Дәрігерлік алғашқы көмек



1. Прекардиялық аймаққа жұдырықпен соққы беру.
2. Өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізілетін жүректің тура емес массажы.
3. Электрлік дефибрилляция.
4. Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететінулы қүралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмекті көрсету
КҚБ кезінде, ЭКГ-ға түсірудің қажеттігіне қарамай, жансақтау шараларды қолма-қол тез бастау қажет. Шұғыл емдік шаралардың тиімділігі уақыт пен техникалық сауаттылығына тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті кез-келген қасында тұрған адам жасай беруі тиіс. Осындай кездегі өте қажетті шаралардың реттілігі «АВС» ережесі түрінде кеңінен белгілі:
1. Aire way open (открыть воздуху дорогу – ауаға жол ашу) – тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру;
2. Breath bor vinetim (дыхание для жертвы – ессіз адам үшін тыныстану) -өкпенің желденуін қалыптастыру;
3. Circulation on his blood (циркуляция крови – қанның айналуы) – қанайналымын қалыптастыру.
Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
Жасанды тыныстандырудың тиімді болуына тыныс жолдары өткізгіштігінің таза болуы өте маңызды орын алады. Ол үшін осы жолдарды тазалауды неғұрлым ертерек жүргізген абзал және оны жасағанда адамның басын барынша шалқайтып, көмейді жауып тұрған тілдің түбін алдыға қарай ығыстырып, ауа өтетін тыныс жолын ашу керек.
Өкпенің желденуін қалыптастыру.
Ол үшін «Ауыздан ауызға» және «Ауыздан танауға» жасанды тыныс алдыру өте тиімді болып саналады. Осы шараларды әрбір 5 секунд сайын қайталап отырады. Осы шаралардың тиімділігін науқас адамның кеуде құрсағының қозғалысынан байқауға болады.

Қанайналымын қалыптастыру.
Тамыр соғысының жоғалуы кезінде қанайналымын тиімді ету мақсатында жүректің тура емес массажын қолдану керек. Осы шараны өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізеді. Жасанды тыныстандыру минутына 12-16 рет жиілікте, жүректің массажы минутына 80-90-100 жиілікте жасалуы тиіс. Егер екі жансақтаушы бірге жұмыс істесе ЖТ:ЖМ қатынасы 5:1 қатынасына тең болуы тиіс. Ал егер бір жансақтаушы жұмыс істесе, онда ЖТ:ЖМ қатынасы 10-15:2-3 қатынасына тең болуы керек.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дәрігерлік алғашқы көмек

Прекардиялық аймаққа жұдырықпен соққы беру.
Өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізілетін жүректің тура емес массажы.

Электрлік дефибрилляция.

Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететінулы қүралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмекті көрсету

КҚБ кезінде, ЭКГ-ға түсірудің қажеттігіне қарамай, жансақтау шараларды қолма-қол тез бастау қажет. Шұғыл емдік шаралардың тиімділігі уақыт пен техникалық сауаттылығына тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті кез-келген қасында тұрған адам жасай беруі тиіс. Осындай кездегі өте қажетті шаралардың реттілігі АВС ережесі түрінде кеңінен белгілі:

Aire way open (открыть воздуху дорогу – ауаға жол ашу) – тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру;

Breath bor vinetim (дыхание для жертвы – ессіз адам үшін тыныстану) -өкпенің желденуін қалыптастыру;

Circulation on his blood (циркуляция крови – қанның айналуы) – қанайналымын қалыптастыру.

Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.

Жасанды тыныстандырудың тиімді болуына тыныс жолдары өткізгіштігінің таза болуы өте маңызды орын алады. Ол үшін осы жолдарды тазалауды неғұрлым ертерек жүргізген абзал және оны жасағанда адамның басын барынша шалқайтып, көмейді жауып тұрған тілдің түбін алдыға қарай ығыстырып, ауа өтетін тыныс жолын ашу керек.

Өкпенің желденуін қалыптастыру.

Ол үшін Ауыздан ауызға және Ауыздан танауға жасанды тыныс алдыру өте тиімді болып саналады. Осы шараларды әрбір 5 секунд сайын қайталап отырады. Осы шаралардың тиімділігін науқас адамның кеуде құрсағының қозғалысынан байқауға болады.

Қанайналымын қалыптастыру.

Тамыр соғысының жоғалуы кезінде қанайналымын тиімді ету мақсатында жүректің тура емес массажын қолдану керек. Осы шараны өкпені жасанды тыныстандырумен қатар жүргізеді. Жасанды тыныстандыру минутына 12-16 рет жиілікте, жүректің массажы минутына 80-90-100 жиілікте жасалуы тиіс. Егер екі жансақтаушы бірге жұмыс істесе ЖТ:ЖМ қатынасы 5:1 қатынасына тең болуы тиіс. Ал егер бір жансақтаушы жұмыс істесе, онда ЖТ:ЖМ қатынасы 10-15:2-3 қатынасына тең болуы керек. Жүпек массажының тиімділігін көз қарашығының өзгерулерінен байқайды. Қанайналымының тиімді кезінде көз қарашығының тарылуы байқалады. Кеңіген және өзгермейтін көз қарашығы биологиялық өлім белгісі болып саналады. Егер жүрек соғысының тоқтауы 10 минуттан асса, онда адамның жүйке жүйесінің жұмысын қалыптастыру мүмкін бола қоймайды.

Бұдан кейінгі жансақтау шаралар жүрек соғысы тоқтауының түріне байланысты жүргізіледі.

Асистолияны емдеу кестесі:

жансақтаудың негізгі шаралар;

кеңірдек интубация жасау;

венаға дәрі енгізу мүмкіндігін қарастыру;

жүректің электрлік белсенділігінің бар-жоқтығын ЭКГ-ның ең болмаса бір тіркемесінде анықтау;

Асистолияның қайтымды себебін іздеу:

гипоксия,

гиперкальциемия,

гипо- немесе гиперкалиемия,

ацидоз,

дәрілер дозасының артуы,

гипотермия.

Қажетті уақытында және дұрыс жасалған жансақтау шаралардың өзінде қайтыс болу жиілігі 85-100% құрайды. Жүректің тура емес масасажы мен өкпені жасанды тыныстандыру кездерінде жүректі дәрімен стимуляция шаралары да жасалуы тиіс. Асистолия кезінде электрокардиостимуляция (ЭКС) тәсілін неғұрлым ертерек бастау қажет деп саналады: сыртқы ЭКС (дәрілерді егумен қатар) - венаға тез әрбір 3-5 минут сайын адреналин 1 мг егіледі; венаға әрбір 2-5 минут сайын жалпы дозасы 1 кг-ға 0,4 мг-нан келетін атропин 1 мг егіледі. Егер осы шараларға қарамай асистолия сақталатын болса, онда жансақтау шараларды тоқтатады. Қазіргі кезде кеңінен таралған кальций дәрілерін қолдану тәсілі тек тиімсіз ғана емес, сонымен қатар адам өміріне қауіпті саналады. Жансақтау шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында адреналин дозасын көтеру (мысалы, әрбір 3-5 минут сайын 5 мл-дан егу) пайдалы екені туралы ғылыми ескертулер бар. Осы шаралармен қатар метаболизмдік өзгерістерді реттеу қажет (1 кг салмаққа 1,2-1,4 ммоль шамасында натрий гидрокарбонатын енгізу) және кенеттен қанайналымының тоқтауын тудырған себептерді жою шараларын жүргізу керек болады (мысалы, қан кету кезінде болатын қан көлемін қалпына келтіру). Дәрігерлік тәжірибеде асистолия көбінесе қазаға ұшыраудың дәлелі болып саналады.

Дефибрилляция тиімсіз, тіпті ол парасимпатикалық тонустың артуы арқылы жүрек ырғағының табиғи белсенділігін тежеуі ықтимал. Ауруханадан тыс кездері дамыған асистолияны емдеу көбінесе тиімсіз болады. Ал ауруханада миокард инфарктынан қайтыс болудың негізгі себебіне жүректің жіті жетіспеушілігі жатады: өкпе шемені мен кардиогенді шок.

Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.

Қарыншалар фибрилляциясы 60% жиілікте алғашқы 4 сағатта, ал 80% жиілікте – алғашқы 12 сағат аралығында дамиды. Қарыншалар фибрилляциясының ең тиімді жалғыз тәсіліне электрлік дефибрилляция жатады. Одан басқа шаралар ылғи да тиімсіз болып табылады. Миокард инфракты кезінде электрлік дефибрилляцияның тиімділігі 90% -ке жетеді. Алдымен 200 Дж (5кВ) разрядын дейін жеткізеді. Ол тиімсіз болса разрядтың қуатын 300-400 (6-7 кВ) дейін көтере отырып, осы шараны бірнеше рет қайталайды. Егер осыдан кейін де дефибрилляция тиімсіз болса, онда жалпылай жансақтау шаралар жүргізіледі және әрбір 5 минут өткен сайын дефибрилляцияны қайталап отырады. Жүрек қуысына немесе венаға 1 мг адреналин егіледі, ол тиімсіз болса – 100 мг лидокаин, ол тиімсіз болса – новокаинамид, кордарон егуге болады. Синустық ырғақ қалыптасқаннан кейін лидокаиннің (не новокаинамидтің, не кордаронның, не бретилияның) инфузиясын және электролиттік бұзылыстарды реттеуге арналған шаралар жүргізіледі.

Қарыншалардың алғашқы фибрилляциясынан кейінгі науқас адамдардың болжамы қолайлы болады және кейбір ғылыми мәліметтерге қарағанда миокардтың асқынбаған инфарктынан кейінгі науқас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Жедел медициналық көмек
Отбасылық дәрігерлік амбулатория туралы ереже
Бейбіт өмірдегі химиялық жарылудың дәрігерлік әдістемелік сипаттамасы
Зақымданған және науқас адамдарды күту
Медициналық көмек және медициналық қызмет
Алғашқы дәрігерлік көмек
Жақ-бет аймағыжарақаттанған науқастарға көмек көрсету
Жарақаттық шоктың емдеу принциптері
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Пәндер