Жаңа заман құқығының негізгі сипаттары

1 Ұлттық құқықтық жүйелердің қалыптасуы.
2 Ұлыбританияның құқығы
3 Міндеттемелік құқық.
4 Францияның құқығы
5 Азаматтық құқықтың субъектілері.
6 Міндеттемелік қатынастар.
7 Мұрагерлік құқық.
8 Германияның құқығы
9 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері.
10 Міндеттемелік құқық.
Буржуазиялық революциялардың жеңіске жетуі жаңа құқықтық буржуазиялық жүйелердің қалыптасуына алып келді, бұл жүйе жаңа экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталған болатын.
Буржуазиялық қоғамда ерекше орынды шарт иеленеді.
Кəсіпкерлер арасындағы, кəсіпкерлер мен жұмысшылар жəне т.б. арасындағы қатынастар шарттық негізде қалыптасады. Кезкелген шартты бекітудің алғышарттары болып жеке бас бостандығы бар тұлғалардың заңды түрдегі теңдігі мен жалпы құқыққабілеттілік табылады. Заңды теңдік қағидасымен заңдылық қағидасы тығыз байланысты, бұл қағида бірдей
құқықтар мен міндеттерді, жəне заң алдындағы бірдей жауапкершілікті білдіреді. Осы ережелердің барлығы буржуазиялық құқыққа жалпы мағына берген.
Сонымен қатар, буржуазиялық құқықтың шегінде екі негізгі құқық жүйелері байқалады: континенталдық жəне ағылшын-саксондық. Құқықтың континенталдық жүйесі француздық жəне германдық құқықтың əсерімен қалыптасты, ал бұл құқықтарға, өз кезегінде, рим құқығы ерекше əсер етті. Құқықтың континенталдық жүйесі құқықты жеке жəне жариялық деп
бөледі. Жеке құқық жеке тұлғалардың мүдделерін мемлекеттің де, жекелеген азаматтардың да қол сұғуынан қорғайды. Жеке құқыққа азаматтық, отбасылық жəне сауда құқықтары жатады. Жариялық құқық билік пен басқару органдарының ұйымдастырылу жəне қызмет ету тəртібін анықтайды жəне жалпы қоғам мен мемлекеттің мүдделерін кезкелген қол сұғушы-
лықтардан қорғайды. Жариялық құқыққа мыналар жатады:
конституциялық, халықаралық, əкімшілік, қылмыстық, іс жүргізушілік құқықтар.
Құқықтың континенталдық жүйесі құқықты материалдық жəне процессуалдық деп бөледі. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып заң табылады, ол жүріс-тұрыстың жалпы ережелері мен құқықтық қағидаларды орнықтырады. Сот нормашығарушы қызметпен айналыспайды.
Ағылшын-саксондық құқықтық жүйесі Англияда ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болған жалпы құқыққа негізделеді. Құқықты жеке жəне жариялық деп бөлу бұл құқық жүйесіне тəн емес, сонымен қатар, материалдық жəне процессуалдық құқықтар да аса ажыратылмаған. Құқық салалары да нақты анықталмаған. Жəне бұл құқық жүйесінде кодификация орын алмаған.
Құқықтың ағылшын-акондық жүйесінің елдерінде құқықтың негізгі қайнар көзі сот прецеденті болды, ол барлық соттар үшін ұқсас істерді қарау барысында міндетті болып табылды. Сот құқықты жасайды, алайда, жалпы емес, казустық нормаларды, яғни, нақты бір істі шешуге арналған ережелерді
шығарады. “Құқық” жəне “заң” түсініктері бір мағынаны білдірмейді. Парламенттік заң елдің құқығына оны сот қолданған жəне түсіндірген жағдайда ғана айналған. Бұл елдерде конституциялық əдет-ғұрыптар мен келісімдер де ерекше орынды иеленген. Келісімдер мемлекеттік билікті жүзеге асыру саласында аса кең қолданылатын.
Ағылшын-саксондық құқық жүйесіне ерекше терминология, басқа елдерде кездеспейтін институттардың болуы тəн.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа заман құқығының негізгі сипаттары.
Ұлттық құқықтық жүйелердің қалыптасуы.

Ұлыбританияның құқығы
Англиядағы құқықтың қайнар көздері кодификацияланбаған. Жеке құқық белгілі бір дəрежеде сот прецеденті құқығы нысанында дамыған, бұл құқық екі бөлімнен тұрған: жалпы жəне əділдік құқығы. 1873-1875 жылдары жалпы құқық соттары жəне əділдік құқығының соттары біртұтас сот жүйесіне біріктірілді. Алайда, жалпы құқық пен əділдік құқығы қазіргі кезге дейін сақталған.
Прецедентпен қатар құқықтың негізгі қайнар көзі болып заң табылды. ХІІІ ғасырдан бастап Англияда белгілі бір жүйеге келтірілмеген көптеген заңдар қабылданды. Англияның азаматтық құқығы субъектілер ретінде азаматтарды да, заңды тұлғаларды да таниды. Алайда, кейбір тұлғалардың құқық қабілеттігі шектелген, бұл — күйеуі бар əйелдер мен шетелдіктер. Сенімгерлік меншігі институтына негізделген заңды тұлғалар кеңінен таралған. Серіктестіктер ұзақ уақыт бойы заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбеді, алайда, кейіннен оларға бұл құқықтар берілді.
Англиядағы заттық құқық аса кең мағынада түсіндіріледі, затттық құқыққа авторлық, өнертабыстық құқық сияқты кейбір абсолюттік құқықтар да жатқызылған. Ағылшындық құқық зат-тарды жылжитын жəне жылжымайтын деп бөлмеген.
Заттар шынайы жəне жеке деп бөлінген. Шынайы заттар: жер, өсімдіктер, ғимараттар, жерге құқықты орнықтыратын құжаттар, жəне жермен байланысты заттар. Жеке заттар екі түрге бөлінді: иеліктегі заттар материалдық заттар жəне материалдық субстратқа ие емес заттар (авторлық құқық). Бұрын болмағанына қарамастан, қазіргі кезде ағылшын құқығында заттарды жылжитын жəне жылжымайтын деп бөлу кездеседі. Англиядағы барлық заттық құқықтар меншік құқығының бір түрі ретінде қарастырылады. Оларға мыналар жатады: жылжымайтын мүлікті жалға берудің əртүрлі нысандары; сервитуттар; сенімгерлік меншік; ипотека. Жерге деген меншік құқығы өзіндік ерекшеліктерге ие болды: жер тек патшаның меншігінде, ал қалған тұлғалар оны пайдаланушы ретінде ғана қарастырылды. Алайда, иелену құқығы меншік құқығынан ажыратылмады (мерзімсіздігі жəне басқа тұлғаға еркін түрде беру құқығы).
Сенімгерлік меншік (траст немесе трэст) — бір тұлға (сенімгерлік меншік иесі) оған үшінші тұлғаның (бенефциант) пайдасына екінші тұлға (құрылтайшы) берген мүлікке билік ететін жəне басқаратын меншік нысаны. Мүлікті пайдаланудың мақсаттары мен табыстарын құрылтайшы анықтайтын.
Міндеттемелік құқық.
Англияда міндеттеменің жалпы ұғымы қалыптаспаған. Азаматтық құқықтың жекелеген салалары ретінде шарттық құқық пен құқықбұзушылықтардан туындайтын міндеттемелік құқық танылды. Ағылшындық шарттық құқығының ерекше сипаттары болып тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтау, борышкерден міндеттемені толық жəне өз еркімен орындауды талап ету табылды. Шығындардың, соның ішінде құқыққа қайшы əрекеттерден (деликтілерден) туындаған мүліктік емес шығындардың (моральдық) орнын толтыру туралы ережелері дамыды. Англиядағы отбасылық құқық ұзақ уақыт бойы феодалдық қатынастардың қалдықтарын сақтап қалды. Шіркеулік неке 1836 жылға дейін сақталды. Ерлі-зайыптылардың жеке қатынастары ерінің билігіне негізделді. Мүліктік қатынастарда əйелдің құқықтары шектелген болатын. Əйел адам құқықтың субъектісі болып табылмады. 1822 жылғы заңмен күйеуге тиген əйелдің аз да болса мүліктік дербестігі орнықты. 1857 жылға дейін ажырасуға рұқсат етілмейтін. 21 жасқа дейінгі балалар əкесінің билігіне бағынатын, ал ол болмаған жағдайда анасының қамқорлығында болған.
Англияда мұрагерлік өсиеттің еркіндігі негізінде жүзеге асырылатын. 21 жасқа толған кезкелген тұлға мүлкін өзі қалаған адамға мұрагерлікке бере алатын. Заң бойынша мұрагерлікте жерді жəне басқа да мүлікті алуға байланысты арнайы əртүрлі ережелер орын алған болатын.
Қылмыстық құқық пен іс жүргізуді тек ХVІІІ ғасырдың ортасында атақты заңгер Блэкстон бір жүйеге келтірген. Қылмыстық құқық, əсіресе, жазалау мəселесіне байланысты консервативтік сипатты иеленген. 1810 жылы дене мүшелеріне зақым келтірумен сипатталатын жазалар аса кең таралған болатын. Ағылшындық іс жүргізудің ерекшелігі болып айыптау процесінің бір мезетте жарыссөз процессі болғандығы табылды.
1907 жылы ағылшындық қылмыстық құқықа шартты соттау жəне превентивтік (ескертушілік) қамауға алу түсініктері енгізілді.

Францияның құқығы
Француз заңгерлері революция кезінің өзінде де кодификация жасауға талпыныстарды жүзеге асырған. 1791 жылы қылмыстық кодекстің жобасы, ал 1793, 1794, 1796 жылдары азаматтық кодекстің жобалары жасалып, ұсынылды. Алайда, тұрақты мемлекеттік билік болмағандықтан олар еш нəтиже бермеді. Тұрақтылық тек Наполеон Бонапарттың тұсында
орнады. Оның үкіметі жарлықтар арқылы революцияға дейінгі құқықты түбірімен жойды. Наполеондық дəуірдегі заңгерлер бес негізгі кодекстерді қабылдады: азаматтық, қылмыстық, саудалық, қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік.
1804 жылғы француздық азаматтық кодекс (Наполеон кодексі).
Кодекс жобасын дайындаумен айналыысқан комисияның құрамына Тронше, Порталис, Малльвиль, Биго-Преамке сияқты Францияның ұлы заңгерлері енді. Жоба төрт айдың ішінде жасалды. 1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36 титулды (тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің құрамына біріктірді. 1807 жылдан бастап ол Наполеон Кодексі деп аталды.
Бұл акт 1789 жылғы “Адам жəне азамат құқықтары декларациясында” бекітілген келесі азаматтық-құқықтық қағидаларды одан əрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық, құқықтар мен бостандықтардың тұтастығы. Кодекстің құрылымына рим құқығы əсер еткен. Ол интституциялық жүйе бойынша құрастырылған.
Кодекс кіріспелік титулдан жəне үш кітаптан тұрған.
Кіріспелік титулда заңдарды жариялау, қолдану жəне олардың күші туралы айтылған. Бірінші кітап тұлғаларға, екінші кітап мүліктер мен меншіктің түрлеріне, үшінші кітап меншікті иелену тəсілдеріне арналған.
Азаматтық құқықтың субъектілері.
Азаматтар (француздар) барлық азаматтық құқықтарды пайдаланатын. Шетелдіктер мен күйеуі бар əйелдердің құқықтары шектелген болатын. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде танылмады.
Меншік құқығы.
Кодексте меншік құқығына анықтама берілмеген, алайда, 544-бапта меншік иесінің негізгі құқықтары — мүлікті пайдалану жəне оған билік ету аталып өткен. Үшінші тұлғалардың мүддесі үшін кодекс меншік иесінің құқықтарын белгілі бір дəрежеде шектейді. Кодексте жер учаскесі иесінің құқықтары, сервитут, жерді жалға беру жəне т.б. жоғары деңгейде реттеліп өткен.
Жер учаскесінің иесінің құқықтары 552-бапта анықталған:
“Жерге меншік жер үстіндегі жəне жер астындағы заттарға меншікті біріктірген”. Жылжитын мүлік иелері (банкирлер, саудагерлер) 2279-баппен қорғалған: “Жылжитын мүліктерге қатысты иелік бұл затқа құқықтың заңды негізі болып табылады”. Негісіз иелік дəлелденуі тиіс болған (2268-бап).
Кодекспен реттелген заттық құқықтарға сонымен қатар мыналар жатқан: бөтен заттарға құқық, иелік, затты ұстау.
Міндеттемелік қатынастар.
Кодексте міндеттемелердің жалпы түсінігі берілмеген, алайда 1101-бапта шартқа нақты анықтама берілген: “Шарт дегеніміз бір немесе бірнеше тұлғалардың басқа тұлғаның немесе тұлғалардың алдында белгілі бір əрекеттерді істеуге немесе істемеуге, бір затты беруге немесе бермеуге мінде-
ттенуі”.
Шарттың жарамдығының жағдайы ретінде тараптардың келісімі, шынайы келісім (қорқытусыз, алдаусыз, адасусыз — 1108,1109-баптар) танылған.
Шарттың өзгертілмеу қағидасы 1134-бапта бекітілген:
“Заңды түрде бекітілген келісімдер оларды бекіткен тұлғалар үшін заңды күшке ие. Олар тек тараптардың өзара келісімі бойынша немесе заңмен көзделген жағдайларда тоқтатылады.
Бұл шарттар міндетті түрде орындалуы тиіс болатын”. Кодекс мүліктердің эвикциясы мəселесін де қарастырып өткен. Мүліктің айқын көзге көрініп тұрған кемшіліктері үшін сатушы жауап бермейді, ал жасырын кемшіліктерін сатушы міндетті түрде көрсетуі тиіс (1641,1642-баптар).
Зиян келтірген жағдайдағы міндеттемелер 1384-бапта қарастырылып өткен: ”Тапсырма берген тұлғалар, оны орындаушы тұлға қызметтік міндеттерді орындау барысында зиян келтірген болса, сол зиян үшін жауап береді”.
Кодексте “заттай міндеттемелер” де талданған, оларды орындауды сот тəртібімен талап етуге болмайтын. Алайда, егер міндеттеме орындалып қойса, оған тыйым салынбайтын. Кодексте “заттай міндеттеме” ретінде балаларға жасау беру міндеті аталған.
Неке-отбасы қатынастары күйеу мен əкенің билігіне жəне əйелдің шектелген құқық қабілеттігіне негізделген. Азаматтық неке мен ажырасуға рұқсат беру кодекстің енгізген жаңалықтары болып табылды. Кодекс некені шарт ретінде қарастырады, сол себепті, ерлі-зайыптылардың келісімі маңызды роль атқарған. Неке жасы анықталды (ерлер үшін — 18 жас, əйелдер үшін — 15 жас), сонымен қатар, қажетті жағдай ретінде басқа некеде болмау танылған.
Ажырасуға мына себептер бойынша рұқсат етілген: зинақорлық; өзара өкпелер; ерлі-зайыптылардың бірін ауыр жəне ұятты жазаға тарту; ерлі-зайыптылардың келіспеушілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман құқығының жалпы түсінігі
Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтық пайда болуы
Құқықтық реттеу механизмнің жалпы түсінігі, элементтері
Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Англо-саксондық құқықтық жүйе
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Мемлекет функциялары, белгілері мен түрлері. Құқықтық мемлекет және оның белгілері
Құқықтық нормалардың белгілері
Пәндер