Әлеуметтік-мәдени үрдістердегі Қазақстандағы ақпараттық процестерді басқару мәселелері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Әлеуметтік-мәдени үрдістердегі Қазақстандағы ақпараттық процестерді
басқару мәселелері
Демократиялық құндылықтарға негізделген дамудың жаңа деңгейіне, азаматтық және құқықтық қоғамға, саяси әралуандыққа көшу ақпаратқа деген орасан зор сұранысты туғызып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру қажеттігі ақпараттық процестерді тиімді басқару мәселесін күн тәртібіне қоюда. Ал, ақпараттық процестер саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымдар мен жұртшылық арасындағы хабар алмасудың-коммуникация-ның өзегін құрап, өзін-өзі реттеп отыратын күрделі әлеуметтік жүйе болып табылатын социумның-қоғамның өркендеп, дамуының негізгі тетігі ретінде көрінеді. Қазіргі таңда мүндай жүйелерді басқару оның обьектілері мен субьектілері арасындағы үздіксіз ақпарат алмасу жолымен жүзеге асады. Бұл орайда ақпараттың маңызы қоғамды ғылыми басқарудың әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, олардың даму заңдылығын тануға негізделуімен түсіндіріледі. Болмыстың адам санасында бейнеленуі болып табылатын таным процесінің мәні де "ақпарат" ұғымымен тығыз байланысты.
Жалпы тұрғыдан алғанда «ақпарат» ұғымына қандай да болмасын дерек, мәліметтер мен білімдер жиынтығы кіреді. (Шығу тегіне байланысты ақпаратты биологиялық (генетикалық) ақпарат, техникалық ақпарат, геологиялық ақпарат, т. б. деп жіктеуге де болады) . Ақпарат теориясында бұл түсінік сақтау, жеткізу, түрлендіру обьектісі саналатын деректер жиыны ретінде пайымдалады, ал информатика ғылымы болса ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін, сондай-ақ оны жинақтауға, сақтауға, іздестіруге, өңдеуге, түрлендіруге, бөлуге және қызметтің түрлі салаларында пайдалануға қатысты мәселелерді зерттейтін пән ретінде көрінеді.
Әлеуметтік болмыс құбылыстары мен процестерін еркін ақпарат алмасу негізінде жетік білу қоғамның өз элементтерін ішкі және сыртқы ортаның өзгерістеріне орай мақсатты түрде қайта құруына мүмкіндік береді, сөйтіп, оның тұрақты да нық қызметі үшін негіз қалайды. Саяси және экономикалық өмірдің мәселелері бойынша басқару шешімдерін талдап жасау мен қабылдау процесі жөніндегі адамдардың жан-жақты хабардарлығын, басқару органдары өкілдерінің тұрақты есептілігін қамтамасыз етпейінше демократиялық қоғам орнату мүмкін еместігін кеңестік тарих тайға таңба басқандай көрсетіп берді.
Қоғамның өмір сүруінің айырықша қырын бейнелейтін ақпарат түрлерінің бірі-әлеуметтік-экономикалық ақпарат. Ол қоғамдық өмірдің әлеуметтік құбылыстары мен процестерінің сан алуан түрін сипаттайтын ақпарттың неғүрлым күрделі де мазмұнды саласы болып табылады. Әлеуметтік ақпараттың мән-маңызын түсіну үшін оны мағыналық-мәндік тұрғыдан қарастырған жөн. Себебі кез келген дерек ақпарат бола алмайды. Бағдарлау, белсенді іс-әрекет, басқару, яғни жүйенің сапалық ерекшелігін сақтау, оны жетілдіру мен дамыту үшін қолданылатын білім бөлігі ақпаратты құрайды. Ақпараттың кез келген түрі сияқты әлеуметтік ақпараттың да бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның айқындаушы ерекшеліктерінің қатарына мазмұн жатады. Өйткені әлеуметтік танымның басты обьектісі-адам. Қоғамдық қатынастарда адамның алатын орны, атқаратын қызметі әлеуметтік ақпараттың негізгі мәнін білдіреді. Басқару субьектісі жөнінде сөз қозғайтын болсақ, оның, субьектінің, іс-әрекет негізі білім болып табылады, ал білім дегеніміз-әлеуметтік болмысты танып-білудің тәжірибеде тексерілген нәтижесі, нақтылап айтқанда, оның адам санасында бейнеленуі. Басқару қүрылымына енгізілген білім әлеуметтік ақпаратқа айналады, ал, жүйелендіріліп, қорытылған ақпарат әлеуметтік білімді құрайды. Әлеуметтік процестерді басқаруда қолданылатын, адамдар арасындағы әлеуметтік айырмашылықтар, адамдар, ұжымдар, қауымдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастар жөніндегі ақпарат әлеуметтік ақпараттың өзіндік мәнін білдіреді. Сонымен, ақпараттық қоғамның негізгі «құрылыс материалы» әлеуметтік-экономикалық ақпарат болып табылады.
Ақпараттық қоғамды басқару мәселесі, ең алдымен, ақпараттық саясатқа, оның жүзеге асыру тетігі болып табылатын ақпараттық менеджментке келіп тірелетіні түсінікті. Жоғарыда атап өткеніміздей, әлеуметтік ақпарат қоғамдық процестерді басқаруда қолданылады, басқару субьектісінің қажеттіліктерін, оның мақсаттарын көрсетеді, қоғамдық дамудың жай-күйі мен проблемалары, орын алып отырған қайшылықтар, оларды шешу жолдары мен әдістері жөніндегі қажетті білімді адамдарға жеткізіп отырады. Әлеуметтік басқарушылық ақпараттың негізгі мәні адамдардың мүдделерін білдіруден көрінеді.
Әлеуметтік саясат құралы ретінде әлеуметтік басқару осы мүдделердің жүзеге асуына әсер етеді. Адамдардың алуан түрлі мүдделерін тап басып танып отыру әлеуметтік басқарушылық шешімдердің ажырамас шарты болып табылады. Адамдардың әлеуметтік кұбылыстар мен процестер жөніндегі толыққанды, шынайы білімі қоғамдық пікірді қалыптастырады, ал қоғамдық пікір басқару органдарына әсер етіп, олардың дұрыс шешім кабылдауына жәрдемдеседі.
Өркениеттің ақпараттық сатысында қоғамның техникалық және әлеуметтік үдерісінің жеделдеуі нәтижесінде оның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалары арасындағы байланыстар неғұрлым тығыз бола түсуде. Әлеуметтік басқару жүйелі сипат алып келеді. Ақпараттық ресурс ретінде көріне отырып, әлеуметтік ақпарат жинақтау сипатына ие болуда. Ақпараттық ресурс әлеуметтік басқару процесіндегі қызметтің ерекше түрі болып табылатын ақпараттық камтамасыз етудің негізін құрайды. Ақпарат шешімдерді әзірлеп, қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, реттеу, есепке алу мен бақылау үшін қажет. Ақпараттық қамтамасыз етудің мәні басқарудың әр сатысында қажетті деректерді жинақтау мен түрлендіру болып табылады. Жүйелілік және толықтылық талаптарына сай әлеуметтік ақпаратты алу түрлі белгілер бойынша ғылыми түрде негізделген ақпаратты сыныптау жолымен жүзеге асырылады. Әлеуметтік ақпарат, жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамды баскару, яғни экономиканы, әлеуметтік саланы, т. б. басқару барысында қажетті басты тетік болып табылады. Мәселен, бизнес, атап айтқанда шағын бизнес өндірістік қызметін негізінен алғанда ақпаратты өңдеу мен пайдалануға негіздеп құрады. Бұл ретте басты назар ақпараттык технологияларды пайдалануға аударылады.
Инновация мен іскерлікке арқа сүйей отырып, ақпараттық технология қалыптасқан басқару технологиясына үлкен өзгерістер енгізуде. Автоматты басқару жүйелерінің бүкіл әлеуетін іске қосу үшін әлемнің жетекші компаниялары қызметкерлер мен технологияларды біртұтас «әлеуметтік-технологиялық жүйелерге» кіріктіруде. Ақпараттык технологиялар мемлекеттік басқаруда, бұқаралық акпарат құралдарының қызметін ұйымдастыруда кеңінен колданылуда. Интернет желісінің одан әрі дамуы ғылыми-техникалық үрдістің жаңа кезеңі ақпараттык технологиялардың, ақпараттық менеджменттің өркендеуіне катысты болатындығын көрсетсе керек. Дүниежүзілік біртұтас ақпарат кеңістігі ақиқатка айналды. Қазақстан Республикасының жаңа ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы ақпараттық саясатты ұтымды ұйымдастырумен, жаңа үрдістер мен тәжірибелерді өмірге батыл енгізумен байланысты болса керек.
Әлеуметтік ақпараттың қоғамымызда алатын орны дамудың жаңа белесі қыр астынан қол бұлғаған казіргі кезде ерекше артып отыр. Өйткені шикізатқа емес, ғылым-білімге, ақпараттық технологияларға негіделетін экономикалық даму үрдісін қалыптастыру қажет. Басты міндеттердаң бірі елдің ақпараттық ресурстарын молайту. Себебі, ақпараттық ресурстар қоғам дамуы барысында азаймайтын (табиғи, қазба байлықтар сияқты), қайта уақыт өте ұлғайып отыратын, сапалық тұрғыдан жақсарып, өзге ресурстарды тиімді пайдалануға жәрдемдесетін бірден-бір ресурс түрі болып табылады. Ақпараттық саясат түптеп келгенде, нақ осы ақпараттық ресурстарды ұтымды пайдалануға және оның тиімділігін арттыруға бағытталады.
Ақпараттық қоғам орнатудың негізгі шарттарына төмендегі міндеттерді шешу қажеттігі жатқызылады:
- біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
- келешегі мол ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы және телекоммуникация құралдарын жаппай қолдануға негізделетін жаңа технологиялық үрдістердің экономикада қалыптасып, кейіннен басымдықта болуы;
- ақпарат және білім нарығын күру;
- байланыс, көлік, ақпарат инфрақұрылымын жасау;
- жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
- білім беру, ғылыми-техникалық, мәдени даму деңгейін арттыру;
- азаматтар мен әлеуметтік институттардың ақпаратты еркін алу мен таратуға деген құқығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау.
Мемлекеттердің біртұтас ақпараттық кеңістігін және планетаның ғаламдық ақпараттық кеңістігін қалыптастыратын негіз ретінде телекоммуникация және телерадиохабарын тарату технологияларына деген мемлекеттер мен қоғамдық ұйымдардың ынтасы күннен-күнге өсіп отыр.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта біртұтас ақпараттық кеңістік терминінің ортақ түсінігі қалыптасты. Біртұтас ақпараттық кеңістік деректер базалары мен банктерінің, оларды енгізу және пайдалану технологияларының, азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланысын және олардың ақпараттық сұраныстарын қамтамасыз ететін біртұтас қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің жиынтығы болып табылады. Біртұтас ақпараттық кеңістік мына төмендегі негізгі компоненттерден тұрады:
- тиісті ақпарат тасушыларда бекітілген деректер, мәліметтер мен білімдер жинақталған ақпараттык ресурстар;
- біртұтас ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуын, атап айтқанда ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды, іздестіру мен беруді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдар;
- азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланыс құралдары, атап айтқанда, тиісті технологиялар негізінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар және ұйымдық-нормативтік құжаттар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz