Әмір Темір туралы тарихнама


Темірлан немесе түркі дүниесінде Әмір-Темір атымен тарихта әйгілі аты қалған тұлғаның жеке өмірі мен оның сан-алуан қызметтері қазіргі кездегі оқымысты зерттеушілердің барған сайын қызығушылығын арттыра түсуде. Оның себептері де түсінікті. Өйткені Темірлан туралы бұрынғы жазылып, зерттеліп кеңінен тарихта әртүрлі зерттеу жұмыстары мазмұндары жағынан ұқсас болғанымен олардың ортақ бағалары бірдей болды. Ондай "ұқсастық" немесе "бірегейлік баға" беріліп кеңес дәуірінде жарыққа шыққан еңбектерде кеңінен орын алды. Кеңес авторларының зерттеулерінде отаршылдық, билеп-төстеушілік мүдделеріне сәйкестендірілді. Сөйтіп Әмір-Темір тарихи тұлға ретінде тек "зұлым", "басқыншы", "жауыз", "қатыгез" т. б. бағалармен сипатталды. Әрине, өзінен-өзі түсінікті нәрсе XIV-XV ғасырдағы Орталық Азия, түркі халықтарының мемлекеттілігін қалыптастыру басқа саясаттармен қатар соғыс қимылдарынсыз шешілуі мүмкін емес еді. Мұндай құбылыстар тек Орталық Азия халықтарының тарихына ғана тән емес, ол әлем халықтарының орта ғасырдағы тарихтарына да бірден бір тән құбылыс екендігін тарих оқиғалары растайды. Демек, басқа өркениет дәрежесіне қолдары жеткен халықтардың бастарынан өткен "зорлық соғыстар" объективті жағымды роль атқарып, біртұтас мемлекеттілікті қалыптастыруда өзінің үлесін қосты. Осы мағынада алғанда Әмір-Темір саясаты да қайта қаралып, оны Орта Азия халықтарының біртұтас мемлекетін құру жолындағы күрес заңдылықтарымен байланыстыру қажет1. Сонда ғана Әмір-Темір туралы зерттеулер біздің пікірімізше толық, тарихи шындықгы толықтыра түседі деген ойдамыз. Жоғарыдағы айтылған пікірлерден, әрине, Әмір-Темірдің басқыншы соғыс, қатігездік жойқын әрекеттерін бүркемелеу ниеттері пікірлері тумаса керек. Оның ұлы әскери қолбасшы ретінде шын мәнінде жойымпаз соғыстар жүргізіп, есімі жауыздық пен қатігездік баламасына айналғандығын жоққа шығаруға болмайды.
Жоғарыдағы пікірлерді топшылай келіп, мен бұл жұмысымда Әмір-Темірдің кезіндегі, дәлірек айтқанда ХІІІ-ХІV ғасырдағы Орта Азия халықарының саяси-әлеуметтік жағдайы, Тимуридтер империясының жүргізген саясатына мүмкіншілік жеткенше талдау жасап, оның мәндерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасадым. Әрине, бұл мәселеде Әмір-Темірдің өмір деректеріне де жеткілікті назар аударылды2.
Мен өз жұмысым арқылы ХIV - XX ғғ. Әлемді жаулап алу саясатын жүргізген алып империяның билеушісі, оның жүргізген ішкі - сыртқы саясаты туралы (уақыт) тарихи деректерді пайдалана отырып, әміршіл туралы әлі ашылмаған тарих беттеріне шолу жасағым келді. Аршында Самарқандағы тұтас сәулет ескерткіштері ансамблі мен түркі дүниесінің рухани орталығына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалдырған тарихи тұлғаның әлі зерттелмеген, ашылмаған соқпақтарына ХХІ ғасыр тұрғысынан көз салуды (армандадым) мақсат еттім.
Әмір-Темір туралы тарихнама, оның қысқаша сипаттары
Әмір-Темір өмірі мен әртүрлі саладағы қызметі туралы тарихи деректер баршылық. Олардың қатарында, ерекше, Әмір-Темір кезінде жазылған деректер және толып жатқан заттай тарихи ескерткіштер көптеп кездеседі. Әмір-Темір кезіндегі жазба деректер көбінесе мемуарлық деректемелерге қарағанда Әмір-Темір кезекті жарыққа шыққан кезде, оны жазып, суреттеп отыру үшін жанына арнайы "дабирани-хас" және "фадилани-аср" ұйғыр, парсы ғалымдарынан жеке хатшы ретінде алып жүрген. Осындай ғалымдардың бірі Омар болған. Ол Әмір-Темірдің "Индия жорықтары туралы күнделіктер" деп аталған еңбек жазған. Бірақ, бұл еңбек бізге дейін сақталмаған. Бірақ, Әмір-Темір өз жорықтарын бірнеше адамдарға жаздырған. Сондай авторлардың бірі Гияс-ад-дин-Али болған. Ол 1403 жылы 12 наурызда "Индия жорықтары туралы күнделіктер" деп аталған шығарма жазған. Б9л шығармада Гияс-ад-дин-Али жорықтармен қатар басқа да жайлы деректер қалдырған3.
Әмір-Темір тарихнамасының маңызды деректемесі қазіргі кезге дейін жеткен Низам-ад-дин Шами жазған "Зафар-Наме" ("Жеңіс кітабы") атты шығармасы екендігін ерекше атап кеткен жөн. Низам-ад-дин Шамидің "Зафар-наме" ("Жеңіс кітабы") шығармасы Гияс-ад-дин Алиден айырмашылығы ол Темірдің тек жорықтары ғана емес, барлық қызметтерін көрсетеді. Өзінің хронологиялық мезгілдері жағынан да бұл еңбек едәуір кезеңді қамтыған.
Мәселен, кіріспеде 1360 жылдарға дейінгі (Әмір-Темір тарих сахнасына шыққанға дейінгі) Орталық Азиядағы жағдайды суреттейді, бұл еңбек 1405 жылы Әмір-Темірдің қайтыс болуымен аяқталады.
Сол сияқты Әмір-Темір туралы жазылған еңбектің бірі Шараф-ад-дин Али Иезденің тағы да сол атпен жазылған, яки "Зафар-наме" шығармасы Әмір-Темірдің тарихи тұлға ретінде суреттелген құнды деректерге жатады. Бұлай деп айтуымыздың өзіндік себептері бар.
Мәселен, Шараф-ад-дин Иезде ө зінің еңбектерін Низам-ад-дин Шами пайдаланбаған "Тарихи-хани" жылнамаларын, шежіресін негізге ала отырып жазған. Бірақ, автор Әмір-Темір қызметтері мен жеңістері туралы пікірлерін сын көзбен қарсы қарау керек. Олай дейтініміз, Шараф-ад-дин Иезде өз еңбегін Әмір-Темірді асыра мадақтауға арнаған, апологетикалық сипат айқын орын алған. Мәселен, автор 1385 жылы Шыршық өзені бойында болған күресті аяусыз, қатігездікпен басуын немесе 1387 Исфагандағы көтеріліске шыққандарды жаппай қыру туралы берген бұйрықтарын ақтайды. Сол сияқгы үнді тұтқындарында жаппай жойып жіберуді жақтайды.
Тарихнама қатарында, авторы ұзақ мезгілдер аралығында белгісіз болып келген "Искендер анонимдері" атты құнды еңбекті В. В. Бартольдттың айқындауы бойынша Агуин-ад-дин Натанзи жазған. Бұл еңбектің басты айырмашылығы, ұйғыр, парсы тілінде емес түркі тілінде жазылған алғашқы еңбек болды. Ол 1413-1414 жылдары жазылған, демек Шараф-ад-дин еңбегінен 11-12 жыл бұрын жазылған4.
Әмір-Темір туралы тарихнаманы Хафиз Абд-ар-Реззан Самарканди және Мирхонди еңбектерін келтіруге болады. Жоғарыда аталған авторлардың бәрі де ресми, сарай тарихшылары болды, олар Әмір-Темір тарихын асыра сілтеп, мадақтап жазуды мирас етті.
Сонымен қатар, Әмір-Темір тарихнамасы қатарында қарапайым ортадан шыққан, сарай мұрагерлерімен байланысы жоқ авторлардың да еңбектері елеулі орын алады. Солардың қатарында араб тілінде жазылған (қазіргі кезде орыс тіліне аударылған) Ибн Арабшах "Әмір-Темір өмірінің ғажайып оқиғаларын анықгау" ("Чудеса предопределения в событиях в жизни Тимура") атты еңбегі Ибн-Арабшах басқа авторларға қарағанда, Әмір-Темір басқыншы саясаттарын сынады, оны жиренішпен қабылдады. Бұл жағдай өзінің тұтқындық өмірінен алынған сезім де болуы мүмкін. Қалай дегенде де Ибн-Арабшах еңбегі зерттеушілерге ресми тарихшылардың еңбектерін салыстырып қарауға аса құнды қосымша дерек екендігінде ешқандай күдік болмаса керек. Тарихи деректердің ішінде Испан королі Генрих ІІІ-нің Самарқандқа жіберген елшісі Ргон Гонсалес де Клавихо еңбектерінің алатын орны ерекше.
Олай дейтініміз, жоғарыдағы аталған ресми және ресми емес тарихшыларға қарағанда Клавихо Әмір-Темір туралы, жан-жақты, тәуелсіз, көзқарастағы бақылаушы ретінде баяндайды. Ол 1403-1406 жылдары, үш жыл бойы елшілікте болған. Клавихо Әмір-Темірдің өзімен бірнеше рет жүздескен. Елшілікті ақылды, пайымды адам болған5.
Әмір-Темір туралы мәліметтер орыс жылнамаларында да тиісті орын алған. Мәселен, ХV-ХVІ ғасырдағы Никонов жылнамалары Әмір-Темірдің жастық шағы туралы деректі мағлұматтар бере алады. Сондай-ақ Әмір-Темір туралы саяси мәдени деректер қатарына сол уақытта дүниеге келген мәдениет құндылықгарының, архитектуралық ғимараттардың т. б. алатын орындары ерекше. Әмір-Темір кезінде салынған Самарқанд, Түркістан қалаларындағы мешіт-мавзолей, сарайлар т. б. өте сапалы, сәнді болған, оларды түрлі ұсталар салған. Ғимараттар қабырғаларына құранның сүрелері жазылған. Солардың ішінде эпиграфикалық жазбалар тарихи деректер бола алады.
Мәселен, Түркістан қаласындағы Қ. А. Яссауи мешіт-мавзолейінде Әмір-Темірдің шыққан тегі жазылған деректер сақталынған. Қорытындылап айтар болсақ Әмір-Темір туралы тарихнама деректі қүжаттардан бастап, жекелеген авторлардың еңбектерімен үштасып жатыр.
Әрине, бұл жұмыста тек Орталық Азия оқымыстыларының еңбектеріне баса назар аударылды. Әйтсе де, бүл тақырыпқа байланысты европалық зерттеушілерде өздерінің үлкен үлестерін қосты. Жалпы Европаның әртүрлі елдерінің оқымыстылары 40-қа жуық жеке кітаптар мен жекелеген мақалалар арнады. Соңында, Әмір-Темірдің туылғанына 660 жылға арналған халықаралық конференция материалдарында бұл жұмысты орындауда елеулі деректі мағлұматтары жағымды ықпал жасады6.
1. Орталық Азияның ХVII ғасырдың екінші жартысымен XIV ғасырдың ортасына дейінгі саяси-әлеуметтік жағдайы.
1251 жылдан бастап Орталық Азия жерлері едәуір бөлігі Шағатай ұлысының құрамынан шыға бастады. Өйткені Алтын-Орда ханы Батый Төле Мөңке мен Үгедей Шағатай ұрпақтарына қарсы одақ құрды. 1251 жылғы Қарқорымдағы құрылтайда Мөңке монғол империясының ұлы ханы болып жарияланды. Бұл туралы Рашид-адин жан-жақты жазып қалдырған. Мөңке-хан империя билігін өз қолына алған соң Мауереннахерді Алтын-Ордаға тапсырды. Мөңке-ханның ағасы Хұлогид 1254 жылдан бастап Иранды, 1258 жылы Бағдадтағы Абассидтер халифатын жойып жіберді. Сөйтіп, Иран орталығы Тебризде Хулагидтер мемлекеті пайда болды. Бірақ 1260 жылы Шағатай немересі Алғи Шағатай үлысын қайта қүрып бүрынғы жошыларды қүлындап, оларды Алтын-Ордаға тықсырды. Осы жылдары Шағатай хандары Мубарен жөне Барақ ислам дінін қабылдаған. Шағатай хандарының басты мақсаты Мауереннахерді біржола мекендік иелік ету болатын. Оның дәлелі 1318-1326 жылдары Кебек-ханның Каршы қаласын салуы болды. Сонымен қатар көрші елдермен қатынас ақша арқылы іске асырыла басталды7. Бұл деректер В. Бартольдт еңбектерінен кездеседі.
Сонымен қатар Кебек хан әскери реформаларын да атап кеткен жөн. Рашид-дин мәлімдемесі бойынша Кебек-хан Мауереннахерді әскери-әкімшілік (түмендерге) аймақтарға бөлген. Бірақ Кебек реформаларын қала тұрғындары қолдағанымен көшпелі ақсүйектер қарсылық білдірді. Бұл жағдай хандар мен бектер арасында өзара соғыстарға әкеліп соқтырды.
Низам-ад-дин Шами мәліметіне қарағанда Қазан-хан (1334-1346), Қазаған-хан (1346-1358) кездерінде Мәуереннахер жіктеліп, бытыраңқы биліктерге бөлінген. Мәселен, Шахрисябз (кеш) Барлас әміріне бағынса, Хожент Баязед билігінде болды. Сол сияқты Балх Қазаған немересі Хусейн билігінде болды. Тағы да басқа ұсақ, бөлшектеніп өзара қырқысу соғыстарын жүргізген әртүрлі аймақтар қалыптасты. Қорыта айтқанда XIV ғасырдың 50 жылдарында Мауерннахер саяси, әлеуметтік жағдайлар мүлдем шиеленісіп одан әрі әлсірей түсті. Осы жағдай Моғолстан ханы Тоғылық-Тимур пайдаланып, Мауереннахерді өзіне бағындыру мақсаты мен екі рет 1310, 1316 жылдар жорық жасады. Орталық Азиядағы саяси-әлеуметтік жағдай ХІП-ХІУ ғасырдың 50 жылдарында осындай жағдайлармен сипатталды8.
2. Әмір-Темірдің жастық шағы мен қалыптасуы
Әмір-Темірдің өмір деректері туралы әдебиеттерде оның 1360 жылдарға дейінгі (25 жасқа дейінгі) кезеңі ресми мәліметтер сақталмаған. Дегенмен Ибн-Араб-шах, Гонсалес де Клавихо және орыс жылнамаларына сүйене отырып, Әмір-Темірдің 1335 жылы Хожа Илгар қыстағында (Шахрисябз қаласының маңында) Барлас бегі Тарағай от басында дүниеге келген. Тарағай өз аймағанда беделді бек болған. Мәліметтерге қарағанда орташа, тұрмыста өмір сүрген.
Әмір-Темір өзінің жастық шағында садақ ату өнерін күшті меңгерген. Ол өзі жасындағы балалар арасында сезімталдығымен көзге түсіп, басшылық қасиеттер мен көсемдік сапалар арқылы ерекшеленген. Жас кезінен бастап өзінің жанында арнайы нөкерлері қызмет еткен. Ол өзінің жастық шағында 4-5 нөкерлерімен, Гансалес де Клавихо айтуы бойынша "Көршілес тұрғындардың бір күндері қойын, бір күндері сиырларын алып отырған". Осылайша Темір өз төңірегіне мүдделес серіктерді ұйымдастырып, атты нөкерлерді басқарды. Оларды бай саудагерлер мен керуен сарайларды тонауға пайдаланды. Ол бертін келе бектер мен жергілікті өмірлерге қауіп төндіре бастады. Ол тек - барластар арасында ғана емес, Шахрисябз, Кашка-Дарья аймақтарына әйгілі бола бастады.
Испан елшісі Клавихо Темірдің жастық шағындағы нөкерлерінің мәліметтерін өзінің еңбектерінде кеңінен пайдаланған. Сондай деректер бойынша Темір өзінің жақсы жасақталған нөкерлерімен Сейстан деп аталған жерде үлкен қой отарын ұрламақ болған үстінде қолға түсіп оң аяғы мен оң қолы қатты зақымдалып жарақаттанған. Ол осы оқиғадан кейін ақсақ Темір (Темирлан, Тимурлунг, Тамерлан) деген атпен атала бастаған. Бертін келе ол Тамерлан атымен тарихта аты қалды9.
Әмір-Темір жас шағынан түркі және тәжік тілдерін жақсы білген. Ол қала өмірін де, көшпенді өмірін де түсінген. Әмір-Темірдің рухани көзқарасына Ислам діні, оның Шахрисябздегі шейхі Шамсиад-дин Құләл ықпал еткен (Ибн-Арабшах) Монғол ханы Тоғылық-Темір жоғарыда айтылған Шабупен (1360, 1361 жылдар) Кдшқа-Дарья Уалайятын басып алумен аяқталды. Әмір-Темір билігіне мойынсынды. Бұл жағдайға разы болған Тоғылық-Темір оны Қашқа-Дарьяны билеуші болып тағайындалды. Сөйтіп, Әмір-Темір 25 жасында Қашқа-Дарья түменін басқарды. Бірақ, Әмір-Темір Хорасанда өз билігін орнатуды мақсат етті. Сондықтанда ол Қазаған-хан немересі Әмір Хусейнмен жақындаса бастады. Демек, ол астыртын Тоғылық-Темір билігін қарсы күреске өзіне одақгастар жинақтай бастады. Бұлардың арасындағы байланыс Хусейннің қарындасына үйленумен беки түсті. Бұл кезде Мауереннахердегі ең ірі осы екі Әмір-Хусейн және Темір болатын. Олардың достық қатынастарының нығаюына түркен бегі Әли-бек қарсы шапқыншылықтарында көруге болатын. Бірақ, бұл шапқыншылық олардың өмірінде үлкен қорлық іздерін қалдырды. 62 күн бойы тұтқында ұсталды. Бұл өмірлердің күшейе түсуіне Тоғылық-Темір мұрагері Ильяс Қожа келісе алмады. Сондықтанда ол Әмір Хусейн мен Темірді әлсірету саясатына ашық көшті. Осылайша 1365 жылы Ильяс Қожа үлкен әскері мен Хусейн мен Темірге қарсы соғыс жүргізді. Бұл шайқас Шыназ бен Ташкент аралығында болды, ол "батпақ шайқасы" деген атпен тарихта қалды. Олай деп аталуының себебі шайқас кезінде нөсерлі жаңбыр жауып аттар батпақтарға батып құлаған. Сондықтан ол шайқас "батпақ шайқасы" деп аталып кеткен. Шайқас Хусейн мен Темірдің жеңілісімен аяқталды10. Олар Әму-Дарьяның оңтүстігінде Балх Уаляйтында жасырынуға мәжбүр болды. Ал, Самарқанд болса жау шапқыншылығының алдында ашық қалды. Оның ерікті тұрғындары - сербедар ған ұйымдасқан қарсылық жасап Самарқандты Ильяс қожадан сақтап қалды. Сербедарлар монғол езгісін қарсы басты саяси әлеуметтік топ болды. Оларды "дарға асылушылар" немесе монғолдар арасында бел бүгілгенше асылып өлгенді жақтаушылар болды. Сондықтанда сербедарлар шын мәніндегі Солтүстік Иран тектестердің (хорасанды) өз биліктерін орнатуды жақтауы. Самарқанд сербедар ішінде ерекше өзінің ерлігімен көзге түскен Маулен-заде мен Абу-Бекр болды. Маулен-заде 10 мың сербедар жасақтап, Әмір Хусейнді опасыз деп жариялап, Самарқандты жаудан қорғауды өз жауапкершілігіне алды. Қалада әртүрлі бекіністер салынып, Ильяс Қожа әскерлеріне ойсырата тойтарыс берді. Оның үстіне Ильяс атты әскерлерінің (жылқыларының жаппай індетке ұшырап қырыла бастауы) оның Мауереннахерді басып алу ниетін қайтарды. Ол Мауереннахерді тастап кетуге мәжбүр болды.
Бұл уақиғаларды өзінің күнделіктерінде келтірген. Самарқанд сербедарларының ерлігіне "риза" болған әмірлер Хусейн және Темір олардың басшыларымен "ізгілікті" ниетпен кездесуді ұсынды, олар өздерінің сербедарларды қолдайтындығын ресми мәлімдеген.
Сербедарлар болса оларға сеніп, үлкен салтанатпен қарсы алды. Бірақ Хусейн мен Темір олардың сеніміне кіріп, барлық қолға түскен сербедарларды жойып жіберді11. Тек, Агашензаде ғана өмірі сақталынып қалды. Оның себебі Хусейн мен Темір арасында сербедарлар туралы қарама-қарсы көзқарастар болатын. Оның үстіне, Темір - сербедарларды өзінің жеке мақсаттарына пайдалану пиғылын ұстады. Қысқасын айтқанда Хусейн мен Темір Самарқандты өз қолдарына алып билік жүргізуге мүмкіндік алды. Бұл 1366 жыл болатын. Хусейн мен Темір арасындағы (қайнаға мен күйеу бала) "достық" сыннан сүрінбей өтті.
Бірақ қос билік жүргізу барған сайын қиындай түсті. Олардың Самарқанд тұрғындары туралы саясаттары да барған сайын алшақтай түсті. Салық жинау, ислам дінбасыларымен т. б. мәселелер туралы өзара түсінбестік тереңдей түсті. Сондай-ақ олардың өз шығындарын толтыруда да қайшылықтар тереңдей түсті. Мәселен, Әмір Хусейн болса салықтарды күшейтуді жақтаса, Темір керісінше өз бағыныштыларынан салықты төмендетуді жақтады.
Қорыта айтқанда, Хусейн мен Темір арасында барған сайын қарама-қарсы көзқарастар қалыптасып, бір-біріне кедергі күштерге айнала бастады. Сондықтан да олар өздерінің жақтастарын жіктерге бөліп, келешек қақтығыстың басталуына дайындалды. Көп кешікпей 1368-1369 жылдар аралығында Хусейн өз жақтастары мен Балх қаласында әскери бекіністер салуға кірісті, ол келешекте болатын Темірге қарсы орталық болуға тиіс еді. Хусейннің бұл әрекетіне Темір бірнеше дүркін ескерту наразылығын білдірді. Бірақ Хусейн өзінің алған бетінен қайтпады12.
Сондықтан Темір алдын ала 1370 жылы Балх қаласына шабуыл жасап, оны басып алды. Хусейн өз еркімен тұтқындалды. Оның кепілі Хусейн өмір сүруге құқық алды. Бірақ Темір өз уәдесінде тұрмай, Хусейнді сол кездегі қанға-қан тәртібі бойынша өлім жазасына бұйырды. Бірақ, бұл жазаның іске асырылуы Темір одақгасы Кейхосран мен байланыстырылған мәліметтер бар.
Бұл мәселені, қорыта айтқанда Әмір Темір 35 жасында жеке билік құруға толық мүмкіндік алды.
3. Әмір-Темірдің жеке билігінің орнауы (1370-1405)
(Тимуридтер империясының құрылуы) .
1370 жылы Әмір-Темірдің Балхты басып алуы, Хусейннің өлімі ең ірі және шешуші оқиға болды. Балхты басып алғаннан кейін, арнайы Меккеден келген шейх Берке оған ерекше дабыл (барабан) алтын жіптермен тоқылған ту беріп, биліктің рәмізі ретінде алдағы ұлы болашақ туралы болжау айтқан. Ол кейіннен Әмір-Темірдің бас діндары болған. 1371 жылы Мауереннахердің түгелдей билігін өз қолына алды, бірақ оның ресми ханы болып, Шыңғыс әулетінің Шағатай ұлысының мүшелері Сүйергетмышты жариялады. Ал Темір болса бүкіл түмендер құрылтайында Мауреннахер Әмірі болып жарияланды.
Шын мәнінде шексіз билік Әмір-Темір қолына көшті. Ол өзінің жеке қасиеттері мен ықпалы жағынан сол кездегі қарсыласы болмаған тарихи тұлға ретінде таныла бастады13. Оның билігін нығайтуда Мауераннахер дінбасылары да үлкен роль атқарды. Мәселен, Термиз шейхтары Әмір-Темірге Худованзаде атағын берген.
Өзінің ұзақ жылдар билігінде Әмір-Темір дінбасыларымен тығыз байланысты сақтады. Әмір-Темір билік еткен алғашқы жылдардың өзінен-ақ Мауереннахерді біртұтас мықты мемлекетке айналдыру мақсатында ірі өзгерістерді іске асыра бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz