Хирургиялық инфекциядан сақтану жолдары



1. Хирургиялық инфекция туралы түсінік және оның қоздырушы микробтарының түрлері.
2. Іріңді микробтардың түрлері.
3. Инфекциялық микробтардың жараға кіру жолдары.
4. АНТИСЕПТИКА
5. АСЕПТИКА
"Инфекция" деген ұғым адам ағзасы мен микробтардың арасындағы қарым-қатынас және адам мүшелерінің микробқа қарсыласу реакциясы. Инфекцияның жеке түріне хирургиялық инфекция жатады. Хирургиялық инфекция дегенді адам ағзасына іріңдеткіш микробтардың түсуінің нәтижесінде пайда болған іріңді ауруды хирургиялық жолмен емдеу деп түсіну керек /сыздауық, шиқан, көршиқан, сом, тілме, сүйек майының қабынуы, жараның іріндеуі тағы басқа/. Адам ағзасына іріңді микробтардың енуі үшін терінің не болмаса шырышты қабықшаның тұтастығы бұзылып, жарақаттанып инфекция «кіретін қақпаң болуы керек. Хирургиялық инфекцияның вируленттік күші басым болып және адам ағзасының қарсы тұратын күші аз болса, ол адам әр түрлі қабыну процесіне шалдығады. Алдын ала хирургиялық инфекцияны болдырмау үшін адам ағзасының инфекцияға қарсы тұратын күшін көтеріп тері мен шырышты қабықшаның тазалығын бақылап және жаңа басталған іріңді қабыну процестерін уақытында хирургиялық әдістермен емдеп отыру керек.
Хирургиялық инфекцияның асқынған кезінде ағзаның иммундық күшін көбейтіп, микрофлоралардың өсіп-өнуіне жол бермеу керек. Бұл үшін хирургиялық тәжірибеде көптеген емдеудің түрлері қолданылады: антисептикалық дәрілер, антибиотиктер және хирургиялық тәсілдер. Хирургиялық операцияның екі түрі болады.
а) іріңдеген, жарақаттанған, мыжылған ұлпаларды не болмаса мүшелерді операция жолымен кесіп алып тастау (қанды операция),
б) шыққан буынды, сынған сүйекті орнына салып таңып байлау (қансыз операция). Сондықтан операция жасалғанда іріңді алдын-ала болдырмау, оны қан айналымына түсірмеу және сепсис жағдайында ұластырмау медицина қызметкерлерінің басты шарты.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ
Хирургиялық инфекция туралы түсінік және оның қоздырушы микробтарының
түрлері.
"Инфекция" деген ұғым адам ағзасы мен микробтардың арасындағы қарым-қатынас
және адам мүшелерінің микробқа қарсыласу реакциясы. Инфекцияның жеке түріне
хирургиялық инфекция жатады. Хирургиялық инфекция дегенді адам ағзасына
іріңдеткіш микробтардың түсуінің нәтижесінде пайда болған іріңді ауруды
хирургиялық жолмен емдеу деп түсіну керек сыздауық, шиқан, көршиқан, сом,
тілме, сүйек майының қабынуы, жараның іріндеуі тағы басқа. Адам ағзасына
іріңді микробтардың енуі үшін терінің не болмаса шырышты қабықшаның
тұтастығы бұзылып, жарақаттанып инфекция кіретін қақпаң болуы керек.
Хирургиялық инфекцияның вируленттік күші басым болып және адам ағзасының
қарсы тұратын күші аз болса, ол адам әр түрлі қабыну процесіне шалдығады.
Алдын ала хирургиялық инфекцияны болдырмау үшін адам ағзасының инфекцияға
қарсы тұратын күшін көтеріп тері мен шырышты қабықшаның тазалығын бақылап
және жаңа басталған іріңді қабыну процестерін уақытында хирургиялық
әдістермен емдеп отыру керек.
Хирургиялық инфекцияның асқынған кезінде ағзаның иммундық күшін көбейтіп,
микрофлоралардың өсіп-өнуіне жол бермеу керек. Бұл үшін хирургиялық
тәжірибеде көптеген емдеудің түрлері қолданылады: антисептикалық дәрілер,
антибиотиктер және хирургиялық тәсілдер. Хирургиялық операцияның екі түрі
болады.
а) іріңдеген, жарақаттанған, мыжылған ұлпаларды не болмаса мүшелерді
операция жолымен кесіп алып тастау (қанды операция),
б) шыққан буынды, сынған сүйекті орнына салып таңып байлау (қансыз
операция). Сондықтан операция жасалғанда іріңді алдын-ала болдырмау, оны
қан айналымына түсірмеу және сепсис жағдайында ұластырмау медицина
қызметкерлерінің басты шарты.

Іріңді микробтардың түрлері.
1.Аэробты микробтар, атомосферадағы оттегінің қатысуымен өсіп-өнеді.
2. Анаэробты микробтар, атмосферадағы оттегі болмаған уақытта өсіп-өнеді.
а) Стафилококк — аэробтық инфекция, әсіресе, ауада, жерде киімде, адамның
денесінде көп тараған. Ақ және алтын түсті стафилококк болып бөлінеді.
б) Стрептококк – көп тараған инфекция. Адам ағзасында іріңді ауруларды
тудырады.
в) Пневмококк екі жағдайда өсіп-өнеді. Көбінесе өкпе қуысы мүшелерінің
қабынуын тудырады.
г) Ішек таяқша инфекциясы. Бүл инфекция ішектің ішінде және адамның
нәжістерінің ішінде өсіп-өнеді. Екі жағдайда өмір сүре алады.
Іріңді микроб анаэроб бактериялардың ішінде хирургияға қатысы бар екі
түрлі микроб бар: анаэробтық гангрена және сіріспе ауруын қоздырушы
микробтары (столбняк).
Инфекциялық микробтардың жараға кіру жолдары.
Адам ағзасына инфекция екі жолмен келіп түседі. Экзогендік жол инфекцияның
сырттан тікелей түсетін түрі: ауадан, медицина қызметкерлерінің
түкірігінен, сілекейінен, әртүрлі қолданған аспаптардан. Эндогендік жол -
инфекцияның бастамасы ауру адамның ағзасында болады іріңді жаралар,
шіріген тістер, жоғары тыныс жолдарының қабынуы және тағы басқа. Ауруға
операция жасаған уақытта және операциядан кейін қан және лимфа тамырлары
арқылы таралатын жол.
АНТИСЕПТИКА
Антисептика- механикалық, химиялық, физикалық, биологиялық және қосылған
әдістер арқылы іске асырылады. Антисептика деген сөз грек тілінен алынған
"анти" — "қарсы", "септикос" — "іріп-шіру", іріп-шіруге қарсы күрес.
Механикалық әдіс — хирургиялық әдіс. Жарақаттанған адамның жарасын, ұйыған
қанды, іріңдеген ісікті, жансызданған ұлпаларды кесіп алып тастап, сол
жерді қайтадан тігу әдісі, яғни жараны алғашқы хирургиялық жолмен тазалау.
Сонымен қатар антисептикалық ерітіндімен жараны, қуысты жуып тазалау да
механикалық әдіске жатады.
Физикалық әдіс - жараның, қуыстың іріңдерін дәкеден жасалған тампон,
пластмассадан, резеңкеден жасалған түтіктер арқылы сыртқа сорғызып, ағызып,
құрғату әдістері жатады. Дәкеден жасалған тампонды 10% натрий хлориді және
0-40% глюкоза ерітіндісіне малып алу керек. Кейбір жараларды кварц
сәулесімен емдейді.
Химиялық әдіс — жарадағы іріңдеткіш микрофлораны әртурлі химиялық дәрі-
дәрмектермен өсіп-өну процесін бұзу. Химиялық антисептиктер тобына, қолды,
операциялық аймақты, құрал-аспаптарды және тағы басқаларын зарарсыздандыру
үшін пайдаланатын ерітінділер жатады.
Органикалық емес қосындылар.
1. Галоидтар: спиртгелген йод, су мен спиртке езілген Люгола ерітіндісі,
йоданат. Бұл ерітінділер жараның айналасына, хирургтың қолын жууға,
операция жасалатын теріге жағуға пайдаланады.
2. Қышқылданғыштар: 3% сутегі тотығы мен перманганат калийдің 0,5-1 %
ертінділерімен жараға түскен бөтен заттарды, іріңдерді емдеуге болады.
3. Органикалық қышқылдар және сілтілер, бор қышқылының 2-3% ерітіндісі
жараларға жағуға, жууға; мүсәтір ерітіндісінің-0,5%- ын хирургтердің
қолдарын жуу үшін пайдаланады.
4. Ауыр металл тұздары: сулема (екі хлорлы сынап) 1:1000 сулы ерітіндісін
резеңке қолғаптарды, жараларды тігуге арналған жібек жіптердің микробтарын
жою үшін пайдаланады; күмістің 5-10 пайыздық ерітіндісін сыздауық сияқты
жараны күйдіру үшін қолданады.
Органикалық қосындылар.
5. Этиль спирті 96 пайыз, 70 пайыз түрінде қолданады. Қолды және
операциялық аймақты зарарсыздандыру үшін пайдаланады.
6. Альдегидтер: формалин (36,5-37,5 пайызды сумен араласқан формальдегид)
урологиялық аспаптарды, дренаждық түтіктерді тазартуға қодданады. Лизоформ
дәрісі – байлам жасау бөлмесін, операция жасалатын бөлмені тазарту үшін
қолданады.
7. Нитрофурандар: фурациллин, фурадонин. Фурациллиннің 1:5000 ерітіндісімен
операция кезінде қарынның, қуықтың, кеуденің қуыстарын, іріңді жараны жуып-
шаяды.
8. Бояғыштар: метиль көгі, бриллиант жасылы хирургиялық тәжірибеде сыртқы
жараларды зарарсыздандыру үшін пайдаланылады.
9. Сульфаниламидты дәрі-дәрмектер: стрептоцид, сульфазин, норсульфазол,
этазол, сульфадимезин, сульфадиментоксин. Бұл дәрілер адам ағзасындағы
микробтардың тіршілігіне, өсіп-өнуіне кедергі жасайды. Әсіресе, урологиялық
тәжірибеде коп қолданылады.
10. Антибиотиктер: Грек сөзі "анти"- "қарсы", "биос"-өмір'', микробтардың
өміріне қарсы күрес деген мағынаны береді. Антибиотик дәрісімен емдегендегі
негізгі ережелері:
а) керектігін қатаң түрде белгілеу,
б) ағзадағы микробтардың сезімталдығын білу,
в) көп уақыт емдегенде, әрбір апта сайын антибиотиктердің түрлерін
ауыстырып тұру,
г) бактерияларға қарсы күшін көтеру үшін, басқа дәрі-дәрмекті қосып
(нистатин) беру,
е) Антибиотикпен емдегенде оның жергілікті және жалпы түрде жіберілу
мақсатын ойлау керек.
Қазіргі кезде антибиотик дәрілердің көптігіне байланысты бірнеше топқа
бөледі.
- Пенициллин тобы: бициллин I, III, V, ампициллин, окцасилин.
- Стрептомицин тобы.
- Тетрациклин тобы: тетрациклин, морфоциклин.
- Левомицитин тобы : левомицитин, синтомицин.
- Макролид тобы: эритромицин, олеандомицин, олететрин.
- Аминоглюкозид тобы: канамицин, мономицин.
- Грибоктарға қарсы антиобиотиктер: нистатин, леворин.
Антибиотиктерді ауру адамға бірнеше жолдармен енгізуге болады:
а) сұйық ерітінді күйінде терінің астына, бұлшық етке, қан және лимфа
тамырлары арқылы, сүйек ішіне,
б) ұнтақ (порошок) және май ретінде жараның, ісіктің бетіне
в) таблетка, капсула ретінде асқазан арқылы.
Ауруға антибиотиктердің үйлесімділігін анықтау. Аурудың антибиотикке күшті
сезімталдығын анықтау үшін теріасты тексеруін жасау керек. Бұл үшін 0,1 мл
физиологиялық ерітіндіні ішінде 1.000 ЕД антибиотик бар, білектің алақан
бетіне тері ішіне жіберіледі. Егерде ауру адам осы антибиотикке сезімтал
болса жіберілген жердің айналасында қызарған ісік пайда болады. Бұл
антибиотикті ауруға енгізуге болмайды.
АСЕПТИКА
Грек тілінен алынған "а" — "жоқ", "септикос" - "іріңдету", яғни іріңдеткіш
микробтардың жараға түсуіне сақтандыратын қарсы шаралар. Операция кезінде
жараға микробтар түспес үшін хирургиялық жұмысты ұйымдастыру және әртүрлі
әдістерді асептикалық, физикалық, биологиялық тағы басқа пайдаланып, іріңді
микробтардың өсіп өнуіне кедергі жасау. Хирургиялық бөлімшенің құрал-
саймандарын, таңатын және тігетін байламдардағы микробтар мен олардың
спораларын ұрықтарын зарарсыздандыру үшін
тәжірибеде қайнату, күйдіру, қыздыру, жоғары қысымда бумен 2 атм. дейін
устауды қолданып келеді.
Күйдіріп зарарсыздаңдыру: хирургиялық құрал-саймандардың сапасын
төмендетеді және сенімді түрде зарарсыздандырады деп үміт күтуге болмайды,
сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аса қауіпті инфекциядан өлгендерді жаруын жүргізу тәртібі
Медициналық бетперде қажеттілігі
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары: Соз, Мерез
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу
Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
Жануарлардың қан топтары және көп қан жоғалтқан жануарларға қан құю.Хирургиялық инфекциялар, дамуы, емдеу және алдын алу шаралары
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Жатыр ауруларын емдеу жолдары
Профилактикалық антисептика
Иммунизацияланған Жануарлар препараттармен нуклеокапсид, сатып алғанымыз жоқ резистенттілігін кейіннен құтыру вирусын жұқтыру
Пәндер