Әлемдегі кедейшілік жағдайға шолу


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әлемдегі кедейшілік жағдайға шолу

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, осы күні дүниежүзі халқының бір миллиард халқы кедейшілікте өмір сүреді. Бұл адамдардың тіпті күнделікті бір ішіп-жер тамағы да жоқ. Сонымен қатар басқа төрт миллиард адам азық-түлік тапшылығы, медициналық мүмкіндіктердің болмауы және тұрмыстық жағжайларының нашарлығынан кедейшілікке жақын жағдайда ғұмырларын кешуде.

17-ші қазан БҰҰ тарапынан әлемдік "Кедейшілікпен күресу күні" деп жарияланған. Оның мақсаты - әлемдік қоғамдық пікірдің назарын осы мәселеге аударту және кедейшіліктің тамырын жоюға қадам жасау болды. Біріншіден БҰҰ мен халықаралық экономикалық ұйымдардың кедейшілік деген сөзге берген анықтамасымен таныстырамыз.

Негізінде кедейшіліктің үш түрі, атап айтқанда абсолютті, салыстырмалы кедейшілік пен мүмкіндіктер тапшылығына байланысты кедейшілікке түсініктеме берілген.

Мүмкіндіктер тапшылығына байланысты кедейшілікте әртүрлі қиындықтар, атап айтқанда азық-тұлік пен киім тапшылығы, тұратын мекеннің, медициналық және білім алу мүмкіндіктердін жоқтығы байқалады. Негізінде бұл әлеуметтік тапшылықтың бір түрі болып табылады.

Салыстырмалы кедейшілікте адамдардың кірістері мемлекеттің орта кірісімен салыстырылады. Әр елдің орта кірісі бойынша, оның жартсынан аз кірісі бар адамдар кедей болсып саналады.

Абсолютті кедейшілік БҰҰ берген түсініктеме бойынша, адам күніге 2 доллардан төмен кіріспен өмірін кешеді.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша осы уақытта дүниежүзінің халқының бір миллиарды абсолютті кедейшілікте өмір сүреді. Бұл адамдардың тіпті күнделікті бір ішіп-жер тамағы да жоқ. Сонымен қатар басқа төрт миллиард адам азық-түлік тапшылығы, медициналық мүмкіндіктердің болмауы және тұрмыстық жағжайларының нашарлығынан кедейшілікке жақын жағдайда ғұмырларын кешуде. Кедей жанұялар көптеген қиындықтармен бетпе-бет келеді. Олар өз балаларына дұрыс қарай алмайды, жанұя мүшелерін қажетті азық-түлік, қауіпсіздік және білім алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарға тірелген кезде басқалардан көбірек зиян көреді. Кедейшілік пен аштық деңгейі соншалықты жоғары көтерілгеннен, әлемде азық-түліктін тапшылығынан әр секунд сайын бір бала қайтыс болып отыр.

Әлемдік банкінің мәліметінше, ұзақ мерзімге созылған құрғақшылықтан туындап отырған Африка мүйісі елдеріндегі төтенше жағдай және оның әсерінің соғыстан зардап шеккен Сомали жерлерінде байқалуы 2008-ші жылдан бастап бұл аймақтағы азық-түлік бағасын күрт көтерілуіне себеп болды.

Мәліметтер бойынша, өткен үш айда тек бір Сомалидің өзінде бес жасқа да толмаған 29 мың бала қаза болды және басқа 600 мыңының жағдайы өлім қатеріне тірелді. Дәл осы уақытта құрғақшылық апаты Африка құрылығының Сомали, Эфиопия, Джибути, Кения, Уганда және Судан елдеріндегі 12 миллион халықтын жанынақауіп төндіріп отыр. Кедей елдердегі халық санының көбеюіне көңіл бөле, әлемдегі аштардың саны көбейеді деп болжауға болады. Әрине, кедейшілік тек Африка мүйісі елдеріне ғана қатысты апат емес.

Соңғы жылдардағы экономикалық дағдарыстар Америка қоғамына да әсер етті. Американың статистика ұйымының мәліметі бойынша, бұл елдердегі кедейлер саны 46 миллионнан асты. Бұл өткен 17 жылдағы ең жоғары мөлшер. Айта кететін жәйіт, кедейшілік америкалық қара түстілер арасында басқалармен салыстырғанда жылдамрақ таралып, 27 пайыздан асып кетті. Мәліметтер Америкада бүкіл халқының 10 пайызын құрайтын байлары елдің байлығының 70 пайызына және 20 пайызының бұл елдің кірісінің жартсына ие екенін көрсетеді. Миллиондаған халық кедейшілік пен жұмыссыздықта және әлеуметтік, сонымен қатар медициналық қызметтерден пайдаланбай күнін көріп жатыр. Еңбек ақылардың төмендеуі, банкілік қарыздар, жұмстан айырыламыз деп алаңдау, экономикалық тоқырау - миллиондаған американдықтарға алаңдаушылық тудыратын мәселелерге жатады.

2000-шы жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы әлемнің 147 мемлекетінің басшылары қол қойған бағдарлама бекеткен болатын. Аталмыш бағдарлама кедейшілікті жоятын әлемдік 8 мақсатты анықтады. БҰҰ-на мүше болып кіретін елдер 2015-ші жылға дейін оның мақсаттарын іске асыруға келісті.

Бұл мақсаттарға баларды оқытуға жағдай жасау, балалардың денсаулығы, жыныстық тендік, балардың өлімін азайту, аналар денсаулығы, малярия мен спид сынды ауруларға қарсы тұру, тұрақты дамуға жету мәселері кіреді. 2000-шы жылдан бері БҰҰ-ның отырыстарының көбісі кедейшілік пен аштыққа қарсы тұру жолдарын қарастыру мақсатымен өтті. Бірақ 2015-ші жыл жақындаған сайын әлемдік қоғам әлемдік экономикалық дағдарыс пен табиғи апаттардға көңіл бөліп, кедейшілікті жою қиын екенін түсінді. Әлемдік қоғам 2015-ші жылға дейін кедейшілік пен штық мәселесін шешетін қажетті шаралар қолданып отырған жоқ. БҰҰ 2015-ші жылға дейін үкіметтер, көмек көрсететін ұйымдар мен жеке адамдар арқасында 40 миллиард доллардан астам қаржына кедей елдерге көмектесуге жинап беретінін жариялады. Мұндай қаржы 16 миллион әйел мен баланы өлімнен құтқарады. Мамндардың есебінше, мақрұм аймақтардағы аналар мен балаларды өлімнен құтқару үшін 2015-ші жылға дейін 169 миллиард доллар қаржы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Аштықты жоюдағы химияның рөлі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Ішкі қауіпсіздік мәселелері
Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Қазіргі қазақ публицистикасындағы экономика тақырыбының көрінісі
Кедейшілік қазіргі қоғамның өзекті проблемасы
Кедейшілікке қарсы күресудің халықаралық тәжірибесі
Кедейшілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz