Омыртқалылар. Балықтардың класс тармағы


1.Балықтар класс тармағының сипаттамасы.
2. Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы.
3. Сүйекті балықтардың жалпы сипаттамасы.
4. Балықтардың практикалық маңызы.
Шеміршекті балықтар класы (Chondrichthyes)
Акулалар мен скаттар – тақтажелбезектілердің примитивті және прогрессивті құрылыс ерекшеліктері
Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың ауызында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да балықтарды алғашқы жақтылар деп атайды.
Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда балықтардың ерекшелігіне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы. Екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; Үшіншіден, иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; Төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының эктодермадан пайда болуы; Бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтарымен қапталуы т.б жатады.
Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған бейімделе алады.
Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.
Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші – шеміршекті балықтар; екінші сүйекті балықтар.
Отрядтары:
1.Майшабақ тәрізділер
2.Карп тәрізділер
3.Угрлар
4.Шортан тәрізділер
5.Ұшқыш балықтар немес соргандар
6.Тікен желбезектілер
7.Шоқ желбезектілер
8.Треска тәрізділер
9.Камбала тәрізділер
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Омыртқасыздар зоологиясы:оқулық \ К.Дәуітбаева.-Алматы, 1 - кітап. - 2004.-376 б.
2.Омыртқасыздар зоологиясы:оқулық \ К. Дәуітбаева. -Алматы, 2 - кітап. - 2005.- 416 б.
3. Догель, В. А. Зоология беспозвоночных / В. А. Догель. – М. :Высш. шк., 1981. – 606 с.
4. Иванов, П. П. Происхождение многоклеточных животных / П. П. Иванов. – М. : Наука, 1968. – 287 с.
5. Иванова-Казас, О. М. Курс сравнительной эмбриологии беспозвоночных животных / О. М. Иванова-Казас, Е. Б. Кричинская. – Л. : Изд-во ЛГУ, 1988.
6. Иванова-Казас, О. М. Сравнительная эмбриология беспозвоночных
животных: Иглокожие и полухордовые / О. М. Иванова-Казас. – М., 1978.

Қосымша:
1. Жизнь животных: в 7 т. Т. 1-7. / под ред. Р. К. Пастернак ; редколлегия В. Е. Соколов. – 2-е изд., перераб. – М. : Просвещение, 1988. – 447 с.
2. Натали, Ф. Ф. Зоология беспозвоночных / Ф. Ф. Натали. – М. : Просвещение, 1975. – 416 с.
3. Росс, Г. Энтомология / Г. Росс, Ч. Росс, Д. Росс. – М. : Мир, 1985. – 900 с.
4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных. Т.1. Протисты и низшие многоклеточные : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. : Академия, 2008. – 496 с.
5. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных. Т. 2. Низшие целомические :
пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. : Академия, 2008. – 448 с.
6. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных. Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. : Академия, 2008. – 448 с.
7. Биология. В 2кн. 2: Учеб.для медиц. спец. Вузов \ В.Н. Васильева, И.Н. Волков, В.В. Синелыцикова;Под ред. В.Н. Ярыгина. – 9-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2012. – 432 c.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 7 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Тақырыбы: Омыртқалылар. Балықтардың класс тармағы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы.
Мақсаты: балықтар класс тармағының жалпы сипаттамасын және практикалық маңызын оқу.

Дәріс жоспары:
1.Балықтар класс тармағының сипаттамасы.
2. Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы.
3. Сүйекті балықтардың жалпы сипаттамасы.
4. Балықтардың практикалық маңызы.

Дәріс тезистері

Шеміршекті балықтар класы (Chondrichthyes)
Акулалар мен скаттар – тақтажелбезектілердің примитивті және прогрессивті құрылыс ерекшеліктері
Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың ауызында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да балықтарды алғашқы жақтылар деп атайды.
Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда балықтардың ерекшелігіне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы. Екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; Үшіншіден, иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; Төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының эктодермадан пайда болуы; Бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтарымен қапталуы т.б жатады.
Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған бейімделе алады.
Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.
Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші – шеміршекті балықтар; екінші сүйекті балықтар.
Отрядтары:
1.Майшабақ тәрізділер
2.Карп тәрізділер
3.Угрлар
4.Шортан тәрізділер
5.Ұшқыш балықтар немес соргандар
6.Тікен желбезектілер
7.Шоқ желбезектілер
8.Треска тәрізділер
9.Камбала тәрізділер
1 – топ. Шеміршекті балықтар.
Шеміршекті балықтар – осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделерімен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршықтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.
Шеміршекті балықтар екі клас тармағына бөлінеді. 1 – тақта желбезектілер және 2 – бүтін бастылар, немесе химерліктер.
1 – класс тармағы. ТАҚТА ЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР.
Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар және скаттар.
Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында – рострум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау түрінде орналасқан.
Акулалардың денесі ұзынша,ұршық тәрізді болады. Басының екі бүйір жағында 5 – 7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек саңылауларының жұрнағы болып саналады.
Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клоаксы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары біркелкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы – одан кіші. Сондықтан да оны гетероцеркальдық құйрық қанаты деп атайды.
Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады. Еркектерінің құрсағындағы қос қанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады, олар шағылыс органдарының қызметін атқарады.
Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омыртқаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Омыртқа денесі алдыңғы, артқы жағынан да ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады. Сонымен қатар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталған. Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады.
Бас сүйегі – ми сауытынан, сезім органдарының капсуласынан және рострумнан құралған. Ми сауытының төбесі шеміршекпен қапталған. Демек, осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртқаның бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады.
Бас сүйегінің алдыңғы бөлімінен таралған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады.
Желбезек, тіл асты және жақ доғаларынан висцеральдық скелеттің негізі құрылады.
Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші – аяқтарға тіреу болатын белдеу, екінші – бос төменгі бөлімінің скелеттері.
Алдыңғы аяқтардың яғни көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанаттарына тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөліміне бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады. Белдеу доғасының дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп бекиді. Көрсетілген дөңестің үстіңгі бөлімін – жауырын, астыңғысын – каракоид деп атайды.
Алдыңғы қос қанатының скелеті үш бөлімнен тұрады. Қанатының түбінде үш шеміршек болады. Оның иық белдеуіне бекитін бөлімін – базалилар деп атайды. Базалилардың екінші ұшына шыбық тәрізді шеміршек радиалиялар бірнеше қатар болып орналасады. Радиалияларға ұзын және жіңішке, серпілімді тері тектес бір – біріне бірігіп жатқан жіпшелер тіркеседі.
Артқы аяқ яғни құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында денесіне көлденең орналасқан дара шеміршектен тұрады. Құрсақ қанатының скелетінде бір немесе екі базалиялар ғана болады. Олардың сыртқы жиектеріне радиалиялар орналасады.
Дара қанаттарының скелеттері радиалиялардан және серпілімді жіпшелерден құралады.
Ас қорыту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезектер саңылауларының жұрнақтары брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Шажырқайда ұйқы безі жатады. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиральды қақпақшалары болады. Қақпақшалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады,астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Өт жолы осы ішектің алдыңғы бөліміне ашылады. Көк бауыр қарынның иілген жағында жатады.
Тыныс органдары. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншаққа, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әрқайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделерінің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақшаларының орналасуы нәтижесінде желбезектер пайда болған. Желбезек жапырақшалары шеміршекті балықтарда эктодермадан пайда болады.
Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге кең, қабырғасы жұқа вена қаны құйылатын веноздық қуыс жалғасады. Қарыншаға – артериалдық конус жалғасады. Артериялдық конус жүрек қарыншасының бір бөлімі болып саналады. Артериялдық конус сырт жағында қарағанда құрсақ қолқасының түбіріне ұқсайды.
Артериялдық конустан құрсақ қолқасы басталады. Құрсақ қолқасынан желбезекке бес пар желбезек артериялық доға кетеді.
Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген артерияларды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериялары алып кетуші деп аталады. Бұл желбезек артериялары қолқа түбіріне келіп қосылады. Екі жағындағы қолқа түбірлері қосылып – жалпы арқа қолқасын құрайды. Қолқа түбірінің алдыңғы бөлімінен,бас бөліміне ұйқы артериялары тарайды.
Арқа қолқасы денесінің артқы бөліміне қарай бағытталып, одан ішкі органдарға қан тамырлары таралады. Құйрық венасы дененің алдыңғы бөліміне қарай созылып келіп, қос кардинал веналарына тарамдалады. Бұл веналардың бүйрекке келіп торлануының нәтижесінде бүйректе қан айналу системасының қақпасы пайда болады. Артқы және алдыңғы кардинал веналары жүректің тұсына келгенде оң жақтағылары өз ара және сол жақтағылары өз ара қосылады. Осының нәтижесінде веноздық қуысқа келіп құйылатын қос кювьеров өзектері пайда болады. Бауырдың қақпа венасы ішектерден басталады. Ол бауырдың ішіне енген соң ұсақ қан тамырларына тарамдалып барып, қайтадан бауыр венасына айналады. Келешекте бұл вена тамыры веноздық қуысқа келіп жалғасады.
Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Нервтік заттар алдыңғы ми жарты шарларының түбінде ғана болып қоймай, оның бүйірінде және үстіңгі ми қабатында да болады. Сүйекті балықтардың құрылысы қаншама күрделі десек те, олардың миының үстіңгі жағы эпидермиспен қапталғанын байқаймыз. Шеміршекті балықтарының миының үлкендігі, оның нерв клеткаларынан құралатын сұр түсті қапшықпен қапталуынан болады. Миынан 11 жұп нерв тарайтындығы және олардың ми бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 пар нерв тарайды, ал дөңгелек ауыздыларда ми бөлімдері жақсы жетілмеген, әрі орналасуы да қарапайым болады.
Аралық миының үстіңгі жағына эпифиз орналасқан. Аралық мидың төменгі жағында көрініп тұрған екі дөңесі бар. Олардың аралығына воронка орналасқан. Воронканың арт жағына гипофиз бекиді. Ортаңғы миы жақсы жетілген, мишығы үлкен болады.
Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа жіктелмеген. Бұл белгісі шеміршекті балықтардың төменгі сатыдағы омыртқалылар екендігін дәлелдейді.
Сезім органдары. Шеміршекті балықтардың тұйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінің өзіндік ерекшелігін аңғару қиын емес. Өйткені, көзінің қасаң қабығы жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Омыртқалылар. балықтардың класс тармағы. жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Хордалылар типі. Бассүйектілер тип тармағы. Балықтардың класс үсті. Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Омыртқалылар зоологиясы. Қауырсын қанатты балықтардың өкілі. Алабұғаның ет және нерв систематикасы
Ағаш-бұта өсімдіктерінде кездесетін саңырауқұлақтардың жіктелуі - Холобазидиомицеттер – Holobasidiomycetidae класс тармағы
Бентосжегіш балықтардың қоректенуі
Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы
Протозоа дүние тармағы
Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтардың шаруашылықтағы маңызы. Миграциясы
Ортаңғы класс
Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь