінде қозу нейронадардың белгілі бір топтарында тұрақтанады. Ал, олардың айналасындағы нейрондардың қозуы төмендеп, олар тежелу күйіне көшеді. Бұл құбылыс бір уақыттағы теріс индукция деп аталады.

Қозу болған нейрондарда қозудан кейін тежелу пайда болады және керісінше, тежелуден кейін сол нейрондарда қозу туады. Бұл ізді индукция. Мыс, оқушылардың сабақтан кейін үзілістегі белсенділігі.

(тежелу қозуға ауысса - оң индукция, қозу тежелуге ауысса - теріс индукция)

1. 3. НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ,

ДАМУЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МАҢЫЗЫ

НЖ 2 бөлімнен тұрады: ОНЖ (ми мен жұлын) және ШНЖ (ОНЖ-нен тыс жатқан барлық нервтер мен нерв түйіндері) .

Жұлын.

Құрылысы: омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Ұзындығы 40-45см, салмағы 34-38г, диаметрі 1 см. Омыртқа жотасының құрылысына сәйкес келетін сегменттерден тұрады: мойын, кеуде, бел және құйымшақ сегменттерін ажыратады (8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ) . Олардан 31 жұп нервтер тарайды. Артқы түбірге афференттік нервтер келіп кірсе, алдыңғы түбірден эфференттік нервтер шығады. Жұлынның ортасында - сұр зат (нерв клеткаларының жиынтығы), сыртында - ақ зат (нерв талшықтарынан түзілген) орналасқан.

Қызметі:

1) Рефлекторлық функция. Ж. . - қарапайым рефлекстік реакциялардың орталығы, оның нейрондарында олардың рефлекс доғасы тұйықталады. Кеңістіктегі дене қалпын сақтауға бағытталған рефлекстер, зәр шығару рефлексі, жыныс рефлекстерінің доғасы жұлынның қызметімен байланысты.

2) Өткізгіштік функция. Адам жұлынының қызметі ОНЖ-нің жоғарыда жатқан бөлімдерінің ықпалына тәуелді.

Дамуы: Жаңа туған сәби жұлынының ұзындығы 14-16см, 10 жаста 2 есе ұзарады, ал 20 жаста дамуы аяқталады. Осы кезеңде жұлынның салмағы 8 есеге артады. Мектеп жасындағы балаларда жұлын нейрондарының көлемінің арту процесі жүреді.

Бас миы - ОНЖ-нің ең маңызды бөлімі.

Дамуы: Бала дүниеге келер сәтте бас миның жалпры массасы 400гр. Ересек адаммен салыстырғанда нәрестенің миының массасы оның дене массасынан едәуір артық болады. Мидың негізгі бөлімдері ұрықтық дамудың 3-айында басталса, ал 5-айда үлкен ми сыңарларының негізгі жүлгелері көрінеді. Ми постнаталдық дамудың алғашқы 2 жылында қарқында дамиды. Сонан кейін бас миының даму қарқыны төмендейді. Бас миының дамуы 20 жасқа қарай аяқталады. Бұл жаста мидың массасы 4-5 есе артып, орта шамамен 1300-1400 гр болады. Мидың абсолюттік массасы адамның ақыл-ой қабілеттілігін анықтамайтынын айта кеткен жөн.

Ми бөлімдері. Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми, варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша мида: тыныс алу және жүрек қызметін реттеу, сонымен қатар түшкіру, жөтелу сияқты көптеген қорғаныш рефлекстерінің орталықтары және У-ХІІ жұп бассүйек нервтері мен олардың құрамында болатын парасимпатикалық нервтердің ядролары орналасқан. Ұзындығы 2, 5-3 см, салмағы 7г.

Ортаңғы ми бастапқы көру және есту орталықтары мен күрделі қозғалыстарды реттеуге қатысатын және дененің кеңістіктегі қалпын бағдарлауға бағытталған нерв орталықтары орналасқан.

Аралық мида: төмпешік асты аймақ (гипоталамус) пен көру төмпешіктері - таламусты ажыратады.

Гипоталамус зат алмасуды, дене температурасын, ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі биологиялық мотивация мен эмоцияның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады.

Таламус - байланыс коллекторы. Таламус арқылы бас миының барлық нервтік-сезгіш жолдары өтеді.

Мишық - қозғаушы функцияларды реттеуші және үйлестіруші орган. Мишықтың күшті өсуі бір жастың соңына қарай байқалады. 15 жаста мишықтың көлемі ересек адамдікімен бірдей болады.

Сонымен, онтогенез процесінде ми бағанасының құрылымдары постнаталдық дамудың алғашқы екі жылында қарқынды өсіп, қалыптасуы 13-16 жаста аяқталады.

Ретикулярлық формация ми энергиясының аккумуляторы. Ұйқы мен сергектікті, мінез-құлықтың қарапайым және инстинктивті формаларын реттеп, шартты рефлекторлық реакциялардың өтуіне қатысады.

Соңғы немесе алдыңғы ми базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарларынан тұрады. Үлкен ми сыңарлары - бас миының негізгі бөлігі. Ересек адамның ҮМС массасы бас миының 80% құрап, ми бағанасының массасынан 40 есе көп болады. Ми сыңарларының үстіндегі сұр заттың жіңішке қабаты ҮМС қыртысы деп аталады. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының жалпы ауданы 2200-2600 см2. қыртыстың қалыңдығы 1, 3-4, 5 мм. 12-18 млрд нейрон болады. ҮМС-ң беті жүлгелаермен тілімделген, ал олардың арасында иірімдер орналасқан.

Оң және сол жақ ми сыңарларында 4 бөлікті ажыратады: маңдай, самай, төбе, желке. Олар бір-бірімен сүйелді дене арқылы тығыз байланысқан.

Үлкен ми сыңарларының қыртысында: 1) сенсорлық; 2) моторлық; 3) ассоциативтік қыртыс аймақтарының болатынын анықтаған.

Сенсорлық аймақтар барлық шетеі рецепторлық түзілістерден нерв импульстерін қабылдайды. Көру, иіс сезу, дәм сезу, соматикалық, висцеральдық, сенсорлық аймақтарды ажыратады.

Қыртыстың қимыл аймағынан нерв импульстері әр түрлі бұлшықеттерге барады. Қыртыстың ассоциативті аймағынан тек адамға ғана тән 2-ші сигналдық жүйенің қалыптасуы тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Өсу даму антропометриясы жайлы
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнiнен дәрістер
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары
Өсу даму антропометриясы
Балалар мен жас жасөспірімдер өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Өсу мен даму антропометриясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz