Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар



1 Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар жөніндегі мәселе
2 Қылмыстық іс қозғау құқығы бар қатынастар субъектілерінің мәртебесі
3 Уәкілетті органдар тергеу көлеміне қарай орналасуы
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар жөніндегі мәселе айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады. ҚР ҚІЖК қылмыстық процесті бастау және қылмыстық істі қозғау құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар тізбесін белгілейді. Оларға анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, проку¬рор жатады (ҚІЖК-нің 185—186-баптары). Аталған органдар мен ла¬уазымды адамдардың бәрі өздерінің құзыреті шегінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешеді.
Бұл тізбе мейлінше толық болғандықтан, кеңейте түсіндіруді қажет етпейді. Осыған байланысты бұл тізбенің заң арқылы қылмыстық ізге түсу органдарына жатқызылған қатынастар субъектілерінің аясымен сәйкес келмеуі түсіндіруді талап етеді. ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарының тізбесіне тергеу бөлімінің бастығынан басқа, қылмыстық іс қозғау құқығы бар барлық органдар мен тұлғалар кіреді. Бұл жағдайда тікелей түсіндіру мынаны білдіруі тиіс: тергеу бөлімі бастығының қызметі шектелген, ол айып тағылатын кезге дейін аяқталады. Алайда ол мүлде олай емес. ҚІЖК-нің 63-бабындағы 2-бөлігінің мазмұны бойынша тергеу бөлімшің бастығы тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзі жүргізуге қабылдауға және алдын ала тергеуді жеке өзі жүргізуге құқылы болып шығады.
Сонымен, тергеу барысында тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана алатын тергеу бөлімінің бастығын да қылмыстық ізге түсу құқығы бар тергеуші ретінде түсіну қажет.
1. http://mukhanov.ucoz.kz/
2. www.google.com
3. http://referaty.kz/

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар

Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар жөніндегі мәселе айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады. ҚР ҚІЖК қылмыстық процесті бастау және қылмыстық істі қозғау құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар тізбесін белгілейді. Оларға анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор жатады (ҚІЖК-нің 185—186-баптары). Аталған органдар мен лауазымды адамдардың бәрі өздерінің құзыреті шегінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешеді.

Бұл тізбе мейлінше толық болғандықтан, кеңейте түсіндіруді қажет етпейді. Осыған байланысты бұл тізбенің заң арқылы қылмыстық ізге түсу органдарына жатқызылған қатынастар субъектілерінің аясымен сәйкес келмеуі түсіндіруді талап етеді. ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарының тізбесіне тергеу бөлімінің бастығынан басқа, қылмыстық іс қозғау құқығы бар барлық органдар мен тұлғалар кіреді. Бұл жағдайда тікелей түсіндіру мынаны білдіруі тиіс: тергеу бөлімі бастығының қызметі шектелген, ол айып тағылатын кезге дейін аяқталады. Алайда ол мүлде олай емес. ҚІЖК-нің 63-бабындағы 2-бөлігінің мазмұны бойынша тергеу бөлімшің бастығы тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзі жүргізуге қабылдауға және алдын ала тергеуді жеке өзі жүргізуге құқылы болып шығады.

Сонымен, тергеу барысында тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана алатын тергеу бөлімінің бастығын да қылмыстық ізге түсу құқығы бар тергеуші ретінде түсіну қажет.

Мұндай ерекшеліктерді ескерудің маңызы зор, өйткені қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы қисынына сүйенетін болсақ, қылмыстық іс қозғау құқығы бар субъектілердің қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын субъектілерге айналуы істің дәлелдемелерін түсіну және кейін бағалау тұтастығын қамтамасыз етуі тиіс.

Г.В. Дроздовтың атап көрсеткеніндей, қылмыстық іс қозғау сатысының мазмұнына сондай-ақ занды органдар мен лауазымды адамдардың мынадай әрекеттері кіреді: а) қылмыс туралы ақпаратты қабылдау, оны тиісінше рәсімдеу және тіркеу; ө) бұл ақпаратты қарау және қажет болған жағдайларда қылмыстың болғаны жөніндегі нақты мағлұматтарды анықтау үшін тексеру жүргізу; б) заңға сәйкес іс жүргізуді бастау, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе тергеуге яки сот қарауына жататыны жөніндегі қылмысқа қатысты арызды (хабарламаны) жіберу туралы шешім қабылдау. Экетраполяциялык, көзқарас аталған әрекеттерді — бұл өздерінің қылмыстық іс қозғау құқықтарын жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлімі бастығының, тергеушінің, прокурордың біртұтас қызметін құрайтын өзіндік кезеңдер деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық іс қозғау құқығы бар қатынастар субъектілерінің мәртебесі (құқықтық жағдайы, құқықтар мен міндеттемелер жиынтығы) әр түрлі болып келеді. Бұл олардың құзыретіндегі айырмашылықтар қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылданатын дербес іс жүргізу жағдайларын талап ететінін білдіреді. Басқаша айтқанда, қылмыстың жасалғанын көрсететін белгілер тиісті негіздерді алғаш рет ашқан немесе көрген осы субъектілердің кез келгені үшін қылмыстық іс қозғауға негіз бола алмайды. Егер анықталған тергеуден тыс қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетті адамның құзыретіне кірмейтін болса, онда қылмыс жөніндегі арыз немесе хабарлама қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.

Сонымен, қылмыстық іс қозғау құқығы және тиісті уәкілетті органдар мен адамдар құзыретінің көлемі толық көлемде сәйкес келмейді.

Қарастырып отырған сатыда прокурорға ең кең өкілеттіктер берілген. ҚІЖК-нің 62, 190, 192-баптарының 6, 7-бөліктерінің мағынасынан оның тергеуге алынғанына қарамастан, прокурордың өзі қылмыстық іс қозғауға құқылы екені көрінеді. Прокурор өкілеттігінің кендігі жария айыптауды ғана емес, сондай-ақ жеке және жеке-жариялы айыптауды да қамтиды. Мұнда прокурор мынадай қылмыстық істерді қозғауға құқылы:

кез келген жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 62, 190- баптары);

егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке айыптау ісі бойынша (ҚЖК-нің 33-бабы);

егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке-жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 34-бабы);

коммерциялық және өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық әрекет бойынша (ҚР Қылмыстық кодесінің 228—
232-баптары) мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымдарға зиян келтірсе және басқа ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (ҚІЖК-нің 35-бабы).

Прокурор сотқа дейінгі әрекетке оқтын-оқтын ғана қатысатындықтан, ал қылмыстық іс қозғау — бұл прокурордың заңды қадағалау жөніндегі өзіне жүктелген міндетті жүзеге асыру құралы болып табылатыңдықтан, бұл жағдайда қылмыстық іс қозғау құқығының бірден-бір іс жүргізу салдары туады, ол қозғалған қылмыстық істі соттылығынша қарай құзыретті органға тапсырумен аяқталады. Мұнда прокурордың сотқа дейінгі әрекеттің заңдылығын қадағалауы толығымен сақталады. Бұл жерде прокурордың қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру құқығы адамды қылмыстық жауапқа тартатын кезден басталатынын есте сақтау қажет. Алайда бұл жағдайда да прокурордың қылмыстық ізге түсуте қатысуы үздік-создық сипатта болады.

Өз құзыретінің көлемі бойынша қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі адам тергеуші болып саналады. Уәкілетті адамдардың бұл санатына ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі жатады (ҚІЖК-нің 64-бабының 1-бөлігі). Заң шығарушылар тергеуші іс қозғауға құқылы қылмыстық істер көлемін тергеушінің қай ведомствоға қарайтынына және қылмыстық ізге түсу органдарында (прокурор мен прокуратура органдарынан басқа) тергелуіне қарай жіктеген.

Уәкілетті органдар тергеу көлеміне қарай былайша орналасады. (ҚІЖК-нің 192-бабы):

ішкі істер органдарының тергеушілері Қылмыстық кодекстің 177-бабы бойынша;

ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері — Қылмыстық кодекетің 38-бабы бойынша;

салық полициясының тергеушілері — Қылмыстық кодекетің 36-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;

Қылмыстық кодекстің бірқатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық істі қозғау
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi
Қылмыстық іс қозғау жайлы
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны
Адвокаттар алқасында өткен іс-тәжірибе есебі
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру
Қылмыстық іc қозғау
Адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
Пәндер