Шешендік сөздер жайында

Шешендік сөздердің поэзиялық және прозалық жанрлардағы орыны әлі айқындалмағандықтан біз оларды шартты түрде шығарманың прозалық жанрлары ішінде қарастырмақпыз.
Кітапта Балта ақын қалың бұқараға өзінің шешендік толғауын былайша арнайды:
"Алғап жарын жамандап,
Асқанды қайдан табарсың
Ақ тоныңды жамандап,
Атылас қайдан табарсың?
Өз басыңды зор етіп,
Теңдес қайдан табарсың?
Ағайынды жат біліп,
Жақынды қайдан табарсың?
Араз болсаң еліңс
Жамандық айтар хабаршың
Тату болса ағайын,
Сонау қатын-балаға
Сүйінші айтар хабаршың -деп тоқтады. Бұл шешендік сөздердің толғау түрі. Енді бір шешендік создердің үлгілері:
"Арысыңды, ендеше, арыстан жеді", - деп сырт айкалып кетті. "Сен жиырма болсаң, ол жүз, сен жүз болсаң, ол мың болады, әне!" деп ауылға қарай иек қақты.
"Әкім елге ие, ел жерге ие емес пе еді?" Жер үшін тартыстар романда әртүрлі етіп көрсетілген: "Байсал мұны естігенде, қатты бұзылып, қарсы қайрат көрсетіп: Жөнімді айтып ем, жібімеді ғой. Жерге тигендіктен шықпайды, жетеге тигендіктеп шығады жан ашуы. Мен тек жатайын десем де сүңгілеп тұрғызайын деген ғой" депті. Үлкендердің кішіге деген ықыласы сөйлеспе сөздерде да асқан шеберлікпен кұрылған:
"Сүйіндік бұған ырзалықпен қарады да жамандықтан жұққыш нәрсе бар ма? Оны тапқан ақылды болғанықтан таппайды. Және тапқанымен қарық болмайды. Шын тапқан деп жақсылық тапқанды айтады да!" - деді. Аздан соң Жұман Нұрғалымға қарап:
"Шіркін, Базаралы, бұл өңірдегі жігітке бітпеген сыртың мен нұрың бар" -деді!
Абай енді бұған ашулана сөйледі:
-Жә, тоқтат, ақсақал! "Қырық жыл достық болмаса, қырық жыл жаулық та жоқ". Базаралыдан алмаған өшің бар ма еді?! Келсе қайырлы болсын! Қадамы құтты болсын! деп Жұманнан жүз тайдырып, өзге жас достарына қарады.
Тағы бір мысал: Ол Оспан үйінде отырған Ырғызбайдың ақсақал, қарасақалының үстіне бір-ақ сәтке ғана кіріп, түрегеп тұрып бір мысқыл айтқан:
"Е, көп суыр! Көбің қосылып ін қазамын деп жатырмысың? Күнту деген бір томар табылыпты. Енді тобыңмен тырналап, тістелеп тырмысқаның сол жалғыз бір томардың түбін кеміру ғой! Жә, жә, суыр болған соң, суырлығын етеді де сол!" деп күле түсіп шығып кеткен.
"Кер асқақтың сөзін-ай, құйқылжыған қырын-ай! Айтуын білсе, ақын сөз нөпір де, түлкіге түссе қырандай! Құйқылжып құйылады-ау!" деп қояды.
Ғылым, білім, өмірдегі адамның орны, атқарар міндеттері туралы да шешендікпен жырланған жолдар мол көрініс тапқан:
"Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан" -
деген өлеңді үзбей, түгел бір оқып шыққан Мәкеиге Әйгерім басынан түсіріп қайта оқытты.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шешендік сөздер

Ұлы Абайдың артына көп сөз қалдырған, қазақ халқының жүрек түкпірінен терең орын алған артындағы бұқараға ата тәрбиесі мен асыл мұрасын қалдырған ақын екендігін жазушы М.Әуезов айта келе, мына өлеңін келтіреді:
"Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,
"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!"
-деген өзіңсің, Абай аға!
Абай осылайша өнер қадірін түсініп, болашақ ұрпақтарға төгілте жыр толғап, теселте сөз шертеді.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім...
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы окытуды жек көрмедім"
Романдағы суырып салмалық шешендікпен туған өлеңнің бірі мына шумақтар:
"Өзі де бөгеместен, қатты дауыстап өлендетіп кетті.
Ойпаң жерге қалыңдап шөп бітеді,
Кей жігітке мал мен бас көп бітеді",
-деп қалып еді.
Жүгініп отырған Байкөкше көтеріле беріп, қуана жадырағандай болды, қабағын керіп жіберіп, лезде іле жөнелді:
Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,
Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді"
Шешендік өнерді халқының озық туындысы мен Абайдың шығармаларынан сезінген Көкбай жеңіл жортпа, шаншу өлеңдерді сүйетін және айта жүретін:
Қойма қойып өр жерге,
Тығып жүрмін сырымды.
Жауығатын жатымнан
Аямаймын қырымды
-деп қалды.
Мінеки, "Абай жолы" роман-эпопеясындағы шешендік сөздерді теріп, оларға көптеген мысалдар келтірдік. Олардың оқушыға қызықты әсері бар екеніне және де жазушы шеберлігіне көз жеткізуге тырыстық. Енді осы шығармадағы шешендік сөздердің мән-мағынасына келейік.
М.Әуезов қазақ халқының талантты перзенті. Ал қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дархан көңілі де сол сөзде жатыр. Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сез болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр - бәрі сыйған сыйқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білер. Оның рухы, жан құпиясы, төзім-сезімі сөз құдіретімен тұтас, туыс. Сондықтан ол үшін сөзден асқан күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.
Қазақ "ат сүрінгенше" ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да аяулысы да сөз болған халық. Қазак халқы сағыныш саздарын ән-күймен жеткізетін өнерлі, ат құлағында ойнайтын батыл, өз ойындағысын қызыл тілдің күшімен сыртқа шығаратын шешен халық. Қазақтың кең сахарасын шарлап өткен талай жиһанкездерді таңдай кақтырған күміс көмей әншілер, он саусағы майыскан күйшілер, қырық бұралып мың бұралған бишілер, басынан сөз асырмаған, топта торай бермеген, айтқан сөз атқан оқпен пара-пар келген шешендер өте көп болған. Miне, осындай дарынды адамдары бар халықтың ортасында өскен М.Әуезов шешендердін небір тамаша сөздерін жадында сақтап, санасын-да пісіріп, кейін дамытып, шешендік өнердін, сан алуан үлгілерін өзінің "Абай жолы" эпопеясында қолданғаи. Жалпы, шешендік өнер әдемі, терең ойға, көркем сөзге лайықталган. Шешендік сөздер ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірибесінде қолданылып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің, ел ағасы болған данышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткір тілді ойшылдардың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер. Бұл сөздердің қаны мен жаны –төзім, кеңдік, адалдық, ақ жүрек қайырымдылық сияқты халықтық касиеттер. Қазақтын атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Олардың заманында Ахмет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, "Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді".
Осы қастерлі мұра, даналық пеп қара қылды қақ жарған әділдіктің айғағы шешендікпен айтылған билер сөзі әлі ұмытылған жоқ, халықтың жадында.
Бірақ ор түрлі аумалы-төкпелі саяси ахуалдарга байланысты зерттелу, жинақтала жариялану жағы коп қиянат көрді. Би дегенге, билер сөзі дегенге үрке қараған кез де болды. Дегенмсн қазақтың Мұхтар Әуезов сынды қаламгерлері халық ауыз әдебиетіне, оның ішінде шешендік өнерге, оның зерттелуіне көп көңіл аударды. Бұған дәлел ретінде М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы шешендік өнер үлгілері көп кездесуін келтіруге болады. Егер шешендік өнер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешеидік толғау және шешендік дау деп үш топқа болінсе, осы үш топ та эпопеяда молынан көрін. Шешендік сөздер

Эпопеяда әрі терең, әрі кең қамтылған тақырып жер, әлеуметгік теңсіздік мәселесі және соның төңірегіндегі бітіспес тартыстар. Расында да, сол кездегі қазақ даласы тіршілігінің қай саласын алсақ та, айналып келіп жер дауына тірелетінді.
Міне, осындай жер дауына төрелік айтқан ақылды дана, рахымды әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты түземек болған Абай болды. Қалың қауым сеніп отырган Абай ықылым заманынан бері келе жатқан шешендік өнердің дәстүрін игеріп, елдің өткен тарихына көз жүгіртіп, соған сүйене отырып әділ төрелігін айтады. Абайдың мына сөздері оның шешендігін нақтылай түседі. "Ағайын жұрт, бір жуап елді бір араға шоқтай жиған әлек сөздің жөніне мені куәға тартыпсыздар. Мен сол куәлікті айтқалы келдім. Осында мансап иесі көп адамдар бас қосыпсыздар. Мансаппен адам қасиет таппайды. Әділет жол тапсын, өріс алсын деймін. Қаншалық ащы болса да, әлдекімге ауыр тисе де, жұрт жарасын емдейтін дәрі сол әділет қана. Ал дәрі ащы болса да дертті жазады... Meн басында атадым ғой. Уақ жерін тартып алу Құнанбай заманынан басталған деп. Құнанбай Жамбыны, Арқалықты, Күшікбайды баса қоныс етіп, көктем кезінде алғаш қона бастағанда менің жасым он алтыда еді. Бұны ести, көре тұра бүгін елі егес боп шабылған, азаматы қан тегіп сабылған Көкенелі "өз жерін қайта алу жол емес" десеңдер осы отырған қалың би сендерді құдай табар".
Абай осы Көкен елі мен Тобықтының арасындағы жер дауына байланысты жиында әділ билік айтып, жұрт көңілінен шығады.
Эпопеяда әлеуметтік теңсіздік, оның ішінде әйел теңсіздігі мәселесі көтеріледі. Қазақта жесір дауы жеті ықылымнан келе жатқан дау. Шығармада Қожагелді Керейдің ер жетіп отырған қызы Салиқа Түкі Сыбанның жесірі еді. Салиқаның атастырған күйеуі, тең тұсы өлген соң, енді қызды жесірім деп Сыбан қайнағаға тартқан. Қыз қарсы болып, дау туады. Шешендік даудың ішінде мол орын алатын жесір дауының ең бір үздік үлгісі - осы Салиқа қыздың дауы. Осы дауда төрелік айтқан Абай сөздері оның асқан шешендігінің айғағындай.
-Уай, жағалай жұртым, Керей-Найман елім! Ортаңа мені қойыпсың. Тетігімді
тап, тынымымды бер деп қойыпсың. Сынға салдым, жарықшағыма жамау бопсын бол деп қойыпсың. Арылып етер жөнім бар. Бір айтарым: Тобықтыдан "туғаныммен екі бауыр, екеуінің ісіне Тобықты тұрғысынан қара деме. Бір жанға екі күймек - әділет емес. Бір қыздың екі сатылғаны жол емес. Алғашқыда маған берген еркін, халық, енді қыздың өзіне бересің. Қыз басы Сыбаннан азат. Салиқа қыздың қалың малы жеткен, ақы адал мал болатын, Керей, сен оны алдың. Ендеше адал бата, ақ малдың орайына, қыз иесі Керей Сабатарға екі қыздың малын берсін".
Қазақ шаруасының тұрмыс-салтының, көшпелі өмірінің өзі шешендік өнердің өркендеуіне себепші, жетекші болған.
Қазақ халқы қысы-жазы мал бағып, аң аулап ат үстінде жүріп, жартылай жауынгерлік өмір кешкен, үнемі далада жүріп, далаға түнеп, аспан дүниесіне, жүлдыздардың қозғалысын бақылап, күн тәулігін, жыл мезгілін соған қарап болжаған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б. адамбаев - фольклортанушы
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлері
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер. Көркем шығарма стилі. Оның түрлері, эстетикалық қызметі
Қазақ би-шешедері және олардың еңбектеріндегі негізгі идея
Орта ғасырдағы түркі шешендігі – қазақ шешендік өнерінің бастауы
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Шешендік сөз өнері және логика
Пәндер