Этникалық топ


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Этнос

Мазмұны

[жасыр]

1 Этникалық топ

1. 1 Этноним

2 Этнопсихология

3 Этникалық бейімделу

4 Этникалық бірегейлік

5 Этникалық құрамда болу

6 Этниканың саясаттандырылуы

7 Этникалық сіңісу

8 Этникалық "тазарту"

9 Этнократия

10 Этнофобия

11 Этношектеулік

12 Этноцентризм

13 Этноцид

14 Этноэгоизм

15 Пайдаланған әдебиет

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдас¬тық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсінілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т. б. ) . Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т. б. ) .

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.

Этникалық топ

Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.

Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.

Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:

Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;

Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;

Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;

Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;

Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.

[өңдеу] Этноним

Этноним - қандай да бір этникалық топ атауы.

[өңдеу] Этнопсихология

Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт. Ұлттық психологиядағы бастысы "ұлттық рух" деп қараған М. Лаңарус пен Х. Штейнталь (1860) "халықтар психологиясы" мектебінен бастау алады. XX ғ. басында бұл идеяларды В. Вундт "халықтар психологиясында" жалғастырды. Қазіргі этнопсихология тақырыбы тұрғысынан да, әдістері жағынан да біртүтас емес. Онда бірнеше бағыттарды анықтауға болады:

а) жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысты психофизиология, когнитивті процестер, жадында сақталған, көңіл-күй, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу;

ә) этнографияның, фольклористиканың, өнертанудың бөлімдерімен байланысты символдық элем мен халық мәдениетінің құндылықты бағдарларын мәдениеттанулық зерттеу;

б) топаралық қатынастарды, үстанымдарды, стереотиптерді зерттейтін әлеуметтік және саяси психо- логиядан алынған әдістер мен түсініктемелерді пайдаланып этникалық сана- сезімді зерттеу;

в) әлеуметтендірудің этникалық ерекшеліктерін зерттеу. Өйткені ұлттық мәдениет мәні мен этносты құрайтын индивидтер ерекшеліктері бір емес, мәдениеттанулық және психологиялық зерттеулердің арасында қашан да алшақтық болады.

Саяси пси¬хология этнопсихологияны зерттеудің біртүтас нысаны ретінде екі негізгі деңгейден тұратын ұлттың психологиялық қалпы больш табылады. Негізгі деңгейі - ұлттық сана-сезім қалыптасатын ұлттық мінез-құлық және оның саяси іс- әрекетте көрініс табуы.

[өңдеу] Этникалық бейімделу

Этникалық бейімделу - этникалық топтардың (қауымдастықтың) күнделікті өмірге, қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы; көне заманда жекелеген шағын топтардың өздері тұратын табиғи ортаның жағдайына бейімделуі. Мысалы, киім дайындау барысында жергілікті климат пен ондағы бар материал ресурсы ескерілді (жапырақтар, өсімдік талшықтары, мал немесе аң терісі және т. б. ), үйі (үңгір немесе жер там, ағаштан, саз балшықтан, күйдірілген қыштан немесе тастан жасалған; еңбек құралы (тас, сүйек, күйдірілген қыш және т. б. ) ; тіл және ауыз әдебиеті (мысалы, теңіз болмаған жердің тілінде де бұл ұғым болмаған) ; аңыздар, ертегілер де жергілікті аң-құстарды, табиғат құбылыстарын бақылаудан туындаған; билер мен алғашқы суреттер (жергілікті аңдардың, құстардың қылықтарын, оларды аулау тәсілдерін бейнеледі) . Осы негізде алғашқы этникалық белгілер қалыптасты. Көші-қон барысында алғашқы этникалық белгілер жаңа ортаға бейімделіп жаңарады, ескілері ұмытылып, санадан біртіндеп, біржола өшеді. Көптеген дәстүрлер қоғам дамуына орай өшкенімен де, көбіне, аңыз-әңгімелерде, мейрамдарда, халықтың жадында тіпті әдеттегі құқық пен күнделікті түрмыста да сақталады. Сондай-ақ әсіресе, демографиялық және экологиялық дағдарыстар кезінде этностар "бөтен" дәстүрлерге де бейімделеді.

Этникалық бірегейлік

Этникалық бірегейлік - этнос пен оның өкілінің өзіндік сана-сезімінің негізі. Этнос - өзінің бірегейлігін сезінген халық. Этникалық бірегейлік негізіне келесі белгілер жатады: "жер қыртысы" (табиғи орта, атамекен, Жер Ана) ; "қан" (антропологиялық белгілер: нәсілі, көз қиығы, бет әлпеті және т. б. ) ; тіл (бірдей ойлап, әлемдік құндылықтарды біркелкі түйсініп, пікір білдіру құралы ретінде) ; діл (мәдени-психологиялық стереотиптер және мінез-құлық, әдет-ғұрып үқсастығы) ; көркем мәдениет (өнер, мейрамдар) ; тұрмыс (ұлттық тағам, киім, тұрмыс-салт ерекшеліктері) ; мифология (бірегейліктің негізін құрайтын құндьшықтар мен үміттердің жүйесі) .

Этникалық құрамда болу

Этникалық құрамда болу - атадан балаға мұра болып қалатын, белгілі бір топ мүшелері ортақтасатын мәдени өзгешелік (әдет-ғұрып, салт- дәстүр, мінез-құлықтантілге дейін) . Діни немесе кландық белгілермен астасатын этникалық белгілер көп жағдайда саяси қақтығыстардың себебі болады.

Этниканың саясаттандырылуы

Этниканың саясаттандырылуы - қоғам өмірінде этнос рөлін, мәнін арттыру, баса көңіл аудару және саяси өмірдің барлық қырын этнос төңірегіне шоғырландыру; этникалық мәселелерге тым саяси мән берілу; этникалық топтардың саяси мәселелердің шешімін қабылдауға қатысу мүмкіншілігін кеңейту арқылы оларды саясатқа тарту.

Этникалық сіңісу

Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі. Этникалық сіңісудің күшейіп, қарқын алуында элем, аймақ, мемлекет халықтарын интернациоландыру шешуші рөл атқарады. Бұл процесс көбіне бытыраңқы орналасқан этностарда аса қарқынды жүреді. Нәтижесінде этнос басқа этностың құрамын толықтырып, соларға "сіңіп" кетеді. Этникалық сіңісудің күшеюінің тағы бір арнасы - ұлттықаралас некенің көбеюі.

Этникалық "тазарту"

Этникалық "тазарту" -1992ж. бүрынғы Югославиядағы, аясында қолданысқа енген ұғым. Бүған дейін ол серб және хор¬ват баспасөздерінде осы соғыстың мақ¬саты жөніндегі хабарламаларда пайдаланылды. Соғысушы жақтар жарияланған этноұлттық мемлекет аумағын мем¬лекет құрушы этникалық ұлтқа жатпайтын халықтан "тазарту" жүргізуге талпынды. "Этникалық" сөзі 1940-50 жж. ғылыми еңбектерден күнделікті өмірге аяқ басты. Алайда, "тазарту" ұғымы бүгінгі біздің түсінігіміздегі этникалық тазарту мағынасында бүрын да қолданылды. Ең алғаш осы түсініктің қолданылуын Познань қаласында1918ж. құрылған поляк ұйымының атауынан кездестіреміз - "Познанды еврейлер мен немістерден тазарту ұйымы". Бұл ұйым аталған топтарды қаладан және төңіректен аластауды көздеді. Үшінші рейхте еврейлер қырылған аймақтар"Judenrein" (еврейлерден тазартылған) деп аталды. Этникалық тазартулар ескі замандардан бері келеді. Мысалы: б. д. д. VI ғ. еврейлер Палестинадан Вавилонға қоныс аударылды; б. д. IV-X ғғ. герман, славян, түркі және финн-угорлық этникалық топтар, Орталық Азия, Батыс ЕуропаменСолтүстік Африкаарасында үнемі бірін-бірі тықсырып келді; VIII ғ. Византия армиясы павликиандық діни сектаның мүшелерін Армениядан Балқанға ысырды; XII ғ. Батыс және Орталық Еуропадан еврейлерді ауық-ауық қуғындау орын алды; 1609-1614жж. морискілер (католик дінін қабылдаған мұсылмандар) Испаниядан қуғындалды; отыз жылдық соғыстан кейін, XVII ғ. ортасында, протестанттарды жиі католик аймақтарынан, ал католиктерді - протестанттық аймақтардан қуды; XVIII ғ. ортасында Акадияның франк тілді тұрғындары (Канададағы ағылшын отары болып табылатын) бұл ауданнан тықсырылды; 1820-1880-шы жылдар аралығында АҚШ-тың шығыс аудандарында жергілікті үндістерді батыста резервацияға үшыратты; XIX ғ. ортасында британ қоныс аударушылары Тасманияның бүкіл түпкілікті халқын жойып жіберді; 1907ж. неміс армиясы Оңтүстік-Шығыс Африкадағы гереро этникалық тобын түп-тамырымен құртты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Адамның этномәдени даму мәселелері
Этнография термині
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Этнос, этникалық қауымдастық туралы
Этнос, халық, ұлт
Этнос, этникалық қауымдастық
Ұлттық этникалық топтарды негізгі түрлері
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Этносоциология туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz