Көз аурулары туралы


Көз аурулары
Көз аурулары - көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру - су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т. б. ), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т. б. ), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т. б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т. б. ) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т. б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) - көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді (қраңыз) . Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т. б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.
Катаракта (гр. katarrhaktes - сарқырама) - көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы.
Салдары
Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан, тағы басқа) байланысты. Бұл аурудың туа және жүре пайда болатын түрлері бар.
БелгілеріМорфологиялық белгілері мен орналасуына қарай: алдыңғы үйектік Катаракта, артқы үйектік Катаракта, ұршық тәрізді Катаракта, қатпарлық Катаракта түрлері ажыратылады. Жүре пайда болған Катаракта кезінде көз бұршағының айналасында боз дақ пайда болып, бірте-бірте көз бұршағын толықтай жабады. Көздің көру жітілігі төмендейді. Көз бұршағының қарауытуы қарашықтың тұсында басталса, көру жітілігінің төмендеуі ерте пайда болады. Ал егер қарауыту көз бұршағының шет жағында пайда болса, көздің көру жітілігі ұзақ сақталады.
Жүре пайда болған катарактаКейде 50 жастан кейін пайда болып, бірте-бірте үдейді. Қант диабеті, экзема, зат алмасудың бұзылуы, ұзаққа созылған көз аурулары (көздің тамыр қабығының қабынулары - прит, увенит, көз торының қатпарлануы, алыстан нашар көрушіліктің асқынған түрі, су қараңғы, тағы басқа), көздің жарақаттануы жүре пайда болған Катарактаға әкеледі. Сондай-ақ, ыстық температурада (балқыту пешінің жанында) ұзақ уақыт жұмыс істеу немесе көзге тиісті қорғаныш көзілдірік кимей иондандырғыш сәуленің әсерімен жұмыс істеу Катарактаның асқынуына себепші болады. Катарактаның бұл түрінің клиникалық белгісі: сырқат адамның көзінің алдында бір нәрсе тұрғандай болады. Іштен туа біткен Катаракта құрсақтағы ұрықтың дамуы кезінде пайда болады. Бұған екіқабат әйелдің жұқпалы аурулармен (тұмау, қызамық, тағы басқа) ауруы себепші болады.
Алдын алуЖаңа басталған Катарактаның алдын алу үшін дәрі-дәрмекпен емдейді. Көз бұршағының қарауытуы үдей түскен жағдайда хирургиялық әдіспен емдеу қажет. Операция жасағаннан кейін, бұршағы сылынған көз жарық сәулесін сау көздей сындыра алмайды, сондықтан көздің көруі біраз кемиді; көздің көруі көзілдірік кигеннен кейін немесе көзге жасанды бұршақ салу арқылы қалпына келеді. Катарактамен ауыратын адам майлы және тұзды тамақ жемей, витаминдерге бай тағамдарды жегені дұрыс.
Дальтонизм - көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаушылық. Түсті бірқалыпты сезетін адам негізгі үш түсті (қызыл, жасыл және көк) қабылдай алады (Көру мақаласын қараңыз) . Дальтонизмге шалдыққан адамның қызыл және жасыл түстерді сезінуі төмендейді немесе мүлде жойылады, соның салдарынан айналадағы әлемнің түрлі-түсті көріністерін теріс қабылдайды. Көк түске сезімталдықтың кемуі өте сирек байқалады. Түсті мүлде айыра алмаушылықты түс танымау деп атайды; мұндайда айналадағы барлық заттар қара-ақ реңді болып қабылданады.
Дальтонизм туа біткен және жүре біткен болып бөлінеді. Туа біткен дальтонизм ерлерде тұқым қуалайды. Жүре біткен дальтонизм көздің немесе орталық нерв жүйесінің ауруға шалдығуынан болады, сондықтан түсті ажырата алмау белгісі байқалған жағдайда дереу көз дәрігеріне қаралған жөн. Дальтонизмде тағы бір ескеретін жайт: түс айыру кемістік ұзақ уақыт бойына сол ауру адамның өзіне де, оның маңайындағыларға да байқалмауы мүмкін. Дальтонизмге шалдыңқап адамдарда бірте-бірте түстің ашықтығына қарай ажырата білу қабілеті пайда болады. Адамдардың түсті айыра білуін тексеріп отырудың практикалық, әсіресе кәсіптік тұрғыдан айрықша маңызы бар. Өйткені түсті дұрыс айыра білмеу. бақытсыз жағдайға ұшыратуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz