Діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі
1 Мемлекет пен дін және ұлт қарым.қатынасы жөніндегі мәселе
2 Діни сенім бостандағы
3 Мемлекет пен дін, ұлт тұтастығы
2 Діни сенім бостандағы
3 Мемлекет пен дін, ұлт тұтастығы
Соңғы кездері мемлекет пен дін және ұлт қарым-қатынасы жөніндегі мәселе алыс шетелдерде ғана емес, бір-біріне жақын, бір кездері бір одақта болған ТМД елдерінің өздерінде де өзекті жағдай ретінде кеңінен әңгіме болуда. Өйткені, қазіргі заман әрі уақыт талабы Мемлекет, дін, ұлт туралы жаңа ойлар менен тұжырымдардың, содан соң, алуан пікірлердің үрдісінен шықпай, аталған түсінік-танымдарға жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Оларға заманауи жаңа талаптар қою, сосын, олардан нарық кезеңіне сай іс-әрекеттерді күту бүгінгі күннің елеулі мәселесі.
1918 жылы 23 қаңтар (5 ақпан) айында Кеңестер Одағының алғашқы қабылданған декреттерінің бірінде Мемлекет пен дін арасын бөліп, оны социалистік жүйе талабына сай реттеген еді. Ол декреттің бірінші бабындағы «Шіркеу мемлекеттен бөлінеді» деген сөйлем 1871 жылғы Париж коммунасы декретінің бірінші бабымен сайма-сай келеді. Яғни, бұдан, кезінде мемлекет пен дін арасын бөліп тастау бір топтарға айрықша қажет болғанын аңғаруға болады. Міне, осындай бөліністен соң мемлекеттің негізін қалайтын ұлттың да діни ұғым-түсінімі, салт-дәстүрі бұзылып, діннің ұлт пен мемлекетке жасайтын ықпалы күрт өзгерді десек, қателеспейміз. Осындай мәселе бүгінгі күндері де күн тәртібінен бір түскен емес. Шынында да, діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі қандай? Олар бір-бірімен қарым-қатынасты қай дәрежеде, қандай бағыт-бағдарда құрулары керек? Осыған орай, біз кезекті келелі кеңесімізге Халықаралық педагогикалық білім беру, еларалық Ш.Айтматов академияларының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақтияр Смановты, Нұр-мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы, дінтану кафедрасының меңгерушісі Алау Әділбаевты, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтайды, филология ғылымдарының докторы, дінтанушы, Сүлейман Демирел университетінің профессоры Ислам Жеменейді, журналист, дінтанушы, «Жалын» журналы редакторының орынбасары Құдияр Біләлді шақырған едік. Енді, назарларыңызға сол келелі кеңестен туған пікір-тұжырымдарды, ой-түйіндерді ұсынамыз.
– Хұжрат сүресінде: «Ей, адам баласы сендерді бір ер, бір әйелден Адам Хауа анадан жараттық. Сондай-ақ, сендер бір-бірлерінді тану үшін ұлттар, рулар қылдық» деген аят бар. Міне, бұдан біз дінге ұлттың жат емес екенін байқаймыз.

Діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі қандай? немесе Санаға тұсау салынғаннан кейін басқаша ойлау мүмкіндігі болмайды
Ақбота ИСЛӘМБЕК,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің 4-курс студенті,
Жас ғалым үйірмесінің төрайымы
Соңғы кездері мемлекет пен дін және ұлт қарым-қатынасы жөніндегі мәселе алыс шетелдерде ғана емес, бір-біріне жақын, бір кездері бір одақта болған ТМД елдерінің өздерінде де өзекті жағдай ретінде кеңінен әңгіме болуда. Өйткені, қазіргі заман әрі уақыт талабы Мемлекет, дін, ұлт туралы жаңа ойлар менен тұжырымдардың, содан соң, алуан пікірлердің үрдісінен шықпай, аталған түсінік-танымдарға жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Оларға заманауи жаңа талаптар қою, сосын, олардан нарық кезеңіне сай іс-әрекеттерді күту бүгінгі күннің елеулі мәселесі.
1918 жылы 23 қаңтар (5 ақпан) айында Кеңестер Одағының алғашқы қабылданған декреттерінің бірінде Мемлекет пен дін арасын бөліп, оны социалистік жүйе талабына сай реттеген еді. Ол декреттің бірінші бабындағы Шіркеу мемлекеттен бөлінеді деген сөйлем 1871 жылғы Париж коммунасы декретінің бірінші бабымен сайма-сай келеді. Яғни, бұдан, кезінде мемлекет пен дін арасын бөліп тастау бір топтарға айрықша қажет болғанын аңғаруға болады. Міне, осындай бөліністен соң мемлекеттің негізін қалайтын ұлттың да діни ұғым-түсінімі, салт-дәстүрі бұзылып, діннің ұлт пен мемлекетке жасайтын ықпалы күрт өзгерді десек, қателеспейміз. Осындай мәселе бүгінгі күндері де күн тәртібінен бір түскен емес. Шынында да, діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі қандай? Олар бір-бірімен қарым-қатынасты қай дәрежеде, қандай бағыт-бағдарда құрулары керек? Осыған орай, біз кезекті келелі кеңесімізге Халықаралық педагогикалық білім беру, еларалық Ш.Айтматов академияларының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақтияр Смановты, Нұр-мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы, дінтану кафедрасының меңгерушісі Алау Әділбаевты, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтайды, филология ғылымдарының докторы, дінтанушы, Сүлейман Демирел университетінің профессоры Ислам Жеменейді, журналист, дінтанушы, Жалын журналы редакторының орынбасары Құдияр Біләлді шақырған едік. Енді, назарларыңызға сол келелі кеңестен туған пікір-тұжырымдарды, ой-түйіндерді ұсынамыз.
– Хұжрат сүресінде: Ей, адам баласы сендерді бір ер, бір әйелден Адам Хауа анадан жараттық. Сондай-ақ, сендер бір-бірлерінді тану үшін ұлттар, рулар қылдық деген аят бар. Міне, бұдан біз дінге ұлттың жат емес екенін байқаймыз. Ал, ұлт бар жерде мемлекет болады. Осыған орай, қазіргі мемлекет, дін және ұлт арасындағы қарым-қатынаста Сіздердің байқағандарыңыз не? Кемшілік неде? Қай тұстарда нені игере алмай жатырмыз? Нені игердік? деген сауалдар туады. Сондықтан, діннің мемлекетті, ұлтты қалыптастырудағы рөлі жайлы әңгіме қозғасақ.
Ислам Жеменей:
– Бүгінгі бас қосуымыз қазақ елінің тәуелсіздігінің 20 жылдығындағы жаңа бастама деп есептесек болады. Себебі, бұған тәуелсіздікте қалыптасқан халқымыздың жаңа буыны бас қосып отыр. Сондықтан, ең бірінші, осы басқосуымыз елімізге қайырлы болсын деп Алладан тілеймін. Ал, енді, дін, ұлт, мемлекет байланысын қай бағытта, қай тұғырдан қараймыз тақырып соған ауысады. Себебі, дін мемлекет үшін саяси жағынан билік тізгінін ұстап отыруға немесе елдің ауызбірлігін қамтамасыз етуге де құрал болып келеді. Қоғамдық тұрғыдан да солай бола алады. Адамның психологиясын, ахлағын қалыптастыруда рөлі айрықша. Олай дейтініміз, Иранның тарихы оған мысал, Ұлы Дарий: Бір мемлекеттің баянды болуына тіл және дін бірлігі керек, – деп өсиет еткен. Ал, өздеріңіз білесіздер, Еуропаның Ислам әлеміне жасалған Крест жорықтары да елдерінің ынтымағын, бірлігін қамтамасыз етіп, өздерінің билігін нығайту үшін, Исламның кеңірек қанат жаюын тоқтату үшін дінді желеу етіп пайдаланды. Бұл, діннің саяси тұрғына мысал. Ал, Исламның басқа діндерден мемлекетті басқаруда өзгешелегі бар. Себебі, Ислам адамзат тағдырына, мемлекет тағдырына тек саяси тұрғыдан қарамайды. Оның артықшылығы, адамға баға беруінде. Пәк, тақуа, таза, иманды, әділетті Адам арқылы, қоғамның, ұлттың, мемлекеттің қалыптасуына ықпал жасайды. Менің ұсынысым, осы жерде отырған дінтанушы бауырларымыз өз ойларын діннің мемлекетті құрудағы қандай ықпалы барын тарихи деректермен нақтылауға атсалысса игі. Одан кейін, Ислам діні басталған кезеңнен бастап діннің саяси рөлі өзгешелеу көрінуінің себептері неде деген мәселелерді қарастырсақ.
Бақтияр Сманов:
– Әңгіме дін, ұлт туралы болғаннан кейін, мен басымнан өткен тәжірибемді айтқым келіп отыр. Біз тәуелсіздік алғаннан кейін, алғаш Ата Заңымыз қабылданды. Салалық заңдар түзелді. Соның бірі Діни сенім бостандағы және діни бірлестіктер туралы заң еді. Заң өзіне тиісті қызметін атқарды. Өзгертулар мен толықтырулар да енгізілді. Ол 20 жылдай бізге қызмет етті. Сол 1992 жылы қабылданған заңның кемшіліктері болды. Оны да байқадық. Соның артынша, бұрынғы кемшіліктерімізді ескере отырып, мемлекет пен діннің арақатынасын реттейтін жаңа заң қабылдадық. Ол Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы деп жаңаша аталды. Бұрынғы заңда кемшіліктер мемлекет тарапынан да, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан да, діндарлар тарапынан да бір түйінді мәселеде алшақтықтары байқалатын. Мәселен, бұрынғы Ата заңымызда мемлекеттің діннен бөлінгендігі туралы бап болатын. Сол бап діндарларға да, басқаларға да үлкен әсерін тигізді. Діни бірлестіктердің басшылары, діндарлар дін мемлекеттен бөлінген, мемлекеттің дінге араласуына хақысы жоқ дегенді негізге ала отырып, өздерінің бірлестіктерінің ішкі мәселелеріне ешкімді араластырмады. Былай айтқанда, білгенін істеді. Одан кейін, керісінше, кейбір әкімдер, басшылар дін мемлекеттен бөлек дегенді ұстанып, дінге мемлекет ішіндегі жеке мемлекет ретінде қарап, бойын аулақ ұстауға тырысты. Міне, осының барлығы заңсыздықтарға жол ашты.
Тәуелсіздік алғаннан кейін, ел Президенті Аппаратында Діни бірлестіктермен байланыс бөлімі жұмыс істеді. Кейіннен бұл бөлім секторға айналды. Одан соң біз оны бөліп, Үкіметтің жанындағы Дін істері жөніндегі кеңес деп те атадық. Сол кеңесте 4-5 жылдай жауапты хатшы болып қызмет еттім. Ондағы қызметкерлер заңның өзгеруіне, толықтырулардың енгізілуіне шамамыз келгенше бас көз болдық. Сонда байқағаным, біз бұрынғы Кеңестік кезеңдегі ізбен жүріп келдік те, заңымыз да сол ізге түсті. Қазіргі заң, менің байқауымша, бұрынғы заңға қарағанда, әрине, жетістіктері көбірек. Ал, енді, Ата заңымызда мемлекет діннен бөлінген жоқ деген жолдар алыныпты. Керісінше, бұл жәйт жаңа заңда беріліпті. Бұл дұрыс та шығар. Өйткені, Түркия, Малайзия сияқты зайырлы мемлекеттерде де мемлекет діннен бөлінген деген сөз жоқ. Қазір осы заңымыздың күніне енгеніне жылға жақындады. Дегенмен, бұл заңда әлі де болса олқылықтар бар деп ойлаймын. Өйткені, біріншіден, діндарларымыздың, діни бірлестіктеріміздің кейде қателіктер жіберіп жатқанын байқаймыз. Екіншіден, бұдан француздық, ағылшындық, американдық үлгілер заңды демократияландыру тұрғысында негізге алынғаны байқалып отыр. Бұл дұрыс та шығар, әрине. Бірақ, біздің осы жаңа заңымызды Ресейдің заңымен салыстыра қарағанда, маған біраз ой келді. Мәселен, олардың заңдарында миссионерлік қызмет деген атымен жоқ. Ал, бізде, миссионерлік қызметке молынан орын берген. Сегізінші бап түгелімен миссионерлік қызметке арналған. Жеті тармақтан тұрады. Енді, қараңыз, миссионерлік қызмет қазаққа қаншалықты қажет? Бұл қазақтардың көпдінді ұлтқа айналуына жол ашпай ма? Көпдінді ұлт, көпдінді мемлекет деген атаулар мақтанарлық жәйттар емес. Төріңе шығарсаң да төбеңе шығарма деген атам қазақтың даналық ұлағатын неге ескермейміз? Меніңше, Ресейдің заңында миссионерлік қызмет жайлы арнайы баптың берілмеуінде, тіпті ондай қызметтің аты да аталмауында үлкен мән, айтылмайтын сыр жатқан секілді. Мысал ретінде, өз басымнан өткен жағдайды айтуыма болады. Бір университетте оқып жүргенде, бізбен бірге араб бөлімінде бір қыз оқыды. Сол курстасым осыдан 4-5 жыл бұрын, телефон шалып, қолында елден келген ағасының студент-ұлы тұратынын, оның басқа протестанттық бағыттағы бір дінге кіріп кеткенін айтты. Сонан інісіне ата дініміздің игілікті жақтарын насихаттап, бері қайтарып алам деп жүріп, ана қыздың өзі діндар, нағыз намазхан болды. Ал, әлгі бауыры сол күйі тауық басып шығарған үйректің балапаны сияқты өзге діннің айдынында жүзіп құрыды. Екінші мысал, мен Президент Әкімшілігінен кейін, қыздар институтында 5-6 жыл декандық қызмет атқардым. Сонда қыздар арасынан 3-4 қыздың басқа дінге, секталарға барып жүргенін байқадым. Олардың бірімен шақырып сөйлескенімде, арасындағы бір қыздың бәрін үгіттеп, апарып жүргенін анықтадым. Ол өте талантты, сыпайы, сабағын жақсы оқитын, өнерлі қыздардың бірі еді. Сөйлескен кезде, христиандық діннің Елуліктер деген тармағының шіркеуіне барып жүргенін айтты. Содан олармен түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін, қалған қыздар қайтты да, әлгі ұйымдастырып жүрген қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын мақтаулы қызымыз қайтпай қойды. Ақыры, ол қызды оқу үлгерімдерінен кінәрат тауып оқудан шығарып жібердік. Содан кейін, христиандық баптистердің тобына өтіп кеткен тағы бір қыз оқыды. Оған оқу орнымыз зайырлы оқу орны екенін айтып, мұндай білім беру мекемесінде діни үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын айттық. Кейін, ол қыздың әкесі хабарласып, бұл олардың жеке шаруалары екенін жеткізді. Қысқасы, ол қыз да райынан қайтпады. Өйткені, сол сектаға олар отбасымен түгел өтіп кеткенін білдік. Бұларды айтып отырғаным, осы жәйттардың барлығында да миссионерлерғе біздің болашақ қазақ тілі мамандарымыз қажет. Оларға қолқабыс ететін, қандастарымызды, діндестерімізді үгіттейтін сауатты жастар, үздік оқитын ұл-қыздарымыз керек.
Тағы бір назар аударатын жағдай бар. Қазір 48 түрлі дін бар. Кезінде бұлар 30-дың айналасында болатын. Ресейдің заңына қарасақ, 8-баптың, 5-тармағы бойынша Ресей, орыс деген анықтамаларды арнайы заңның талабына сай ғана қосуға рұқсат етеді. Онда ол діни ұйым Ресейде кемінде 150 жыл ресми тіркеліп қызмет етуі тиіс. Ал бізде, өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадия Жамағаты, Қазақтың Ұлттық христиандық қоры дегендер болды. Олар Қазақстан Республикасы, қазақтың, ұлттық деген анықтама сөздерді оңды-солды пайдаланды. Бұл да түбірлей дұрыс емес. Заңға уақыт өте келе өзгертулер, толықтырулар енгізілетіні баршаға белгілі. Дегенмен, қазіргі заң біраз епке келді деп айта аламыз.
Алау Әділбаев:
– Бүгінгі тақырыбымыз күрделі тақырыптардың бірі. Бүкіл адамзатты толғандырған, философтардан бастап, адамзат ойлана бастағаннан бері, өркениет, мәдениет болған жерлерде де, болмаған жерлерде де әрқашан дін, діни сенім болған. Дін мәселесі адамзаттың ең ежелгі және адамзаттың негізгі қажеттілігін өтейтін құндылық. Негізінен алып қарасақ, дін туралы Батыстың анықтамасы мен мұсылман анықтамасы екі бөлек. Батыстағы діннің анықтамасын көп жағдайда, материалистік, позитивтік бағыттағы діннің анықтамасын көреміз. Ал, негізінен, дін мемлекеттен бөлек деген мәселе бізге Еуропадан жұққан індет. Әйтпесе, Ислам дінінде дін мемлекеттен бөлек деген ұстаным жоқ. Діннің келген мақсаты Иллаһи Мұсылман анықтамасына қарасақ, дін –– саналы адам баласы (санасыз адамдарға дін міндет емес) үшін өз еркімен, ешқандай мәжбүрлеусіз, біреудің зорлығымен емес, адамның өз еркімен екі дүние бақытына жеткізетін Иллаһи жоғарғы құдіреттер тарапынан жіберілген Иллаһи заңдар жиынтығы. Яғни, ақыл-ой иелеріне бүкіл екі дүниесін реттейтін жүйе. Сондықтан, дінді мемлекеттен бөліп, мемлекетті діннен бөліп, екеуін қақтығысқа қойып қою Батыстың індеті. Өйткені, Ислам діні адамзат өмірін реттеуге келеді. Діннің қоғам өмірінде қаншалықты керек екенін көру үшін, біз Исламның басқа тұстарын да байқау керекпіз.
Тарихтан да діннің өркениетке жетудегі рөлін көреміз. Айталық, Еуропалық менталитеттің қалыптасуына христиандық діннің еңбегі орасан зор. Иудейлерді де алып қарасақ та, олар үшін діннің рөлі үлкен екенін байқаймыз. Ислам дінінің шыққан кезеңінің өзін алып қарасақ, діннің қаншалықты орасан зор күшке ие екенін көреміз. Ислам діні келмес бұрын, араб халқы адамзат өркениетіне, тарих сахнасына шыққан белгілі ел болмаған. Ру-руға, тайпаларға бөлінген бір-біріне әлімжеттік жасаудан аспаған қауым еді. Бірақ, Иллаһи бір дін келу арқылы 23 жылдық қысқа мерзімде бөлек-бөлек рулар бір үлкен үммет, көпұлысты, іргесі мықты мемлекетке айналды. Және бүкіл әлемге сол мәдениетті жая алатын күшке ие болды. Демек, о бастан діннің қоғамдағы рөлі өте жоғары. Ұлтты құратын діні мен тілі. Міне, осы тұрғыда ең алғаш дін туралы заңдарымыз қабылдауға атсалысқандарда үлкен олқылықтар кеткен сияқты. Өйткені, оны қабылдағандарды да нағыз дінді білетіндер деп ойламаймын. Алғашқы Дін заңдары бүкіл миссионерлік ағымның ағылып келуіне түрткі болғанын кімнен жасырамыз.
20 жыл бойы алысып жүріп, жаңа бір заң күткен едік. Оның да жақсы жақтарымен қатар, осал тұстары барын байқадық. Әсіресе, ол осал тұс мұсылмандарға тиіп кетіп жатқан баптарынан көрініс тапты. Жалпы, ХІХ-ХХ ғасырлар діни ренессанс ғасыры деп аталады. Маркстік идея бойынша, адамзатты жұмыспен, іспен, барлық керегімен қамтамасыз етсе, олар дінді қояды делінген. Ал, қазір керісінше, өркениет, білім, ғылым дамыған сайын діннің қоғамдағы рөлі одан сайын арта түсуде. Қайта керісінше, оқыған зиялы азаматтардың ішіндегі дінге деген құлшыныстарын ашуда. Өйткені, діннің адамзатты еріксіз еліктіретін құпия тұстары бар. Кезінде атеистік бағытта болған Ресейдің өзінде, бүгінгі күні дінге деген құлшынысының артқанын көреміз. Олардағы Битва экстрасенcов бағдарламасын бүкіл халық қызығушылықпен көреді. Кеше ғана атеизмді ұстанған елде, үш қайнаса сорпасы піспейтін материализмнің, рухани күштер бар екенін көрсететін жаңа тұстары дамып келе жатыр.
Қазақ ұлты үшін, басқа діндерді былай қойғанда, Ислам дінін әрдайым алға тартуымыз керек. Біз өзге діндер қоғамына қарсы емеспіз. Қазақ елі болғалы бері, шын мәнінде қазақтың ұлттық мәдениеті Исламмен біте қайнасып кеткен. Сондықтан, бірінші ретте көпшілікті құрайтын қазақ халқының ұстанған діні Ислам дініне басымдық берілмейінше, ұлт пен діннің арақатынасы реттеле қоймайды. Өйткені, біз барлығына көпұлттымыз, көпдіндіміз деп жүрген кезде қаракөз қазақтарымыздан айырылып қаламыз. Шын мәнінде, Қазақстанның ең көп құрамдас халқы – қазақ халқы. Бізге ешқандай да миссионерліктің де, ол туралы заңның да қажеті жоқ. Сондықтан, біз өкінішке орай, діннің алапат күшін енді-енді байқап жатырмыз. Жан-жақта жарылыс, атыс болып жатқан кезде ғана көп нәрседен кеш қалып қойғанымызды түсініп жатырмыз.
Құдияр Біләл:
– Қазіргі Ақиқат журналы кезінде Қазақстан коммунисі болған. Оның Ақиқатқа айналып, бүгінгі күнде дін туралы тақырыпты қозғауының өзі заманның да, қоғамның да өзгергенінің көрінісі. Бұған сүйсініп қарау керек шығар. Қазақстан коммунисінің идеологиясы бізге дін мемлекеттен тысқары деген ұғым қалыптастырып кетті. Сол ұғымнан әлі ажырай алмай жатырмыз. Коммунистердің айтқанының жаны бар еді. Өйткені, Кеңестік кезеңде дін болмаған. Дін болмаған соң, ол мемлекеттің ішінде тұрсын, сыртында тұрсын айырмашылығы жоқ болатын. Бүгінде, сол Кеңестік кезеңдегідей, дін өз бетінше дамиды деген қате түсінік туындады. Шынтуайтына келгенде, мемлекеттен тысқары ешнәрсе болмау керек. Біріншіден, мемлекеттен тысқары нәрсе, ол мемлекетке қауіп туғызады. Бұл бақылаудан тыс дегенді білдіретін түсінік. Екіншіден, ауырғанын жасырған өледі деген тұрғыда сөз қозғағым келеді. Жастарымыздың мешіттерде көбейе бастауы –– қауіпті құбылыс. Неге? Себебі, біріншіден, дінге биғат деген ұғым бар. Аптасына бір рет намаз оқу үрдісі қалыптасты. Шындықты айтсақ, бір парызды орындасаң, қалғанының қатысы жоқ деген қате түсінік. Жұма намазға аптасына бір барсаң, 5 уақыт намазды оқудың қажеті жоқ деген түсініктер пайда болды. Мені алаңдатқан жәйт, олар неге жұма намазға барады деген сауал. Мешітке барушылардың бірде-біреуі оған діни наным-сенімін дамытып, діндар боламын деген оймен бармайды. Барлықтары тірліктерінің оңға басып, тілеу үшін барады. Міне, осы ниетпен жұма күні барша жастар қауымы мешітке жиналып, сол намазға жығылып, тілек тілеген сәтте бүкіл ниет-тілектері қабыл болады деп ойлайды. Яғни, ойлаған мақсат-тілектерін Құдайдан сұрайды. Құдайдан басқа сұрайтын жолдары қалмаған деген сөз. Сұраған тілектері тілеген уақыттарында бірден қабыл бола қоймайды. Келесі апта тағы барып, сұрайды. Одан кейін Қадыр түнін күтеді. Сол түнде де ниет-тілектері қабыл болмаса, тағы күтеді. Ойлаған жұмысына тұрмайды, тілеген байлықтары бола қоймайды. Көлік мінудің ауылы алыс екенін түсінеді. Осыны аңдып отырған, басқа діни ұйымдар, сол жастарды өздеріне тарта бастайды. Тіпті, олардың ниет-тілектерінің орындалмауының себебін өздерінше түсіндіреді. Бұл жердегі кінә, діннің дұрыс еместігінде деп түсіндіреді. Әке-шешелерің намаз оқымаса, ондайда да ниетің қабыл болмайтынын айтады. Тағы бір екінші топ, асты дәретсіз ішкенің дұрыс емес деп те шығады. Міне, жастарды аңдып отырған түрлі ағымдар өздерінің ұсыныстарымен жастар санасын, дін туралы пікірлерін өзгертіп өздеріне тартудың амалын табады. Осының барлығы, діннің бірлігін жояды. Мемлекет бұған мән бермейді. Егер, сол жастардың тілегін мемлекет шешіп берсе, жастар мешітке шын ниет, шынайы мұсылмандық жолымен барады. Ал, бүгінгі жағдай қауіпті. Мемлекет пен дін, ұлт тұтастығы осындайда керек. Ал, жастар ұлт, мемлекет, дін болашағының негізі.
Мұртаза Бұлұтай:
– Мына мәселелер 22 жыл бойы айта-айта әбден жауыр болған мәселелер. Қиналып отырмын. Себебі, қалың тұманның ішінде келе жатырмыз. Жалпы, қазақтар тұрғысынан айтатын болсақ, тарихта Ислам діні қазақтардың басын қосу және мемлекетіміздің іргесін бекіту жағынан өте жақсы рөл атқарған. Себебі, қазақ қазақ болғалы дінге, тілге бөлінген жоқ. Қоғамға іріткі салатын ағымдар қазақтың санасында болған жоқ. Міне, сол қалпымен қазақ баласы кешегі тәуелсіздікке дейін келді. Тіпті, сол қазақ Кеңестік кезеңнің тұсында да діни тұтастығын жойған жоқ. Ағымдар бізге тәуелсіздікпен келді. Тәуелсіздікке дейін халық өзінің ұлттық сипатын, тілін, тегін, дінін сақтап қалуға тырысты. Бірақ, тәуелсіз болғаннан кейін, біз сол тұтастығымыздан айырылып қалдық. Қазіргі бас қосуымыз таңға дейін болса да, біз дін мәселесінде бір тоқтамға келе алмаймыз. Қазір, бір жерде екі молда қосылса, дау шығары анық. Басы даулы болса, аяғы жанжалға баруы әбден мүмкін. Яғни, қазіргі біздің қоғамымызда дін деструктивті рөл атқарып жатыр. Ол пәк дініміздің өзі емес, айналасындағылардың және қанаушы топтардың бойындағы деструктивті қасиет. Жаңа заңдарымызды Ресей заңдарымен салыстырды ағамыз. Әр нәрседе Ресейге жүгінеміз ғой, бірақ, дін мәселесіне келгенде Ресейді үлгі тұтпаймыз. Неге? Егер, Ресей өзінің діни тұтастығын сақтап қалу үшін түрлі механизмдерді қолданып, заңдарын шығарып, оқулықтарын беріп жатса, неге олардан үлгі алмасқа?! Біз барлық мәселеде Ресейді негізге аламыз. Тек дін мәселесіне келгенде, американшыл болып, не Батыс саясатына еліктеп кетеміз. Адам құқықтары бюросы, миссионерлік қызмет деп айтып жатырмыз. Егер, біз сондай Ресейшіл болсақ, олардың механизмінен үйреніп, келген кірме ағымдарды жоймаймыз ба?! Қазіргі қоғам мүлде өзгерген. Күнде 10-15 адамды өлтіріп жатыр, жарылыстар болып жатыр дегенді естиміз. Бұл ешкімді де таң қалдырмайтын болып қалды. Ал, Кеңес Одағында кішкентай бір жағымсыз ақпарат бола қалса, бүкіл халық соған уайымдайтын, қоғамдық пікір лезде қалыптасатын. Айталық, бір бала-бақшада су болмай қалса немесе көшедегі бір ағашты біреулер кесіп кетсе, оны бүкіл халық мемлекеттік деңгейде талқылап, таң қалатын. Ал, қазір адам өлімі болып жатыр десе, таң қалмаймыз. 20 жылдың ішінде қоғам қатты өзгеріске ұшырады. 20 жыл бұрынғы қоғамымыз бен қазіргі қоғамымыздың қашықтығы жер мен көктей десем қателеспеймін. Халықтың санасының улануы дәл осы қазіргі қоғамымыздың санасының улануындай тарихта болмаған шығар. Мен басқа ұлттарды емес, өзіміздің қазақтарымызды айтып отырмын. Біздің дінге деген көзқарасымызды, дінді қалай түсінетінімізді, дін мен мемлекеттің арақатынасы қалай болатыны, діннің ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі, білім мен ғылымға әсері туралы бір ойға келе алмай жатырмыз. Интеллектуалды орта да жоқ. Қоғамның қыспағы, ортаның ықпалы бар. Қазір көп адамдар діни сенімдер, ритуалдар мен әрекеттерді қоғамдағы өзгерістермен пара-пар жасап жатыр. Ол саналы түрде ме, онда ешкімнің шаруасы жоқ. Қоғамда діннің, діни ағымдардың рөлі, діни-саяси идеологиялардың ықпалы күшейіп келе жатыр. Адамдар жаңа қоғамда өмір сүріп, тіршілік ету үшін қазіргі заманның ортасына бейімделу керек екенін түсінуде. Айталық, бір кішігірім кәсіпорын бар делік. Егер, оның басшысы діншілдігімен көрінетін болса, онда оның қызметкерлері міндетті түрде оның ықпалымен кетіп барады, әр жерде солай болып жатыр. Шынымды айтсам, менің көңілім қалды. Себебі, мына қазақтың дінге бөлініп, баласының әкесіне, ағасының інісіне діни негізде өш болып, қарсы шыққанына мен қарсымын. Тіпті, кешегі Кеңес Одағындағы тып-тыныш жүрген қоғамды, қазір, сағынамыз. Жақында еліміздің Бас прокуроры статистикалық мәліметтер көрсетті. Елімізде 2012 жылдың алғашқы 6 айында, 2011 жылдың 6 айымен салыстырғанда қылмыс 70пайызға көбейген. Ал, сауаттылық, діни сауаттылық та, ғылыми сауаттылық та кері кетіп жатыр...
Менің беретін бағам, Қазақстандағы діни ықпалдар, діни тасушы құралдар арқылы түрлі ағымдар түптің түбінде еліміздің жер байлығына қызығады. Адамның саны аз. Оған қоса, кеше ғана тәуелсіздік алған халықтың санасын бұрмалау оңай екені белгілі. Себебі, біз тәжіктер, өзбектер сияқты өз салт-дәстүрімізбен, тілімізбен қалып қойған консервативті қоғам болмағандығымыздан ондай бұрмалау әлдеқайда оңай болады. Бізде Ресейдің, Еуропа мәдениетінің жоғары болуы, құлдық сананың болуы діни ағымдар үшін өте қолайлы орта болды. Сол үшін Қазақстан нысанаға алынған. Саяси-экономикалық ықпалға түскен елдердің алпауыт империалистік мемлекеттердің саясатының ортасына айналатыны белгілі. Сондықтан, Қазақстанға ықпалды кіргізу үшін, компьютерге салатын ақпарат тасымалдаушы диск сияқты дінді құрал ретінде пайдаланды. Түркиядан келген ағым болсын, Арабиядан келген ағым, Пәкістаннан келген ағым, Ираннан келген ағым болсын, қай ағым болса да халықтың санасын улап, ірітіп, арасына неше түрлі алауыздықты салары анық. Бұл әңгіме 90-жылдардың басында басқаша басталған. Намазға қалай тұру керек, қолды қалай қою керек деген сауалдармен басталған алғашқыда. Келімсек ағымдар бұны өз жағына тиімді пайдаланды. Ал қазір, бұл ағымдар мемлекетті басқаруға араласқылары келеді, мемлекеттің ішкі мәселесіне араласқылары келеді. Ағымдарға бөліну барлық деңгейде жүріп жатыр. Кішігірім жанұядан анау билікте отырғандар арасына дейін бөлінушілік, алауыздық қалыптасып келе жатыр. Сондықтан, осындай нәрселерді доғару керекпіз. Сауаттандыруға ден қою керек. Адамзатқа, халыққа пайдасы тиетін, елді біріктіретін шаралар жасауға көшу керекпіз. Бір-бірімізге мейірімді болу керекпіз. Қазір бір адамның пікірінен кішкене өзгеше пікірде болсаң, бірден саған жау ретінде қарап, кәпір деп шығара салады. Мыңдаған жылдар бойы келе жатқан қазақтың ағайыншылық қасиетіне үлкен залал тиіп отыр. Оны сақтап қалу керек.
Мұқан Исахан:
– Кезінде ХІХ ғасырда Радлов 6000 шақырым аймақты мекендейтін қазақ халқы бір дінді, бір салт-дәстүрді ұстанады. Дүниетанымы, пайымы, ойлау жүйесінің бәрі де бір екеніне көз жеткізіп таң қалған. Ол осыншама аймақта өмір сүретін қазақтың ішкі рухани тұтастығының бір екеніне сонша тамсанған. Бұны айтып отырғаным, мемлекет деген ортақ мәмілеге келген индивидтер қауымдастығының мекендейтін аумағы. Яғни, ортақ тіл табысқан адамдардың құрған, жоғары саяси ұйымы. Мемлекет тәуелсіз болса ғана өмір сүре алады. Мәңгі мемлекет бола ма деген мәселеге ғалымдар әлі жауап тапқан емес. Неге? Себебі, түрлі идеологиялар тұрған кезде, плюрализмге жол берілген кезде, мемлекет ешқашан өзінің біртұтастығын сақтай алмайды. Мемлекеттің діні бір болса, тілі бір болса, қоғамдық идеологиясы бір болса ғана оның тұтастығы ұзақ уақытқа сақталады. Ғылымда бұны этатистік мемлекет деп атайды. Радлов айтқандай, қазақ халқының тәуелсіздік алғанға дейін пайымы, діні, ділі бір болып келді. ХІХ ғасырға дейін біз бұны сақтап келдік. Орта Азияның тарихына қарасаңыз, тұңғыш рет өзбектер, тәжіктер, қырғыздарға қарағанда ұлттық мемлекет құрған қазақтар еді. Біз мемлекет құрғанда Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтары болды. Бірақ, бір ұлттың атымен аталған мемлекетті алдымен біз құрдық.
Мұртаза ағамыз қазақтың діни сенімдерінің бір болғанын дұрыс айтып отыр. Мұхаммед Хайдар Дулати Қасым ханды Мұхаммед Шайбанимен соғысып болғаннан кейін, өзінің астанасы Убай-Шубараға кері аттанып кетеді деп жазған. Убай-Шубара – Сібірдегі Тюмень жері. Халқымыз сол аймаққа дейінгі жерді иелік еткен. Сол кезде Сібірдің Көшім хандығы болды. Көшім хандығының құрамында біздің қазаққа тән рулардың барлығы болған. Қазақ мемлекеті қалай құрылды? Ислам дінін ұстанатын қазақтардан құрылды. Яғни, ата-бабамыз этатистік мемлекет құрды. Бұл дегеніміз, дәстүрі, салты, діні бір мемлекет. Өкінішке орай, біз бұл құндылықты сақтап қала алмадық.
Ал, дін деген не деген сұраққа дұрыс ойлар айтылды. Шынымен де, дін бір халықтың о дүние мен ақыреттегі бақытын қамтамасыз ету. Діннің мемлекетке қатыстылығы жайлы ғалымдар әлдеқашан классификациялар жасап кеткен. Дін мемлекетті басқаратын жүйе, мемлекет дінді басқаратын жүйе, дін де, мемлекет те бір-бірін басқармайтын, екеуі ажырайтын жүйелер де бар. Дін мемлекетті басқаратын жүйені теократиялық дейді. Бұл Аквинскийдің Қос қылыш, Ай мен күн теорияларында орын алған. Ал, мемлекет дінді басқаратын жүйені клерикалды тұрпат дейміз. Дін мемлекеттен бөлінген тұрпатты лаицизм, секуляризм, светский дейміз. Ал қазір біз зайырлы деп қолданып жүрміз. Бұл жерде мынадай бір философиялық ұғым бар. Теократиялық мемлекетте халқының екі дүниедегі бақыты үшін күреседі. Ал, зайырлы мемлекетте, дін мемлекеттің басты мақсатына жатпайды. Онда ақыреттегі бақытын қамтамасыз ету мақсаты жоқ. Әсілі, Ислам үкімдерінің барлығы захири болып саналады. Яғни, зайырлы деген арабшаның захир анық, көрінген деген мағынадағы сөзден шығады. Исламда аянмен келген, түсінде көрген нәрселер құқықтық тұрғыда қабылданбайды. Яғни, батынмен ешқашан пәтуа берілмейді. Осы жердегі зайырлылық пен Исламдағы захир ұғымы бір мағына береді. Хазірет Әлидің басынан мынадай оқиға өткен.Өзінің әулиелігімен Харжидтерден кімнің өзін өлтіретіндігін сезген. Қасындағы достары: Сен бізге жанкештіні көрсет, біз оны бірінші жазалайық, – дегенде Хазірет Әли: Жоқ, біздің дініміз захири дін. Олар келіп мені қанжарын сұғып өлтіреді. Содан кейін сендер оларға пәтуа шығара аласыңдар,– деген. Бұл Ислам дінінде аянмен, түспен келген дүниелерді құқықтық тұрғыда қабылдамайтынын көрсетеді. Біздің захир, зайырлы дегеніміз осы мағынаны білдіреді. Яғни, зайырлы мемлекетте тылсым дүниенің мәселесі қарастырылмайды. Жеке адам ретінде, зиялы адам ретінде халықтың ақіреттегі бақыты үшін күресуге болады. Ал, мемлекетті бұған жұмылдыруды деген қоғам көтермейді.
Осылардың ішінде қай жүйені таңдауымыз керек дегенде, қазір, клерикалық жүйені Британия, Норвегия сынды мемлекеттер ұстануда. Клерикалық жүйе дегеніміз халқының басым бөлігі ұстанатын дінді мемлекеттік дін деп қабылдау, не мемлекеттік деңгейде басымдық көрсету. Меніңше, біз зайырлылық пен теократиялық жүйені қабылдамай, оның орнына осы клерикалық жүйені қабылдағанымыз дұрыс. Бұл бір күнде болатын дүние емес. Алдағы 20-30 жылда халық бұл жүйенің қажеттілігін түсініп, қабылдағанымыз жөн.
Құдияр ағамыздың айтқан мәселесі өте орынды. Жастардың жаппай дінге ұрынуы қауіпті құбылыс екені рас. Дегенмен, оның сүйсінетін жері де бар. Бірақ, жастарымыз қазір саналы тұрғыда емес, еліктеу тұрғысынан ғана дінге бет бұруда. Теология ғылымында тахлиди ұғымы бар. Бұл еліктеу деген сөз. Ал, дінге саналы түрде келу керек. Исламда бұл яхини деп аталады. Жоғарыда айтылған мәселелер және осы түйткілдер шешімін тапса, тәуелсіздігіміз берік болары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz