Шалкиіз Тіленшіұлы



1 Шалкиіз жырау
2 ТАҚЫТ ЕЛІ ЖӘНЕ ШАЛКИІЗ
3 Жырау өлеңдерінен:
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 ж.ш.) – жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Жыраудың әкесі, сахара феодалдарының бірі болса, шешесі Кіші жүздің ұйтқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы еді. Ол үш айлығында анасынан айрылып, нағашыларының қолында тәрбиеленді. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өтті. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді.
Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның «Асқар, асқар, асқар тау...», «Қоғалы көлдер...», «Арғымақ ару аттар...», «Ор, ор қоян, ор қоян...», т.б. шығармаларында орта ғасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан. Ал «Алаштан байтақ озбасы...», «Жапырағы жасыл жаутерек», «Ер шобан», т.б. жырлары ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы. Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары ? «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан» толғаулары.
Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Оның шығармалары 19 ғасырдан бері қарай қағаз бетіне түсе бастады. Қазан төңкерісінен кейін 1875 жылы орыс және қазақ тілдерінде «Императорлық орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жазбалары» жинағында жарияланды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Шалкиіз Тіленшіұлы

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 ж.ш.) – жырау, орта ғасырлардағы қазақ
поэзиясының көрнекті өкілі. Жыраудың әкесі, сахара феодалдарының бірі
болса, шешесі Кіші жүздің ұйтқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда
аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы еді. Ол үш айлығында анасынан
айрылып, нағашыларының қолында тәрбиеленді. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек
жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай
Ордасындағы Мұса бидің маңайында өтті. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі
Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы
кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді.
Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу
сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның Асқар, асқар, асқар тау...,
Қоғалы көлдер..., Арғымақ ару аттар..., Ор, ор қоян, ор қоян..., т.б.
шығармаларында орта ғасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды,
моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан. Ал Алаштан байтақ
озбасы..., Жапырағы жасыл жаутерек, Ер шобан, т.б. жырлары ерлік
рухқа, асқақ романтикаға толы. Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған
шығармалары ? Би Темірге айтқаны, Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға
айтқан толғаулары.
Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Оның
шығармалары 19 ғасырдан бері қарай қағаз бетіне түсе бастады. Қазан
төңкерісінен кейін 1875 жылы орыс және қазақ тілдерінде Императорлық орыс
географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жазбалары жинағында жарияланды.
Кейін аталған жинақта, Астараханский вестник газетінде, Ы.Алтынсариннің
Қырғыз хрестоматиясында және басқа да жинақтарда, ал кеңес дәуірінде
Ертедегі әдебиет нұсқалары, Алдаспан, 15-18 ғасырлар қазақ поэзиясы,
Бес ғасыр жырлайды жинақтарында жарық көрді. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық
энциклопедиясы, 9 том
Қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс
бетінде дүниеге келген. Жыраудың әкесі, сірә, сахара ақсүйектерінің бірі
болса керек, ал шешесі кейін Кіші жүздің ұйытқысы болған, орыс деректерінде
Сыртқы Орда (Заяицкая Орда) аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы екен.
Болашақ жырау үш айлығында анасынан айрылады да, нағашы әжесінің қолына
беріледі. Сөйтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін жайлаған түркі руларының бірінен
екіншісіне көшкен бір ғасырға жуық сапары жөргектен басталады. Мұсылманша
жақсы білім, сахара салтымен тамаша тәрбие алған ол қай атырапта өсіп,
ержетті - бұл жағы белгісіз. Тек айдынды аламан ғана емес, арқалы жырау
ретінде де даңқы шыққан Шалкиізді 1490 жылы Ноғайлы әміршісі Темір бидің
төңірегінен көреміз. Шығармаларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскери
жорықтар сапында,бірде әміршісінің нөкері қатарында Қырым, Терістік Кавказ,
Дон бойын тегіс аралап шығады. Алайда тәкаппар жырау Темірмен үнемі
жарастық таба бермеген. Темір өлгеннен соң жырау (тәрізі, осы уақытқа дейін
өзімен қырбай болып жүрген) Мұса ұрпақтарымен қайта табысады. Өз
заманындағы саяси күрестердің ешқайсысынан сыртқары қалмаған Шалкиіз
Ноғайлыда XVI ғасырдың 40-жылдары басталған Жүсіп пен Исмайылдың әйгілі
тартысы кезінде Жүсіпті жақтайды. Алайда дұшпандары тарапынан қуғынға,
достары тарапынан күндеуге ұшыраған жырау көп ұзамай нағашыларымен біржола
араздасып, Қазақ Ордасына қайта өтеді.

Шалкиіз жырау

ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз).
Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған.
Шәлгездің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шәлгез әке, шешсі
белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе
шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында
тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға
айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер
жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен,
атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін
аңғартқандай. Ол шындық – Шәлгездің Орақ, Мамай мырзалармен не өзі қасына
көп ерген Темір бимен бірге тумағандығы. Сондықтан да қанша айбарлы батыр,
айдынды жырау болса да, өмір тәлкегін көп көргендігі. Қазақстан
Республикасы Ғылым академиясының қорындағы Әкіш ақсақал тапсырған
қолжазбада: Шәлкез Мұсаның қызынан, Орақпен тетелес апасынан туған, -
делінеді. Осы деректер негізінде бұл пікірді М.Мағауин өз зерттеулерінде
келтіреді. Ғалым Ә.Дербісалин Шәлгезді Мұса бидің жиені санау жансақ пікір
дейді. Ә.Дербісалин пікірінше, Шәлгез Орақ, Мамаймен замандас, жасы қатар
адам. Сондықтан оның қызынан тууы мүмкін емес. Бұл әлі де анықтай түсуді
қажет етеді.
Шәлгез жыраудың өмір сүрген дәуірі мен мекені туралы ел аузынан
жазылған қолжазбалар мен жыраудың өз шығармалары ғана хабар береді. Ертелі-
кешті жырау шығармалары жарияланған жинақтарда, қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлы
жырлаған Шәлгез толғауында, сондай-ақ ел аузынан жазылған материалдарда
Шәлгездің нрғайлы екендігі айтылады. Біздің қолымыздағы Салкез батырдың
Орақ, Мамайға айтқаны деген қолжазбада жыраудың балалық, жігіттік шағы
Орақ, Мамай маңында өткендігі, бірақ батырдың Ноғай ордасындағы бедел,
құрметін күндегендер оны елден кетірмек болып, жауға жалғыз жұмсағаны,
батырдың жауды жеңіп келіп, аттан түспестен, Орақ, Мамай мен жиналған
жұртқа жыр толғап - өкпесін айтып, жапан-түзге кеткені айтылады. Аталмыш
материалдарға қарағанда, Шәлгездің Ордада – Орақ, Мамай маңында өсіп, бедел-
даңқы сол кезде белгілі болғаны көрінеді.
Шәлгез Темір биге Орақ, Мамай ордасынан кеткесін барғанға ұқсайды. Би
Темірге айтқаны, Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны деген
толғауларына қарағанда, оның Темір бидің қолбастар батыры, жұртты аузына
қаратқан аталы сөз айтар ақылшы жырауы болғандығы аңғарылады. Өкпелеп,
ажырап кетіп барып қайта табысады. Бұл жайды аталмыш толғаулар мазмұнынан
және В.В.Радлов ноғайлар арасынан жазып алған Шалкиіз деген материалдан,
Шайыр жинағындағы жырау шығармаларына берілген түсініктерден айқын
көреміз.
Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шәлкез
өлеңдері де жырау өмірі туралы жаңа деректермен толықтыра түседі. Ноғайлар
арасынан филология ғылымының кандидаты А.Сиқалиев жазып алып, жариялаған
Мен иемнің күнінде, Алай жаным деген өлеңдеріне, Үпі (Уфа) архивіндегі
Қазақ өлеңдері мен хиссалары дәптеріндегі Әжікам, сен Мансұрұлы Тоқусан
деген өлеңіне қарағанда, Шәлгез бірқатар уақыт Әзике (Әжіке) сырза
қарамағында болады.
Біздің қолымызда бар деректерден,-деп жазады М.Мағауин, - Шалкиіздің
(біздіңше, Шәлгез деген қисынды. - С.Қ.) Темір би өлгеннен соңғы өмірі
Мамайдың және оның інісі Жүсіптің төңірегінде өткендігі көрінеді.
Мен жоғарыда баяндап өткен жайларға қарағанда, Шәлгездің ХҮ ғасырдың
ІІ жартысы мен ХҮІ ғасырдың 70-жылдары аралығында өмір сүргені аңғарылады.
Ел аузынан жиналған материалдарда Шәлгездің сәби кезінде Орақ, Мамай аты
белгілі батырлар. Зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, Алшағырұлы Орақ 1496-
1548 жылдарда өмір сүрген. Мамай 1549 жылы өледі. Шамамен Орақ 20-25-терде
батыр атанды десек, Шәлгез 1516-1520 жылдар дүниеге келген болады. Бірақ
бұл жоба тарихи деректерге қайшы келеді. Себебі, Шәлгез ұлығылай жырлайтын
Темір би 1480 жылы Угре жорығына қатысады, ХҮ ғасырдың 90-жылдары тарих
сахнасынан кетеді, Ноғай Ордасын 1504 жылы оның ұлы Тәуекел билейді. Демек,
Шәлгездің Темір дүниеден өткесін тууы шындыққа сәйкес келмейді. Бұған
қарағанда, дәл сол тұста ел аузынан жазылған деректерге сүйенудің жөні жоқ.
Себебі, тарихи деректерде Орақ, Мамай Шәлгезбен тұрғылас, тіпті бірқатар
жас кіші боп та шығады.
Шәлгезді Хақназарға кетуге мәжбүр еткен Жүсіп 1554 жылы өледі. Бұл
кезде жырау Орақ, Мамай, Би Темір, Тәуекел, Әзике, Жүсіп маңында болып,
Қазақ хандығына барған, егдерген кезі еді. Шәлгезді ХҮ ғасырдың ІІ жартысы
мен ХҮІ ғасырдың орта кезі аралығында өмір сүрген деу орынды.
Ел аузынан жиналған қолжазбалар мен ХХ ғасыр бас кезінде баспа жүзін көрген
кітаптарда Шәлгез ноғайлының жырауы еді делінеді.
Шайыр жинағындағы Шәлгез толғауына берілген түсінікте оның Қояс
руынан екені айтылады. Бұл деректі ел аузынан жазылған шежірелер де бекіте
түседі. Алшын ішіндегі ноғайлы құрамындағы Қояс руының қариясы Ақбаев
Елеш өзін Шәлгез батыр ұрпағы санайды. Елеш өз ата-тегін: Шәлгез-Ержақай-
Жанғабыл-Бекболат-Аружан-Қараша-Қал мамбет-Шақа-Сақ-Сәмет-Құдайберді-Қа з-
Ақбура-Байғазы-Құрманғазы-Құлмақамб ет-Өтәлі-Ақбай деп таратады. Демек,
Шәлгез – Елещтің он тоғызыншы атасы. Елеш қария шежіресіне қарағанда,
алтыншы атасы Ақбура батырды беріш Саржала батырмен байланысты әңгімелейді.
Шәлгез шыққан Қояс руы қазіргі ноғай халқы құрамындағы тайпалар мен ру
аттары арасында кездеспейді. Бұған қарағанда, Ноғай Ордасының көптеген
рулары Еділдің Кавказ бетіне көшенде, Қояс руы түгелдей Алшын арасында
қалса керек. Немесе Қояс руы Ноғай батыр дәуірінен (ХІІІ ғ-дан бері) Алшын
арасында жүрген түрік-моңғол руларының бірі, кейін барып ноғайлы не
ноғай-қазақ руы құрамына кіруі мүмкін. Демек, Қояс руы бағзы ноғайлы
руы болсын әлде Ноғай Ордасы сарқыншағы болсын, қалай болғанда да, Шәлгез
Ноғайлы елінде, Ноғайлы аймағында – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп,
бар өмірін Еділ, Жайықтан Қазан мен Түменге, Жемнен Сыр сағасына дейінгі
Қыпшақ даласында өткізгендігі аңғарылады.
...Өз заманы үшін қадірлі де құрметті кейбір шығармалары ауызша ғана
тарап қоймай, жазбаша да тарағандығы туралы болжам жасауға итермелейді.
Мүмкін, бізге жеткен М.Османов, Ғ.Мұштах (Ғ.Қараш) жинақтарына негіз болған
ел ішіндегі қолжазбалар, Үпі архивіндегі Қазақ өлеңдері мен хиссалары сол
дәуірдегі жазбалардан біреу көшіру арқылы жеткен мұралар болар. Мұндай
жазбалар ертелі-кешті архив қазыналары мен сол кезде ноғайлы аталған
аймақтан тараған түркі тілдес халықтар арасынан табылуы мүмкін.
Шәлгездің Ғизмет иәм би Темір, Бәйтерек, Арық хан, Қатынасы биік
көлдерден, Боз үстінде от жаққан, Мен иемнің күнінде өлеңдері мен
кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-
қайсысында да кездеседі. Ал Шәлгез мұрасының ең маңызды әрі көлемдісі
саналатын Би Темірге айтқаны, Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға
айтқаны, Шағырмақ бұлт жай тастар толғауларының қазақ арасынан жиналып,
алды бұдан бір ғасыр бұрын (1875) жарық көрген.
Шәлгездің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға
жатады. Ол өз көңіл күйін толғайтын бірділі-екілі толғауының өзінде де өмір
заңдылығын, заман үлгісін қатар суреттей отырады. Жырау – от басы. Ошақ
қасының қарапайым пендешілік халіне айналмай, өзіне дейінгі Һәм өз
заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын
көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен
ізгілікке үндейді.
Шәлгез шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы,
өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын
Би Темірге айтқаны толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып
жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр
дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы күйбеңдескен көп
жаман жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не
демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын,
оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ
еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата,
жұптастыра, салыстыра толғайды. Шәлгез нөсер алдындағы түнерген аспанды,
көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып
отырған жоқ.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды.
Күйбеңдеген көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды.
Міне, алғашқы тираданың соңғы төрт жолының өзінде де жанама хабар
айтқандай, жай жоспармен, меңзей толғайды. Ал екінші шумақта өзі үшін Темір
би кім еді, үшіншіде өзі Темір үшін кім еді, - соны жырлайды.
Кемел ақыл, кенен ой, бұлтартпас биік, тепсінген тегеурінмен Темір
биді тізгіндеп, жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші,
сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шәлгез бұл
тұста шамаңды біл, жасық жима, асыл жи дегендей. Тек толғау соңында ғана
тағы да бәсік көңілмен үшінші шумақта айтқан Темірге ақ-адалдығын дамыта,
тереңдете түседі.
Шәлгез жырларында суреттелетін адамдар – Темір, Әзике, Мансұр, Арық
хан және жыраудың өзі. Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық Мені арқылы
танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз
зергерлігін анық аңғарамыз.
Темірді құдіретті етіп көрсетуде жырау оны сахара аспаны астында
көздеген жеміне жасындай ойнап, жайдай жарқ етер сұңқардың тегеурініне
балайды. Жырау қу сұлтаны – саһар, саһарды сайлап қаусырған боз сұңқар -
Темірді құс азғыны құладынға қарама-қарсы қойып, шендестіре суреттейді.
Шәлгез бейнелеуінің әсерлілігі сол - әлгі сұңқардың сұмдық қайрат-қуаты мен
қимыл-әрекетін көріп отырғандай сезінесің. Демек, бұл жырау сөзінің
эмоциялық әсер-қуатының күштілігі.
Шәлгездің Арық хан, Боз үстінде от жаққан, Әжіқам, сен Мансұрұлы
Тоқусан, Мен иемнің күнінде сияқты өлеңдерінде Темір бейнесін толықтыра
түсер детальдар мол. Бұлардың қай-қайсысында да Темір туралы үлкен мақтаныш
сезіммен мадақтай жырлайды.
Шәлгез аталған жырларда Арық хан, Әзике, Мансұр сияқты шонжарларды
Темір образына қарама-қарсы бейнеде суреттейді. Жырау бейнелеуіне
қарағанда, Арық хан – Темірдің тегеурініне төтеп бере алмас төменшік адам,
Әзике – қатыгез, әділетсіз мырза.
Шәлгез жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол
Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал
қызметшісі – көп құлының бірі ретінде суреттейді. Бірақ Шәлкез мәңгі бақи
сол күйде, сол көңілде қала бермейді. Оған өз жолдары куә:
Басымды менің қорласа,
Көп туғаным жоқтаман.
Аяғымнан менің басыма
Етектеп плтын құйса, тоқтаман!
Байлық мен мансап, атақ пен абырой жел айдаған бұлттай жөңкіліп жүре
беріп, тар кезеңге тап болған жырау өмірінің біраз ізі осы шумақтан да
байқалады. Бұл хас батырға тән мәрттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне
түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелі мен ашынған
көңілінің ақтарылған сыры дерлік. Мұны өлеңнің тепсініп келген тегеурінді
ырғағымен, күңіренісімен күші басым өлең жолдарынан мол сезінеміз. Мұндай
әуен Шәлгездің әЕділім толғауына да тән. Бірқатар жолдары Қазтуған жырына
сәйкес келетін бұл шығарма – жыраудың туған жерімен амалсыз қоштасуы, Шөбі
– секер, суы – шәрбет ата қонысты қимас сезімнен туған телегей теңіздей
терең тебіренісі.
Шәлгез жырлаында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін
дидактикалық өнеге-өсиет, мақал-мәтел, ақыл-нақылды шумақтар мол. Жырау
өнеге-өсиеттік бірқатар жолдарында өрісті ойларын жақсы мен жаманды
салыстыра отырып суреттейді:
Құсты жисаң, бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жүмле ғаламға күлкі етер.
Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесепат дегендей, бұл шумақтағы жақсы
– шарапатты шын дос та, жаман – жалған дос, екіжүзді сатқын бейнесінде.
Жырау жақсы мен жаман арқылы ер мен ез, мәрт пен нәмарт сияқты адам
бойында кездесетін екіұдай кереғар қасиет-мінездерді салыстыра суреттеу
арқылы дәуірден дәуірге көшіп келе жатқан көптеген өмір сырын байыпты
бағалайды. Шәлгездің Қатынасы биік көлдерден, Тобылғының берігі,
Бостаны барды теректің, Айдынға шүйсең, тардан шүй, Бар күшіңді
сынамай шумақтары және Шағырмақ бұлт жай тастар дейтін ұзақ толғауы – не
замандар бойы өмір тәжірибесінен қорытылған саралы ойлар жиынтығы, өмір
аксиомасы дерлік. Бұларда ақыл-ғирбат та, өнегелі өсиет те мол. Бұл
саладағы толғауларынан Шәлгездің өрісті ойларын, замана шындығын, дәуірдің
елеулі мәселелерін көтере білген кемел парасатын тани түсеміз.
Міне, жырау өмірдің өзінен туындап жатқан ащы шындықты айқын көре
алған да, жақын жеп жаманға жан тартуға емес, жақсыда жаттық жоқ дегендей
адамды, азаматты, абзалдықты суюді өсиет етеді.
Атаның ұлы ерлерге
Малың бер де, басың қос,
Басыңды қос та, бек сыйлас, -
Күндердің күні болғанда,
Басың жауда қалар ма?!
Бұл жолдардағы Шәлгез ұғымындағы Ата ұлы адамдығы мо азамат ерлер
ретінде танылады. Даңқты жорық жырауы Шәлгездің өзі де дарабоз тұлға
болған. Ол - өзі заманының айтулы батыры, ақылгөй абызы.
Қорытынды
Тарих беттерін бір дүбірлеткен жырауларымыздың өмірі бізге аңыз болып
отыр. Олардың өнері мен шеберлігіне қарап, жырларын сүйсіне оқығанның да
өзіндік орны бар. Ақын өмірі жай адамнан өзгеше екені әркімге анық.
Сондықтан да, Асанқайғы, Шаркиіз, Қазтуған сиықты жыраулар сонау заманның
тылсым өмірін келер ұрпаққа өз еңбектерімен жеткізген. Әлеуметтік және
саяси дүниені ашып көрсеткен. 

ТАҚЫТ ЕЛІ ЖӘНЕ ШАЛКИІЗ

Едіге өлісімен Еділ-Жайық арасында Түлек-Темір ұрпағы бой көрсете
бастады. Бұлар Бұлғар, Биляр, Жоукотин, Самара, Увак тарапының билеушілері
еді. Әсіресе ағайынды Құдайдат пен Ұлық Мұхаммед жігер-қайратымен ерекше
көзге түсті. Құдайдат ләшкерінің бас қолбасшысы уақ Ер Көкше болуы, осы
әулеттен Махмутек (Мәметек) есімді хан шығуы және уақ шежіресіне Қосай,
Нарық, Шора батырлар есімінің енуі – увактар (уақтар) бірлестігінде
тобықтылар (Мәметек аталары), тама, мың тайпаларының болғанын аңдатады.
1422 жылы Ноғайлы беклербегі Едігенің ұлы Мансұр шығыс Дешті Қыпшақтан
Барақты шақырғанда, Сарай тағында Құдайдат пен інісі Ұлық Мұхаммед отырды.
Мансұрдың кеңесшілерінің ақылына құлақ аспай, Бараққа арқа таңуы – Түлек-
Темір әулетінің дүмпуімен тікелей байланысты еді. Барақ бірнеше шайқаста
жеңіске жетіп, бұл әулетті Еділдің Қырым бетіне қуып салды. 1426 жылы Ұлық
Мұхаммед жасанып келіп, Барақты Сырға қашуға мәжбүр етті. Сол кеткеннен
Барақ Еділ-Жайыққа қайтып оралған жоқ. Сарай қаласы, Алтын Орда иелігі Ұлық
Мұхаммедтің қолына көшті.
Бұл кезде Әзітарханда жас бала Кішік Мұхаммед хан боп отырған. Ол Алтын
Орда тағын Ұлық Мұхаммедке беріп, өзі кіші хан болып, бағыныштылық танытқан
сияқты. Қалай дегенмен, Кішік Мұхаммед Әзітарханда, Ұлық Мұхаммед Сарайда
1437 жылға дейін соқтығыспай тыныш отырды.
Ұлық Мұхаммед шынында да тылсым қасиеттерге ие, даланың ұлы
перзенттерінің бірі еді. Дала жұртының ата жолы, дәстүрлі салтын қатаң
сақтаумен, көзсіз қиянатқа жол бермей, қайырымдық үрдістеріне мейлінше
адалдығымен ел ықыласына бөленді. Орыс князьдігін қолдан шығармай, боданда
ұстай білді. Бұл кезде Алтын Орданың ішкі-сыртқы тірлігі Ұлық Мұхаммедтің
ұлы Махмутек, күйеу балалары Айдар, Елбердінің қажыр-жігерімен жүзеге асты.

Осы кезде Мәскеудің ұлы князі жас бала Василий мен көкесі – әкесінің
інісі Юрий арасында таққа талас өрті лаулады. Ашық майданда жеңісе алмаған
соң, хан төрелігіне жүгінуден басқа амал қалмады. Олар бөлек-бөлек
жолдармен артынып-тартынып, Сарайға сапар шекті. Василий таққа әкеден кейін
бала отыратын жаңа жарғыны, ал Юрий ағадан кейін іні отыратын ескі жарғыны
алға тартып таласты. Ұлық Мұхаммед өзі төрелік етті. Н.М.Карамзин жас
князьді жақтаған Иоанн есімді боярдың ұтымды сөздері Василийдің мерейін
үстем қылды деп бағалай келіп, сөйленген сөздің мәтінін келтіреді: “Ұлы
патшамыз, біздей құлыңа жас князьге ара түсер сөз айтуға рұқсат бересіз бе?
Юрий ұлы князьдікті Ресейдің көне заңнамасына сүйеніп қуынады, ал Русь
сіздің ұлысыңыз болғандықтан, жас князь өзіңіздің рақымшылдығыңыздан ғана
дәметеді. Билікті кімге беру қолыңызда: құқын қөлденең тартып, талап
еткенге бересіз бе, жоқ жалбарынып өтінгенге бересіз бе? Патша әмірі
тұрғанда шаң басқан, тозығы жеткен байырғы жол-жоралғы сөз бе екен” деп,
Мәскеу ұлы князьдігін баласына қалдырған Василий Дмитриевичтің мұрагерлік
өсиетін бекіткен ескі көздердің өзі емес пе? Василий Васильевичтің Мәскеу
тағына отырғанына алты жыл болды, оны тағынан алып тастамадыңыз, демек, ұлы
князь деп танығаныңыз ғой...” (Карамзин Н.М. Том V. 143-150-бб.).
Ұлық Мұхаммед Василийді ұлы князь деп танып, Юрийге оның атын
жетектеуге әмір етті. Ұлық Мұхаммедтің тағы бір ұлы Ұлан ханзада оны
Мәскеуге әкеліп, таққа отырғызып қайтты.
1437 жылы Әзітархан мен Сарай аралығы шиеленісіп тұрғанда Алтын Орда
беклербегі Наурыз Едігеұлы Кішік Мұхаммедтің пайдасына сатқындық жасағаны
үшін Ұлық Мұхаммед оны өлтіріп жіберді. Ноғайлы атқа қонып, өре түрегеді.
Екі жақты тегеурінге шыдай алмаған Ұлық Мұхаммед Дон даласына кетті.
Алтын Орда тағы, оның ажырамас бір бөлігі Әзітарханмен бірге Кішік
Мұхаммедтің қолына көшті. Ол 1459 жылға дейін хандық құрып, өз өлімімен
өлді.
Оның Ахмет, Махмұт есімді екі ұлы бар еді. Махмұт Әзітархан хандығының
негізін салушы ретінде, Ахмет Русьті бодандықтан құтқарған Алтын Орданың
соңғы ханы ретінде тарихта қалды. Орыс құжаттары бұл кезде Алтын Орданы
Үлкен Орда деп, Қырым, Ноғайлы Тақыт елі деп атады. Онысы баяғы Алтын Орда
атанған ұлылығынан айырылғандығының белгісі еді. Алтын Орда тағы Кішік
Мұхаммедтің үлкен ұлы Махмұттың қолына көшті. Орыс құжаттары 1465 жылы оның
Үлкен Орданың ханы екенін айғақтайды. Сол жылы ол салық төлеуден жалтарған
Мәскеу князьдігіне жасанып аттанды. Қырым ханы Хажыгерей желкеден соғып,
еңбегін еш қылды. Махмұт Әзітарханға кетіп, Үлкен Ордадан дербес жаңа
хандықтың іргесін қалады. Осы шамадан сәл-пәл ілгерірек Қырым да дербес
шаңырақ көтерген-ді. Оның іргесін қалаған Хажыгерей. Ол да Тақыт елі
хандары шыққан Тоқа-Темір әулетінен. Ата-бабаларының шежірелік тізімі
төмендегідей: Тоқа-Темір – Үзтемір – Сарыжа - Түлек-Темір – Бастемір –
Гийасаддин – Хажыгерей хан (Материалы по историй казахских ханов, XV-XVІІ
веков. Алматы, 1969. 39-40-бб.).
Қырым хандығы туралы Орта Азия деректемелерінің білетіні шектеулі,
есесіне Түрік және Орыс жылнамашылары бұл хандықтың тарихына жетік.
Н.М.Карамзин бұл екі бастауды да толық пайдаланғандықтан, тарихшының сөзіне
сенуге болады.
Н.М. Карамзин Хажыгерейді Тоқтамыспен байланыстыра сөйлеп, Литваның
Троки қаласында туған дейді (М.Н. Карамзин. История государства
Российского. Кн.ІІ, Т. V. Гл. V, 213-214-бб.).
Тоқтамыс та Тоқа-Темір әулетінен. Өтеміс қажының айтуынша: оның әкесі
Тойқожа Маңғыстауды қоныстанып, шырын, барын, арғын, қыпшақ сынды төрт
тайпа елді билеген. 1395 жылы Ақсақ Темірден күйрей жеңілген Тоқтамыс Литва
князі Витовтты паналап, қайтадан ес жиып, бел көтергені белгілі. Сол кезде
Қырымды біраз жыл тұрақ етті. Қырымның негізгі жұрты шырын, барын, арғындар
Тоқтамыспен бірге барғандар. Хажыгерейдің аталары осы тайпалардың бірінің
(шырын) билеушісі болып, Тоқтамыспен бірге ілесіп баруы ақылға шетін емес.
Хажыгерейдің Литвадағы қыпшақ диаспорасы орныққан Трокиде тууы да мүмкін.
Қысқасы, 1462 жылы он сегіз жасар жігіт Литва көмегімен Қырым тағына
отырды. Литваның Днепрдегі иеліктерін қайта-қайта шауып, тыныштық бермеген
Тақыт елін 1465 жылы орысқа аттанып шыққанда көк желкеден соғып,
демеушісінің көңілінен шығып, Мәскеуге де ұнап қалды.
Түптің түбінде өз бастарына сорға айналар Орыс князьдігі күн санап қуат
жиып, күшейіп келе жатқанда бір-біріне ата жаудан бетер төзбеушілік
көрсетуінің сыры өзімшіл басшы, алауыз халықта емес, орталықтан қол үзіп
оқшаулануға бет түзеген саяси құрылымның табиғи болмысы. Оларға бұрынғы
билеушілерінен өткен жау жоқ. Жатқа жанын сатуға бар, бірақ қайта бірігуге
жоқ. Оларды бетінен бір қайтарса, тоқпақ қана қайтарады. Бірақ Тақыт елінде
ат сабылтар қауқар жоқ-ты. Оның үстіне Тақыт елі баяғы күндей күркіреген
Алтын Орда атын жамылып, төңірегін көзге ілмейтін менмен мінезден арылған
жоқ-ты. Олар жаңадан құрылған Қырым хандығын мойындамады. Орайы келсе,
қосып алу ниетін жасырмады.
Бағы тайғанмен, түтіні өшпеген Алтын Орданың сілемі Орысқа да, Литваға
да қатер ошағындай қауіпті еді. Олар Қырым хандығын қолдап бақты. Сөйтіп,
Тақыт елінің бүйірінен Қырым хандығы пайда болып, тез-ақ аяғына тұрып
кетті.
 Хажыгерейдің алты ұлы болды: Нұрдәулет, Айдар, Үзтемір, Меңлігерей,
Жаңбыршы, Мүлкаман. 1467 жылы Хажыгерей өлгенде таққа Нұрдәулет отырып еді,
Меңлігерей тақты күшпен тартып алды. Нұрдәулет Литва мен Польша королі
Казимирге қашып, қолтығынан пана тапты. Меңлігерей басты қамқоршысынан
айырылып, жападан жалғыз қалғанда Ресей қол ұшын созды. Екі арада ат ізі
құрғамаған тығыз қарым-қатынас орнығып: “сенің досың – менің досым, сенің
жауың – менің жауым” қағидасы негізінде келісім-шарт жасалып, Меңлігерей
қызы Мәскеу ұлы князінің ұлына айттырылды. Осы қарым-қатынастың соңы, 1502
жылы Тақыт елін түбегейлі жоюға әкеп соқтырды (М.Н. Карамзин... Кн ІІ, Том
VІ, Гл. ІІ, 54-58-бб.).
Қырым хандығы ірге көтергенде Үлкен Орда немесе Тақыт елінің тізгіні
Ахмет ханның қолында еді. Ол 1468 жылы Рязань өңіріне басып кірді. Бірақ
ұзақ тайталас соғыста Рязаньды ала алмай, кері лықсуға мәжбүр болды. Оның
беклербегі Мансұр бидің ұрпағы Темір (Би Темір) еді. Атақты Шалкиіз осы
беклербектің жырауы болды. Темір Литва князі Казимирмен жақсы қарым-
қатынаста болып, Руське қарсы тізе қосуға күш салып бақты. Литвадан келген
елшілікпен келіссөз бір жылға созылды.
Осы кезде Ватчань тұрғындары Еділмен жүріп келіп, ханның 50 шақырым
жайлауда екенін біліп, Сарай қаласын басып алып, мол дүниемен кері қайтты.
Ахмет олардың ізіне түсіп, Алексин қаласына тығылған қарақшылардың 1000
адамын қылыштың жүзінен өткізді. Мәскеудің ұлы князі әлгілерді қорғамақ боп
ләшкер шығарды. Жылнамашылардың мәлімдеуінше: екі жақтан 180 мың ләшкер
жиналды. Бірақ шайқасқа килікпей, бітіммен тарасты.
Тана қаласына тұрақтап, Еділ бойымен сауда-саттық жүргізген көпес
Амброза Контарни Ахмет хан ордасы туралы әжептәуір жазба қалдырды. 1476
жылғы мәліметінде ол Ахметтің Тана (Азақ) қаласында отырғанын хабарлайды
(Зайцев И.В. Астраханьское ханство. М., 2006. 42-б.). Ол сол жылы
Әзітарханда болып, қаланың жай-жапсарын да баян еткен: “қала үлкен емес,
Еділ өзенінде орналасқан, тұрғын үйлері аз, дені шикі кірпіштен, бірақ қала
сыртынан аласа тас қорғанмен қоршалған ...”.
Мәскеудің ұлы князі бұрынғыша Ахметті ұлы хан деп мойындап, азды-кемді
салық төлеп тұрғанмен, бодандық қамытын сілкіп тастауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық мені арқылы танимыз
Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету
Шалкиіз жырау
ТІЛЕНШІҰЛЫ ШАЛГЕЗ (ШАЛКИІЗ)
Жыраулар поэзиясы
Жыраушы тұлғалар
Жыраулар шығармашылығы
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары туралы
Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары
Пәндер