Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі францияның саяси жүйесі


Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның саяси жүйесі
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Уақытша режим
ә) Төртінші және бесінші республика
б) Солшыл партиялардың жақындасуы
3. Қорытынды бөлім
4. Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Францияның соғыстан кейінгі тарихи үш кезеңге бөлінді. Уақытша режим (1944-1946жж) -елдің азат етілгеннен кейін уақытша үкімет құрылып, жаңа конституция жасалып, экономиканың қалпына келтіру кезеңі. 1946 жылғы желтоқсанынан 1958 жылы күзіне дейінгі кезең Төртінші республика деп аталады. Ол дағдарыспен және 1958 жылы жаңа конституцияның негізінде Бесінші республиканың орнатылуымен аяқталды.
Уақытша режим. 1944-1946 жж. Қарсыласу қозғалысы Франциядағы соғыстан кейінгі партиялық-саяси жүйенің қалыптасуы мен жаңа конституцияның сипатына өте үлкен әсер етті. Уақытша үкіметтің құрамына қарсыласуға қатысқан негізгі саяси партиялардың-коммунистік партияның, социалистік партияның, католиктік партия-Халықтық-республикалық қозғалыстың (ХРҚ) және басқалардың өкілдері енді. Үкіметті «Азат Франция» қозғалысының басшысы генерал де Голль басқарды.
Төртінші республика. 1946-1958жж. Францияда парламенттік республика орнықты. 1946 ж. конституциясы 1789 ж. Адам және азамат құқықтары туралы декларацияда қойылған азаматтардың дәстүрлі құқықтары мен бостандықтарынан басқа еңбек етуге, демалуға, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім алуға, сонымен бірге еңбекшілердің өндірісті басқаруға қатысуға, кәсіподақ және саяси әрекеттерге құқықтарын жариялады.
1947ж. мамырына дейін үкімет үш басты партиняның келісімі негізінде құрылып келді. 1947 ж. мамырында коммунистер үкіметтің ауызбіршілігін бұзды деген айыппен біріккен үкімет қатарынан шығарылады (олар Рено зауыты жұмысшыларының ереуілін қолдаған болатын) . Сол уақыттан бастап Төртінші республика құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың одақтасу негізінде құрылып келді. Көп партиялық режимнің тұрақсыздығының себептерінің бірі болды-12 жыл ішінде 15 үкімет ауысты. Республиканың жылдан жылға терңдеп келе жатқан дағдарысының екінші бір себебі-ол елдің билеуші топтарының 1946-1954жж. Вьетнамда, 1954 жылдан Алжирде жүргізген отаршылдық соғыстары болды.
1948ж. өнеркәсіп өндірісі соғыстан бұрынғы деңгейге жетті. Жаңарту мен қайта құрудың бірінші жоспары (Монне жоспары) міндетті түрде болмағандығына қарамастан, француз экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарды. Жан Монненің «Жаңару немесе құлдырау» деген сөзі оның жоспарлау жөніндегі бірінші бас комиссар лауазымындағы қызметін сипаттап берді. Бірақ саяси тұрақсыздық, отаршылдық соғыстар, сыртқы саясат жолдары туралы мәселелер бойынша қоғамдағы алауыздық елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын дәйектілікпен іске асыруға бөгет болды.
50-жж. әлеуметтік қақтығусылар шиеленісе түсті. Жұмысшы қозғалысы бірнеше маңызды мәселелерді өз пайдасына шешті:ұжымдық келісімдер туралы заң қабылданды, жалақы артты, еңбекақының кепілдік берілген ең төменгі минимумы еңгізілді, ол орташа еңбекақының кепілдік берілген ең төменгі миимумы еңгізілді, ол орташа еңбекақының жартысына тең болды. Шаруалардың жаппай қозғалысы әділ сатып алу бағаларын белгілеуді және салықтарды азайтуды талап етті. Ұсақ саудагерлер мен қолөнершілердің наразылығы дүкенші П. Пужад басқарған үкіметке қарсы қозғалысқа айналды.
Шын мәнісінде Төртінші республиканың дағдарысы үздіксіз жүргізілген отыршылдық соғыстарда анық көрініс тапты. Қоғамдағы алауыздық, негізгі партиялардың қатарындағы келіспеушіліктер ультраотаршылдық пен жаңаотаршылдықты жақтаушылартарапынан шықты. 1958 жылы басында Алжирде жеңіске жетуге қабілетті «Күшті билік» орнатуды талап еткен
ультраотаршылдар тарапынан қастандық дайындалып жатты. Қастандық ұйымдастырушылар елде тәртіп орнатуға күші келеді деп генерал де Голльге беруді талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс де Голль үкіметіне сенім білдіріп, оған төтенші уәкілеттіліктер беріп, жаңа конституция жасауына келісті. Осыдан соң Ұлттық жиналыс өз қызметін тоқтатты. Төртінші республика кезеңі осылай бітті.
«Жеке билік» режимі. 1958-1969ж. Де Голль жасаған жаңа конституцияны 1958 жылы қыркүйекте өткен референдумға қатысқандардың 79%-ы мақұлдады. Оның негізінде екі турдан тұратын мажоритарлық жүйе бойынша Ұлттық жиналыстың сайлауы өткізілді. Сайлау қарсаңында де Голльдың жақтастары «Жаңа республиканы қорғау одағы» деген атпен жаңа саяси партия құрған болатын.
2. Негізгі бөлім
а) Уақытша режим.
Францияның саяси құрылымы азат етіле бастаған1944 дылдың күзінен, 1946 жылдың күзінде Төртінші Республика конституциясы қабылданғанға дейінгі аралық тарихқа Уақытша режим деген атпен енді. Бұл ұзаққа созылмаса да, демократиялық және антифашистік күштер біраз табыстарға жеткен Франция тарихындағы өте маңызды кезең болып табылады. Антифашистік коалицияның жеңісі бұрынғы күш арасалмағын түбегейлі өзгертті.
Соғыстан кейін Францияның саяси ішкі өміріндегі маңызды саяси оқиға жаңа конституция жасауға тиіс Құрылтай жиналысына сайлау болды. Болашақ конституцияның мазмұны, Құрылтай жиналысының өкілеттігі мен құқықтары жөніндегі мәселе қызу таластар туғызды. Коммунистік партия мен ВКТ Құрылтай жиналысына кең өкілеттіліктер беруді ұсынды. Радикалдар партиясы Құрылтай жиналысын шақырмай-ақ 1875 жылғы конституцияны қалпына келтіруді талап етті. Генерал де Голль Құрылтай жиналысының өкілеттілігін шектеп, оны шақыру мәселесін шешуді халыққа беруді (референдум) ұсынды.
21 қазан 1945 жылы Францияда соғыстан кейінгі алғашқы сайлау жүргізілді және онымен бір мезгілде Құрылтай жиналысы туралы мәселе бойынша референдум өткізілді. 96, 4 пайыз сайлаушылар 1875 жылғы конституцияны жоюды және Қүрылтай жиналысын шақыруды қолдап дауыс берді. 66, 3 пайыз сайлаушылар де Голль ұсынған үкімет ұйымдастыру жобасы мен келісті. Қүрылтай жиналысына сайлау елде жаңа саяси ахуал туғызды. Коммунистік партия Франция тарихында түңғыш рет парламентте бірінші орын алып, үлкен жеңіске жетті, 15- 5 млн. дауыс 2 депутаттық мандат. Екінші орында Социалистік партия - 4, 6 млн. дауыс, 142 депутаттық мандат. МРП 4, 5 млн. адамның дауысын жинады - 141 мандат. Оңшыл Республикандық бостандық партиясына сайлаушылардың небәрі 6 пайызы ғана дауыс берді. Осылайша Құрылтай жиналысында коммунистер мен социалистер көпшілік орынға ие болды (545 мандаттың 294-і) . Құрылтай жиналысының басым көпшілігіне көнгісі келмеген генерал де Голль 20 қаңтар 1946 жылы күтпеген жерден отставкаға кетті. Онан кейінгі 12 жылда ол саясатпен айналысқанына қарамастан үкімет қүрамына кірген жоқ. 1
Де Голль отставкаға кеткен соң коммунистер социалистік партияға бірігіп үкімет қүруды үсынды. Үкімет басшысы болып социалист Ф. Гуэн, сонан соң 1946 жылдың маусымынан МРП партиясының лидері Ж. Бидо болды. Гуэн мен Бидо үкіметіне коммунистердің қатысуы қалың көпшілік талап еткен ірі реформаларды жүзеге асыруға себепші болды. 1945-1946 жылдарда оңшыл топтардың қарсылығына қарамастан ірі 5 банк: Француз банк, Лион кредиті, Бас қоғам, Үлттық есеп конторы, Үлттык сауда-өнеркәсіп банкі; басты сақтандыру компаниялары; көмір, электро-энергия мен газ өнеркәсібі национализацияланды. Олар бүрынғы национализацияланған кәсіпорындармен бірге ірі мемлекеттік сектор қүрды.
13 қазан 1946 жылы екінші рет откізілген референдумда сайлаушылардың копшілігі қолдап, жаңа конституцияға дауыс берді. 1946 жылы желтоқсанда жаңа конституция ресми түрде күшіне енді. 1946 жылғы француз конституциясы Қарсылықтың солшыл үйымдарының конституциялық жобаларының коптеген идеясын өмірге енгізді. Ол буржуазиялық елдердегі демократиялық конституцияның бірінен саналды. Конституцияға сәйкес Франция «түтас, зайырлы, демократиялық және әлеуметтік Республика» болып жарияланды. 1946 жылы конституцияда еңбек ету қүқы, демалыс қүқы, әлеуметтік қамтамасыз ету құкы, білім алу қүқы сияқты ең қажетті әлеуметтік қүқықтар көрсетілген. Сонымен қатар конституцияда ерлер мен әйелдердің тең қүқықтығы, еңбекшілердің кәсіпорын басқаруға катысуы, кәсіподақ және саяси қызмет, «заң аясында» ереуіл жасау қүқықтары айқындалған. 1946 жылы конституцияға солшыл күштердің талап етуімен әлеуметтік-экономикалык қайта қүрулар мүмкіндігі енгізілді. «Француз империясы» деген атау «Француз одағы» деген терминмен ауыстырылды. Франция халқының және отар мен тәуелді елдердегі халықтардың қүкықтары мен міндеттерінің теңдігі жарияланды.
1946 жылғы конституция бойынша мемлекеттік өкіметтің ең жоғарғы органы Үлттық жиналыс пен Республика кеңесімен түратын парламент болды. Жалпыхалықтық дауыспен сайланатын Үлттық жиналыс ғана зандар шығара алды. Республика Кеңесі заңның қабылдауын кейінге қалдыруға және оны Ұлттық жиналыста қайта қарауға жіберу құқығын иеленді. Үкімет Ұлттық жиналыс алдында жауапты, оның талабымен отставкаға кетуге міндетті. Республика президентін парламент сайлады, оның барлық актілерін үкімет бекітті. Жалпы алғанда 1946 жылғы конституция буржуазиялық-демократиялық сипатта болды.
Блюм бастаған тек социалистерден түратын бір партиялық үкімет қүрылды. Ол бір ай ғана өмір сүрді. Соған қарамастан Францияның тағдырында терең із қалдырған іс істеп үлгерді. 1946 жылы желтоқсанда ол Вьетнамда отарлық соғыс тұтандыруға себепші болды. 1947 жылы желтоқсанда Блюм үкіметі социалист Рамадье бастаған коммунистер, социалистер, МРП мүшелері, радикалдардың өкілдері кірген коалициялық үкіметке орын берді. Екі палатаның біріккен мәжілісінде Франция президенті болып Венсан Ориоль сайланды. Үлттық жиналыстың төрағасы Эррио болды. Уақытша режим күні бітті. Төртінші Республика кезеңі басталды.
ә) Төртінші және бесінші республика .
Соғыстан кейінгі кезеңде мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуында үлкен қадам жасалды. Француз мемлекеттік-монополистік капитализміне тән сипат соғыстан кейінгі кезеңде ірі мемлекеттік сектордың қүрылуы мен экономиканы «программалауды» кең түрде қолдану болды. 1946 жылы жоспарлау бойынша Бас секретариат қүрылды. Ол экономикалык дамуды жоспарлауды дайындау міндетін атқарды. 1947 жылы үкімет Франция тарихында түңғыш рет модернизациялау мен реконструкция жоспарын қабылдады. Ол инициаторының атымен «Монне жоспары» деп аталды. Монне жоспары аяқталған соң, Төртінші республиканың соңына дейін күшін жоймаған «Екінші жоспар» (1954-1957 жж. ) деп аталатын жоспар пайда болды.
Антифашистік коалицияның жіктелуі және халықаралық қатынастың шиеленісуі коммунистерді үкімет қүрамынан қууды және КСРО-ға «жесткий курс» үстауды талап еткен француз оңшылдарының әрекетіне жағдай туғызды. Францияда саяси күштердің қайта топтасуы басталды. Қарсылық қозғалысы тарап кетті. 1947 жылы сәуірде генерал де Голль жаңа саяси үйым - «Француз халқының бірігуі» (РПФ) деген үйым қүратынын жариялады. 2
Үкімет коалициялық партияларының арасында қақтығыс 1947 жылы өз шыңына жетті. 1947 жылы 25 сәуірде национализацияланған Рейн автомобиль заводының жұмысшылары жалақыны көтеру талабымен ереуілге шықты. Коммунистер оларды қолдады. Рамадье үкіметінің қүрамына кірген қалған партиялар бағаның өсуімен күрес жүргізу қажет деп, жалақының көтерілуіне қарсы шықты. Саяси дағдарыс туды. Оны шешудің ең оңай жолы Рамадье үкіметінің отставкаға кетуі мен жаңа үкіметтің Үлттык жиналысын қалыптастыру еді. Коммунистер осы жолды қолдады. Алайда Рамадье және СФИО-ның парламенттік фракциясының лидері Блюм коммунистерді үкіметтен шығаруға үйғарды. 5 мамыр 1947 жылы Рамадье үкіметтен министр-коммунистердің шығарылғандығы жөнінде декрет жариялады. Үлттық жиналыс көпшілік дауыспен мүны қолдады. Осылайша сайлаушылардың көпшілігінің сеніміне ие болған Франциядағы ең ірі партия демократиялық нормаларға сәйкес келмесе де үкіметтен ығыстырылды. Үшпартиялық коалиция күйреді.
Үшпартиялық коалиция күйреген соң социалистік партия мен радикалдық партия Үлттык жиналыста азшылық болып қалды. Өкімет басында коммунистердің сүйенуінсіз отыру үшін, олар оңшыл топтардың көмегін қажет етті. Парламентті таратуды және жаңа сайлау жүргізуді талап еткен деголльдіктермен социалистердің де, радикалдардың да келіскісі келмеді. Осындай жағдайда Блюм мен Ги Молле коммунизм мен голлизм қаупіне қарсы күресетін «үшінші күш» коалициясын қүруды үсынды. 1947 жылы қарашада «үшінші күш» үкіметі Рамадье үкіметін ауыстырды. Оны радикалдық партияның көрнекті қайраткері, 1940 жылы Петэн үкіметінің мүшесі болған, онан соң Қарсылыққа қатысқан Робер Шуман басқарды. «Үшінші күш» коалициясын елде де, парламентте де көпшілік қолдамады. Сондықтан олар оңшылдарға сүйенді. Соғыстан кейін алғаш рет үкімет қүрамына өздерін «тәуелсіздерміз» деп атаған оңшыл партиялардың екі өкілі кірді. «Үштік күш» коалициясының өкімет басына келуімен Франция буржуазиялық парламентаризмнің ең нашар дәстүрлеріне - көпшілікке ие болмаған кабинетке, үнемі министрліктердің дағдарысы мен үкіметтің түрақсыздығына қайта оралды. Олар 1947 жылдың қарашасынан 1951 жылдың маусымына дейін басқарды. Осы уақытта 8 үкімет ауысты.
Өкімет басына «үштік күш» үкіметінің келуіне байланысты Франция саясатында түбегейлі бетбүрыс жасалды. 1948 жылы наурызда Франция Батыс одаққа мүше болды.
Бесінші республика. 28 қыркүйек 1958 жылы соғыстан кейін үшінші рет конституциялық мәселе бойынша референдум өткізілді. Сайлаушыларға жаңа конституция жобасы жөнінде өз ойларын білдіру үсынылды. Жоба Төртінші республика конституциясынан мүлдем өзгеше еді. Онда демократиялық қүқық пен бостандық жалпы формада аталған. Егер де Төртінші республикада жоғарғы билік парламентке жинақталса, ал жаңа конституция жобасында негізгі роль президентке берілді. Онда күрделі қосымша дауыс беру арқылы президент 7 жылға сайланды, (Төртінші республикадағыдай парламентпен емес), үлттық тәуелсіздік пен Францияның территориялық түтастығы жарияланды. Жобаға сай президент үкімет басшысы және бас қолбасшы болатын болды. Ол (өзі үсынған) премьер-министр және үкіметтің басқа мүшелерін тағайындады, әскери және азаматтық жоғарғы қызметтерге тағайындауды жүзеге асырды. Президент барлық заңдарға қол қойды және жариялады. Оның кез келген заңды қайта қарауға немесе референдумға шығаруға қүқы болды. Президенттің парламентпен келіспеушілік болған жағдайда оның Ұлттық жиналысты таратуға және жаңа сайлау тағайындауға қүқы бар. Конституция жобасының 16-бабы елде төтенше жағдай жариялауға және өкіметтің барлық билігін қолына алуына қүқық береді. Заң шығару билігі екі палатадан тұратын парламентке беріледі. Ұлттық жиналыс тікелей жалпы дауыспен бес жылға сайланады. Сенат қосымша дауыспен сайланды, әр үш жылда 3/1 бөлігі жаңарып отырды. 1946 жылғы конституциямен салыстырғанда парламент өкілеттілігі едәуір шектелді. Бюджетті талқылау барысында депутаттардың мемлекет шығынын үлғайтатын үсыныстар енгізуіне тыйым салынды. Бұл еңбекшілердің мүддесіне қарай финанстык шаралар жүргізуді қиындатты. Бюджетті талқылау мерзімі 70 күн ғана болды. Егер осы уақытта бюджетті парламент бекітпесе, үкімет парламенттің пікірінсіз оны күшіне ендіреді.
Парламент сессияларының ұзақтағы қысқарды. Парламенттің атқарушы органның қызметіне бақылау жасауы қиындай бастады. Үлттық жиналыс (Сенат та) президентті орнынан түсіре де алмады, не бақылай да алмады. Үлттык жиналыс үкіметке отставка ғана бере алатын еді. Ол үшін депутаттардың көпшілігі жақтаған «ерекше резолюция» қабылдануы қажет еді (қатыспаған депутаттардың дауысы үкіметті жақтаған болып есептелінді) . Егер де қажетті дауыс жинай алмаған жағдайда сол сессияда екінші рет үсыныс енгізілмейді. Ол қабылданған күнде де парламенттің отставкаға кетуі міндетті емес. Оның үстіне президент парламентті кетіру үшін Үлттық жиналысты таратып, жаңа сайлау белгілейді. .
Коммунистік партияның конституция жобасының антидемократиялық тенденциясын айыптады және оған қарсы дауыс беруге шақырды. Үкімет жобасына компартиядан басқа Мендес-Франс және Миттеран жақтастары, социалистердің біразы, пужадистер жаңа конституция жобасын тым либерал деп қарсы шықты. Қалған саяси партиялардың бәрі, оның ішінде СФИО да бар, үкімет заң жобасын колдады. Референдумда үкімет ойсырата жеңді. Оған сайлаушылардың 79% дауыс берді. 4 қазан 1958 жылы жаңа конституция күшіне енді. Францияның барлық жерінде Бесінші республика деп аталған жаңа саяси режим орнады.
Сайлау нәтижесінің осындай болуының себептері буржуазиялық партиялардың және социалистердің лидерлерінің сайлаушыларды азамат соғысымен қорқытуы еді. Тағы бір себебі қалың көпшіліктің Төртінші республиканың саяси жүйесіне, әсіресе «Республикандық майдан» қызметіне көңілдері толмауы еді. Оның үстіне генерал де Голльдің соғыс кезінде жинаған беделінің де әсері бар. Халық жаңа конституцияны қабылдағанда үкіметке емес, де Голльге сенім білдірген еді.
Де Голль президент қызметіне отырған соң басқарудың негізгі тізгінін қолына алып, «жеке билік» режимін орнатты. Ішкі және сыртқы саясат, сондай-ақ Алжир саясатын президент тікелей өзі басқарды. Де Голль түсында Министрлер кеңесі министрлер дауыс бере алмайтын, тек пікірін ғана айта алатын ақылдасатын органға айналды. Барлық негізгі мәселелерді президенттің өзі ғана шешті, кейде ол мәселелер туралы үкімет мүшелерінің өзі газеттен біліп жататын. 3
Де Голль үкімет басына келгенде халықаралық қатынастар мен капиталистік елдердің ішкі жағдайында ірі өзгерістер болып жатқан кез еді. Бүл уақыт дүниежүзілік дамуда социализм шешуші фактор атқарған кез болатын. Кеңес Одағы сол кезеңде бейбіт сүйгіш сыртқы саясат жүргізді, оның бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік үшін күресін дүниежүзінің көптеген халықтары қолдады. Осындай жағдайда ірі капиталистік мемлекеттердің басшылары Кеңес Одағы және басқа социалистік елдермен қатынасын жақсартуды үйғарды.
Бесінші республика тұсында ғылыми-техникалық революция тез қарқынмен дамыды. Ғылым өнеркәсіп, транспорт, ауыл шаруашьглығының дамуын анықтайтын өндіргіш күшіне айналды, осы негізде халықтың түрмыс жағдайы да өзгерді.
б) Солшыл партиялардың жақындасуы
Басқарушы топ лагері арасында едәуір келіспеушіліктер орын алды. Алжир соғысының барысында-ақ үкіметке қарсы қастандық пен бүлік жолына түскен ультраотаршылдар мен үкімет арасы ажыраған еді. Ультраоңшылдар жеңіліс тапты, бірақ оларға ниеттес буржуазия тобы де Голльді қолдауын тоқтатты. 1962 жылы де Голль Европаны «интеграциялау» идеясын сынаған соң, үкімет құрамынан МРП лидерлері шықты. «Тәуелсіздердің» парламенттік фракциясы өз мүшелерінің министрліктен кетуін талап етті, алайда жас финанс министрі В. Жискар д' Эстен бастаған «тәуелсіз» министрлер үкіметті тастаудан бас тартты. Осылайша бүрынғы үкімет коалициясы тарады. Бесінші республика үкіметінде солшыл оппозициямен катар «тәуелсіздер» мен МРП мүшелерінен оңшыл оппозиция қалыптасты.
Оппозициялық буржуазиялық партиялар мен халық наразылығы өсуімен қақтығысқан де Голль президенттік билікті одан сайын күшейте түсуге шешім байлады. 1962 жылы қыркүйекте президентті тікелей жалпы дауыспен сайлау үшін конституцияны қайта қарау қажет деп жариялады. Конституцияны қайта қарауға ЮНР-ден басқа партиялардың бәрі қарсы болды, Солшыл оппозиция партиялары оны президент билігін нығайтудың жаңа бір әрекеті ретінде көрді. Оңшыл оппозиция де Голльдің өкілеттілігінің кеңеюі «атлантизм» және «европеизмге» жаңа соққы болып тиеді деп қауіптенді. МРП мен «тәуелсіздердің» біразының оппозицияға кетуі парламентке конституцияны кайта қарау заңын қабылдатпауы мүмкін деп ойлаған де Голль оны парламентке салмай-ақ референдумға қоюды шешті. Заңға қайшы келетін бүл шешім қатты қарсылық тудырды. Францияның ең жоғарғы заң инстанциялары - Мемлекеттік кеңес пен Конституциялық кеңес оны конституциялық емес деп жариялады. Социалистер, радикалдар мен МРП партиясы саны бойынша оныншы рет үкіметке жаңа резолюциялық порицания беруді енгізді. Бүл жолы оған солшыл және оңшыл оппозиция партияларының бәрі де дауыс берді: коммунистерден «тәуелсіздерге» дейін. Бесінші республика тарихында бірінші рет порицания резолюциясы көп дауыс жинады, бірақ президент де Голль үкімет отставкасын мойындаудан бас тартты. Ол ¥лттық жиналысты таратып, референдумнан кейін жаңа сайлау жүргізіледі деп жария салды.
28 қазан 1962 жылы референдум өткізілді. Коммунистік партия «барлық республикандықтарға» ортақ программамен шығуды үсынды. Алайда социалистер мен радикалдар лидерлері коммунистермен бірігіп қимылдағаннан гөрі оңшыл күштермен келіскенді жөн көрді. Олар «тәуелсіздер» мен МРП-мен бірге «картель жоқ» (референдумда жоқ деп жауап бергенді жақтаушылар одағы) одағын үйымдастырды. Оның лидері «тәуелсіздердің» ақсақалы бүрын де Голльді жақтаған Поль Рейне болды. «Картель жоқ» программасының ішкі бағыты үкімет заң жобаларына тойтарыс беру, 1958 жылғы конституцияны сақтауды көздеді. Сыртқы саясатта европалық интеграцияға, Солтүстік атлант пактісіндегі әріптестерін қолдау жарияланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz