Экология құқығының дәрістері



1. лекция. Тақырып: Экология құқығының түсінігі мен пәні.
2. лекция. Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы мен
қайнар көздері
3 . лекция. Тақырып: Табиғи объектілеріне меншік құқығы.
4 . лекция. Тақырып: Табиғат пайдалану құқығы.
5 . лекция. Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық. құқықтық нысандары.
6. лекция. Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
7 . лекция. Тақырып: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін
құқықтық жауапкершілік.
8 . лекция. Тақырып: Жердің құқықтық режимі.
9. лекция. Таќырыбы: Жер қойнауының құқықтық режимі.
10 . лекция. Таќырыбы: Судың құқықтық режимі.
11. лекция. Таќырыбы: Ормандардың құқықтық режимі.
12. лекция. Таќырыбы: Жануарлар дүниесін пайдалану мен
қорғаудың құқықтық режимі
13.лекция. Таќырыбы: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
14 . лекция. Тақырыптар: Ерекше қорғалатын табиғи
обьектілердің құқықтық режимі.
15 . лекция. Таќырыбы: Қоршаған табиғи ортаны
халықаралық.құқықтық қорғау.
1. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара-қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске үшырауына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр. Табиғи ортаның қолайлы болуы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін нашарлатады. Мұндай жағдайға сай, табиғи ортаны қорғаумен қатар, экологиялық зардап шеккен халықты әлеуметтік жағынан қорғау және экономикалық жәрдем көрсету шаралары туындайды. Мұны біздің республикамыздағы Семей ядролық сынау полигоны мен Арал апты тікелей көрсетіп отыр.
Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі – айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.
2. Экология құқығының пәнін-экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер,жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық актілерімен реттеледі. Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз-қоршаған табиғи орта мен оның ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада ескерілетін негізгі екі мәселе бар:
1) Қоршаған табиғи ортаны және оның ресурстарын қорғауды бірінші орынға қою қажеттілігі. Себебі, экология құқығы саласында қоршаған табиғи ортаны, оның ресурстарын қорғауға басымдылық берілуі қажет. Олай дейтініміз, қазКРгі уақытта жоғарыда аталған зиянды факторларға байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары азайып, тіпті нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған аймақтардың табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуі тиіс.
2) Экологиялық қатынастардың әр түрлі екндігін атадық. Экология құқығы нормаларының нысандары, басқару жүйесі, субъектілері, тетіктерітері, жауапкершілік міндеттері мен талаптары және басқалары экологиялық құқық нормаларының мазмұнын құрайтын болғандықтан, олар өз алдына қаралады. Экология құқығының мазмұны күрделі болғанымен, ол жоғарыда атағанымыздай бір табиғи объект. Қоршаған ортаның ресурстары оның құрамдас бөлігі екенінде қарастырдық. Сондықтан осы салада барлық экологиялық қатынастар экология құқығының мазмұнын құрайды. Оның ішінде қылмыс кодексіндегі, әкімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстер және басқа заңдардағы экологиялық жауапкершіліктер туралы қатынастар экологияға қызмет ететін қосымша салалық нормалары қатарына жатады. Бұл заңдар экологиялық жауапкершілік қатынастарды реттеуге қолданылатын санкцияларымен ерекшеленеді. Олардың дисозиялары түгелімен экология талаптарынан туындайды. Мұндай құқық құрылымында бір құқықтың басқа құқықтарға қызмет етуі заңды. Экологиялық құқық саласындағы жер құқығы,су құқығы, орман құқығы, тау-кен құқығы және басқа құқық негіздерін құрайтын-жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы, атмосфералық ауаны қорғау, ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңдар, оның ішкі құрылымына жататын, салалық құқықтар қатрына жатады.
3. Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілеріне-адамдар жатады. Ал, объектілеріне-экологиялық құқықтың зерттейтін объектілері, яғни табиғат нысандары жатады. Құқықтық реттеу әдісі- мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен белгіленген қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі. Экология құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде бұл әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.
Экологиялық құқықтың негізгі әдістемелеріне қоршаған ортаның табиғилығын немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып, қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немсе табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
13. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ.

1- лекция. Тақырып: Экология құқығының түсінігі мен пәні.
Жоспары:
1. Экологиялық құқықтың түсінігі.
2. Экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипаты.
3. Экология құқық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
4. Экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы.
5. Экология құқықтың әдістері, қағидалары.
6. Экологиялық құқықтың жүйесі.

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық
қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны,
пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері,
қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.

Лекция мәтіні
1. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара-қатынастарын зерттейтін
ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені
көрініс табады. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске үшырауына
байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр. Табиғи
ортаның қолайлы болуы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер
ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс
деңгейін нашарлатады. Мұндай жағдайға сай, табиғи ортаны қорғаумен қатар,
экологиялық зардап шеккен халықты әлеуметтік жағынан қорғау және
экономикалық жәрдем көрсету шаралары туындайды. Мұны біздің
республикамыздағы Семей ядролық сынау полигоны мен Арал апты тікелей
көрсетіп отыр.
Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына
келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған
мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге
асырылады. Соның бірі – айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.
2. Экология құқығының пәнін-экологиялық құқықтық қатынастар құрайды.
Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар
еліміздегі табиғи ортаны жер,жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды
қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық актілерімен реттеледі. Экологиялық
құқықтық қатынастар дегеніміз-қоршаған табиғи орта мен оның ресурстарын
қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі экологиялық қатынастарды
реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада ескерілетін негізгі екі
мәселе бар:
1) Қоршаған табиғи ортаны және оның ресурстарын қорғауды бірінші орынға
қою қажеттілігі. Себебі, экология құқығы саласында қоршаған табиғи
ортаны, оның ресурстарын қорғауға басымдылық берілуі қажет. Олай
дейтініміз, қазКРгі уақытта жоғарыда аталған зиянды факторларға
байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары азайып, тіпті
нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған аймақтардың
табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуі
тиіс.
2) Экологиялық қатынастардың әр түрлі екндігін атадық. Экология құқығы
нормаларының нысандары, басқару жүйесі, субъектілері, тетіктерітері,
жауапкершілік міндеттері мен талаптары және басқалары экологиялық құқық
нормаларының мазмұнын құрайтын болғандықтан, олар өз алдына қаралады.
Экология құқығының мазмұны күрделі болғанымен, ол жоғарыда
атағанымыздай бір табиғи объект. Қоршаған ортаның ресурстары оның
құрамдас бөлігі екенінде қарастырдық. Сондықтан осы салада барлық
экологиялық қатынастар экология құқығының мазмұнын құрайды. Оның ішінде
қылмыс кодексіндегі, әкімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстер
және басқа заңдардағы экологиялық жауапкершіліктер туралы қатынастар
экологияға қызмет ететін қосымша салалық нормалары қатарына жатады. Бұл
заңдар экологиялық жауапкершілік қатынастарды реттеуге қолданылатын
санкцияларымен ерекшеленеді. Олардың дисозиялары түгелімен экология
талаптарынан туындайды. Мұндай құқық құрылымында бір құқықтың басқа
құқықтарға қызмет етуі заңды. Экологиялық құқық саласындағы жер
құқығы,су құқығы, орман құқығы, тау-кен құқығы және басқа құқық
негіздерін құрайтын-жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту,
пайдалану туралы, атмосфералық ауаны қорғау, ерекше қорғалатын аумақтар
туралы заңдар, оның ішкі құрылымына жататын, салалық құқықтар қатрына
жатады.
3. Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілеріне-адамдар жатады. Ал,
объектілеріне-экологиялық құқықтың зерттейтін объектілері, яғни табиғат
нысандары жатады. Құқықтық реттеу әдісі- мемлекет тарапынан қоғамдық
қатынастарға қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен
белгіленген қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі.
Экология құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды
пайдалану және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде
бұл әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.
Экологиялық құқықтың негізгі әдістемелеріне қоршаған ортаның табиғилығын
немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара
байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа
табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық
құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып,
қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немсе табиғатқа
байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай
экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді
сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын
сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.
4. Экологиялық құқықтың бұл көрінісі экологиялық құқықтық қатынастардың
ерекшелігінен, күрделілігінен туындап қалыптасатынын еске алу керек.
Құқықтық реттеу әдісі- мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға
қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен белгіленген
қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі. Экология
құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану
және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде бұл
әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.
Экологиялық құқықтың негізгі әдістемелеріне қоршаған ортаның табиғилығын
немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара
байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа
табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық
құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып,
қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немсе табиғатқа
байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай
экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді
сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын
сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.
5. Экологиялық құқық қағидалары - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет
орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лаузымды адамдар мен
азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы алғашқы түр бастамасы.
Олар-құқықтық мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол
идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы
шығарылады.
Сонымен экология құқығының негізгі қағидалары мыналар болып табылады:
1. адмның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы халықтың өмірі,
еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру;
2. ҚР нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі,адамдардың
қазКРгі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға
деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-
экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3. экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қаіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4. табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру,табиғатты
пайдаланғаны үшін кезң-кезңімен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны
қорғайға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5. биолгиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени
жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз
ету;
6. қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеумен
мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жаупкершіліктің ымырасыздығы;
7. қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал
ету мүмкіндігін бағалау;
8. халықтық, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде демократиялық
жолмен қатысу;
9. халықарлық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылуы.
6. Экология құқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде
салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақырыбы
институтын құрайды. Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан үш
бөлімге бөлінеді: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы.
Жалпы бөлімде қаралған институттар:
- экология құқығының түсінігі және тақырыбы, жүйесі;
- экология құқығының объектілері мен принциптері;
- экология құқығының тарихы мен негіздері;
- табиғат қорларына мемлекеттің меншік құқығы;
- азаматтардың табиғатты пайдалану құқығы және айналадағы табиғи ортаның
қолайлы болуының құқығы;
- айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
мен қадағалау;
- экология туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
Ереше бөлімде қарлатын институттар:
- жердің құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- жер қойнауының құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- судың құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- орманның құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- атмосфералық ауаны құқықтық қорғау;
- жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану;
- айрықша қорғалатын табиғат объектілерінің құқықтық жағдайы.
Ал арнайы бөлімде: табиғатты халықаралық құқықтық қорғау қатынастары
қаралады.

Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық құқықтың түсінігі.
2.Экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипаты.
3.Экология құқық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
4.Экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы.
5.Экология құқықтың әдістері, қағидалары.
6.Экологиялық құқықтың жүйесі.

2- лекция. Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы мен
қайнар көздері

Жоспары:
1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.
2. Экология құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері және
классификациясы.
3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы және экологиялық құқықтық
ережелер мен талаптар.
4. Үкіметтің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың экология-құқықтық
актілері.
5. Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы.

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықағаның тарихын, қайнар
көздерінің түсінігін, түрлерін, экологиялық қатынастардың түрлері мен
жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі,
тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың
жүйесін оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні
1. Экология құқығы 1988 ж. бастап қалыптас бастады. Бұл құқықтың
қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның
және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара
тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да
бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шыға
бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге
болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде
аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар
біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи
ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы
пайда болады. Экология құқығының пәнін-экологиялық құқықтық қатынастар
құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай
қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер,жер қойнауы, су, орман,
атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары
мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық актілерімен
реттеледі. Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз-қоршаған табиғи орта
мен оның ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі
экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада
ескерілетін негізгі екі мәселе бар: Қоршаған табиғи ортаны және оның
ресурстарын қорғауды бірінші орынға қою қажеттілігі. Себебі, экология
құқығы саласында қоршаған табиғи ортаны, оның ресурстарын қорғауға
басымдылық берілуі қажет. Олай дейтініміз, қазіргі уақытта жоғарыда аталған
зиянды факторларға байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары
азайып, тіпті нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған
аймақтардың табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде
жүргізілуі тиіс. Экологиялық қатынастардың әр түрлі екндігін атадық.
Олардың ішінде экологиялық, эконномикалық, мәдени және
2. Экология құқығының қайнар көздері - айналадағы табиғи ортаны қорғау,
оны пайдалану, спасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық
қатынастарды реттейтін актілердің жиынтығы болып табылады. Экология туралы
заңдарды мазмұны жағынан,заң қабылдайтын огандардың түрлері немесе олардың
заң шығару өкілеттігі жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
Экология құқығының негіздері ішінде ҚР конституциясы ерекшк орын алады.
ҚР Конституциясы табиғи ресурстар қорлардың құқықтық жағдайын және оның
аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды
мемлекет атынан иемдену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның
ішінде экологиялық заңдардың, өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне
қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы
табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа
адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.
Экология құқығының экологиялық қатынастарды реттеудің мазмұнына қарай,
оның жүйесін құрайтын қатынастарға және соларға байланысты нормативтік
құжаттардың мазмұнына қарй мынадай турлерге бөліп қаруға да болады. Жалпы
экологиялық нормативтік құқықтық актілер және оның құрамдас бөлігі болып
саналатын салалық нормативтік құқықтық актілер:
Жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілердің өзі екіге бөлінеді:
1. негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;
2. туынды жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілер;

Негізгі жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілерге төмендегілер
жатады:
1. ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 қаңтардағы.
2. ҚР Экологиялық сараптамасы туралы 1997 ж. 18 наурыздағы заңы.
3. ҚР Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы
заңы.
4. ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы 1994 жылғы 8
шілдесінде қабылданған заңы;
5. ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996
жылғы 5 шілдеде қабылданған заңы.

Туынды жалпы экологиялық нормативтік құықтар актілеріне жататындар;
1. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі туралы ереже ҚР Үкіметінің
1999 жылғы 27 сәуКРдегі N481 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, N15,154-
құжат);
2. ”Республикалық қоршаған ортаны қорғау туралы қоры”. Мемлекеттік қоры
туралы Ереже ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 1 сәуКРдегі N280 қаулысымен
бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 1998 ж. N10, 74-құжат.)
3. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 2005
жылғы14 қаңтардағы N14 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 2005 ж. N1, 64-70
б.б.

Салалық негізгі нормативтік құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;
2. Жер қойнауы және он пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық
актілер;
3. Ормандар мен басқа өсімдіктер туралы негізгі нормативтік құқықтық
актілер;
4. Су жөніндегі негізгі нормативтік құқықтық актілер;
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы негізгі нормативтік құқықтық
актілер;
6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы
негізгі нормативтік құқықтық актілер;
7. Атмосфералық ауаны қоғау туралы негізгі нормативтік құықтық актілер;
8. Экология саласында халықаралық экологиялық ынтымақтастықтар туралы
негізгі нормативтік құқықтық актілер;
Осы аталған негізгі салалық нормативтік құқықтық актілердің туынды
түрлері де бар.
3. ҚР Экологиялық құқығы ҚР Конституциясына негізделеді, сондықтан
Экологиялық құқықтың басты қайнар көзі ретінде Конититуция табылады.
Экология құқығының мазмұны күрделі болғанымен, ол жоғарыда атағанымыздай
бір табиғи объект. Қоршаған ортаның ресурстары оның құрамдас бөлігі
екенінде қарастырдық. Сондықтан осы салада барлық экологиялық қатынастар
экология құқығының мазмұнын құрайды. Оның ішінде қылмыс кодексіндегі,
әкімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстер және басқа заңдардағы
экологиялық жауапкершіліктер туралы қатынастар экологияға қызмет ететін
қосымша салалық нормалары қатарына жатады. Бұл заңдар экологиялық
жауапкершілік қатынастарды реттеуге қолданылатын санкцияларымен
ерекшеленеді. Олардың дисозиялары түгелімен экология талаптарынан
туындайды. Мұндай құқық құрылымында бір құқықтың басқа құқықтарға қызмет
етуі заңды. Экологиялық құқық саласындағы жер құқығы,су құқығы, орман
құқығы, тау-кен құқығы және басқа құқық негіздерін құрайтын-жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы, атмосфералық ауаны
қорғау, ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңдар, оның ішкі құрылымына
жататын, салалық құқықтар қатрына жатады.
4. Экологиялық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру барысында жергілікті
өкілді және атқарушы органдарда өз құзіреттеріне сай қызметтер атқарады.
Мысалы: актілер шығарады. Экологиялық құқықтың бұл көрінісі экологиялық
құқықтық қатынастардың ерекшелігінен, күрделілігінен туындап қалыптасатынын
еске алу керек. Құқықтық реттеу әдісі- мемлекет тарапынан қоғамдық
қатынастарға қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен
белгіленген қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі.
Экология құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды
пайдалану және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде
бұл әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.
Экологиялық құқықтың негізгі әдістемелеріне қоршаған ортаның табиғилығын
немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара
байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа
табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық
құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып,
қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немсе табиғатқа
байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай
экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді
сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын
сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.
5. Экологиялық қатынастарды реттеу кезінде де сот органдарының атқаратын
қызметтері де маңызды. Нарық экономикасы жағдайында табғи ресурстарды
материалдық заттық құқық объектісі ретінде пайдалануға байланысты құқықтық
қатынастарды реттеуде азаматтық құқық әдістемесі қатыстырылады. Оның
негізгі себебі: табиғи ресурстар,оның ішінде жер, жер қойнауы, орман, су,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі адамның күн көру, өндіріс объектілерінің
яғни экономикалық қажеттерінің де объектісі болып салады. БІРақ бұл
экономикалық қатынастарды экологиялық қатынастардан бөліп қарауға болмайды.
Сондықтан, азаматтық құқық әдістемесі экология құқығында субъектілерді
қоршаған табиғи ортаны қорғауға, сақтауға ынталандыру үшін де қолданылады.

Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.
2. Экология құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері және
классификациясы.
3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы және экологиялық құқықтық
ережелер мен талаптар.
4.Үкіметтің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың экология-құқықтық
актілері.
5.Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы.

3 - лекция. Тақырып: Табиғи объектілеріне меншік құқығы.

Жоспары:
1.Табиғат обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы
сипаттамасы.
2. Мемлекет-табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.
3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны,обьектілері мен
субьектілері.
4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілуі және
тоқтатылу негіздері.

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық
қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны,
пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері,
қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.

Лекция мәтіні
1. Табиғи ресурстар - қоғамның тұтыну қажеттігін қанағаттандыратын
табиғаттың игілікті құрамдас бөлігі. Табиғи ресурстар - қалыптасқан
экологиялық кешен. БІРақ олардың кейбіреулері ғылым мен техниканың дамуы
нәтижесінде ғана пайдалану қорына айналуы мүмкін. Сондықтан меншік
объектілеріне адам мен қоғамның қажеттігі үшін пайдаланатын табиғи
ресурстар жатады. Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы – бұл
табиғат ресурстарына Қазақстан Республикасы егемендігінің материалдық
негізін құрайтын, экологиялық және экономикалық құқықтық ережелердің
жиынтығы.
Республикамызда алғаш рет 1990 жылғы қарашаның 15-де қабылданған Қазақ
ССР- дегі “Меншік туралы “ Заңда және Қазақ ССр-нің мемлекеттік
егемендігі туралы Декларацияда (1990 жылғы 25 қазан) жер, оның қойнауы, су,
орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі тек қана мемлекеттің меншігі болып
жарияланды.
1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы“ Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңында аталған табиғат объектілері, әуе кеңістігі және басқа да табиғи
ресурстар тек қана Қазақстан Республикасының меншігі болып аталды.
Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстардың құқықтық жағдайы 1993 жылғы
28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында
тек қана мемлекеттің меншігі ретінде айқындалатыны көрсетілді.
2. Қазақстан Республикасы жер кодексінің нормаларына сйкес республика
аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан
Республикасы. Оның жерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар.
Осы меншік құқығының мазмұнына қарай жерді басқару органдары мен жер
пайдаланушылардың құзыреті белгіленеді. Бұл заң ҚР Конституциясына сай
келеді. Орталық және жергілікті мемлекеттік және басқару органдары табиғи
ресурстарға мемлекеттік меншік құқығын заңда белгіленген басқару
уәкілдігіне ие бола алады. Оларда табиғи ресурстарды иемдену мен пайдалану
құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың заңда
көрсетілген ретте ғана табиғи ресурстарға иемдену, пайдалану, билік ету
құқығы бар. Оның өзінде билік ету құқығы да, мемлекет атынан және заңдарда
көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Табиғи ресурстарға мемлекет меншігін және оның субъектілерін, басқру
органдарын, шегі мен мазмұнын тек қана халық, оның атынан мемлекет, халық
пен мемлекет атынан ҚР Конституциясына сай, ҚР Президенті, Конституциялық
өкілеттігі шегінде Парламент заңдар арқылы белгілейді. Республика Үкіметі
және зге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға бегшілген
өкілеттіктері шегінде ғана жүргізе алады (3,66,85-баптар). Барлық табиғи
ресурстарға меншік құқығы туралы заңдар ҚР Конституциясына сәйкес болуы
керек. ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес меншік субъектілерінің өз
құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері де заңмен белгіленеді. БІРақ
табиғи ресурстарға мемлекеттік меншіктің мазмұндарының негізі болып
табылатын бұл Конституциялық нормалар “Қоршаған ортаны қорғау туралы”
заңдардың барлығында аталып көрсетілмейді. Ондай нормалар 2003 ж. 20
маусымда қабылданған “Жер кодексінде” ғана бар. Басқа экологиялық және
экономикалық салалық заңдарда жоқ. Мысалы: 1997 ж. 15 шілдеде қабылданған
“Қоршаған ортаны қорғау туралы” және “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы” заңдарда табиғи ресурстарға, табиғи аумақтарға мемлекеттік меншік
құқығының шегі мен мазмұны аталмаған. “Қоршаған ортаны қорғау туралы”
заңның 4-тарауы “Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану” деп аталады.
Табиғи ресурстарға мемлекет меншігі аталмаған. Осы баптың мазмұнында табиғи
ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы және жеке меншік құқығы көрсетілген.
“Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңның 5-бабы “Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар меншігі” деп аталады. Егер меншік туралы
Конституциялық нормаларға тікелей жүгінсек оларда табиғи ресурстарға ғана
мемлекеттік меншік құқығы бар, ал табиғи аумақтарға меншік құқығы
берілмеген. Дұрысы: “Табиғи аумақтардағы табиғи ресурстар мемлекет
меншігінде болады” деу керек еді. ҚР табиғи ресурстарға мемлекеттік
меншігі құқығының мазмұнын – иемдену, пайдалану және билік ету құрайды,
сондай-ақ оған мемлекеттік басқару құқығы да жатады. Табиғи ресурстарға
мемлекеттің иелену құқығы – осы ресурстарды меншікке алудың заңды нысаны
және оны жүзеге асыру мүмкіндігі мен қызметі. Табиғи ресурстарды
мемлекеттің пайдалану құқығы - табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін
және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі.
Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы – табиғат объектілерінің іс
жүзінде немесе заң жүзінде тағдырын айқындауға берілген мүмкіндік. Осы
мүмкіндік арқылы табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін және одан түскен
табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі. Мемлекеттің табиғи
ресурстарын иемдену, пайдалану және билік ету құқығының табиғи ресурстарды
пайдаланушылар, иемденушілер мен кейде билік етушілердің құқығынан
ерекшеліктері бар. Мұны меншік иесі құқығының мазмұнынан көруге болады:
1) Мемлекет табиғат ресурстары өз құқығының мазмұнын түзіп, оларды меншік
иесі ретінде жүзеге асырады. Басқалар, табиғат ресурстарын иемденушілер,
пайдаланушылар мемлекет белгілеп берген құқық шеңберінде ғана игілікке
асырады.
2) Мемлекет табиғат ресурстарына меншік құқығын мемлекет бойынша,
қоғамның, барлық адамдардың мүддесі үшін пайдаланады. Басқа табиғат
ресурстарын иемденушілер, пайдаланушылар өзіне иемденуге, пайдалануға
берген табиғат объектісін өз мүддесі үшін заңда көрсетілген мақсатта
ғана пайдаланады.
3) Табиғат қорларына мемлекеттің билік жүргізуі шексіз және оған ешкім шек
қоя алмайды,оны тоқтата да алмайды. БІРақ табиғат қорларына мемлекеттік
билік Конституцияға сәйкес болуы қажет. Сондықтан Конституцияға қайшы
келетін заң нормаларының күші болмайды.
Табиғат ресурстарын мемлекеттен басқа иемденушілер мен пайдаланушылар
заңда белгіленген ретте белгілі бір шекте билік ету құқығын пайдалануы
мүмкін. Оның өзінде де мемлекеттік басқару қызметі шегінде болады.
3. ҚР Конституциясында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік арқылы
пайдалану, оны қорғау, оны басқру табиғат туралы заңның бастамасы болды.
Сонымен бірге ҚР адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған
ортаны қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды. Табиғат байлығының атмосфералық
ауа, кеңістік табиғи аумақтарды пайдалану объектілеріне жатады. Сондықтан
табиғат пайдалану дегеніміз - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара
қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, кеңістікті, аумақты, топырақты, жер,
жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты, озон
қабатын қоса алғанда барлық жанды және жансыз табиғи байлықтарды пайдалану.
Олардың ішінде табиғи ресурстар ерекше орын алады. Сондықтан осыларға
заңдарда ерекше орын беріліп, басқа табиғи объектілер олардың қатарынан
түсіп қалған. Жоғарыдағы табиғат пайдалану құқығының анықтамасында
көптеген табиғи объектілер аталмаған. Табиғат пайдалану құқығының ауқымы,
табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан кең. Себебі, табиғи ресурстарды
пайдалану құқығы табиғи ресурстардың объектілерін (жер, жер қойнауы, су,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі) пайдаланумен шектеледі. Ал табиғат
пайдалану жоғарыда көрсетілгендей барлық жанды және жансыз табиғи
объектілерді қамтиды ( климат, озон қабаты, атмосфералық ауа, әуе
кеңістігі, аумақ).
Сондықтан табиғат пайдалану құқығының табиғи ресурстарды пайдалану
құқығынан айырмашылығы оның пайдалану объектілеріне байланысты болады.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы - қоғамның материалдық мәдени және
басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалану
туралы құқықтық нормалардың жиынтығы . Оның объектілері - жер, жер қойнауы,
су, орман, жабайы жануарлар мен басқа өсімдіктер дүниесі. Табиғат және
табиғи ресурстарды пайдалану құқығының субъектілеріне азаматтар, заңды
тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік құрылымдар, заңда және шарттарда
көрсетілген ретте шетел азаматтары мен тұлғалары, мемлекеті жатады. БІРақ
олар табиғаттың немесе табиғи ресурстардың кез келген түріне пайдалану
құқығына ие бола алмайды. Оның құқықтық нормалары бар. Оның ішінде
азаматтар мен заңды ұйымдарға және басқа табиғат, табиғи ресурстарды
пайдаланушыларға пайдалануға берілмейтін объектілері және объектілерінің
түрлері бар. Табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылардың субъектілері
бастапқы және кейінгі түрлері бар. Мысалы, жер учаскесін мемлекеттен
алған шаруа қожалығы (фермер) алғашқы табиғат, табиғи ресурс пайдаланушы
субъектісіне жатады. Одан соң учаскені жалға алған жер пайдаланушы кейінгі
табиғат, табиғи ресурсты пайдаланушы субъект болады . Сервитут құқығы мен
табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылар да осыларға жатады.
Аталған субъектілерді алғашқы және кейінгі санаттарға жатқызу олардың осы
салада ққықтары мен міндеттерін, мазмұнын анықтауға қажет. Табиғи
ресурстарды пайдаланудың түрлерін анықтаудың топтастырып қарау жолыбар. Ол
табиғат және табиғи ресурстар туралы заңдарда орын алған. Соған орай
табиғатты, табиғи ресурстарды пайдалану:
1) жалпы және арнайы пайдалануға;
2) табиғатты қоғамдық және жеке мақсатта пайдалануға бөлінеді.
Табиғатты, табиғи ресурстарды пайдаланудың түпкі мақсатына қарай адамның
және қоғамның экономикалық, экологиялық, әлеуметтік қажеттіліктерін өтеу
үшін пайдалану түрлеріне де бөлуге болады.
4. Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны
қорғауды мемлекеттік басқару - қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы,
яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады. Экология
саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар:
1) Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.
2) Қазақстан Республикасы - халықтың ресми өкілі.
3) Айналадағы табиғи ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен денсаулығына
қолайлы болуын қамтамсыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары
мен лауазымды адамдары заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге
асыру құқығына ие болады.
Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды - жер, су, орман, жер
қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы,
қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы
саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын
ұйымдастыруды іске асыру болып табылады. Басқарудың нысандарына заң
шығарушылық,, құқық қолданушылық , құқық орындаушылық және құқық
қорғаушылық қызметтері жатады. Басқарудың мақсаты - экологиялық
бағдарламардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамсыз ету,
айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және
осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі
мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. Басқарудың
осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру, түсіндіру,
тәрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық тәртіп пен
ережелері бқзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады. Экологиялық
басқрудың мақсаты мен әдістері осы саладағы экологиялық заңдардың негізгі
арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мзмұны болып табылады.
Басқарудың жүзеге асырылуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың,
лауазымды адамдар мен азаматтаррдың іс-әрекетіне, қызметіне және олардың
құқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына байланысты болады.
5. Табиғи ресурстарды мемлекеттің пайдалану құқығы - табиғи ресурстардың
пайдалы қасиеттерін және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де
пайда алу қызметі. Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы –
табиғат объектілерінің іс жүзінде немесе заң жүзінде тағдырын айқындауға
берілген мүмкіндік. Осы мүмкіндік арқылы табиғи ресурстардың пайдалы
қасиеттерін және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу
қызметі. Мемлекеттің табиғи ресурстарын иемдену, пайдалану және билік ету
құқығының табиғи ресурстарды пайдаланушылар, иемденушілер мен кейде билік
етушілердің құқығынан ерекшеліктері бар. Мұны меншік иесі құқығының
мазмұнынан көруге болады:
3) Мемлекет табиғат ресурстары өз құқығының мазмұнын түзіп, оларды меншік
иесі ретінде жүзеге асырады. Басқалар, табиғат ресурстарын иемденушілер,
пайдаланушылар мемлекет белгілеп берген құқық шеңберінде ғана игілікке
асырады.
4) Мемлекет табиғат ресурстарына меншік құқығын мемлекет бойынша,
қоғамның, барлық адамдардың мүддесі үшін пайдаланады. Басқа табиғат
ресурстарын иемденушілер, пайдаланушылар өзіне иемденуге, пайдалануға
берген табиғат объектісін өз мүддесі үшін заңда көрсетілген мақсатта
ғана пайдаланады.
3) Табиғат қорларына мемлекеттің билік жүргізуі шексіз және оған ешкім шек
қоя алмайды,оны тоқтата да алмайды. БІРақ табиғат қорларына мемлекеттік
билік Конституцияға сәйкес болуы қажет. Сондықтан Конституцияға қайшы
келетін заң нормаларының күші болмайды.

Бақылау сұрақтары:
1.Табиғат обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы
сипаттамасы.
2. Мемлекет-табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.
3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны,обьектілері мен
субьектілері.
4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілуі және
тоқтатылу негіздері.

4 - лекция. Тақырып: Табиғат пайдалану құқығы.

Жоспары:
1.Табиғат пайдалану құқығының түсінігі,қағидалар және белгілері.
2.Табиғат пайдалану құқығының түрлері, обьектілері және субьектілері.
3.Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.
4.Табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, оның пайда
болуы,өзгертілу, тоқтатылу негіздері.
5.Табиғат пайдалану құқығын қорғау.

Лекция мақсаты: Студенттерге табиғатты пайдалану құқығының түсінігін,
қағидаларын және белгілерін экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы
сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі,
тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың
жүйесін оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні
1. Қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де
объектілерді қайта бейімдеу, уақытша тоқтатып қою, меншігін ауыстыру және
тарату қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы уәкілетті мемлекеттік
органдармен келісім бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсерді
бағалау жөнінде жүргізілген тексерулерінен анықталған жолсыздықтар
жойылғаннан және келтірілген зиянның мөлшері белгіленген тәртіппен
толықтырылғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Сонымен қоршаған ортаға әсерді бағалау мемлекет тарапынан басқару
жүйелері арқылы бірінші кезекте шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
бастапқы экологиялық талап. Оның шаруашылықтар мен қызметтің ыңғайына
қарай түрлері бар. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға, материалдарға
қойылатын талаптарға бөлуге болады. Шаруашылықтың қызмет түрлеріне қарай
қойылатын талаптары да заңда көрсетілген. Мысалы: жердің жай-күйіне
жасалатын теріс әсерді және жерді қорғау жөнінде көзделген іс-шаралардың
тиімділігін бағалау мемлекеттік экологиялық сараптаманың, өзге де
мемлекеттік сараптамалардың нәтижелері бойынша жүргізіледі, олардың оң
қорытындысы болмайынша, жаңа техника мен технологияларды жүргізуге, жерді
мелиорациялау бағдармаларын жүзеге асыруға, үйлер және басқа да объектілер
салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруға тиым салынады.
Қоршаған ортаға әсер - шаруашылықтың (қызметтің) дамуы туралы дайындық
пен шешімдер қабылдау жүйесіндегі экологиялық талаптардың құрылымдық
жүйесі.
Экологиялық бағалау тіршілік ортасының ахуалы-жағдайы немесе белгілі бір
фактордың оған ықпалын анықтау шаруашылық пен қызмет жүйесінде қоршаған
ортаға аса қауіпті объектілері мен түрлері бар. Осындай шаруашылықтар мен
қызмет түрлеріне олардың қоршаған ортаға әсерін толық бағалау жүргізілуі
тиіс. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға, материалдарға қойылатын
талаптапрға бөлуге болады.
2. Жерді және жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны,ормандар және өзге де
өсімдіктерді, жануарлар дүниесін, экологиялық ғылыми және мәдени жағынан
ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектілерін,ерекше ұорғалатын табиғи
аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану
кезіндегі экологиялық талаптар заңдармен өзге де нормативтік-құқықтық
актілерімен белгіленеді.
Табиғи экологиялық жүйелердің бүлінуін, адамның, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің генетикалық қорларының жойылуын, қоршаған ортаның адам
қмірі мен денсулығына қауіпті өзгерістерін туғызатын шаруашылық және өзге
де қызметке тиым салынады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң талаптарына сәйкес қорық
режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлінген учаскелерде
кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаны табиғи жай-күйін
бұзатын өзге де қызметке тиым салынады. Заказник режимі ерекше қорғалатын
табиғи аумақта немесе арнайы бқлінген учаскелерде шаруашылық және өзге де
қызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде ғана, мұның өзі
мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп
төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана
жүргізілуі мүмкін. Жер кодексінде жердің жай-күйіне әсер ететін үйлерді
(құрылысташрды, ғимаратарды) және басқа да объектілерді жобалау мен
пайдалануға беруге қойылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге
де арнайы талаптар қаралған.
Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде экологиялық талаптың ішінде ҚР
аумағын карантиндік объектілерден қорғау ерекше орын алуы керек. Оның
экологиялық екі түрлі мәні бар. Біріншісі - ҚР аумағын, оның ішінде аыл
шаруашылық жерлерді зиянкестерден қорғау, тазарту, екінші - өсімдіктер
дүниесін зиянкестерден қорғау, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлерінде, ауыл
шаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау және оның алдын алу шаралары.
Жердің жай-күйіне теріс ықпал ететін жаңа және қайта құрылатын үйлерді
(құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектілерді орналастыру,
жобалау мен пайдалануға беру кезінде, жаңа техника мен технологияларды
енгізу кезінде жерді қорғау жөніндегі әс шаралар көзделуге және жүзеге
асырылуға, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және өзге де арнайы
талаптардың (нормалардың, ережелердің, нормативтердің) сақталуы қамтамасыз
етілуге тиіс.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптама ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау
саласындағы орталық атқарушы орган мен оның жергілікті жерлердегі
бөлімшелерінің сараптама қызметінің түрі. Ол міндетті сипатта болады және
табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығынаәсер ету
бөлігінде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдер қабылдаудың
алдында жасалуға тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы
болмайынша жобаны іске асыруға тиым салынады.
Меншік нысаны мен қай ведомствоға жататындығына қарамастан, сараптама
объектілеріне міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге
тиіс.ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының
тиісті сарптама бөлімшесі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін
қажетті қосымша материалдардыссұратып алуға құқылы.
Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерді бағалау рәсімін
жоспарланып отырған шаруашылық қызметтің тапсырысшысы, ол жұмыс істеп
тұрған объектілер үшін кәсіпорынның иесі не орталық және жергілікті
атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерді бағалау жобалау
алдындағы және жоба құжаттамасының міндетті және ажырағысыз бөлігі болып
табылады, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін бұл республикалық және
облыстық маңызы бар бақылаушы органдардың, орталық атғақрушы органдардың,
кәсіпорын жұмыс істейтін аймақта тұратын азаматтар қоғамдық
бірлестіктердің, сот және прокуратура органдарының, сондай-ақ кәсіпорынның
өзінің бастамасы бойынша не ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы
орталық атқарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің
шешімі бойынша жүргізіледі.
Экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу кезінде сараптама
органдарының басшылары тәуелсіз болады және заңға, ҚР-ның өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес іс-қимыл жасайды. Сараптаманың
экологиялық сараптама жүргізумен байланысты қызметіне мемлекеттік
органдардың, заңды тұлғалар мен лауазымды адамдардың араласуына тиым
салынады, бұдан сарапшының ҚР-ның қолданып жүрген заңдарын бұзған реттері
кірмейді.
Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының бұзылған құықғы, соның
ішінде материалдықшығындары мен моральдық жағынан шеккен залалы сот және
әкімшілік тәртібімен қорғалуға тиіс, ал бұл жолсыздыққа кінәлі адамдар ҚР-
ның қолданып жүрген заңдарына сәйкес жауап береді.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі үш айдан аспауға
тиіс,қаралатын құжаттаманың көлемі мен күрделілігіне қарай бұл мерзім алты
айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Мемлекеттік экологиялық сараптама
жүргізу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту құжаттама тапсырысшыны
ңөтініші бойынша ғана және оның сараптама жұмыстарына қосымша ақы төлеуге
кепілдіктері болған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің басталумерзімі сарапшылық
органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажеттеу құжаттамалардың
бәріберілген және тапсырысшы сараптамадан өткізу мерзімі екі аптадан
аспауға тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптама мерзімін белгілеумен ұзарту
ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органының құзКРетінде
болады.
4. Табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану құқығының субъектілеріне
азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік құрылымдар, заңда және
шарттарда көрсетілген ретте шетел азаматтары мен тұлғалары, мемлекеті
жатады. БІРақ олар табиғаттың немесе табиғи ресурстардың кез келген түріне
пайдалану құқығына ие бола алмайды. Оның құқықтық нормалары бар. Оның
ішінде азаматтар мен заңды ұйымдарға және басқа табиғат, табиғи ресурстарды
пайдаланушыларға пайдалануға берілмейтін объектілері және объектілерінің
түрлері бар. Табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылардың субъектілері
бастапқы және кейінгі түрлері бар. Мысалы, жер учаскесін мемлекеттен
алған шаруа қожалығы (фермер) алғашқы табиғат, табиғи ресурс пайдаланушы
субъектісіне жатады. Одан соң учаскені жалға алған жер пайдаланушы кейінгі
табиғат, табиғи ресурсты пайдаланушы субъект болады . Сервитут құқығы мен
табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылар да осыларға жатады.
Аталған субъектілерді алғашқы және кейінгі санаттарға жатқызу олардың осы
салада ққықтары мен міндеттерін, мазмұнын анықтауға қажет. Табиғи
ресурстарды пайдаланудың түрлерін анықтаудың топтастырып қарау жолыбар.
5. Табиғат байлығының атмосфералық ауа, кеңістік табиғи аумақтарды
пайдалану объектілеріне жатады. Сондықтан табиғат пайдалану дегеніміз -
табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық
ауаны, кеңістікті, аумақты, топырақты, жер, жер қойнауын, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты, озон қабатын қоса алғанда барлық
жанды және жансыз табиғи байлықтарды пайдалану. Олардың ішінде табиғи
ресурстар ерекше орын алады. Сондықтан осыларға заңдарда ерекше орын
беріліп, басқа табиғи объектілер олардың қатарынан түсіп қалған.
Жоғарыдағы табиғат пайдалану құқығының анықтамасында көптеген табиғи
объектілер аталмаған. Табиғат пайдалану құқығының ауқымы, табиғи
ресурстарды пайдалану құқығынан кең.

Бақылау сұрақтары:
1.Табиғат пайдалану құқығының түсінігі қағидалар және белгілері.
2.Табиғат пайдалану құқығының түрлері, обьектілері және субьектілері.
3.Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.
4.Табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, оның пайда
болуы,өзгертілу, тоқтатылу негіздері.
5.Табиғат пайдалану құқығын қорғау.

5 - лекция. Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.

Жоспары:
1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік
басқарудың түсінігі мен қызметі.
2. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және
арнайы органдар.
3. Экологиялық сараптама мақсаттары, міндеттері, түрлері.
4. Экологиялық сараптама қағидалары мен міндеттері.

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық
қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны,
пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері,
қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.

Лекция мәтіні.
1. Экологиялық талаптарды қанағаттандырмайтын және атмосфераға шығарылатын
заттарды бақылаудың техникалақ құралдарымен қамтамасыз етілмеген жабдықтар,
өнер табыстар, рационализаторлық ұсыныстар, жаңа техникалық жүйелер,
заттар, материалдар, шетелден алып келген жабдықтар мен басқа да объектілер
пайдалануға жатпайды. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді
жобалау кезінде, сондай-ақ технологиялық процестер мен жабдықтарды жасау
және жетілдіру кезінде атмосфералық ауаны өндірістік мұқтаждар үшін қажетті
аз мөлшерін пайдалануды қамтамасыз ететін болуы тиіс.
Қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де
объектілерді қайта бейімдеу, уақытша тоқтатып қою, меншігін ауыстыру және
тарату қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы уәкілетті мемлекеттік
органдармен келісім бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсерді
бағалау жөнінде жүргізілген тексерулерінен анықталған жолсыздықтар
жойылғаннан және келтірілген зиянның мөлшері белгіленген тәртіппен
толықтырылғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Сонымен қоршаған ортаға әсерді бағалау мемлекет тарапынан басқару
жүйелері арқылы бірінші кезекте шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын
бастапқы экологиялық талап. Оның шаруашылықтар мен қызметтің ыңғайына
қарай түрлері бар. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға, материалдарға
қойылатын талаптарға бөлуге болады. Шаруашылықтың қызмет түрлеріне қарай
қойылатын талаптары да заңда көрсетілген. Мысалы: жердің жай-күйіне
жасалатын теріс әсерді және жерді қорғау жөнінде көзделген іс-шаралардың
тиімділігін бағалау мемлекеттік экологиялық сараптаманың, өзге де
мемлекеттік сараптамалардың нәтижелері бойынша жүргізіледі, олардың оң
қорытындысы болмайынша, жаңа техника мен технологияларды жүргізуге, жерді
мелиорациялау бағдармаларын жүзеге асыруға, үйлер және басқа да объектілер
салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруға тиым салынады.
2. Қоршаған ортаға әсер - шаруашылықтың (қызметтің) дамуы туралы дайындық
пен шешімдер қабылдау жүйесіндегі экологиялық талаптардың құрылымдық
жүйесі. Экологиялық бағалау тіршілік ортасының ахуалы-жағдайы немесе
белгілі бір фактордың оған ықпалын анықтау шаруашылық пен қызмет жүйесінде
қоршаған ортаға аса қауіпті объектілері мен түрлері бар. Осындай
шаруашылықтар мен қызмет түрлеріне олардың қоршаған ортаға әсерін толық
бағалау жүргізілуі тиіс. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға,
материалдарға қойылатын талаптапрға бөлуге болады. Жерді және жер
қойнауын, суды, атмосфералық ауаны,ормандар және өзге де өсімдіктерді,
жануарлар дүниесін, экологиялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды
қоршаған ортаны қорғау объектілерін,ерекше ұорғалатын табиғи аумақтарды
және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезіндегі
экологиялық талаптар заңдармен өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен
белгіленеді. Табиғи экологиялық жүйелердің бүлінуін, адамның, өсімдіктер
мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорларының жойылуын, қоршаған ортаның
адам қмірі мен денсулығына қауіпті өзгерістерін туғызатын шаруашылық және
өзге де қызметке тиым салынады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
заң талаптарына сәйкес қорық режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе
арнайы бөлінген учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ
қоршаған ортаны табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тиым салынады.
Заказник режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бқлінген
учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі
бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің
сақталуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай
мөлшерде ғана жүргізілуі мүмкін. Жер кодексінде жердің жай-күйіне әсер
ететін үйлерді (құрылысташрды, ғимаратарды) және басқа да объектілерді
жобалау мен пайдалануға беруге қойылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық
және өзге де арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйірме жұмысы арқылы оқушы бойына рухани - адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыру жолдары
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары
Қашықтықтан оқыту технологиясы және әдістемесі
Сот шешендік онерінің майталмандары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Мемлекеттің экологиялық функциясы
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Экология құқығының объектілері
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Пәндер