Қазақ отбасы



Жоспар


Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақ отбасы
2. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
3. Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен етуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі.
Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика-ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты:
1. Фольклористика
2. Этнология
3. Культурология
4. Мифология
Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ.
Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бері де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін байқауымызға болады.
Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу - этнопедагогиканың ең өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігін ғылыми теориялық тұрғыда зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет. Бұл жерде ұлт мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихын салт-сана, әдет-ғұрып, флоьклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия ғылымдарымен тығыз байланыста қарастыру.
Осыған орай, П.В.Плеханов методологиялық мынадай қағидалар ұсынады:
1. Идеялардың жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесіне тәуелді екендігін анықтау.
2. Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму процесімен ұштастыра қарастыру.
3. Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігін ескеру.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Анатомия педагогической мысли Казахстана Сост. К.Б.Жарықбаев, С.К.Калиев. — Алматы: "Рауан", 1995. 512 б.
2. XVI Әлімбаев. Халық - ғажап тәлімгер. — Алматы: "Рауан", 1994. -144 б.
3. Воспитательная система школы. Проблемы и поиски. /Сост. Н.Л.Селиванова/ -М. Знание, -1989. —80с. Сер. "Педагогика и психология" №10
4. Ізгілік әліппесі. —Алматы. —1993.
5. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. Оқу құралы/ -Алматы "Санат", 1995. -3026./
6. К.Ж.Қожахметова. халықтың педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. -Алматы. 1993 . —17б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақ отбасы
2. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.
3. Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім
мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы
жетеді.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен етуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын
анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім
деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл
(этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты
(этнопсихология) жүргізіледі.
Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе,
психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам
дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика-ғылымы мына
ғылымдармен тығыз байланысты:
1. Фольклористика
2. Этнология
3. Культурология
4. Мифология
Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді
және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ.
Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін,
этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени
даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе,
мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген
көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты,
бері де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен
қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының
қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан
ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас
т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән
салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін
байқауымызға болады.
Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген
азамат етіп тәрбиелеу - этнопедагогиканың ең өзекті мәселесі болып
табылады.
Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігін ғылыми теориялық тұрғыда
зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет. Бұл
жерде ұлт мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихын салт-сана, әдет-ғұрып,
флоьклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия ғылымдарымен тығыз
байланыста қарастыру.
Осыған орай, П.В.Плеханов методологиялық мынадай қағидалар ұсынады:
1. Идеялардың жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесіне тәуелді
екендігін анықтау.
2. Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын
қоғамның даму процесімен ұштастыра қарастыру.
3. Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтын және
әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік
ерекшелігін ескеру.

1.Қазақ отбасы

Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана,
ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы.
Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-
отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық
мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық
қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің
ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан
қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері
болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың
жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз
ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау,
оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен
ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз
байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес
сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи
биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын
құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар
құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік
қатынастар отбасынан басталады.
Зерттеуші ғалым Ш.Ахметовтың айтуынша "Бала тәрбиесі негізінен басты-
басты сегіз түрлі мәселені қамтыған".
- Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдістемелікке үйретуді кездеген.
- Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген.
- Үшіншіден. тіл алғыш, елгезек бол деп үйреткен.
- Төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулуды көздеген.
- Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан
қарияның сөзін тыңда, ақпа-құлақ болма, құйма-құлақ бол дегенді бойларына
сіңіре берген.
- Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйретуді басты міндет етіп
қойған.
- Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа дейді халық тәрбиесі. Бұл
кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп-кісілердің табиғи кемдігін мұрны
пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты көрсетпе деген сөз.
- Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар
өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.
Қазақ отбасында тәрбиенің бұл бағыттары толығымен қамтылған. Бала
тәрбиесіне байланысты әр ата-ананың қалыптасып, ұрпактан-ұрпаққа жазылмаған
заң тәрізді ауызша жалғасып отырған.
Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, халықтың салты мен дәстүрін қадірлеуге, ел
тарихы, туған жер, ата-баба шежіресін қанығуға, бесік жырынан бастап халық
ән-күйіне сусындауға үйрету. Бұл-отбасы тәрбиесінің мақсаты болып табылады.
Жанұя тәрбиесіндегі ана мен әкенің ролі.
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың дүниеге келуімен
байланысты туған.
Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі — бала.
"Бесіксіз үйде береке жоқ".
"Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар".
"Көп баласы бардың маздап жанған шамы бар"
"Бала — адамның бауыр еті".
Баланың өмірге келуіне байланысты көптеген әдет-ғұрыптар бар.
1. Сүйінші жас нәресте дүниеге келген кезде үйден алыста жүрген отбасы
ағайындардан қуанышты хабарды тез жеткізу үшін атқа мініп, түзде жүрген
атасының немесе әкенің сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Сүйінші
сұрай барған адам ұл бала болса "ат ұстатар", қыз бала болса "қырық жеті"
деп хабарлаған.
2. Балаға ат қою көбінесе молданы әкеп, азан шақырып ат қойғызған.
"Қырықтың бірі-қыдыр" деп, құдайы қонаққа да "дуалы ауыз" деп ауылдың
үлкеніне немесе отбасы мен әжесіне қойғызған.
3. Бесікке бөлеу — бесік гигиеналық жағынан бала тәрбиесіне қолайлы.
Біріншіден, көші-қон кезіңде түйеге артуға қолайлы, екіншіден баланы
емізгенде, үшіншіден, бала жылы, әрі құрғақ жатады.
4. Бесік тойы — бала қырқынан шыққан соң ауыл-аймақты жинап, атасы мен
өжесі немесе екесі мен шешесі баланың бесікке салу тойын жасайды. Бесікке
салу үрім-бұтағы өскен беделді қариялардың біріне тапсырылады.
5. Тұсау кесу — бала қыз тұрып тәй-тәй басып жүре бастаған кезде
жасалатын салт-дәстүр. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5м ала жіп
немесе қойдың тоқ ішегі, қайшы немесе пышақ. Тұсауды ақылды, елгезек,
шаруаға икемді, пысық әйелдердің біріне кестіреді.
6. Атқа мінгізу тойы. Бала 4-5 жасқа келгенше әке-шешесі арнайы ат, ер
тоқым даярлайды.
Ерді қайыңнан безінен шаптырып жатады. Мұны "ашамай ер" деп атайды.
Ердің тебінгі, құйысқан, үзеңгілерін киіз бен былғарыдан, қайыстан,
күмістетіп жасатады. Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады.
7. Сүндет тойы. Сүндетке отырғызу 7-8 ғасырларға араб елдерінен шығып,
бүкіл мұсылман жұртына тараған. Ол мұсылмандықтың белгісі болып саналған.
Ер баланы 5-7 немесе 9 жасында отырғызған.
8. Шежіре үйрету. Балаға 7-3 жасынан бастап, ағайын-туысын, жеті
атасын, руын, тегін, ел-жұртын үйретугс ерекше көңіл бөлген. "Жеті атасын
білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар".
9. Құда түсу. Қазақ халқының қоғамдық қарым-қатынастары қыз алысып, қыз
берісіп, құда болу арқылы нығайтылып отырған. "Бесік құда", "Қарсы құда"
т.б. Сізде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға құда түсейін
деп келдім.
10. Ұрын келу. ілу тойы - бұл күйеу жігіттің қымбат кәделер мен жанына
әнші, күйші, палуан, сал-сері жігіттер ертіп, қайын жұртына келуіне
арналған той.
11. Қыз ұзату. Қыз ұзату тойы 3-4 күнге созылып, ат-жарыс, күрес, қыз
қуу және т.б. ұлттық ойын сауықтар өткізіледі.
12. Келін түсіру. Ауыл әйелдері ұзатылып келе жатқан жас келіннің
алдынан шығып, шашу шашады.
Үйлену тойының ең жауапты кезеңі - қыз бен - жігіттің некесін қию.
Дәстүрлі үйлену тойының сын сағаты шешуші сәті "ақ неке түні" деп
аталады...
"Шөлмек мың күнде сынбас, бір күнде сынады"
"Төсектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы - қорлық".
"Тәні сұлу — сұлу емес,
Жаны сұлу - сұлу".
Отбасы — бұл әке мен ананың үлгілі өнегесі негізінде қалыптасады. Осы
меселе Г.Н.Волковтың еңбегінде әке мен ана педагогакасы тұрғысында былайша
сипатталады.
"Әкенің миында — стратегия, ананың жүрегінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу
ҚР неке және отбасы құқығы
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ел басымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауы
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы
Пәндер