Ана құрсағындағы баланың дамуы


Ана құрсағындағы баланың дамуы
Ұрықтың дамуы туралы жалпы түсінік. Адамның жатырішілік дамуы екі кезеңнен тұрады: эмбрионалды және феталды.
1. Эмбрионалды кезең. Ұрықтанудан бастап 2-айдың соңына дейін созылады. Осы кезеңде нерв, қан тамыр, жүрек-қан тамыр, асқорыту, бөліп шығару, эндокрин жүйелері және денесі, бас, бет бейнелері, аяқтары пайда болады. Ұрық осы кезеңде зиянды факторлардың әсеріне сезімтал ұрықтың тұңғыш "қауіпті" кезеңі имплантациямен сәйкес келеді, 2-3-7 апталық және 9-12 апталық жүктілікте.
2. Феталды кезең. 3-айдың басынан босанғанға дейін созылады. Бұл кезеңде ұрық тез өсіп, жүйелері мен мүшелері дамып жетіледі. Ұрықтың дамуы ана организмімен тығыз байланысты.
Жүйке жүйесі өте ерте жетіледі, жатырішілік кезеңнің 1-аптасында.
Эндокриндік жүйе. Гипофиз, аналық без, бүйрек үсті безі, қалқанша безі, ұйқыбез жатырішілік кезеңнің І-ІІ-ші айларында пайда болады.
Жүктіліктің I жартысында (АКТТ) түзіледі. Жүктіліктің 4-айында иодтың көптігі байқалады, ұрықтың өсіп дамуына маңызы зор. Сонымен қатар, жүктіліктің I жартысында жыныс бездері дамып жетіледі. Олардың дамып, өсуіне эстроген гормондарының әсері көп, ол ана организмінен ұрық қанына өтеді.
Ұрыққаны. Ұрық қаны ұрық имплантациясынан кейін бірден, тұңғыш рет сарғылт қуықта, 5-6 апталық жүктілікте бауырда пайда болады. Жүктіліктің үш айының соңында сүйек миында, жүктіліктің 4 айында көк бауырда қан қорыту функциясы басталады. Ұрықтың өсіп-дамуымен бірге қанның гемоглобині, қызыл, ақ түйіршіктері жоғарылайды. Жүктіліктің II жартысынан бастап қанның үю жүйесі қалыптаса бастайды.
Ұрықтың қан айналым жүйесі. Ұрық жатыр қуысына еніп (имплантация), ананың тіндерімен байланысқаннан кейін, қан айналым жүйесі арқылы оттегімен қоректенеді. Жатырішілік кезеңде қан айналым жүйелері: сарғаю, аллантоидты, плацентарлы кезеңдер.
- Сарғаю өте қысқа кезең, ұрықтың екі жұмалығына дейін ғана созылады.
- Аллантоидты қан айналым жүйесі ұрықтың екі айынан басталады, ұзақтығы сегіз жұма. Осы кезеңде ұрықта оттегі, қоректену заттары ұлғаяды.
- Плацентарлы қан айналым жүйесі ұрықтың үш-төрт айынан басталады, жүктіліктің соңында толық дамиды.
Жүктіліктің екінші айында ұрықтың төрт қақпақшалы жүрек құрылысы бітеді.
Оттегі және қоректік заттар ұрыққа ана организмінен плацента арқылы өтеді. Ұрықтың қан айналымының ерекшеліктері плацентадағы оттегімен және қоректік заттармен қамтылған қан, кіндік баудың венасы арқылы ұрыққа жетеді. Кіндік сақинасы арқылы ұрықтың іш пердесіне құйылып, кіндік баудың венасы бауырға келіп тіреліп, оған өзінің тамырларын таратып, ары қарай төменгі көк тамырға, артериялды қанды құяды. Төменгі көк тамырда артерия қаны ұрықтың кіші мүшелерінен келетін вена қанымен араласады. Сонымен таза артерия қаны ұрықтың кіндік бауының венасында ғана болады. Нәресте туылғаннан кейін тұңғыш рет өкпесімен дем алып, сыртқы қан айналым жүйесі пайда болады. Осы кезде өкпе альвеолалары кеңейіп, өкпеге қан таралады.
Ұрықтың жүрек соғуы. Ұрықтың алғашқы даму кезеңдеріңде жүрегі баяу соғады. Ұрықтың жүрек соғуы стетоскоп арқылы тек жүктіліктің екінші жартысында ғана тындалады (18-20 апталықта), қалышы соғуы - минутына 120-160 рет. Нәрестенің жүрек соғуына көшеген факторлар әсер етеді (нәрестенің қимылы, жүктіліктің түрлі асқынуы және т. б. ) .
Ұрықтың тыныс алуы. Жатырішілік кезеңде ұрықтың сыртқы тыныс алуы плацента арқылы. Ұрық өкпесі тыныс алу ретінде жұмыс жасамайды. Тек нәресте дүниеге келгеннен кейін, тұңғыш тыныс алғанда (өкпе альвеолалары кеңейіп, сыртқы тыныс алуы басталады) .
Ұрықтың қоректенуі. Ұрықтың қоректенуі ана организмінен плацента арқылы қамтамасыз етіледі, плацентада бірнеше ферменттер қорытылып, қоректену талшықтарын бөлшектейді, микро- макроэлементтер, витамиңдер, су (су плацента арқылы диффузиялық жолмен өтеді) .
Жатырдағы нәрестенің өсіп-дамуы ана организмінен түскен қоректік заттарға байланысты. Сондықтан жүктілік кезінде дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Ұрықтың бөліп шығару функциясы. Зат алмасудан бөліп шығарылған қалдықтар ұрық организмінен плацента арқылы ана қанына өтеді. Зат алмасудың қалдықтары ана организмінен бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Ұрықтың бүйрегі тек жүктіліктің ҮІ-ҮІІ айларында ғана жұмыс жасай бастайды; зәр қағанақ суына бөлінеді.
Ұрықтың иммунологиясы. Ұрықтың ерте кезеңінде антидене жасалып шығарылмайды, тек жатырішілік кезеңнің соңында ғана басталады.
Герпес, дифтерия, оспа, полиомиелит, қызамық, стреспе және т. б. қоздырғыштарға қарсы антиденелер ана организмінен ұрыққа өтеді.
Ұрық пен нәрестенің зат алмасу өзгерістері.
Ұрық.
1. Су. Ұрық өсіп дамыған сайын, клетка сыртындағы сүйықтық азая бастайды. Гестацияның ерте кезеңдерінде ұрық салмағының 90-95%-ы судан құралады, ал соңғы сатысында - 70-75%-ға дейін азаяды. Ұрықтың салмағы 800 г. жеткенде, липид жинала бастайды.
- Ұрық ана қанынан белоктарды жинақтайды, ұрыққаглюкоза плацента арқылы - диффузиялық жолмен өтеді.
- Нәресте туылғанда көптеген физиологиялық өзгерістер болады. Тұңғыш тыныс алғанда өкпесіне ауа кіреді, өкпесі кеңейіп, тамыр күштері төмендейді. Өкпеде қан айналымы жоғарылайды. Сол жақ жүрек қарыншасы оң жақ жүрек қарыншасының қысымын жоғарылатады.
Жетілген нәрестенің бас сүйегі.
Акушерия тәжірибесінде нәрестенің бас сүйегінің сыртқы пішінін және оның өлшемдерін білудің маңызы зор, себебі босану кезеңдерінде бірінші болып 96%-да нәресте басымен, 3-4%-да жамбаспен жамбас қуысынан өтеді, өзінің көлеміне байланысты нәресте басы босану жолдарында көптеген кедергілерге кездеседі.
1. Сүйек ерекшеліктері. Бет сүйектері қатты байланысқан. Ми сауытының сүйектері фиброзбен жалғасқан, осыған байланысты босану кезеңінде ми сауытының сүйектері жылжымалы және қозғалмалы болып келеді. Нәресте басының сырт пішіні өзгеріп тұрады.
2. Жігі және еңбектері.
Жіктері:
Сагиталдық төбе жігі (sutura sagitalis) - екі төбе сүйегін қосып, алдыңғы және артқы еңбекпен шектеледі.
Мандай жігі (sutura frontalis) - маңдай сүйектерін қосады, ортада орналасқан.
Самай жігі (sutura coronalis) - маңдай және төбе сүйектерін қосады.
Шүйде жігі (sutura lambdoidea) - шүйде сүйегі мен төбе сүйегін қосады.
3. Еңбектері:
Алдыңғы (үлкен) еңбек (fonticulus anterior) сырт пішіні ромб секілді, тақ төбеде, маңдай және төбе сүйектері арасында орналасқан.
Артқы (кіші) еңбек (fonticulus posterior) - пішіні үшбұрышты, шүйде мен төбе сүйегі арасында орналасқан.
Бас сүйегінің бірнеше бұдырмақтары бар (шүйде, екі маңдай және екі төбе) .
Бас сүйегінің өлшемдері
- Тік өлшем (diameter frontooccipitalis) - кеңсірік пен (глабелла) шүйде бұдырмағының арасы 12 см, айналымы - 34 см.
- Үлкен қиғаш өлшем (diameter mtntooccipitalis) - иек пен шүйде бұдырмасының арасы -13-13, 5 см, айналымы 38-42 см.
- Кіші қиғаш өлшем (diameter ) шүйде ойығынан үлкен еңбектің алдыңғы шегіне дейін -9, 5 см, айналымы - 32 см.
- Ортаңғы қиғаш өлшем (diameter subocciptiofrontalis)
- шүйде ойығынан маңдай шашпен ұштасқан жеріне дейін 10 см, айналымы 33 см.
5. Вертикальды өлшем төбенің ең шығыңқы жерінен, тілшік астына дейін - 9, 5-10 см, айналымы 32 см.
- Үлкен көлденең өлшем - төбе сүйектерінің шығыңқы бұдырларының ең алыс аралығы - 9, 5 см.
- Кіші көлденең өлшем - самай жігінің ең алыс аралығы - 8 см.
Дене өлшемдері.
- Иық өлшемі (diameter biacromialis) - иықтың көлденең ұзындығы - 12 см, айналымы - 35 см, жамбастың көлденең өлшемі - 9-9, 5 см, айналымы 28 см.
Ұрықтың бас сүйегінің топографоанатомиялық ерекшеліктерін білудің акушерия тәжірибесінде маңызы зор.
Дәрігер қынаптық зерттеуде бас сүйектің жігі, еңбектері, өлшемдері арқылы босанудың ағымын анықтайды.
Әйел организмінде жүктіліктің дамуы жаңа функционалды жүйенің - ана-ұрық пайда болуына байланысты. Жүктілік кезінде ананың күй-жағдайының өзгеруі ұрықтың өсіп-дамуына, ұрықтың күй-жағдайы ана организміне әсер ететіндігі дәлелденген.
Ана мен ұрықтың арасын байланыстыратын негізгі буын - плацента.
Жүктіліктің физиологиялық ағымында ұрық және плацентаның дамуына байланысты әйел организмінде барлық мүшелер мен жүйелердің функциясы өзгереді. Бұл өзгерістер бейімделу және ұрықтың өсіп-дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Жүкті әйел организміңдегі физиологиялық өзгерістерді екі үлкен топқа бөлуге болады:
- Жалпы өзгерістер.
- Жыныс жүйесіндегі өзгерістер.
Жүкті әйелдің сырт бейнесі, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында қатты өзгереді; бет бейнесі дөрекіленіп, аяқ-қолдары, бет, сүйек жақтары үлкейеді.
Іш үлкейген сайын омыртқа сүйектері түзеліп, иық пен желке артқа қарай шалқаяды, осыған байланысты әйелдің жүріс-тұрысы өзгереді, Шекспир айтқандай - "жүктілердің тәкаппар жүрісі" пайда болады. Жүктілік кезінде жамбас сүйек қосылыстарында қатты өзгерістер, әсіресе шат қосылысының жан-жаққа ажырауы байқалады. Тері қабаттары да өзгереді. Жатырдың ұлғаюына байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді. Іштің төменгі жағында, шат аймағында, жамбаста және сүт бездерінде шамадан тыс май жинала бастайды. Терінің көбірек созылған жерлерінде жүктілерге тән жолақтар, терісінде қоңыр түсті дақтар пайда болады. Дақ әсіресе бетте айқын көрінеді және іштің ақ жолақтарында, емшек ұшында, айналасында болады. Сыртқы жыныс мүшелерінің айналасында, қынап қабырғаларында, емшек бездерінде вена кеңеюі мүмкін. Әдетте, ол босанғаннан кейін қалпына келеді.
Жүктілік кезінде әйелдің салмағы артады, ол жатырдың, ұрықтың өсуіне, май талшықтарының жиналуына, емшек бездерінің өсуіне, қан көлемінің ұлғаюына, тінде судың жиналуына байланысты. Екіқабат кезде дененің жалпы салмағы орташа есеппен 9-12 кг артады, ұрықтың салмағы 1, 4-1, 8 кг ұлғаяды, апта сайын салмағы 250-300 г-нан аспау керек. Ал 90% жүкті әйелдерде босанардан үш-төрт күн бұрын салмағы орта есеппен 1 кг шамасында төмендейді. Сонымен қатар, әйелдің дене қызуы өдетте 37-37, 2-ге дейін көтерілуі мүмкін. Сүт бездерінің қызметі артып, көлемі ұлғаяды, жүктіліктің екінші жартысында уыз пайда болады.
Қорытынды
Ана мен бала денсаулығын қорғаудың алдын алу көптеген жетістіктерге жетті.
Алдын алу шараларының жекеленген, қоғамдық және біріншілік, екіншілік жолдары бар.
- Жекелеген алдын алу шарасы - жүкті, босанып жатқан, босанғаннан кейінгі әйелдің жеке гигиенасына, тамақтануына бағытталған.
- Қоғамдық шаралар халықтың денсаулығын сақтауға негізделген (еңбек, тұрмыс жағдайын жақсарту) .
- Біріншілік шаралар - әлеуметтік, медициналық, гигиеналық және тәрбиелік бағытқа негізделген.
- Екіншілік шаралар - ауруды ерте анықтауға, оның дамуының және асқынуының алдын алуға негізделген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz