Экономикалық теория: пән ерекшелігі және даму тенденциясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық теория: пән ерекшелігі және даму тенденциясы.

Политэкономия - қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым. Қызықты экономикалық этюдтерді философтар, жазушылар, дәрігерлер анықтап отырған. Мәселен, политэкономияның көрнекті өкілі - ағылшын Уильям Петтидің "Еңбек - байлықтың атасы, жер оның - анасы" деген әйгілі қағидасы жұртқа мәлім.

Қазіргі Политэкономия пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында (XVI ғ. аяғы - XVII ғ. басы) дами бастады. Алғашқыда буржуазия өндірісте емес, байлықтың бейнесінде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын айналыс сферасында әрекет еткен.

Сол себепті де бастапқы экономикалық ілім ретінде меркантилизм (итал. тілінде mercante - саудагер) ілімі қалыптасты.

Оның мәні: байлық сыртқы сауда нәтижесінде жиналады, сол себепті тек айналыс сферасын зерттеу қажет деген пікірді дәріптеді.

Меркантилизм екі кезеңнен тұрады, Алғашқы кезеңде (XV ғ. - XVIғ. басы) ол алтын мен күмісті байлықтың жалғыз формасы ретінде идеализациялауға тән монетаризм түрінде танылады. Монетаристер "ақша балансы" теориясын ұсынды. Оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттігін ұсынды. Соңғы меркантилистер ақша емес, тауар айырбастау сферасын зерттеуге көшті. Осылайша "Сауда балансы" теориясын жасаған болатын. Алғашқы меркантилистерден айырмашылығы соңғы меркантилистер ақшаны шетке шығаруға тыйым салмады, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, шетелдік тауарларға жоғары кеден алығын салып, ұлттық экономиканы корғауды, яғни протекционизм (лат. аударғанда ргоіесііо - қорғау) саясатын жүзеге асыруды ұсынды.

Меркантилизмнің өкілдеріне Т. Мен, А. Монкретьен, У. Стаффорд, У. Кольбер, Ресейде Ордын-Нащокин (1605-1680), ИИ. Посошков (1632-1726) және т. б. кіреді.

Айналыс сфераларындағы бағыттарды жаулап алып, буржуазия өндіріс сферасына өтеді. Бұл бірден теориядан керінеді: байлықтың көзі өндірілген игіліктер тек айырбасталатын сауда сапасы емес, өндіріс болып табылатыны дәлелденеді. Шынайы байлық ақша емес, тауарлар. Осылайша политэкономияның классикалық мектебі пайда болады.

Оның бастапқы негізін Уильям Петти мен француз П. Буагильбер құраған.

Ол кездері Европа әлі аграрлы ел болғандықтан көптеген экономистер өндірісті ауыл шаруашылығымен теңестірді. Олар физиократтар мектебінің (грек тілінен аударғанда physic - табиғат, kratoc - билік) өкілдері деп аталады.

Классикалық мектептің елеулі ғылыми табыстары:

1. Басты зерттеу нысаны ретінде олар айналысты емес, өндіріс сферасын алды.

2. Еңбектің мәнін барлық тауарлар құнының негізі және өлшемі ретінде қарады.

  1. Экономиканың рынок арқылы өздігінен реттелуі қажеттігін және патшалар, билеушілер де жоя алмайтын езіндік объективті заңдары бар екенін дәлелдеп берді.
  2. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарының, атап айтсақ, кәсіпкерлер, жұмысшылар, жерге меншік иелері, банкирлер, саудагерлердің табыстарының қайнар көздерін айқындады.

Экономикалық ғылымның әрі қарай дамуы күрделі жолдардан етті. XIX ғасырдың екінші жартысының басында политэкономия терең дағдарысты басынан өткерді. Ол екі тармаққа: марксизм және маржинализмге бөлініп кетті.

Марксизмнің негізін салушы - Карл Маркс (1818-1883) . К. Маркстің басты еңбегі "Капитал". К. Маркс өз зерттеулерінің пәні етіп - өндірістің капиталистік әдісін және оған сәйкес өндіріс пен айырбас арасындағы қатынастарды, ал соңғы мақсаты етіп - капитализмнің экономикалық заңдарын ашуды көздеді.

К. Маркстің экономикалық ілімі Ресейде кеңінен таралды, себебі мұнда XX ғасырдың бас кезіндегі пролетариатгың жағдайы Батыс елдеріне қарағанда әлдеқайда ауыр болатын. Бұл ілімді Г. В. Плеханов, В. И. Ленин, М. А. Бакунин, "Капиталдың" орыс тіліне аударылуының бастамашысы болғап Г. А. Лопатин жалғастырды.

Маржинализм (француз тілі marginal - шекті), марксизмнен айырмашылығы - қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде капитализм мәнін зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды.

Бұл бағыт XIX ғ. 70-жылдарында дүниеге келді. Оның өкілдері: Австрияда - К. Менгер, Англияда - У. Джевонс, Швейцарияда - Л. Вальрас. Маржиналистер экономика ғылымының мақсаты - шектеулі ресурстарды бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізудің әдістерін іздестіруде деп таныды.

Маржинализмнің марксизмнен айырмашылығы - ол өзіне жаңа құнды пікірлер мен әдістерді қабылдауға мәжбүр ететін идеялар бәсекесі қысымында болды.

Маржинализмге тұтас баға бере отырып, оның құндылығы ретінде өзіне сәйкес концепцияларында көріністерін тапқан жаңа идеялардан бас тартпағандығын айта кетуге болады.

Маржинализмнің әлеуметтік мәселелерді шеше алмауына қарсы әсер ретінде институционалды-әлеуметтік бағыт пайда болады. (лат. institutum - ұйым, мекеме) . Оның өкілдері: Т. Веблен, У. Митчел, М. Вебер, В. Зомбарт, Д. Гэлбрейт, Г. Мюраль және т. б.

Экономистердің барлығының көзқарастарында

- ерте заманғы ойшылдардан қазіргі заманғы ғалымдарға дейін

бір жалпы сипат байқалады: олардың көздеген мақсаттары

қоғам байлығының өсуіне әкелетін тиімді шаруашылық

жүргізу жолдарын зерттеді.

Қоғам өмірінің әр түрлі даму сатыларында шаруашылықты жүргізуді рационализациялау (дүрыс ұйымдастыру)

әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Қарапайым, техникаға

маманданбаған еңбек кезеңінде өндірістің тиімділігін

арттыруға тек адам еңбегін қанауды ашық түрде күшейту,

табиғи және еңбек ресурстарына ысырапшылықпен қарау

орын алды.

Мұндай жағдайларда пролетарлық политэкономия еңбек

етуші адам кұқығын қорғау жолында тұрды, ол өз зерттеулерінің пәні деп еңбек пен капитал арасындағы экономикалық қатынастардың сипатын, өндірістік қатынастарды талдауды алға қойды.

Осыған орай, экономика даму барысында маңызды мәселе - өз байлығын арттыру мақсатында шектеулі ресурстар жағдайында тиімді шаруашылық жүргізу заңдарын іздеуге бет бұрды. Демек, экономикалық зерттеулер әдістері де өзгерді. Алайда, негізгі бағыт өзгеріссіз қалды. Осыған орай, шаруашылық процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастар мен шаруашылық қызметінің екі жақтылы сипатта екендігін ескеру маңызды, оның бірі - объективті, ең алдымен меншік қатынастарымен анықталады, ал екіншісі - субъективті, әр түрлі шаруашылық субъектілерінің (жеке тұлға, фирма, мемлекет) экономикалық әрекетінен керінеді. Яғни, экономикалық теория осы қатынастардың жиынтығын тұтас қамтиды. Олардың объективті жағы қоғамдағы объективті экономикалық зандардың әрекет етуіне, субъективті жағы - осы заңдарды басшылыққа алып шаруашылық жүргізу саясатына байланысты.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, экономикалық теорияға мынадай анықтама беруге болады.

Экономикалық теория шаруашылықты тиімді жүргізу заңдары мен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі деңгейлері мен әр қилы тарихи кезеңдердегі әрекеттерін ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы зерттейді.

Осылайша, экономикалық теория біріншіден, экономикалық зандарды айқындайды.

Экономикалық заң дегеніміз не?

Бұл - экономикалық ұғым ретінде санада қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары. Экономикалық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекелеген, оқшауланған фактілермен ғана емес, сондай-ақ олардың аумақты жүйесімен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілерді топтастырып, қорытындылау қажет, бұған индуктивті әдіс арқылы (лат. inductio - кіріп шығу), яғни жекелеген, бірлі-жарым оқиғалардан жалпы қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен зерттеу. Ал дедуктивті әдіс жалпы пікірлер пайымдаудан жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүргізіледі (лат. deductio - шығару) .

Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін объективті заңдарды ашуды қажет етеді. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті, тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетеді жөне объективті болып табылады, яғни себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды.

Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс-әрекеті мен қатынастарын білдіреді.

Сонымен, экономикалық заңдар - бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым - атау формасындағы зандарын қарастырады. Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады және осылайша олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи зандар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді.

Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикальқ заңдар ерекше және жалпы болып екіге бөлінеді. Ерекше экономикалық заңдар жекелей алынған дәуірлерге, формоцияларға тән . Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалды игіліктерді бөлу заңдары.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикальқ формацияларда әрекет етеді. Мысалы, еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақьтты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-әлеуметтік қажеттіліктер.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатыны, екіншіден, ол әр түрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді.

Микроэкономикада талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі - үй шаруашылығы, жекелеген фирма, бірлестік және т. б. алынады.

Мегоэкономика ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылық салаларының (агроөнеркәсіптік кешен, әскери-өнеркәсіптік кешен, аймақтық экономика және т. б. ) іс-әрекеті мен заңдарын зерттейді.

Макроэкономикада елдің экономикасы біртұтас зерттелінеді. Макроэкономиканың нысандары болып, қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудің қарқыны мен факторлары және т. с. с. қаралады. Макроталдау инфляция, жұмыссыздықпен күресу, іскерлік белсенділікті ынталандыру және т. б. сияқты халық шаруашылық мәселелерін шешуге бағытталған.

Мегаэкономика жалпы әлемдік экономиканың әрекет ету механизмдері мен заңдарын зерттейді.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатыны үшіншіден, ол тиімді шаруашылық жүргізу заңдары мен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі тарихи кезеңдердегі іс-әрекеттерінің мәнін зерттейді.

Экономикалық теория, басқа кез келген ғылым сияқты танымның әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады, олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.

Жалпы ғылыми әдістер - бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектика материалистік принциптер. Бұл әдістерге сәйкес барлық экономикалық процестер бір-біріне тәуелді қайшылықты түрде дамиды және ұдайы қозғалыста болып табылады. Логикалық (теориялық) тәсіл осы тарихи құбылыстардың тарихи жолының дәлме-дәл көрінісі емес. Ол зерттелініп отырған құбылыстың мөнін ұғыну мен абстракциялауды, яғни олардың болмашы қасиеттерінен жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Соның нәтижесінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, бәсеке және т. б. сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің мұндай әдісі ғылыми абстракция деп аталады.

Экономикалық теория тарих, философия, статистика, математика және т. б. ғылымдармен тығыз байланысты, Экономикалық ғылымдар жүйесінде ол ортаңгы орынға ие.

Экономикалық теория үш негізгі функцияларды; танымдық, методологиялық және практикалық функцияларды атқарады.

Рынок экономикасында фирмалар анағұрлым көп табыс әкеліп тауарлар өндіреді, осылайша не өндіру қажет, мәселесі шешіледі. Ең аз шығын жұмсайтын технологияларды қолдану арқылы қалай өндіру қажеттігі шешімін табады.

Халық тауарлар бағасы мен табыстарын салыстыра отырып, сатып алады, осымен кім үшін өндіру қажеттігі шешіледі.

Қорытындылар:

1. Экономикалық теориялар шаруашылық іс-тәжірибесі мәселелерін шешу барысында дамыды. Теорияны модельдеу барысында зерттеуші позитивті және қалыпты пайымдауларды қолданады. Позитивті пайымдау не болды, не бар, не болу мүмкін деген мәселені бекітеді. Қалыпты пайымдау - бұл ненің болуы кажеттігі туралы пікір және әдетте, позитивтіден шығарылады. Теориялар позитивті пайымдаулар түрінде қалыптастырылады.

  1. Экономикалық теорияның негізінде экономикалық саясат анықталады. Оның мәселесі - экономикалық мәселелердің шешілу механизмдері мен варианттарын табу.
  2. Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық теорияны жаңа сатыға көтеретіндей тұтас экономикалық жүйе дамиды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы
Педагогика - тәрбие туралы ғылым
Демография және әлеуметтану
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Батыстағы әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихы
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Қазіргі білім берудегі интеграциялық процестер
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы – педаогикалық білімдер саласы және жалпы мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz