Ұлттық мінез туралы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық мінез

Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері. Бұл - өте күрделі, әлі де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зердленбей жатқан тылсым дүние». Ғасырлар бойы көшіп - қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім - тәрбие берудің айырықша талап - тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық - психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән - мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игенрі; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; жаудан беті қайтпау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үленді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т. б) . Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан - жүйесі жағынан да жан - жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп - қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң - құс аулау, мал күзету, жау түсіру - тұрмыстың дағдалы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып санлады. Осы айтақанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «өнерді үйрен де, жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқам батырым» сияқты бесаспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін - бірі жақсы білді, әр адамның қадір - қасиеті, оның жасына, жол - жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отрырады. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталаған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау - дамайға төрелік айту сияқты этностық таптауырындар (стереотип) кең әріс алды. Әриен, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке - дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемлік пен әдептіліктің, сұлулық пен. Іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт» дейтін болды. Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси - экономикалық өзгерістер халқымыдың баға жетпес рухани байлықтары: тіл мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қолөнері, киім - кешегі, ою - өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т. б. ) байланысты небір асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс - бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әриен, еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері - қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс - тіршлігінде, от басындағы әдет - ғұрпы мен салт - дәстүр, жөн - жосық, жол - жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айырылған, «қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз. Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімдлік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқвн соғыс пен қуғын - сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық - біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы. «Бұрынғы уақытта - деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов» «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; - қазақ еліұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сайықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білгетін халық екен» - (Алаш, 1917, 30 наурыз, № 16) Әрине, патшалық отарлау мен большевиктік империялық саясат тудырған ұнамсыз қасиеттердің біразы бізде қазір де баршылық. Қанымызға әбден «сіңіп» жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық пен күншілдік, арызқойлық пен жалақорлық, бойкүездік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық, т. б. Осы секілді келеңсіз қасиеттер әлі күнге дейін алдымызға оралып, заман талабына бейімделуге бөгет болып отыр. Әсіресе, Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге дінсіздік, спирттік ішімдікке әуестік, келеңсіз тіршілікке құмарлық, бақталастық, т. б. (бұлар бұрын - соңды қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер еді) осы сияқты жағымсыз қасиеттер келіп қосылды. Бізде бұдан басқа еліктеп - солықтаулар (батысшылдық, ермелік, еліктеушілік, желөкпелік, т. б. ) жетіп артылады. Бұл жәйт еңсемізді көтертпей, құлдық психологияның шырмауынан шығуға кесірін тигізіп - ақ келе жатқанын естен шығармауымыз қажет. Қазапқ тхалқы сонау есте жоқ заманнан өзінің қадір - қасиеттерін қызғыштай қоғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандарып келген ел. Сондықтан да қазіргі ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленуге тиіс.

«Ұлттың мақтанышы - жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Кімде - кім өз ұятын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса - ол адам сөзсіз арамза қаңғыбас» Бауыржан Момышұлы

Ұлттық мүдде өмірдің бар саласында алғашқы орынға шығуы тиіс. Бар мәселе ұлттық мүдде тұрғы­сы­нан шешілуі керек. Уақытша табыстың қызығына беріліп кет­пеу керек. Ұлттық мүдденің қорғаушысы - намыс. Ұлттық на­мыс - азаматтықтың жаршысы, намыс бар жерде құлдыққа орын жоқ. Ұлттық намысы оянған ел жеңдірмейді». Сөз болғаныңа, шіркін! Ұлт зиялысы осылай сөй­лесе керек-ті. Бәрінен қымбаты - ұлттық мүдде, ұлттық намыс деп тұрған жоқ па Дәукең?! Осындай алтын сөзге де құлақ аспайтынымыз бар-ау. Өзіміз айта алмайды екенбіз, айтылғанға неге көңіл бөлмеске?

«Намысты болу үшін ұлттық мінез керек. Мінезсіз адамда қа­сиет болмайды. Бұл ұлтқа да тән. Мінезді халық - намысты халық» деп келетін даналық сөздерге бергісіз асыл сөздер одан әрі былайша жалғасады: «Әдет, ғұрып, салт-дәстүр дейміз. Әрқайсысының өзіндік ұғымы, мән-мағынасы бар. Бірін-біріне шатастырмау керек. Ата заңымыз - Конституцияның баптарын, түрлі заңдарды дайындағанда алдымен ұлттық дәстүр басшылыққа алынады, өзге елдердің, халықтардың дәстүріне негізделмейді. Дәстүр бір ұлтқа ғана тән, басқа ұлттың ортақтығы жоқ. Дәстүрді заң дейміз, ал заң бұзушы қылмыскер есептеледі. Дәстүрдің күші осында, оның тамыры тереңде. Тамырынан айрылса не де болса құлап түседі. Дәстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы бұзылады. Күре тамырымыз - халықтық дәстүр. Әдет-ғұрып салт-дәстүрмен үндес, дәстүр ұғымын толықтырады, өз функциялары арқылы халыққа қызмет етеді. Дәстүрінен айрылған ел халықтығынан айрылады». Дәуір­хан ағамыз философия ғылымының кандидаты. Әлгіндегі сөздерден-ақ Дәукеңнің осы ғылым саласынан кандидаттықты жайдан-жай қорғамағаны көзге ұрып-ақ тұр.
Кітапта «Ұлыға құрмет, талантқа тағзым» деген тарау бар. Мұнда автор скифтер патшасы Анарыстан (Анахарсис), Еділ бабамыздан (Аттила), Тұмар анамыздан (Томирис) бас­тап, Шоқан, Абай, Ахмет, Әлихан, Мағжан… одан кейін Д. Қонаев, Н. Назарбаев, Ө. Жәнібеков, Ш. Есенов, С. Әшімбаев… секілді қай­­раткер азаматтардың ел үшін тындырған өнегелі істерін тіз­белейді. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, өз бағасын береді. «Тарих локомотиві - бұқара халық. Халықты бастайтын кемеңгер тұлғалар. Кемеңгерлік - негізінен саяси ұғым. Олар өзгенің көре алмағанын көреді, сезе алмағанын сезеді, дамудың дұрыс жолын таба біледі. Сол ұлы тұлғаларымызды танып, анықтау, оларды бағалай білу парыз» деп сөз аяғын түйіндейді.

«Айналаңның амандығы керек» деген бөлімдегі материалдар да тартымды оқылады. Мұнда Дәукең көз көрген, қатар қызмет атқарған Саттар Имашев, Сағидолла Құбашұлы, Досмұхамед Кішібеков, Сапар Байжанов, Елеу Көшербайұлы, Дүйсенбай Маханұлы, Көмекбай Қаракөзов, Әбен Асқарұлы, Мұхамедғали Сужиков және басқалар жайында ағынан жарыла әңгімелейді.

Кітап «Сөз соңымен» аяқталады. «Сөз соңы» - өмір туралы мағыналы сөз. Айналдырған оншақты бет қана. Алайда осы жолдарды оқи отырып, он томға татыр ғибрат, тағлымы мол көркем ойға қанығасың. Кәне, оқып көрелік: «Аға болуға жараған азаматқа іні болуға тырыстым, мұның өзі бір бақыт деп санаймын. Сондай-ақ өзімнен ақылы асқанды қызғанбай, оны мақтан тұттым, дос­тарымның бойынан мін іздемедім. Ар мен абыройды азық еттім. Бүгін көрген жарық, татқан дәмге қанағат деймін. Дәтке қуат, тіршілікке тәубе!», «Өмірдің аты өмір, бәрі де болады. Өмірге өкпелеуге болмайды. Небір өмір сынынан өткен сияқтымын. Өмір сынын көрмеген кісі өмір көрдім деп айта ала ма?», «Бір ойшыл: «Адам өмірі қып-қысқа. Егер осы қысқа ғұмырда ештеңе тындырмай кетсең, онда бұл өмірге келмегенмен бірдейсің» депті. Тындырғаныңның ең керегі - кісіге жақсылық жасау»…

Жақсы ағасың Дәуірхан - деп Мұхтар Шаханов жырын арнаса, қа­зақтың қайраткер азаматтары­ның бірі Сағидолла Құбашұлы «Алматыда жолдасым көп, бірақ досым біреу, ол - Дәуірхан Айдаров» деуі де жайдан-жай айтыла салған сөз емес-ау, сірә.

Жоғарыда сөз етілген кітапта Дәукең былай дейді: «Үлкенді сыйлап, ақсақал сыйлап өскен халықпыз. Жол білетін, жөн білетін, көсем сөйлеп, көрегендік көрсететін ақсақалдардың жастар алдында, қоғам алдында орны бөлек».

Тауып айтыпсыз, Дәуірхан аға. Біздің қоғамда, қазақта үлкеннің, ел ағаларының орны айрықша. Солай болған. Солай бола берері хақ. Міне, сол көсем сөйлеп, көрегендік көрсетіп жүрген алдыңғы толқын өкілдерінің бірі өзіңізсіз. Мұны сіз байқамауыңыз да мүмкін. Алайда, «Туған жердің тағылымын» қолына алып, осындағы дүниелерге көз жүгірткен кім-кім де бұған шүбәсіз көз жеткізері анық. Артыңызға қарайламай, армандарға құлаш сермей беріңіз, абыз аға

Ұлттық мінездің нышандары. Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді-адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық ншандары деп үсіну керек. Сөздің қатаң мәнінде, мәнез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады.
Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезі ұқсас болады, немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді.
Өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында қазақтарда өзге халықтар сияқты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келеді.

Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары.

Жауыегерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде қазіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың барінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі-ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі. Қазақ халқы өзгеге бағынбайтын жауынгерлік мінезін екінші дүние жүзілік соғыс кезінде көрсетті. Ол жөнінде фашистттік идеологтар өздерінің «Шығыс жоспарында» атап көрсетті.
Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) -қазақтарда туған жерінің кеңдігі, оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез. Қазақтың кеңпейілділігін қазақтың жеріне келіп қоныстанған өзге ұлт өкілдерінің бәрі және көптеген зерттеушілер ризашылықпен айтады.

Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулеріне -мәрттік, жомарттық, қонақжайылық, балажандық, аңқаулық жатады.

Ұлттық мүдде және оны сезіну. Мүдде деп(латынша -interest) -дара адам, отбасы, ұлттық немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объетивтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар өздерінің материалдық қажеттіліктерін өтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Адамның рухани дүниесіне де қатысты мүдделері көп болады. Өмірлік қызметте адамдар тобына ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық өмірдегі орны мен атқаратын рөлінің әртурлілігіне орай қалыптасқан әрекеттері мен істерінің шынайы себептерінен тұрады.
Ұлттық мүдде деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін айтамыз. Қазақтардың ұлттық психологиясына тікелей қатыстылығыбар, ұлттың баршаға ортақ мүддесі дегенге келетін болсақ, оны әр кездегі әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің түсінуі мен оған сай әрекет етуінің әр түрлі болғандығын көрер едік.

Ұлттық мүдденің алдыңғы лекке шығуы мен оны қанағаттандыру бағытындағы әрекет белсенділігінің артуы да ұлттық өзінің (ұлттық психологияның да) даму үдерісіндегі ілгері басқан сәттерге сәйкес келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мінез - құлықтың психологиялық сипаттамасы
Кездесу саны мінез бітістерінің саны ұлттық мінез бітістерінің ұнамды жақтары ұнамсыз жақтары
Ұлттық мінез
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары
Ұлттық мінез ерекшеліктері
Адамның этномәдени даму мәселелері
Жалаң тәрбие қауқарсыз
Тіл және ұлттық мінез
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz