Қазақстан кеңестер одағы құрамында



Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақстан Кеңестер одағы құрамында (1921.1991 жж) ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы ... ..4
3. Қазақстандағы 1926.1941 жылдардағы индустрияландыру саясаты ... .6
4. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
5. Қоғамды жаңарту шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
6. Республикада егемендіктің жариялануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1] Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. "Экономикалық ілімдер тарихы". Я.А.Әубәкіров, К.Н.Нәрібаев, Д.Қ.Қабдиев; Алматы, 1998
2. "Экономикалық теория негіздері". Я.Әубәкіров; Алматы, 1998
3."Жаңа кезең-жаңа экономика"; А.Турынбаев, И.П.Гутник Алматы, 1997
4. "Ұлттық экономикалық жүйе". У.Б.Баймуратов, Алматы, 2000
5. http://www.google.kz/search
6. http://referat.nur.kz/kk/

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Қазақстан Кеңестер одағы құрамында (1921-1991 жж) ... ... ... ... ... ... ... .4
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы ... ..4
Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру саясаты ... .6
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қоғамды жаңарту шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Республикада егемендіктің жариялануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе

20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1] Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар Одақтық маңызы бар тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды.

Қазақстан Кеңестер одағы құрамында (1921-1991 жж)
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан Азамат соғысынан кейінгі жағдай. ХХ ғасырдың басындағы халық шаруашылығының құлдырауы. Халықтың Кеңес үкіметіне көңілінің толмауы. Шаруалар көтерілісі. Партияның Х съезі. Жаңа экономикалық саясатқа көшуі. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылдары мен селолары. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық және оның салдары.1921-1922 жылдардағы жер-су реформасы. Қазақ жерлерінің қайтарылуы. Койшы одағы.

ЖЭС – жаңа экономикалық саясаттың қиыншылықтары мен жетістіктері. Қазақ жерлерін Қазақ КАСР –ның құрамына біріктіру. Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік шекараларын белгілеу.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысы
Мемлекеттің таяудағы он жылдыққа арналған стратегиялық міндеттерінде табиғи байлықтар қоры мен минералдық-шикізаттық ресурстар ескеріле отырып, республиканың экономикадағы дәстүрлі артыкшылығын барынша пайдалану қажеттігі көрсетілген. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, сондай-ақ өндіру, соның ішінде жан басына шаққандағы өндіру бойынша да әлемдік біріншілікке ие екені белгілі. Республика бүгінде вольфрам, ванадий рудаларының қоры бойынша — әлемде бірінші орын, құрамында хром бар рудалар қоры бойынша — екінші (23 пайыз), марганец рудаларының коры бойынша үшінші орын алады. Қазақстанның үлесіне уранның әлемдік корының — 25 пайызы, қорғасынның — 19, мырыштың — 13, мыс пен темірдің 10 пайызы келеді. Қазақстан геологиялық, тау-кен істерінің дәстүрлі дамуын калпына келтіріп, нығайта, руда өңдеу мен металл балқыту жөніндегі осы заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз ете отырып, әлемдік минералдық-шикізаттық кешендегі өзінің күшті позициясын сақтауға қабілетті және солай етуі тиіс. Әлемде ұлттық экономиканың шикізаттық құрамына көзқарас келеңсіз емес екенін атап өткен жөн. Аса ірі 200 әлемдік компаниялардың 90-ы шикізаттық секторға жатады, олардың үлесіне рейтингке барлық қатысушылар өткізген өнімнің жалпы көлемінің 80 пайыздан астамы келеді. Минералдық шикізатты әлемдік өндірушілер көшбасшыларының қатарына АҚШ, Австралия, ОАР, Канада, Қытай және Ресей секілді әлемнің ірі елдері кіреді.[1]

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай кешпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қысқарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы 2 млн-ға, қой-ешкі 6,5 млн-дай, түйе-0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.

Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шаруашылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі темен, шикізат пен отын жетіспеді

Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты экономикалық бірнеше меншік түрі: париархалдық, үсақ тауарлық, капіталистік жекеменшік, мемлекеттік-капиталистік орын алады. Бірақ олардың экономикадағы көлемі әртүрлі еді. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.

Қазақ ауылында капитализмге дейінгі қатынастар таза түрінде болған жоқ. Олар капиталистік қатынастармен тоғысып немесе үштасып жатты. Қазақстан халқының таптық құрылымының елдегі орталық аудандарынан айтарлықтай айырмашылығы болды. Мұнда ұлттық буржуазияның тап ретінде қалыптасу процесі аякталмаған еді.

Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір етеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым кеп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру саясаты.
Қазақстанның экономикасының ауыр жағдайы. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктер мен бірізділіктер. Индустрияландыру мәселесі төңірегіндегі идеялық тартыстар. С. Сәдуақасов шаруашылықтың отарлық құрылымын өзгерту туралы. Голощекиннің Кіші Қазан теориясының зардаптары. Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеу. Сәтпаев, Қурнаков, Губкиннің экспедициялары. Жезқазған мыс кен орнының ашылуы. Өнеркәсіп және транспорт. Түрксібтің салынуы. Еңбек ерлері. Өнеркәсіп саласындағы табыстар. Қазақстандағы жұмыс табының өсуі.Елдің дамыған аймақтарымен шаруашылық және мәдени байланыстардың нығаюы. Қазақстанның КСРО-ның шикізат көзіне айналуы.[2]

Елді индустрияландырудың қажеттігі. Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшінтттіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.
1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Индустрияландыру жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды. Сталин индустрияландыруға КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру деген анықтама берді. Әңгіме ауыр және жеңіл өнеркәсіптің тиімді арақатынасы, қала мен деревняда қол жұмысын ығыстыру туралы болды. Капиталистік қоршаудың болуы және социализмді жеке алынған бір мемлекетте ғана кұру бағдары тәрізді дәлелдер шешуші маңызға иеленді.
Мұндай жағдайларда партия ішіндегі демократияның шеңбері тарылып, әскери коммунизм кезіңдегі әдеттер мен бұйрықтық тәсілдер қайта жаңғырды. Ықпал жасаудың экономикалық емес, әкімшілік тетіктеріне артықшылық берілді. Тарихтағы ең алғашкы жоспарлы индустрияландыру бағдарламасын ЖЭС-қа көшу жағдайында жүзеге асыру қажеттігі туды. Көпсалалы экономика, тауар-ақша қатынастары, нарықтық байланыстар өмірге енді. ЖЭС қағидалары өнеркәсіп саласында жеткілікті деңгейде орындалмады, ақырында байыпты әрі ұзақ мерзімге ойластырылған бұл саясат ауыстырылды. Қазақстанның дамуы аймақ экономикасының артта қалуымен байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Елеулі әлеуметтік-экономикалық алға басушылықтардың болғанына қарамастан, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдық жерде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлі де өз күшін жоймады.
1926 жылы республикадағы өнеркәсіпті қайтадан калпына келтіру ісі әлі аяқталмады және бүкілодақтық деңгейден төмен болды. Қазақстанның өнеркәсібі өте баяу дамыды. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп ошақтарын құру қажет болды. Өнеркәсіптік кұрылыс жүргізуге болатын пайдалы қазбалардың кең орындары далалы аймақта, шөл аудандарда орналасты. Жерасты байлықтарын пайдалану бұл орындарда жан-жақты игеру жұмыстарын жүргізуді: жаңа темір және автожолдар, жұмысшы кенттерін, жаңа қалаларды салу, сумен жабдықтаудың қайнар кездерін іздеу т. б. жұмыс ауқымын атқаруды талап етті.
Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуга мәжбүрледі. Бұл міндетті орындаудан бас тарткандар қуғын-сүргінге ұшырады. 1928 жылдың қазанынан 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасьша кесілді.
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашкы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделтетілген геологиялық-барлау жұмыстарының ғылыми елшемдерін толығымен ақтады. Геологиялық зерттеулердің және Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кең байлықтарының енеркәсіптік меңгерілуімен қатар республикадағы геологиялық ғылымдардың қалыптасуына негіз салған іздеу-барлау жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Мыс өнеркәсібін дамыту мәселелерін зерттеумен қатар темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі басталды.
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты бодды. Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы.

Алғашқы бесжылдықтар құрылыстары.
Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жол желісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл жол пайдалануға берілмейінше республиканың ауқымды шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарындағы халык шаруашылығын қайта құруды сәтті түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді. Түрксіб темір жол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды. Бұрын жаңа заманғы қатынас жолдары болмаған аумақтар арқылы 1145 шақырымға созылған Түрксіб темір жолы өндірістік күштерді дамытуда және елдің ауқымды аудандарындағы экономиканы қайта құруда маңызды рөлге ие болды, өнеркәсіпті және темір жолға жақын жатқан аудандардың ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторына айналды. Бұл темір жол тармағының құрылысын сәтті жүргізу мақсатында РКФСР ХКК жанынан ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың төрағалығымен Түрксіб құрылысына ынтымақтастық комитеті құрылды. Құрылыс бүкілхалықтық деп жарияланып, республикаға Ресей, Украина, Орталық Азия енеркәсіп орталықтарының жұмысшылары көмекке жіберілді. Темір жолдың жекелеген бөліктерін кезең-кезеңімен іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын жүзеге асып отырды. 1930 жылы 25 сәуірде магистраль бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі айтулы окиға болды, оны Қазақстанның бірінші машинисі - бұрын бақташы болған Көшкінбаев жүргізді. 1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1931 жылы ол Ақмолаға дейін созылды. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола-Қарағанды, Илецк-Орал, Рубцовск-Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. 1928-1940 жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен Орта Азияны байланыстырған Түркістан-Сібір темір жолы іске косылды.
Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық(1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Пайдалы қазбаларға бай кең орындары Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе кең шығару салалары - мұнай, көмір саласы және түсті металлургияны дамытудың негізі болды. Риддер, Қарсақбай полиметалл комбинаттары, Қарағанды көмір кеңдері қайта қалпына келтірілді. Шымкент корғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған мыс қорыту, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды. Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған асқақ жоспарлар мен қарқынды арттыру жағдайында жүзеге асырылды. 1929 жылдың өзінде-ақ бесжылдық жоспарды негізгі экономикалық көрсеткіштерді ұлғайтумен алмастыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде салынып жатқан құрылыс объектілерін жұмыс күшімен, шикізатпен, жабдықпен қамтамасыз етуде қиындықтар туды. Көптеген құрылыстар тоқтап қалды. Өнім шығарса да, кәсіпорындар толық көлемде жұмыс істей алмады. Жалпы индустрияландыру процесі Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жалғасты.
Қазақстандағы индустрияландыру ісінің ерекшеліктері. Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан бос жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы Большевик журналына (№1 саны) жариялаған Ұлттар және ұлт адамдары деген мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. Жұмысшылардың, әсіресе жеткіліксіз маманданған жұмысшылардың елеулі бөлігін ұжымдастырудың нәтижесінде күйзелген деревнялар мен ауылдардың шаруалары құрады. Еңбек өнімділігі құрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді т. с. с. Республикаға мамандар сырттан өкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан - Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ социалистік Қазақстан жүйесіне үйлесе алмады.
Индустрияландырудың жетістіктері. 1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.
Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады.
Алайда осындай жетістіктерге қарамастан КСРО жүйесінде шикізат аймағына айналған Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% - дан аспады. Республика өндіріс көсіпорындары тұтыну бұйымдарының 60% - ын ғана канағаттандыра алды. Осылайша әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың біртұтас халық шаруашылық кешеніндегі табиғи қорларға бай Қазақстанның рөлін анықтап берді.
Индустрияландыруды жүзеге асырудың барысында Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты. 1930 жылдардың ортасында халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің 24 пайызын жұмысшылар құрады. Индустрияландыру кезеңінде қалалардың урбанизациялану және ірілену үрдісі жүріп жатты. 1940 жылы қала халқының жартысына жуығы 50 мыңнан астам адам тұратын қалаларға шоғырланды.
Алайда ауыр өнеркәсіптің карқынды түрде өсуі ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық майдангерлердің ерліктері мен соғысқа қосқан үлесі
Қазақстан екінші дүниежүзілік жəне ұлы отан соғысы жылдарында
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
ТМД-елдерінің өзара ынтымақтастық қарым- қатынастарының маңызы
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Қайта құру кезеңіндегі республиканың өміріндегі өзгерістер
Инженер - техникалық интеллигенцияның өнертапқыштық
КСРО-ң сыртқы саясатындағы Ауғанстан ( ХХ ғ. 70-80 ж.ж.)
Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық жылдырында
Пәндер