Гүржістан, Грузия Республикасы
1 Табиғаты
2 Тарихы
3 Мәдениеті
4 Әдебиеті
2 Тарихы
3 Мәдениеті
4 Әдебиеті
Гүржістан, Грузия Республикасы (Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Қауқаз тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан], Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км2. Халқы — 5,4 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і гүржі. Бұдан басқа әрменилер (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — гүржі тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.).
Гүржістан, Грузия Республикасы (Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Қауқаз тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан, [[]], Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км2. Халқы — 5,4 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і гүржі. Бұдан басқа әрменилер (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — гүржі тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.).
Мазмұны
1 Табиғаты
2 Тарихы
3 Мәдениеті
4 Әдебиеті
5 Пайдалы сілтемелер
Табиғаты
Жерінің 87%-ін таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-і орман. Солтүстігінде Үлкен Қауқаз қатпарлы тау жүйесі бар. Қара тау жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Жерінің жағрафиялық құрылымы күрделі. Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар. Минералды су көздеріне бай (Боржоми, т.б.). Тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі кездеседі. Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. Қаңтар айындағы орташа темп-ра 4—7С, ал шілдеде 22—24С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм.
Тарихы
Гүржістан жеріне адам баласы ерте замандарда-ақ қоныстана бастаған. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяқ кезінен бастап алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Б.з.б. 8 ғ-да қазіргі Гүржістан территориясын алдымен кемерліктер, кейін сақтар басып алды. Көп уақыт бойы бүкіл Қауқаз аймағы Мидия патшалығы (б.з.б. 7 ғ.) мен Ахемен әулетінің (б.з.б. 6 ғ.) иелігінде болды. Б.з.б. 6 ғ-да Қара теңіздің шығыс жағында орналасқан саудамен айналысатын грек қоныстары мен Қауқаз халықтары арасында сауда байланысы күшейді. Б.з.б. 6 ғ-да Бат. Гүржістанда Колхида патшалығы, ал 4 ғ-да Шығ. Гүржістанда Иберия патшалығы құрылды. Қалалар пайда болып, басқа елдермен қарым-қатынас, сауда-саттық дамыды. Б.з.б. 1 ғ-да қазіргі Гүржістан аумағын Рим империясы басып алды, бірақ б.з. 2 ғ-ынан бастап оның билігі әлсіреп, жергілікті әкімдердің билігі күшейді. 3 — 4 ғ-ларда елге христиан діні тарай бастады. 4 ғ-дан бастап Гүржістанға Сасанилер әулеті билеген парсылар қайта-қайта шабуыл жасап, 523 ж. елді толық бағындырды. 7 — 9 ғ-ларда Г-ның көпшілік бөлігі Араб халифатына қосылды. 10 ғ-дан бастап Гүржістан біртұтас мемлекет болып бірікті. Елді Багратион әулетінен шыққан патшалар билеп, 11 ғ-да Солтүстік Арменияны жаулап алды. Давид І (1073 — 1125), Георги ІІІ (1156 — 84), Тамара (1184 — 1213) патшалар тұсында Гүржістан Қауқаздағы аса күшті мемлекеттердің бірі болды. Бұл кезеңде Гүржістан патшаларының билігін Солт. Қауқаз, Солт. Иран, Әзербайжан, Қара теңіздің оңт.-батыс жағалауы елдері (Трапезунд патшалығы, т.б.) мойындады. Осы кезде қалалар көркейіп, мәдениет өркендеді. Философия, тарих, әдебиет, сәулет өнері жақсы дамыды. Ш. Руставелидің “Жолбарыс терісін жамылған батыр” туындысы осы кезде жазылды. Гүржістан 13 ғ-дың 2-ширегінен бастап Шыңғыс хан ұрпақтарының, 14 ғ-дың 2-жартысында Әмір Темір мемлекетінің иелігінде болды. 15 ғ-да бірнеше ұсақ мемлекетке (Картли, Кахети, Имеретия патшалықтары мен Мегрель, Гурий, Абхазия князьдіктері) ыдырап, 16 — 18 ғ-ларда Иран мен Осман сұлтандығының арасындағы ұрыс майданына айналды. 17 ғ-да Иран шаҝы Аббас І Грузияға бірнеше жорықтар ұйымдастырды. 18 ғ-дан бастап Гүржістан қайтадан біріге бастады. Вахтанг VІ патшаның тұсында (1703 — 24) орталық үкіметтің билігі күшейтіліп, кең көлемде құрылыс жұмыстары жүргізілді. 18 ғ-дың 2-жартысында Ираклий ІІ патшаның тұсында Картли (Иберия) және Кахети патшалықтары біріктірілді. Ол сепаратистік пиғылдағы князьдердің қарсылығын талқандап, шаруашылық пен сауданы қайта жандандыруға күш салды. Қалалар қайта жандана бастады. Бұл кезеңде тағы бір грузин патшалығы Имеретияда Соломон І-нің (1754 — 84) басшылығымен күшейіп, патшаның жеке билігі нығайтылды. 17 — 18 ғ-ларда Гүржістан мәдениеті қайтадан гүлденіп, кітап басып шығару ісі қанат жайды. 1783 ж. Георгий трактаты бойынша Картли-Кахети патшалығы Ресейдің протектораттығын қабылдады. Бұл жағдай Гүржістан Иран және Түркия мемлекеттерімен қарым-қатынасын шиеленістірді. Иракли ІІ патша қайтыс болып, ел ішін жайлаған тақ тартысын пайдаланған Иран шаҝы Ага Мухаммед хан Каджари 1795 ж. Тбилисиді өртеп жіберді. 1801 ж. Картли-Кахети патшалығы өмір сүруін тоқтатып, Шығыс Гүржістан толығымен Ресейге қосылды. Осыдан кейін Батыс Гүржістан үшін орыс-иран (1804 — 13, 1826 — 28) және орыс-түрік (1806 — 12, 1828 — 29) соғыстары болып өтті. Сөйтіп, 1803 — 64 ж. Батыс Гүржістан да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz