Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективті қажеттілік



1 Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметі
2 Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар
3 Инновациялық педагогикалық іс.әрекет
4 Білім беру жүйесіндегі технологиялардың даму генезисі
5 Дәстүрлі педагогикалық технология
6 Ойын технологиялары
7 Ұжымдық оқыту технологиясы
8 Топтық технологиялар
9 Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология
10 Ынтымақтастық педагогикасы
11 Ізгілендіру технологиясы
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:
- қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы,
- қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам игеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы,
- ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы,
- мұғалімнің әлеументтік ролі, және қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық қызмет арасындағы,
- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
Білім ізгілігі – педагогтер мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі болатын, педагогикалық процестің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі. Педагогикалық процестің негізгі мәні, мұндай жағдайда, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.
1. Аяпова Ж. Білім беру технологиясын жетілдірудің психологиялық және педагогикалық сипаты / Ж.Аяпова // Бастауыш мектеп.- 2001.- №.7.- 7-10 бет
2. Әбдірешұлы Б. Білім берудегі педагогикалық технологиялар / Б.Әбдірешұлы, М.Мәлібекова // Ізденіс-Поиск.- 2003.- №4.- 35-38 бет
3. Б.Қ.Игенбаева Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі (1-2 сынып) Алматы 2002 ж. Автореферат 25 бет.
4. Б.Т.Барсай. Бастауыш сынып математика есептері мен мысалдары. Алматы: Ғылым ғылыми баспа орталығы, 2001. – 55 бет
5. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. Москва, 1995.
6. Беспалько В.П. Слагаемые педагогические технологии / В.П.Беспалько.- М.: Педагогика, 1989.- 303 с.
7. Большой толковый психологический словарь.- М., 2000.- 510 с.
8. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под ред. Н.В.Горбуновой. М.- Новая шк., 1995.-107 с.
9. Гальперин П.Я. Введение в психологии: Учеб. пособие для вузов.- М.: Университет, 2000.- 329 с.
10. Гоноболин Ф.Н. Книга об учителе. -М.: Просвещение, 1965.-260
11. Гоноболин Ф.Н. Психология: Учеб. пособие.- Алматы: Мектеп, 1976.- 420 с.
12. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения / В.В.Давыдов.- М., 1986.
13. Дүйсебаев С. Жаңа педагогикалық технология – бастауыш мектепте / С.Дүйсебаев // Бастауыш мектеп.- 2003.- №9.- 14-15 бет
14. Дьяченко В.С. Организационные формы обучения и их развитие / В.С.Дьяченко // Советская педагогика.- 1985.- №9.- С.35-38
15. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. Педагогика. Алматы: Дарын, 2004 – 448 бет
16. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2004. – 420 бет
17. Ж.М.Сейтахметова. 2, 3, 4 сыныптарға арналған логикалық жаттығулар жинағы. / ШҚМТУ. - Өскемен, 2004. – 112 бет
18. Ибрагимова Г. Оқытуда жаңа әдістерді пайдалану / Г.Ибрагимова // Бастауыш мектеп.- 2001.- №6.- 16-18 бет
19. Иманбекова Б. Жаңа технологиялармен оқыту әдістері / Б.Иманбекова // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2003.- №7.- 6-9 бет
20. Инновационное обучение: стратегия и практика. Под. ред. В.Я.Ляудис.-М.- Изд-во МГУ, 1994.-203 с.
21. Калниязова А. Жаңа педагогикалық технологиялардың қазақ тілін оқытуда алатын орыны / А.Калниязова // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2001.- №2.- 10-12 бет
22. Кларин М.В. Инновационные модели учебного процесса в современной зарубежной педагогике: Автореферат дисс. док. пед. наук.-М., 1984.
23. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия « Учение с увлечением») – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2004.- 384 с.
24. Кулюткин Ю.Н. Психологические проблемы образования взрослых // Вопросы психологии - 1989, №2
25. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық технологиясы / Қ.Қабдықайырұлы, В.А.Монахов.- Алматы, 1999.- 156 бет
26. Монахов В.М. Педагогическое проектирование современных инструменторий дидактических исследований.// Школьные технологии, №5, 2001. 76-95б.
27. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. Волгоград, Перемена, 1995. -152с.
28. Мусина С. Оқыту технологияларын енгізу жолдары / С.Мусина, Б.Молдағалиев // Қазақстан мектебі.- 2002.- №8.- 18-22 бет
29. Н.Қалижарова. Сауат ашуға арналған дидактикалық материал. Өскемен, 2001. – 75 бет
30. О.Холодова. Юным умникам и умницам: Задания для развития творческих способностей. / Методическое пособие, 2 класс. Москва: Росткнига, 2002. – 224 с.
31. Общие основы педагогики / Под ред. Ф.Ф.Королева, В.Е.Мурманова.- М., 1967.- 292 с.
32. Оқытудың жаңа технологиясы // Ұлағат.- 2001.- №4.- 26-29 бет
33. Подласый И.П. Педагогика начальной школы: Учебное пособие .- М.: Гуманит. Изд.центр ВЛАДОС, 2000.- 400 с.
34. Психология: Словарь.- М., 2002.- 360 с.
35. Селевко Г.К. Опыт системного анализа современных педагогических систем // Школьные технологии.- 1996.- №6.-С.3-43.
36. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии / Г.К.Селевко.- М., 1998.- 256 с.
37. Слободчиков В. Новое образование - путь к новому сообществу// Нар. образование.-1988.- №5.-С.3-5.
38. Талдыбаева Ә. Оқытудың жаңа технологиясы мен оқушылардың даму мониторингі / Ә.Талдыбаева // Ұлағат.- 2003.- №4.- 3-5 бет
39. Чошанов М.А. Дидактическое конструирование гибкой технологии обучения. Москва. Педагогика, №2, 1997. С17-20.
40. Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования.- Алматы, Научно-издательский центр «Ғылым», 2001 г., 296 с.
41. Іргебаева Ә. Оқыту технологиясы: ұғымы, мәні, сипаттамасы / Ә.Іргебаева // Менеджмент в образовании.- 2003.- №6.- 22-25 бет
42. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника/ Д.Б.Эльконин.- М., 1974.- 304 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
1.1 Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективті қажеттілік
 
Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:
- қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы,
- қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам игеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы,
- ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы,
- мұғалімнің әлеументтік ролі, және қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық қызмет арасындағы,
- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
Білім ізгілігі – педагогтер мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі болатын, педагогикалық процестің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі. Педагогикалық процестің негізгі мәні, мұндай жағдайда, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары:
1 Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:
 - білімдік-бағдарлық әдістен бас тартып, дамытушы тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;
 - пәндік және жекелік білімнен білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және көп пәнаралық кіріктіруге, шоғырлануға көшу;
2 Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тєрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау (Ойлаудың, есте сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша);
3 Мұғалімнің озық игілік дайындығы: оның оқушылармен ынтымақтастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық процестегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.
Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі – білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық жєне тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтьевтің, П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызинаның, Дж.Брунердің және т.б. зерттеулері дәлелдейді.
Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н.Чебышев пен В.П.Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы, инновациялық іс-әрекет  мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.
Сондықтан, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің зияттылық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,- деп көрсетеді С.В.Селевко.
Қоғам өмірінің барлық салаларында, яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарлауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз керек.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.
Шынында бұл мєселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Ю.Н.Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.
Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б.Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды Білімділігіне және Түсініктілігіне шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.
Педагогтің кәсіби даярылығындағы технологиялық қағида болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн, оқыту әдістерінің бірілігі болып табылады.
Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: Егер, Л.В.Занков әдістемесі Л.С.Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің қағидасын содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқу материалының теориялық күрделілігінің жоғары деңгейі, оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.
Оқыту технологиясының генетикалық дерекнамасы педагогикалық эвристикадан алынған дейді Д.Пойа. С.Л.Рубинштейннің, А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.
2
Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмет етеді, сонымен қатар тәсілдер жүйесі ретінде, қағидалар мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады.
Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді. Философиялық тұрғы білім беру мазмұнында, пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізіділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология белігі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.
Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:
- материализм және идеализм;
- диалектика және метафизика;
- гуманизм және антигуманизм;
- антропософия және теософия;
- прагматизм және экзистенциализм.
Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика психология және әлеуметтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады. Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеументтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады.
Бір технологияның өзі әр орындаушыда әр түрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің тұлғалық компетенттілігі, оқушылар контингенті, сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл-күй әр түрлі болуы мүмкін. Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әр түрлі болғанымен, бірі-бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады.
Педагогикалық технология М.В.Клариннің анықтауында: Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Ғалым-академик В.М.Монаховоқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі.
Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В.П.Беспалько: Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, - деп көрсетеді. Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.
Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді.
Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады

1.2 Білім беру жүйесіндегі технологиялардың даму генезисі
Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады.
Технологиялардың пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А.С.Макаренко бүкіл әлемдік танымал Педагогикалық поэмасында: Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару,- деген.
Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский оның пікірінше оқыту технологиялық болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда білім берудегі технология термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады мағынасын беретін педагогикалық технология термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, В.М.Кларин, Ж.А.Қараев, Т.Т.Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
М.П.Сибирская бойынша әдістеме мен технологияның салыстырмалы сипаттамасын былайша қарастырады. 2 
 Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер әдістеме ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.
 Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.
 Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.
 И.Г.Песталоцийдің педагогикалық маңызды мәселенің бірі Әрбір арнайы даярланған мұғалім кез-келген оқушыны оқытып, тәрбиелей алатындай білім берудің тетігін жасауы қажет деуін оқытуды технологияландыру деп түсінген жөн. Сондай-ақ жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы С.Т.Щацкийдің, Н.И.Попованың, В.Н.Сорокин-Росинский технологиялары соны құбылыстар деуге тұрарлық. Әр түрлі тұжырымдамалық негізге құрылған мұндай технологиялар ортақ жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алды. Олар: әр бала өмірін және еркіндігін құрметтеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен дамыту, оны әлеуметтік мәнді әрекеттерге қатыстыру нәтижесінде әр жақты дамыған тұлға қалыптастыру ұстанымдары.
Ю.Н.Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі мөлшерлік шығармашылық белсенділікті ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі,- дейді.
М.С.Левит: кәсіби жұмыс технологиясын меңгермеген педагог, оқытудың стратегиясы мен тактикасы жайлы білімді қайдан алу керек екенін білмейді. Тек жоғары дәрежедегі шығармашылықпен ғана берілетін еркіндік сезімін түсіне алмайды”, - деген екен.
В.П.Беспальконың айтуынша, әрбір іс-әрекет не технология; не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспромтқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып табылады.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады жєне оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі педагогикалық қазіргі заманғы технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж.Кэролл, Л.Н.Ланд, Ю.К.Бабанский, Л.М.Эрдиев, Н.П.Раченко, Л.Я.Зорина, В.П.Беспалько, М.П.Хомерики жєне басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
 Бастапқыда көрсетілген педагогтер оқыту технологиясы, оқу технологиясы жєне педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. Педагогикалық технология термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал оқу технологиясы өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, педагогтің зерттеу іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:
- өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;
- мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.
 Педагогикалық технология – бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе қағидаларында құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы қағидаларды жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Педагогикалық технологияға белгілі ғалым В.П.Беспалько Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба,- деп анықтама береді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарайды.
В.М.Монахов Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі деп түсіндірді.
Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н.Е.Щуркова бұл жағдайдапедагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды.Педагогикалық технология бұл көзқарастан – бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғарғы руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен  байланыста болады.
Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В.В.Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:
- технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі әдіснамалық философиялық ұстанымы жатады. Осылайша, білім беру процесінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;
- педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;
- диалогтық қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау және саралау қағидаларын негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология қарастырады;
- педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез-келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал екінші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;
- педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар – диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және ережелер, белгілі ұстанымдар.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды.  Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен  анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың  осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі  көрінеді.
Сонымен, оқыту технологиясы сабақ  беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру  тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

2.1 Дәстүрлі педагогикалық технология
 
 ХVІІ ғасырда чех педагогы Я.А.Коменский негізін салған сынып-сабақтық оқыту жүйесі дүние жүзіне кең танымал, сонымен қатар осы күнге дейін әлем мектептерінде қолданылып келеді. Бүгінгі таңда оқытудың бұл түріне Дәстүрлі оқыту анықтамасы қолданылып жүр.
Дәстүрлі сынып-сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары ба р:
- оқушылардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;
- сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы;
- сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспар мен оқу бағдарламаларына, оқулықтарға негізделіп, құрастырылған кестемен жүргізіледі. Оқушылар мектепке жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта  барады;
- оқытудың негізгі бірлігі – сабақ. Сабақ бір пәнге арналады;
- сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі. Оқушылар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді;
- оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Мұғалім өз пәні бойынша жалпы және әр оқушының оқу сапасын қорытындылап, бағалайды. Оқу жылының соңында оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды;
- оқулықтар негізінен үй тапсырмасы үшін қолданылады.
Сынып-сабақ жүйесінің белгілері – оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі, үзілістер. 2
Осындай мақсаттарды алға қойған оқыту технологиясының басты міндеті – өзіне тән қасиеті бар жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқыту технологиясының мақсаттарының мазмұны жеке тұлғаны дамытуға емес, білім, білік, дағдыларын қалыптастырып, меңгертуге бағытталған.
Қазіргі заман мектептерінің мақсаттары өзгерген. Бұрынғыдай идеологияны басшылыққа алу жоқ, адамгершілікті тәрбиелеу мазмұны өзгерген, бірақ, білім сапасын жоспарлау әлі де кездеседі.
Дәстүрлі технологиямен оқытатын мектептер жеке тұлғаның мәдениетінен, дамуынан, сезімінен білімін жоғары қояды.
 Я.А. Коменский қалыптастырған оқыту технологиясының негізгі педагогикалық қағидалары төмендегідей:
- Ғылымилық
- Тиімділік
- Жүйелілік пен бірізділік
- Ұғымдылық пен белсенділік
- Беріктік пен саналылық 
- Көрнекілік
- Теорияның тәжірибемен байланысы
- Жас және жеке ерекшеліктерін ескеру.
Оқыту – жас буынға әлеуметтік тәжірибесін және білім, білік, дағдыларын беру үрдісі. Бұл біртұтас үрдіске мақсат, мазмұн, әдіс, тәсілдер де кіреді.
Кеңес өкіметі кезінде мектептер үшін ғылыми-техникалық прогрестің дамуы бірінші орында болды. Әлі күнге дейін техниканы көбейту, жетілдіру өз маңызын жойған жоқ. Білім оқушылық, рухани адамгершілігін дамытуға емес, ойлай білетін жеке тұлғаға бағытталған. Оқулықтардың мазмұнында эстетикалық, рухани тәрбиеге аз көңіл бөлінді.
Таңдау бостандығы мен вариативтілікке қарамастан дәстүрлі жүйе бірізділіктен ауытқи алмай отыр. Типтік оқу жоспары оқу министрлігінде жасалынып, барлық мектептерге ортақ болып бекітіледі. Базисті оқу жоспары мемлекеттік стандартқа сүйенеді. Оқушылар тек белгіленген оқу пәндерін ғана оқиды.
Оқыту тәрбиеден жоғары тұр. Оқу және тәрбие көп жағдайда өзара байланыста болмайды. Тәрбие жұмыстарында мәдени шаралар өткізу өрлеп, тәрбиелік ықпал ету ақсап жатады. Балалар арасында болатын қайшылықтарды олардың пікірімен санаспай, тәрбиеші шешеді.
Дәстүрлі технологияның негізінде беделдік педагогикасы жатыр. Оқыту баланың ішкі жан дүниесімен нашар байланысқан. Оқушылардың қажеттілігі мен сұраныстарына, олардың жеке қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға аз көңіл бөлінеді.
Оқушының тек орындаушы, мұғалім басқарушы, айтқаны үнемі дұрыс би ретінде болуы, бақылаудың орталықтандырылуы, орташа оқитын оқушыға бағытталуы оқу үрдісіндегі өктемдікті көрсетеді.
Білімді игеру әдістемесі ретінде дайын білімді хабарлау, үлгі бойынша оқыту, бөлшектен бүтінге индуктивтік логикасы, механикалық есте сақтау, сөз жүзінде баяндау, репродуктивті шығаруды айтуға болады. Оқыту әдісінде репродуктивті-түсіндірмелі әдіс басым. Оқушы рөлі төмен болғандықтан, сабақта кері байланыс онша жүзеге аспайды.
Оқыту технологиясында оқыту үрдісі өзіндік іс-әрекеттің, шешімнің жоқтығымен, оқушының оқу еңбегіне деген нашар мотивациясымен ерекшеленеді. Оқушының  іс-әрекетінің құрамында өзіндік мақсат қою жоқ, мақсатты мұғалім қояды. Іс-әрекетті мұғалім оқушы тілегін ескермей-ақ жоспарлайды. Балалар жұмысындағы іс-әрекетін, қорытынды талдауды мұғалім немесе басқа үлкен кісі қателіктер мен кемшіліктерді көрсете отырып, бағалайды.
Осындай жағдайда жүргізілген оқу баланың сабаққа деген ынтасын төмендетіп, жалқаулыққа, өтірік айтуға итермелейді.
Дәстүрлі педагогикада оқу пәндері бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын бес балдық жүйе бойынша бағалау өлшемдері қабылданған. Бағалауға мынандай талаптар қойылған: жеке мінезі-құлқы, саралау мүмкіндігі, бағалау мен бақылаудың жүйелілігі, жан-жақтылық, формаларды түрлендіру, талаптың бірыңғайлығы, объективтілігі, жариялылығы, түрткілігі.
Оқыту технологиясының мектеп тәжірибесінде бағалаудың дәстүрлі жүйесінің жағымсыз жақтары да кездеседі. Оқушылардың өзін-өзі бағалауына жол берілмеді.
Сандық бағалау көп жағдайда мұғалімнің оқушыға психологиялық және әлеуметтік басымдылық көрсететін билік құралы болып табылады.
Танымдық іс-әрекеттің қорытындысы ретінде баға жеке тұлғамен қайшылықта болады, оқушыларды жақсыға және жаманға бөледі.
Орташа оқитын немесе үлгерімі нашар оқушы деген атаулар баланың оқуға қызығушылығын, ынтасын төмендетеді, қорлау, мазақ болу сезімін тудырады. Оқушы өзінің қанағаттанарлық, орташа бағалары бойынша білімінің, қабілетінің, соңынан тұлға ретінде толыққанды еместігі жөнінде қорытындыға келеді. Ал, екіліктің мәселесі тіпті күрделі. Екілікті иемденген балалар келесі сыныпқа көшірілмейді, кейбір балалар оқуды тастап кетеді. Сөйтіп, жеке тұлғаның тағдырына ықпал етіп, үлкен әлеуметтік мәселені туындатады. Әрбір екілік жағымсыз эмоция шақырып, оқушының өзімен, пәнмен, мектеппен, жанұямен психологиялық тартыс тудырады. Сонымен қатар дәстүрлі оқыту орта деңгейдегі оқушыға бағдарланғандықтан, одан жоғары және төмен қабілетті оқушылардың енжарлығы артады.
Оқытудың дәстүрлі формасы – сынып-сабақтық. Бұл оқытудың тиімді және тиімсіз жақтары бар. 2 
Дәстүрлі технологияға дәріс, семинар, сынақ-сабақтар жатады. Оқу материалы алдымен сыныпқа дәріс сабақ түрінде жеткізіліп, семинар, тәжірибе, сарамандық сабақтарда игеріледі де, сынақ-сабақтарда қорытындысы тексеріледі.
Төмендегі сабақ үлгілері түрлі пәндерден дидактикалық мақсаттарды шешудің іс жүзіндегі жолын көрсетеді.

2.2 Ойын технологиялары
 
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпентыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланыстыойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысындабалалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я.Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез -келген оқушыныңқызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Мұғалім өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Бастауыш сыныптардың тіл сабактарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын әрекеті балалардын бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды орын алады. Ойын бастауыш сыныпмұғалімдерінің бірден-бір көмекшісі болу керек.
А.С. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. Ал Ю.К. Бабанский - ойында бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойынэлементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударға жөн. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен ынтымақта болуға үйренеді.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, Оларды оқу процессінде үздіксіз дамытып отыру жєне сабақ барысында алған білімдерін практикада қолданудың, пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын окушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізушәкірттердің білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы. Яғни, сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды.Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан бастап оқытудың ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады.
Отандық педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубенштейн, Д.Б.Эльконин салды. Қазақстандық ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров еңбектері берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және тағы басқа ойшылдары мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді.
К.Гросстың теориясы кеңінен танымал. Ол ойын келешектегі іс-әрекетке дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен байланысты. Бұл теорияның кемшілігі – ойынды тудыратын себеп, түрткілерді ашпауы.
Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г.Спенсер қалыптастырған ойын теориясында ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде, еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады. Шаршаған адамның демалу үшін ойнауы, күшті басқа арнаға бұрмай ойынға жіберу себебі анықталмаған.
С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, ойынның жиналған күшті шығаруы формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды.
Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К.Бюлер нәтижесіне қарамастан әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану теориясын ұсынды. Бұл ойын түрткісінің негізі деп түсіндірді. Бұл теория ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ғана көреді.
З.Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің әдемілігі мен сәнін мадақтайтын шығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз қалдыққа айналады; даму факторы мен өнімінен жетіспеушілікке, өмірге дайындықтан қашуға айналады.
Л.С.Выготский мен оның оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы адам ойнай отырып, өзіне қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойынның спецификалық формаларын дамыту үшін қалыпты жағдайды қиялдағы жағдаятқа көшу сипатымен айқындалады, бірақ ол ойын негізіне жатпайды.
Ол ойынның бастауларын ашпай ойын жүйесіне басты назар аударады. Бұл теория баланың қалыпты жағдаяттағы ойынын есепке алмайды және ойынды даму үстінде сипаттай алмайды.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Ойын педагогикалық технологиялары ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үрдістің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруды қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның ерекшелігі - оқу-танымдық бағытта сипатталған, педагогикалық қорытындыға ие нақты оқыту мақсаты қойылады. Оқу әрекетіне қызығушылық сезімін ояту мақсатында сабақ ойын түрінде ұйымдастырылады.
Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар айқындалған:
Оқушыларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.
Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.
Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын жарыс элементтері енгізіледі.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен байланыстырылады.
Ойын – адамдардың қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп жатқанын білмейді. Мектепте мұғалім монолог, диалог түрінде балаларға білім береді. Бір-бірімен белсенді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір-бірін үйретіп, өздері де үйренеді. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және ерікті түрде жүреді.
Педагогикалық ойындардың функциясын мұғалімнің дұрыс түсінуі оқу үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлін анықтайды. Ойын элементтері мен оқытуды ұштастыру мқғалім шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
4. Коммуникативтік ойын.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Ойынның емдеу функциясы.
7. Ойынның түзету функциясы.
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.
Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойын - баланы әлеуметтендірудің бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбие әдеуетін игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына, нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді. Ойында шекара жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық ойындар, бүкіл адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның функцияларының бірі. Адамға ойынның өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын жағдаятына кездесіп тұрады. Соны шешу арқылы адамның ой-µрісінің дамуы көрінеді.
 4. Коммуникативтік ойын. Белгілі бір ережесі болса да ойын коммуникативті әрекет. Ойын оқушыларды адам қарым-қатынастарының әр түрлі жағдайларында болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. Топтық ойынға қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы қоғамның мүшелері бір-бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса, ешқандай ойын болуы мүмкін емес. µ
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Диагностика - диагноз қою үрдісі, білу қабілеті. Адамның басқа іс-әрекетімен салыстарғанда ойынның немен аяқталатынын болжауға болады. Тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін де пайдаланылады. Д.Б.Эльконин ойын тәсілдерінің емдік мағынасын бағалай келе, былай деді: Ойын емінің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады. Рөлдік ойындар баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-қатынасқа үйретеді. Әр түрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісі болады.
7. Ойынның түзету функциясы. Ойынның әрбір қатысушысы өз рөлі ғана емес басқалардың да рөлін жақсы білсе, ойын ережесімен жақсы таныс болса, онда психологиялық түзету табиғи жағдайда жүреді. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор. Сонымен қатар бала өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Көңіл көтеру - түрлі нәрсеге, әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Ойынның көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның тұрақтануы мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ жағымды атмосфера құрып, белгілі бір жағдайларда жайлы жағдай орнатумен тығыз байланысты. Ойындағы көңіл көтеру үнемі ізденіс жағдайында өтеді. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді. µ
Ойын түрінде оқыту барысында әртүрлі түрткінің тәсілдерін қолданады.
1. Қарым-қатынас түрткісі.
2. Моральдік түрткілер.
3. Танымдық түрткілер.
1. Қарым-қатынас түрткісі. Оқушылар ойынға қатыса отырып, бір мақсатты шешу арқылы қарым-қатынас жасауды, жолдастарының пікірімен санасуды үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Тәжірибелік іс-әрекет кезінде тез ойлай білетін, жылдам, әрі мұқият жұмыс істейтін байқампаз, сын тұрғысынан қарай білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды. Ойын кезіндегі біріккен эмоционалды қобалжулар өзара қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді.
2. Моральдік түрткілер. Ойын кезінде әр оқушы өзінің білімін, дағдысын, мінез-құлқын, ерік-жігерін, адамдарға және іс әрекетке деген қарым-қатынасын көрсетеді.
3. Танымдық түрткілер. Әрбір ойынның аяқталуы оқушылардың мақсатқа, жеңіске жету жолында басқалардан білімінің, дағдыларының, спорттық қабілетінің жоғары болуына итермелейді. Топтық ойында әрбір оқушы бас кезінде тең жағдайда болады. Бірақ ойынның қорытындысы әр оқушының дайындығына, қабілетіне, мінез-құлқына, біліміне, шыдамдылығына тәуелді. Кейбір ойындарда оқушылар әлеуметтік бет перде киіп, өздерін тарихтың белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді. Ойында табысқа жету танымдық қызығушылықтың дамуы үшін жағымды эмоция тудырса, ал жеңілген жағдайда танымдық іс-әрекетін жоғарылату қажеттігін тудырады. Ойын балалар үшін бәсекелестігімен тартымды. Ойыннан алынған рахаттану сезімі сабақтарда жағымды жағдай тудырып, пәнді оқуға қызығушылықтарын арттырады. Ойындағы алынбаған жауап балалардың ойлау әрекетін белсендендіріп, жауабын табуға тырыстырады. Ойын барысында ортақ мақсатқа жету үрдісіндегі ойлау іс-әрекеті белсендіріледі. Ойлау танымдық мақсаттарды шешуге бағытталады.
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін көптеген ойындар арқылы басқару қажеттілігі туындайды.
Ойынды таңдау баланың белгілі бір тєрбиелік мақсаттарын жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Ойын ұжымдық болған жағдайда ойнаушылар құрамын, олардың интелектуалдық дамуын, дене бітімінің дамуын, жас ерекшелігін, қызығушылықтарын, қарым-қатынас жасау деңгейін білу қажет. Ойынды таңдау оның өту кезеңіне, табиғи климаттық жағдайға, уақыт ұзақтығына, жыл мезгіліне, ойынға қажетті заттардың болуына байланысты. Ойын барысында ойын түрткісі өзгере береді. Балалар ойын кезінде рахат алу үшін әрекет жасайды. Кей жағдайда бала бір нәрсені заттай алу үшін, кейде шығармашылық жағдайда, бәсекелестік жағдайда өтеді. Бала ойын барысында өзара байланыстағы бірнеше деңгейдегі мақсатты жүзеге асырады.
Бірінші деңгейдегі мақсат – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру аспектісі
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Дәтүрлі педагогикалық технология
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
«Е-learning» – электронды оқыту жүйесіне болашақ информатика мамандарын даярлау әдістемесі
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Педагогикалық технологияның құрылымы
Пәндер