Гомеостаз туралы ілім негіздері



1 Тірі ағзалар
2 Гомеостаз
3 Стресс (күйзеліс.реакция)
Тірі ағзалар өздерін қоршаған сыртқы орта факторларымен үнемі тығыз байланыста болады. Олар сыртқы ортадан әр түрлі заттарды, энергия т.б. алып тіршілік етеді. Сыртқы орта факторлары құбылмалы болып келеді, бірақ орта қаншалықты өзгерсе де тірі ағзалар оған тез бейімделіп, өздерінің морфологиялық біртұтастығын, негізгі қызметтерін, қасиеттерін, мінез-құлқын, жасушалардың, ұлпаларының негізгі физико-химиялық көрсеткіштерін тұрақты күйде сақтап қала алады.
Сыртқы ортаның өзгеруіне қарай тірі ағзалар, сол өзгеріске сәйкес (адекватты) жауап қайтара алады, яғни сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерін жойып не оның әсерін әлсіретіп қалыпты тіршілік ете алады. Осының нәтижесіңде ағзалардың тек қана ішкі ортасының тұрақтылығы сақталынып қоймай, сол сияқты олардың ағза ретінде біртұтастығы сақталынады.
Сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарамастан тірі ағзалардың өздеріне тән ішкі ортасының тұрақтылығын, морфологиялық, функционалдық біртұтастығын сақтап қалу қасиетін гомеостаз деп атаймыз.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
5. ГОМЕОСТАЗ ТУРАЛЫ ІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

Тірі ағзалар өздерін қоршаған сыртқы орта факторларымен үнемі тығыз байланыста болады. Олар сыртқы ортадан әр түрлі заттарды, энергия т.б. алып тіршілік етеді. Сыртқы орта факторлары құбылмалы болып келеді, бірақ орта қаншалықты өзгерсе де тірі ағзалар оған тез бейімделіп, өздерінің морфологиялық біртұтастығын, негізгі қызметтерін, қасиеттерін, мінез-құлқын, жасушалардың, ұлпаларының негізгі физико-химиялық көрсеткіштерін тұрақты күйде сақтап қала алады.

Сыртқы ортаның өзгеруіне қарай тірі ағзалар, сол өзгеріске сәйкес (адекватты) жауап қайтара алады, яғни сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерін жойып не оның әсерін әлсіретіп қалыпты тіршілік ете алады. Осының нәтижесіңде ағзалардың тек қана ішкі ортасының тұрақтылығы сақталынып қоймай, сол сияқты олардың ағза ретінде біртұтастығы сақталынады.

Сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарамастан тірі ағзалардың өздеріне тән ішкі ортасының тұрақтылығын, морфологиялық, функционалдық біртұтастығын сақтап қалу қасиетін гомеостаз деп атаймыз.

Гомеостаз — ағзалардың ең негізгі қасиеттерінің бірі және ол ағзалардың қалыпты тіршілік етуі үшін өте маңызды, себебі тек гомеостаз нәтижесінде ағза құбылмалы сыртқы ортаға бейімделіп тіршілік ете алады. Тірі ағзалардың мұндай қасиетінің маңызын алғашқы рет 1878 жылы француз ғалымы К. Бернар байқаған. Бірақ гоместаз деген терминді биологияға 1929 жылы америка физиологі В. Кеннон енгізген болатын.

К. Бернардың айтуынша сыртқы орта факторларының өсерлері салдарынан әр түрлі ағзалар және тіршіліктің түрліше формалары қалыптасады. Ол тіршілікті 3 түрге бөлген: тіршіліктің жасырын (латентті), тәуелді және тұрақты не еркін формалары.

Тіршіліктің жасырын формасында тіршілік процестері байқалмайды, зат алмасу толық тежеледі. Бұған мысал ретінде өсімдіктердің тұқымдарын алуға болады. Тұқымдар жүздеген, мыңдаған жылдар бойына тіршілікті байқатпай сақталады, қолайлы жағдай туса өніп, өсіп жеке өсімдікке айнала алатыны белгілі. Жануарлар дүниесінде тіршіліктің жасырын түрі қарапайымдыларда циста күйінде байқалады. Қолайлы жағдайларда циста қалыпты ағзаға айналады.

Тіршіліктің тәуелді формасы сыртқы орта факторларына тәуелді болып келеді. Оларға салқын қанды — пойкилотермді жануарлардың бәрі, яғни омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар жатады. Олардың тіршілігі сыртқы орта факторларына (су, жылылық т.с.с.) тәуелді болады.

Тіршіліктің тұрақты не еркін формасы жоғары сатылы жануарларға тән. Бұл жануарлардың тіршілігі сыртқы орта факторлары күрт өзгерген күнде де тоқтамай жалғаса береді, себебі оның мүшелері мен ұлпаларының қызмет активтілігі айтарлықтай өзгермейді. Оның басты себебі мүшелерді, ұлпаларды қоршаған ағзаның ішкі ортасы өзгермейді. Нәтижесінде ағза жылыжайда тіршілік еткен сияқты болып, тұрақты, еркін өмір сүреді. Сонымен К. Бернардың айтуынша кез келген жоғары сатылы жануарлардың тіршілігі 2 ортада жүреді: ағзаны қоршаған сыртқы орта және ұлпаларды, мүшелерді қоршаған ішкі орта К.Бернар ағзаның ішкі ортасы деп ұлпаларды үнемі жуып-шайып тұратын сұйықтықтарды — қан сұйықтығын, лимфа және ұлпа сұйықтықтарын айтқан. Қорыта келгенде ол ағзаның ішкі орта тұрақтылығы тіршіліктің тұрақты, еркін формасының негізі болады.

В. Кеннон көптеген физиологиялық зерттеулер нәтижесінде жануарлардың тіршілігі қоршаған ортаның қолайсыз, зиянды факторларының әсеріне қарамастан ұзақ жылдар бойына қалыпты күйде жүретінін байқаған.

Ағзалардың қалыпты тіршілігін ұзақ уақыт өзгертпей сақтап тұру қасиеті мыңдаған жылдар бойына құпия болып келді. Әйтсе де, Гиппократтан бері қарай көптеген ғалымдар ағзалардың аурулары олардың ішкі табиғи күштері негізінде емделетінін байқаған. Бірақ, тек қазіргі кезде ғана ол күштерді ағзалардың гомеостазды қалыптастыру және зиянды факторларға бейімдеушілікті (адаптациялануды) дамыту мүмкіншіліктерімен байланысты екендігі анықталды. Сонымен, гомеостаз дегеніміз ағзалардың орта факторларына адаптациялануының (бейімделуінің) тарихи қалыптасқан, тұқым қуалайтын қасиеті болып саналады. Орта факторлары қысқа мерзімге не ұзақ уақыт бойына өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайларда ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі) ішкі ортаның қасиеттерін қалпына келтіріп қана қоймай, қысқа мерзімге оның қызметтік активтігінің өзгеруіне де алып келеді (мысалы, жүрек қызметі ырғағының жиіленуі және тыныс алу жиілігінің жылдамдануы). Қолайсыз жағдайлардың зиянды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиологияның даму кезеңдері
Гормондар мен гормоналды препараттар
И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі
Онтология мәселелері
Онтология ұғымы
Болмыс категорясы. Болмыстың түрлері
Онтология термині
Организмнің сұйықтық орталары
Топтағы адамдарды психологиялық зерттеу әдістерімен таныстыру
Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым
Пәндер