Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік


1. 1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік
Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сапа қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.
Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, с. оның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.
Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В. Е. Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поәзиясының табиғаты өзара жақьш. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.
Енисей жазба ескерткіштері
Дүние жүзіндегі халықтар сияқты түркі халықтарының да өздеріне тән даму, қалыптасу тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайды.
Түркі тайпалары халық ретінде дүние жүзіне біздің дәуіріміздің VІ ғасырдың орта кезінен бастап-ақ белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді біз Батыс Европадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіреміз. Бұл деректер түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени мұра болып есептеледі. Түркі халықтарының тарихи мұраларын шын мәнінде бағалай білу, олардың тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда баға жетпес қазына екендігін көпшілікке жеткізу кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Бұл көне жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай сөздерді кездестіреміз: “Түркі бектері мен халық, мұны естіндер. Қандай сөздерім болса соларды мәнгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңіз, ұғындар”. Бұл сөздер, арнаулар түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған. ( Ғ. Айдаров “Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі”)
Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсіндер дәуірінде ( ІІІ-VІ ғ. ғ) құрылды. Атақты ғалым Абел Ремюзенің пікірінше орхон жазуын пайдалана білген. Үйсіндірден кейінгі түрік қағанаты кезінде Орхон жазулары олардың мемлекеттік жазуына айналған. Бұл жазумен түркі қағандары Иранға, Византияға, Қытайға елшілік хат жазып жіберген, өлген адамдардың басына қойған құлыптасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған.
Бұл, негізінен жазулардың пайда болуы сауда қатынасының дамуына да тығыз байланысты еді. Сауда, айырбас, ақша белгілері мен тауар бағалары да жазуға мұқтаждық туғызды. ( Х. Сүйіншіәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы. 25-бет)
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет 1662 жылы Орхон-Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам-Амстердам қаласының бургомитсрі Н. Витзен.
Ал Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш нарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған Швед офицері Ф. И. Табберт-Стролленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 жылы Стокгоьм қаласында неміс тілінде басылып шыққан “Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері” атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты мағлұмат берілді.
Батырлар жыры
Батырлар жыры. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы - батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы-жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты - халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады. Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында “әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.
Абайдың қара сөздері
Абайдың қара сөздері 1909 жылғы және одан кейінгі ілкі басылымдарда бірен-саран жарияланып, 1933 жылғы бір томдыққа ғана түгелдей енгізілген. Оны бас-аяғын құрастырып, мағынасына, тақырыбына қарай сұрыптап, жаңаша нөмірлеп, баспаға әзірлеп берген - Мұхтар Әуезов. Сол жинақта Абайдың өмірбаян мәліметтерін толықтырып, бүкіл шығармашылық мұрасын талдап, оның ғылыми өмірбаянының негізін салған да - Мұхтар Омарханұлы. Сол еңбегі кейінгі жылдары өңделе, толықтырыла келіп, “Абай Құнанбаев” атты көлемді монографиялық зерттеуге ұласқаны да баршамызға мәлім.
М. Әуезов осы монографиясында Абайдың өзге шығармашылық мұралары қатарында оның қара сөздеріне де жеке тарауша арнаған. Ұлы ұстаздың прозалық шығармалары жөнінде алғаш рет жүйелі ғылыми пікір айтқан да Мұхтар Омарханұлы болатын.
Бұл орайда Абайдың өлеңнен қара сөздерге қарай ойысып, жаңа бір өріске бет түзеуі жөніндегі Мұхаңның байқаулары назар аударарлық.
“1890 жылдардан бастап, - деп жазды М. Әуезов, - ұстаздық, үгітшілік жолына түскен соң, Абай өлеңді аз жазса да, “қара сөзбен” айтатын өсиетті көп жазады. “Ғақлия” деген өсиеттері сол 1890 жыл мен 1898 жылдардың арасында жазылған. 1891 жылдан соң өлеңмен айтпақ болған сөздерінің талайын қара сөз үгітіне айналдырып жіберген. Кей уақыттарда бірталай өлеңдердің сол қара сөзде айтқан пікірлерінен шығарып, өлең қылып кеткені де бар”.
Бұдан әрі монографияда Абай өмірінің соңғы 10-15 жылы ішінде Абай осы сияқты жаңа жанрды тауып, өлеңнен гөрі сол қара сөздерге көбірек уақыт бөлгені айтыла келе, бұрын Абай сөзін қадірлеп, оның әрбір жаңа өлеңіне ынтық болып отыратын ел адамдарының мына “қара сөздер” шыға бастаған соң, мұны өлеңнен кем көрмейтін болғаны атап көрсетіледі. Абай сөздерін молдаларға ақша беріп жазғызып, көшіртіп алып жүргенде, ең алдымен қара сөздерді тілейтіні, соған көп ынтығатыны баса айтылады.
Қара сөздерді талдауға келгенде М. Әуезовтің алдымен ауызға алатыны - олардың жанрлық ерекшелігі. Өйткені Абай мұрасы халыққа кеңінен таныс бола бастаған кезде, осы қара сөздердің жанры жөнінде әр түрлі пікірлер қалыптасты, әркім әр саққа жүгіртіп, өздерінің білген-қадерінше неше түрлі болжаулар айтысты. Абай мұрасын өздеріне тартқысы келген кейбір өзге мамандық өкілдері бұл сөздерді әдеби шығармаға жатқызбай, бөліп әкетіп, өздері иемденбек болған фактілер де байқалған.
Ахмет Байтұрсынов - әдебиеттанушы
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты - әуезе, лириканы - толғау, драманы - айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика) . Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш - бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме - бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел - бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата - бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр - бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.
Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып әкетуге де қайран қаласыз.
Қысқасы, “Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді.
Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі - “Әдебиет танытқыш”. Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ.
Жұмбақтар,
Тартылған екі арқаны ұзын бойға, Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла. Әр жерде аршындалған балдағы бар, Ойнайды оң бармағың білсе қайла. (Домбыра) Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып, Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық, Жаз болса көк шалапты сапырады, Шөмішін бір шығарып, бір батырып. (Қайық) Ізі бар қадамы жоқ, аяғының, Тимейді ұшы жерге таяғының. Қос қолын хайуанға арта салып, Салады әуезіне баяғының. (Арба) Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық, Ашылар мезгілінде баурын жазып. Ішінде толып жатқан қазнасы бар, Қорек қып пайдаланар тамам халық. (Кітап, оқу) Ақпарат 2007 жылғы №2 «Балапан» журналынан алынған
1. Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң айла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды оң бармағың білсе қайла.
(Домбыра)
2. Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып,
Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық,
Жаз болса көк шалапты сапырады,
Шөмішін бір шығарып, бір батырып.
(Қайық)
3. Ізі бар қадамы жоқ, аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Қос қолын хайуанға арта салып,
Салады әуезіне баяғының. (Арба)
Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері
Мақал - мәтелдер - халықтың сан ғасырлық өмірлік және еңбек тәжірибесінен туған даналық ойлары. Қоғамдық өмірдің түрлі көріністерін, адамдар арасындағы қарым-қатынас, адам болмысы, өмірдің мәні, жақсылық пен жамандық жайын саралап, көркем бейнелейтін тағлымды әрі көркем жанр. Мақал мен мәтел - халық ауыз әдебиетінің ең шағын түрі.
«Мақал-мәтел дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде, ұтымды, өткір етіп айтып беретін кестелі сөз» (1, 193б. ) .
Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі
Қазақ мақал-мәтелдерін жинап, зерттеу ісі ХІХ ғасырда қолға алынды. Қазақ мақалдарын жинап, баспа жүзіне шығарушылар: В. В. Радлов, М. Терентьев, Ф. Плотников, Н. И. Гордеков, А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, В. Катаринский т. б. Сондай - ақ, қазақтың ХІХ ғасырдағы зиялылары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов мақал-мәтелдерге алғаш ғылыми баға берушілер болды.
Ең алғаш қазақ мақал-мәтелдерін жариялаған Ы. Алтынсарин (Қазақ хрестоматиясы. Орынбор, 1879) . Одан кейін 1899ж. Орынборда В. В. Катаринскийдің «Сборник киргизских пословиц» жинағы жарық көрді. Ә. Диваев 1923 ж. Мәскеуде «Мың бір мақал», 1927ж. Ташкенде «Қазақ мақалдары» атты жинақтар шығарса, 1935ж. Ө. Тұрманжанов «Қазақ мақалы мен мәтелдері» деген атпен жариялады.
Сөз мәйегінің 2 мыңнан аса үлгісіне этнолингвистикалық түсініктемесін жасап, соңғы жылдарда түбегейлі зерттеген ғалым - академик Ә. Қайдари («Халық даналығы» Алматы, 2004) . Қазір мақал - мәтелдерді арнайы зерттейтін паремиология деген ғылым саласы бар.
4. 3 Мәтелдің мақалдан айырмашылығы
Мақал мен мәтелдің қосарланып қолданылатыны, кейде тіпті ара жігін ажыратып алудың қиындығы екі жанрдың табиғи туыстығында. Бірақ олардың өзара айырмашылықтары бар. Академик Ә. Қайдар мақал мен мәтелдің айырмасын мынадай параметрлермен айқындаған: «Мақал-мәтелдің жалпы мағынасы оның құрамындағы компоненттердің (мақал және мәтел) тура мағыналарынан туындаса, мәтелдердің жеке мағынасы оның астарлап айтылған ауыспалы, идиомалық мағыналарын негізінде қалыптасады . . . Екінші параметрі мақал, әдетте, жалпылама мағынаны білдірсе, мәтел белгілі бір ситуацияға (жағдаятқа) байланысты іске асқан, не асуға тиісті құбылыстың, іс-әрекеттің тек өзіне ғана тән мағынасын білідіруге бейімділігі. Мұны жалпақ тілмен айтқанда мақал болған, болатын және болып жатқан құбылыс пен процестің өзгеру, даму, алмасу т. б. себептерін де және одан шығатын нәтижені де бірден, қолма-қол баяндаса, мәтел сол процестің өзін ғана атаумен шектеліп, оның немен тынатынын, қандай нәтиже беретінін нақтылап баяндамайды, яғни процестің себебін атайды да, салдарын тәптіштеп атамай, астарлап, бейнелеп қана аңғартады» (3, 56-57б. ) .
Мақал толық тұлғалы, онда айтылатын ой тұтас келеді. Ол бірнеше толық сөйлемнен құралады. Мақал жеке тұрып тиянақталған ойды білдіреді. Мысалы, «Ел іші - өнер кеніші» немесе «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады». Ал мәтел мақал сияқты толық сөйлем түрінде құрылмай, сөз тіркесі немесе сөйлемше түрінде жасалды. Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды, тек айтылмыш ойды ажарлап, бейнелеп жеткізу үшін қолданылады. Мәселен, «Соқыр тауыққа бәрі бидай» не «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» т. б. Мәтелде ой тұспалмен, емеурінмен білдіріліп, сөз орайына келтіріліп, сөз қосып айтылғанда ғана толысып, жетіліп тұрады.
Мақалда халықтың сан ғасырлық тарихы мен тәжірибесі бірер ауыз сөзбен тұжырымдалып, жинақталып беріледі. Мақалға шұбалаңқылық, артық сөз жат. Мақалда логикалық ой мен көркем ой бірлесіп келіп ерекше бір айшық түзеді.
Мақал мен мәтел - өте көне жанрлар. Оның көнелігін ежелгі жазба ескерткіштерде сақталған мақал-мәтелдер арқылы дәлелдейді.
Ахмет Ясауидің өміріХІ-ХІІ ғасырларда жасаған атақты түркі сопысы, кемеңгер ойшыл, дарынды ақын Ахмет Ясауи Исфиджаб (Сайрам) қаласында дүниеге келген. (Ахмет Ясауидің қай жылы дүниеге келгендігі жайында ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Мәселен, К. Эраслан оны 1083 жылы туылды десе, М. Жармұхамедов 1103 жылы туылды дейді, А. Ахметбек 1093-94 жылы туылды десе, Дәуітұлы 1040 жылы туылды дейді. )
Исфиджаб - Тарым өзеніне қарасты, Шахир өзеніне құятын маңдағы Жібек жолының бойында орналасќан кішкене қалашық. Осы бiр қала 840 жылы Нұх бин Әсәд басшылығымен Самани әскері жаулап алғандығы және халќы көп ұзамай, ислам дінін ќабылдағандығы тарихи жазбаларда кездеседi. Кейін бұл ќала ќарахандыќтардың ќол астына өткен, Иыған Тегін Сүлеймен Бұғра хан Талас немесе осы Исфиджабта туылған. Аталмыш қала ќарахандыќтардан кейiн Хорезмшах құрамына, одан кейін Шыңғысханның иелігіне өтті.
әл-Маќсиди өз заманындағы Исфиджаб (Сайрам) ќаласы туралы былай деп кеңінен мәлімет береді: “Исфиджаб үлкен сауда орталығы, ол әсіресе киім саудасымен танымал. Бұл ќалада төрт есікті мешіт орналасќан және мешіттің әр есігінің алдында ќонаќжай шатырлар бар…
Абай жолы - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы.
«Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын классикалық стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.
Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон), «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н. Тихонов) . «Шынында, бұл қазақтар - неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген!» (Б. Матип) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz