Таспа құрттар класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы


1. Таспа құрттар класына жалпы сипаттама беру.
2. Таспа құрттардың экологиялық жіктелуі, медициналық маңыздылығы. Цестоздарға түсінік.
3. Тіршілік ортасы ылғалды ортамен байланысты таспа құрттардың даму циклі. Дифиллоботриозды қоздырушы . жалпақ лентец. Оның құрылысы, тіршілік циклі, жұқтыру жолдары, патогендік әсері, диагностикасы, жеке және жалпы профилактикасының шаралары.
4. Тіршілік циклы ылғалды ортамен байланысты таспа құрттар. Тениаринхоза қоздырғышы . өгіз цепені. Тениозды қоздырушы .шошқа цепені. Олардың тіршілік циклінің және құрылымының ерекшеліктері, жұқтыру жолдары, патогендік әсері, диагностикасы, жеке және жалпы профилактикасының шаралары.
5. Аралық иесі ретінде адамдарды пайдаланушы, таспа құрттар. Эхинококк және альвеококк. Эхинококк және альвеококктың құрылысының ерекшеліктері және тіршілік циклі.
6. Ларвальды цестозды түсіндіру. Жұқтыру жолдары, патогендік әсері, диагностикасы, жеке және жалпы профилактикалық шаралары.
7. Барлық тіршілік циклін адам ағзасында өткізетін, таспа құрттар. Гименолепидозды қоздырушы . кермек цепень. Гименолепидозды қоздырушы. кермек цепені. Оның құрлысының ерекшеліктері, тіршілік циклі, жұқтыру жолдары, патогендік әсері, диагностикасы, жеке және жалпы профилактикасының шаралары.
Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалыққұрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар текқана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортадабола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың, адамныңішегінде тіршілік етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалыжануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері3000-нан астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп атайды.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі барынша созылыңқы, арқа-құрсақ бағытында жалпайып келген, лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15м-ге дейін. Көбіне денелері проглоттидтер деп аталатын жеке буындардантұрады, ал проглоттидтердің тізбегі стробила делінеді.
Басы немесе сколекс домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді.Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері барсорғыштар; ботридиялар - ерекше үзын қысқыш аппараты; ботрия немесе сорып қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; ілмешектер; имекқармақшалар; тістер, т.б. Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенеяларғаұқсас болады, тек тегументгің сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының бетіңде көптеген кірпікшелі өсінділері бар. Кірпікшелі өсінділер -микротрихиялар деп аталады, өте сақ, тек электронды микроскоп арқылы көрінеді, құрттың коректенуінде маңызды қызмет атқарады. Базальдымембранасының астында бұлшықет талшықтарыныңшумағынан құрылған тері-бұлшықет қабы жатады.
Таспа құрттардың тағы бір ерекшелігі - ас қорыту жүйесі толығыменжойылған. Иесінің ортаңғы ішегінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты,қорытылған қоректік сұйықзаттың ішінде батып жатады. Осы қорытылғанқоректік затты паразиттер сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатыныңбетінде орналаскан көптеген кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар арқылысіңіреді.
Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Денесінің бүйірі жағынанұзына бойына созылған екі негізгі зәр шығару түтіктері өтеді. Түтік дененіңартқы жақ шетінен басталып алдыңғы жаққа қарай бағытталады. Бас бөлімгежеткен түтік қайта кері бағытта артқа қарай жетіп, зәр шығару саңылауыменаяқталады. Кері бағытталған екі түтік денесінің соңында бірігіп, жиырылғышқуықпен аяқталады. Денесі буындалған құрттарда бүйірлік ұзына бойынасозылған зәр шығару түтіктері әрбір буында көлденең түтікпен байланысьш,сатылы түрде болады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолыментыныс алады.
Нерв жүйесі, сезім мүшелері нашар дамыған. Орталық жүйке жүйесіжұп ми түйінінентұрады. Бұл екі түйін бас бөлімінде орналасып, өзіненартқа қарай бірнеше жұп нервбағаналарын таратады. Бағаналар өзаракөлденең байланысып, ортогонды нерв жүйесін құрайды. Ерекше дамығанекі бағана дененің бүйірінен өтіп, өзінен көптеген тармақтарды бөледі, оларөзара тұтасып тері асты нерв қабатын түзеді. _Сезім мүшелері денесініңбеткі жағында сезу клеткалары түрінде шашырап таралған. Көп мелшердеолар бас бөлімінде (сколексте) кездеседі.
Жыныс жүйесі гермафродитті, құрылысы жағынан сорғыштарғаұқсас, бірақ таспа құрттардың әр түрлі топтарының жыныс мүшелерініңпішіні, орналасуы, саны жағынан әр түрлі болатыны байқалады (мысалы,бірқатар түрлерінің жыныс тесігі құрсақ немесе арқа жағында ашылады;кейбір түрлерінің жыныс бездері біреу болса, екіншілерінде жүзден асады, т.б.).Аталық бездерінің тұқым шығару түтіктері бірігіп ортақ аталықжолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп шағылыс (penis) мүшесіне айналып,буынның бүйір бөлігіндегі жыныс клоакасына еніп жатады.Аналық мүшесі тарамдалған екі аналык бездерінен құралып, аналықжолы арқылы оотипке ашылады. Оотипке екінші жағынан сарыуыз безі деашылады. Оотиптен екі канал шығады. Жұмыртқа клеткалары аналық безінен оотипке түсіп, осы жерде қынапарқылы келетін сперматозоидтармен қосылып ұрықтанады да, сарыуыз және қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға өтеді. Осы жерде дамуыныңбірінші сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны өте көп,сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша гермафродиттібуын "пісіп жетілген" буынға айналады. Денесінің соңғы жағындағы пісіпжетілген буындар үзіліп, иесінің ішегінен сыртқы ортаға шығарылып тұрады. 18-20 жыл өмір сүретін өгіз солитері бір жылда 600 млн-нан аса жұмыртқа шығарады. Сонда бүкіл тіршілігі барысында солитер11 млрд, жұмыртқабөледі. Дамуы. Адамның ішегінен нәжіспен бірге сыртқы ортаға шыққан пісіпжетілген буындар шіріп, ішіндегі жұмыртқалары топыраққа түседі. Дамуыүшін жұмыртқа аралық иесіне енуі қажет.Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр.
Негізгі:
1. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005.- 373 б.
2. К.Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. – 379 б.
Қосымша:
1. С.Ә. Әміреев, А.Жаханов, Қ.Құдайбергенұлы. «Медициналық паразитология» С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 75 жылдығына арналған. Оқулық. Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
2. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Оқулық. – Алматы «НАS», 2006.
3. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 2. Низшие целомические : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. :Асаdemia, 2008. – 448 с.
4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. :Асаdemia, 2008. – 496 с.
5. Шарова, И. Х. Зоология беспозвоночных / И. Х. Шарова. – М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. – 592 с.
беспозвоночных / И. Х. Шарова. – М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. – 592 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 3 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Тақырып 4: Таспа құрттар класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы.

Мақсаты: таспа құрттардың даму циклы және тіршілік әрекетінде, морфологиялық ерекшеліктерін, жіктелуімен студенттерді таныстыру.

Оқытудың мақстаы

1. Таспа құрттардың тіршілік циклінің және тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін , құрылысын оқу.

2. Өгіз цепенінің практикалық маңызын оқу.

3. Эхинококк және альвеококк, ит цепені, шошқа, кермек цепенінің практикалық маңызын оқу

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Таспа құрттар класына жалпы сипаттама беру.
Таспа құрттардың экологиялық жіктелуі, медициналық маңыздылығы. Цестоздарға түсінік.

Тіршілік ортасы ылғалды ортамен байланысты таспа құрттардың даму циклі. Дифиллоботриозды қоздырушы – жалпақ лентец. Оның құрылысы, тіршілік циклі, жұқтыру жолдары, патогендік әсері, диагностикасы, жеке және жалпы профилактикасының шаралары.

Тіршілік циклы ылғалды ортамен байланысты таспа құрттар. Тениаринхоза қоздырғышы – өгіз цепені. Тениозды қоздырушы –шошқа цепені. Олардың тіршілік циклінің және құрылымының ерекшеліктері, жұқтыру жолдары, патогендік әсері, диагностикасы, жеке және жалпы профилактикасының шаралары.

Аралық иесі ретінде адамдарды пайдаланушы, таспа құрттар. Эхинококк және альвеококк. Эхинококк және альвеококктың құрылысының ерекшеліктері және тіршілік циклі.

Ларвальды цестозды түсіндіру. Жұқтыру жолдары, патогендік әсері, диагностикасы, жеке және жалпы профилактикалық шаралары.

Барлық тіршілік циклін адам ағзасында өткізетін, таспа құрттар. Гименолепидозды қоздырушы – кермек цепень. Гименолепидозды қоздырушы- кермек цепені. Оның құрлысының ерекшеліктері, тіршілік циклі, жұқтыру жолдары, патогендік әсері, диагностикасы, жеке және жалпы профилактикасының шаралары.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:
1. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005.- 373 б.
2. К.Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. – 379 б.
Қосымша:
1. С.Ә. Әміреев, А.Жаханов, Қ.Құдайбергенұлы. Медициналық паразитология С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 75 жылдығына арналған. Оқулық. Алматы: Кітап баспасы, 2005.
2. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Оқулық. – Алматы НАS, 2006.

3. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 2. Низшие целомические : пер. с англ. Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. :Асаdemia, 2008. – 448 с.

4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. :Асаdemia, 2008. – 496 с.

5. Шарова, И. Х. Зоология беспозвоночных И. Х. Шарова. – М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. – 592 с.

беспозвоночных И. Х. Шарова. – М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. – 592 с.

ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA

Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалыққұрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар текқана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортадабола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың, адамныңішегінде тіршілік етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалыжануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері3000-нан астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп атайды.

Құрылысы мен физиологиясы. Денесі барынша созылыңқы, арқа-құрсақ бағытында жалпайып келген, лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15м-ге дейін. Көбіне денелері проглоттидтер деп аталатын жеке буындардантұрады, ал проглоттидтердің тізбегі стробила делінеді.

Басы немесе сколекс домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді.Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері барсорғыштар; ботридиялар - ерекше үзын қысқыш аппараты; ботрия немесе сорып қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; ілмешектер; имекқармақшалар; тістер, т.б. Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенеяларғаұқсас болады, тек тегументгің сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы, сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы, Жалпы сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Таспа құрттар класы
Жұмыр құрттар типі. Геогельминттер. жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Таспа құрттар класы – cestoda
Сүтқоректілер класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Бауырымен жорғалаушылар класы, жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Жұмыр құрттар типі. Беогельминттер. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Таспа құрттар
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь