Фрейдтің психоаналитикалық теориясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Фрейдтің психоаналитикалық теориясы

Адамның психологиялық дамуын зерттеу сипатты ғана емес, сонымен қоса түсіндіру, фактілердің интерпретациясын болжайды. Нақты фактілер белгілі теориялар контекстінің мағынасында болады, ол негізгісін тұрлаусызынан бөліп көрсетеді және психологиялық дамудың негізгі заңдылықтарын түсіндіреді.

Кез-келген психологиялық дамудың шешуші сұрағы қозғаушы күштерді және психикалық дамудың көздерін анықтау болып табылады. Оған адамдағы табиғи бастау (немесе оның тұқымқуалаушылығы) немесе орта (әлеуметтік айналасы, игерілген тәжірибе) жатады. Бұл шешуші сұрақ қалай шешілгеніне байланысты психологиялық теория екі бағытқа бөлінеді. Тарихи тұрғыдан бұл өзгешелік баланың дамуын әр жағынан көрсететін әр түрлі екі философиялық ағымға бағытталған.

Соның бірі XVII ғасырдағы ағылшын философы Джон Локктың есімімен байланысты. Ол баланы таза тақта деп қарастырды, оған қоршаған орта мен қоғам өз өкілдерінің бейнесінде оларға керектіні жазады. Бұл теорияға сәйкес психологиялық даму әрекеттердің әлеуметтік формаларының жинақталуымен және пайдалы қылықтарды өңдеуден тұрады.

Басқа бағыт XVII ғасырдағы француз философы Жан Жак Руссо көзқарастарына негізделеді. Ол жаңа туған баланың өзінен адамдық тұлғаны көре білді. Оның ойынша психикалық даму табиғи құбылыстардың жетілуі және олардың орындалуы ретінде қарастырылады.

Сонымен, психологияда психикалық даму заңдылығының интерпретациясы 3 негізгі жолмен қалыптасты:

- Биогенетикалық - негізіне биологиялық үрдістердің жетілуі жатады, ал қалған даму үрдістері жанама түрде қарастырылады;

- Социогенетикалық - назар ең алдымен әлеуметтену үрдістерінде және қоғамды өмір жолына қатысты этапқа қоятын істерден көрінеді;

- Психогенетикалық - негізіне психикалық үрдістер мен қызметтің өзіндік дамуы жатады.

Қазіргі кездегі психологтер бұл көзқарастарды сирек қолдайды. Жалпы адамның психикалық дамуында тұқымқуалаушылықтың рөлі қандай болса, ортаның да рөлі сондай.

Дамудың биогенетикалық теориясы. Дамудың биогенетикалық теориясы балалық туа біткен ерекшеліктерге бағытталған. Оларға әрекетті жеңілдетілген-механикалық түсіну тенденциясы тән. Оның анықтаушы факторы тұқымқуалаушылық.

Жеке тұлғаның дамуының сандық және сапалық жақтары негізінен тұқымқуалаушылықпен анықталады, тұқымқуалаушылықпен байланыста болатын орта реттеуші, басқарушы қызметін атқарады.

Бұл ой Э. Геккель мен С. Холлдың “биогенетикалық заңында” анық көрінеді. Бұған сәйкес онтогенез филогенездің қысқарған қайталануы. Осыған байланысты адам ұрығы өзінің жатыр ішіндегі өмір сүру кезеңінде дамудың барлық сатысы бір жасушалы тіршілік иесінен адамға дейінгі сатыға дейін басынан кешіреді. Сол сияқты балада адам тарихындағы негізгі даму кезеңдерінен өтеді:

1. жабайылық кезең

2. аң аулаушылық

3. мал жаю

4. жер игеру кезеңі

5. сауда-өндірістік кезең -ақшаға, саудаға, айырбасқа қызығушылық.

Биогенетикалық концепциясының басқа нұсқасын “конституциялық психологияның” неміс өкілдері жасаған. Э. Кречмер және В. Йенш адамның физикалық типі мен оның даму ерекшеліктері арасында қандай да байланыс болуы керек деп болжады. Э. Кречмер: Егер адамдарды ось бойынша орналастырса, онда оның полюсінің бірінде циклді тип (тез қозушы, көңіл күйге байланысты тұрақсыз) басқасында шизоидты (тұйық, байланыспайтын, көңіл күйге байланысты тұйық) болады деп санады. Жеткіншек жас циклдік жарықшаққа, ал жасөспірімдік оның өзін талдау “шизоидты” кезеңмен байланысады. Сонымен даму типтері жас ерекшеліктерінің жеке тұлғаға әсерімен анықталады.

Баланың психикасының инстинктивті табиғаты психологияның этологиялық бағытында көрінеді. Онда адам әрекеті туа біткен рефлекстердің тізбегі ретінде қарастырылады. Неміс ғалымы К. Лоренц барлық тірі заттардың әрекеттерінің формаларының бірі деп зерттеді. Оның ойынша адам өмірі жануарлар өмірінен ерекшеленеді және әрекеттің инстинкті-детерминирлі формаларының тізбегін түзеді. Барлық жоғары және адами құбылыстар -достық, махаббат, соғыс, қызғаныш, үйреншіктік және басқа -туа біткен инстинктер, түрдің сақталуына, тірі қалуына бағытталуын түсіндіреді. Биологиялық тұтастылық оның теориясының негізгі бағалығы және басты түсіндіруші принципі.

З. Фрейдтің психоаналитикалық теориясы баланың туа біткен инстинктерінен тұрғызылады (“либидо”, немесе “оно”) . Бала әрекетінің басты түрткісі инстинктивті қалауларын қанағаттандыру (“ләззаттану принципі”) . Бірақ бала өмірінің алғашқы жылдарында ересектердің талабына жауап ретінде біртіндеп өзінің импульстерін қанағаттандыруды ұстау бейімділігі пайда болады. Жазалау алдындағы қорқыныштан ол өз әрекетін қадағалайды және инстинкті қалауларына ұстамдылық таныта бастайды. Солай келесіде психиканың инстанциясы пайда болады, оны З. Фрейд “Я” (мен) немесе “Эго” деп атады. Болашақта ішкі өмірдің келесі деңгейі қалыптасады (“Суперэго”) .

Онда қоршаған адамдардың талаптары оның жеке және өзіне деген талап, ал олардың құндылықтары -оның жеке құндылықтары болады. Психикалық дамудың кезеңденуі баланың инстинктивті тартуларды қанағаттандыру тәсілі негізінде тұрғызылады.

З. Фрейдтің ізбасарлары - неофрейдисттер Э. Фромм, Дж. Хорни, Э. Эриксон және басқалары -бұл үрдісті аса кең контексте қарастырды. Баланың “Мен”-інің (“Я”) қалыптасуындағы тәрбие шарттарының үлкен ролін бөліп көрсетті.

Қазіргі таңда психоанализ бағытының ең атақтысы батыс психологиясындағы Дж. Боули мен М. Эйнсворттың бауыр басу теориясы. Қараудың ортасында ана мен баланың ерте қарым-қатынасы тәжірибесі орналасқан. Бұл теорияда анасына бауыр басу алғашқы биологиялық сұраныстарды қанағаттандыруды емес, қорғау мен қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді. Сәбидің бауыр басуға тенденциясы генетикалық және эмоционалды шартты, бірақ бауыр басу шешесінің әрекетіне байланысты.

Сонымен, биогенетикалық жақындаудың соңғы нүктесі ағзаның ішінде болып жататын үрдістер.

Социогенетикалық теориясы. Социогенетикалық теорияның жақтаушылары қоғамның құрлымына байланысты жас ерекшеліктерін, әлеуметтанудың тәсілдерін, баланың басқа адамдармен байланысын түсіндірмекші болды. Бұл бағыттың жақтастары француз психологтары Г. Тард, Э. Дюрккгейм, Ш. Блондель, П. Жане және тағы басқалары. Француз психологиясындағы әлеуметтану бағытының негізін қалаушы деп Э. Дюркгеймді санаған. Оның ойынша психологияның дамуы бұл - сенімді және басқа адамдардың сезімдерін енгізу, игеру. Қабылданған эмоциялар мен ойлар баланың жаны қызметінің сипатын анықтайды. Бала даму барысында жинақталған адам тәжірибесін, салт-дәстүрлерді игеруі керек. Бұл еліктеу арқылы жүзеге асады. Тұқымқуалаушылық биологияда қандай маңызға ие болса, еліктеу де қоғамдық өмірде соншалықты маңызды.

П. Жанені психиканың дамуында биологиялық және әлеуметтік арақатынас туралы мәселе қызықтырды (ғалымның ойынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр адамның психикасының даму принципі болып табылады) .

Ол психиканы әлеуметтік шартты және оның дамуы табиғат пен қоғамның арасында әр түрлі байланыс жүйелерінің қалыптасуы деп санады.

П. Жане байланыс мағынасын адамның әлемге қатынас формасы деп түсінген. Ғалымның ойынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр адамның психикасының даму принципі болып табылады.

Мәселені шешуде бихевиоризм теориясы ерекше орын алады. Мұнда зерттеу пәні адамның ішкі дүниесі емес, сыртқы бақыланатын әрекеті болып табылады. Бұл теорияның өкілдері -Б. Скиннер, Э. Толмен, Э. Торндайк және басқа ғалымдардың ойынша даму үрдісі әрекеттік әлеуметтік қолданыстағы формаларын игеруден тұрады.

Психогенетикалық бағыт. Психогенетикалық жақындау әлеуметтік және биологиялық үрдістердің мағынасын жоққа шығармайды, бірақ алдыңғы жоспарға өзіндік психикалық үрдістердің дамуын қояды. Осыған байланысты эмоция, тартылу, танымдық интеллектуалды ерекшеліктерге, жеке тұлғаның тұтас дамуына назар аударылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фрейд теориясының құндылықтары
Фрейд психоанализ туралы
Тұлға теориялары
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Э.Эриксонның теориясы
Дүниені философиялық түсіну: болмыс, материя – алғашқы категориялық ретінде
Медицина және денсаулық сақтау теориялары
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz