Қазақ халқының бай салт – дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі


Қазақ халқының бай салт - дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Жазу - сызу болмаған кезде Халықтың ой - арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлары, тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мақал - мәтелдер, бейбіт, зұлымдықсыз, әсем өмірді аңсағанда шыққан қиял - ғажайып ертегілер, т. б. бәрі - бәрі баланың тілін дамытып, ой - өрісін арттыруда ерекше роль атқарады. Балалар да ертегі тыңдап, бір - біріне жұмбақ жасырғанды, жаңылып жаңылтпаш айтқанды, тұрмыс - салт жырларын тыңдағанды ұнатады. Балабақшадағы сәби тобындағы балалардың тілін халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып дамыту, әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы және әр түрлі жағдайда іске асады.
Халық ауыз әдебиетінің салалары көп. Олар: ертегілер, жырлар, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, т. б. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, сана - сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып, бойларына сіңіру, әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Өйткені кіші сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиептімен сусындату келешек ұрпақтың ойының ұшқырлығына, тілінің байлығына, сана сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді деген ойдамын. Сол себепті де мен баяндаманың тақырыбын «Сәбилердің тілін дамытуда халық ауыз маңызы» деп алып, өзімнің іс - тәжірибемен бөлісуді жөн көрдім. Бұл тақырыпты алғандағы мақсатым: халық ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып сәбилердің тілін дамыту және балалардың халық қазынасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Алдыма қойған міндеттерім: халық ауыз әдебиетін пайдалану арқылы сәбилердің тілін дамыту және халық ауыз әдебиеті негізінде баланың тілін дамытудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Жоғарыда айтқанымдай, халық ауыз әдебиетінің түрлері көп. Кіші топтағы балаларға қысқаша қызықты ертегілер, өлең - жырлар, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, сұрамақтар, тәжікелесуді, сондай - ақ мазақтамаларды пайдалана отырып балалардың тілін, ой - өрісін, дүниетанымын, қиялын дамыту маңызды.
Халық ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы - тұрмыс - салт жырлары. Сол сан түрлі тұрмыс - салт жырларының ішіндегі бесік, тұсау кесер жырлары т. б. баланың жаттауына тез, әрі қызық болғандықтан сүйсіне жаттайды. Осындай өлең - жырларды үйреткенде де балаларға ерінбей - жалықпай қуыршақты алып, оны бөлеп немесе әлдилеп отырып айтқызса бала есінде сақталуы тез болмақ.
Ертеде қазақ халқы көшпелі болғандықтан халық ауыз әдебиетінде төрт - түлік малдың орны ерекше. Төрт түлік мал туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар, өлең - жырлар халық ауыз әдебиетінде белгілі бір орын алып тұрғандықтан және қазақ халқының тұрмысында да маңызы зор болғандықтан балаларға төрт түлік мал мен оның төлдері туралы айтып үйретуде маңызды. Мен өз тәжірибемде «Көңілді әткеншек» арқылы балаларды қызықтыра отырып, ойындар ойнату барысында төрт түлік мал туралы қанатты сөздерді оңай үйретуге болатынына көзім жетті. Біз әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып, балабақшадағы сәби тобының балаларына тек қана әр түрлі ойындар арқылы оларды еркінше сөйлету арқылы тілдерін дамыта түсуге болатынын көрдік.
Сондай - ақ балаларға кіші жастан бастап, тілге жеңіл, қысқаша құрылған жұмбақтарды үйрету, олардың ойларының ұшқыр, сана - сезімінің жетіле түсуіне көп әсерін тигізеді. Кіші жастағы балалар көбінесе жануарлар туралы жұмбақтарды шешуге қызыға ат салысады. Балаларға жануарлар атрибуттарын кигізу арқылы қай жануарды жұмбақтап тұрғанын тапқызуға да болады.
Балаларды рольге бөліп сұрамақтар айтқызу да, балалардың ой - өрісінің жетілуіне, сөздік қорының молайып, тілінің дамуына көп әсерін тигізеді. Сұрамақ айтқыза отырып, оның соңын санамаққа ұластырып жіберсе, әрі оны әр түрлі ойын ойнату үстінде қолданса балалардың есте сақтау қабілеттері артып, тілдерінің дамуына әсер етері сөзсіз. Балалардың көбі санамақ айтқанды жақсы көреді. Дала да, топта да ойын ойындардың алдында санамақ арқылы бөлініп үйренсе, әр түрлі санамақты жатқа білетін баланың сөздік қорының молайып, тіл байлығының жетіле түсетініне күмәніміз жоқ.
Халық ауыз әдебиетінде ерекше орны бар, баланың ойының ұшқыр, қиялының өткір зерек болып, тілінің бай, еркін тілді болуына ертегілердің тигізер әсері мол. Ертегілерді әңгімелеуде де бір ғана сурет қолданумен шектелмей әр түрлі көрнекі құралдар пайдаланып, дауыс ырғағын келтіре отырып әңгімелеп отырса, бала есінде тез сақталып, қайталап әңгімелеп беруге де оңай болады деген ойдамын. Осы секілді өз іс - тәжірибемнен мысалдар келтірер болсам, оқыту іс - әрекеті үстінде әр үрлі көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын, өйткені олар арқылы балаларды қызықтырып, өзіңе тарту да қиынға соқпайды. Ертегілерді әуелі әр түрлі суреттер арқылы түсіндіріп аламын, кейін ондағы кейіпкерлерге қысқаша мінездеме бергізем. Сәби тобының балалары «жақсы жаман» деп тез ойларын айтып жатады.
Келесі ұйымдастырылған оқыу іс - әрекеттерінде ертегіні қалай түсінгенін білу және оны есте сақтауды арттыру мақсатында фланеграфқа сюжетті суреттерді жапсырту арқылы ертегіні әңгімелей отырып құрастыртқан дұрыс. Немесе дөңгелек үстелге отыру арқылы үстел үсті ертегісін алып, әр балаға ертегі кейіпкерлерін тарату арқылы тәрбиеші бастаған ертегіні жалғастыру арқылы ертегіні ойда бекітуге дағдыландыру. Ұйымдастырылған оқыту іс - әрекеттеріне ертегі кейіпкерін қонаққа шақыру арқылы балалардың естіген, білген ертегілерін ұмытпауға дағдыландырған жөн. Сонда баланың есте сақтау қабілеті артып, логикалық ойлау қабілеті арта түседі. Балалардың естіп, білген ертегісін есінде сақтап жүруі үшін, ертегіні қайта - қайта әңгімелей беру оларды жалықтырады, сондықтан балалардың естіген ертегісін қуыршақ театрын қолдану арқылы естерінде сақтату да жақсы әдіс - тәсілдің бірі. Ал осы қуыршақ театрын балалардың өзіне сомдату арқылы рольге бөліп ойнату, балалардың ертегіні қызыға тыңдап қызықтыра әңгімелеуіне зор үлес қосады. Балалар ертегіні тыңдап, қызықтап, естеріне сақтағаннан кейін ондағы кейіпкерлерді сомдатып, оларды сахналау балалардың тілінің дамуына әсері мол. Қазақ елі өзі дербес ел болып, өзінің тарихы, әдебиеті, мәдениеті болғандықтан ұлттық киімінің болуы да мақтанарлық нәрсе. Сондықтан балаларға кіші сәби жастан бастап өзіміздің әсем де, әдемі көз тартарлық ұлттық киімімізді білуіне, әрі оны сүйсіне кие білуге баулу да маңызды. Заман ағымына сай ұмыт қалып бара жатқан қазақтың әдемі ұлттық киімінің атауларын үйретіп, оны мақтана, қуана киюіне әсер ете білгеніміз жөн деп санаймын. Сондықтан әр түрлі қуыршақтарды алып, оларға ұлттық киімдерді атай отырып, киіндіріп үйрету де балалардың сөздік қорының кеңеюіне өз үлесін қосады деп ойлаймын. Ұлттық киімді киіп, қазақтың киіз үйінің ішінде балалардың өздері үйреніп білген мақал - мәтелдерін, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, сұрамақ, өлең - жырларын айтқызып, ұлттық ойындар ойнатып, өздері білетін ертегілерін сахналатып мерекелік ертеңгілік ұйымдастырса, қазақтың салт - дәстүрін көрсетіп, ата - аналардың көмегімен мерекелік думанға айналдырса, балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтары одан әрі арта түсетіні сөзсіз. Ендеше, ұмыт қалып бара жатқан салт - дәстүрімізді қайта жандандыруға ө үлесімізді қосып, ұлттық рухты, қазақи иіс аңқыған бұрынғы қазағымыздың иманды да инабатты, сыпайы, алғыр, батыл, зерек ұлы мен қызын тәрбиелеуге өз үлесімізді осылай қоссақ артық болмас деп ойлаймын. Өйткені, қаөақтың халық ауыз әдебиетімен сусындаған балаларымыздың тілі ұшқыр, ойы зерек, тәрбие өнегесі көргенді болмақ. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - білімді ұрпақ. Білімді ұрпақты тәрбиелеу - әрбір мұғалімнің парызы. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің міндеті - жас буынды кітап оқуға, сөз өнерін түсінуге, сезім мен адамгершілікке тәрбиелей отырып, жеке қабілеті мен белсенділігін дамыту. Пәніміздің мақсаты - адам жанын, рухын, сезімін тәрбиелеу, көтеру. Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов «Әдебиет мектеп ішіндегі ақыл, сезім тәрбиелеп, қалыптасып жетілуден басқа оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін танытуға керек» дейді. Ендеше, көркем сөздің арқасында адам жанын игілікке бастайтынымыз даусыз. Әдебиет - өнер атаулының құдіреттісі, патшасы. Оның құдіреттілігі сөзінде, тілінде. Осы тілді оқушының жанына қалай жеткіземіз? Қандай әдіспен жеткіземіз? Әдебиет пәнінде көркем шығармамен жұмыс жасау өлең оқытудан, талдаудан гөрі жеңіл. Ал поэзия түрлерін оқытудың өзіндік қиындқтары бар. Жас мамандар үшін өлеңді «оқу, оқушыға оқыту, жаттаудан» ғана тұратын өлең талдап кеткенде қиынның қиыны. Ол үшін алдымен мұғалім әдебиет теориясын, троптардың түрін жетік меңгеруі керек. Өлеңді оқушыға оқытардан бұрын алдымен мұғалімнің өзі мәнеріне сай, сезіммен оқу керектігі белгілі. Мысалы өлең мен лирикалық өлеңді, поэма мен батырлар жырын оқудың айырмашылығы бар екенінде білесіздер. Бірақ осының барлығы өлең болғанмен, оқытудың өзіндік тәсілдері бар. Оны әр мұғалім өзіндік шеберлігіне салып оқытады. Енді өз тәжірибемнен бірнеше сабағымнан мысал келтірейін. А. Байтұрсыновтың 5-сыныптағы « Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалын оқығанда мәнеріне келтіріп өзім оқып, оқушыдан осылай оқуын талап еттім. Талап болмаған жағдайда оқудың мәнері жоғалады. Оқушылар рольге бөлініп оқығаннан кейін әр шумағын талдатып, мазмұнымен танысып, неліктен бұл өлеңді мысал деп аталғанын ұқтырдым. «Өгіз бен бақа» мысалындағы бейнелердің әрекеттерән, жеке қасиеттерін талдатып, мінездеме беру үшін топтастыру әдісін қолдандым Бұл әдіс 5 - сынып оқушылары үшін жеңіл. Оқушылар өз ойларын тақта бетіне түсіреді. (Өгізге: салмақты, күшті өз орнын білетін т. б. Басқаға: әлін білмейтін әлек, жеңілтек, ойсыз т. б. ) Осы айтқандары арқылы бейнелерге мінездеме беріп, дәптерге жазылғаннан кейін қайтадан оқытамын. Себебі оқушының өз ойымен ақынның айтар сөзі ұштасып жатыр ма, соны түсіну. Осындай әдістермен оқушы тілін, ойын дамыту жұмыстарын жүргіземін. Ал ертегілерді оқыту оңай секілді көрінгенімен, үңіліп кеткенде өзіндік қиындықтары бар. Жалпы ертегілерді оқытуды қорыту мақсатында деңгейлік тапсырмалармен жұмыс бере отырып, «Ертегілер шаһары», «Кім ұшқыр?», «Ертегі не үйретті?» тақырыптарымен сабақты бекітуге болады. Ол үшін «Ертегілер шаһарын» құру мақсатында тас суреті салынған кеспе қағазға сұраққа жауап беріп, шаһар іргетасын қалау керек. Шаһар қаланып болған соң, осы ертегілердің тәрбиелік мақсатын ұғындыру кезеңін «Ертегі не үйретті?» тақырыбымен топтау жұмыстарын жүргіздім. Ал «кім ұшқыр?» ойынында әр түрлі бейнелерден құрылған бұрыш жасап, оқушылар өз ойымен ертегі жазуға, жұмыс істеуге болады. Бұл жұмыс үй тапсырмасы ретінде берілсе, оқушының ізденуіне мүмкіндік туады. Ғ. Мүсіреповтің: «Жаңа достар» швғармасын оқытқанда бірінші сағатын өз бетімен толық оқуға
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz