Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері

1. 1 Аграрлық өндірістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-биологиялық ерекшеліктері

1. 2 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

1. 3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның табиғи-экономикалық ерекшеліктері

ІІ. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау

2. 1. Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің оның тиімділігін жоғарылатуға әсері

2. 2. ОҚО агроөнеркәсіптік кешені экономикасының қазіргі уақыттағы жағдайы

ІІІ. Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру мәселелері

3. 1. Ұлттық бәсекелестік басымдықтарды дамыту

3. 2. Оңтүстік Қазақстан облысы АӨК кластерлік дамыту арқылы тиімділігін арттыру

3. 3. Қазақстандағы тоқыма саласының қазіргі жағдайы мен даму динамикасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Соңғы жылдары агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы тұрақталды. Ауыл шаруашылығы өнімі және оны қайта өңдеу өнімдері өндірісінің ұлғаюында оң қозғалыстар байқалуда. Азық-түлік импортының деңгейі төмендеуде, ауыл шаруашылығы техникасы және жабдықпен жарақтау өсуде.

Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен саудасының әлемдік жүйесінің шеңберінде либералды экономика жағдайында ұлттық бәсекелік артықшылықтар және оның дамуы басым мәнге ие болады. Аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, аграрлық өндірісті индустриаландыруға және Агроөнеркәсіптік кешені өнімінің негізгі түрлері бойынша оның тиімді өсуіне негізделген және тұрақты дамуын болжайды.

Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге анағұрлым қабілетті салаларының кластерлік бастамаларын қалыптастыру және іске асыру, оның тұрақты дамуының аса маңызды құрамы болып табылады, ол агротехнологиялар мен шығарылған өнім сапасының артуына, қосымша құнның және агроөнеркәсіптік кешен табыстарының көбеюіне алып келеді.

Аграрлық саланың жаңа сапасы агро азық-түліктік саясатының құрамдас бөлігі сауданың өсуін, ауыл шаруашылығы өндрісінің маркетингтік стратегияға өтуі мен жақын және алыс жатқан шет елдер экспортының қарқындауын оның мағынасының кеңеюін болжайды.

Ұлттық бәсекелік артықшылықтары бар дән және басқа ауыл шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін және валюталық түсімдер көзін қалыптастыру негізі болып табылады.

Аграрлық өндірістің тұрақтылығы - елдің азық-түліктік қауіпсіздігі және әлеуметтік тұрақтылығының негізі, яғни агроөнеркәсіп кешені еліміздің экономикасының стратегиялық маңызды секторы болып саналады. Республикадағы іс-әрекет ететін шаруа қожалықтарының 35% Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған, облыс экономикасында жұмыспен қамтылған халықтың 70% осы сферада жұмыс істейді. Сондықтан Қазақстанның жекелеген аймақтарының агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін жан-жақты зерттеп, дамыту мүмкіндіктерін қарастыру мәлелелері қазіргі таңда өзекті болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бөлігі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылады деп мәлімдеді / 1 /. Сала тиімділігін арттыру мәселесі - шикізатты қосылған құны жоғары өнім алу үшін тереңірек өңдеуді ұйымдастыру және экономиканың өңдеуші салаларымен өзара байланыстырылған өндірістер тізбегінің агроөнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйеге келтіруді талап етеді.

Бұл мәселелердің теориялық және тәжірибелік маңызы жоғарыда аталған тақырыпты таңдап алуымыздың негізі болды.

Зерттеу жұмысының объектісі - Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы, одан әрі дамыту жолдарын жан-жақты зерделеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде аймақтың агроөнеркәсіп кешенін басқару барысында туындайтын мәселелерді, осы кешен әлеуетінің даму ерекшеліктерін анықтау, Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі уақыттағы жағдайын талдап, болашақта оның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

І. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері

1. 1 Аграрлық өндірістің әлеуметтік-экономикалық және табиғи-биологиялық ерекшеліктері

Әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық қатынастарға көшуді жүзеге асырған алғашқы жылдардың тәжірибесі мен практикасы көрсеткендей, өндірістік қатынастарды, оның ішінде ең алдымен меншікті шын мәнінде терең жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге жету мүмкін емес.

Шексіз мемлекеттік монополия бұрын-соңды болып көрмеген мемлекеттік меншіктің жоғары үлесін тудырып, азаматтардың меншіктің үлес салмағын, бейнелеп айтсақ, үңірейтіп қойды. Бұрыңғы КСРО-ның негізгі қоры 2, 8 трлн. рубль болса, оның 2, 5 трлн. рублі, яғни 89, 3%-ы мемлекеттік меншікті құрады. Егер оған мән жағынан мемлекеттендірілген ұжымшарлардың 189 млрд. рубль негізгі қорын қоссақ, онда бұл көрсеткіш 96%-ға дейін көтеріледі. Азаматтарға барлық негізгі қордың бар-жоғы 2, 8%-ы ғана немесе 79 млрд. рубль (әр адамға 280 рубльден) тиесілі болды. Мұндай жағдайда, екі жерден өз бетінше жұмыс істесін, үш жерден бостандықта еңбек етсін, бәрібір әлгіндей кедей меншік иелерімен нарықтық қатынастарға көшу қиял-ғажайып ертегідей естілетіні сөзсіз. Өндіріс қорларынан аластатылған өндірушінің оны жалға алуға да ниеті болмады. Өйткені, ол бәрібір қожайын бола алмайтын еді. Жоспарлау, басқару, қаржыландыру реформаларын де, шаруашылық есептің моделдерімен де өндірушіні, егер өндіріс қорлары оның меншігінде болмаса, жақсы жұмыс істеуге зорлай алмайсың. Міне, сондықтан да әміршіл-әкімшіл жүйенің билік құрған кезеңдерінде барлық экономикалық реформалар табысқа жете алмады және жалпы экономиканың, әсіресе агроөнеркәсіп өндірісінің дамуына айта қаларлықтай әсер ете алмады.

Бұл проблемалар экономиканың аграрлық секторы үшін өте маңызды. Олай дейтініміз, ауыл шаруашылығының және онымен сабақтас агроөнеркәсіп кешені салаларының жай-күйінен нарықтық бағдарламалардың табысқа жетуі байқалады. Бұл қағиданың нақтылығы сондай, ол қосымша құжатты қажет етпейді.

Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық тегерішті игеру жөнінідегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау таппай, құрдамға кетеді.

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік абыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.

Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция меншікке құқық пен жерде шаруашылық жүргізу құқығын бір-бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл осындай себептен аграрлық өндірістің кеңшар-ұжымшылар моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрыңғы Кеңес Одағының елдерінде дами алмады / 2 /.

Өткен жылдар ішінде біздер соншалықты ұмтылған қоғамдастырудың деңгейін арттыру жұмысшының меншіктен аластатылу масштабын одан сайын арттыра түсті. Өндірістің көлемін қалай дегенде де көбейтуге тырысушылық аграрлық өндірістің ішкі табиғатына қарама-қарсы қайшылықта болатынын кеш ұқтық.

Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы өндірісі - өте нәзік, жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет ететін жүйе, ол қатаң қалыпқа салғанды көтермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісі басшылықтың білікті болғанына, жұмысшылардың белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халды басынан кешіреді. Мысалы, әзірге адамның бақылауында аз көнетін табиғи фактор, оның ішінде ауа райының жағдайын алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу және басқа қолайсыз құбылыстар жұмысшылардың барлық ұмтылысына айтарлықтай зиян әкеледі немесе тіпті жоққа шығарып тынады.

Нарықтық экономика ауыл өндірушілерінің табысын мауысымдық ауытқулар мен ауа райы-климаттық қолайсыздықтардан қорғудың белгілі бір тегершігін жасады. Биржалық бизнесмендердің тұтас бір тобы пайда болды. Олар ауыл шаруашылығы табыстарының қолайсыздығын өз мойындарына алады. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз, сондықтан да көптеген мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу фермерлік табыстарды қолдаудың мемлекеттік жүйесін кеңінен тәжірибеге енгізілген.

Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған жағдайда тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің айырбастауға келметін ең басты мәңгілік қоры - жердің алабөтен орны болып табылады. Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның өзінде де өндіріс пен табыстың көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан барып жер рентасы және табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл шаруашылық жерлерінің шектелу проблемалары туады.

Өндірістің ерекше саласы ретінде ауылшаруашылығының ерекше белгісі онда өндірілген өнім (тұқым, жем, малдың төлі, органикалық тыңайтқыш және басқалар) онан әрі өнімді көбейту үшін қолданылатындығы болып табылады. Биологиялық факторлар мен тірі организмдерді пайдалануға негізделген ауылшаруашылығында бұл жағдай оның өндіріс технологиясының да ерекшелігін білдіреді.

Өнеркәсіпте өндіріс және еңбек процесі көбінесе үздіксіз жүреді. Бұлай болатын себебі техниканың, технологияның және өндірісті ұйымдастырудың жетілдірудің қамтамасыз етуде жатыр. Агроөнеркәсіптік өндірісте экономикалық процесс өнім шығаруды жеделдету мен көбейтуді төтенше шектейтін табиғи-биологиялық факторлармен тығыз байланысты. Көп жағдайда ауыл шаруашылығындағы бірқатар табиғи процестерді қысқарту өте қиын, тіпті мүмкін емес. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының пісіп-жетілу мерзімі немесе саулық малдың күйлеу мерзімін айтсақ та жеткілікті.

Табиғи биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда, технологияны таңдауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық ресурстардың тиімділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы жерден келіп, әміршіл-әкімшіл экономика кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен нашар жем-шөп базасы жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым агротехникалық талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикізатын жоғалтуға ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикізатын жоғалтуға алып келді / 3 /.

Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір «биіктіктен» асыруға мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи-генетикалық потенциалы сияқты ауыл шаруашылық осындай биологиялық факторын жеңе алмайды.

Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалдық -техникалық ресурстардың тепе-тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла қылады. Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың қажеттілігі, сондай-ақ өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндігі тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде жүргізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге жалға төленетін ақы есебінен де өсіп отырады.

Тұрақты шығынның жоғары үлесі шаруалар мен олардың өндірістік стратегиясына да әсер етеді. Өнеркәсіпшіге қарағанда, ауылдағы іскерге нарықтық конъюнктура тиімсіз болған жағдайдың өзінде де өндірісті күрт қысқарту тиімсіз, өйткені тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қарамастан өтелуге тиісті.

Табыстың түсуінің маусымдық мәнде болуы барлық өндірістік циклдың өн бойында шығарылатын шығынның орнын толтырудың өте қажет көзі ретінде ауыл шаруашылығы өндірісін несиелік ресурстар алуға итермелейді. Көптеген ауыл шаруашылық салаларында бұл циклдың ұзақ уақытқа созылуы ұсыныс көлемінің қысқа мерзім ішінде азайтылуына немесе көбейтілуіне мүмкіндік бермейді. Осының өзі ауыл шаруашылығы өндірісі мен аграрлық рыноктың тағы бір маңызды ерекшелігі болып табылады.

Алайда, бұл факторлар - ауыл шаруашылығы өндірісіндегі қиыншылықтардың мұзтаудың су бетінде көрініп тұрған басындай ғана. Мұнымен қатар мұзтаудың су астында көрінбей тұрған бөлігіндей тағы басқа көптеген қиындықтар бар. Мұның қатарында «шаруа - еңбек - жер» жүйесін құрайтын әлеуметтік экономикалық және психологиялық қарым-қатынастар аясындағы қиыншылықтар - ең күрделі қиыншылықтар.

Қызметкердің немесе өнеркәсіп жұмысшысының, құрылысшының еңбегін ұйымдастыру, есебін жүргізу, бақылау және әділетті еңбек ақысын төлеу оңай шаруа. Ал, тек қана жұмыс уақытысы емес, барлық өмірі ауыл шаруашылығын жүргізу жағдайында бағындырылған ауыл еңбеккерінің жағдайы тіптен басқаша.

Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарбалас кезеңдерінде шаруа уақытпен санаспай, демалыссыз, демалыс және мерекелік күндерсіз, ауа райының қолайлы сәттерін қалт жібермей, қымбат уақытты тиімді пайдалану үшін жан-тәнін салып жұмыс істейді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде, әсіресе қысқы уақытта шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады. Жалпы алғанда, шаруа норма немесе жоспар үшін емес, түпкі нәтиже үшін жұмыс істейді. Сондықтан да ауыл шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында, табиғатында әрбір дән немесе түп үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу барысында ол бірде-бір өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін жинау кезінде өнімнің ысырап болуына барынша жол бермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік көзі дәл осында жатыр деп батыл айтуымызға болады.

Сөз жоқ, шаруаның еңбегі өте ауыр, бірақ ол шығармашылық мазмұнға мол болғандықтан, адамды өзіне тартып, қуаныш сыйлай біледі. Өнеркәсіп жұмысшысы мен қызметкерден ауыл еңбеккерінің бір айырмашылығы - ол өз жұмысына бар жан-тәнін сала отырып, тұқым себуден бастап өнім алуға дейінгі жасампаз еңбек процесіне бастан аяқ қатысады.

Алайда, соңғы онжылдықтарда ауылшаруашылығында қалыптасқан қарым-қатынастар шаруа еңбегінің осы тұстарын есепке алмай, ғасырлар бойы келе жатқан әдеттер мен дәстүрлерді құртып тынды. Ұжымшыларда немесе кеңшарларда шаруалар бүгін бір егістік басында жұмыс істесе, ертесіне басқа жерді өңдеуге жегілетін болды. Сондай-ақ оның еңбек құралы да жиі ауыстырыла берді. Соның қортындысында ол өз еңбегінің түпкі нәтижесін көре алмай, бірте-бірте жер мен өндіріс құралдарына деген өзінің қожайындық (тіпті ұжымдық қожайындық) сезімін жоғалта бастады. Онан соң тек ілкі сәттегі табыс үшін ғана бүгінгі еңбекақы үшін жұмыс істеуге бойын үйретіп алды.

Оның үстіне әр шаруашылықта кездесетін төмендегідей жағдайлар да шаруаның жақсы жұмыс істеуіне мұрындық бола алмады. Мысалы, іскер шаруа егістіктегі өзінің бөлігін жақсы өңдейді ал оның қасындағы жалқау шаруа өз жұмысын жүрдім-бардым атқарады. Мұндай жағдайда әлгі жауапкершілікпен жұмыс істейтін еңбеккер өз көршісін адами және диқандық абыройға кір келтірмеуге шақырып, әңгіме айтқан болады. Бірақ, бұдан ол ешқандай нәтиже шықпайтынын, сондай-ақ өндірістік-экономикалық қарым-қатынастар пәрменді материалдық және моральдық шара қолдануға ешқандай да мүмкіндік бермейтінін түсінгеннен кейін бірте-бірте өзіне келіп, бейжайлыққа бойын үйретеді. Ал, содан кейін әлгі еңбекқор шаруаның өзі түпкі нәтиже үшін емес, тек бүгінгі тапсырманы орындаумен шектеліп, жалақы жазылатын құжаттан өз аты-жөнін табу үшін ғана жұмыс істейді.

Аграрлық өндірістің жоғарыда айтылған ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен тығыз байланысты, ауа райы мен жер бедері жағдайларының әр түрлілігі, шаруа еңбегінің ерекше мәнде болуы өз бойында іскер-қожайын, басқарушы-менеджер және жұмысшы-орындаушы сияқты үш қасиетті жинақтаған ерекше жұмысшының жұмыс істеуін талап етеді. Агробизнес дамыған елдердің фермерлік шаруашылықтарындағы тұрақтылық пен тиімділік дәл соларға арқа сүйейді. Шаруалық отбасылық шаруашылықтар көптеген ауыл шаруашылықтары үшін ең ыңғайлы өндірістік шаруашылық бірлігі болып табылады. Өйткені мұнда ауыл шаруашылығы өндірісі мен еңбектің ерекшеліктері толық қарастырылған. Отбасы өндірістік ұжым ретінде өз бойына өндірістік қызметтің іскерлік, басқару және орындаушылық міндеттерін тамаша жинақтай біледі. Отбасылық еңбек ұжымы пайдалана алатындай өндірісі ресурстарын (жердің, техниканың және басқалардың көлемін) сол кезеңдегі өндірістің техникалық және технологиялық мүмкіндері айқындайды. Сондықтан да бір фермаға шаққанда өндіріс және өндіріс ресурстардың көбейюі ғылыми-техникалық өркениеттің дамуымен жүзеге асады. Агроөнеркәсіптің жоғарыдағы ерекшеліктері негізінен алғанда әлеуметтік-саяси жүйесіне қарамастан, барлық елдер мен аймақтарда көрініс тапқанындай, объективті мәнде болады. КСРО тарағаннан кейін бұрыңғы одақтық республикалар орнына пайда болған жас мемлекеттерде бұдан басқа өз кезінде тоталитарлық жүйе туғызып кеткен субъективтік қиыншылықтар да кездеседі.

Агроөнеркәсіп өндіріске тұтастай, әсіресе ауыл шаруашылығының дамуына өз кезінде «жоғарыдан» жүргізілген сансыз тәжірибелер, көшпенді халықты отырықшылыққа жедел зорлаған ұжымдастыру болсын, барлық аймақтарда табиғат ерекшеліктері ескерілместен кез келген сәйкес келмейтін дақылдарды өсіруге зорлау болсын, соңына дейін түпкілікті ойластырылмаған тың және тыңайған жерлерді игеру болсын, ұжымшыларды келісімсіз кеңшарларға көшіру болсын, ауыл шаруашылығын басқаруды сан мәрте қайта құру болсын, міне осының бәрі үлкен зиян әкелді. 80-жылдардың өнбойында жеміс пен көкөніс шаруашылығы министрлігі құрылды, одан кейін аул шаруашылығы министрлігі екеуі жойылып, басқа аралас салалық министрліктер және комитеттермен бірігіп, Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіп комитеті болып қайта құрылды. Осы суперминистрліктің туы астында ел тұрғындарының жартысына жуығы және өндірістік саланың үштен екі ұйымы жұмыс істеді. Көп уақыт өтпей-ақ бұл алып құрылым екі жылға жуық қана өмір сүрген аудандық агроөнеркәсіп бірлестіктер жойылғаннан кейін таратылды.

Егер бұл жағдайда тұрақты түрде болып тұратын кадрларды алмастыруды қоссақ, басқару ұйымдарында жағдайдың қандай күйде болғаны айтпаса да түсінікті. Көп жағдайларда басшылық жұмыстарға мамандар емес, ең алдымен идеялық және саяси жағынан әсіресенімді кадрлар жіберілді. Олар өнім өндіруді білгеннен көрі, шаруалардан нан тартып алуды әлдеқайда жақсырақ білгенін айтсақ, ауылдың ішкі терең құлдырауының табиғатын түсіну қиын болмайды. Әсіресе, үй іргесінде шаруашылықты шектеу үлкен зиян әкелді. Жеке шаруашылық үшін бір жарым ондық (десятка) жерден аспайтын учаске ғана бөлініп, бір сияр және он қойдан артық үй іргесінде мал ұстауға тыйым салынды. Міне, осындай шектеулер шаруа психологиясында меншіктік сезімге соңғы соққы болып тиді / 4 /.

Кеңестік кезеңнен кейінгі пайда болған елдерде, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының, агробизнестің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіндегі қиыншылықтардың объективті шарттары мен субъективті себептері, негізінен алғанда, міне осындай. Алдыңғы талдау көрсеткендей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту, кейбір мамандар болжағандай, соншалықты жеңіл болмайды. Дегенмен, басқа жол жоқ. Қазіргі экономикалық дағдарыстан өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп өткен нарықтық катынастардың кең даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мен бизнесті, экономиканың барлық салаларында оның, ішінде ең алдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудің негізінде түсе аламыз.

Бәрімізге белгілі, тоталитарлық жүйе үшін қоғамдағы, ресми идеологиядағы және саяси партиядағы монополизм, барлық ұйымдар мен азаматтардың тоталитарлық мемлекеттегі басқарушы құрылымдардың мақсаттарына шексіз бағыну және олардың бұқаралық ақпарат құралдарына монополия орнату сияқты қасиеттер тән болды. Барлық әкімшілік-әміршілдік жүйенің болсын, азаматтардың қоғамдық құрылымдары болсын - бәрінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін негізгі мемлекеттік-құқықтық және саяси институттар ел дамуының қажеттіліктеріне де, қоғамдық құрылымдар дамуының қажеттіліктерін де өтей алмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Ауыл шаруашылығы саласы
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен жайлы
Агро маркетинг
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Ауыл шаруашылығында маркетингті қолданудың қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz