Қылмыстық құрамның субьективтік жағының қосымша белгілері бойынша квалификациялау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

§3. Қылмыстық қү_рамның субьективтік жағының қосымша белгілері бойынша квалификациялау

Қылмыстық құрамның субьективтік жағының қосымша белгілері ретінде қылмыстың мақсаты мен ниеті алынады. Бұл белгілердің қосым-ша белгі ретінде қолданылу себебі, ол қылмыстың субъективтік жағы-ның бар- жоқтығын анықтау кезінде қоғамға қауіпті, арнайы мақсат немесе ниет түрі болмасада абайсыздық немесе қасақаналық нысандар-

Нуртаев Р. Т. Актуальные проблемы эффективности борьбы с преступностью и отдельные ее видами в Республике Казахстан. / материалы научно-теоретической конференции посвященной 70-летию академика НАН РК М. Т. Баймаханова. -Ал­маты, 2004. С. 263.

дағы кінә болуымен субьективтік жақтың бар деп танылуы болып табылады. Кейбір қылмыстарда, оның ішінде абайсыздықпен жасалатын қылмыскерда ниет, мақсат туралы мәселе қозғалмайды, оларда кінәнің болуымен-ақ субъективтік жақ бар деп есептеледі. Екіншіден, кейбір құрамдарда қылмыстық ниет бір түрде ғана анықталмай, балама түрде де анықталады. Мысалы, 189 баптағы заңды кәсіпкерлік қызметке лау-азымды адамның кедергі жасауының себептері немесе ниеті әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы қызғаншақтық, өзге кәсіпкерлерге бәсекелестік туғызбау, жеккөрушілік, пайдақорлық т. б.

Қылмыстық құрам элементтері қатарында ниетпен мақсат қажетті болмағанда және бұл белгілер балама түрде анықталғанда қылмыстық ниетпен мақсаттың квалификация жүргізу үшін ролі, қажеттілігі бол-майды.

Ниетпен мақсаттың субъективтік жақтың белгілері қатарына жатқы-зылу себебі, ол бұл белгілердің кінә нысандары тәрізді қылмыстардың іс-әрекетке және салдарға қатысты ішкі сезімдерін білдіретін белгілер ретінде бағалануына ғана байланысты емес, сонымен бірге ниет пен мақсаттың зұлым, қауіпті сипатта болуына байланысты. Қылмыстық құқықта жекелеген қылмыс құрамдарын талдау кезінде қолданылатын ниеттер, көбінесе көбінесе кек, бұзақылық, қызғаншақтық, пайдақор-лық, жеккөрушілік тәрізді адамгершілікке жатбайтын, әлеуметтік тұрғыдан зиянды және дұрыс құқықтық санаға қайшы ниеттер түрінде анықталады. Мұндай ниеттердің көпшілігі қылмыстық заңда кінәні ауыр­лататын құрам ретінде бағалауға негіз береді.

Ниеттің түрін қылмыстық ниет деп бағалау үшін оның барлық жағдайда қоғамға қауіпті зұлым сипатта болуы шартты енмес. Қылмыстық заңдағы қылмысты деп танылған әрекеттерді мағынасы жағынан пайдалы, сипаты бойынша жақсы ниеттермен жасауда қылмыстық жауапты-лыққа соқтырады. Мысалы қасақана жай кісі өлтірудің ниеттері қызға-ныштық, жеккөрушілік, кек алу ғана емес, жәбірленушіге жаны ашу да болуы мүмкін. Сондай-ақ пайдақорлық ниетпен сипатталатын ұрлық қылмысы кедей адамдарға жаны ашу ниетімен де жасалуын ой жүзінде келтіруге болады. Яғни бай адамдардан ұрлап, кедейлерге таратып беру. Мұндай пайдалы ниеттермен қылмыс жасалғанда іс-әрекеттің бәрібір қоғамға қауіптілігі, қылмыстылығы сақталып қала береді. Өйткені жоқ-жітік адамдарға көмектесу үшін ұрлық жасағанда, ол адам бөтен адамның меншігіне зиян келтіреді, оған қарсы саналы әрекет жасалады деп түсіну керек. Мұндай жағдайлар, яғни ниеттің оң, пайдалы сипатты бо­луы жауаптылықты жеңілдетіп белгілеуге негіз бола алады. Осы сияқ-ты қылмыстың мақсаты да кейде қоғамға пайдалылықты көрсетуі мүмкін. Бірақ осы пайдалы мақсатқа жетудің амалы ретінде таңдап алған тәсіл немесе әрекет түрі қауіпті болғанда, өзге заңмен қорғалатын объектілерге щлқсан келтіріледі және бәрібір іс-әрекеттің қылмысты-лығы сақталады.

Пайдалы ниет, мақсатпен қауіпті іс-әрекет жасау бір ғана жағдайда, яғни адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін түсінуге мүмкіндігі болмағанда ғана қылмысты деп танылмайды.

Ниет және мақсат бұл кінәлінің қылмыс жасауға бағытталған ішкі сезімнің жекелеген элементтерін білдіреді.

Қылмыстың мақсаты ретінде ниетті қанағаттандыру бағытында жа-салған іс-әрекеттің түпкі нәтижесіне қатысты кінәлінің ішкі шешімі алынады.

Ниетпен мақсат бір-біріне ұқсас ұғымдар ретінде бағаланғанымен, оларды нақты қылмыстық құрамдар бойынша ажырату немесе анықтау қиындық тудармайды. Мысалы кісі өлтіру қылмысының ниеттері немесе өзге адамның өміріне қарсы бағытталған әрекеттердің себептері қыз-ғаныштық, пайдақорлық, кек, бұзақылық, жеккөрушілік т. б болуы мүмкін. Ал кісі өлтіру қылмысының мақсаты немесе әрекеттің түпкі нәтижесі бөтен адамға қаза келтіру немесе өмірінен айыру болып табылады. Сондай-ақ ұрлық қылмысының ниеті пайдақорлық болса, ал ұрлықтың мақсаты өзге адамның меншігіндегі мүлікті немесе ақша қаражатын алу болады.

Қылмыстық ниеттің нақты мағынада алғанда, қылмыстың жасалу себебімен байланысы байқалады. Мұндай жағдайда себеп ниеттің пай­да болуына әкеледі және кінәлі себеп болып тұрған объективтік жағдайдың салдарынан субъективтік тұрғыда ниеттің іске асуын көздейді. Бұл екі ұғымдарды бір-біріне жақын қарастырғанда қылмысты тәсіл арқылы іске асырылатын кінәлінің мұқтаждығын білдіреді деп түсіну керек. Қылмыстық ниет қылмыс құрамы белгілерінің ішіндегі ең алғашқы сатыда пайда болатын белгіні білдіреді, бұл эсіресе арнайы ниет, мақсатпен жасалатын қылмыстарда анық байқалады. Ал бұзақылық тәрізді көбінесе кенеттен пайда болатын ниеттер қылмыстың жасалу қар-саңында ғана пайда бола отырып, қылмысты әрекеттің орындалуының сол кездегі жалғыз-ақ себепшісі болып бағаланады.

Неиет- қоғамдық дамумен, әлеуметтік- экономикалық өзгерістер-мен байланысты дамитын фактор. Себебі қоғамда даму орын алған сай­ын адамның да мұқтаждығының да түрімен деңгейі арта түседі. Кейінгі техниканың жетістіктері өзінде болмаса, адам соны табуға тырысады. Оның бір амалы ретінде қоғамға қауіпті тәсілмен, яғни қылмысты жол-мен қанағаттандыру болуы мүмкін.

Ниет- қылмыстық құрамдарда қосымша немесе міндетті белгі ретін-де қолданылсада кінә түрін анықтауға барлық жағдайда әсер ете бер-мейді. Қылмыстың тікелей қасақаналықпен жасалғанын анықтауға кейбір ниет түрлері ғана көмектесе алады. Мысалы пайдақорлық ниет барлық жағдайда ұрлық, тонау, алаяқтық тәрізді қылмыстардың тек тікелей қаса-қаналықпен сипатталатынын білдіреді. Бірақ жиі кездесетін бұзақылық тәрізді ниеттер қылмыстың қасақаналықпен жасалғанын анықтауға се-беп болғанымен, қасақаналықтың түрлерін анықтауға әсер ете алмай-ды. Өйткені адамның өміріне, денсаулығына т. б. қарсы бұзақылық ни-етпен жасалған әрекеттер жанама қасақаналықпенде, тікелей қасақана-лықпен де жасалуы мүмкін. Сондықтан ниет барлық жағдайда кінәлінің өз іс-әрекетіне деген тікелей қасақаналылығын білдіргенімен, зарда-пқа қатысты тікелей қасақаналығын білдіре бермейді.

Қылмыстың мақсатында субъективтік жақтың жеке белгісі ретіндегі тікелей қасақаналықтың еріктілік моментін білдіретін «тілеу» белгісі-мен, мақсаттың іске асуы үшін «тілеу» болатын жағдайын ажырата білу керек. Тікелей қасақаналықтың белгісі ретіндегі «тілеу» қоғамға қауіпті іс-әрекеттің және оның салдарының болуын тілеу түрінде, яғни объективтік жақ белгілерінің ішкі айнасы ретінде анықталады. Ал қылмыс-тық мақсатқа жетуді тілеу - бұл біріншіден, тікелей қасақаналықпен жасалған әрекетке оның салдарына қатысты психикалық қатынасты емес, қылмыс құрамының бүкіл белгілерінің орындалуына байланысты кінәлінің шешімін білдіреді, екіншіден, мақсаттың орындалуын тілеу-тікелей қасақаналықтағыдай тар мағынада емес, кең мағынаға сипатта-лады, яғни әрекеттің, зардаптың болуын тілеу ғана емес, зардап нәти-жесін немесе әрекеттің ақырында тілеу деп түсіну керек.

В. А. Сергиевский «қылмыстың мақсаты тек тікелей қасақаналықта ғана орын алады. Қылмыстың мақсаты жанама қасақаналықта, сондай-ақ абайсыздақпен жасалған қылмыстарда болуы мүмкін емес» -дейді. 1 Мұндай қортындыны «мақсат» ұғымын, оның түрлерін нақты қылмыстардағы міндеттілігін ескергенде жасауға болады.

Уголовное право Республики Казахстан. (Особенная часть) Ч 1. - Алматы, 1999. С. 51.

Абайсыздықпен сипатталатын қылмыстардың ниеті кінәлінің зардап-тың туындауға мүмкін екенін көре білуге міндеттілігі немесе мүмкінділігі бола тұрып, оны көре білмей немесе болдырмайтын деп есеп жасап жеңілойлылықпен әрекеттер жасауында енжарлық, жалқау-лық, мақтаншақтық тәрізді ниеттер болады. Қылмыстық құқық жауап-тылықтың ең қатал түрін қолданумен айналысатындықтан нақты ұғымдарды ғана қолданады, соның бір дәлелі ретінде абайсыздықтағы қылмыстардың ниетін анықтауға және оларды жауаптылық белгілеуде ес-керуде тырыспайды.

Қылмыстың ниеті мен мақсатының қылмыстық құқықтық мәселе ретінде қандай маңызы бар дегенде, ең алдымен ниетпен мақсаттың түріне қарай қылмыстың қоғамға қауіптілігі дәрежесін анықтауға болады. Кейбір мақсатпен ниеттер қылмыстың ауырлық са-наттарын белгілеуге себепші болады. Мысалы 96 баптың 2 бөліміндегі пайдақорлық, қанды кекті қайтару ниеттерімен жасалған кісі өлтірудің аса ауырлататын құрамға жатқызылу себебі, ол ниеттің ауыр түрлерінің кездесуі болып табылады. Сондай-ақ өзге адамның дене мүшесін не-месе тінін алу, бұрын жасаған қылмысты жасыру немесе қылмыстың жасалуын жеңілдету мақсаттарында кісі өлтіруде де мақсаттың түрі жауаптылықты ауырлатып белгілеуге себепші болған. Сондықтан кейбір ниетпен мақсаттар қылмыстың заңның баптарында ауырлататын құрам-ның белгісі ретінде келтірілгенде, осы ниеттің немесе мақсаттың осы қылмыста не үшін жауаптылықты ауырлатытынын немесе аса ауырлата-тынын түсіну керек. Ниеттің түрі кейбір қылмыстарға тән белгі болып танылуына байланысты ауырлатушы белгі болып бағаланбайды. Мысалы, ұрлық қылмысына пайдақорлұіқ, әйел зорлау қылмысына жыныстық құмар-лығын қанағаттандыру ниеті тән болып табылады. Бұдан бұрынғы тақырыпта айщанымыздай, кейбір қылмыстарға тән болып табылатын және жауаптылықты ауырлатуға негіз бермейтін ниет түрі (масылы ұрлық-тағы пайдақорлық ниет), басқа қылмыс түрінде (мысалы кісі өлтіру қылмысындағы пайдақорлық ниет) ауырлатады. Мұндай құрамдарда ниеттің түрі қылмыс обьектісінің түрімен, оның құндылығымен, жаса­латын әрекеттің сипатымен, бағытымен байланыс'тырылады. Яғни мұндай қылмыстарда ниеттің түрі қылмыскердің аса қауіптілігін, шектен шық-қан дөрекілігін білдіреді.

Қылмыстық ниетпен мақсаттың қылмыстық-құқықтық маңыздылы-ғын, оның қасақана жасалған қылмастарды тергеу кезінде анықталуы қажет екендігін Жоғарғы Сотың қылмыстық істер туралы қауылдары үнемі көрсетіп келеді. Мысалы, 1960 жылдың 4 маусымындағы «қаса-қана кісі өлтіру қылмыстары бойынша сот практикасы туралы» КСРО жоғарғы соты Пленумының қауылысында «соттар көпшілік жағдайларда қылмысты квалификациялауға және жазаның мөлшерін белгілеуде ма-ңызы бар жасалған қылмыстың ниетін жеткілікті анықтамайды. Кісі өлтіру кезінде болған ниеттің түрін анықтамағандықтан соттар кінәлінің әрекеттерін бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіру деп жиі квалифи­кация жасайды» дей отырып қылмыс ниетін анықтаудың маңыздылы-ғын дұрыс көрсеткен. 1

Қ. К Ерекше бөлімінің баптарында мақсат немесе ниеттің түрі тікелей көрсетілгенде, бү. л белгілер қосымша емес, міндетті белгінің ролін атқарады. Яғни жасалған қылмысты осы баппен неме­се осы бөліммен квалификациялау үшін, жасалған қылмыс бапта көрсе-тілгендей ниетпен немесе мақсатта жасалған болуы керек. Қылсмыстық кодекстің кейбір баптарында мақсаттың немесе ниеттің түрі арнайы көрсетілгенде, бұл құрам өзге ұқсас өзге қылмыстық құрамдардан осы ниет, мақсат түріне қарай ажыратылады немесе әрекет қылмыс болып саналмауы да мүмкін. Ниетпен мақсат бойынша квалификация мынандай үш жағдайда жүргізіледі: біріншісі, мысалы 234 баппен адамды кепілге алау деп бағалау үшін адамды ұстап тұру әрекеті мем-лекетті, ұйымдарды немесе азаматты белгілі бір іс-әрекет жасауға не­месе одан қалыс қалуға мәжбүрлеу мақсатында жасалған болуы керек. Егер адамды ұстап тұрған әрекетте мемлекетті, азаматтарды белгілі бір іс-әрекеттер жасауға немесе жасамауға мәжбүрлеу мақсаты болмаса, онда адамды ұрлау немесе заңсыз бостандығынан айыру қылмыстары ретінде бағаланады. Екінші жағдайда, заң баптарында көрстілген ниет немесе мақсаттың жасаған іс-әрекетте болмауының қылмыстық құрам-ның да жоқтығын білдіретін жағдайын ниет, мақсат түрінің осы қылмысқа ғана тән болуына байланысты деп және осы қылмысқа объективтік жағы бойынша ұқсас қылмыс заңда жоқ болуына байланысты деп түсіну керек. Мысалы 135 баптағы бала асырап алу құпиясын жариялау қылмысында пайдакүнемдік, немесе өзгеде зұлым ниеттердің кінәліде болуы міндетті белгі ретінде қолданылады. Ал бала қылып асырап алу құпиясын жариялау әрекетінде пайдақорлық немесе басқа да зұлым ниеттер болмаса, онда қылмыстың субъективтік жағы жоқ деп таныла-ды. Немесе 206 баптағы жалған ақша немесе бағалы қағаздарды қол-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмыс құрамының обьективтік жағының түсінігі және маңызы
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Қылмыстың құрамы және құрылымы
Қылмыс құрамының құрылымы
Қылмысқа оқталуды саралау
Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz