Кітапхана қоры негізінде мәліметтерге BDE технологиясы арқылы қатынау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Соңғы кездері есептеуіш техника құралдарын әр түрлі жұмыс орындарда қолдану қызығушылығы арта түсуде. Бұл есептеуіш құралдар дегеніміз ең әуелгі ретте қазіргі дербес электронды есептеуіш машиналарды білдіреді. Бұл электронды есептеуіш машиналар адамның еңбек ететін әртүрлі салаларында ақпаратты өңдеуді автоматтандырудың ыңғайлы ортасы болып табылады. Дербес компьютерлер ауқымы оларды тікелей пайдаланушының жұмыс орнына орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен ақпаратты жинақтау, өңдеу және тарату мәселелері адамзат алдында оның барлық даму кезеңдерінде маңызды болып табылады.
XXI ғасырдағы адамзат өркениетінің дамуындағы ғаламдық ө згерістер оны жаңа кезеңге компьютерленген еңбек құралдары мен ақпараттық технологияларды кеңінен колданатын қоғамға әкелді.
Мұндай қоғамдағы ақпарат адам қызметінің негізгі өнімдерінің бipi болып табылады, ал үлкен көлемді ақпараттық қоры бар кітапханалар мазмұнын байыта отырып және кызметіндегі библиографиялық ақпаратпен қатар аналитикалық, сондай - ақ дәстүрлі және жаңа өнімдер құруды қоса, олар өндіретін ақпараттық өнім түрлерін кеңейте отырып акпараттық жүйе даму үрдісіне енуі қажет. Осының барлығына, кітапханалық үрдістерді автоматтандырылған кешендік бағдарламаларды құру кәзіргі кездегі ең маңызды сұрақтардың бipi болмақ.
Қолданушылар кітапханадан өзіне қажетті кез - келген ақпаратты алуға болады. Қaзip ақпараттың мөлшерден тыс көптігі жағдайында кітапханалық қор құру, ақпараттың - библиографикалық жене абономенттік қызмет көрсету сияқты негізгі функцияларды атқару күннен - күнге күрделенуде.
Тәжірибе жүзінде бұл кітапханадағы жаңа түсімдерді өңдеуді орындауда картотекаларды, басылымдарды, тізімдерді, тапсырыстарды, есептік құжаттамаларды дайындау бойынша қызметкерлердің уақытын үнемдеумен қатар, бip сарынды жұмыстан босату, түсімдер туралы мәліметтер қорын кұру
және көшірме жасау бойынша операцияларды орындауды білдіреді. Ең бастысы - кітапхана оқырмандарды отандық және дүние жүзілік ақпараттық кеңістікке шығу мүмкіндігімен қамтамасыздандырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Кітапхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру. Осы мақсатқа жетү үшін келесі міндеттер қойылды:
- «Кітапхана» пәндік аймағына талдау жасау;
- «Кітапхана» мәліметтер қорының құрылымын жобалау;
- Microsoft Access ортасында мәліметтер қоры жүйелерін құру;
- Мәліметтер қорын толтыру;
- Мәліметтер қорымен жұмыс жасау үшін клиенттік қолданбаны әзірлеу, мәліметтерді енгізу, өзгерту, түзету, сақтауды қамсыздандыру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Кітапхана жұмысын автоматтандыру арқылы кітапханалық басылымдар (анықтамалықтар, мақалалар жинағы және т. б) туралы ақпаратты, әр басылымның жекелеген даналарының (түптеулерінің) орны туралы ақпаратты, кітап айналымы туралы мәліметтер мен оқырмандар жайлы деректерді енгізуге, сақтауға және өңдеуге арналған бағдарлама құрып кітапхана кызметкерлерінің жұмысын жеңілдету болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік құндылығы: Кітапханадағы жана түсімдерді өңдеуді орындауда, картотекаларды, басылымдарды, тапсырыстарды, есептік құжаттарды дайындау бойынша қызметкерлердің жұмыстан жеңілдетіп, жаңа түсімдер туралы мәліметтер қорын құру бойынша операцияларды орындау.
Дипломдық жұмыс кipicпe, 4 бөлiмнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 52 бет.
1 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ШОЛУ ЖАСАУ
Басқаруды автоматтандыру құралдарын енгізудің қазіргі заманғы масштабтары мен қарқыны практикалық, әрі теориялық сипаттағы мәліметтерді жан жақты зерттеу мен жалпыландыруға байланысты кешенді зертеулер өткізуді міндеттейді.
Мамандар АЖО - ның мәнін талдай отырып, оларды тікелей мамандардың жұмыс орындарындай орналасқан және олардың жұмысын автоматтандыруға арналған кәсіптік - бағытталған кіші есептеуіш жүйелер ретінде анықтайды. Басқарудың әрбір элементі үшін олардың функционалдық қызметіне сәйкес автоматтандырылған жұмыс орындарын қарастыру қажет. Алайда АЖО құру ұстанымдары жалпыға ортақ болуға тиіс (жүйелік, икемділік, тұрақтылық, тиімділік) .
Мұндағы жүйелік ұстанымға сүйенсек, АЖО құрылымдары функционалды қызметі бойынша анықталатын жүйелер ретінде қарастырған жөн. Икемділік ұстанымы барлық қосымша жүйелердің құрылу модульдігі мен олардың элементтеріне байланысты жүйенің мүмкін қайта құрылуына бейімділігін білдіреді. Тұрақтылық ұстанымы келесіден тұрады: АЖО жүйесі негізгі функцияларды ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен тәуелсіз атқаруға тиіс, яғни оның жекеленген бөліктеріндегі ақаулар оңай жөнделуі, ал жүйенің жұмысқа қабілеттілігі - жылдам қалпына келтірілуі тиіс. АЖО тиімділігін жүйенің құрылуы және пайдалануы бойынша шығындарға жатқызылатын, жоғарыда көрсетілген ұстанымдарды жүзеге асыру деңгейінің интегралдық көрсеткіші ретінде қарастырған жөн. Орталығы ЭЕМ болып табылатын, ақпаратты өңдеудің адамдық және машиналық құралдарының арасында функциялар мен жүктемелерді дұрыс бөлген жағдайда ғана АЖО тиімділігін ғана емес, сонымен қатар мамандардың әлеументтік қолайлылығын арттыру құралы болады.
Енді дербес ЭЕМ негізіндегі АЖО дамуының күйімен келешегін қарастырып, одан кейін АЖО техникалық және бағдарламалық қамсыздандырылуы жайлы мәселелерге тоқталамыз.
Электрониканың дамуы есептеуіш машиналарының жаңа класы - дербес ЭЕМ (ДЭЕМ) пайда болуына әкелді. ДЭЕМ басты артықшылығы - салыстырмалы түрде бағасының төмендігі және жоғары өнімділігі. Мысалы, егер 60 - жылдардың басындағы үлкен ЭЕМ, 70-жылдардың басындағы мини-ЭЕМ мен 80-жылдардағы ДЭЕМ сипаттамаларына талдау жасасақ, өнімділігі шамамен алғанда бірдей. ДЭЕМ бағасының төмендігі, сенімділігі, қызмет көрсетуімен қымбат болуы, қызмет көрсетуі мен өзара әрекеттесудегі күрделілігі үшін қолданылмаған адамның қызмет салаларында, қолданылуы аясының кеңуіне мүмкіндік береді. Мұндай салаларға ДЭЕМ қолдану ақпаратты өңдеумен байланысты мамандардың қызмет өнімділігін шынымен арттыруға мүмкіндік беретін мекемелік қызмет түрі жатады. Бұл аспект басқару еңбегінің өнімділігі қазірге дейін өте төмен қарқынмен өсуіне байланысты өзекті болып табылады. Осылайша соңғы 30 жыл ішінде ол 2 - 3 есе, ал өнеркәсіпте 14 - 15 есеге артты. Қазіргі күнде әртүрлі кәсіптегі мамандардың ойлау және басқару еңбегін интенсификациялау үшін ДЭЕМ негізінде жұмыс істейтін АЖО әзірленіп, кеңінен қолданысқа енуде.
ДЭЕМ қолданудың анағұрлым тиімді ұйымдастыру формасы олардың негізінде нақты мамандардың (экономистердің, статистиктердің, бухгалтерлердің, басшылардың) АЖО құру болып табылады, өйткені мұндай форма адам мен машина арасындағы қатынастардағы психологиялық бөгетті болдырмайды.
Жинақталған тәжірибе көрсеткендей, АЖО келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- маманның ақпараттық және есептеуіштік қажеттіліктерін уақытында қанағаттандыру;
- колданушының сұранысына жауап беру уақытының минималдылығы;
- қолданушының дайындық деңгейі мен оның кәсіптік сұраныстарын бейімделуі;
- АЖО - да жұмыс істеу тәсілдерін меңгерудегі қарапайымдылық және қарым - қатынастың жеңілдігі, сенімділігі және қызмет көрсетуінің қарапайымдылығы;
- қолданушыға катысты ұстамдылық;
- қолданушыны жылдам үйрету мүмкіндігі;
- есептеуіш желі құрамында жұмыс істеу мүмкіндігі; АЖО жалпыланған сызбасы төменде көрсетілген.
Сызба1 Автоматтандырылған жұмыс орнының сызбасы
Жалпы бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) есептеуіш техниканың қызмет етуін, жаңа бағдарламаларды әзірлеу және қосуды қамтамасыз етеді. Мұнда операциялық жүйелер, бағдарламалау жүйелерімен қызмет көрсету бағдарламалары жатады.
АЖО кәсіптік бағыты БҚ функционалдық бөлігі (БҚФ) бойынша анықталады. Мұнда нақты маманға бағыт жасалады, белгілі бір пәндік аймақтардың есептердің шешілуі қамсыздандырылады. БҚФ әзірлеу барысында «адам - машина» өзара әрекетін ұйымдастыру мәселелеріне басты назар аударылады. Қолданушы пайдалы, маңызды іспен айналысатындығын сезе алған жағдайда ғана, оған ЭЕМ - да жұмыс істеген кызықты, әрі тартымды. Кері жағдайда, ол өзін қолайсыз сезінеді. Маман емес адам қандай да бір «сиқырлы» командаларды, символдарды білмегендігі үшін өзін төмен санауы мүмкін.
Енді АЖО-ны әзірлеудің екі тәсілін қарастырайық, типтік функцияларды автоматтандыруды білдіреді.
Функционалдық БҚ (ФБҚ) қолданудың нақты шарттарына қалайша бейімделетінін қарастырайық. Іскерлік ақпаратты өңдеумен және басқарудың шешімдер қабылдаумен байланысты әртүрлі мамандықтар үшін арналған АЖО-да негізгі болып табылатын бағдарламалық құралдарды атап өтейік. Алғашқы болып техникалық қызметкерлердің орындайтын функцияларының формализациясымен байланысты техникалық қызметкерлердің еңбегін автоматтандыруға арналған бағдарламалық құралдар пайда болды. Мысалы, мәтіндік редакторлар (процессорлар) . Олар ақпаратты жылдам енгізуге, оны редакциялауға мүмкіндік береді, қателерді өзі табады, мәтінді баспаға шығаруға, әзірлеуге көмектеседі. Мәтіндік редакторларды қолдану машиналар еңбегін өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мамандарға әртүрлі құжаттарды әзірлеу үшін қажетті мәліметтерді табу үшін үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жұмыс түрлерін жеңілдету үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ, Dbase, Oracle және т. б) жасалады.
МҚБЖ үлкен көлемдегі ақпаратты сақтауға және ең бастысы кажетті мәліметтерді жылдам табуға мүмкіндік береді. Мысалы, картотекамен жұмыс жасау барысында қажетті ақпаратты табу үшін мәліметтердің үлкен архивтерін әсіресе карточкалар керекті белгі бойынша сұрыпталмаған болса үнемі карап отыру керек.
МҚБЖ бұл мәселені санаулы секундтарда - ақ шешеді. Экономикалық ақпарат кестелік құжаттар түрінде берілгендіктен мамандардың көпшілігінің қызметі әр түрлі кестелерді өңдеумен байланысты. ІФК (ірі форматты электрондық кестелер) осыған ұқсас кестелерді жасауға көмектеседі. Олар бастапкы мәліметтерді өзгерткенде барлық қорытынды және аралық мәліметтерді өздері есептейтіндіктен өте қолайлы.
Қазіргі уақытта мәтіндік редакторлардың, кестелердің және графикалық редакторлардың мүмкіндіктерін жинақтаған интегралданған пакеттерді құру тенденциясы бақыланады. Негізінен бірдей операцияларды - мәліметтерді құру және өңдеуге орындауға арналған түрлі бағдарламалардың көп болуы ақпараттың үш негізгі түріне сандык, мәтіндік және графикалық болуымен байланысты. Ақпаратты сақтау үшін көп жағдайда аталған мәліметтер типтерінің барлығын бір бүтінге біріктіруге мүмкіндік беретін МҚБЖ қолданылады. Қазір ақпараттың басқа екі түрі: дыбыстық және бейнеақпарат қарқынды даму үстінде. Олар үшін өз редакторлары құрылды және жуық арада бұл ақпарат түрлері көптеген мәліметтер қорының ажырамас бөлігіне айналады.
Қазіргі заманғы функционалдық БҚ әртүрлі мамандықтағы қызметкерлердің қойған талаптарын барлығына жауап бергенімен, бәрі бір жетіспеушілік байқалады. Сондықтан мұндай БҚ артықшылығы - оны өзгерту мен толықтыру мүмкіндігі болып табылады. АЖО басқа жаңа бағдарламалық құралдарды әзірлеуге келсек, ол екі бағыт бойынша жүргізіледі: жаңа мамандықтарға арналған жаңа БҚ жасау және қолданыстағы мамандықтарға арналған БҚ мамандандыру. Бүгінгі таңда кәсіптік қызметтегі АЖО құруға өту тендендиясы байқалады. Ол келесіден көрінеді:
- шешілетін мәселелерді есепке алу;
- өзге қызметкерлермен өзара әрекеттесу;
- кәсіптік әдет дағдыларды, бейімділіктерді есепке алу;
- тек ФБҚ ғана емес, сондай - ақ арнаулы техникалық қүралдарды (тышқан, желі, телефон номерлерін автоматты түрде теру және т. б) әзірлеу.
Мамандарды мұндай АЖО-мен жабдықтау тиімді жоспарлау мен басқаруға қажетті мекеме қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға, олардың санын азайтуға, сонымен қатар экономикалық ақпаратты өңдеу және оның заңдылығын жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
1. 1 Кітапханалық жүйелер
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудегі ҚР кітапханалар Ассоция ролі. ҚР 2030 жылғы ұлттық даму стратегиясына сәйкес барлық тұрғындарға тең және демократиялық жағдайлар туғызу үшін біздің қоғамымызда ірі ғылыми - техникалық жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар туралы мәселелерді шешуде.
Осы бағыттағы ҚР министрлер кабинетінің «ҚР ғылыми - техникалық ақпараттар жүйесінің мемлекеттік дамуы» бағдарламасы негізінде ғылыми және жаңа технологиялар министрлігінде жүзеге асырылады. Бағдарламаны жүзеге асырушылар Қазақ ұлттық ғылыми - зерттеу институтымен қатар 31 ұйым, ақпараттық орталықтар мен республика кітапханалары. Осыған байланысты республика алдында ұлттық ақпараттық саясат жасау, әрі оны жүзеге асыру тапсырмасы берілген.
Кітапхананың мемлекеттік ақпараттық және мәдени саясатының өзгеруіне байланысты кітапханалар өз дамуының жаңа сатысына өтті. Мұнда кітапханалар әлемдік ақпарат көздерінде тұрғындардың ақпараттық - коммуникативті орнына айналдыруға мүмкіндік туғызды. Ақпараттандыру саласындағы облыс кітапханаларының алғашқы тапсырмасы ұлттық ақпараттық ресурстарды сақтап, әрі оны жүзеге асыру. Бұл ақпарат көздерін сандық үлгіге ауыстару ғана емес, оларды басқа да кітапханалар арасында алмастыру, яғни жер шарының әр түпкіріндегі адамдар өздеріне қажетті ақпаратты алуға мүмкіншілік туғызу. ҚР кітапханалар Ассоциаясы жаңа технологияларды туғызу мақсатында әлемдік кітапханалардың электронды массивитерімен байланыс орнатады. Бұл үшін барлық кітапханаларды интернет желісіне қосу қажет. Кітапханалар жаңа ақпараттық технологияларды енгізумен қатар ақпараттың сандық әрі баспа түрін сәйкестендіріп, білімді алмастыруды дәстүрлі әрі жаңа үлгілермен қамтамасыз ету қажет. Әлемдік ақпараттық интернет желісіне қосылу кітапхананың қажеттігіне орай жасалынған. ҚР ұлттық кітапханасында кітапхана үрдістерін автоматтандыру үрдістері 1991 жылдан басталды. Бүгінгі күні қазақ және орыс тілдеріндегі 1 млн - нан астам ақпараттық мәліметтер қоры құрылған. Назар аударатын тағы бір мәселе электрондық каталогты іздеу мүмкіндігін туғызатын бұл лингвистикалық қамсыздандыру. Лингвистикалық қамсыздандыру іздеу құралдарының жиынынан тұрады. Электрондык каталогты (ЭК) лингвистикалық қамсыздандыру (ЛҚ) әрқашан даму үстінде болуы шарт.
1. 2 АКАЖ (автоматтандырылған кітапханалық - ақпараттық жүйелер) бағдарламасының жұмыс сатысы.
1999 - жылдан бастап ҚР ұлттық кітапханасында АКАЖ бағдарламасын жүзеге асыратын және Windows ортасындағы АКАЖ бағдарламасын жүзеге асыратын компьютер орталығы құрылды.
1989 - жылы ҚР ұлттық кітапханасының тапсырысы бойынша АКАЖ бағдарламасын қайта өңдеу басталды. 1992 жылы электрондық каталогтар мен тақырыптық құжаттар қоры жасала бастады. Қазіргі уақытта 4 электронды каталог пен 30 - ға жуық тақырыптық мәліметтер қоры жасалынды. Атап айтқанда «Қазақстан», «Өткенде және болашақта», «Н. Назарбаев ҚР - ның алғашқы президенті», «Қазақстан астаналары», «Абай», «Әуезов» және басқалар оқырмандар арасында үлкен сұраныспен пайдаланылады. «АКАЖ» жүйесі кешенді автоматтандыру принципіне негізделіп жасалған, яғни кітапхана бір уақытта өзіндік кітапханалық қызметтері бар ақпараттық жүйе және әкімшілік шаруашылық басқару миханизмі бар мекеме ретінде қарастырылады. Сонымен қатар ақпараттық, бағдарламалық, лингвистикалық және техникалық құралдардың бір тұтас жүйесі қамтамасыз етілген. Ал кітапхана ішіндегі жеке үрдістер мен амалдар бірыңғай технологиялық кешен түрінде жүзеге асырылады. Жүйе принципі негізінде барлық технологиялық кітапханалық үрдістерде бірыңғай ақпараттық қор құрылады. АКАЖ негізінде карточкаларды жасау мен тақырыптық тізімдерді жасау автоматты түрге көшірілген. Санаулы уақыт ішінде кітапханашы іздеу жүргізіп тақырып бойынша тақырыптық сөздіктерді шығарып бере алады. Бағдарлама ең қиын кітапханалық үрдістердің бірі кітапханалық көрсеткішті барлық қосымша кітапханалық көрсеткіштермен бірге баспаға автоматты түрде дайындап бере алады. Бұл үрдіс толық игерілгендіктен, кітапхана қызметкерлері осы АКАЖ бағдарламасының артықшылықтарын басқа бағдарламаларда қолдануда.
2 МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕМЕ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ
АСПАПТАРДЫ ТАҢДАУ
2. 1 Әзірленетін АЖО қызметі
Жасалатын (әзірленетін) АЖО кітапханалық басылымдар (монографиялар, анықтамалықтар, мақалалар жинағы және т. б) туралы ақпаратты, әр басылымның жекелеген даналарының орны туралы ақпаратты, кітап айналымы туралы мәліметтер мен оқырмандар жайлы деректерді енгізуге, сақтауға және өңдеуге арналған. Мұндай АЖО жүзеге асыру кітапхана кызметкерлерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді;
- қажетті ақпаратты жылдам және оперативті алуға көмектеседі;
- мәліметтерді енгізуді жеңілдетеді;
- есептерді (отчет) жылдам алуға мүмкіндік береді;
- оқырманға басылым туралы ақпаратты жылдам және дәл табуға мүмкіндік береді.
2. 2 Құрылымдық сызбаны анықтау
Жаңа қолданбаны әзірлеу барысында кестелердің дұрыс құрылымын дайындау қажет. Нашар құрылым кейбір функцялардың жүзеге асырылуының тиімсіздігіне әкеп соғады. Кестелердің жақсы ойластырылған жиыны ағымдық мәселені шешуге көмектесіп қана қоймайды, сондай - ақ келешектегі жетілдірулер мен толықтыруларға дайындайды және ең бастысы, бағдарламаны жазу уақытын азайтады, сұраныстар мен SQL - операторларды қолдана отырып, мәліметтерді шақыруға және өңдеуге мүмкіндік береді.
Мәліметтер қорына әрқашан аса үлкен, тоқтап қалған және мөлшерден тыс күрделі жүйелерге айналу қаупі төніп тұрады. Жаңа функциялар мәліметтер қорына жаңа сұраныстар тудырады, ал бұл оның элементтерінің арасындағы логикалық байланыстар жиынын арттырады. Осыған байланысты мәліметтерді ұйымдастырудың қарапайым және анық сызбаларын ойластыру және қолдану қажет.
Ең алдымен, теория негізінде байланыстырушы өрістер көмегімен жекелеген кестелер арасындағы қатынастарды анықтау жатады. Теория бұл катынастардың белгілі бір санын кажет етпейді және қарастырмайды, бірақ әр бір кесте кем дегенде басқа біреуімен байланысты болғандықтан, мәліметтер қорындағы барлық кестелер бір - бірімен тікелей немесе жанама байланысқан болып табылады. Теориядағы тұжырым бойынша, егер мәліметтер нормализациялау ережелерге сай ұйымдастырылса, мәліметтерді басқару өте қарапайым болады. Кестелердің бірінші нормальды формасын алу үшін қайталанатын өрістер мен құрамды мәндер болмауы тиіс. Екінші нормальды форманы алу үшін әр бір кілттік емес өрістің алғашқы кілттік өрістерінің толық жиынтығынан тәуелділігі қажет. Жоғарыда сипатталған нормализациялаудың ережелері төменде келтірілгсн тәсілдердің бірінен катынастардың араларын тиімді байланыстыруға көмектеседі:
Біреуден - көпке. Әрбір А мәніне 0, 1 немесе бірнеше В мәні сәйкес келеді.
1 М
Сызба 2 «Біреуден көпке» байланысы.
Яғни бірінші кестедегі кез келген жазбаға екінші кестедегі бірнеше жазба сәйкес келген жағдайда;
Біреуден - біреуге. Әрбір А мәнінің 0 немесе 1 В мәні сәйкес келеді.
1 1
Сызба 3 «Біреуден біреуге» байланысы
Бірінші кестедегі кез келген жазбаға екінші кестедегі тек бір ғана жазба сәйкес келгенде;
Көптен - көпке. Әрбір А мәні бірнеше В мәніне сәйкес келеді.
М М
Сызба 4 «Көптен көпке» байланысы
Бірінші кестедегі кез келген жазбаға екінші кестедегі бірнеше жазба сәйкес болғанда және керісінше.
Көп жағдайда екі кесте арасында «бірдің - көпке» катынасы қолданылады. Бір немесе бірнеше кестеге сұраныс нәтижесі де кесте түрінде көрсетіледі (беріледі) . Әр кестеде жазбаны уникальды анықтайтын өз кілті немесе идентификаторы болуы тиіс. Объект туралы жазбалар жинағында мәндері объект туралы жазбалары идентификациялайтын біреуден көп элементі болуы мүмкін. Мұндай элементтердің әрқайсысы кілт болып табылады және олардың бірі, әдетте алғашқы кілт ретінде таңдалады. Алғашкы кілт болып табылмайтын мәліметтер элементі амрибуттар деп аталады. Объект туралы жазбада атрибуттардың мәні алғашқы кілттердің мәндерімен идентификакацияланады. Сондай-ақ реляциялық мәліметтер қорында белгілі бір атрибуттардың сәйкес келетін мәндеріне негізделген сұраныстардан немесе түрлі кестелерден ақпараттарды біріктіруге болады.
Реляциялық үлгінің негізгі артықшылығы - бұл жаңа функциялар немесе қолданбалар талап ететін болса, мәліметтердің жаңа элементтерін қосу мүмкіндігі. Кез келген жағдайда мәліметтердің реляциялық үлгісі өзгелерден ерекшелігі - ескі қосымша жүйелерді бұзбай - ақ жаңа мәліметтер мен жаңа байланыстарды жинақтай алуға қабілеттілігімен қолайлы.
2. 3 Бағдарламалық құралды таңдау
Қазіргі таңда Turbo Pascal тілінің даму нәтижесі болып табылатын Object Pascal тілінің негізінде құрылған Delphi объектілі - бағытталған бағдарламалау жүйесі қолданушылар аясында ерекше танымалдылыққа ие. Бұл танымалдылық ең алдымен қолданудағы және оқып - үйренудегі қарапайымдылығы және жеңілділігімен байланысты. Delphi ортасы әдеттегі және көрнекі бағдарламалау технологияларын қолдану негізінде жасалған әр түрлі күнделік деңгейімен мәліметтер қорын басқару жүйесімен (МҚБЖ) жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Delphi дегеніміз Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасауға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу ортасы. Delphi нағыз МҚБЖ болып табылмағанымен, ол қазіргі заманғы МҚБЖ дамыған мүмкіншіліктеріне де ие. Delphi ұсынатын құралдар локальды және клиент - серверлік мәліметтер қорын құрумен (МҚ) жүргізуді, сонымен қатар кез - келген МҚ жұмыс істеуге арналған қолданбаларды әзірлеуді камтамасыздандырады. Алайда әр түрлі қызметтегі қолданбаларды, оның ішінде МҚ қолданбаларын құру бойынша Delphi мүмкіндіктері арнаулы МҚБЖ мүмкіндіктерінен кем емес, ал көп жағдайда олардан артық болады. МҚБЖ - не қатынау жоғары тиімділікпен жүргізіледі.
2. 4 CASE - технологиясы
Компьютерлік техниканың дамуымен ақпараттық жүйенің күрделілігі және мәліметтер қоры көлемі бірте - бірте жоғарлап келеді. Қазіргі кезде мұндай жүйелерді құру арнайы әдістемелер мен құралдарды талап ететін құрушылар ұжымының негізі міндеттерінің бірі болып табылады. Ақпараттық жүйе құруды келесі кезеңдерге бөлуге болады:
- пәндік аймақты талдау кезеңі;
- құру кезеңі;
- тікелей кодтау кезеңі;
- тестілеу және сүйемелдеу кезеңі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz