Шерхан Мұртаза


Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза - жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері.
Шерхан Мұртаза (28. 9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) - ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992) . М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955) . 1955 - 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 - 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 - 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 - 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 - 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 - 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 - 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 - 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 - 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М. Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы - “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т. б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ. Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г. Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш. Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы.
Шерхан Мұртаза 70 жасқа үлкен табыспен келді. Жазушының еңбектерінде үлкен саналы да сындарлы ой жатыр, ізденіс жатыр, еңбек жатыр, талант жатыр. Жазушының 70 жылдық тойы Тараздың 2000 жылдығымен қатар келіп отыр. Мұны бекер айтып отырған жоқпын, Шерағаң жазушы ретінде де, қайраткер ретінде де ой-санасымен де, жекелеген ісімен де қаланың, өңіріміздің гүлденуіне, өсуіне, еңбеккерлерінің рухани жағынан бай болуына үнемі күш салып келе жатқанын тараздықтар жақсы біледі. Оған бір мысал, қаланың орталық Төле би көшесінің бойынан арнайы өз қамқорлығымен Ш. Мұртаза деген тараздықтардың жиі баратын кітап дүкенінің ашылуы. Бұл біз үшін үлкен қуаныш десек, артық болмас.
Бұл жасқа жазушы үлкен қаламгер, прозашы, публицист, аудармашы, ірі қоғам қайраткері, халықтың жанашыры, жоқтаушысы болып келіп отыр. Ш. Мұртаза әлі де ізденіс үстінде. Болдым, толдым деп отырған жағдайы жоқ. Әлі де туған халқының рухани қажетін етей беруге қам жасау үстінде. Біз қашанда жазушының сол мақсаттарына жете беруіне тілектеспіз.
«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіздер, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер», деген екен Қаныш Сәтпаев.
Жазушы да осындай жеңіске жетті.
Шерағаңның ел, халық үшін атқарған еңбегін, 70 жасқа толған мерейтойы қарсаңында мақтанышпен айтсақ, жас ұрпақ тәлім-тәрбие алар өнегелі іс болады-ау деп ойлаймын.
"Бесеудің хаты”
Сталинге жазылған атақты "Бесеудің хаты” туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?
Бірақ, солар туралы тереңірек білгісі келген оқырманға дерек тапшы болушы еді. Бір Ғабеңнен басқасының атын білгеніміз болмаса, затын біле қоймайтынбыз. Осы олқылықтың бір парасын тарихшы, Алаштың ардақтыларын көптен бері зерттеп жүрген Өмірзақ Озғанбай толтырыпты.
Оның "Рухы биік тұлға” атты жаңа еңбегі атақты "бесеудің” бірі Мүтәш Дәулетқалиевқа арналған. Шерхан Мұртазаның алғысөзімен жарық көрген бұл кітаптан көзі ашық оқырман М. Дәулетқалиев өмірінің көптеген деректерімен тереңнен танысады. Оның Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келгенін, 1930 жылы Мәскеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітіргенін, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарғанын біледі. Ал "Бесеудің хаты” жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен. Әлі 1937 жыл болмағандықтан, Голощекин қанша тісін қайраса да олардың басын жойып жіберуге құдіреті жетпей, тек "оппортунистер” деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Мүтәш ағамыз Арал қаласы парткомының бірінші хатшысы қызметіне "жіберіледі”.
Одан қайтадан Алматыға келіп, Қазақ өлкелік комитетіндегі мәдениет бөлімін басқарады. Бұл қызметте де шыдатпай, Қордай аудандық партия комитетіне хатшы боп кетеді. Әйтеуір, 1935 жылы Қазақстаннан кетіп, көзі жоғалғанша Голощекин оның соңына әбден түскен екен.
1938 жылы Мүкең "халық жауы” деген жаламен ұсталады… Қалған өмірін кітаптан оқыр деген ниетпен әрі қарай жазбадық. Тек оның, 1982 жылы Алматы қаласында өз ажалынан дүниеден озғанын білдіре кетелік. Аталмыш кітапта оның ата-бабасы, туған-туыстары, бала-шағасы туралы да мол деректер бар. Бір сөзбен айтқанда, Алаштың бір арысын танытуда кітаптың пайдасы зор. Сонымен бірге, "Бесеудің хатының” Президент мұрағатынан алынған түпнұсқасы да осы еңбекте еш өзгеріссіз жарияланған.
Әттең, осындай дерек кітаптар "сол бесеудің” басқалары туралы да болса ғой. Соның ішінде хатқа: "1-й секретарь Акмолинского райкома партий Мансур Гатаулин” деп қол қойған ақмолалық азамат туралы кім не біледі екен?. .
Ленин қайтыс бола салысымен бар билікті қолына жинап алған компартияның бас хатшысы Сталиннің беделі күшейе түскен кез еді, бұл. Тіпті, Сталиннің әмірінің күштілігі сондай, 1924 жылы 12 мамырдағы БКП(б) Орталық Ко¬митетінің пленумында жариялануға тиісті Н. Крупская өз қолымен ресми түрде табыс еткен Лениннің хаты оқылмады. Сталин өз қарсыластарының көзін біртіндеп құрта бастады. Ел ішінде “қызыл террор” өршіді. 1927 жылы Мәскеуде өткен БКП(б) -ның XY сьезінде Лениннің “Сталин слишком груб и этот недостаток, вполне терпимый в среде и в общениях между нами, коммунистами, ста¬новится нетерпимым в должности генсека” деп айтылатын әйгілі сьезге хаты тағы да жария¬ланбай қалды. Керісінше осы сьезде Троцкий, Зиновьев секілді оппозиция көсем¬дері партиядан қуылды. Бәлкім, сол себепті алдын ала қауіпсіздік шараларын сақтау үшін Троц-кийдің хатында қазақ өлкесіндегі оппозиция¬лық топтың басшылары Ә. Бөкейханов пен Ә. Ермековтің есімдері әдейі жазылмай қалды ма екен?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz