ХХ ғ. 30-50 ж.ж. қуғын-сүргін көрген халықтардың әлеуметтік зардабы


Кіріспе
Соңғы уақыттарда, яғни демократизациялау мәселесінің жүріп жатқан кездерінде отанымыздың тарихына деген қызығушылық көбеюде. Елімізде өткен жолдарды толық білуге деген құмарлық арта түсуде.
Сондай тарихымыздың айрықша көңіл аударарлық кезеңдерінің бірі 1930-50-ші жылдардағы халықтарды күшпен қоныс аудару мәселесі мүлдем зерттелмеген. Қазіргі таңда ғана депортация үлкен мәселеге айналып зерттешілерді қызықтыруда.
Бұрынғы КСРО Жоғарғы Кеңесінің “Күшпен қоныс аударылған халықтарға жасалған қылмыстық репрессия заңсыз және олардың азаматтық хұқықтарын қалпына келтіру” деп қабылданған декларациясында заңсыз қудалау, күш көрсетушілік барлық республиканы барлық халықты қамтыды делінген. (1, 143-159)
Сталин қайтыс болғаннан кейін қоныс аудару акциясы заңсыз деп жарияланды. Бірақ бұл қылмыстың нәтижесін жою ұзаққа соызылып қазіргі кезге дейін дау туғызуда. Архивтердің құпиялығына байланысты зерттеу мүмкін болмады. Қазіргі таңда ғана архивтер ашылып біршамамүмкіндіктер тууда.
Біздің қоғамымызда өкінішке орай қоныс аудару мәселесі айтарлықтай зерттелген жоқ. Кеңестік саясат тарихымыздың қайғылы беттерінің бірі халықтарды күшпен қоныс аудару мәселесін мықтап жауып тастады. Көп жылдар бойы үнсіз жатқан тарихымыздың мұндай оқиғалары енді ғана белгілі болып отыр. Халықтарды күшпен қоныс аудару туралы ақиқатты әркімнің білуі тиіс.
Сталин және оның қол шоқпарларының адам айтқысыз саясатының нәтижесінде қаншама халықтың өміріне, әлеуметтік және мәдени қатынастарына нұқсан келтірілді. Бейбіт өмір сүріп жатқан корей, неміс, шешен, ингуш, балқар, қарашай, түрік, қалмақ, қырым татарлары сияқты халықтар жалған сылтаулармен күшпен қоныс аударылды. Қазіргі таңда тарихымыздың сондай ақтаңдақ беттері, яғни 1930-50-ші жылдардағы халықтардың күшпен қоныс аударылуы өте күрделі іс болып отыр. Қазіргі қиын қыстау кезеңдерде, әсіресе ұлтаралық шиеленістердің күшейген кездерінде - бұл мәселенің маңызы арта түсті. Рессей және Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекеттерде ұлтаралық қақтығыстарды болдыртпау үшін жүргізіліп жатқан саясаттары халықтарды күшпен көшіру сияқты тарихтың ащы бетерінен сабақ алуы тиіс.
1930-50-ші жылдардағы халықтарды күшпен қоныс аудару процессін қамтитын мәселелер қоғамтанушы ғалымдардың алдында тұрған күрделі де кең ауқымды іс. Халықтарды еш жазықсыз зорлық-зомбылықпен басқа жерлерге қоныс аударуға итермелеген себептерді, кеңес үкіметі саясатының бейбіт жатқан, халықтарға жасаған қияметін егжей-тегжейлі айқындау тарихшылар үшін маңызы бар іс деуге болады. Халықтарды күшпен қоныс аудару жөнінде бірде-бір кең ауқымды ірі монографиялық зерттеудің мүлде жоқ екенін айту керек. Бұл мәселе күні бүгінге дейін арнайы еңбектерде тиісті дәрежесінде баяндалып көрсетілмеді. Сондықтан да, зорлықпен қоныс аударылған халықтардың мұндай мәселесі тарихшы мамандардың алдында тұрған маңызды, ауқымды іс болуы тиіс.
1930-50-ші жылдардағы халықтарды күшпен қоныс аудару мәселесіне арналған еңбектер шамалы ғана белгілі. Қоныс аудару мәселесін әшкерлеу алғаш рет, КОКП-ның 1956 жылы болған ХХ съезінде басталды. Тұңғыш рет халықтарды қудалау заңсыз деп жарияланды. (2) Бірақ 60-шы жылдардың аяғынан бастап бұл мәселе қайтадан жабылып қалды. Тек 80-ші жылдардың ортасынан бастап халықтарды күшпен көшіру мәселесін зерттеу қолға алына басталды. Сондай алғашқы еңбектердің бірі Н. Бугайдың баспасөз беттерінде жарияланған еңбектері. Бугай архив материалдарына негіздеп бірнеше мақала жазды. Халықтарды күшпен қоныс аудару мәселесімен шұғылданып жүрген ғалымдардың бірі Земсковтың мақалаларын ерекше айта кеткен жөн. Ол кісінің әсіресе Балтық бойынан күшпен жер аударылып қуғын-сүргінді көрген арнаулы қоныстанғандар атына ие болған латыш, литван, эстон сияқты халықтардың тағдырын баяндайтын мақаласы ерекше деп айтуға болады(5) . Күшпен қоныс аударылғандар жайында, естелік, архив, материалдарына, фотоқұжаттарға негізделіп жазылған «Ақ кітап» атты еңбекті айтуға болады. Шешендер мен ингуштар жайлы «Ақ кітап». «Шешендер мен ингуштарды жер аудару тарихы (1944-1957 ж. ж) », - деген еңбек 1991 жылы Грозный-Алматы қалаларында шықты. 30-40-шы жылдары Рессей аймағынан күшпен қоныс аударылған корейлер туралы «Ақ кітап» 1992 жылы Мәскеуде шықты.
Сонымен қатар неміс халқының басына түскен ауыртпалығына арналған И. Карсаковтың (6), Н. Кичихиннің (7) еңбектері айтарлықтай. Г. Канның (8), Цойдың (3) еңбектерін айта кету керек. Месхет түріктері жайлы Э. Понештің, А. Ермоловтың, Т. Костинаның (9) күшпен қоныс аудару жағдайын әшкерлейтін еңбектері баршылық (10) . Халықтарды күшпен қоныс аудару жөнінде Гарвард университетінің профессоры А. Некричтің мақаласы көңіл бөлуге тұрарлық (11) .
Жалпы қоныс аудару мәселесіне байланысты зерттеулерді біз тек қана баспасөз материалдарынан көреміз. 1930-50-ші жылдардағы халықтарды күшпен қоныс аудару жөнінде айтылған “Ақ кітаптан” басқа ірі еңбектер жоқтың қасы. Сондықтан қазіргі таңда әрбір қоғамтанушы ғалымдардың алдында тұрған үлкен мақсат халықтарды күшпен қоныс аудару мәселелері жайында кең көлемді еңбек жазу.
Бұл мәселенің деректік қамтамасыз етілуіне келсек алдымен бұрынғы КСРО республикаларының архивтерінде шашылып жатқан құжаттар көз алдымызға келеді. Әсіресе НКВД-МВД, НКГБ-КГБ-ның құжаттары өте құнды деректер болып саналады. КСРО мемлекеттік орталық архивінде НКВД канцеляриясының бастығы Мамулов жинаған “Сталиннің ерекше папкасы” атты құжаты өте құнды дерек (1) . Ол құжатты А. Берияның халықтардың қоныс аударуына байланысты Сталинге берген баяндамалары, анықтамалары жиналған. Сонымен қоса НКВД басшыларының және жергілікті НКВД басшыларының қоныс аударуға байланысты құжаттары жинақталған. Әсіресе халық коммисарлары кеңесінің “Арнаулы қоныс аударылғандардың хұқылық жағдай туралы” қаулысын айта кету керек. Бұл құжаттан жер аударылыған халықтардың жаңа жерлердегі әлеуметтік саяси жағдайын көруге болады. Қоныс аударылғандарға қолданылған шаралар, әртүрлі әлеуметтік шектеулер, қылмыстық жазалары туралы деректерді осы құжаттан алуға болады. Сондай-ақ КСРО НКВД арнаулы қоныстандыру бөлімінің 1946 жылғы қазан айындағы арнаулы қоныстанғандар саны туралы анықтамалары дерек ретінде ерекше көңіл аударарлық. Ол анықтамалардан 1946 жылғы мәлімет бойынша арнаулы, қоныстанғандардың санын, аймақтарға таралуын көреміз. 1949 жылы қыркүйек айындағы қоныс аудару бөлімінің бастығы В. Шиянның Қиыр Шығыстан күшпен қоныс аударылған Корейлер туралы анықтамаксы бағалы дерек болып табылады. (3) 1941 жылдлың 28 тамызында “Немістерді Поволжья аудандарынан көшіру” туралы КСРО Жоғары Кеңесінің жарлығы бойынша жүргізілген шаралардың бірнеше құжаттары дерек ретінде көп мәлімет береді. 1944 жылы 6 ақпанда Қарашайларды күшпен қоныс аудару жөнінде Ставрополь өлексінің НКВД басшыларының КСРО НКВД ұйымына жіберген баяндамалық хаттары құнды дерек қатарына жатады (3) . Берияның қалмақтарды кұшпен қоныс аудару жөнінде Сталинге, Молотовқа жіберген жедел хаттарын да айта кету керек. Ондай жедел хаттарда 1944 жылы Солтүстік Кавказдан шешен, ингуш, балкар, қарашайлар сияқты халықтарды күшпен қоныс аудару шаралары қалай жүргені жазылған. Қырым татарларын күшпен көшіру жайында Берияның бұйрықтарынан біраз мәлімет алуға болады. Күшпен қоныс аударылғандарды халық шаруашылық салаларында пайдалану туралы 1950 жылдардағы КСРО ішкі істер министрінің анықтамалары, 1944 жылғы 5 қыркүйектегі шыққан КСРО НКВД жанындағы арнаулы қоныс аударылғандар бөлімінің бастығы Кузецовтың баяндамалары ерекше көңіл аударатын дерек қатарына жатады.
Сонымен архив материалдары 1930-50-ші жылдары қоныс аударылған халықтарды, қоныс аудару процессін зерттеу үшін пайдаланылатын негізгі деректер болып саналады. Архив деректерінен басқа қоныс аудару мәселесіне арналған жекелеген адамдардың естеліктері назар аударарлық И. Гардиев деген азаматтың шешен мен ингуштарды жер аудару туралы еңбегінде осы халықтардың басынан өткен қасіреті баяналады. Сонымен қоса Т. Курдаевтің еңбектері түрік халықтарының тағдырын суреттейді. Қоныс аударуға байланысты фотоқұжаттар, эписалярлық материалдар, статистикалық құжаттар көңіл аударарлық деректер.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының міндеті көп жылдар бойы көтерілмеген қоныс аударуда зардап шеккен халықтар мәселесінің кемістіктерін ашып көрсету. Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты - зардап шеккен халықтар мәселесін баспасөз материалдары арқылы оқырман қауымға жеткізу.
Жұмыстың бірінші тарауы қоныс аударуда зардап шеккен халықтар мәселесіне арналған әдеби, ресми, баспасөз материалдарына жалпылама шолу. Кеңес дәуірінің 80-ші жылдарының ортасы 90-шы жылдарының басындағы және қазіргі уақыттағы еңбектерге шолу жасалынды.
Жұмыстың екінші тарауында қоныс аударуда зардап шеккен халықтардың саны, күшпен қоныс аударудың салдары және арнайы елдің шаруашылық, мәдени қатынастарына тигізген әсері баянадалады. Әрбір күшпен қоныстандырылған халықтың қай жылдардағы зорлықпен қоныс аударылуы, саны, әлеуметтік зардабы көрсетілген. Бұл тарауда ғылыми қолданысқа тұңғыш рет енгізіліп отырған архив материалдары, жұрттың біле бермейтін КСРО НКВД, НКГБ құжаттары баспасөз материалдары арқылы көрсетіледі.
Еңбектегі НКВД-МВД, НКГБ-КГБ сияқты қысқаша атаулары жұрт ауызында жатталып қалғандықтан, сондай-ақ мақалалардың аттарын орысшадан қазақшаға аудармауды жөн көрдім. Сондықтан аталған атаулар және мақалалардың аттары орысша сол күйінде қалдырылды.
Кіріспе сілтемелері
- Н. Ф. Бугай “Погружены в эшелоны и отправлены к местам поселений” История СССР 1991 г.
- ХХ съезд КПСС. Доклад Н. С. Хрущева. Известия УК КПСС 1989 г, №3.
- Е. Цой “Ветер перемен” Заря 1990 №7.
І тарау. ХХ ғ. 30-50 жж. Зорлықпен қоныс аударып зардап щеккен халықтар туралы баспа сөздер жарияланған мәселелерге тарихнамалық шолу.
- 30-50 жылдардағы зардап шекке халықтар мәселелерінің жариялануы.
1930-50-ші жылдардағы халықтарды күшпен қонас аудару проблемасы қазіргі таңда ғана таңда ғана жан-жақты зерттелуде. Сталиннің шырмауына түскен, қаншама халық елдің түптір-түпкіріне күшпен қоныс аударылды. Зардап шеккен механизіміне ілікпеген бір халық, бір республика жоқ шығар. Сондықтан сол жылдардағы халықтардың басына түскен трагедияны білу әркім үшін үлкен парыз.
Жалпы зардап шеккен халықтар мәселесін зерртеу 80-ші жылдардың ортасынан басталады. 1985 жылда басталған Горбачевтің бетбұрыс саясаты, тарихымыздың “ақтаңдақтарын” зерртеуге үлкен жеңілдік жасады. Осы кезеңге дейін депортация туралы ешқандай мағлұмат болмады деп айтуға болады. Бірақ сондада КСРО-а ол халықтар туралы кішкене болса да біршама еңбектер шығуға тырысты. Олар А. Приставкиннің “Ночевала тучка золотая”, С. Липкиннің “Декада” сияқты әдеби шығармалары. Аз да болса халықтардың басынан өткен қайғыны көрсетуге тырысты.
Депортацияға алғашқылардың бірі болып іліккен корей халқы екенін білеміз. Корей халқын қоныс аудару жайында бірнеше публикациялар, ғылыми зерттеулер, тіпті бөлек кітап басып шығарылды. Бұл еңбектің аты “Белая книга о депортаций корейского населения России в 30-40 годах”. Оны құрастырғандар Россия сыртқы істер министрлігіне қарасты Азия және Тынық мұхит зерттеу орталығының дипломатиялық академияның профессоры, тарих ғылымының докторы Ли У Хе және ТМД елдерінің халықаралық конференциясы корейлер ассоциясының президенті, философия ғылымының кандидаты, доцент Ким Ен Ун. Ол азаматтар еңбекті жарыққа шығаруға көп күш жұмсады. Кітапта Россия, Қазақстан, Өзбекстан мемлекеттік және ведомстволық архивтерінен 100 аса құжат пайдаланылған. Ол құжаттардың көбісі алғаш рет жарық көрген екен. Құжаттық бөлімінің өзі үш проблемалық-хронологиялық тараудан тұрады. Еңбек Ли У Хенің “Корей халқының трагедиясы және гүлденуі” деген тарауымен басталады. Онда корей халқының Россиядағы 130 жыл бойғы тарихы баяндалады. Кеңес үкіметінің алғашқы бесжылдықтарындағы шаруашылық және саяси процестеріне қатысы баяндалып, соңы 30-40 жылдардағы депортацияға ұшырауы қалай жүргені болып аяқталады.
Бірінші бөлімі “күштеп қоныс аудару алдында” деп аталады. Бөлім “КСРО территориясындағы корейлер Кеңесінің Уставымен” басталады. 1924 жыл халық комиссарлар кеңесінің председателі Рыковтың қол қойылған Уставы ұлттық мәдениетін дамытуға үлкен юридикалық құқық алды. Бірақ 30-жылдардың соңы, яғни Сталин заманының күшейіп тұрған кезінде Устав мәнін жоғалтады. Авторлардың айтуынша 1919 жылы Россияда жапондықтарға қарсы көтеріліс болып, корейлер “Корейлердің тәуелсіздік Декларациясын” қабылдайды. Декларация корей халқының тарихының ең бір жарқын құжаты деп санайды.
Біршама құжаттар корей халқының 20-шы жылдардағы өмірін баяндайды. Сол жылдардағы халықтың саяси және шаруашылық қиындықтары көрсетілді.
Екінші бөлімнің аты “Күшпен қоныс аудару мемлекеттік терроризм және адам құқығына жасалған қастандық” 1937 жылдың 12 тамызындағы жарлық бойынша корейлер Қиыр Шығыстан күшпен коныс аударыла бастайды. Жаңа жерлерде оларға материалдық және ақшалай компенсация жасалады делінді. Алайда еңбектегі құжаттарға жүгініп отырсақ, ондай компенсацияның ешқандайы орындалған жоқ. Олардың 90% өздерінің меншікті шаруашылықтарынан айырылды. Шын мәнінде өкімет тарапынан тоналды.
Үшінші бөлім “Арнайы қоныстандырылған корейлер “жеңген социализм” жүйесінде” деп аталады. Бұл бөлімде корейлердің жаңа жерлердегі жағдайлары және қоныстанған халықтар зардабы көрсетілген. Кейбір құжаттар жекелеген азаматтардың тағдыры туралы баяндалады. Еңбектің соңғы материалдарында корейлердің соғыстан кейінгі және соңғы уақыттардағы жағдайы баяндалған. Корей халқы толығымен 1993ж. Россия Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен ақталып, күштеп қоныс аудару заңсыз деп жарияланады. Кемшіліктері болса да корей халқының трагедиясы көрсетілген бұл еңбек алғашқы қарлығашы болып саналады. (2. 80-82)
Жалпы 1930-50-ші жылдардағы зорлықпен коныс аудару проблемасымен шұғылданып жүрген үлкен ғалымдардың бірі ұлтаралық қатынастар тарихын зерттейші, тарих ғылымының докторы Н. Ф. Бугай бұрынғы КСРО Ғылым Академиясының тарих институтында жоғарғы қызмет атқарған. Н. Ф. Бугайдың халық зардап шегуі және күшпен қоныс аудару проблемаларына байланысты публикацияларын бұрынғы “История ССРО” қазіргі “Отечественная история” журналы, “ВОпросы истории” жәрналынан, “Отечественные архивы” журналынан көріп, танысуға болады. Н. Ф. Бугайдың КСРО Орталық мемлекеттік архивтерінен алынған құжаттары бойынша жазылған еңбектері біз үшін құнды материал болып саналады. Сондай архив құжаттарына негізделіп жазылған публикацияларының бірі “Погружены в эшелоны и отправлены в места поселений” атты еңбегі КСРО орталық мемлекеттік архивінде қоныс аударушыларға байланысты “Сталиннің ерекше папкасы” аталатын құжаттарға сүйене отырып біршама мәлімет алынған “Халық көсеміне” арналып жазылған құжаттарды НКВД канцеляриясының бастығы Момулов жинаған екен. Берияның мемлекеттік Қорғаныс комитетіне жеке Сталин және Молотовқа берген есептері, Берияның НКВД қызметкерлеріне берген бұйрықтары көрсетілген. Күшпен қоныс аудару операцияларының барысы туралы Берияның орынбасарының, жергілікті НКВД басшыларының құжаттары, қоныс аударылғандар туралы мәліметтер келтірілген. (3, 143-159)
Әрине келтіріп отырған материалдар тарихи зерттеу процесінде басқа да құжаттармен салыстырылып дерекнемелік анализге ұшырауы мүмкін. Бугайдың келесі үлкен публикацияларының бірі “Отечественнай история” журналында жарияланды. “40-50-е годы: последствия депортаций народов” атты еңбегінде НКВД-МВД архивтерінен алынған құжаттар баяндалады. Жалпы Кеңес Одағы тарихнамасында, оның ішінде 80-ші жылдардың басындағы жарияланған мақалаларда, құжаттарда 1930-50-ші жылдардағы қоныс аударудың зардабы, нәтижесі онша мәлім болған жоқ. Бугайдың ұсынып отырған бұл еңбегінде күшпен қоныс аударылған халықтардың жаңа жерлердегі жағдайы келтірілген. Берияның Сталинге берген баяндамалары, КСРО НКВД-МВД басшыларының, өлкелік, облыстық НКВД-МВД басшыларының арнайы хабарламалары, есептері келтірілген. КСРО орталық, мемлекеттік, жергілікті архивтерде сақталған қоныс аударылғандардың шаруашылық жүйедегі еңбектерінің қалыптасуы, өндірістің қай салаларында істегендері және жаңа жерлердегі адам айтқысыз тұрмысы, олардың мемлекет органдарымен қатынасы, оларға жүргізілген әдістерімен формалары айқын көрінеді. Кейбір құжаттар қоныс аударылған халықтарға қарсы жүргізілген мемлекеттің әлеуметтік саясаты бейнеленген. Жаңа жерлерде азық-түліктің жетіспеулігі, тұрғын үйлерінің нашарлығынан, денсайлық сақтау әдеттегінен нашар болуы олардың өмірлеріне қауіп туғызда. Демографиялық өзгерістердің процесі, қоныс аударылған халықтардың сан жағынан азаюы туралы құжаттар көрсетілген. (4, 122-142)
КСРО Мемлекеттік Орталық архивінен НКВД құжаттарын пайдаланып жазылған Бугайдың тағы да бір үлкен мақаласы “История СССР” журналында жарияланды. “40-ые годы автономию немцев Поволжья ликвидировать” атты публикациясында 1941 жылы депортацияға ұшыраған неміс халқының тағдыры баяндалады. “Отечественная история” журналында “20-40-ые годы. Депортация населения с территории европейской России” деген мақаласы, “Агитатор” журналындағы мақаласы, “Политический собеседник” журналында, “Қоныс аударылғандар” мақаласы, Петрозаводск қаласында шығатын “Север” журналындағы “Север в политике переселения народов” мақаласы жарияланды. Еңбектерінің көбісі құжаттардан алынған. “вопросы истории” журналындағы “Правда о депортации чеченского и ингушского народа” атты еңбегі де архив құжаттары негізінде жазылған.
Халықтарды зорлықпен қоныс аудару мәселесі жайлы зерттеу жұмыстарды жүргізіп жүргендердің бірі тарих ғылымдарының кандидаты Земсков В. Н. деген ғалым. Земсков та Бугай сияқтя КСРО мемлекеттік Орталық архивінде көп еңбек сіңірді. Сондықтан мақалаларының барлығы архив құжаттарынан алынған. Солардың ішінде “Отечественные архивы” журналында жарияланған “Принудительные миграции из Прибалтики в 1940-50-х годах” деген мақаласында Балтық бойындағы халықтардың күшпен қоныстандырылу туралы архив құжаттары келтірілген. Құжаттардан Балтық бойы республикаларының КСРО құрамына енгеннен кейін қоныс аудару мәселесіне қалай ұшырағандарын көруге болады. Құжаттардан бұл халықтардың қайда, қандай жерге аударылғандарын көреміз. Ол халықтар көбіне алыс аудандарға, адамы аз аудандарға қоныстандырылған. Құжаттарда қуғынға ұшыраған халықтардың саны, таралу облыстары айқын көрсетілген. (5, 68-79)
“История СССР” журналында жарияланған “Заключенные, спецпоселенцы и высланные” деген мақаласы да архив құжаттарына негізделіп жазылған. Сонымен қоса, Земсковтың “Радуга” журналында жазылған “Черные дыры истории” мақаласы күшпен қоныс аудару жөнінінде көп мәлімет береді.
Гарвард университетінің профессоры, орыс зерттеу орталығының қызметкері Александр Некричтің зерттеу жұмыстары біз үшін өте құнды материал болып саналады. 1967 жылы А. Нерич Пельшенің басшылығымен болған жиналыста КПСС қатарынан шығарылады. Қуғынды көрген Нерич 1976 жылы Америка Құрама Штаттарына кетуге мәжбүр болады. Сонда жүріп Некрич күшпен қоныс аудару проблемаларымен шұғылданған екен. 1989 жылы Москва Мемлекеттік университетінде қоныс аудару мәселесіне байланысты лекциясының үзіндісі “Родина” журналында жарияланды. Некрич “Соғыстан бергі жылдарда қуғынға ұшыраған халықтар туралы әлі толық мағлұмат жоқ” дейді. “Қуғынға ұшыраған халықтар туралы туралы соғыстан кейін біршама еңбектер жазылды. Бірақ олар ешқашан жарияланбады және еңбектердің авторлары қуғынға ұшырады” дейді Некрич. Некричтің айтуынша 1944 жылы 23 ақпанында шешен мен ингуштар, 1943 жылдың аяғында қалмақтар, 1944 жылдың наурыз айында балқарлар қуғындалып, күшпен қоныстандырылды. Қырым мен Кавказдан миллионға жуық адам күшпен қоныс аударылды. КСРО территориясының батыс аудандарынан миллионға жуық поляк қоныс аударылды. Балтық бойынан 200 мыңға жуық халықтар басқа жерлерге қоныстандырылды. Жаппай қоныс аудару кезінде 4 вагон бөлінді, американдықтардың соғыс қимылдарына арнап берілген автомашиналары пайдаланылды. Некрич, қоныс аударуға ұшыраған халықтарының өкілдері соғыс қимылдарына қатысуы туралы айтады. Сонан кейін депортацияның қалай туғанына тоқталады. “Империялық территориялардан жергілікті халықтарды басқа аудандарға қоныс аударып, олардың орнын орыс, украин халықтарымен толтырды” дейді Нерич. “Түркия шпиондарының енуі күшейді” деп шекарадан, қырымчак, түрік месхетинстері, курдтар қуылды. Нәтижесінде халық аштықтан қиын жолдан азап шегіп қырылды. “Шешендердің 22% халқы, қарашайлардың 30% халқы, балқарлардың 26, 5% халқы, қалмақтардың 14, 8 % халқы, ингуштардың 9% халқы, қырым татарларының 46% халқы азаптан өлді” дейді. “сталин өлгеннен кейін ХХ съезде Хрущев қалмақ, балқар, қарашай халықтарын қоныс аудару заңсыз деді. Хрущев сол съезде басқа халықтар туралы бір ауыз сөз айтқан жоқ” дейді Некрич. Некричтің Москва мемлекеттік университетінде оқыған бұл лекциясы біз үшін өте құнды дерек болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz