ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қызметі тәуелсіздік тұрғысында
1. Екінші жалпы қазақ съезі.
2. Алаш автономиясының құрылуы.
3. Алаш партиясының негізгі идеясы.
4. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ зиялылары

Біздің ежелгі Ұлы Отанымыз – Қазақстанның тарихы күрделі де қайғылы. Бүгінгі күнмен тығыз байланыста, үндесіп жатқан ХХ ғасырдың 30-шы-50-ші жылдарының қатерлі де қорқынышты оқиғалары күн өткен сайын бізден қашықтай түсуде. Бұл оқиғалар өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстырушы буын болып табылады.
1917 жылы құрылған Алашорда партиясы мен оның маңына топтасқан Алаш зиялыларының ұлттық мүдде мен тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи істері де тарих қойнауына енді. Бүгінде Алаш зиялылары мен Алашорда партиясы көшбасшыларына «халық жауы» деген жаламен нақақтан оққа байлаған 1937-38 жылғы сталиндік репрессияға 74 жыл толып отыр. Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет Одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын. Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті.Қазақ тарихында Алаш идеясы, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі де сан қырынан таразылайтын тың тақырып.

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТӘУЕЛСІЗДІК
ТҰРҒЫСЫНДА
Жоспар:
Екінші жалпы қазақ съезі.
Алаш автономиясының құрылуы.
Алаш партиясының негізгі идеясы.
Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ зиялылары.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қызметі тәуелсіздік
тұрғысында
Біздің ежелгі Ұлы Отанымыз – Қазақстанның тарихы күрделі де қайғылы.
Бүгінгі күнмен тығыз байланыста, үндесіп жатқан ХХ ғасырдың 30-шы-50-ші
жылдарының қатерлі де қорқынышты оқиғалары күн өткен сайын бізден қашықтай
түсуде. Бұл оқиғалар өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстырушы
буын болып табылады.
1917 жылы құрылған Алашорда партиясы мен оның маңына топтасқан Алаш
зиялыларының ұлттық мүдде мен тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи
істері де тарих қойнауына енді. Бүгінде Алаш зиялылары мен Алашорда
партиясы көшбасшыларына халық жауы деген жаламен нақақтан оққа байлаған
1937-38 жылғы сталиндік репрессияға 74 жыл толып отыр. Ол кезде сталиндік
үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет
Одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы
азаматтардың бәрін де қамтыған болатын. Сталиндік режим әр ұлттың оқыған,
көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. Мыңдаған адал, ақылды, талантты
адамдар, ғалымдар мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті.Қазақ
тарихында Алаш идеясы, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі де сан қырынан
таразылайтын тың тақырып. Алаш қозғалысының басты мақсаты – Қазақ елінің
өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын
метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі
Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып,
дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, және де егіншіліктің, өнеркәсіптің
дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығын
және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту,оқу жүйесінің, тілдің
дамуына қажет шарттар түзу еді.
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ
сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан
сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ
Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды
кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ
автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ
келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия
жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де
автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда
шақырылған Сырдария съезіне бірігу мәселесін қозғау үшін Б.Құлманов,
М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-
тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек.
Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды.
Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері
автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде
қалып, енді ресми қағаздарда Алаш автономиясы деп жазылатын болды. Тіпті
осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған Алаш
автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы
жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті. Алаш
автономиясы—1917ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ
съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ
автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап,
төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын
тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде
халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік
біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан
қаулы қылады:
• Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары,
Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ
уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес
болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы,
тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
• Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені
Алаш мүлкі болсын; Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары
теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл
мекемелерде санына қарай орын алады ...
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық
Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып,
10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың
уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ
халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25
қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе
үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі —
Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі
милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына
кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету
мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады.
Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының
есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады:
“ ... осы күнде мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып
жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір
тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс. Сонымен, съезд Алаш автономиясын
құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде
тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп
тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш
автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың
баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы
қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары
арқа”, 1918, 22 қаңтар).
Ұлттық-территортялық қазақ автономиясы мемлекетін құруда съезд делегаттары
бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау
мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемлекеттік құрылым ретінде
жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны
ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа
халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-
съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл
айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені
мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және
жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт.
қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл
мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты
Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды
мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру
қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал обл. мен Бөкей Ордасының өкілдері
автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық,
жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған
Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау
мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын
жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының
құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай
оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар
еді:
1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады,
қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...
2. Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм
қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі
көреді.
3. Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан
ету ықтияры Алашордаға берілсін.
2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш
автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария обл.
қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде
Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге
ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен
мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның
18-індегі 255-і санында жарияланды.
Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін
шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған
керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов
2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру
туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан)
былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген
территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу
мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда
қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте
бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында
большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі
жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын
және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.Алаш
қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса
асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын
өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған
әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш
қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске
ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Алаш ісі бойынша
қозғалыс бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов, Халел Габбасов, Мағжан Жұмабаев, Қайреддин Болғанбаев
және басқаларының көздері құртылды, алайда репрессия науқаны
толастамады.1923 жылдың 17-22 наурызында Орынборда қазақ партия ұйымының
ІІІ конференциясында Мәскеу өкілі Е. Ярославский мен РКП (б)Қазақ
бюросының мүшесі А.Вайнштейн қазақтар тап күресіне назар аудармайды, елде
ұлтшылдық пиғыл басым деген арандатушы пікір қозғады. Алайда бұған
С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Меңгешев, барлығы 14 адам, наразылық білдіріп
партияның Орталық Комитетінің хатшысы Е.Ярославскийге хат жазады. Бұған
қазақ жолдастар жөнінде ұлтшылдар деген бет алды айыптау жасалған жоқ, ал
ұлтшыл – уклонистік көзқарастарды сынға алу әбден орынды және мұнын өзі
партияның әрбір мүшесінің ажырағасыз правосы ғана емес, сонымен бірге
міндетті де болып табылады деп жауап берілді. Демек, хатқа қол қойған
қазақтын 14 серкесіне сол кезде ақ ұлтшыл деген таңба басылған
еді.Осыдан бір айдан кейін татар халқынын көрнекті өкілі, Наркомнац
коллегиясынын мүшесі М.Султанғалиевтің ісі қаралып, оған кеңес өкіметінің
ұлт саясатына қарсы шықты, сол мақсатпен ұлтшылдық ұйымын құрды деп
айыпталды. Бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінің И.Сталин өткізген
идеология қызметкерлерінің бас қосуында (1923 жылдың 9-12 маусымы) да күн
тәртібіне қойылды. М.Сұлтанғалиевтің ісі деген атпен белгілі 4 - кеңес ұлт
арыстарын болашақ жаппай жазалауға барар жолдағы баспалдақтың алғашқы
табалдырығы болатын.Сөйтіп, екінші кезекте қазақ зиялылары Сәкен
Сейфуллин, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Сейітқали
Мендешев, Нығымет Нұрмақов, Темірбек Жүргенов, Ғаббас Тоғжанов, Смағұл
Сәдуақасов, Санжар Асфандияров, Абдрахман Байділдин, Сүлеймен Есқараев
және басқалары оққа ұшты. Неге?
Бұлардың бәріне ұлтшылдық, ұлтшыл-фашист, ұлтшыл- ауытқушылық деген
айып тағылды. Мақсат – Алаш идеясымен ауыздаған, өзіндік дербес ой – пікір
бар оқыған қазақ зиялыларын ұлт мүддесіне, ұлт тағдырына байланысты
істерден аластату, бұл бағыттағы қимыл - әрекеттерін шектеу. Орталықтын
отаршыл саясатын таңдап сараптамайтын, оны бұйрық есебінде бірден сөзсіз
жақтайтын, мүлтіксіз жүзеге асыра алатын қарапайым орындаушыға айналдыру.
Жергілікті халықпен күресудің бірден – бір жолы ұлттық сананы улап, саналы
азаматтарды ұлтсыздандыру үшін большевиктер ұлтшылдық деген терминді
кеңінен пайдаланды. 37 – ден аман қалып, бірақ келесі жылы ресми түрде
ұлтшылдар деп танылған Мырзағұл Атаниязов, Жүсіпбек Арыстанов, Мұхамеджан
Қаратаев, Өтебай Тұрманжановтың НКВД абақтысына түсіп, бастарынан кешкен
қиямет – қайымына бір сәт назар аударып көрейікші (кезінде ұлтшыл –
фашистік ұйымның мүшелері болып айыпталған бұлардың бәрі кейін толық
ақталған.)
Мырзағұл Атаниязов
1919 жылдан компартия мүшесі, мұғалім, РСФСР Заң
наркоматының жанындағы Жоғары заң курсын бітірген.
ҚазАССР-ның Заң наркомы, РСФСР Жоғарғы сотының
Қазақ бөлімшесінің төрағасы, Қазақ АССР-ның прокуроры,
Қазақстан Компартиясы ОК-нің бөлім меңгерушісі.
Осы жылдың 12 мамырында тұтқындалған Атаниязов Мырзағұл 18 мамырда
Ораз Исаев 1932 жылы мүшелікке тартқан ұлтшыл-фашист ұйымының мүшесі
екендігін мойындаса да келесі күні айтқанын жазып беруден бас тартты.
Ұлтшыл-фашистерді әшкерлеудің орнына өзін ақтауға тырысты. Ешқандай ұйымды
көрген жоқпын, білмеймін деп бәрін жоққа шығарды.
Қарсылық көрсетуді тоқтат, аталмыш ұйымның белсенді мүшесімін деп
шыныңды айт деген біздің үзілді-кесілді талабымызбен есептеспейді,
тыңдамайды. Өрескелдік көрсетеді. Тергеуші Хамидуллинге, тергеу жүйесіне
тіл тигізеді. НКВД мен кеңес өкіметіне қарсы керітөңкерістік пиғыл
танытады. НКВД жазықсыз адамдарды тұтқындап жатыр! Қазақ болғаным үшін
мені ұлтшыл-фашист жасағыларың келеді. Тұтқындаңдар, сот шешімінсіз
құртыңдар! Талай кінәсіздерді өлтіріп едіңдер – мені де атыңдар. Оған
сендердің қабілеттерің жетеді! - деп бірнеше рет қайталады. Біз талап
еткен жауапты айтқысы келмеді. Сіздің нұсқауыңызды күтемін.
(лейтенант Катковтың 1938 жылдың 3 маусымында жазған рапортынан)
Бұл құжаттан нені аңғаруға болады? Атаниязов ақты қара дегісі жоқ.
Саяси жүйенің, өкіметтің қолшоқпары Катковқа келсек, оған шындық керек
емес: міндеті – жоспарды орындау, қолға түскен айыпкерін қайтсе де жау
қылу. Жауап тек осы мақсатқа, жоқ жерден бар жасалмақшы істің талабына сай
болуы тиіс. Ары таза, жаны жайсаң Атаниязов, керісінше, арандатуға
бармайды, біреуге жала жаппайды.
Хрущевтің жылымық кезеңінде Катковтың жеке ісі партбюрода қаралғанда
оны талқылауға қатысқан отставкадағы полковник Мұқаш Омаров ақсақалмен
сөйлескенде ол мынаны хабарлады. Рапортқа нарком Реденс бір ауыз сөзбен
бить! деген бұрыштама қойыпты. Яғни НКВД – нің ойдан шығарылған дүниесін
қашан растағанша Атаниязовты ұра бер деп жазбаша пәрмен берген (!).
Ал Катковтың жеке ісіндегі ішкі қызметтік тергеудің материалдарын
оқығанда біз мынандай сорақылықтарды көрдік.
- Ол түрмеге түскендерді ұрып-соғуға қатысқанын мойындамайды.
Дегенмен, Чернов пен Зернов үшеуі Атанизовты бір рет соққыға жыққанын
мойындамайды;
- бұрын оның қарамағында істеген Р.Садықовтың пайымдауынша, бақтыға
түскендерден тәулік бойы конвеер жүйесімен үздіксіз жауап алынған.
Тергеушілер ауысып отырады, ал айыпкер түрегеп тұрады. Отыруға рұқсат жоқ,
ұйықтауға болмайды. Сезікті жанды кемсіту, қорлау, мазақтау, тіл тигізу,
адамгершілік қадыр-қасиетін аяққа басу үйреншікті жайға айналған. Мұндай
әрекетке бармағандарды басшылар жауға ымырашылдық көрсетті, либералдық
байқатты деп сөге жамандаған;
- Өтенов, Жүнісов және басқа жазықтылар арыз-өтініштерінде
тергеушілердің тәулік бойы жауап алғанын, қорқытып үркіткенін,
жәбірлегенін, ұрып-соққанын ашына жазады;
- Атаниязов өзінің арызында: 1939 жылғы сәуірдің 8-ші және 10-шы
жұлдызындағы түнде тергеушілер Чирков, Оспанов, Катков, Зернов қылмысыңды
мойында деп бірнеше сағат бойы жұдырықтап, сабады, - деп хабарлайды.
Мырзағұл Атаниязов
Жүсіпбек Арыстанов
Балалар үйінде тәрбиеленген. Мәскеудегі Шығыс
Еңбекшілерінің коммунистік университетін бітірген.
Шымкент қаласындағы губерниялық Ақ жол
газеті редакторының орынбасары. Ташкенттегі
Орта Азия университетінде дәріс берді. Баспагерлік
қызметпен айналысты. Қазақстан Компартиясы
ОК-нің мүшесі, оның бюро мүшелігіне кандидат,
Социалистік Қазақстан газетінің редакторы.
Архивтегі қылмыстық істен:
Арыстанов Жүсіпбек 1904 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында
туған, қазақ, қызметші, ҚК (б)П-ның мүшесі, Қазақ мемлекеттік баспасының
директоры, Алматы қаласындағы Лагерьная көшесіндегі № 44 үйде тұрады.
Тройцкийшілермен, оңшылдармен байланысты. Ұлтшыл-фашистік ұйым мүшесі.
Кеңеске қарсы белсенді жұмыс жүргізеді.
Арыстановты тұтқындап, РСФСР Қылмыстық кодексінің 58 бабының 2, 8, 11
тармағы бойынша қылмыстық жауапқа тарту қажет (1938 жылдың 11 тамызы) .
Ал Жүкеңнің өзі болса 1955 жылдың 10 маусымында Л.Брежневке жазған
хатында былай деген:
- Мен, Арыстанов Жүсіпбек отан жауларының арандатушылығының
құрбанымын. Ішкі түрмеде екі жыл отырып, зорлық-зомбылық пен азаптың неше
атасын көрдім.
Менің ісім ұрып-соғумен басталды. 1938 жылдың 11 тамызында
тұтқындалысымен тұп-тура аға тергеушінің кабинетіне әкелді, ол болса маған
ешқандай айып таппай бірден ұрысып, боқтай бастады, айғайлады: Арыстанов,
сен фашиссің, сатқынсың, соны мойындап түсінік жаз, әйтпесе –атыласың!
деді.
Тепкі-теперіш пен машақатқа шыдап бақтым, болмаған нәрсені қалай
мойындайын! Сосын тергеу басқа әдіске көшті: тамыздың 11 мен 16-сы
аралығында дәм-су татырмады, демалыс бермеді, ұйықтатпады, қолымды төмен
түсіріп, тік отырғызып қойды. Сұрақшылар кезек-кезек күзетіп, ұрысып: сен
фашиссің, ұлтшылсың, соны мойында деумен болды.
Қол аяғым, денем ісіп кетті, ұйқылы ояу жағдайда орындықтан қисая бастасам,
бүйірімнен не ішімнен ұра бастайды. Ес-түссіз құлап едім, үстіме суық су
құйды, дәм татуға зауқым соқпады, солай болса да артқы тесіктен (через
анальное ртверстие) күштеп тамақ берді, сосын дем алсын дегендей камераға
әкелді. Қалай келгенімді білмеймін. Бес тәуліктей ұйықтамағаныма қарамастан
шамасы бір-екі сағаттан кейін күзетшілердің айғай-шумен тепкілеп оятқаны
есімде. Күндіз ұйықтауға болмайды дейді. Жан жағыма қарасам, жанымда
бұрынырақ ұсталған ЦК-нің бөлім меңгерушісінің орынбасары, әріптесім
Д.Сидоров отыр. Ол әділдік іздеп, жалған жаланы мойындамағандықтан бұрынғы
совхоз наркомы Дүйсеновтың ешқандай сотсыз Катков пен Оспановтың тепкісіне
мерт болғанын айтып, жылап жіберді.
Содан соң 17 ай бойы жеке камерада, оның ішінде біраз үзіліспен екі айдай
карцерде отырдым. Катков үш рет армансыз ұрды, оның біріншісі Павловқа
жауапқа барғаннан кейін. Сен, Арыстанов, егер алдағы уақытта осылай
қасарыса берсең, теріңді бірнеше мәрте сыпыртамын, - деді Павлов.
Оспановтан да көп таяқ жедім. Тәулігіне үш, төрт сағаттан артық ұйықтауға
рұқсат бермейтін. Ұрып-соғудан, моральдық қорлықтан, ашу-ызадан жүйкем
жұқарып, есімнен жаңылған кезім болды. Үстіме мұздай суық су құйғандықтан
ауырып, тұмауға шалдықтым, басыма, желкеме шиқан қаптап кетті. Менің
осындай жай-күйімді пайдаланып, Катков пен Оспанов ақыры айтқанын істетті:
олардың ойдан шығарған қылмысы қағазға түсіп, қол қойылды. Сөйтіп, қолдан
жасалған құжат негізінде, тоғыз адамға, оның ішінде маған, іс қозғалып,
бәріміз сотталып кете бардық...
Жүсіпбек Арыстанов
Мұхамеджан Қаратаев
КАЗПИ-дің филология факультетін, Ленинградтың
тарих, философия және әдебиет Институтының
аспирантурасын бітірген. Жазушылар одағының
төрағасы, КАЗПИдің кафедра меңгерушісі.
КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы
презиумының мүшесі, қазақ әдебиеті секторы-
ның меңгерушісі.
Архив құжаттарына сенсек, тергеу барысында М.Қаратаев 1933 жылдан бері
кеңеске қарсы ұлтшыл ұйымға қатыстым деп хабарлаған, бірақ кейін оны өзі
теріске шығарған. Ленинградта оқып жүргенде терроршылдармен байланысқан.
Жазушылар одағын басқарғанда зиянкестік жұмыспен айналысып, кері
төңкерісшірл кадр даярлаумен айналысқан. Кеңес өкіметіне қарсы басқа да
көптеген зиянкестік іс-әрекетке мұрындық болған.
Ал академик жазушының өзі не дейді? Мұхамеджан Қаратаевтың 1955 жылдың 26
мамырында өз қолымен жоғары жаққа жазған өтінішін оқып көрейік.
- 1938 жылдың 11 тамызында тұтқындалдым.
Одан бірнеше ай бұрын НКВД-ға шақырған. Сөйтсем, бөлімше бастығы лейтенант
Катковтың пайымдауынша, менің керітөңкерісшіл ұйымға мүше екендігім
әшкереленіпті. Әйтсе де, ағынан жарылып, қылмысымды мойындасам, бас
бостандығымды сақтап қалуға болады-мыс. Бұған үзілді-кесілді қарсылық
білдірдім, өйткені бұл ақымақтық, есалаңдық болар еді.
Бұл пікір өтпеген соң басқаша ұсыныс жасалды. Астыртын ұйымды әшкерелеу
үшін белгіленген тізіммен біраз адамды қонақ қылуым керек екен. Шығынды
кеңес төлемек. Содан соң өкіметке қарсы іс-әрекет жасалып жатыр деп
хабарлауым керек. Келіспедім.
Сәуір айында, кейін шілдеде тағы жүздестік. Баяғы гөй-гөй. Кездесу тағы да
сәтсіз аяқталды. Бір күн өткен соң абақтыға қамау туралы ордері бар жай
киінген бір адам, соңынан Катков пен Омаров түнгі 1-ден 15 минут кеткенде
үйге келді.
Бір квартал төменірек жердегі қараңғы түпкірде машинаға отырғызды. Түнгі
екілер шамасында межелі жерге жеттік. Кеңсе табалдырығын аттасымен Катков:
Жақсылықпен, жақсы жағдаймен түсініскің келмеді – отыр. Енді біз не айтсақ
соны істейсің. Кіруге есік ашық, шығарға – жабық. Халық жауысың, ұлтшылсың,
соған жазбаша түсінік бер - деді. Сосын мені көмекшісіне тапсырып кетіп
қалды. Ал Марков қанша үгіттесе де көндіре алмады. Ашуланып желке тұсымнан
екі рет періп жіберді. Таңертең Катковтың өзі келді. Оның айтқаны: талапты
орындағанша бөлмеден шықпайсың.
Таңертеңнен аяғымнан тік тұрғызып қойды. Тәуліктің қақ жартысында түрегеп
тұрсам, қалған уақытта бұрыштағы орындықта қолымды төмен салбыратып
отырғызып қойды. Үш күннен кейін денем күп болып ісіп кетті. Тамақ бермеді.
Сұраған да жоқпын, зауқым соқпады. Су ішкім келе берді, бірақ оның өзін
шектеді.
Бұдан басқа көрген бейнет те жетерлік. Қылмысыңды мойындап жазып бер деп
табандылықпен талап еткен сұраныс атып тастаймыз, әйеліңді тұтқындаймыз
деген жәбірлеумен, тіл тигізумен, ең ақырында ұрып-соғуға ұласты. Менің
тағдырым қолында екенін сездіріп, әрдайым батыл сөйлейтін Катковтың кекетіп-
мұқатып, мысқылдап, әжуа-мазаққа айналдырған мехнаты жанға батты, жүрекке
жазылмас жара салды. Маған көрсетілген қиямет-қайымның ішіндегі ең қиыны,
қорқыныштысы ұйқыдан айыру еді. Ұрып-соғу, таяқ жеу, дегенің бұған
қарағанда түк емес, қайта сергітіп, өзіңді ширата түседі екен.
Бір уақытта құлап түссем керек, көтеріп әжетханадағы кранның астына әкелді.
Суық су есімді жиғызғаны рас, бірақ ұзаққа созылған жоқ – көп болса 20-30
минутке. Міне, осы кезден бастап басым айналып, тұңғиық иірімде,
галлюцинация шырмауында, бұлдыр-белең елес құшағына ендім. Ақыры
тергеушілердің айтуымен нарком Реденстің атына мәжбүрлеп арыз жаздырды.
Содан кейін 18 тамыздың 5-6 шамасында камераға жіберді.
Мұхамеджан Қаратаев
Өтебай Тұрманжанов
Мәскеудегі Шығыс жастарының Коммунистік
университетін бітірген. Ташкенттегі Орта Азия
университетінің оқытушысы, даярлық курстың
және қазақ-қырғыз тілі әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі. КазПИ-дің профессоры. Қазақ
әдебиетігазетінде, Әдебиет майданы
(қазіргі Жұлдыз - А.К.) журналында
редактордың орынбасары, редакторы.
Кеңеске қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі бола жүріп, Қазақ әдебиеті газетінде
халық жаулары Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлиннің өлеңдерін
жариялаған. Карл, Шыршық сыры, Қазақтың мақал-мәтелдері сияқты
коммунистік идеямен қабыспайтын шығармалар жазған.
(қылмыстық істен)
Хрущевтің жылымық жылдарында іс қайта қаралған уақытта бұл айыпты КГБ
сұранысымен арнайы әдеби сараптама жасаған жазушы Темірғали Нұртазин мұның
шындыққа үйлеспейтіндігін ғылыми тұрғыдан талдап, дәлелдеп береді. Енді
Ө.Тұрманжановтың ҰҚК-нің архивінде сақталған өтінішіне (1955 жылдың 26
мамыры) көңіл бөлейік.
1938 жылғы наурыздың 19-нан 20-на қараған түнгі сағат 1 шамасында, Мың бір
түннің алғашқы томын редакциялап болдым дегенде мені тұтқындауға Иванов
пен Зернов келді. Олар үйді тінтті, кітаптарымды, қолжазбаларымды,
фотосуреттерді, мылтығымды тәркіледі. Сосын қараңғы бұрышта көрінбей бізді
тосып тұрған машинаға кіргізді.
Кеңсеге келісімен бұрыштағы орындыққа отырызып, қолыма сия мен қағаз берді.
Бұл дайындықтың бәрі менің нарком Реденске арыз жолдауым үшін жасалған қам
екен. Сонда қандай өтініш жасауым керек? деп сұрадым. Иванов жаз
дегендей ишарат білдіріп сөйлей жөнелді: Мені ақын Сәкен Сейфуллин кері
төңкерісшіл ұйымға тартқан. Осыған байланысты өмірімді сақтап, аман қалу
үшін кінәмді адал ниетпен мойныма аламын...
Неге келгенім түсінікті болды. Бұлардың мақсат-мүддесін білген соң мүмкін
басқа біреумен шатастырған шығар деп ондай арыз жазудан бас тарттым.
Ешқандай астыртын ұйымға қатысым жоқ дегенді айтып, оны шама келгенше
дәлелдеуге тырыстым. Үшеуі – жаңағы екеуі және тағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz