Вирустық аурулар туралы түсініктер



1 Вирустық аурулар.
2 Нуклеин қышқылдары вирус бөлшектерінің ең маңызды бөлігі
3 Тұмау
4 Полиомиелит
Вирустар жөніндегі ілім — вирусология ғылымы XIX ғасырдың аяғында көрнекті орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің темекінің теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың микробтардан да ұсақ тірі дүние әсерінен болатындығы жөнінде пікір айтып. еңбектер жазумен байланысты жарық көрді.
Д. И. Ивановский бұл аурудың әдеттегі бактерияларды сүзетін сүзгілер саңылауларынан өтіп кететіндігін және сол сүзінді сұйықты темекіге жүқтырса, ол қайтадан ауыратынын анықтады.
Ауырған темекінің жапырақтары теңбілденіп, сарғая түседі екен. Міне содан оның осы ауруға шалдыққанын байқауға болады. Ол зақымдалған темекі жапырағына арнаулы тексеру жасағанда сүзіндіде кристалдардың барлығын анықтады. Осыдап қырық жыл өткен соң америка ғалымы У. Стенли (1935) бүл кристалдарды зерттегенде, оның темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиын-тығынан тұратынын анықтап, баяндап береді. Бұл үшін оған осы вируспен зақымдалған темекі теңбілі байкалған есімдіктің бір тоннадайының шырынын сығып алуға тура келді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Вирустық аурулар. Вирустар жөніндегі ілім — вирусология ғылымы XIX ғасырдың аяғында көрнекті орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің темекінің теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың микробтардан да ұсақ тірі дүние әсерінен болатындығы жөнінде пікір айтып. еңбектер жазумен байланысты жарық көрді.

Д. И. Ивановский бұл аурудың әдеттегі бактерияларды сүзетін сүзгілер саңылауларынан өтіп кететіндігін және сол сүзінді сұйықты темекіге жүқтырса, ол қайтадан ауыратынын анықтады.
Ауырған темекінің жапырақтары теңбілденіп, сарғая түседі екен. Міне содан оның осы ауруға шалдыққанын байқауға болады. Ол зақымдалған темекі жапырағына арнаулы тексеру жасағанда сүзіндіде кристалдардың барлығын анықтады. Осыдап қырық жыл өткен соң америка ғалымы У. Стенли (1935) бүл кристалдарды зерттегенде, оның темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиын-тығынан тұратынын анықтап, баяндап береді. Бұл үшін оған осы вируспен зақымдалған темекі теңбілі байкалған есімдіктің бір тоннадайының шырынын сығып алуға тура келді.
XIX. ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында осы саладағы ғылымда ете көптеген деректер жинала бастады. Ақыр аяғында Д. И. Ивановскийдің ашкан тірі дүниесі — вирустар екендігіне енді ешбір күмән болмады. Ф. Леффлер мен П. Ф р о ш (1898—1899 ж.) Д. И. Ивановскийдің сүзу әдісін колдана отырып, аусылдың да вирустар әсерінен болатынын дәлелдеп берді. 1911 жылы П. Раус — тауық саркамасы (арам ісік) вирустық ауру екенін анықтаса, Туорт пен Д. Эррель (1915—1917 ж.) микробтар дүниесіндегі бактериялардың өздері де вирустардың ерекше тобы — бактериофагтармен зақымдалатынын дәлелдеді. Бактериофаг тірі бактериялар клеткасына еніп, оны іштей жеп қүртады.
Көрнекті орыс оқымьістысы Д. И. Ивановский негізін қалаған вирусология ғылымы соңғы жылдары шет елдерде де, біздің еліміз-де де өте зор қарқынмен дамыды. Осының арқасында адам, жануарлар, өсімдіктер және микробтардың көптегеы вирустық аурулары табылып зерттелді.
Солардың ішінде біз аусыл, қүтыру, шешек, тұмау және полиомиелит ауруларын қоздыратын вирустарға қыскаша тоқталып, баяндап өтпекпіз.Вирустардың шығу тегі жәйлі бірнеше пікірлер бар. Дегенмен вирустар эволюциясы өсімдіктер, жануарлар дүниесі және адам эволюциясына тығыз байланысты.
Ұзақ жылдар бойына вирустар шамасы көзбен бағдарланды. Ғалымдар келе-келе вирустарды мөлшері бұрыннан белгілі саңыраулары бар сүзгіден өткізіп, бакылап жүреді. Әрине бүл өте қиын да, ауыр жүмыс еді.
Бүдан кейін центрифугалау әдісі қолданылды. Ішінде вирусы бар қоректік затты центрифугада белгілі бір шапшаңдықпен айналдырса, олар пробирканың түбіне шөгеді. Мүнда центрифуганың айналу шапшаңдығы мен соған байланыс,ты вирустардың түну уақытын біле отырып, арнаулы формуламен олардың мөлшерін біршама дәл аныіқтауға болады. Бұл әдіспен тек мөлшерін ғана емес, вирус бөлшектерінің салмағында өлшеуге болатын-ды. Сөйтіп орташа мөлшердегі вирус бөлшегі әдеттегі бактериядан 1500 есе жеңіл екені анықталды.
Вирустар дүниесінде де алыптары мен майдалары барлығы анықталды. Ең үлкен вирустар, яғни шешек, құтыру, трахома вирустар 200—400 миллимикрондай, ал ең майдалары — полиомие-литті, энцефалитті қоздырушылар бірнеше ондаған мың миллимик-рондай ғана болады. Мәселен, полиомиелит вирусының бөлшегі-мен салыстырғанда кәдімгі ашытқы саңырауқүлақтар 1000 еседей асып түседі. Сонда тігін машинасының инесінің ұшына 100 мыңдай вирус бөлшегін орналастыруға болады екен. Егер де вирустар бір-жерге живалса, онда әдемі кристалдар түзетінін байқайсыз. Бұндай кристалдарды тек пробиркада ғана емес, зақымданған клеткалардан да айқын байқауға болады.
Ал вирустарды химиялық жолмен зерттегенде онда негізінен белок және аз мелшерде нуклеин қышқылы болатыны анықталды. Сондықтан мүндай тіршіліктің материалдық негізіне тоқталып еткен іқолаилы деп өсептейміз.
Нуклеин қышқылдары вирус бөлшектерінің ең маңызды бөлігі. Нуклеин қышқылдарын екіге бөледі: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және рибонуклеин қышқылы (РНК). Бүлардың барлығы дерлік нуклеотидтер деп аталатын кірпіштерден түрады. Адам, жануарлар, әсімдіктер және бактериялар клеткаларында РНҚ және ДНК міндетті түрде кездеседі, ал вирустарда бұның тек біреуі ғана болады. Сондықтан олар құрамында РНК және ДНК-сы бар вирустар деп ажыратылады. Мәоелен, шешек вирусы, аденовирустар, бактериофагтарда ДНК, ал тұмау және полиомие-лит вирустарында тек РНҚ болады.
Вирустарда нуклеин қышқылы жеке бір белшектер ішінде ор-наласады да сырты белокпен қапталады. ДНК мен РНК мөлшері әр түрлі вируста түрліше болады. Мәселен, тұмау вирусында РНК бір процент, калған 99%-ті белок үлесіне тиеді, ал темекі теңбілі вирусында РНҚ 6%, полиомиелит вирусында 24% болады. Кейбір бактериофагта ДНҚ мелшері 50%-ке дейін жетеді. Нуклеин қышқылының қүрамына кіретін нуклеотидтердің саны да түрліше болады. Тұмау вирусының РНҚ-да 6000 нуклеотид, полиомиелит ирусында — 7300 нуклеотид, картоп вирусында 11300 нуклеотид болады.
Вирус бөлшегінің құрамына кіретін жоғары молекулалы іқосы-лыс — белоктың да құрамы күрделі, ол амин қышқылдарынан тұрады. Амин қышқылдарының жалпы саны 20. Әрине алғашқыға қарағанда бұл аз сияқты, дегенмен олар табиғатта кездесетін әр түрлі белоктарды түзе алатын қабілеті бар.
20 амин қышқылдарынан қанша белок жіпшесін түзуге болады? Математикалық есеп бойынша 20-дан 2,43.1017 — түрлі вариант жасауға болады. Шынында бұл варианттардың табиғаттағы мүм-кіндігі тіпті шексіз. Бүнда әр вариант белгілі касиеті бар өзіндік ерекше белок құрайды.
Соңғы жылдары белок молекуласындағы ең болмаса бір амин қышқылын өзгертсе, оның қасиеті де өзгеретіні дәлелденді.
Белок молекуласындағы амин қышқылдарының бір ізділігін зерттеу қазір техниканың көмегімен шешілуде. Жуықта ғалымдар темекі теңбілі вирусындағы белок структурасын зерттеп, шешті. Оның жеке тізбегінің өзінде 158 амин қышқылдары, ал вирустын барлық тізбегінде 2130 амин қышқылдары болатыны анықталды.
Құрамы күрделі вирустарда белок пен нуклеин қышқылдарынан басқа, углеводтар, май тәрізді заттар, әсіресе маңызды нәрсе-ферменттер кездеседі.
Вирус бөлшегінің жеке компоненттері өте күрделі қызмет атқарады. Мысалы, белок қабық вирусты қолайсыз жағдайдан сақтайды, нуклеин қышқылы оның түқымқуалаушылык және зақымдаушылық қасиетін анықтайды, ал ферменттер баска организм клеткасын ерітіп, вирустын оған енуін оңайлатады.
Нуклеин қышқылдарьш белок қабық қоршап түрады деп жоғарыда атап өткенбіз. Бұл қабық бір типті, белгілі бір тәртіппен орналаоқан, белок молекулаларынан, яғни капсулалардан түрады. Сонда вирус бөлшектері текшеленіп винт сияқты бүйралана орна-ласады. Ал бактериофагтарда бұл аздап өзгеше. Олар итбалыққа тым ұқсас, яғни олардың басы және құйрығы болады. Құйрығы белокпен қапталған. Осы арқылы бактерия клеткаларына бекіп, дәл сол жерден бөлінетін ерекше фермент көмегімен олар бактерия клеткаларын ерітіп жібереді.
Вирустар адам баласының серігі десек қателеспесбіз. Өйткені олар адам туғаннан бастап оны қоршайды және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кейбіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулерімен жанассақ-ак болғаны ауырып қаламыз. Адам орга-низміне вирустар бірнеше жолдармен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағамдармен, кейде насекомтаратқыштар — маса немесе кенелер көмегімен келіп енеді.
Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некенсаяқ болар. Бүл сырқат өте ертеден белгілі. Бүұл жөнінен кейбір мәліметті ерте дүние дәрігері — Гиппократтың еңбектерінен де кездестіруге болады. Тұмау эпидемиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918—1920 жылдары түмаумен 500 миллиондай адам ауырьш, оның 20 миллиондайы қаза тапқан, ал бүның өзі ірінші дүние жүзілік соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп. І^
Тұмау ісенеттен басталып, тез тарайды. Тұмаудың нағыз қоз-дырушысы’1933 жылы табылды. Осыған дейін ауруды бір кішкене ғана бактерия қоздырады делініп келді. Кейінірек ол микроб тұмау вирусының серігі екені анықталды. Қазір тұмау вирусының толып жатқан топтары бар. Сондықтан оның бір тобына жақсы әсер ететін құрал, екіншілерін мүлде зақымдамайды да. Бұлардың ішінде ішекті зақымдайтын энтеровирустар, бездерді кабындыратын аденовирустар бар.
Полиомиелит. Бұл да ертеден бері таралған ауру. Археологтар Египеттегі зираттарды қазғанда қисайып біткен сүйектері бар түрлі скелеттерді тапқан. Әриие, бүл аурудың қоздырғышын табуда оңайға соққан жоқ. Полиомиелит вирусы тұмау вирусынан әлде-қайда майда және оның шапшаң таралып, эпидемияны тез қоздырғыштық іқасиеті бар.
1916 жылы тек Нью-Йоркте осы полиомиелиттен 2 мыңдай адам қаза тастты, 7 мыңдай адамның денесі жансызданып, пара-личке ұшырады. Бүл ауру, әсіресе балалар арасында көп тараған. Организмге қоздырғыш әдетте тағам арқылы таралады, ал кейде ол ауадан да келіп түседі. Одан соң вирустар нерв клеткаларына еніп, әсіресе адам қозғалысын басқаратын нервтерді бүзып, жансыздандырады. Осының нәтижесінде адамның кейбір мүшелері жансызданады, омыртқалары қисайып бітеді және оны емдеуде өте қиынға соғады.
Полиомиелит ауруына тым үқсас вирус 1948 жылы Коксаки каласында тұратын ауру балалардан табылды. Олар жазда және күзде байқалады. Қөбінесе осы вирусты ауру және сау адамдар ішегінен, лас сулардан және шыбындардан кездестіруге болады. Коксаки вирусының қоздыратын ауруы полиомиелитке тым ұқсас және одан өлім-жітім аздау болады.
Шешек. Совет елінде балаларға шешекке қарсы вакцина егетіні баршаға аян. Бұлай егу адамдарды аса қауіпті шешек ауруынан аман сақтап қалудың басты шарты, шешек вакцинасын егу совет елінде міндетті түрде жүргізіледі. Бұл жөнінен 1919 жылы 10 ап-рельде В. И. Ленин қол койған документ бар. Осының аркасында бірте-бірте шешек азайып ақыр аяғында мүлде жойылды. Көптеген адамдар бүның не екенін қазір білмейді де. Шешек ауруы ертеден бастап белгілі.
Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бүрын шешек Африка, Индия және Қытай елдерінде болған. XVI—XVII ғасырларда Европада шешекпен ауырмаған адам ілуде біреу-ақ болды. Шешек ауруы бірқатар адам өмірін жойды да. Сол кездің өзінде Германияда шешектен 70 000 адам қырылды, ал Францияда өлім осының жар-тысындай болса керек. Тірі қалғанның өзінде олардың беттерінде секпілі, яғни шешек дағы болды.
Ал Америкада қатынас басталысымен шешек солай ауысты. Әрине бұнда да адам өлімі айтарлықтай болды.
Европада соңғы үш ғасыр ішінде ш&шектен 150 миллиондай дам өлген. Шешекті қоздыратын Пашен денешіктері, олар бакте-риялық сүзгілерден тез өтіп те кетеді. Сондықтан шешекті қозды-рушы микробтарды сүзгіленуші вирустарға жатқызып жүр. Бұл вирус ауру адамның, әсіресе кеңсірігінде жиналады. Ауру адам жөтелгенде ол вирустар шашырап басқа сау адамдарға жүғады. Сонымен бірге ауру терісі ісініп, іріңдейді де, ол жер ойылып жараға айналады. Кейде шешектен ауырған адамдар саңырау не-месе соқыр болып қалады. Жалпы бұл аурумен ауырғандардың 15—30%-тейі мөлшері апат болады.
Жәй шешектен басқа сиыр, қой, есек және қүс шешектері де кездеседі. Бұлар адам үшін аса қауіпті емес. Шала-жансар шешек вирустарын адамға еккенде, аса тұрақты иммунитет пайда болады да, адам шешекпен екінші рет ауырмайды.
Аусыл. Шапшаң таралатын, жүқпалы және ауыр ауру. Аусыл-мен мүйізді ірі қара, шошқа, түйе, қой мен ешкі ауырады. Адам-дарда ол өте сирек кездеседі. Ауруды қоздырғыш — вирус. Жасан-ды қоректік ортада өспейді. Ол көбіпесе тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Вирустың А. О. С. деген үш типі анықталған. Сондықтан мал осы вирустың бірінен соң бірімен — үш типімен де ауруы мүмкін, +60, -І-70°-та вирус бірнеше минутта, ал 100°-та бірден өліп кетеді. Төменгі температураға ол төзімді. Табиғатта бүл вирус әр жерде кездеседі және 100 күнге дейін өз тірщілігін жоймай сақталады. 2—3% күйдіргіш сілті ерітіндісі оған жойқын әсер етеді.
Мал аусылмен ауырғанда оларға вакцина енгізеді және каран-тиң ережелері қатаң сақталады.
Құтыру, Жылы канды жануарлардың жүқпалы ауруы. Бұнда көбінесе орталық нерв жүйесі зақьщдалады да ақыр аяғында жа-нуар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы сауларына таралады. Бұл аурумен, әсіресе иттер және барлық үй жануарлары, құстар, жабайы жануарлар (қасқырлар, түлкілер т. б.) жәңе адамдар ауырады. Міне құтырудың бүндай қаупі аурудың белгісі болатындығына байланысты оны зерттеуде ертеде басталған еді. Л. Пастер бұл ауруға қарсы қорғаныш вакциналарды да жасады.
Аурудың қоздырғышы сүзгіленуші вирус, Вирус саңыраулары ірі Шамберлен сүзгісінен де өтіп кетеді екен. Құтыру вирусы орга-низмге енгеннен кейін іле-сала аурудың белгілері байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт қажет. Бұны инкубациялық кезең деп атайды. Мәселен, ауру иттердің сілекейіне енгеннен кейін 13 күннен соң біліне бастайды, ал вирус жүққан соң үй қояндары 15—20 күннен кейін ауыра бастайды.
Құтыру вирусы да басқа вирустар сияқты жасанды қоректік ортада өспейді. Ол үшін тауық жұмыртқасы аса қолайлы орта. Вирустар +50°-та бір сағаттан кейін, ал 60°-та бірнеше минуттан кейін жойылады. Құтырумен ікүресу үшін биокомбинаттарда арнаулы антирабиттік вакциналар жасалып таратылады.
Біз вирустық аурулардың тек кейбіреулерімен ғана танысып өттік, бүндай аурулар саналуан.
Ғылыми эерттеулердің нәтижесінде вирустардың химиялык құрамы ен ауру қоздырғыштық іқасиеті, құрылысы біршама анықта-льш отыр. Осыған байланысты вирусологиялық анализдің өте күрделі де, нәзік әдістері жасалды.
Вирустарды жасанды қоректік ортада өсіруге болмайтындықтан қазір ұлпалар культурасы әдкі қолданылып жүр. Бұның өзі вирустардың инфекциялық қасиетін анықтауда зор көмек көрсетті. Егерде ұлпаның бір үзімін алып ішінде қоректік ортасы бар пробиркаға салып +35, + 37°-та үстаса, ол өте шапшаң еніп- бастайды, белінеді.
Ұлпаны әлсін-әлі жуып, таза жаңадан жасалған коректік ортаға салса, ол үзақ уақыт тіршілік ете алады. Бұл үшіы алдын-ала ұсақталған ұлпаны +35, +37°-та асқазан ферменті — трипсинмен бірқатар уақыт өңдейді. Трипсин клеткалар арасындағы байланысты бұзады да, пробиркада бірыңғай заттар түзеді. ■ Осы түзілген заттарды жуып, триисинді бөледі де, артынан қан сарысуы, түз ерітіндісі және антибиотиктер бар арнаулы затпен сүйылтады. Бүдан соң осы қоспаны пробиркаларға немесе арнаулы ыдыстарға қүйып, +37°-та термостатта үстайды. Осындай жағдайда клеткалар шыны қабырғаларына жабысып, көбейе бастайды. Бұның шын мәнісінде осылай кебейетіндігін аңғару клетканы микроскоппен қарасаңыз оның негізгі құрам бөлігі — ядро, ядрошық, цитоплазма және қабығы айқын көрінеді, егер электрондық микроскоппен қарасаңыз оның цитоплазмадағы митохондрийі мен рибосомаларын, ядродағы хроматиндерін ажыратуға болады.
Осындай клетканы вируспен зақымдаса, онда жүретін процесті микроскоппен карап бақылап отыруға болады. Вирустарды тауық жүмырткасында есіру кең тараған әдістердің біріне жатады. Вирусты медициналық инемен (шприц) 8—9 күндік дамыған жүмыртқа қабығын ептеп тесгп ‘енгізеді. Жұмыртқаны термостатқа қояды да, одан алынған вирусты басқа сау жүмыртқаларға енгізеді. Сәйтіп кәп мөлшерде вирус алуға болады.
Микроорганизмдердің вирусы—бактериофагтарды лабораторияда өсіру тіпті оңай. Бұл үшін жасанды қоректік ортада жақсы есетін баіктерияларды пайдаланады. Бактериофагтарды алғаш рет 1898 жылы Н. Ф. Гамалея байқаған болатын. Бұдан соң оқымыстылар Гворт пен Л Эрелль бірқатар бактериялардың фагтарын тауьгп зерттеді.
Клеткада өніп-өскен вирустардың мөлшері соншалық, оларды тіпті кәдімгі оптикалық микроскоппен керуге болады.
Вирустарды анықтаудың басқа да әдістері бар. Бұл үшін аса сезімтал лабораториялық жаиуарларды (тышқан, теңіз шошкасы, үй қояны) зақымдауға болады. Олар көп кешікпей ауыра бастайды. Осы аурудың түріне қарап қандай вирустың зақымдағанын ажыратады.
Көптеген вирустар қандағы қызыл түйіршіктерге (эритроциттерге) қонып, оларды өз ара желімдеп тастайтын қасиеті бар. Бұны практикада гемагглютинация деп атайды және ол лабораторияда кеңінен қолданылады. Осы әдіспен тексеретін материалдағы вирус концентрациясын оңай анықтауға болады. Бұл үшін вирустарға ритроциттерді қосу керек. Егерде эритроциттер өз ара желімделсе онда вирустардың болғаны.
Әрине вирусты өсірудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурухана ішілік инфекция
Дисбактериозды емдеу
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары туралы ақпарат
Жұқпалы аурулардың түрлері
Вирустық респирациялы жедел инфекциялар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
Вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Молекулярлық биология мен медициналық генетика
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Пәндер