Дүние жүзі тарихы оқу бағдарламасы


І. ТҮСІНІК ХАТ
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ІV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Дүние жүзі тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде «Адам және қоғам» білім беру саласына енгізілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесінің тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті.
Дүние жүзі тарихы оқу пәнінің негізгі нысаны — адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам). Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен осы күнге адамзат тарихының аса маңызды құбылыстарымен, оқиғаларымен таныстырады. Окушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді.
«Дүние жүзі тарихы» оқу пәнінің мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу болып табылады

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Көлемі: 16 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ДүНИЕ ЖҮЗІ тарихы

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

10- сынып

жаратылыстану-математикалық бағыт

Астана 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ДүНИЕ ЖҮЗІ тарихы

жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-
сыныпқа арналған

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы
№367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Тұрлығұл Т.Т., Төлебаев Т. Ә., Жусанбаева.,
Мәшімбаев С.М., Тортаева Ә.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-
11 сыныптарына арналған Дүние жүзі тарихы оқу бағдарламасы.– Астана,
2010. – Астана, 2010. – 16 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім беру академиясы, 2010
І. ТҮСІНІК ХАТ

Дүние жүзі тарихы пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде
Адам және қоғам білім беру саласына енгізілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесінің тұрғысынан қарасақ қазіргі
кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен
халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға
түсінікті.
Дүние жүзі тарихы оқу пәнінің негізгі нысаны — адамзаттың жүріп өткен
табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам). Ол оқушыларды
адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен осы күнге адамзат тарихының аса
маңызды құбылыстарымен, оқиғаларымен таныстырады. Окушылардың жас
ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу,
дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи
үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл тарихи объектілер
адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық
және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға
адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді.
Дүние жүзі тарихы оқу пәнінің мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік
белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол
жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке,
тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу
болып табылады
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру
көзделеді:
• оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі
даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып, олардың
ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
• дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып,
оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір- біріне деген
жақындық идеясына тәрбиелеу;
• тарихи үрдістің көп қырлылығын, көп түрлілігін көрсете отырып,
оқушыларды дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын
түсінуге, соған қарай тарих ғылымын шығармашылықпен қарауға үйрету;
• оқушылардың дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың және
отанымыздың рухани байлығын құрметпен қарауға дайындау;
• оқушыларды бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу,
олардың бойында шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке,
соғысқұмарлыққа қарсылық сезімін сіңіру, аздамзат прогресінің
маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу;
• тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды
ізгіліккке, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбеке
сүйгіштікке, олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру;
• оқушылар бойында қоршаған орта мен табиғатқа ұқыптылықпен қарап,
қорғау сезімін қалыптастыру;
• оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи
деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды
салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе біліу дағдыларын
қалыптастыру;
• Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың
азаматтық ұстанымын қалыптастыру

Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес Дүние жүзі тарихы оқу пәні
бойынша оқу жүктемесі:
10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру
стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және
оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау
тақырыптары ұсынылады. Еуропалық қайта өрлеу, Капитал билеген әлемде,
Өнеркәсіп тарихынан, Халықаралық сауда жолдары, Қазіргі алып
құрылыстар.
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

10-сынып
(барлығы 34 сағат, аптасына 1сағат)

І бөлім. ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі (3сағат)

Кiрiспе (1 сағат).
Қазiргi дүние жүзi тарихы курсы бүгiнгiмен ұштасқан дүние жүзi
тарихының бөлiмi. Дүние жүзi бiртұтастыққа қарай бет алды.
ХХ ғасыр басындағы дүние жүзiнiң саяси картасы. Еуропа мемлекеттерiнiң
саяси құрылысы. Ұлттық мемлекет идеясы мен экономикалық интеграцияландыру
процесi. Ұлы державалардың экспансиясы. Дүние жүзiн бөлiсу мәселелерi.
Еуропадан тысқары дүние жүзi. Азия мемлекеттерi (Қытай, Жапония,
Корея, Монғолия). Жартылай және отар елдер. Еуропалық мемлекеттердiң
үстемдiк етуiнiң түп негiздерi. Ұлттық сана және азаттық қозғалыстарының
өрлеуi. Дүние жүзiнiң бiр тұтастығы. Өркениеттер байланысы. Еуропаландыру.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы және барысы. Шiлде дағдарысы.
Соғысқа қатысушы мемлекеттердiң жоспарлары. Шлифен жоспарының күйреуi. Жаңа
одақтар. Еуропадағы соғыс қимылдары. Азиядағы соғыс қимылдары.

ІІ бөлім. Соғыстан кейінгі дүние жүзі (5 сағат)

Версаль-Вашингтон жүйесi (1 сағат)
Келiсiм шарттары. Париж конференциясы. АҚШ. Вильсонның “14
пунктi”. Жеңушi елдер арасындағы қарама-қайшылықтар. Версаль бейбiт келiсiм
шарты. Ұлттар Лигасы. Жаңа мемлекеттердiң құрылуы. Вашингтон конференциясы.
Версаль-Вашингтон жүйесiнiң баянсыздығы. 20-жылдардағы халықаралық
қатынастардың тұрақтануы. Германия жағдайын жеңiлдету. Рейннiң кепiлдiк
пактысы. Женева конвенциясы. АҚШ-тың оқшаулануы.

Демократиялық толқындардың көтерiлуi және төмендеуi (1 сағат)
Бұқаралық қозғалыстардың артуы. Дамудың екi жолы. Революциялар. Веймар
республикасы. Реформалар. Демократиялық толқындардың жетiстiктерi мен
төмендеуi. Жұмысшы және социалистiк қозғалыстың жiктелуi. Экономикалық
көтерiлу. Компартиялардың ықпалының төмендеуi және социал-демократияның
нығаюы.
АҚШ. “Жаңа бағыт” саясаты және Латын Америкасы елдерi (1 сағат)
АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшелiктерi. Президент Ф. Рузвельт және
оның “жаңа бағыт” саясаты. Алғашқы “жүз күн”. Американдықтардың көңiл-
күйiндегi өзгерiстер. Кәсiподақ қозғалысының өрлеуi. Үкiмет саясатындағы
“солға қозғалу” және iшкi саяси күрестiң шиеленiсуi. Жоғары сот реформасы
және оның сәтсiздiкке ұшырауы. Жаңа дағдарыс. 1938 жылғы реформалар. “Жаңа
бағыттың” маңызы. Бұқара санасындағы өзгерiстер. АҚШ-тың сыртқы саясаты.

Франция мен Испаниядағы халықтық майдан ( 1сағат)
Франция. Парламенттiк дағдарыс және фашизм қатерi. Елдегi антифашистiк
майданның қалыптасуы. Халықтық майдан идеясы және оның жүзеге асырылуы.
Франциядағы халықтық майданның жеңiсi. Мантиньон келiсiмi. 1936 жылғы
заңдар. Франция халықтық майданындағы ала ауыздықтың басталуы және халықтық
майданның тарауы. Халықтық майданның маңызы.
Испания. Республика және революция. Халықтық майданның жеңiсi. Испаниядағы
франкшiлдердiң билiгi. Азамат соғысы майданындағы халықтық майданның
ұстанған саясаты. Испан фашизмi және франкизмнiң ерекшелiктерi.
Италия мен Германиядағы фашизм (1 сағат)
Б. Муссолини басқарған фашистiк партияның үкiмет басына келуi. Фашистiк-
тоталитарлық режимнiң орнауы. Италия фашизмiнiң ерекшелiктерi. Муссолини
үкiметiнiң сыртқы саясаты.
Германияда фашизмнiң пайда болуы. Веймар республикасындағы дағдарыс.
Фашистердiң билiкке келуi. Тоталитарлық диктатураның орнауы. Демократияны
жою. Жаңа экономикалық саясат. Экономиканы милитаризациялау. Немiс
экономикасын қайта құрудың қортындылары. Германиядағы өмiр сүру жағдайы.
Антисемитизм. Адамдарға бақылаудың қойылуы. Германияның сыртқы саясаты.
Соғысқа дайындық

Екінші дүниежүзілік соғыс –адамзат тарихындағы ең ірі шиеленіс.
(2сағат)
Дүниежүзiлiк соғыстың басталуы. Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық
мұхит соғысы (1 сағат)
Соғыс қарсаңындағы Еуропадағы саяси дағдарыс. Германияның Польшаға
басып кiруi және екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы. Соғыстың ауқымы.
Соғыс қимылдарының сипаты. Соғыс кезеңдерi. Батыс майдандағы жағдай. КСРО-
ның Финляндияға қарсы агрессиясы және Прибалтиканы басып алуы. Францияның
жеңiлiске ұшырауы және Италияның соғысқа кiрiсуi. Англияның жағдайы. У.
Черчилль. Африка мен Балқандағы соғыс. Үштiк пакт. “Барбаросса” жоспарының
қабылдануы.
Ұлы Отан соғысының басталуы. 1941-1942 жылдардағы Кеңес әскерлерiнiң
барлық майдандарда күйрей жеңiлу себептерi. Осы төңiректегi қазiргi
көзқарастар мен пiкiрлер. Кеңес-герман майданының екiншi дүниежүзiлiк
соғыстың басты майданына айналуы. Жапон агрессиясының Азия мен Тынық
мұхитындағы өрiстеуi. Перл-Харбор. Тынық мұхитындағы соғыс қимылдары. Үштiк
Одақ елдерiнiң жетiстiктерi. АҚШ-тың соғысқа кiрiсуi. Солтүстiк Африкадағы
соғыс қимылдары.
“Қырғи қабақ соғыс”. НАТО мен Варшава Шарты Ұйымы. Дүниежүзiлiк саясат
циклдары (2 сағат)
“Қырғи қабақ” соғысының пайда болу себептерi. АҚШ пен КСРО-ның халықаралық
өмiрде алдыңғы қатарға шығуы. Трумэн докторинасы. АҚШ-КСРО тай-таластығының
ұлғаюы. Жаппай қарулану бәсекелестiгi. Маршалл жоспары. Дүние жүзiнiң екi
лагерге бөлiнуi. НАТО-ның құрылуы. Варшава Шарты Ұйымы. АҚШ-тың ядролық
қарудағы монополиясын жою. Милитаризм. “Қырқи қабақ соғыстың” салдарлары
АҚШ және Батыс Еуропа елдері (1945-2008) (3 сағат)
Соғыстан кейiнгi Еуропа.
“Рахатты мемлекет” қайнар көзi. “Рахатты мемлекеттiң” белгiлерi. Жаңа
халықаралық шарттар. Еңбек қатынастарын реттеулер. Еуропа интеграциясы.
“Рахатты мемлекет” тоталитарлық мемлекеттiң баламасы ретiнде. 70-80-
жылдардағы экономикалық дағдарыс. НТР. “Консервативтiк толқын”.
АҚШ-тың соғыстан кейiнгi жағдайы. Басшылардың ауысуы.
Республикашылдардың ықпалының артуы. Трумэн стратегиясы. Еңбек қатынастары.
“Қырғи қабақ соғыс” және шпиондықтың өсуi. Республикашылдардың жеңiсi. Д.
Эйзенхауер.
Азаматтық құқық үшiн қозғалыс. Кеннеди саясаты. Линдон Джонсон. Жастар
қозғалысы. “Екпiндi 60-ншы жылдар”. Никсон саясаты. “Уотергейт жанжалы”. Д.
Картер мен Р. Рейганның саясаты. 90-ншы жылдардағы АҚШ. Д. Буш пен Б.
Клинтон әкiмшiлiгi. 90- жылдар соңындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты. АҚШ-Ирак
соғыстары. 90- жылдар соңындағы АҚШ-тың халықаралық саясаттағы ықпалы. АҚШ-
тың НАТО-дағы орны және БҰҰ -мен қатынасы. Американ демократиясының
ерекшелiктерi. ХХI ғасыр басындағы АҚШ.
Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiнгi Латын Америкасындағы өзгерiстер.
Дамудың жаңа кезеңi. АҚШ саясаты. Кариб дағдарысы. 80-жылдардағы
демократиялық толқындар. Кариб бассейнiндегi елдер. ХХI ғасыр басындағы
Латын Америкасы.

Ұлыбритания және Франция (1сағат)
Соғыстан кейiнгi Ұлыбритания. Лейбористер саясаты. Билiкке
консерваторлардың қайта оралуы. Экономикалық даму қарқынының төмендеуi.
Солтүстiк Ирландия проблемасы. Ұлыбритания және Еуропа. Ольстер проблемасы.
М. Тэтчер саясаты. Фолкленд соғысы. Экономикалық бетбұрыс. М. Тэтчердiң
отставкақа кетуi. Лейбористердiң билiкке келуi. Э. Блэр үкiметiнiң саясаты.
Э. Блэрдiң “үшiншi жолы”. ХХ ғасыр соңындағы Англияның сыртқы саясаттағы
орны. ХХI ғасыр басындағы Англия
Францияның соғыстан кейiнгi жағдайы. Уақытша режим. Саяси күштердiң ара
салмағы. Төртiншi республика конституциясы. Экономикалық өрлеу. “Қырғи
қабақ соғыс” және Төртiншi республика. Алжир мәселесi. Бесiншi республика
конституциясы. Ш. де Голльдiң қызметi. 1958 жылғы сайлау. Алжир мәселесiн
шешу. Экономиканы үлгiлеу. 1968 жылғы мамыр оқиғасы. Де Голль отставкасы.
Солшыл күштердiң жеңiсi. Ж. Ширак үкiметi. Миттеранның қайта сайлануы. Ж.
Ширак президент тұғырында. ХХ ғасыр соңындағы Францияның сыртқы саясаттағы
орны. Қазiргi француз қоғамы. ХХI ғасырдағы Франция.

Германия және Италия Федеративтiк Республикасы (1 сағат)
Соғыстан кейiнгi Германия. Германиядағы оккупациялық режим. “Қырғи
қабақ соғыс” және Германия. ГФР конституциясының қабылдануы. Алғашқы
бундестагқа сайлау. ГФР-дiң жағдайының өзгеруi. Экономиканың дамуы және
оның себептерi. Сыртқы саясат проблемалары. Саяси күштердiң топтасуы.
Социал-демократтардың үкiметi. Iшкi өмiрдегi өзгерiстер. Жаңа саяси қайта
топтасулар. Г. Коль саясаты.
ГДР-дағы “социализм негiздерi”. 80-жылдардақы ГДР-сындағы әлеуметтiк-
саяси дағдарыстар. Берлин қабырғасының құлауы. Германияның бiрiгуi. Шредер
саясаты. 90-ншы жылдардың соңындағы Германия. Қазiргi немiс қоғамы. ХХI
ғасыр басындағы Германия.
Соғыстан кейiнгi Италия. Республиканың жариялануы. Де Гаспери. Центризм.
Италия экономикасының дамуы. ИКП рөлi. ХДП-нiң ықпалының төмендеуi. Саяси
тұрақсыздық. Мафия. Саяси дағдарыс. “Үшiншi фаза” идеясының күйреуi.
Партиялық жүйенiң ыдырауы. 90-ншы жылдардағы Италия. С. Берлускони үкiметi.
ХХI ғасырдағы Италия.
Шығыс Еуропа (1945-2008) (2сағат)
Кеңес Одағы (1945-1989 жылдар)
Соғыстан кейiнгi КСРО-дағы қоғамдық-саяси ахуал. “Қырғи қабақ” соғысы және
КСРО. КСРО-АҚШ бәсекелестiгi. КСРО-ның Шығыс Азиядағы дау- жанжалдарға
қатысуы. КСРО - ҚХР жанжалы. Л. Брежнев. Экономикалық тоқырау. Кеңес
қоғамындағы тоталитарлық социализм көрiнiстерi. КСРО әскерлерiнiң
Ауғанстанға енуi. Ауған соғысы. 80-жылдардың ортасындағы кеңес қоғамындағы
өзгерiстер. М. Горбачев командасының билiк басына келуi. КСРО мен АҚШ-тың
жақындасуы. Қайта құру. 80-жылдардың соңындағы КСРО-дағы әлеуметтiк,
экономикалық, саяси және ұлтаралық саясаттардың дағдарысқа ұшырауы. М.
Горбачевтiң кеңес қоғамын қайта құру идеясының күйреуi. 50-80 жылдар
аралығындағы кеңес қоғамы туралы қазiргi көзқарастар.

Шығыс Еуропадағы және Азиядағы социалистiк елдер ( 3 сағат)
Шығыс Еуропа дүниежүзiлiк соғыстан кейiн. Саяси жүйедегi өзгерiстер.
Жоспарлы экономика. Сыртқы саясат. Социалистiк қайта құрулардың
қорытындылары. Саяси дағдарыстар. Саясаттағы өзгерiстер. 1968 ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзі тарихы
Дүние жүзі халқының өсу динамикасы
Дүние жүзі тілдері
Дүние жүзі тілдерінің территориялық жіктелуі
Дүние жүзілік діндер тарихы
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Педагогика пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь