Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және әдістері



1. Калькуляциялық обьектілері және калкуляциялық бірлік.
2. Калькуляциялау түрлері және әдіс тәсілдері.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндіріс шығындарының есебі бойынша нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялау мен шығындар есебінің әдістеріне жеткілікті және анық ұғым бермейді. Ол өндірісте шығындардың басқарушы есебін құрудан, шығындардың жіктеу қағидаларын таңдаудан, шығындар есебінің номенклатуралық обьектісінен ( бұйым, тасырыс, өңдеу, шығындардың пайда болу орны т.б.), сатылған мен дайын өнімнің және анықталмаған өнімнің өзіндік құнын тарату әдістерінен, шығындарды тікелей қаржылық нәтижелерге жатқызу жолымен өтеуден тұрады.
Есеп берудің жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:
1. Өндірістік қызмет процесі олардың пайда болуына қарай, өндіріске жұмсалған ресурстарды алғашқы құжатта көрсету (бейнелеу);
2. Қызмет түрлері, өндірістер, құрылымдық бөлімшелер, шығындардың пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары, өнімдер, жұмыстар және т.б. өндірістік шығындар туралы мәліметтерді локализациялау (тарптау),
3. Өндірістік шығындарды олардыңпайда болу уақыттары: тарихи, өткен шығындар, есеп беру кезіндегі шығындар және болашақ кезең шығындары бойынша локализацияланады;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және
әдістері

1. Калькуляциялық обьектілері және калкуляциялық бірлік.
2. Калькуляциялау түрлері және әдіс тәсілдері.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндіріс шығындарының есебі
бойынша нормативтік құжаттар, сондай-ақ арнайы әдебиеттер, калькуляциялау
мен шығындар есебінің әдістеріне жеткілікті және анық ұғым бермейді. Ол
өндірісте шығындардың басқарушы есебін құрудан, шығындардың жіктеу
қағидаларын таңдаудан, шығындар есебінің номенклатуралық обьектісінен (
бұйым, тасырыс, өңдеу, шығындардың пайда болу орны т.б.), сатылған мен
дайын өнімнің және анықталмаған өнімнің өзіндік құнын тарату әдістерінен,
шығындарды тікелей қаржылық нәтижелерге жатқызу жолымен өтеуден тұрады.
Есеп берудің жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:
1. Өндірістік қызмет процесі олардың пайда болуына қарай, өндіріске
жұмсалған ресурстарды алғашқы құжатта көрсету (бейнелеу);
2. Қызмет түрлері, өндірістер, құрылымдық бөлімшелер, шығындардың пайда
болу орындары, жауапкершілік орталықтары, өнімдер, жұмыстар және т.б.
өндірістік шығындар туралы мәліметтерді локализациялау (тарптау),
3. Өндірістік шығындарды олардыңпайда болу уақыттары: тарихи, өткен
шығындар, есеп беру кезіндегі шығындар және болашақ кезең шығындары
бойынша локализацияланады;
4. Шаруашылық субьектісінің жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер
арасына тарату, жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған дайын және
сатылған өнімнің өзіндік құнына енгізу арқылы өтеу;
5. Қызмет көрсетуші өнірістің өндірістік шығындарын, олардың аяқталмаған
және дайын өнімдерінің арасына тартады және қызмет көрсетуші
өндірістің өнімін, жұмысын және қызметін, тұтынушылары бойынша, яғни
өндірістік бөлімшелері бойынша шығындарды қайта таратады;
6. ндірістік процесінде алынған қалдықтар, аяқталмаған өндірістерді
анықтау және бағалау, өнімнің жекелеген түрлерінің өз-құнын, сосын
барлық тауарлы өнімнің көлемін анықтау.
Сонымен, өндірістік есепөзіне өндіріс шығындарының есебін, яғни 1-5
кезеңін енгізеді,ал калькуляциялық есебі 4-6 кезеңдерін қамтиды да, осы
соңғы кезең интегралданған есеп жүйесі ретінде, өзіндік құнды басқару
үшін ақпарат пен қамтамасыз етеді.
Өзіндік құнды басқару- бұл шаруашылық субьектісіндегі басқарушылық
қызметтің едәуір күрделі және ең маңызды бөлігі, өйткені ол өтіп жатқан
өндірістік процестерінің барлық жақтарын қамтиды.
Калькуляция тек дәстүрлі мәселелер бойынша негізделегн шешімдерді
қабылдауға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ мынадай жағдайлардың
экономикалық зардаптарын болжайды:
- өнім өндірудің бұдан былайғы мақсатқа лайықтылығы;
- өнімге оптималды баға белгілеу;
- өндірілетін өнімнің ассартиментін оптималдандыру (оңтайландыру);
- әрекет етуші технологияларды және парк станоктарын жаңартудың бүгінгі
күннің талабына лайықтылығы;
- басқарушы персоналдың жұмыстарының сапасын бағалау.
Калькуляциялаудың мәнін сипаттауды аяқтай келе, біз оның негізгі
арналымын тағы бір атап өтсек-табыс алуға басшының бағдарламасын дайындау
мен жетілдіру, және де қолданыстағы калькуляциялау процесінбарынша
мақсатына бағыттау және оны сынақтан өткізу болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды шартты түрде үш кезеңге бөлуге
болады.
Бірінші кезеңде-жалпы барлық шығарылған өнімнің өзіндік құны
есептелінеді, екіншіде-әрбір өнім бойынша нақты өзіндік құны (немесе
шығындарды тарату), үшіншіде-өнім (орындалған жұмыс немесе көрсетілген
қызмет) бірлігінің өзіндік құны. Осыдан түсінеміз, өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау- ол шаруашылық субьектісі бойынша да, өнім түрлері мен
оның бірліктері бойынша да, өндіріс пен және оны сатуға байланысты
шығындарды есептеп шығару.
Шын мәнінде, калькуляциялау процесі күрделі болып табылады және
шығындардың есеп процесі мен алмасады. Осыдан келіп шығындар есебі мен
өндірістің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің бөлінбейтіндігін және
ажырамайтындығын айтуға болады. Бірінші кезекте негізгі өндірістің
шығындары таратылады, содан соң көмекші өндірістің өнімдері
калькуляцияланады. Бұл кезеңде калькуляциялау қиындай түседі, өйткені
өзара көрсеткен қызметтерді ескере отырып есептеу керек.
Сайып келгенде, калькуляция шығындарды топтастыру мен құжаттаудан
басталады,бұл кезде өндірістік есептің мәліметтері қолданылады, сосын
алынған өнімнің саны, содан соң ғана өнімді нақты өзіндік құны бойынша
бағалау аяқталады, яғни калькуляциялаудың, өндірістікшығындар есебі мен
тығыз байланыста болатындығы алдын ала анықталып қойылған шаралары
бойынша жүргізіледі.
Калькуляциялаудың түпкі нәтижесі калькуляцияны жасау болып табылады.
Калькуляциялау мақсаттарына байланысты халықаралық тәжірибеде: сметалық,
нақты және жоспарлы калькуляция болып табылады.
1. Сметалық калькуляцияны, тапсырысты алғанға дейін және өндірісті
бастамай тұрып жасалады. Бұл шығындардың бағалау көрсеткіштері мен
немесе жоспарлаудың негізінде жасалынады. Алдын-ала калькуляциялау
әрқашанда клиенттердің сұранысы бойынша немесе жекелеген тапсырмалар
бойынша бойынша жасалады. Бірлі жарым және тапсырысты әдісімен
жұмыс істейтін өндірісте сметалық калькуляциясы ұсыныс бағаларын
анықтау үшін, сондай-ақ тапсырысты қабылдау немесе бас тарту туралы
шемімдері үшін қажет. Келісім шарттар бойынша тиісті дайындықтар
жасау үшін, яғни жиынтық шығындарсыз-ақ өзіндік құнның сметалық
шегін анықтауға және оның негізінде бағаның төменгі шегін есептеуге
болады.
2. Нақты калькуляциясы негізінен өндіріс процесі аяқталған соң
жасалады және онда өнім бірлігіне келетін барлықнақты шығындары
көрсетіледі. Бірлі-жарым және тапсырысты әдісімен жұмыс істейтін
өндірістерінде қорытынды калькуляциясы сметалық пен нақты шығындарды
салыстыру үшін, сондай-ақ тапсырысты орындаудан алынатын табысты
анықтау үшін қажет. Одан басқа қорытынды калькуляциясының
ақпараттары-болашаққа ұқсас тапсырыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар есебінің және өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік əдісі
Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу
Көмекші өндіріс шығындарының есебі
Жанама шығындарды тарату әдістерін таңдау
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу
Шығындар есебінің негізі
Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын колькуляциялаудың нормативтік әдісі
Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құның калькуляциясының нормативтік әдістері
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды талдау
Пәндер